Әдебиеттің халықтығы

Халықтық — әдеби шығарманың терең мазмұнында жатқан түсінік. Халықтық шығарманың тақырыбынан,белгілі бір тақырып арқылы автордың алға қойған мақсатынан бастап, көркемдік шешімге дейін баратын, геройдың мінезін, дүние танымын, іс-әрекетін қамти келе автордың тілі мен стиліне, бағыты мен әдісіне, эстетикалық идеалына көшетін ұғым.Халықтық — ақындық қайнары, сөз өнерінің тамыр тартар топырағы. «Өнер — халықтікі, — деген еді Ленин Клара Цеткинге, — еңбекшілердің қалың бұқарасы арасына ол мейлінше терең тамыр жаюға тиіс; осы бұқараға түсінікті және ұнамды болуға тиіс; осы бұқараның ой-сезімін және жігерін біріктіріп, оларды алға ұмтылдыруы керек» .Халықтық сипат ең алдымен белгілі бір көркем шығармада күллі халықтық мәні бар мәселенің көтерілуіне жатады. Айталық, Абай өзінің бүкіл ақындық өнерінің өн бойында өзінің туған халқы үшін заманының ең іселелі мәселелерін көтеріп отырды. Ұлы ақынның реализмі мен гуманизмін өз алдына қойғанда, биік эстетикалық идеал тұрғысынан өзі өмір сүрген қоғамдық ортадағы керенаулық пен кеселді, оспадарлық пен опасыздықты сынау арқылы қазақ даласындағы феодализмнің дағдарысын көрсетуі — бүкілхалықтық күрделі мәселе— көтеруі болатын. Абай халықтығының бір шеті осында жатыр. Халық үшін маңызды мэселені көтеру бір бар да, оны халық тұрғысынан шешу не шешпеу бар. Демек, халықтықтың екінші шарты — көркем шығармада сурет-телген шындық алға тартқан келелі мәселені халық максаты мен мүддесіне сай шешу. Тағы да Абайдың ақындығын мысалға алуға болады. Ұлы ақын өзінің күллі көркем туындылары арқылы оқушы жұртты алға, арманға бастады, жарқын келешекке шақырды. Жамандықтан жирендіріп, жақсылыққа сүйсіндіре келе биік мұратқа мегзеді. Абай халықтығының екінші бір жағы осында жатыр.Жоғарыда лениндік қағиданы еске салып, біз онда өнердің қалың бұқараға жақын, ұғымды болуы керектігін білдік. Дәл осы арада халықтықтың тағы бір сыры тұр. Нағыз халықтық шығарма халыққа жетімді, түсінікті болуы шарт. Талант неғүрлым ірі болса, соғұрлым қарапайым болатыны, көркем шығарма неғұрлым шебер жазылса, соғұрлым ұғымды болатыны мәлім. Абай өлеңдері даладағы қойшыға да, қаладағы ойшыл ғалымға да бірдей жетімді, екеуін бірдей тербетеді, екеуіне бірдей әсер етеді.Сонымен, әдебиеттіқ халықтығы — оның халықтық ірі мәселелерді халыққа жетімді түрде халық мүддесіне сай көркем шешуі болып табылады.Әдебиеттің халықтығының жоғары түрі — әдебиеттің партиялылығы.