Көрем әдебиет пен фольклорлық мұралар арасындағы табиғи байл

Адамның жеке басының қалыптасу заңдылықтары сол халықтың тарихына, экономикасына, тіл мен мәдиниетіне тікелей байланысты. Халық тәрбиесінің асыл тізбегі үзілмей келе жатқан дәуірлерден сол тарихтағы ірі –ірі төңкерістер дәуірінде тәрбиеде адам айтқысыз өзгерістер болды. Сол болатын өзгерістерді қазақтың ақын-жазушылары бұрынғы ғасырлардың өзінде турасын айтып,жырлап кеткен. Халық әдебиетіне деген ерекше ықылас, ыждахатты көзқарасты Ж.Аймауытовтың шығармаларынан молынан ұшыратамыз. Ертегі, жыр-өлеңді жасынан естіп білген Жүсіпбектің өзі бір сөзінде: «Ауылдағы өзім құрбы балалардан хатты ерте таныдым... Хисса, өлең кітаптарды көп оқушы едім. Қадыкеш апамның бір сандық хиссасы бар еді. Қыстың ұзақ кештерінде алғашқыда Қадыкешке, соңынан Ақат екеуімізге әкем хисса оқытқызып отырушы еді», - дейді. («Қазақ әдебиеті» 23.ХІІ.1988. С.Садуақасовқа бер.жауабы).