1851 жылы американдық саяхатшы сызған қазақ жерінің картасы


Назарларыңызға 1851 жылы АҚШ-тың НЬю-Йорк қаласында «Заманауи саяси, жағрафиялық, коммерциялық, статистикалық атлас» еңбегінде жарық көрген қазіргі Қазақстан территориясы салынған картаны ұсынамыз. Авторлары ағайынды Таллистер.
Қазақ ордаларының орналасуын көрсеткенімен, қызыл бояу арқылы мемлекеттік шекараларды сызып кеткен. Яғни, Ресей, Қытай, Қоқан, Бұхара, Хиуа жерлері айқындалып тұр. Қазақ жерін «Татария» көрсеткен. Бұл карта бойынша Шығыс өңірі түгелімен Қытай империясының қол астында. Шекара Шыңғыстау арқылы жүреді. Солтүстікте Тобыл аймағы кіреді. Солтүстік-батыс шекарасы Орынбор арқылы Орал таулары. Оңтүтіктің бір бөлігі Барсакелмеске дейін, кейін Арал теңізінен Қызылқұм арқылы Тяньшаньға жалғасады. Сол уақытта Түркістан, Отырар қалалары Қоқан қол астында, дегенмен бірнеше жыл өткеннен кейін патшалық Ресей жаулап алады.
1851 жыл – Кенесары ханнның көтерілісі талқандалып, қазақтың рухы басылып, сол уақыттағы халықтың ең азып жүрген кезі. Жеріміз тоз-тоз болып жаулаушылар қарамағына өтіп, әбден жүдеген уақыт.

Рүстем Нүркен