Аккредиттеудің даму тарихы мен халықаралық тәжірибесі
Еліміздің Кеден одағының құрамына кіруі және экономикалардың белсендіинтеграциялануы жағдайында мүше-мемлекеттердің техникалықреттеу саласы тұғырлы негіздегі маңызы бар, шешуші салалардыңбіріне айналды. Себебі, бұл ретте өнімдердің қауіпсіздігі менадамдардың өмір сүруіне қатысты мәселелерді реттейтін бірыңғайтехникалық регламентті қалыптастыру үдерісі бірінші кезеккешығарылады. Осыған сәйкес үйлесімділікті бағалау саласындағыаккредиттеудің маңызы ерекше артады.
Нарықтық экономиканы дамытуға бет бұрған Қазақстан әлемдік рынокқа кіруге талпынды. Ал ол үшін отандық өнімдердің шетелдерде танылуы қажет. Осыған байланысты үйлесімділікті бағалау саласында аккредиттеуді дамыту қажеттігі туындады. Әлемде бұл салада ұлан-ғайыр тәжірибе жинақталған.
Аккредитация дегеніміз бұл халықаралық стандарттар негізіндегі аккредиттеу жөніндегі органдар тарапынан белгілі бір заңды тұлғаның біліктілігін ресми түрде тану.Халықаралық сауда мәселесінде тауарларды шекарадан кедергісіз және шығынсыз өткізу мақсатында мемлекет техникалық реттеу мәселелерін жетілдіру барысында оның дамуын ынталандырады. Дамыған мемлекеттердің үкіметтері мен реттеу органдары халықаралық стандарттар негізіндегі аккредиттеу жүйесінің маңыздылығы мен сенімділігін мойындаған. Халықаралық сауда айналымында аккредиттеуді өзара түсіну, стандарттарды үйлесімділік дәрежесіне жеткізу, бағалау өлшемдерінің нәтижелерін ортақ қолдану мүмкіндіктері жағдайды оңтайландырады. Қалыптасқан осы талаптардың бәрін орындамайынша, өнім өндірушіге халықаралық рынокқа шығу мүмкін емес.