Сайт дизайні қалай жүзеге асады?
Веб дизайн тарихы 1991 жылы алғашқы web-сайттың пайда болуынан басталды. Оның құрастырушысы Тим Бернерс-Ли өз сайтында HTTP мәліметтерді тасымалдаушы, URL адресациялау жүйесі, HTML гипермәтіндік бейнелеу тілі негізіндегі World Wide Web жаңа технологиясы туралы жазды. Бұл ашылу ақпараттық технологиялардың дамуына үлкен септігін тигізді. Әлемдегі бірінші сайт алғашқы интернет-каталог та болды, кейін Тим Бернерс-Ли оған басқа сайттарға сілтемелер тізімін орналастырды. Сөйтіп виртуалды шындықтың үшөлшемді кеңістігінің танымалдығы арта берді. Өзіндік мақсат қуған жаңа сайттар пайда болды. Технологиялардың дамуы сайттарды жетілдіре түсті, web-беттің көркемделуіне үлкен көңіл бөліне бастады. Сурет графикасы әдемі, сапалы жасалуы бағалана бастады. Осылармен бірге web дизайн дами түсті. Web дизайн түсінігіне сайттың шаблонын жасау және оны графикалық көркемдеу жатады. Қазіргі таңда web дизайн өзіне бірнеше мақсат қояды: қолданушыда объект бейнесін оң қабылдату, сайт құрылымының қарапайымдылығы мен анықтылығы, қолданушы интерфейсінің оңай түсінігі, навигациялық жүйенің ыңғайлылығы және т.б. Осы мақсаттарға жету үшін сайтты құрастырушы компьютерлік графикамен жұмыс жасайтын программа-құралдарының кең таңдауын, html- және java кодтарын қолданады. Бұл оның әлі де даму үстінде екенін көрсетеді. Web дизайн білім мен өнердің қосылысы. Оның негізгі аспектілеріне бес облыс кіреді.Мазмұны. Мұнда сайт мазмұнының қалыбы мен ұйымдастыруы кіреді. Мүмкін болар диапазон-мәтіннің қалай жазылғанынан HTML гипермәтіндік технология көмегімен қалай ұйымдастырылғаны, берілгені және құрылғанына дейін. Көрінетін бейнелері. Бұл сайттағы экран кеңістігінің құрылуына қатысты.
Веб дизайнда анимация жиі қолданылады. Анимацияланған суретті құрған кезде оның «салмағын» ескерген жөн. Олар ұзақ жүктеліп, қолданушының сіздің сайтынызбен жұмысын қиындатады. Әрине, анимацияланған суреттер статикалық суреттеге қарағанда көбірек көңіл аудартады, оларды мақсатпен және үнемді қолданса нұр үстіне нұр. Web дизайн қалай құрылады? Web дизайн – бұл сайт жобасының бір бөлігі ғана. Жалпы сайтқа техникалық тапсырма қойылады. Онда web дизайнға негізгі талаптар, беттегі басты элементтердің орналасу схемасы құрылады. Осыдан кейін техникалық тапсырма дизайнерге беріледі, онымен бірігіп дизайн концепциясы жасалынып бекітіледі. Бұл негізгі беттің дизайны, ол барлық сайтқа бірдей стиль береді. Сайттың web дизайн жобалау мен іске асыру бірнеше күннен бірнеше жұмаға созылуы мүмкін. Қазіргі таңда web дизайнға креативті, ерекше болу талабы қойылады. Себебі онда, жоғарыда көрсетілгендей өнер, маркетинг, технологиялар қиылысады. Негізгі бетке флеш-ролик, компанияның соңғы жаңалықтарын, логотипті сурет, бөлімдердің қысқаша сипаттамасын орналастыруға болады. Web дизайнда визуалды қабылдау үлкен рөл атқарады. Экранның әртүрлі жерінде орналасқан элементтер ақпаратты көру және психологиялық қабылдауға әртүрлі әсер етеді. Экранның сол жақ жоғарғы бөлігінде көп қолданушыға таныс логотип орналасады. Ал жаңа бастаған фирмалар логотипін оң жақ жоғарғы бөлікте орналастырса, қолданушы оны тез және оңай жаттайды. Беттің жоғары жағының web дизайнын фотосурет, басқа графикалық суреттермен безендіру керек