Бекболат Тілеухан. Бір-біріңе мейіріммен қараңдар, бауырлары
Айналайын, құлыншақтар! Менің сөзім, менің азаматтық позициям соңғы ақиқи инстанция деген мәселе жоқ. «Кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі» – деп жазады Абай бірінші қара сөзінде. Яғни Абай ұрпаққа мұра қалдырмас бұрын, халықтың арасындағы даудан сақтанған, қазақтың ауызбіршілігін аса маңызды санаған. Маған да керегі осы! Жастар арасында ауқымды ойлау қабілетіне сүйене отырып жазатын тұшымды пікірлерге кейде еріксіз тәнті боламын. Кейде эмоция жетегінде даурыққан тоқтамсыздықты көргенде қоңырайып қаласың. Жалпы кісінің көңіліне қарап сөйлеу – үлкен имандылықтың белгісі. Бір-біріңе мейіріммен қараңдар, бауырларым! Әсіресе жігіттер, бір-біріңнің жағаларыңнан ұстаудан Аллаһ сақтасын! Шаптығысып, шалысып, бет тырнасып кету – әлсіздіктің белгісі! Абайша айтқанда “домбыттық”. Сендер олай етпесеңдер керек.
Біз Мағжан екеуміз жастарға сенеміз!