Тарихи жырлар мен батырлық жырларды кейінгіге жеткізуші ақы
Тарихи жырлар - белгілі тарихи окиғаға байланысты туған эпиалық шығармалар. Тарихи жырларда окиғаның дәлдіп сақтала бермейді. әр кезеңнің тарихи-әлеуметтік. коғамдық-саяси бет-бедері көркемдік тұрғыдан корытылып бейнеленеді. Бұл жанрда ру-тайпалык мақсаттар қаға беріс калып, жалпы халыктық мемлекеттік мүдделер басты сипат алады. Батырлар жырында кездесетін ғайыптан туу, жар іздеу, құда түсу, батырдан туған ізбасар сияқты оқиғалар Тарихи жырларда ұшырамайды. Сондай-ақ, әсіресе көркемдеу құралы (гипербола) Тарихи жырларда мүлде әлсірейді. Бұл жырлардың бәрі - ертеде туғандары да, кейінірек шығарылғандары да анық тарихи оқиғаларға негізделген, ал басты-басты кейіпкерлер - тарихта болған адамдар. Тарихи жырлардың авторлары - көбінесе, сол оқиғаларды көзімен көрген тұстастары. Авторлар көзімен көрген, өздері бастан кешірген оқиғаларды уақытына карай рет-ретімен баяндайды."Тарихи жырлардың батырлық эпостан жанрлық айырмашылығы бар. Яғни тарихи жырларда эпостық баяндауға тән обьективтік сарынның орнын оқиғаларды тікелей кабылдаған автордың әсері араласқан субьективтік баға басады" (Әуезов М., "Уакыт және өдебиет", 1962, 75-бет).Тарихи жырлардың шығу, пайда болу мерзімдері әр халықтың фольклорында әр түрлі. Қазақ ауыз әдебиетінде Тарихи жырлар 4 кезеңге бөлінеді.Алғашқы кезеңдегі Тарихи жырлар Алтын Орда, Ноғайлы, Астрахан, Қырым хандықтарына карсы феодалдық соғыстар (14 - 17 ғ.) суреттеледі ("Едіге", "Нұрадин", "Орақ-Мамай", "Қарасай-Қази", "Мұсахан", "Телағыс", т.б. жырлар).Жоңғар, қалмақ шапқыншылығына қарсы жорықтарды (18 ғ.) қамтитын екінші дәуірде Қабанбай, Бөгенбай, Олжабай, Өтеген, Жәнібек батырлар туралы жырлар туды.Үшінші дәуірде ұлт-азаттық, бостандык жолындағы күресті (19 ғ.) сипаттайтын жырлар шьпсғы: "Исатай-Махамбет", "Бекет батыр", "Досай батыр", "Жанқожа батыр", т.б.Төртінші кезең 20 ғ-дың басындағы төңкеріс жылдарындағы елеулі оқиғалар және 1916 жылғы патша үкіметіне карсы халық көтерілісі жайындағы жырлармен шектеледі ("Туар ма екен бізге күн", "Еріксіз келдім елімнен", "Зарлы заман кезінде", "Құлақасқа", "Бекболат", "Ұзақ батыр", "Амангелді" т.б.).Қазақ әдебиетіндегі Тарихи жырларды Үмбетей, Мұрат, Тілеміс, Нысанбай, Жанкісі, Шернияз, Жамбыл, Нұрпейіс, Мұрын сияқты ақынжыраулар шығарған, толықтырып, өндеп қайта жырлаған. Тарихи жырларға алғаш көңіл бөлген Ш.Уәлшанов еді. Ол "Абылай", "Орақ батыр" жырларын жазып алып, зерттеді. Одан кейін 19 ғ-да В.Радлов, Г.Потанин, И.Березин, И.Аничков, 20 ғ-дың басында М.Ж.Көпеев, Ә.Диваев т.б. көрнекті фольклористер Тарихи жырларды жинауда көп еңбек сіңірді. Қазір Орталық ғылыми кітапхананың қолжазба қорында 400-дей Тарихи жырлар бар. Кеңес дәуірінде Тарихи жырларды зерттеуге С.Сейфуллин, М.Әуезов, С.Мщанов, Ә.Маргцлан, К,.Жцмалиев, Е.Ысмайылов, М.Ғабдуллин, Н.С.Смирнова, Б.Кенжебаев, Ф.Бердібаев, Б.Уахатов, Н.Төреұлов, К.Сейдеханов, т.б. ғалымдар зор үлес қосты. Көптеген Тарихи жырлар хрестоматияларға, жинақтарға енді, жеке кітап болып басылды. Батырлар жыры — ауыз әдебиетіндегі ең бай да көне жанрлардың бірі. Қаһармандық эпос деп те аталады. Батырлық жырлар халық өмірінің тұтас бір дәуірін жан-жақты қамти отырып, сол тарихи кезеңдегі батырлардың сыртқы жауларға қарсы ерлік күресін, ел ішіндегі әлеум. қайшылықтар мен тартыстарды бейнелеп береді. Бірақ онда тарихи оқиғалар тізбегі өмірде болған қалпында емес, жырдың көркемдік шешіміне лайықты өріледі. Бас кейіпкердің жүріс-тұрысына, өзге елге ерлік сапарға шығуына және өз елін жаудан азат етуіне байланысты оқиғалар бір қаһарманның маңына топталып, соның бейнесін ашуға қызмет етеді. Эпос желісі белгілі бір тарихи дәуірге табан тіреп, соны көрсетіп отырғанымен, оған көбіне түрлі заманның оқиғаларын бір қаһарманға теліп жырлап беру тән. Батырлық жырлардың осы өзгешелігіне байланысты ғылыми ортада көптен бері түрлі тұжырымдар орын алып келеді. Ресейлік зерттеушілер (Б.А. Рыбаков, Р.С. Липец, т.б.) және кейбір қазақ ғалымдары (Әлкей Марғұлан, Әуелбек Қоңыратбаев, т.б.) эпостық жырлардағы тарихи оқиғалар мен тарихи тұлғаларға сүйене отырып, жыр мен тарихтың жақындығын тілге тиек етсе, енді бір топ ғалымдар (В.Я. Пропп, Б.Н. Путилов, т.б.) эпостың нақты тарихи оқиғаларға қатысы жанама түрде ғана көрінеді деген пікірді алға тартады.
Батырлық жырлар — ең алдымен көркем шығарма. Батырлық жырларын пайда болу кезеңдеріне қарай ірі үш топқа жинақтауға болады:
1) “Ең көне заманғы эпос”, “ертегілік эпос”, “архаикалық эпос”, “көне эпос”, “мемлекетке дейінгі эпос” дейтін атаулар ғылымда алғашқы кезеңдегі эпостық жырларды атау үшін қолданылып жүр. Бұлардың қатарына “Ергенеқон”, Аттилла, Ер Төстік, мергендер туралы эпостық жырлар жатқызылады.2) Тарихи кезеңдердің эпосы: Түрік қағанаты, Оғыз хандығы, ноғайлы дәуірі, Қазақ хандығы кезеңіндегі эпостар (“Қорқыт Ата кітабы”, “Алпамыс”, “Қамбар”, “Қобыланды”, “Ер Тарғын”, т.б.).3) Жаңа дәуір эпосы (тарихи жырлар, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске байланысты жырлар, “Еспенбет”, “Өтеген”, “Нарқыз”, т.б.).
Қазақ халқының Батырлық жырлары туралы алғаш зерттеулер жазып, жарыққа шығарған ғалымдар Уәлиханов, Радлов, Потанин, И.Н.Березин, Диваев, Т., Беляев, И. Мелиоранский, Г. Саблуков, Н.Н. Ильминский, Ж. Шайхисламов, т.б. болды.
Олар жалпы эпостық жырлардың ерекшеліктері, оның ішінде “Едіге”, “Тоқтамыс”, т.б. эпостар туралы алғашқы ғылыми пікірлер айтты. “Алпамыс”, “Қобыланды”, “Ер Тарғын”, “Қозы Көрпеш—Баян сұлу” эпостарын Қазан, Уфа қалаларынан жарыққа шығарды. Бұлардың ізденістерін Әлихан Бөкейханов, Байтұрсынов, Халил Досмұхамедов жалғастырды. “Ер Тарғын”, “Қобыланды”, “Едіге”, “Батыр Бекет”, “Ер Сайын” жырлары алғаш рет осы ғалымдардың еңбектерінде талданды. XX ғасырда Сәкен Сейфуллин, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Марғұлан, Қ. Жұмалиев, Е. Ысмайлов, Б. Кенжебаев, Мәлік Ғабдуллин, Н.С. Смирнова, т.б. ғалымдар қазақ эпосының халықтық сипаты, идеясы, көркемдігі туралы зерттеулер жазып, қазір көпшілікке таралып кеткен батырлық жырларды жариялады. 20 ғ-дың 60-жылдарынан бастап қазақ батырлық жырларын жаңа қырынан зерттеуге Қоңыратбаев, Бердібаев, Т. Сыдықов, С. Садырбаев, Қ. Сыдиықов, С. Қасқабасов, О. Нұрмағамбетов, Ш. Ыбыраев, т.б. ғалымдар үлкен үлес қосты. Олардың еңбектерінде Батырлық жырлардың жанрлық ерекшеліктері, варианттары, құрылымы, поэтикасы, тұтастануы, типологиясы, генезисі жан-жақты қарастырылды. Батырлық жырлардың әдебиетке, ұлттық кәсіби өнер жанрларының қалыптасуына әсері ерекше болды. Мәселен, батырлық эпостар сюжетінің негізінде Ж. Жабаев “Сұраншы”, “Өтеген” жырларын шығарған. Драматургия саласында “Қарақыпшақ Қобыланды” (Әуезов), “Арқалық батыр” (Ж. Шанин), т.б. пьесалар жазылып, “Ер Тарғын” (Е. Брусиловский), “Алпамыс батыр” (Е. Рахмадиев) опералары қосылды, “Батыр Баян” кинофильмі түсірілді.