Футбол комментаторлары

Осы бізден қашан тәуір комментатор шығады екен... Ана Рауан Оқас деген жігітті кім қойғанына таңым бар. Білімі өте төмен. Футболшыларды айтпағанда ең болмаса қалаларды білуге болады ғой. Мюнхендік Боруссия деген клубты қайдан естіп, қайдан біліп жүр екен? Бір команданың ойыншысы шығып жатса, басқа команда ойыншысының аты жөнімен шатастырып жатады. Нөмірі сәйкес болса болды әйтеуір. Ит жоқта шошқа үреді дегеннің кері болды ғой!

кеше папам футбол қарап жатыр еді. комментатордың "гоооол" деп ұзааақ айқайлағанынан шошып кеттім) басында не деп айқайлағанын да түсінбей қалдым, әйтеуір жан даусы шықты ғой)) өзім футбол қарамағасын сондай қызық кездерде ғана жүгіріп барам.
Кешеден алдын күні Франция мен Гондурастың кездсуінде Еуразия телеарнасында жүргізген комментатор мықты екен. матчты өте қызықты жүргізеді.
комментаторларға айтылатын сындар әлі толастамапты)
қазақстандағы орыс каментатрлар ұнамайды, ермұхаммед мәулен күшті жүргізеді, күлдіртіп отырады :cry: сосын асқат сағынай да
Кешеден алдын күні Франция мен Гондурастың кездсуінде Еуразия телеарнасында жүргізген комментатор мықты екен. матчты өте қызықты жүргізеді.
Уалихан Қосанбай жақсы жүргізеді
Есей Жеңісұлы мықты. Сосын Асхат Сағынаевтың дауысы ұнайды. Соңғы кезде Ермұхаммед, Уәлихандар жақсы жүргізіп жүр
Рауанның деңгейі шынымен төмен, оның үстіне даусы да нәзік шығады.
Рауанның деңгейі шынымен төмен, оның үстіне даусы да нәзік шығады.

Рауан деген кім еді?