Аккредиттеудің ерекшеліктері.Аккредиттеу қызметінің негізгі

Аккредиттеу аккредиттеу жөніндегі орган заңды тұлғаның белгілі бір салада техникалық реттеу объектілерінің белгіленген талаптарға сәйкестігін растау жөніндегі жұмыстарды орындауға құзіретті және құқылы екенін ресми танитын рәсім.
Аккредиттеудің ерекшеліктері:
• Тұтынушылардың сынақ,өлшеу және қазақстандық аккредиттеу жүйесіне сәйкес сертификаттарының нәтижелеріне сенімдері;
• Саудадағы техникалық тосқауылдарды болдырмау;
• Халықаралық келісімдер жүйесінің көмегімен аккредиттелген зертханалар шет елдерде олардың мәліметтерінің қолайлылығын жеңілдететін, халықаралықтану нысандарына ие болады. Ол басқа елдерде қайта сынау қажеттілігін төмендету немесе жою есебінен, сондай зертханаларда өздерінің бұйымдары немесе материалдарын сынайтын өндірушілер мен экспортқа шығарушылардың шығындарын төмендетеді.
Аккредиттеу қызметінің негізгі талаптары:
• Сәйкестікті растау жөніндегі органдарын, сынақ салыстырып тексеру зертханаларын аккредиттеу;
• Сәйкестікті растау жөніндегі органдарын, сынақ салыстырып тексеру зертханаларын инспекциялық тексеру;
• Аккредиттелген субъектілер тізілімін енгізу, мүдделі тараптардың өтініштері бойынша ақпарат ұсыну;
• Салыстыру сынақтарын жүргізу;
• Аккредиттеу саласында халықаралық және өңірлік ұйымдармен өзара қызмет ету;
• Аккредиттеу саласында өзара нормативтік құжаттар жобасын әзірлеу
• Аккредиттеу саласында мамандар даярлау және біліктілігін арттыру;
• Аккредиттеу және сәйкестікті бағалау мәселелері жөнінде семинар, конференция ұйымдастыру және жүргізу;
Ұлттық аккредиттеу орталығының негізгі қызмет бағыттары:
• Сәйкестікті растау жөніндегі органдарын сынақ және өлшеу зертханаларын аккредиттеу;
• Аккредиттеу мәселелері бойынша сәйкестікті бағалау бойынша семинарлар, конференциялар ұйымдастыру және жүргізу;
• Халықаралық стандарттарды енгізу, салыстыру сынақтарын жүргізу;
• Сәйкестікті растау жөніндегі органдарын сынақ және өлшеу зертханаларын инспекциялық тексеру;
• Аккредиттеу саласында нормативтік құжаттардың жобасын әзірлеу;
• Аккредиттеу саласында халықаралық және өңірлік ұйымдармен өзара әрекеттесу;
• Аккредиттеу, стандарттау, метрология, сәйкестікті растау және менеджмент жүйелері саласында мамандар даярлау;