Қазақ әдебиетінде көрініс беретін мифтік элементтердің түрле
Қазақ әдебиетіндегі мифтің мән мағынасын ашу арқылы ата- бабаларымыздың рухани мәдениетінің алғашқы сатысы, әдет-ғұрпындағы, мәдениетіндегі толып жатқан құндылықтарын танып- білуімізге болады. Олардың білімнің, ғылымның , мәдениеттің, өркениеттің дамып жетілген уақыттағы жазба әдебиетімізге қосқан үлесінің молдығын сол шығармаларды оқып, шығарма бойындағы мифтер тамырына терең бойлап қана көз жеткізуімізге болады.Қазақ әдебиетінде ауыз әдебиеті үлгілерін көркем шығармаларда қолдану жаңа әдеби әдістерді өмірге әкелді. Бұл тек шығарманың көркемдік-эстетикалық әсерін ғана емес, оның танымдық құдыретін, символдық мәнін, сол кездегі өмірлік құндылықтарды жан-жақты тануға мүмкіндік береді. Сол себепті әдебиттегі көркемдік таным жетістіктерінің бір үшін осы миф, аңыздардан қарастыру өзекті мәселе. Мифологиялық бейнелеулер біздің қазіргі заманғы өмірімізде туған тіліміздің арқасында әдет-ғұрыптар мен салт-саналар түрінде ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, мақалдар мен мәтелдер арқылы қолданылып келеді. Көптеген сөздер мен бейнелі түсініктер бізге ерте заманғы тарихымыз мен мифологиялық өткенімізден жетіп, тілімізде көрініс тапқан, біз оларды ертеректегі мазмұнына қарамастан күнделікті өмірде қолданып жүрміз.Қазақ мифтердің тағы бір ең байырғы түрлерінің бірі – жан-жануарлардың (өсімдіктер) қалай пайда болғандығы туралы айтылатын түрлері. Бұлардың дені адамдарға да қатысты. Мұндай ойлаудың айшықты бір көрінісі – адамдардың алғашқы ата-бабаларын жан-жанурлардан тартарын төтемдіқ түсінігімен байланысты. Ертедегі мифтік ұғымның осындай бір мысалын қазақтың «Аққасқыр» ертегісінен анғаруымызға болады. Бұл ертегіге адам мен қасқырдың үйленуі, қасқырдың адамға, артынан шарттың бұзылуына байланысты қайтадан қасқырға айналуы, жалпы қасқырлар елін адамдардың қоғаммен барбар дәрежеде түсінуі сияқты мифтіқұғымдар негіз болып алынған. Байырғы түріктердің қасиетті төтемі қасқыр болғаны баршаға аян.