Нуклонның, ядроға байланыс энергиясы.

Ядролық физикада кең қолданылатын байланыс энергиясы - ол нуклонның байланыс энергиясы. Оны меншікті байланыс энергиясымен шатастырмау керек. Нуклонның байланыс энергиясы ол берілген нуклонды берілген ядродан аластату энергиясы. М(А,Z) ядродан нейтронды бөлу энергиясы Бұл (А,Z) ядродан нейтронды бөліп шығару үшін жұмсау керек жұмыс. Әрине, дәл сондай энергия (А-1,Z) ядроға нейтронды қосып, (А,Z) ядросын құрағанда бөлініп шығады. Сондықтан оны кейде нейтронның (А-1,Z) ядроға жабысу энергиясы деп те атайды. Протонның ядроға байланыс энергиясы осыған ұқсас анықталады n мен p шамалары ядролардың байланыс энергиялары арқылы былай анықталады: . Барлық ядроларға дерлік мәні бірдей болатын  сияқты емес, n мен p ядродан ядроға өткенде қатты өзгереді. Мысалы: .
n 0, p 0 ядролар нуклондық ыдырауға нық (нуклон-нық) ядролар деп аталады. Нуклон-нық ядролар санына -радиоактивті ядролар да қосылады. Ал олардың саны -нық ядролардың санынан үш еседен артық көп. -ыдырау нәзік әсерлесу салдарынан өтеді. Оған тән (элементар бөлшектер ыдырауына) ең қысқа уақыт 10-10с, ядролық әсерлесуге тән 10-23с уақытқа қарағанда мәңгілік. Демек, -ыдырайтын ядроларды да нық ядролар сияқты статикалық қасиеттерімен сипаттауға болады. Нуклон-нық ядроларды зерттеу ядро мен ядролық күштің қасиеттері туралы мәліметтерді кеңейтеді.