ҚРдағы мемлекеттік сертификаттау жүйесі.Сертификаттау үдер
Сертификаттау жүйесі – жүйеде бекітілген, сетификаттау ережелері бойынша іске асырылатын сертификаттауға қатынасатындардың жиыны. Сертификаттау жүйесінің сертификаттау жұмыстарын жүргізуге арналған ережелері мен басқару процедуралары бар. Сертификаттау жүйесі ұлттық, мемлекетаралық және халықаралық деңгейде құрылады.Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификаттау жүйесі деп, сертификаттау саласында өзіне тән компетенциясы жаңа нормативті құжаттары бойынша Қазақстан Республикасында сертификаттау және аккредитация бойынша жұмыстарын жүргізу тәртібін бекітуге арналған мемлекеттік басқару, сенімді және заңды адамдар бас қосуын айтады. Мемлекеттік сертификаттау жүйесі сертификаттау саласындағы біртұтас саясатты жүргізу және сертификаттаудың негізгі ережелері мен процедураларын, сертификаттау органдары мен сынау зертханасына қойылатын талаптарды және олардың аккредитациялау процедураларын сертификация бойынша сарапшы - аудиторларды дайындау мен аттестациялауды қамтамасыз етеді. Мемлекеттік сертификаттау жүйесін мемлекеттік реестрлеу, аудит пен инспекциялық бақылау, сертификаттау мақсаттарын іске асыруға арналған басқа да талаптарды бекітуге арналады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификаттау жүйесінің нормативті базасына келесі құжаттар кіреді: өнімдерге сертификаттау жүргізілетін стандарттар; санитарлы ережелер мен нормалар; құрылыс нормалары мен ережелері; өнімді сынау әдістеріне арналған нормативті құжаттар; сапа жүйесінің нормативті құжаттары; Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификаттау кешенінің нормативті құжаттары.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификаттау жүйесінің құрылымын келесілер құрайды:
1.Стандарттау, метрология және сертификаттаудың уәкілеттік органы.
2.Өнімді, процестерді, жұмыстарды, қызметтерді серттификаттау бойынша аккредиттелген органдары.
3.Аккредиттелген сынау зертханалары.
4.Аккредиттеу жөніндегі орган.
5.Аккредиттеу саласындағы консультациялық қызмет көрсету бойынша ұжымдары.
6.Сәйкестікті растау, тауар шығарылатын елді анықтау және аккредиттеу жөніндегі сарапшы – аудиторлар.
7.Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті