С.Сейфуллин, М.Әуезов, С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев, Б.Кенжебаев, Н
Қазақ әдебиетінде Ы. Шөрековтің “Исатай-Махамбет” поэмасын бастыру, пікір айту кеңес үкіметі орнағаннан кейін кең қанат жая бастады. “Исатай Махамбет” поэмасын алғаш оқырмандарға таныстырып, алғыс сөз жазған Халел Досмұхамедұлы. Оның 1924 жылы “Сәуле” журналының (“Қазақ әдебиеті – білім құрасымы”, №3 “Ақ жол” газетінің 416 санына қосымша) бетінде жарияланған “Қазақ батырлары”: “Исатай, Махамбет” деген шағын мақаласы осының дәлелі. Ғалым мұнда Ығылман ақын шығарған жырға емес, “Исатай-Махамбет” көтерілісінің туу себептеріне тоқталады. Бұл туралы М. Әуезов: “Тарихтың дәл суретімен толығырақ танысамын деген кісі болса, қазақ тілінде шыққан Х. Досмұхамедовтың “Исатай, Махамбет” жырының басына жазған баяншысы мен Қошмұхамет Кемеңгеровтің “Қазақ тарихынан” деген еңбектерін қарап өтсін дейміз” деген сөзі осыны қуаттай түскендей М. Әуезов 1927 жылы шыққан “Әдебиет тарихы” кітабында “Исатай-Махамбет” жырының мәнісін сөз ете келіп, осы жырдың авторы Ығылман мен Нысанбай ақын арасындағы ұқсастықты, бірлестікті көрсетуге көңіл бөледі. “Ығылман Исатай жырын тізуіне қарағанда, кейде Кенесары қолындағы Нысанбайға ұқсайды. Бұл да батыр сапарына тілеулес, соның ісінен жеміс күтіп, үміт етеді. Бұл жағынан ел мұңын жоқтап, шыққан қолдың ақыны сияқты... рларды көрсетіп өтеді.1942 жылы шыққан “Қазақтың ХҮІІІ-ХІХ ғасырдағы әдебиетінің тарихынан очерктер” деген еңбегінде С. Мұқанов: “Исатай-Махамбет бастаған көтерілісті толық жырлаушы ақын Ығылман Шөрекұлы. Оның “Исатай-Махамбет” атты поэмасы ХХ ғасырдағы әдебиет тарихында талқыланып жүргендіктен, ХІХ ғасырдың очеркіне кіргізбедік” - дегені мәлім .Біз Ығылман Шөрековтің “Исатай, Махамбет” жырына қатысты айтылған пікірлерді хронологиялық жүйемен көрсетудегі мақсатымыз, Қ. Жұмалиевке дейін ақын шығармашылығы туралы кімдер не айтты, бұған ғалымның қосқаны не соны анықтау. Қ. Жұмалиев Исатай-Махамбет көтерілісінің мәнісімен Ығылманның ақындығына қатысты ғылыми көзқарасын алғаш “Қазақ әдебиеті” (1932) газетінде және “Қазақ әдебиеті” 1942 жылы орта мектептің 8 сыныбына арналған оқулықта айтқаны мәлім. Ғалым “Исатай-Махамбет” жырының жазылу тарихына қатысты ойын былай сабақтайды: “Исатай-Махамбет” - тарихи поэма. Ақын бұл поэмасын ел аузынан болсын, қолына түскен тарихи мәліметтен болсын Исатай, Махамбет бастаған шаруалар көтерілісінің тарихын мұқият зерттеп, өте жақсы меңгеріп болғаннан кейін жазған сияқты. Поэмаға қарағанда ақын көтерілістің тарихын жақсы білді. Оқиғаның туу себебін, тарихи ізін ақынның жақсы білуі поэманың бастан-аяқ өзінің тарихи поэмалық қасиетін дұрыс Қ. Жұмалиев жырда ақын Исатай образын жасағанда батырдың жетістігін жеріне жеткізе жырласа, кемшілігін елеусіздеу айтатын тұстарына қатысты: “Поэмада әсіресе шебер көрсетілген нәрсе - Исатайдың елді ұйымдастырушылық қабілеті мен халық алдында, жолдастарының арасына беделділігі. сақтауына мүмкіндік берген”