Сілтілік элемент атомының энергетикалық деңгейлерінің және с

Атомдық спектрлерді (әсіресе сілтілік металл спектрлерін) ажыратқыштық
қабілеті жоғары аспап арқылы зерттеу спектрлік сызықтардың күрделі
екендігін көрсетті (мысалы, дублет). Сызықтардың осылай
құраушыларға жіктелуі спектрдің нәзік түзілісі деп аталады. Жақын
орналасқан бірнеше құраушылардан тұратын спектрлік сызықты
мультиплет деп аатайды. Сызықтардың нәзік түзілісі сілтілік металл
атомдарына ғана тән емес және мультиплет құраушыларының саны әр
түрлі болып кездеседі: екі (дублет), үш (триплет), төрт (квартет), т.т.;
дара спектрлік сызықтар да болады, бұлар синглеттер деп аталады.
Спин-орбиталық әсерлесу. Спектрлік термдердің нәзік түзілісі.
Атомдағы электрон мен ядро арасындағы негізгі әсерлесуге бұлардың
зарядтарының электростатикалық әсерлесуі жатады. Бірақ электрон
атом ядросына қатысты қозғалатындықтан электронның спині мен
ядро заряды себепші болатын қосымша әсерлесу пайда болады. Оны
спин-орбиталық әсерлесу деп атайды.
Сонымен, сутегі және сутегі тәрізді иондардың стационар
күйлерінің энергиясы үшін өрнек мынадай болады:
(1)
бұл Дирак формуласымен бірдей формула.
(1) формулаға l кірмейді, осыдан, n және j мәндері бірдей, ал
l=j±1/2 әр түрлі деңгейлердің бірімен-бірі дәл келетіндігі көрінеді,
энергиялары бірдей болады. Кулондық айну, сонымен, осы жуықтауда
да сақталады. Екінші жағынан, l бірдей, бірақ j=l±1/2 деңгейлер
мына шамаға (2)