Қозы Көрпеш Баян сұлу туралы Ә.Марғұлан бастаған ғалымдардың
«Қозы көрпеш – Баян сұлу» жыры – қазақ халқының ертедегі өмірін, тұрмыс-тіршілігін, салт-дәстүрін аңғартатын көркемдігі биік, халықтық шығарма.«Қозы көрпеш – Баян сұлу» жырын зерттеуші ғалымдар ХVІ–ХVІІ ғасырда жарыққа шыққан, яғни жоңғар шапқыншыларының зобалаңы әлі де қазақ даласынан арыла қоймаған кезде туған десе , жырдың тағы бір вариантына үңілсек, мұндағы адам аттары, «Балталы» «Бағаналы» елінің ауызға алынуы ноғайлы еліне тәуелдейтін зерттеушілердің көзқарасына тура келеді. Ал Әлкей Марғұланның «Ежелгі жыр-аңыздар» еңбегіндегі башқұрт нұсқасына қарағанда бұл жырды түркештер дәуіріне де апарып тіреуге болатын көрінеді. Ә.Х.Марғұлан «Қозы көрпеш – Баян сұлу» жырын «мәңгілік жыр» деп атағанды ұнататын. Осы күнге дейінгі жырға байланысты зерттеушілер қазақ заманын, мұңғыл заманын, тіпті әрі кеткенде түрік заманын меже қылып жатқанда Әлекең жырдың шығу уақытын б.з.д. екінші мыңжылдықпен байланыстырған еді. «Қозы көрпеш – Баян сұлу» ескі дәуірдің сюжеті, біздің заманымыздан екі мың жылдам астам бұрын шыққан. Сол кездегі көшпелі тайпалар бұл жырды ауыздан ауызға, ұрпақтан ұрпаққа айтып, біздің дәуірімізге жеткізген» – дейді үлкен әулиелікпен, көрегендікпен Әлекең. Сәбит Мүқанов“Батырлар жыры”туралыжазғанеңбегінде (1939 ж.) “қозыКөрпештің”халықтық сипаттағы жыр екендігін дәлелдейді. Революцияға дейін қазақ жастарының, әсіресе қазақ қыздарының, ескі әдет-ғүрып шырмауынан шыға алмай, ауыр күйге түскендерін бейнелейтін жырдың бірі деп бағалайды. Осы пікірді қажым Жүмалиевте өзінің“қазақ әдебиеті”деген оқулығында (1944), “қазақ эпосы менәдебиет тарихының мәселелері” (1958) монографиясында, әлкей Марғүланда (жоғарыда аталған еңбегінде), Мүсатай Ақынжановта айтады. Олар жырдың әртүрлі варианттарын салыстыра отырып, қозы мен Баян жайындағы әңгімелердің негізі халықтық ортада туғандығын анықтайды. Бертін келе, “қозы Көрпеш—Баянсүлу”жырына арналган ғылыми еңбектержазылады. Бұл ретте Мұхтар әуезовпен ЫсқақДүйсенбаевтың зерттеулерін атауға болады. Мұхтар“қозыКөрпеш—Баянсүлу”жырының қазақ арасына тараған варианттарын зерттейді, жырдың әдебиеттік жақтарына толық талдау береді. Жырдың ХҮ-ХҮІ ғасырлар шамасында шыққандығын айтады. Ы. Дүйсснбаев“қозы Көрпеш—Баян сұлуды”арнайы текссреді. Ол бүл жырдың қазақ арасында сақталған варианттарын башқүрт, үйғыр, ба-рабын татарлары және алтай елінде айтылатын түрлерімен салыстыра зерттейді. Олардың“қозы Көрпешті” қалай жырлағанын, қандай айырмашылық, ерскшеліктері барлығын көрсетеді. Мүнымен қатар, ол Шоқан мен Потаниннің жәнс басқада ғалымдардың пікірлеріне сүйене отырып, жырдың оқиғасы халықтың аңыз-әңгімелерінен туган дейді. Қозы мен Баян тарихи адамдар емес, олар халықтың аңыз-ертегілері жасаған кейіпкерлері деген қорытынды жасайды.