Нарықтық инфрақұрылым
Нарықтық инфрақұрылым (орыс. Рыночная инфраструктура) – тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің нарықтағы қозғалысын қамтамасыз ететін ұйымдар мен мекемелер жүйесі.
Оның құрамы:
ұйымдық база – биржа, жабдықтау-өткізу, делдалдық ұйымдар, коммерциялық фирмалар, т.б.;
материалдық база – көлік құралдары, қойма, ыдыс шаруашылығы, ақпараттық жүйелер, т.б.;
несие-есеп айырысу базасы – банктер, басқа да несие-қаржы мекемелері.[2]