Нарық сәтсіздігі

Нарық сәтсіздігі — нарық ресурстарын тиімді бөлініп немесе қолданылмаған жағдайы. Бұл мәселеде экономисттер келесі сәтсіздіктерді қарастырады:


Нарық сәтсіздігі
1 Өнімділік және үлестерім тиімсіздігі
2 Монополия күші
3 Нарық тапшылығы
4 Толымсыз нарық
5 Пайдасыз игіліктер
6 Сыртқы әсерлер
7 Жеке меншік құқығы
8 Ақпарат сәтсіздігі
9 Нарықтың бірқалыпсыздығы
10 Нарықтық теңсіздіктер

Өнімділік және үлестерім тиімсіздігі[өңдеу]
Белгілі бір жағдайларда нарықта фирма тиімсіз жұмыс жасауы мүмкін.
Тиімсіздік - дегеніміз ресурстың үнемді және тиімді пайдалануына дұрыс бөлінбеуі.
Экономикада тиімсіздік ұғымы басқа да жағдайларда қолданылады.
Парето тиімсіздігі Вильфредо Паретомен байланысты ұғым. Экономика өзінің шектеулі мүмкіндіктерін толық пайдаланбаған кезде қолданылады.
Өнімнің тиімсіздігі - фирма өз құнынан арзан өнім шығарғанда болады. Бірлік құны барлық шығындардың барлық өнім санына қатынасы орташа өнім құнына тең.
Тұтынушы тиімді құнын төлемегенде ресуртардың тиімсіз орналастырылуы болады. Шығындардың барлығы өтелген жағдайда тиімді баға қалыптасады.
Монополия күші[өңдеу]

Нарық монополиялық күшке төтеп беріп оған бақылау жүргізе алмайды.

Нарық тапшылығы[өңдеу]

Нарықтың экономиканы бір қалыпқа келтіре алмауы, нәтижесінде қоғамдық игіліктер тапшылық көруде, мысалы көшелерді жарықтандыру, көлік жолдарын жөндеу.

Толымсыз нарық[өңдеу]

Нарық өз тарапынан керекті деңгейде игіліктерді шығара алмайды, мысалы білім беру және денсаулық сақтау.

Пайдасыз игіліктер[өңдеу]

Нарық халық зардап шегітін өнімдер шығаруға және сатуға бақылау жүргізе алмай келеді, мысалы темекі және ішімдік сату.

Сыртқы әсерлер[өңдеу]

Тұтынушылар мен өнім шығарушылар үшінші жаққа келетін зиянды ойламауы.

Жеке меншік құқығы[өңдеу]

Нарық тек тұтынушылар мен өнім шығарушылар жеке меншік құқығын иеленген кезде ғана жақсы жұмыс жасай алады. Бұл сәтсіздік нарықтың қалыптасуына шек қояды.

Ақпарат сәтсіздігі[өңдеу]

Нарық кей кезде жеткілікті ақпарат бермейді, бұл бір жақтың екіншіге толық ақпаратты беруіне көңіл аудармауынан болады.

Нарықтың бірқалыпсыздығы[өңдеу]

Нарық бір қалыпты сақтай алмайды көп жағдайда бұл ауылшаруашылық, валюта және несие нарығында кездеседі.

Нарықтық теңсіздіктер[өңдеу]

Нарықтың бұл сәтсіздігі жалақы, жалға алу , қызығушылықтар мен пайдаға байланысты.