Альфа-бөліну ядроның байланыс энергиясы

Ядроларды оның құраушыларына түгел жіктеуге қатысты байланыс энергиясымен қатар, оның басқа кезкелген құрамдық бөлігінің байланыс энергиясын табуға болады. Мысалы, ядросын екі ядросынан тұратын жүйе деп қарастырып, осы жүйенің құраушылары 2 ядросына қатысты байланыс энергиясын, немесе осы ядроны ядросы мен -бөлшекке жіктеуге керек байланыс энергиясын, немесе оның 4 -бөлшекке бөлінуге қатысты байланыс энергиясын табуға болады.Оларды есептеу оңай, барлық жағдайлар үшін мұндағы Mf -ақырғы бірнеше бөліктен тұратын жүйенің бөліктерінің массаларының қосындысы, Mі - алғашқы ядроның массасы. Оларды (2.23) ядроның байланыс энергиясының анықтамасын пайдаланып, түрінде жазуға болады. Мұндағы -қарастырылатын түрленуге қатысты байланыс энергиясы, - бастапқы ядроның байланыс энергиясы, - ақырғы жүйенің бөліктерінің байланыс энергияларының қосындысы. Мысалы, жоғарыда қарастырылған жағдайлар үшін: Байланыс энергиясы мен ыдырау энергиясын салыстырып олардың мәндері тең, ал таңбалары қарама-қарсы екенін көруге болады Қарастырылған байланыс энергиялары оттегі ядросының барлық нуклондарға қатысты байланыс энергиясынан әлде қайда аз. Ол түсінікті де. Себебі ақырғы бөлшектер күрделі өзара байланысқан нуклондардан тұратын жүйелер. Кейде ядроның берілген бөлшекке қатысты байланыс энергиясы өте аз, ал кейде теріс болуы мүмкін. Мысалы, 8Ве ядросының байланыс энергиясы 56,5 МэВ, 210Ро ядросының байланыс энергия 1645,2 МэВ, ал осы ядролардың 2- бөлшек пен -ыдырауға қатысты байланыс энергиялары, сәйкес-0,1 және -5,4 МэВ. Осыған сәйкес 8Ве өте тұрақсыз, ол 210-16с ішінде 2- бөлшекке ыдырайды. Ал 210Ро ядросы, жартылай ыдырау периоды 140 тәулік ыдырау энергиясы 5,4 МэВ, -радиоактивті ядро.