Афоризм. Қадыр Мырза Әли. Жазмыш. Иірім.

Қадыр Мырза Әлидің қанатты сөздері
БұлқанаттысөздерҚадырағаның «Жазмыш» «Иірім» аттыкітаптарындакездескенсөздереді. Оқырман ол кітаптарды оқығанымен, ондағы Ұлы тұлғалардың өмірімен танысқанымен,кітаптағы, тірісінде Ұлы атанған Қадыр ақынның ұлағатты ойларын жаддарында сақтауы екіталай. Бұл ойлы сөздер оның жеке сөздіктерінде болсын,афоризмдер жинақтарында болсын кездесуі мүмкін.
Біреу болмаса біреудің есінде қалуға септігі тиер деген оймен кітаптарды оқу барысында ақын сөздерін сүзіп алуды жөн көрдім. Артымызда жазып-сызып ештеңе қалдырмағанның азабын қазақ жұрты тартудай-ақ тартқан жоқ па?! Қазақтың тілі мен әдебиетіне жаны ашыр азаматтар болса, тек Қадыр ағаның ғана емес қазақ жазушыларының болсын, сөз шеберлерінің болсын, дуалы ауыздарынан шыққан асыл мұраларын жинақтап, баспасөз беттерінде жариялап жүрсе тіпті жақсы болар еді
Дүниенің ең басты жұмбағы-адам.
Адамдар дүниенің бәрін түсіндіргенмен, өздерін өздері әлі де болса түсіндіре алған жоқ.
Алпыс адам-бір жақ, ақын өзі бір жақ.
Әкеңді білмеген ештеңе емес, қаптаған халықтың ішінен ұлтыңды білмеген не деген сұмдық.!
Адам алысқа қараймын деп, жақындағысын көрмейді.
Әулиелік туралы айту үшін өзің де әулие болуың керек
Дүниеге шын ақын, ұлы ақын келген күні сонымен қабаттасып даңқ та туады.
Азаппен келген даңқ – мәңгілік.
Талант – халық қазынасы. Талантты қадірлемеу халықтың намысына тиеді.
Адамның бүкіл өмірі өзін-өзі жұбату, өзін-өзі алдау.
Семіру шошқаның өзіне қандай сор болса, артық даңқ адамның соры (Қытай мақалы Қадырдың кітабынан)
Даңқ - өте қауіпті рухани есірткі.
Ақын – жазушылардың бәрі болмағанмен, біразы әдеби есірмен.
Қор қылу да, құдай қылуда халықтың қолында.
Пайғамбар жасау халықтың қолында, бекерге мәз болып, өзіңді-өзің алдау, алдану өз қолыңда.
Ең үлкен махаббат – халық махаббаты.
Халықтың ықыласына ешкім тиым сала алмайды.
Даңқ үстемелегенді ұнатады. Бір басталса біразға дейін жарылқайды. Қашан өзің бүлдіріп алғанша махаббат нұрына бөленесің.
Таздың басына, пұшықтың мұрнына қона салатын соқыр бақыт сықылды емес, Даңқ – ешкімнің ырқына көне салмайтын бірбет құбылыс.
Лайық емес адамға даңқ жоламайды.
Даңқ - онның бірін, жүздің бірін таңдайтын талғампаз пәле.
Даңқ- ойда жоқта біркүні келе салмайды.
Даңқ-нағыз таланттың жолсерігі, жұбанышы, көз жасын сүртетін беторамалы, жан жарасын жуатын таң нұры.
Даңқ – ақынның бірінші бақыты емес.
Ақынның бірінші бақыты – шығармашылық процесс. Ал қалған тірлігі қараңғы туннель
Әр ақынның-егер ол шын ақын болса – тоқсан тоғыз қасіреті болады
Ақындардың қасіреттері – кедейшілік пен жоқтық.
Кейде тіпті ақын неғұрлым дарынды, неғұрлым арлы болған сайын соғұрлым сормаңдай бола ма деп те ойлайсың!
Нағыз қайыршы ұрлық жасамайды.
Жалпы жоқтық деген пәле мықты ақындарды өте жақсы көретін болуы керек, қай заманда, қай елде болмасын, алдымен соларды іздеп табады.
Абыройыңды жауып жүрудің өзі оңай шаруа емес!
Саптыаяққа сыра құйып, сабынан қарауыл қаратып қойған зұлым заманда күнделік жүргізудің өзі өзіңнің үстіңнен өзің материал жинақтаумен бірдей. Өйткені күнделіктің құдіреті-шындық!
Қарыз алатындардың көбі – қарызды қайыра алмайтындар.
Жүйке ауруы – жалғызілікті емес, көп ағайынды.
Туғанда аяқ-қолың балғадай сап-сау болып туғанмен, ертең кім боларыңды бір құдай ғана біледі.
Әкелетін өмір де, әкететін өлім деп ойлаймыз, жоқ, меніңше өлім-өмірдің өзі.
Адамды ауыртатын да, өлтіретін де сол өмір!
Ол тек құжаттарға ғана Өлім деп қол қоя салады!
Өлімнен қорқатын ештеңе жоқ, Өмірден қорық!
Ақын - өзінің ішкі дертін, жан ауруын інжуге айналдыратын жұмбақ жан.
Дегенмен арақтың істемейтіні жоқ, дәлірек айтсақ, істетпейтіні жоқ.
Бүкіл ақын атаулыны маскүнем ғып көрсету – мақсат емес. Менде ондай ой жоқ. Ал енді ішпейтін ақын тағы аз.
Қайсібір ақындар үшін дәстүрге айналған дауасыз дерт. Одан зардап шекпеген бақытты әдебиет бар ма екен?
Ішіп жүрген оныңды көрген халық он біріншіңді сол онның қатарына калай – солай қоса салады.
Арақ адамның шыңырауындағысын шығарып, тереңде жатқан дүлейін оятады.
Жынның момыны болмайды
Есенин ішсе, бір нәрсе тындырып барып ішкен. Ал біреулер ішіп алып бірдеңе тындырмақ. Тына қояр ма екен!
Бір кездері көшіп-қонудан алдымызға жан салмасақ, енді ішуден де озып кете жаздаған жағдайларымыз жоқ емес.
Соғысқа берген таланттан ішімдікке берген талантымыз әлдеқайда көбірек десек қателесе қояр ма екенбіз?
Арақ қазақ үшін жаңа дерт. Жаңа жау. Оған біздің уыз организміміз қарсы тұрып үйренбеген. Иммунитет мүлдем жоқ. Кәрі-жасымызға қарамай қырып кететін түрібар.
Жібек жолын шөп басты.
Еуропа ондаған халықты отарласа, темекі мен есірткі Еуропаны отарлады.
Отарланған елдер Еуропа тепкісінен құтылды, ал темекі мен есірткі Еуропада мәңгі қалып қойды.
Қарақшылар апарған өрт өшті, әкеткен дерт қандарына сіңді.
Хайуандар ғана емес, адамдар да түлейді
Басқаға еліктесе де адам өлімге еліктемеуі тиіс.
Миға кірген ой, шөңгеден де жаман.
Өмірге келудің бір-ақ себебі болса, өмірден кетудің ондаған себебі бар.
Өлімнен де ауыр ит өмір кімге керек?!
Абыройыңнан айырылып, адамдық қасиетіңді аяққа таптап, күн сайын мың өлгенше, дұрыстап бір өлген де жөн шығар.
Бақытсыз деймін, жалпы ақын өзі бақытты бола ма екен?
Сол бақытсыздардың бірі, дәлірек айтсақ, нағыз бақытсызы – Марина Цветаева
Әңгіменің төркіні - әңгіме.
Тыныштық жар төсегінен басталады.
Жазмыш логикаға қарамайды.
Елге, әсіресе басшыларға, тірі ақыннан гөрі өлген ақын тиімдірек. Олар өкіметтің мазасын алмайды. Айтатынын олар баяғыда айтып, сынайтынын олар баяғыда сынап кеткен. Енді олар оппазиция емес, бар болғаны цитатаға, мысалға айналған
Қай кезде де, қай-қай ақынға да оңай емес.
От пен судың арасы. Шындық пен өтіріктің арасы от пен судың арасынан да жаман.
«Қан сасыған хан сарайы» дейді қазақтар. Осыны халық өте ерте түсінген.
Дұшпандары ақынға бәрін кешіреді, бірақ тірі жүргенін кешірмейді. Тірі ақын қашанда қауіпті.
Әйтпесе, басынан айырылған адамға тілден не пайда? Ал ақындар үшін тілінен айырылған соң басынан не пайда.?
Тақта отырған тасбауырларға біреудің басы деген немене
Адамның басы көбіне-көп ел билеушілердің добы болып келеді.
Ақынның үнін өшірудің жылдар сынынан өткен ең оңай тәсілі – қылғындыру, тұншықтыру болып келген
Өз еркіңмен өлгенде өлімнің түрін таңдауға болар мүмкін. Бірақ сені біреу өлтіргенде, не өкіметің өлтіргенде қалауың бола бермейді.
Ақынды көбіне-көп заманы, қоғамы, ортасы өлтіреді.
Батыр да бір оқтық, ақын да бір оқтық!
Бір ғана нәрсе көңілге медеу – көңілі сүттей ақ періште ақын өзін атқан ата жауларын көріп өлді.
Өңшең бір шерлі жыр, шерменде ақындардың тағдырларына үңіле отырып, ақын боп туу азап үшін туу ма деп қаласың
Жазымыштың жұмыр добы да, қайысқан қалың халыққа жоламай, әлдекімдерді айналып өтіп, ақындарды барып ұратын тәрізді.
Біреулердің неден өлгені, біреудің қалай өлгені, ал біреулердің қайда өлгені белгісіз. Жұмбақ тағдырларда жоқ емес.
Жалпы адам жоғалу, соның ішінде еліне белгілі адамның жоғалуы ақылға сыймайды. Бірақ жоғалады.
Өз өлімімен өлгенді қаза болды демейді. Ажалынан бұрын өлді деген міне осы.
Жалпы жазу үстелінің басында өлу – бүкіл ақын-жазушының арманы деуге болады.
Нағыз жазушы шындап келгенде ешкімге қызмет етпейді.
Қасқыр орманға қарап ұлыса, қазақ қырға қарап күрсінеді.
Екі өлең жазсам, соның бірі – Дала. Өйткені ойлайтыным - Дала
Адам кейде өз үйіне де сыймайды.
Көптің ішіндегі жалғыздық, аралдағы жалғыздықтан да жаман.
Коммунистік жүйенің қайтып келгенін өз басым қаламаймын. Өйткені жегіміз келгенін жеп, ішкіміз келгенін ішкенмен, айтқымыз келегенді айта алмадық, жазғымыз келгенді жаза алмадық
Ауыздан шықпай іште тұншыққан шындық шеменеге айналады. Дерттің жаманы – сол. ОЛ адамды тірілей өлтіреді.
Өнер тұрған құпия
Әртүрлі дарындар түгіл, бір дарынның өзі кейде өзіне-өзі ұқсамайды.
Көз адамдардың бәріне бірдей тәрізді Бірақ жай адам басқаша көреді де, жазушы адам мүлде басқаша көреді.
Ағашты тамырынан, тамырды топырақтан ажыратып әкету қалай болар еді?!
Өнер жүрген жерде еліктеу болмай тұрмайды.
Кез-келген жас дарын қашан дараланып өзінше қалыптасып тынғанша бір мықтының тартылыс күшінен шыға алмайды.
Шығармашылықта емес, жай тіршілікте де ұстаздың әсері көрініп тұрады.
Ақша талғамға қызмет етеді.
Кейде жоқтықтың өзі жаңа моданың тууына себепкер болады.
Ақындар тірлігінде жалпы логикаға сыймайтын құбылыстар жиі болады.
Өнер адамы үшін шығармашылықта үшін, тіршілікте болсын, ең ақыры киім – кешекте болсын, ешкімге ұқсамау – басты міндет.
Өз басым қазақ тарихын біздің елімізге арақ-шарап деген пәленің келгенге шейінгі, келгеннен кейінгі дәуірі деп екіге бөлген дұрыс болар еді деп ойлаймын.
Жалпы арақ-шарап келгенше ұлттық мәдениет, ұлттық дәстүр қауіпсіз тірлік кешкен тәрізді.
Арақ-шарапқа дейінгі шейінгі дәуір-қымыз дәуірі. Әдебиет пен өнер үшін бақытты, кем дегенде жартылай бақытты кезең.
Егер шатақ шығару керек болса, қымыздың өзі жетіп жатыр. Ал шабыт шақырып, шығармашылықпен шұғылдану қажет болса қымыздан артық ішімдік жоқ!
Арақ ішіп жақсы бірдеңе жазды дегенге сенбеймін.
Көптеген классикалық әндер мен классикалық өлең-жырдың бастауында қымыз тұрғаны ақиқат
Қымыз дәуірі-серілер дәуірі.
Сәнді киіну- сал, серілер үшін негізгі шарттың бірі.
Күйтабақты бір аударып салатын, әйтпесе тіпті басқасын қоятын кез болды-ау деймін.
Көлігі бардың қашанда өрісі кең.
Махаббат ол-ең алдымен өмір. Ал өмір біз ойлағаннан гөрі күрделі, әлдеқайда күрделі құбылыс.
Қай бұрышта, қай қалтарыста қай зұлымның қандай қару ұстап тұрғанын білу қиын.
Кез-келген қарым-қатынастан, тіпті төсектік қарыс-қатынастың өзінен махаббат іздеу дұрыс бола бермейді. Ал нағыз махаббат дегеніміз-өткінші жаңбыр емес. Ұлы сезім.
Үйкүшіктік жалпы адамға тән қасиет емес.
Көкжиегің кең болмай көп көрмейсің.
Көп көрмеген көп біліп жарытпайды.
Алысты аңсау, оның ар жағында не бар екен деп аласұру адам баласына құдай берген
қасиет.
Кейбіреулер үшін үйден шықпау-түрмеден шықпаумен бірдей.
Оппозиция деген – мәдениеттің ең жоғарғы түрі.Егер баяғыдай бір партиялық болса, оның кемшілігін ешкім айтпаса, сонда ол қалай түзеледі?
«Оппозиция – әйеліңнен басталады» Ол сенің жанашырың.
Әдебиетте саған көзіңнің тірісінде қоғамның берген бағасы – анық баға емес.
Өз бағаңды көтеру үшін біреудің бағасын түсіріп керегі жоқ
– Өзіңнің балаңа да, қаламдас інілеріңе де ақыл айтайын деп айтпайсың.
– Жас кезінде адам өзіне қатты сенеді және сенім болмаса ол әдебиетке келе алмайды. Қайшылықта қатаяды. Егер дұрыс түсінсе, ол бақытты, ал бұрыс түсінсе де сенің айтқаныңа қайта қоймайды. Бірақ соққы, таяқ жеу деген болады. Содан кейін ақыл кіреді. Ақылдың өзі көшеде жатқан жоқ. Жас кездегі сүрінгеннен, құлағаннан, әке-шешеден, көршілерден, замандастардан жеген таяқ ақылға айналады.
Сапар-саяхатқа құмарлықтың бірінші себебі-көру, білу, сергу, сілкіну болса; екінші себебі - өз тірлігінен, төңірегінен шаршау, жалығу деп ойлаймын.
Шығармашылық- ләзатты азап.
Қанша сүйікті жұмыс дегенмен, одан да жалығатын сәттер болады.
Карта - әзәзіл. Оның қай жерде қалай қағып жібергенін өзің де білмей қаласың.
Бір адамға, бірен-саран адамдарға бола халыққа тіл тигізу ақымақтық дер едім.
Халық дегеннің өзі аса қасиетті және кең ұғым.
Дүние – мүлік, әсіресе байлық – көздің құрты. Ал сол байлықтардың ішінде кітапқа жететін бірдеңе бар дегенге өз басым сене алмаймын
Қымбат дүниелердің құны, әдетте ақшамен анықталады. Ақша жүрген жерде қашанда қауіпті.
Шынында да, ақын дегеніміз – мәңгі бала. Олардың даналығы мен балалығының арасында шекара жоқ.
Билік үшін хан тұқымы да, қара да қан төгеді.
Үлкендерді қойшы, өз ортасында үстемдік жүргізу үшін балалар бақшасының бүлдіршіндеріне шейін бар күшін салады.
Қай қошқар жеңсе, үйірге сол қожа. Қай айғыр жеңсе, үйірге сол ие.
Жыртқыштарға жалпы дауа жоқ!
Билікқұмарлық, мансапқорлық, шенқұмарлық, бұл негізінен адамның өзі тауып алатын дерт.
Әмірге ергендердің аман қалғандары, сарайға жақындағандардың сау қалғандары шамалы.
Басқаны білмеймін, ал хан сарайында ұзақ қызмет істеген адамдардың сөзіне де, ісіне де сенуге болмайды. Олардың ақыл ойлары, тіпті адамдық-азаматтық сезімдері де деформацияға ұшырамай қоймайды. Өзгелерді айтпағанда олар өз үйлеріндегі сүйген жарларымен, бала-шағаларымен де дипломатиялық қарым қатынас жасайды. Өзінің қабағын, өзінің тілін күзетумен күндері өтеді. Қарқылдап күле алмайды, еңкілдеп жылай алмайды. Ғабит Мүсірепов айтқандай: «Ауызын толтырып, айызын қандырып боқтай да алмайды»
Ең жаманы - өзі аңтарулы, қаламы – қаңтарулы
Қолдан келсе табиғатқа тиіспеген жөн!
Ұлт болудың бір емес, бірнеше шарты бар. Соның ең басты және ең негізгі шарты – ұлттық тіл
Адам өрісі кеңіген сайын аң-құстың өрісі тарыла түседі.
Ғарыштық өлшеммен есептегенде планета деп жүрген Жеріміздің өзі бір ауыл ғана.
Ақын – жазушылар, меніңше, пайғамбарлығымен емес, пенделігімен қызық. Қолдарынан келгенше, пенделіктен пайғамбарлық жасағандарымен қымбат
Көк жалқау деген өте ауыр сөз.
Адам - құдайдың шығармасы
Махаббат – жүрекке де, сөзге де сыймайтын ұлы сезім.
Өзі ұлы ақын өзге ақынды бағаламай тұра алмайды.
Жалпы ақын деген халықтың, елім деп туған ерлердің бір қолы қаламнан босамаса, бір қолы қарудан босамаған.
Туған елі, туған халқы үшін ол өзінің иықтағы басын берді. Біз оның дұрыстап бір асын да бере алмадық! Елміз деп несіне шіренеміз! (Ақын бұл жерде Махамбетті айтып отыр)
Ақындар ғалым болсам, ғылыми жаңалықтар ашсам деп ізденбейді.
Білместі білсем, көрместі көрсем деу – талантқа біткен табиғи құштарлық.
Диплом түгіл, аттестаты жоқ, бірақ бағзы бір академиктердің өзінен артық білімдар, жан-жақты дарын.
Ақындардың сегіз қырлы, бір сырлы болуы Шығыс үшін де, Батыс үшін де бұрыннан жаңалық емес.
Ақын атаулының бір жанды жері – тіл болса, Екінші жанды жері- тарих.
Әр ұлттың рухани ұрасында, әр ғасырдың ғылми қоймасында біз білмейтін қанша сыр, Қанша құпия жатыр?!
Адамды жамандасам да өзімді жамандағаным, ақынды жамандасам да өзімді жамандағаным.
Адамзаттың басты қасреті – ол бүгін әділдіктен кетіп қалған.
Ақиқаттың өзін өтіріктің аузымен айтады.
Өзгені жеңу үшін, өзіңді жеңуің қажет.
Сайтандық та, әулиелік те адамның өз ішінде.
Сайтанымды өлтірем деп, пайғамбарын да қоса өлтіріп алуы ғажап емес.
Қайталап айта берген сөздің дәмі болмайды.
Мен өзімді шарапаттың шуағында өскен бақытты гүлдердің бірімін деп санаймын.
Әдебиет пен өнердегі дау - мәңгі дау
Мен өзі о бастан байлық, билік, даңқ мәселесіне күдікпен қарап үйренгем.
Ол – оқудың, ізденудің нәтижесі емес, жетімдік мектебінің жемісі.
Адам қанша мықты болғанмен, Өмір одан гөрі мықтырақ! Есеңгіретіп кеткен кездері де аз емес!
Біздің қазақ әдебиетінің қасіреті қалың. Ол негізінен, қызыл империя кезіндегі қуғын-сүргінге байланысты.
Адамзатта қанша мінез болса, жазушыларда да сонша мінез бар.
Қазақтың бір қошқарына екінші бір қошқарын қарсы қою – отаршылдық саясат үшін жаңалық емес. Жәләп саясат!
Өзіне - өзі қанағаттанбау – жақсы қасиет.
Біреуге жақсылық жасау үшін әкім болу, бастық болу міндетті емес.
Біреуден өшімді алам, кегімді қайтарам, қайткенде де мұқатам деп жазған естелік – естелік емес, ол – оңбаған жазушының портреті.
Жазушылар одағын пенде бсқармау керек. Адам басқару керек. Арамдық басқармау керек. Ар басқару керек.
Пенделер әр уақытта өз елін ойламайды, өзегін ойлайды.
Анаусына да, мынаусына да мүше болып көрдік.
Дүниеде ең тез өтетін уақыт – демалыс уақыты.
Халқын жеген үкіметтен не үміт, не қайыр?!
Басқа халықты біле бермеймін, біздің басты кемшілігіміз – көпсөзділік.
Тойда да көп сөз, жиналыста а көп сөз. Сөз! Сөз!
Біздің қазақ, негізінен жайбасар, ашық-тесік, етек-жеңін жинап жүрмейтін алқа-салқа халық қой
Адам адамды қайталамайды.
Өзіне жетпей жатса да, қазақ біреуге ақыл бермей жүре ала ма?!
Ақындардың басты қызығы - өлеңдері, шығармашылығы
Ал тоталитаризмге ақиқатыңның құны бір тиын! Оған қажеті – саясат, жалған сөз, көз бояу.
Әуелі төсек тербеледі, сонысын бесік тербеледі.
Біздің дініміз де, құдайымыз да - Әдебиет.
Өз басым ақыл мен сезімді бөліп қарауға қарсымын.
Өйткені аса білімді, аса ақылды адам қай кезде де қауіпті.
Абыройым асқан сайын кітаптарымның шығуы қиындай түсті.
Мансапқорлар кресло үшін ар-ожданын да, намысын да сатып жүре береді.
Мемлекет қайраткерлерінің бәрі бірдей көсем, бәрі бірдей кемеңгер десек, қателесеміз.
Өз халқын өзі тобыр санайтын топас патшалар тарихта көптеп кездеседі.
Кісілік кісі таңдамайды. Ол қой бағып жүрген қатардағы қазақтан бастап, ел басқарып жүрген елеулі азаматтарға шейін, бір де біреуін жатырқамайды. Бірақ ол екінің біріне бұйырмайтын, адамның адамына ғана, соның жүрегіне ұя салатын қымбат қасиет.
Жасыратыны жоқ, елдің тағдыры, негізінен, ауыл әкімдерінен бастап, ел басқарып отырған ірі мансап иелеріне, солардың пенделігі мен кісілігіне байланысты.
Кеңес өкіметінің толып жатқан жағымды жағы болса да, жанымызды жегідей жеген жұғымсыз жақтары да аз болған жоқ. Соның бірі – цензура.
Ресей бір кезде қалай Еуропа жандарымына айналса, АҚШ бұл күнде дүниежүзілік жандарымға айналды.
Біздерге өкінішке орай, ұлттың атынан гөрі рудың аты қымбаттау.
Біздерде әкесі қазақ, шешесі қазақ ағайындардың өздері де қазақпын деп айта алмайды. Өйткені қазақпын деген сезімнен жұрдай. Біздерді құртып жүрген міне осылар.
Ел бостандығы, халық бақыты, ұлттық арман ешқашанда арзанға түскен емес.
Әйтеуір бір келетін өлімге мойынсұну – жасықтық емес.
Тіршілік қаншалықты қиын, қаншалықты қиямет болған күннің өзінде өмірден қол үзу одан да гөрі қиындау.
Ақылды адаммен әңгімелесу оңай, бірге жұмыс істеу қиын.
Қысқа сөйле, аз сұра, тез кет.
Егер ит сөйлесе, ер адам ең соңғы досынан айрылады.
Әйелдерді бағындырудың екі әдісі бар. Бірақ оны ешкім білмейді.
Бір әйелді ғана сүйетін адам бір әйелді ғана бақытсыз етеді.
Батыр біреу болуы керек. Егер олар көп болса, онда оларды сотқарлар деп атайды.
Маған не істеу керегін айтпасаңыздер, мен сіздерге қайда баратындарыңызды айтпаймын.
Тәжірибе – алу керегіңді ала алмағанда алатының.
Балаларды бәрінің қайдан пайда болатыны, ал үлкендерді бәрінің қайда кететіні ойландырады.
Мен джиу-джитсу, самбо, дзюдо, айкидо сияқты көптеген мықты сөздерді білемін.
Қызық жұмыста көретін түстерің де қызық болады.
Неге ғашық болсаң, соны сүй.
Әйелден шалбар артық. Өйткені шалбарсыз бара алмайтын, әйелсіз бара алатын жерлер көп.
Даналық қарттықпен бірге келе бермейді. Кейде қарттық бір өзі келеді.
Шаштараздан шыққанда мені бір ой мазалайды: мен айтқандай алмағасын, қайтіп алу керегін менен неге сұрады?
Сенің армандарыңның өзгелерде жүзеге асатыны қиындау.
Оқу – ережелерді оқып-үйрену, тәжірибе – ережелерден тыс нәрселерді оқып-үйрену.
Жаман сөздермен бейнелеп беруге келмейтін керемет жақсы сөздер болмайды.
Шектен тыс қабаған иттер шектен тыс қайырымды адамдарды қуу үшін керек.
Бір рет қырау қатқаннан, жеті рет терлеген жақсы.
Ең біріншісінде-ақ жолыңыз болмаса, парашютпен секіру сіздің қолыңыз емес.
Кез келген адамның ішінде дарындылық ұйықтап жатыр. Не деген маубас еді?!
Тез таусылған стакан құйылмаған болып есептеледі.
Сізге ертең келіңіз деп айтты ғой, ал сіз ылғи бүгін келесіз!
Арақ ішу – қан тамырларың мен достар тобының кеңеюі.
Әйелдерді ұсақ-түйекпен алдамаңыз.
Бізда барлығы бар, бірақ бәрінде емес.
Ұлы адамдар аз өмір сүрген. Менің де мазамның болмай отырғаны.
Жолсыздыққа жөнсіздікпен жауап бер.
Жақсы өмір сүруге ешкім тыйым салмайды, бірақ көбі кедергі келтіреді.
Кәрі қарғаның саңғырығы дәл тиеді.
Адам өмірінің төрт кезеңі: әлі болмайды, енді болады, әлі болады, енді болмайды.
Сараң болсам, болармын, бірақ шын жүректен ғой.
Өмір, мен сені жақсы көрем. Сен болсаң, қайта-қайта мені …
Қасқыр да тоқ, қой да аман, шопанның жаны жаннатта болсын!
Тоқ болсаң, айналаңның бәрі тамаша!
Арманның жүзеге аспағаны қанша, ал жүзеге аспайтыны одан да көп.
Ол қыз менің арманым болатын, ол қыздың арманын білгенше.
Көп білгеннен ешкім өлген емес, бірақ тәуекелге барудың керегі жоқ.
Жерлеу бюросындағы жазу: ең жақсы клиент - өлген клиент.
Милициядағы хабарландыру: өңдеудің барлық түрлері бар.
Ұзаққа жасалған жоспарлар асықпай орындалады.
Күнімен ұйықтап, түнімен ішіп-жесең, қатты шаршайсың.
Жетінші стаканнан кейін ғана ол өзін өз үйіндегідей сезіне бастады.
Алдымен махаббат уақытты өлтіреді, ал сосын уақыт махаббатты өлтіреді.
Айнаға ұзақтау қарасаң, Дарвинге сене түсесің.
Жұмысқа келгесін, компьютерді іске қосқанмен, интернетке кіре алмадым. Амал жоқ, жұмыс істеуге тура келді.
Үйленгің келсе, үйлен, үйленгің келмесе, үйленбе. Ал ұзақ уақыт үйленгің келмесе, емдел.
Үш рет жұмысты тастады, екі рет сәтті шықты.
Өлетін кезге дейін өмір сүру керек.
Әдемі әйелді көргенде еркектер, ал көріксіз әйелді көргенде әйелдер мәз болады.
Сіз өзіңіздің қаншалықты қатты қателескеніңіз туралы да соншалықты қатты қателесіп тұрсыз.
Атыңызға әкеңіздің атып қосып айтса тамаша, ал шешеңізді қосса, қиындау.
Шығатын жол жоқ болатын жағдайлар болмайды, тек ол жол сізге қолайсыз болуы мүмкін.
Сөз бен іс алшақ болмау үшін, ештеңе істемеу керек.
Интернет те ажал сияқты, тек жақсыларды алады.