Сапа жүйелері мен өндірісті сертификаттау,негізгі мақсаттары

ҚР да сапа жүйелері мен өндірістерге сертификаттау жүргізудің тәртібі ҚР СТ 3.15.1-98 стандартында белгіленген,
Сапа жүйесін және өндірісті сертификаттаудың негізгі мақсаттары:
• өнім сапасын арттыру аясындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
• өтініш берушінің белгіленген талаптарға сәйкес келетін өнім шығаруға техникалық және ұйымдық мүмкіншіліктерін бағалау мен ресми куәландыру;
• сыртқа шығаратын (экспортқа) өнімнің міндетінен туындайтын өтініш берушінің сапа жүйесі мен өндірістерді сертификаттаудағы сұраныстарын қанағаттандыру;
• дүние жүзінің және Қазақстанның нарықтарында өнімдердің бәсекелестік қабілетін арттыру, оның ішінде өткізу нарықтарын игеру және кеңейту;
• сертификаттау кезінде өнімдердің қауіпсіздігін толығырақ және шын растау.
Сапа жүйесіне ынталылық ішкі себептерге де байланысты:
• тұтынушылардың талабын толығымен орындау;
• өндіру шығынын азайту;
• тұтынушылар мен бақылау органдары тарапынан тексеруді азайту;
• өндірістің мәдениетін жақсарту;
• сапаға деген жауапкершілікті арттыру;
ҚР да сапа жүйелері мен өндірістерге сертификаттау жүргізудің тәртібі ҚР СТ 3.15.1-98 стандартында белгіленген ҚР ның мемлекеттік сертификаттау жүйесінде тіркелген меншіктің нысанындағы сапа жүйелері мен өндірістерді сертификаттау жөніндегі комиссия жүзеге асырады.
Сапа жүйелерін сертификаттау мына қағидаларға негізделген:
 еріктілікке
 құқықтылыққа өтуіне
 бағалаудың әділдігіне
 бағалау нәтижелерінің үдемелігіне;
Сапа жүйелерін сертификаттау мына ретте жүргізіледі:
 сапа жүйесін алдын ала бағалау
 сапа жүйесін мекемеде тексеру және бағалау
 сертификатталған сапа жүйесін инспекциялық бақылау
сапа жүйесін тексеру мен бағалаудың нәтижелері мына түрлерде болуы мүмкін:
 сапа жүйесі толығымен стандарттарға сәйкес;
 сапа жүйесі толығымен стандарттарға сәйкес, бірақ жүйе элеметтерінен елеусіз сәйкестіктер анықталған;
 сапа жүйесінде елеулі сәйкессіздіктер орын алған
Э. Деминг «Сапа -98%мөлшерінде сапа жүйесіне, 2%- мөлшерінде адамдарға байланыcты» деген болатын. Мұның дәләлі ретінде өндірісі дамыған елдерде орын алып отырған бәсекелестің өнімнің сапа жүйелеріне ауысуын келтіруге болады.
ИСО 9000 сериялы стандартына сәйкес құрылған сапа жүйелерін қолданушылардың жетістіктеріне қарамастан өндірісте TQM( жалпыға бірдей сапа менеджменті) принципі негізінде қалыптастырылған сапа жүйелерін қолдануға көп көңіл бөлуде.