Сынақ зертханаларын аккредиттеу

Сынақ зертханасы -зерттеулерді, сынақтарды жүзеге асыратын заңды тұлға немесе оның құрылымдық бөлімшесі.Аккредиттеу- аккредиттеу жөніндегі орган өтініш берушінің белгілі бір салада техникалық реттеу объектілерінің белгілнеген талаптарға сәйкестігін растау жөніндегі жұмыстарды орындауға құзыреттілігін ресми танитын рәсім.Аккредиттеу органдарға қойылатын негізгі талаптар – бейтараптық, тәуелсіздік және техникалық құзыреттілік. Сынақ зертханалардың және сертификаттау органдарын аккредиттеу мақсаттары мен міндетттері. Еуропадағы аккредиттеу процедуралары, олардың үйлесімділігі. Аккредиттеу процесінің негізгі этаптары. Аккредиттеу органдарының қызметі. Сынақ зертханаларын сертификаттайтын аккредиттелген органдары қызметін инспекциялық бақылау. Сертификация бойынша орган аккредитация саласына байланысты келесі функцияларды орындайды: өнімнің сәйкестілігін міндетті түрде растайтын жұмыстарды жүргізуге өнім шығарушылардан, сатушылардан, орындаушылардан түскен өтініштерін қарастырады; сәйкестілікті растау үшін әкелінген өнімдердің ұқсастығын анықтау; өнім шығарушылар сәйкестілік декларациясын қабылдауға керекті кейбір жұмыстарды олардың сұранысы бойынша жүргізеді; сәйкестілік декларациясын тізеді; тізімге алынған сәйкестілік декларацияларын, сәйкестілік сертификаттарының міндетті түрде сәйкестілік растаудан өткен өнімдер мен қызметтер реестрін жүргізеді; сертификаттау сұлбасы(схема) бойынша өнім, қызмет, жұмыс, сапа жүйесін инспекциялық бақылауды іске асырады.Сынау зертханасы өнімнің нормативті талаптары бойынша сәйкестілігін растау жұмыстарына қатынасады. Аккредитациялау саласы шегінде сертификациялық сынауды іске асырады. Сынау зертханасы өзінше бөлек ұжым болуы мүмкін. Сынау зертханасының негізгі функциясына стандартты әдістемелерді қолдану арқылы сертификаттау сынауларын жатқызуға болады. Сынау нәтижесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификаттау жүйесінің (ГССРК) нормативті құжаттарымен белгіленген үлгі бойынша хаттама жазылады.Зертханалар сәйкестікті растау жөніндегі органдармен немесе басқа өтінім берушілермен жасалған шарт жағдайларында:
-өзінің аккредиттеу саласы шегінде сәйкестікті міндетті немесе ерікті растау мақсатында объектілерге сынақ жүргізеді;
-сынақ нәтижелерінің дәйектілігін қамтамасыз етеді;
-уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және нысандар бойынша жұмыс нәтижелерін рәсімдейді және береді;
Зертханалар объектілердің сәйкестігін растау кезінде оларға сынақтың дәйектемесіз нәтижелерін ұсынғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.