Азаматтық құқықтың элементтері
Азаматтық құқықтың элементтерін талқылайтын болса алдымен қатынасқа түсуші тараптары, яғни азаматтық құқықтық қатынас субъектілерінің құқықтық жағдайына зейін салу керек. Азаматтық құқық қатынас субъектілері деп қатынасты қалыптастырушы таранды қарастырамыз. Негізінен оларды басты үш түрге жіктеуге болады жеке тұлғалар, заңды тұлғалар және мемлекет деп. Азаматтық құқық қатынас адамдар арасында қалыптасады. Сондықтан субъект түрінде жеке индивидтер, әйтпесе белгілі бір адамдар ұйымы көрінеді. Біздің елде субъект түрінде тек Қазақстан Республикасының азаматтары ғана емес, шет ел азаматтары жеке азаматтығы жоқ тұлғалар бола алады.
Сонымен, азаматтық құқық қатынас субъектілері мыналар:
1. Қазақстан азаматтары, шет ел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар
2. Қазақстандық және шет елдік заңды тұлғалар
3. Қазақстан республикасы, әкімшілік-территориялық бірлестер
Азаматтық құқық қатынас объектілері. Азаматтық құқық қатынас объектісі түрінде оның субъектілерінің материалдық және жеке материалдық емес игіліктерге бағытталған әрекеттері мен нақты азаматтық құқықты қалыптастырушы жағдайларды жатқызамыз.
Азаматтық мүліктік құқықтық қатынастың спецификасы оның мүшелері өз әрекеттері мен тек бір-біріне ғана емес, белгілі бір материалдық игіліктерге әсер ете алатындығында. Жалпы азаматтық құқықтың объектілерін мынандай түрлерге жіктеу арқылы зерттеуге болады: мүлік – зат сипатындағы, мүліктік емес қатынастар, жұмыс және қызымет, ақпатар, интелектуалдық меншік нәтижелері.
Мүліктік қатынас деп мүліктік-құнды қатынастарға қатысушылар осы қатынастарды құрған материалдық қажеттіліктер болып табылатын еңбектің саны мен сапасын өзара бағалай алады деп анықтайды. Жеке мүліктік емес қатынастар өз кезегінде осы қатынастарға қатысатын азаматтардың, тұлғаның дара қасиеттерін өзара бағалау жағдайларын қарастырған.
Азаматтық құқықтың тағы бір қажетті элеметтінің бірі ретінде мазмұны қарастырылады, мазмұны деп осы азаматтық қатынасты қалыптастырушы тараптардың арасындағы негізгі құқықтары мен міндеттерін айтамыз. Ал азаматтық құқықтың нысаны деп осы жоғарыдағы жағдайларды рәсімдеу тәртібін айтамыз, мысалы азаматтық қатынасты ауызша немесе жазбаша нысанда рәсімдеуге болады
Азаматтық құқықтық катынастарының жіктелуі.
Азаматтық қатынастар тақырыбын қарастыруда тағы бір зейін сала кететін жағдай ол азаматтық қатынастарды жіктеу болып табылады. Азаматтық қатынастарды мынандай түрлерге жіктеуге болады:
• Азаматтық құқық көлеміне байланысты: мүліктік және жеке мүліктік емес;
• Реттеу тәсіліне байланысты: заттық және міндеттемелік;
• Тұлғаның құқықтық жағдайына байланысты: абсолютті және салыстырмалы;
• Қатысушылардың арасындағы құқықтық жағдай бойынша: күрделі және қарапайым болып бөлінеді.
Азаматтық құқықтық қатынастардың пайда болу негіздері. Азаматтық заңдағы құқықтық нормалар өз бетімен азаматтық құқықтық қатынастарды тудырмайды, өзгертпейді және жоймайды. Ол үшін құқықтық нормалармен қарастырылған жағдайлар туындауы қажет, оларды азаматтық заңды дерек деп атаймыз. Сондықтан заңдық деректер құқықтық норма мен азаматтық құқық қатынас арасындағы байланыстырушы бөлік түрінде көрінеді. Заңдық дерексіз бірде-бір азаматтық-құқықтық қатынастар бекітілмейді, өзгертілмейді және жойылмайды.
Заңдық деректер азаматтық құқықтық қатынас негізінде жатқандықтан және оларды бекітуді, өзгертуді немесе жоюды тудыратындықтан, оларды азаматтық құқықтық қатынас негіздері деп атайды.
Азаматтық заңда азаматтық құқықтық қатынастар негізі түріндегі бірнеше заңдық деректер қарастырылған. Осы деректердің жалпы тізімі АК 7 бабында берілген. Жалпы азаматтық құқықта заңды деректердің пайда болуының негізгі екі түрін бөліп қарастырады, біріншісі нақты іс-әрекет негізінде, ал екіншісі оқйға негізінде. Жалпы заңдық деректер ағымдық сипатына қарай оқиға және әрекет деп бөлінеді. Оқиғаларға адам еркінен тыс шығатын жағдайлар жатады.
Мысалы, апат жағдайлары, адамның тууы мен өлуі, белгілі бір уақыт аралығының аяқталуы, т.б. Ал әрекет адам еркімен жасалады. Мысалы, келісімге отыру, міндетті орындау, туынды жасау, ұрпақ қабылдау, т.б. Оқиға тек табиғат күшімен емес, адам әрекетімен де жасалады. Азаматтық құқық адамдардың қоғамдық қатынастарын реттейтіндіктен, азаматтық құқықта заңды фактілердің негізгі массасын адамдар әрекеті құрайды.
Әрекет өз кезегінде құқықтық және құқықтық емес болып бөлінеді. Кұқықтық емес әрекеттер заң талаптарына немесе басқа нормативтік актілерге қайшы келеді. Мысалы, басқа тұлғаға зиян келтіру оның орнын жабу бойынша міндет бекітуді тудырады
Ал құқықтық әрекеттер азаматтық заң талаптарына сай келеді. Азаматтық құқық экономикалық айналымның қалыпты дамуын қамтамасыз ететіндіктен, заңдық деректердің көбісін азаматтық құқықты құқықтық әрекеттер құрайды. Бірақ құқықтық әрекеттердің заңдық мағыналары азаматтық құқықта әрқашан бірдей емес.
Барлық құқықтық әрекеттер өзінің заңдық мәні бойынша заңдық әрекет және заңдық актілер деп бөлінеді. Заңдық әрекет – бұл заңдық әрекет жасаған тұлға еркінен тыс, ал кейде тәуелді азаматтық – құқықтық зардап тудыратын құқықтық әрекеттер. Ал заңдық әрекеттерге қарағанда заңдық актілер – бұл осы зардапты арнайы тудыру үшін жасалғанда заңдық зардаптарды тудыратын құқықтық әрекеттер. Заңдық актілер құрамына әкімшілік актілер мен мәлімелелерді жатқызады. Сонымен, азаматтық құқықтағы заңдық деректер келесідей жіктеледі: а) оқиға және әрекет; б) құқықа жататын және құқықтық емес әрекеттер; в) заңдық әрекет және заңдық актілер; г) әкімшілік актілер мен мәлімелелер