Доллар бағамы 349,12 теңгемен жаңа антирекорд орнатты
2015 жылдың 21 желтоқсанындағы KASE таңғы сессиясында доллар бағамы 349,12 теңге болды.
Таңғы сессиядағы алғашқы келісім 347 теңгемен басталды. Бұл ең төменгі баға болды. Ең жоғарғы баға - 349,9 теңге. Сауда көлемі 113,55 миллион доллардан асты. Саудаға валюта нарығының 24 мүшесі қатысты. Kurs.kz порталының мәліметі бойынша, ақша айырбастау орындарында доллар 348-351 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Еске сала кетейік, 2015 жылдың 18 желтоқсанында сауда 344 теңгемен жабылған еді.