Сыртқы екі s электроны бар атомдар спектрі.
Гелий атомы мысалында)Сутегі атомынан кейінгі қарапайым атомдарға электрондық қабықтарында екі екіден электрондары бар гелий (Z=2) атомы және оған ұқсас иондар Li,Be және т.б жатады. Осы екі электронды атомдар мен иондардың спектрлерінде дәл сілтілік металл атомдарындағы сияқты спектрлік сериялар кездеседі. Бірақ сериялардың әр қайсысы екі данадан тұрады: екі бас серия, екі айқын серия, екі диффузиялық серия және тт.Сериялардың бір данасындағы барлық сызықтар синглеттер, ал екіншісіндегі сызықтар триплеттер, яғни әрбір сызық жақын орналасқан үш сызықтан тұрады. Гелийдің синглеттік және триплеттік энергетикалық деңгейлері арасында кванттық көшулер болмайды. Бұлр интеркомбинациялық тиым салыну деп аталады. Осыған байланысты гелий ортогелий және парагелийден тұрады деген жорамал ұсынылды. Сонда ортогелий триплет сызықтар,ал парагелий синглет сызықтар беруге тиіс. Бірақ бұл жорамал дұрыс болмай шықты, интеркомбинациялық тиым салу да өте дәл орындалатын ереже болып шықты.