Аккредиттеу процедураларының кезеңдері.Аккредиттеу жүйесінің

Аккредиттеу процедуралары мынадай кезеңдерден тұрады:
1. Өтінім берушінің аккредиттеуге арналған өтінімді беру;
2. Аккредиттеу жөніндегі құжаттарға сараптама жүргізу және ақпарат жинақтау;
3. Кәсіпорын өтінім беруші мекемеде зерттеу жүргізу;
4. Барлық материалдарды талдау, аккредиттеу туралы шешім қабылдау;
5. Аккредиттеу туралы құжат беру;
6. Аккредиттеу аттестатының қолданысының барлық мерзімі ішінде аккредиттелген ұйымға кезеңді бақылау жүргізу;
Аккредиттеу жүйесінің даму перспективалары.
1. МС ИСО/ХЭК 17025 талаптарына сәйкес аккредиттелген сынақ зертханаларының жүйесін ждамыту;
2. МС ИСО/ХЭК 17025 талаптарына сәйкес калибрлеу зертханаларының жүйесін құру;
3. МС ИСО/ХЭК 17025 62,65,66 талаптарына сәйкес сәйкестікті растау органдарының жүйесін дамыту;
4. Ұлттық аккредиттеу жөніндегі органның жетекші сарапшы аудиторларын оқыту;
5. ИЛАК және ИАФ аккредиттеу жөніндегі халықаралық ұйымдарына ену;
6. Жетекші бағалаушылардың ұлттық аккредиттеу органдардың, зертханалардың және сәйкестікті растау жөніндегі органның бірлескен халықаралық бағалауларына қатысу;
7. Халықаралық деңгейде зертханааралық салыстыру сынақтарын және салыстыруларын ұйымдастыру;
8. Қазақстандық сертификаттарды шет елдерде тану;
9. Қазақстандық экспорттардың еуропалық нарықта жылжуы үшін «жасыл коридор» құруды қамтамасыз ету;