Рентгендік спектрлердің нәзік түзілісі
Көп электронды атомның рентгендік деңгейлерінің (терм-дерінің)
схемасын қарас-тырайық (1-сурет). Тұйық-талған электрондық
қабық үшін L, S және J кванттық сандары нөлге тең болғандықтан, бір
электронынан айрылған қабықтың L, S және J сандары шығарылған
электронның l, s және j сандарымен дәл келеді. Сондықтан
рентгендік деңгейлер схемасы сутегі тәрізді атомның деңгейлер
схемасына ұқсас болады. 1-суретте деңгейлердің белгіленулері көрсетілген. К-деңгей дара.Осы деңгейге 1s-қабықтағы кемтік сәйкес келеді. L-деңгей LІ, LІІ, LІІІ үш құраушыдан тұрады. Осы үш термнің ең төменгісі 2 S1/2-
қабықшадағы кемтікке сәйкес келеді. LІІ, LІІІ термдеріне сәйкес келетін
2Р1/2 және 2Р3/2 деңгейлерінің энергиялары спин-орбиталық байланыс
әсерінен әртүрлі болады. Жеңіл атомдардың LІ және LІІ термдері
біріне-бірі өте жақын болады (энергия негізінен J-ге тәуелді), ал
атомдар ауырлаған сайын бұлардың арасы тез ұлғаяды. М-терм бес
компоненттен, N-терм жеті компоненттен тұрады.
Электрондардың жоғарғы деңгейлерден төменгі деңгейлерге
көшулері рентгендік кванттардың шағарылуымен қабаттаса жүреді
және бұлар электромагниттік сәуле үшін кәдімгі сұрыптау ережелеріне
бағынады. Сонда әр түрлі деңгейлер арасындағы көшулер l
орбиталық және j ішкі кванттық сан үшін сұрыптау ережелерімен
анықталады:
Мәселен, 2S1/2-деңгейден 1S1/2-деңгейге көшу мүмкін емес.