Этнограф Терещенконың Жәңгір ханмен кездескені туралы естелі


«Жәңгір ханның екі әйелі болған. Біріншісі қарапайым қазақтың қызы, одан туған Сейіткерей мұрасыз қалды. Екіншісі Орынбор мүфтиінің қызы. Білімді еді. Туған тілінен бөлек орысша, немісше білген. Қоғамның арасында жүрген. Одан алты бала дүниеге келді: төрт ұл, екі қыз. Үлкені Сақыпкерей әкесі қайтыс болғаннан кейін «Княз Шыңғыс» атана бастады. Өйткені атақты Шыңғыс ханның ұрпағы еді. Паж корпусын (Петербургтегі Императорлық корпур) бітірген ол 1847 жылы таққа отырды. Көп ұзамай қайтыс болды. Алдында лейб гвардиялық казак-орыс полкінің корнеті ретінде Орынбор әскери губернаторының қарамағына жүрген. Паж корпусында оның үш інісі тәрбие алуда. Үлкені Ыбрайым 18-де, ортаншысы Ахметкерей 14-те, кішісі Ғұбайлолла 13 жаста. Қыздарының үлкені Зұлқарнай Орынбор губерниясында тұрған полковник Тевкелевке тұрмысқа шыққан. Кішісі Хадиша Орынборда тәрбиеленуде (1851 жылдың қазан айындағы мәлімет бойынша). Екі қыздың да неміс ұлтынан қараушылары болған.
Олардың әкесі білімді болған еді. Тұрмысы да қалалыққа тән. Үйінің ішінде Петербордан арнайы алдырған орындықтар мен дивандар, отбасылық суреттері мен картиналар, жер шарының глобусы мен аспандағы планеталардың қозғалысын көрсететін карта сияқты көптеген заттар бар. Қазақтарды қабылдауға арналған арнайы бөлме де қызықты. Олармен бірге жеп-ішу үшін жерге кілем төселген. Әр ортаға сай бола білген: қарапайым халыққа тең сөйлесіп, ғалымдармен ғалымша сұхбаттасқан. Оның пікірлері мен әңгімелерін барлығы рахаттана тыңдаған. Жәңгір зерттеумен де айналысқан. Оның білімі мен көмегін үшін Қазан университеті өзінің «құрметті мүшесі» деген атақ берген. Бұл атаққа ерекше мақтанып, берілген патенті қонақ бөлмедегі алтын жиектемеге (рамка) салып іліп қойған.
Ол қару-жарақты жинауды ұнатқан. Арнайы бөлмесінде алтын мен күміс тастармен қапталған тапанша, қылыш, мылтық, наркескен, алдаспан, айбалтаның түр-түрі жиналған. Ішінде Анна, Елизавета, Екатерина патшайымдардың, Павел мен Александр императорлардың сыйлықтары да бар.
Марқұм хан маған өзі көптеген сирек заттардың иесі екенін мақтанып айтқан. Дегенмен қару-жарақтан өзгені көрмедім. Ол орыс шығармаларын оқып, арнайы «Солтүстік арасы» және «Оқуға арналған кітапхана» баспаларына айырықша құрметпен қараған. Бұлар жайында құрметпен айтып, баспагерлерді сыйлайтынын айтып өткен.
Біздің әскердің Хиуаға жорығындағы Жәңгірдің жасаған көмегі үшін, оған генерал-майор шенін тағып, медальмен марапатталды. Бұл уақытта өзіне жарасатын әскери мундирде жүретін. Түр сипаты әдемі, ұзын қара сақалы болған. Сипатына тіпті қыздар да қызығатын. Мінезі жұмсақ, жүрегі ашық еді. Қазақтардың әлі күнге дейін жоқтайды. Ол 1845 жылы, қателеспесем 45 жасында қайтыс болды. Зиратына барғанмын. Қазақтар жиналып өзі мен отбасы жерлерген орынын қоршап, жанына тал егіп қойған…»
А. Терещенко
«Дәшті Қыпшақ және Іші қырғыз-қайсақ ордасы» 1853 жыл
аударған Рүстем Нүркен