Алма Қыраубаеваның қиссашыл ақындар туралы зерттеулері
Алма Қыраубаеваның Көрнекті ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор А.Қыраубаева қазақ әдебиеті тарихының ежелгі дәуірінің бір арналы бұлағы болып табылатын көне дәуір ескерткіштерін зерттеген, сол дәуірдің бай әдеби мұраларының халықтың ғылыми қазынасына айналуына елеулі үлес қосқан зерттеушілердің бірі.Кезінде бұл дәуір әдебиетінің түбегейлі зерттелуі керектігін қазақ әдебиеттану ғылымының алдына проблема етіп қойып берген ғалым Б.Кенжебаев екендігін айтқан А.Қыраубаева ежелгі әдебиетіміздің бұл дәуірін тұтас қарастыратын қазақ тілінде басылып шыққан арнайы зерттеудің жоқтығына тоқталған еді. Ол аталған дәуірдің жекелеген ескерткіштері 1967 жылы «Ертедегі әдебиет нұсқаларында», Б.Кенжебавтың «Қазақ әдебиет тарихының мәселелері» (1974) атты кітабында, Х.Сүйіншәлиевтің «Қазақ әдебиетінің қалыптасуы кезеңдерінде» (1969), «Ғасырлар поэзиясында» (1987) сөз болғандығын, сондай-ақ, ежелгі әдебиетіміздің айырым дәуірлерін арнайы зерттеген М.Мағауин, Н.Келімбетов, М.Жолдасбеков еңбектерінде құнды пікірлер кездесетіндігін алға тартып, аталмыш ғалымдардың еңбектерінің қатарын өзінің «Ғасырлар мұрасы» (1988), «Шығыстық қисса-дастандар» (1997) атты ғылыми зерттеулерімен, «Ежелгі әдебиет» (1996), «Ежелгі дәуір әдебиеті» (2001), «Махаббатнама» (1985), «Түркі әдебиеті» (1988) деген оқу құралдарымен толықтыруы өзіне кеңесші аға, кемел ұстаз болған профессор Б.Кенжебаевтың көне түркі әдебиетін зерттеуге қатысты айтқан ғылыми ұстанымының жалғастырушысы екендігін дәлелдеуі болса керек. Бұл туралы өзі де: «Еңбегімді профессор Бейсембай Кенжебаевтың жадымда мәңгі сақталатын жарқын бейнесіне арнаймын» деген болатын. Көне түркі әдебиетін зерттеуді өзінің өмірлік мақсаты етіп алған А.Қыраубаева ҚазҰУ-де оқытушылық қызмет атқарып жүріп, Б.Кенжебаевтың басшылығымен «Қисас-и рабғузи» мен «Махаббатнаманың» идеялық көркемдік ерекшеліктері» атты кандидаттық диссертация қорғайды. Кейін бұл еңбегін «Ғасырлар мұрасы» (1988) деген атаумен монографиялық еңбек етіп жариялайды.Ғалым бұл зерттеуінде ХІІІ-ХІV ғасырлардағы түркі тайпаларының тарихи-әлеуметтік жағдайы, Орталық Азия, Оңтүстік Сібір, Орта Азия, Каспий, Еділ жағалауын ежелден мекен еткен түркі халықтарының қоғамдық өмірі мен тарихында Шыңғысхан бастаған монғол-татар шапқыншылығымен байланысты оразан зор тарихи өзгерістің орын алуы, Шыңғысханның қазақ жеріне жорығы мен Алтын Орда мемлекетінің құрылуы, қазақ жерінің Есүхей ұлы Темужиннің (Шыңғысхан) (1155-1227) ұрпақтарының арасында бөліске түсуі мен Сығанақ, Отырар, Үргеніш, Мерв, сондай-ақ, Бату, Сарайы, Берке Сарайы, Үргеніш, Азақ, Керьч, Судак, Маджар, Ясы (Түркістан), Сауран, Баршынкент т.б. тарихи қалалардың сол кезеңдегі шаруашылығы мен экономикасына тоқталып, олардың сауда, мәдени орталықтарға айналғандығы, Алтын Орда дәуіріндегі түркі әдебиеті өзіндік дәстүрі бар әлемдік әдебиетпен үндесе туған өрісті әдебиет екендігі туралы нақты тарихи мәліметтер бере отырып, кеңестік кездегі ғалымдардың көне дәуірге қатысты зерттеулерімен қатар, араб, парсы тарихшылары мен саяхатшыларынан алынған тың дереккөздерден, «Монғолдың құпия шежіресінен» сілтемелер келтіреді.Ғалым бұдан әрі ХІV ғасырда өмір сүрген Насируддин Бурһануддин Рабғұзидің «Қиссас-ул-әнбия» («Пайғамбарлар қиссасы») атты әдеби шығармасы туралы баяндай келе, Алтын Орда дәуірі мұраларына жататын бұл туындыға сол кезеңдегі әлеуметтік-қоғамдық жағдайдың еткен әсеріне, туындының жанрлық табиғатына, ерекшелігіне, дәстүр мен жалғастығына тоқталады.Ғалым ХІІІ-ХІV ғасырлардағы шығармаларға бір өлшеммен қарауға болмайтынын, бұл уақыттағы туындылардың бірқатары аудармаға жақын болса, бірақатарының нәзиралық сипаты басым, кей шығармаларда екі әдістің де қатар қолданылуы сезілетіндіктен, мұндай туындыларды «аударма-нәзира» деп айту шындыққа біршама жақын келетіндігін ескертеді. Бір сөзбен айтқанда, еңбекте Рабғұзидің «Қиссас-ул-әнбия әдеби шығармасының тақырыптық, жанрлық, көркемдік сипаттары жан-жақты ашылады. Ғалымның Алтын Орда дәуірі туралы зерттеген еңбегін жоғары бағалаған Түркі тілдес халықтарға ортақ көне жазба ескерткіштерінің бірі Хорезмидің «Мұхаббатнама» (1353) туындысы да ғалымның басты зерттеу нысаналарының бірі болды. А.Қыраубаева бұл шығарманы тыңтума әдебиет үлгісіне жатқызып, оны түркі әдебиетінің ХІІІ-ХІVғасырлардағы елеулі көркем туындысы әрі түркі халықтарының бәріне ортақ әдеби жәдігер екендігін нақтылайды. Зерттеуде ғалым «Махаббатнама» дастанының тарихына, зерттелуіне, таралған нұсқаларына тоқталады. Туындыға көркемдік әдіс тұрғысынан келген ғалым дастанның тақырыбы мен идеясына, сюжеті мен композициясына да жан-жақты талдау жасай отырып, оның өз тұсындағы жер жүзі мәдениетіндегі озық ағымдармен байланысты, сонымен қатар, берідегі қазақ поэзиясының тіл, стиль дәстүріне қатысты екендігін нақтылайды Ол Хорезмидің «Махаббатнама» дастанын түпнұсқадан аударып, 1985 жылы халық игілігіне ұсынған болатын. Кезінде бұл туралы «Қазақ әдебиеті» газетінде (1986, 15-тамыз) ғалым Н.Келімбетов сын мақала жариялаған. Бұл мақаласында ол дастанды кездейсоқ аудармашы емес, «Махаббатнамамен» көптен бері айналысып келе жатқан зерттеуші, филология ғылымдарының кандидаты Алма Қыраубаева тәржіме жасағандығын құптап, аудармашының шығарманың көне түркі тіліндегі транскрипциясы мен қазақ тіліндегі аудармасын қатар қойып, екеуін қоса қабат бергендігін, соның нәтижесінде оқырман дастанның түпнұсқасы мен қазақша аудармасын өзара салыстырып отыруға мүмкіндік алғандығын ұтымды әдіс деп бағалап, дастандағы бірқатар бәйіттердің, жекелеген фразеологиялық тіркестердің, қанатты сөздердің қазіргі қазақ тіліне сәтті тәржіма жасалғанын атап көрсетеді.Сонымен қатар, Н.Келімбетов дастанды аударуда кеткен қателіктерге де тоқталады.А.Қыраубаева қисса-дастандардың мифтік бейнелер мен қаһармандарды жаңғыртқан ежелгі әдебиеттің жанры екендігін дәлелдейдіҚорыта келе айтарымыз, белгілі түрколог, көрнекті әдебиеттанушы ғалым, ұстаз А.Қыраубаеваның қазақ әдебиеті тарихының ежелгі дәуіріне жасаған ғылыми зерттеулері – тәуелсіз еліміздің жаңа буын ұрпақтарына тартқан үлкен сыйы әрі қазақ елінің тарихына, әдебиетіне, мәдениетіне қосқан ғылыми қазынасы екендігін мойындаймыз.