Біздің халық 3G-ді немесе 4G-ді емес, интернетті қолданады
4G-ге лицензия беру туралы мәселенің шДеректерді жіберу біртіндеп ұялы операторлардың негізгі табыс көзіне айналып барады. Пайдаланушылардың онлайн-мессенджерлер немесе әлеуметтік желілер арқылы байланысқа шыққанды дұрыс көріп, аз қоңырау шала бастағандығын статистика да нақтылауда. Мысалы, жаңа жылдық түнге қатысты айтсақ, әдетте осы мереке түнінде абоненттер операторлардың мықтылығын сынға алғандай, орасан көлемде қоңырау соғуға кірісетін. Ал биылғы жылы қазақстандықтар бірін-бірі дәл осы ұялы интернет арқылы құттықтағанды жөн көрген сияқты. Мысалға айтар болсақ, «Tele2 Қазақстан» абоненттері мереке түні интернет-трафиктің 42,3 терабайтын пайдаланыпты, ал бұл алдыңғы жылғы жаңа жыл түніндегі көрсеткіштен 2 есе көп дегенді білдіреді.
Қалыптаса бастаған үрдіске сәйкес, операторлар өз қызметтерінің баға белгіленімі құрылымын ауыстыра бастады. Деректерді жіберудің ұлғая бастаған трафигінен қалай пайда түсіруге болатыны, қазақстандықтардың ұялы интернетті тұтыну ерекшеліктерінің қандай екендігі, компанияның дағдарысқа қарсы қандай жоспары бар екені және оператордың 4G-ге лицензия беру туралы мәселе шешімін қалай жылдамтатыны туралы «Капитал.kz» іскерлік апталығына «Tele2 Қазақстанның» коммерциялық директоры Миндаугас Убартас әңгімелеп берген еді.
- Қазір қиын кезең. Мұнай бағасының құлдырай төмендеуі, көршілеріміздің экономикалық және геосаяси үлкен қиындықтары, сондай-ақ, ел ішіндегі девальвацияны күтіп отырған жағдайда, сұхбатты дәл осы сұрақтан бастау дәстүрге айналып кетті десе де болар. Қазіргі ахуал жағымсыз бағытқа өрби қалса, Қазақстандағы Tele2-нің дағдарысқа қарсы құратын жоспары бар ма?
Біздің дағдарысқа қарсы жоспарымыз болған емес, болуы да екіталай. Біздің бизнесіміздің үлгісі – байланысты барынша пайдалы етуде онсыз да барлық жағынан costsaving деуге болады. Біз кез-келген экономикалық құлдырауды өз пайдамызға шешуге тырысамыз. Жұрт өз шығындары туралы ойлана келе, нарықта біздің ұсынысымыздан артық ештеңе таппайтыны жайлы қорытынды жасайды. Мысалға, 2008 жылғы Литвадағы экономикалық дағдарыс кезінде абоненттердің Tele2-ге ағылуы шамамен, 15%-ды құрады. Былтырғы жылы девальвация орын алғанда, бағаны көтермеген жалғыз оператор біз ғана болдық. Меніңше, басқа да кез-келген жағдайда біз осы бағытымыздан таймайтын шығармыз.
- Дауысты қызметтерден түсетін кіріс өсімінің бәсеңдеп, деректерді жіберуден түсетін кірістің ұлғаюы, барлық операторлар айтып жүргендей, қалыптаса бастаған үрдіске айналды. Қазір «Tele2 Қазақстанның» жалпы кіріс құрылымындағы деректерді жіберу үлесі қандай орынға ие?
Егер сіздерге нақты сан қажет болса, онда жылдық есептік күткендеріңіз дұрыс, оны ұялы операторлар ақпан айында жариялайтын болады. Қазақстандық операторлар арасындағы жалпы күшті орналастыруға қатысты айтар болсақ, деректерді жіберу бойынша жақында ғана пайда болған, яғни біздің компания сенімді түрде көш бастап тұр. Олардың құрылымында ұялы интернет 30-65%-ды құрайды, ал «көне» ұялы компанияларда 90%-ға дейінгі арна сыйымдылығы әдеттегі қоңыраулармен ғана толтырылуда.
- Деректерді жіберу трафигінің өсу серпіні жайлы айтыңызшы. Ол жыл басынан бері қаншалықты өсті?
Жаңа айтып өткенімдей, деректерді жіберу өте қызықты серпін көрсетіп отыр. Бірақ аймақтар бойынша қарар болсақ, жағдай тіптен қызық. Кірісіміздің көп бөлігін ұялы интернет арқылы түсіріп отырған аймақтар бар. Оған оны дамыту жөніндегі оператордың өзінің күш салуы да, сымды интернетке қатысты жағдай да әсер етті; ол аз дамыған аймақтарда ұялы деректерді жіберу басымдылығы арта түсуде.
Біз трафик өсімін пайызбен емес, терабайтпен өлшейтін болғанбыз және бұл өсімнің басы ғана. Келешекте пайдаланылған деректер ағыны тек көбея түспек, өйткені интернет-контент сапасы тек өсу үстінде. Бір жағынан, бұл операторлар инфрақұрылымына күш түсіруде, қазір олар арналар сыйымдылығын кеңейтуге көп қаржы құюда және базалық станциялар тығыздығын арттыруда. Ұялы интернеттің бір ерекшелігін айтып өткім келеді: клиенттердің 5%-ы барлық деректердің 70%-ын жүктейді, ал қалған 95%-ы содан зардап шегеді. Бұл өз кезегінде, операторларды трафикті шектеу жөнінде шаралар қабылдап, баға белгіленімімен айналысуға мәжбүрлейді.
- Қызық, сонда сіздер мұндай өсімнен қандай пайда түсірмексіздер?
Телекоммуникациялық нарықта бәрі тап болатын негізгі қиындық – деректерді жіберу ауқымы осы қызметтің өз құнынан әлдеқайда жылдам өсуінде. Бір уақыттары ол төменгі шек кезінде алдағы уақытта инвестициялауға қиындық тудыруы мүмкін. Оның шешімі шығындарды тиімді ету, оның ішінде, инфрақұрылымды операторлардың бірге пайдалануы есебінен, оның одан арғы дамуы мен аз шығын кезінде көбірек қайтарым алуға мүмкіндік беретін анағұрлым тиімді технологияларды қолдануы, бағалардың оңтайлы арасалмағы мен ұсынылатын қызметтер көлемі арқылы трафиктен пайда түсіру, сондай-ақ, сервистің қосымша түсім әкелетін жаңа түрлерін құру болуы мүмкін.
- Сонда сіздердің желілеріңіздегі смартфондар мен қарапайым телефон иелерінің қазіргі сәйкестігі қандай?
Смартфондар мен қарапайым «қоңырау шалғыштар» иелерінің сәйкестігі шамамен, 65% пен 35%. Смартфон қолданушылардың негізгі дені Android операциялық жүйесін пайдаланады. Олар шамамен, 56%. iOS қолданушылар 5% шамасында.
- Нарықтағы сіздердің бәсекелестеріңіз 3G стандартының барлық мүмкіндіктері әлі де пайдаланылған жоқ дегенді айтады. Сонда 4G-ға берілетін лицензия Altel-дің бәсекелік басымдығы емес қой. Сіз мұндай бағалаумен келісесіз бе?
Жаңа технологияның аты жаңа технология, ал қызмет қызмет болып қала береді. Жұрт 3G немесе 4G-ді емес, интернетті пайдаланады. Немесе тіпті: жұртшылық интернеттің өзін керек етпейді десе де болады. Керісінше, бәріне электронды пошта, видео (YouTube, RuTube, Vimeo), аудио (радио, Deezer, Spotify), мессенджерлер (WhatsApp, Skype), өзін көрсеткісі келетіндер үшін (Facebook, Odnoklassniki, Instagram), жаңалықтар (Kapital.kz, CNN, BBC) және басқа да көптеген нәрселер қажет. Технологиялық ерекшеліктер осы саланың алғашқы қарлығаштары үшін имидж қалыптастырады, дегенмен халықтың көп бөлігі үшін өзіне әлі де ұялы интернет әлемін ашу, уақытты құр өткізіп қана қоймай, одан пайда табу мүмкіндігі де бар.
Соған қарамастан, операторларға өз клиенттеріміздің жылдам өсіп жатқан трафигіне қызмет көрсету үшін 4G технологиясы қажет-ақ, сондықтан реттеушілер клиенттеріміздің қажеттілігіне көңіл аударып, қажетті жиілік пен лицензияларды береді деп үміттенеміз.
- Желілерді ұжымдық күшейтуді талап ететін Network Sharing бизнес-үлгісі бар. Ол алғаш рет Швецияда, дәл осы Tele2-нің отанында сыннан өткен болатын. Қазақстанда сіздер 4G желісін бірге құру туралы өз нарықтас серіктеріңізге ұсыныс жасап көрдіңіздер ме?
Біз оны қажет етпейміз. Қолымызға 4G желісін өрістетудің ресми рұқсаты тиген сәтте, бірден сол күні-ақ осы жұмысқа кірісетін боламыз. Оның үстіне, Tele2-нің өзге елдерден жинаған тамаша тәжірибесі бар: 2012 жылы біз 2G және 3G қолданбай-ақ, Нидерландыда LTE стандартындағы желіні өрістеткен әлемдегі жалғыз оператор болғанбыз. 2014 жылы жыл бойына Балтық жағалауы елдеріндегі желіні жаңғыртып шықтық, енді 2015 жылы LTE желісі Эстония, Латвия мен Литва елдерінің 90% халқын қамтитын болады. Бұрын біз Швецияда осындай табысқа қол жеткізген болатынбыз.
- 4G желісін өрістету лицензиясын алу мәселесі тағы да бірнеше жылға шегерілді. Ол процесті жеделдету үшін сіздер өз тараптарыңыздан қандай шешім қабылдай аласыздар?
Өзіміздің техникалық мүмкіндіктерімізді көрсететін боламыз – мұны бір деңіз, екіншіден – реттеушімен тұрақты байланыстамыз. Ондай мүмкіндік тек бір ғана операторда бар, ал мұндай жағдай бәсекелестікті дамытпайды және абоненттердің мүддесіне жұмыс істемейді деген пікірдеміз.
- Сіздер өз маркетингтік қадамдарыңызға деген нарықтас бәсекелестеріңіздің реакциясынан қорқып кеткен жоқсыздар ма? Мен былтырғы жылдың соңындағы «баннерлік» қырқыс жайлы айтып отырмын. Келесі жылға қандай жоспарларыңыз бар? Әлі де осылай арандату әдістерін пайдаланып отырасыздар ма, әлде анағұрлым салмақты маркетингтік стратегияны таңдайсыздар ма?
Қорқып кеткен жоқсыздар ма дейсіз бе? Бұл бізге қойылатын сұрақ емес. Біз керісінше, сондай реакцияның туындағанына қуаныштымыз! Біздің стратегиямыз – жұрт артық ақша төлемеуге тиіс! Әрбір баға төмендеуі біздің өз жұмысымызды тиісінше атқарып, өз компаниямыздың тиімділігін арттырып жатқанымызды дәлелдейді. Сонымен қатар, бүкіл индустрияның тиімділігін көтерудеміз, осылайша елдің бәсекеге қабілеттілігін арттырудамыз. Одан ешкім – клиенттер де, біз де, жалпы қоғам да ұтылып жатқан жоқ.
Біздің әрекетіміз мақсатты түрде жасалуда, біз көпшіліктің назарын өз саламызға аударсақ дейміз. Біздің қызметтерімізді пайдалана отырып, клиенттер ақшаларын үнемдейді. Ал «көне» ұялы байланыс компанияларының мақсаты біреу ғана: бәрі-бәрі олар жайлы ұмытып, телекоммуникация туралы тым аз ойланса екен дейді. Оларға керегі де сол – олар маркетингтік бюджеттерді кесіп, кво-мәртебесінің бұзылмағанын қалайды.
Ұялы байланыс құлдығы туралы сөз қозғалғанда Ресейді мысалға алып жатады, өйткені ол жақта бәрін ешкім нөмірін ауыстырмас үшін жасап қойған. Клиенттер үшін қойылған тосқауылдардың мығымдығы сонша, бәрі амалсыздан соларға мойынсұнуға мәжбүр. Біз керісінше, Түркия мысалын қайталасақ дейміз, ол елде клиенттердің 43%-ы операторларды өз нөмірлерімен бірге ауыстырып шыққан, немесе абоненттердің 15%-ы солай істеген Гонконгты алайық. Біз Қазақстанда нөмір ауыстырудың клиент үшін оңай әрі ыңғайлы болуы үшін көп күш салдық және клиент көбірек ақша үнемдеп қалуы үшін әлі де қолдан келгеннің бәрін істеудеміз.
- Айтпақшы, сіздер биылғы жылы басталатын MNP енгізілуіне қалай дайындалудасыздар? Абоненттер ауысымының ықтимал пайызын есептедіңіздер ме?
Қазіргі уақытта нөмірлерді көшіру қызметтерін енгізуді қарастыратын (MNP – mobile number portability) «Ақпараттандыру туралы» заң жобасы ҚР Парламентінде қарастырылып жатыр. Сондықтан ол қызметтің қашан қолжетімді болатынын нақты айту қиын. Алайда, ол қызмет биылғы жылы іске қосылады деп үміттенемін. Абоненттердің операторды өз нөмірін ауыстырмай-ақ өзгерте алуының арқасында «ұялы байланыс құлдығында» оң өзгерістер орын алатын болады, өйткені достары мен әріптестерінің тізімінен жоғалып кетуден қауіптенетіндіктен байланыс операторын әлдеқайда арзан тарифті оператор түріне ауыстыра алмай жүрген абоненттер бар.
Абоненттер ауысымы жөніндегі болжамдарды қазірше айтпай-ақ қояйын, дегенмен MNP енуі байланыс нарығындағы бәсекелестікті айтарлықтай қатаңдата түседі деп есептеймін. Оның нәтижесі ретінде, ұялы байланыстың «көне» операторлары абоненттерді әкімшілік шаралармен ұстау мүмкіндігінен айрылады және тарифтерді арзандату жолымен клиент үшін шынайы күреске мәжбүрлі түрде қосылатын болады. Тағы бір айтарым, нөмірлерді көшірудің танымал қызметке айналуы және байланыс бағасының арзандауы үшін біз бар күшімізді салатын боламыз.
- Сонда бұл қызметті енгізу тиімділігі туралы қандай мерзімнен соң айта беруге болады, яғни, басқаша айтқанда, нақты цифрлар қашан көрсетіледі?
Нәтиже жайында тоқсандық есептен кейін айта беруге болады. Оларды жария еткенге дейін нақты сандарды айту қиынырақ болмақ, бірақ біз негізгі қозғалысты бақылап отыруға тырысамыз.
- Биылғы жылдың 1-ші қаңтарында интерконнект мөлшерлемесінің кезекті төмендеуі орын алды. Оператор ретінде оның төмендеуін айрықша қолдаған сіздер бұл процестің жылжу қарқынына ризасыздар ма?
Интерконнект мөлшерлемесі 1-ші қаңтардан бастап 20%-ға төмендеді. Бірақ реттеушінің дерегіне сәйкес, ол осыдан 2-3 жыл бұрын-ақ осындай болуға тиіс болған екен. Яғни, осы жылдар ішінде клиенттер тым көп ақша артық төлеген. Интерконнект мөлшерлемесі тосқауыл рөлін атқарады – ол неғұрлым жоғары болған сайын, жаңа операторларға нарыққа кіру соғұрлым қиын бола түспек. Бірақ біз ондай тосқауылдардан қорықпаймыз: өте жоғарғы интерконнект мөлшерлемесі кезінде қалай жұмыс істесек, төмендетілген мөлшерлеме кезінде бұрынғыдан да жақсы жұмыс істей беретін боламыз. Мөлшерлеме төмендеді – біз бағаны тағы да түсіре береміз. Және мөлшерлеменің төмендеуі жалғаса және жылдамдай беруі үшін бар күшімізді жұмсаймыз. Өйткені соның арқасында жұртшылық қарым-қатынас пен интернетке жұмсайтын ақшаларын үнемдей алмақ.шімін оператордың қалай тездететіні турасында Миндаугас Убартас әңгімелейді