Сертификаттау бойынша халықаралық ұйымда ILAC,IAF,CE, мақсат

ИЛАК сынақ лабораторияларын аккредиттеу бойынша 1977 ж Копенгаген қаласында құрылған ұйым. ИЛАКтың мақсаты сынақ лабораторияларын аккредиттеу процедурасын құқықтық және техникалық аспектісі бойынша информация және тәжірибе алмасуды және сынау нәтижелерін сапасын бағалауды ұйымдастыру. Оның негізгі жұмыс істеу бағыттары:

• Сынау мен сертификатттау хаттамаларын өзара тану бойынша келісімдерді орнатуға қатысты ұсыныстар жасау;

• Сынақ лабораторияларын аккредиттеу мен сертификаттаудың ұлттық жүйесін жүйесін өзара тану бойынша ұсынымдар мен типтік келісімдерді жасау;

• Сынақ лабораториялары жүргізетін сынаудың сапасы бойынша ұсынымдар дайындау;

• Мемлекеттерде жұмыс істейтін лабораторияларды аккредиттеу жүйелері және өнімді сынау жүйелері туралы информациялар дайындау.


Аккредиттелген және сәйкестікті растау бойынша жұмыс нәтижелерін тану облысындағы тағы бір халықаралық форум болып табылатын Аккредиттеу бойынша халықаралық форум ИАФ.Ол 1991ж құрылған, 19елдің аккредиттеу бойынша ұлттық органдарын біріктіреді,соның ішінде Австралия,Канада,АҚШ,Жапония ,Ұлыбритания,Қытай және т.б. ИАФтың мақсаты, лабораторияларды аккредиттеу жүйесін мойындау жөніндегі келісімнің негізінде ұлттық лабораториялар жүргізетін сынақтардың нәтижесін өзара мойындауға үлес қосу. Жұмыс істеу бағыттары:

 Сынақ практикалары мен сертификаттарды өзара мойындау бойынша келісімдерді қорытындылаудың нұсқаларын жасау;
 Сынақ лабораториялары мен сертификаттарды ұлттық аккредиттеу жүйелерін мойындаудан нұсқаулар мен типтік келісімдерді жасау;
 Сынақ лабораториялары мен жүргізілетін сынақтардың сапасы туралы нұсқаулар жасау.

Еуразиялық аккредиттеу жөніндегі қоғамдастық 1997ж құрылды. Мақсаты: лабораторияларды аккредиттеу жүйесін тану бойынша келісімдердің негізінде,ұлттық лабораториялар жүргізетін сынау нәтижелерін өзара тануға ықпал ету болып табылады.