Samsung үш экранды смартфонын таныстырды
Оңтүстіккореялық Samsung компаниясы өзінің Galaxy S6 ту ұстаушы смартфонын және оның екі жағындағы иілген экраны бар нұсқасын таныстырды.
Galaxy S6 Edge - үш экранды алғашқы смартфон. Оны таныстыру Барселонадағы Mobile World Congress халықаралық көрмесінде өтуде. Оңтүстіккореялық компания смартфондар өндірісіндегі әлемдік көшбасшылықты қайтарып алуға тырысуда, оған негізгі басекелес американдық Apple болып отыр, деп жазадыРБК.
Galaxy S смартфонының жаңа модельдері авиациялық металдан жасалған. Galaxy S6 Edge корпусы әйнектелген. Компания жасаушылары бұрынғы нұсқадағы камераны жаңартты және қажетсіз қосымшаларды алып тастады. Компания жаңа тауарының бағасын әзірге атаған жоқ.
Бұдан бұрын БАҚ Apple бәсекелесі жаңа смартфонды таныстыратынын, онда ұялы төлемдердің жаңа технологиясы орнатылғанын хабарлаған болатын.
Өткен жылдың соңында Apple смартфондар өндірісінде Samsung-ті басып озып, соңғы үш айдың ішінде бұл құрылғылардың рекордтық санын - 74,5 млн. iPhone сатқан болатын.