А. Левшин. “Қырғыз-қайсақ” атауы жайында



Құрметті оқырман, А. Левшиннің қазақтар туралы жазған зерттеу еңбегінің жалғасын назарларыңызға ұсынамыз. Бұл еңбек 1832 жылы жарық көрген. «Қырғыз-қазақ немесе қырғыз-қайсақ далаларының сипаттамасы» атты кітап қазақтар жөнінде алғашқы монографиялық еңбек. Тарихи құжат болғандықтан еңбекте кездесетін атауларды өзгертпей, солайша қалдыруды ұйғардық.
namys.kz
Қырғыз-қайсақтарды сипаттау үшін алдыменен аталуы жайында тоқталып өтемін. «Қырғыз-қайсақтар» деп Еуропалықтар атаған. Атау екі сөздер құрылады: қырғыз және қайсақ.
«Қырғыз» деген қарақырғыз немесе бурут деп аталған халық. Қырғыз-қайсақтармен айтарлықтай байланысы жоқ. «Қайсақ» немесе «қасақ» деген екінші сөз. Кейбір деректерде «қасақ» атауы екімыңжылдық тарихы бар дейді. Әрине, бұның шын-өтірігін айырып жатпаймыз. Тек тоқтала кетейік дегеніміз, орыс тайпаларының ішіндегі «казак» аталып жүргендерде де бар. Бұл атауды олар орта ғасырларда иемденді. Негізгі иесі өздерін «қазақ» деп жүрген қырғыз-қайсақтар. Ал өздері және орыстардан өзге жақын көршілері өздерін «қазақ» деп атайды. Бұл атпен оларды парсылар, бұхарлықтар, хиуалықтар атайды.
XVI және XVII ғасырлардағы жазбаларымызда «қазақ ордалары» дегеннен басқа атау кездеспейміз. Кейін анықтауыш ретінде «қырғыз» сөзі қосылды. Сөйтіп «қырғыз-қазақ», кейін «қырғыз-қасақ», аяғында «қырғыз-қайсақ» болып аталып кетті. Қорыта айтсақ, «қырғыз-қайсақ» емес, қырғыз-қазақ деп атауымыз керек деп ұсынамын.
Осылайша халықтың негізгі атауын сақтауға болады. Атаудың екінші бөлігі (қазақ) өз аты, бірінші бөлігі (қырғыз) анықтауыш сөз ретінде орыстардың қосқаны (орысша екі атау да «казак» болып жазылғандықтан, автор «қазақтарды» «казактармен» шатастырмау үшін осындай ұсыныс жасаған деп ойлаймыз).
Жоғарыда атап кеткен «жаңа атау» XVIII ғасырдың басынан қолданыста. Бірақ Орынбор губерниясындағы іс-қағаздар кеңсесінде және сыртқы істер коллегиясындағы 1740-1760 жылдардағы хаттарда «Қазақ ордасы», «Қырғыз-қазақ әскері» деген жазбаларды кездестіруге болады. Ал, 1705 жылы в Амстердамдағы баспадан шыққан Витсеннің «Noord en Oost Tartarye» еңбегінде де бүгінгі қырғыз ордаларын «қазақ ордасы» немесе «татар қазақтары» деп келеді. Бұл еңбектерді кезінде Бірінші Петр арнайы алдыртқан.

А. Левшин.
«Қырғыз-қазақ немесе қырғыз-қайсақ далаларының сипаттамасы»
Аударған Рүстем Нүркен