Түркістан генерал-губернаторы Куропаткиннің күнделігінен
«Түркістанда және көршілер аймақтарда аса қауіпті көтерілістер басталды. Жергілікті халық пен орыстардың қандары судай ақты…
Жергілікті халық ашулы. Біз тағайындаған басшыларды, есепшілерді, ояздың меңгерушілерін өлтірді. Біразын кепілдікке алды. Қырғыздар (қазақтар) Қытайға, тіпті Ауғанстан жеріне көшпекші. Түркімендер де Парсы жаққа кетпекші. Барлығы қара жұмысшы болудан қашып жатыр.
… Жетісудағы үш оңтүстік ояздардың халқы көтеріліске шықты. Ол жақтағы әскер санын еріккіз көбейтуім керек болғандықтан, тағы да екі казак полк сұраттым. Өтінішім орындалды. Әлі қарсы шабуылға шықпадым. Жақын арада бастаймын. Сондықтан Ташкент пен Ферғана жақтан әскерлердің қозғалуына бұйрық бердім.
… Торғай облысындағы екі ояздықта көтеріліс басталды. Бұл Торғай мен Ырғыз. Сол жақтың басшыларының өтініші бойынша 4-ші Орынбор полкінен жүз казакты аттандырдым. Ырғызды алуға көмектері тиіпті…
… Түркімендер менің жұмысымды арттырып, өздерінің бейнетін көбейтті. Олар жұмысшы бермейміз деп орыстар шоғырланған ауылды шапты. Барлығын кейін шегіндіріп, бізге керекті аймаққа қамадық. Енді генерал Мадритов бастаған әскер олардың көзін жойып жатыр…»
Түркістан генерал-губернаторы Куропаткиннің күнделігінен
1916 жыл
аударған Рүстем Нүркен