Ядроның байланыс энергиясы, меншікті байланыс энергиясы

Кезкелген ядроның Мя(А,Z) массасы оның құраушыларының Zmp+(A-Z)mn массаларының қосындынсынан аз. Демек, ядроны дербес құраушыларға жіктеу үшін, оған осы массалардың айырмасына сәйкес энергия жұмсау керек. Осы, ядроны дербес құраушыларға толық жіктеу үшін жасалатын жұмысқа тең , энергия ядроның байланыс энергиясы деп аталады. Дәл осындай энергия ядроны дербес протондар мен нейтрондардан құрастырғанда бөлініп шығады. Іс жүзінде анықтамаларда, көбінесе, бейтарап атомдардың массалары беріледі. Сондықтан ядронының байланыс энергиясын бейтарап атомдардың массалары арқылы түрінде өрнектеген ыңғайлы. Мұнда -сутегі атомының, М(А,Z)- байланыс энергиясы анықталатын (А,Z) ядроға сәйкес атомның массасы. (2.23)-тің орнына (2.24)-ті пайдаланғанда, біз (А,Z) атомға Z электрондардың байланыс энергиясы мен Z сутегі атомына электрондардың байланыс энергияларының айырмасына тең қате жібереміз. Бірақ ол қате ядроның байланыс энергиясын тәжірибелерде анықтау кезінде жіберілетін статистикалық қателіктерден әлдеқайда кем, оны елемеуге болады. (2.24) формуласы кезкелген бірліктер жүйесінде пайдалануға болатын әмбебап өрнек. Бірақ ол ядролық физикада пайдалануға ыңғайсыз. Ядролық физикада массаның бірлігі үшін массаның атомдық бірлігі (м.а.б), энергия үшін мегаэлектронвольт (МэВ) қолданылады. (2.24) өрнегін осы бірліктерге бейімдеп жазсақ, шығады. Бұл өрнекке қойылатын массалар массаның атомдық бірлігімен (м.а.б) өлшенген болуы керек. Меншікті байланыс энергиясы. Оның ядроның зарядтарына тәуелділігіБайланыс энергиясы ядроның нықтығын сипаттайтын негізгі шамалардың бірі. Бірақ ол құрамдары әртүрлі ядролардың нықтықтарын салыстыруға жарамайды. Мысалы, 56Fe темір-56 ядросының байланыс энергиясы 492.2 МэВ, ал 234U уран ядросының байланыс энергиясы 1778.6 МэВ. Уран ядросының байланыс энергиясы темірдікіне қарағанда 3,5 еседей артық. Соған қарамастан 56Fe ең берік, Жерде көп таралған изотоптардың бірі, ал 234U - -ыдырауға душар, жартылай ыдырау периоды 2,5 105 жыл ядро. Ядролардың нықтығын дәлірек сипаттайтын , қолдануға ыңғайлы шама меншікті байланыс энергиясы
(2.26)
ядроның бір бөлшегіне тиісті орташа байланыс энергиясы. Байланыс энергиясының анықтамасынан меншікті байланыс энергиясының екі тәуелсіздің - ядроның электр және бариондық зарядтарының - функциясы екені көрінеді. Егер барлық белгілі ядролар (2000 жуық) үшін меншікті байланыс энергиясының зарядтарға тәуелділігін сызсақ, ол энергетикалық деп аталатын бет береді. Ол беттін түрі, 2.8-суретте көрсетілгендей жота сияқты болады. Жотаның қырында жататын нүктелер меншікті байланыс энергиясы ең үлкен, яғни -ыдырауға нық, ядроларға сәйкес келеді. Жотаның бөктерлерінде жататын ядролар + немесе -- ыдырауға душар болады.