Қазақ топырағында өмірге келген діни қиссалар
Діни қиссалар –Пайғамбарлар мен әулие-әмбиелер, періштелер мен сахабалар, т.б. өмірі мен олардың дін жолындағы іс-әрекетін бейгелеген шығармалар. Діни қиссалар сюжеті Құран Кәрімнен алынған.Өйткені Құран Кәрім тек діни кітап емес, сонымен бірге, араб классикалық әдебиетінің де ғажайып үлгісі.Негізінен, қарасөз түрінде айтылатын ертегілер мен әңгімелерді, аңыздар мен әпсаналардыараб тілінде қисса десе, парсы тілінде «дастан» деп атайды.Құран Кәрімдегі түрлі діни хикаяларды барынша көп қамтып,әрі оны мейлінше кең көлемде таратып түсіндіретін қиссалардың бірі – Рабғузидің (14 ғ.) «Қисса –с ул әнбия» деп аталатын прозалық шығармасы. «Қиссаси Рабғузи» - Пайғамбарлар мен әулиелер,сахабалар мен жын-шайтандар, т.б. туралы әңгімелер жинағы.Мұнда барлығы 79 хикая бар.Қиссада Пайғамбарлар қарапайым адамдарша өмір сүріп, қоғамда түрлі оқиғаларға араласып отырады.Кезінде қазақ халқы арасында ауызша да, жазбаша да кең тараған діни мазмұндағы қиссалар көп болған.Бұлардың бәрін тақырыптық жағынан 3 топқа бөліп қарастырған жөн. Біріншісі – бұрын басқа дінде болған адамдарды Ислам дініне енгізу идеясын жыр еткен діни қиссалар.Бұған «Сал-сал» және «Зарқұм» қиссалардың сюжеті дәлел. Екінші топтағы қиссалар – өмір жолындағы қиындықтарды жеңе білуге, төзімділікке, мейірімділікке үндейді. Бұған «Әзірет Әлидің құлдыққа сатылғаны», «Жүсіп-Зылиха» қиссалары дәлел. Үшіншісі – бақи дүниедегі, яғни жұмақ пен тозақтағы өмірді бейнелеп көрсетуге арналған шығарма болып келеді. Мұндай қиссаларда әрбір пенде жалған дүниеде жасаған күнәсі үшін Аллаһ алдында жауап беретіні негізгі идея ретінде жырланады.