Сипаттауыш рентгендік спектрлердің пайда болу механизмі.
Рентгендік түтікшенің антикатодын электрондармен атқылағанда пайда болатын рентгендік спектрлер екі түрлі: тұтас және сызықтық болады. Тұтас спектрлер антикатод затында жылдам электрондар тежелген кезде пайда болады және бұлар
электрондардың тежеулік сәуле шығаруынан алынады. Осы спектр-
лердің түрі антикатод затына тәуелді болмайды.
Рентгендік түтікшедегі кернеуді өсіргенде тұтас спектрмен қатар
сызықтық спектр байқалады. Ол жеке сызықтардан тұрады және анти-
катод затына тәуелді. Әрбір элементтің өзіне тән сызықтық спектрі
болады. Сондықтан осындай спектрлер сипаттамалық деп аталады. Рентгендік түтікшедегі кернеуді өсіргенде тұтас спектрмен қатар
сызықтық спектр байқалады. Ол жеке сызықтардан тұрады және анти-
катод затына тәуелді. Әрбір элементтің өзіне тән сызықтық спектрі
болады.Сипаттамалық спектрлердің мынандай ерекшеліктері бар:әр қилы және күрделі оптикалық сызықтық спектрлерге қарағанда әр түрлі элементтердің рентгендік сипаттамалық спектрлері қарапайым әрі біркелкілігімен ерекшеленеді. Сондықтан осындай спектрлер сипаттамалық деп аталады.Рентгендік түтікшеде кернеудің өсуімен тұтас спектрдің қысқа
толқындық шекарасы ығысады, ал сипаттамалық спектр сызықта-
рының орналасуы өзгермейді тек интенсивтіктері өседі. 1-сурет көрсетілген.
Сипаттамалық рентген сәулесі анодқа соғылатын электрондар
энергиясы атомның ішкі қабаттарынан электронды жұлып шығару
үшін жеткілікті болғанда байқалады. Бұл сәуленің сипаттамалық деп
аталу себебі, ол анод затын сипаттайды, ол зат табиғатына тәуелді, ал
үдеткіш потенциалға тәуелді емес. Әрбір элемент жеке, әлде химиялық
қосынды түрінде тұрғанына қарамастан нақты, тек өзіне тән спектр
береді. Мәселен, І1 йод атомының және І2 йод молекуласының
сипаттамалық спектрі бірдей болады. Рентгендік сипаттауыш
спектрлер осынысымен оптикалық спектрлерден қатты өзгеше болады,
өйткені бір элементтің атомдық күйдегі және молекулалық күйдегі
оптикалық спектрлері біріне-бірі тіпті ұқсамайды. Рентген спектрлері
оптикалық спектрлер сияқты күрделі емес, қарапайым. Бұлар K, L, M,
N және О әріптерімен белгіленетін бірнеше сериялардан тұрады. Әрбір
серия бірнеше сызықтан ғана тұрады және бұлар жиіліктің өсу ретіне
қарай α, β, γ,... (Кα, Кβ, Кγ,...Lα, Lβ, Lγ,...т.т.) индекстерімен белгіленеді.
Әр түрлі элементтердің сипаттамалық рентген спектрлері өзара ұқсас,
бұлар элементтердің Z атомдық нөмірі артқан сайын рентгендік спектр
бүтіндей қысқа толқындар алқабына қарай өз құрылымын өзгертпей
тек жылжып отырады. 2-суретте кейбір элементтердің К-сериясы
келтірілген. Бұл серия ең қарапайым, рентгендік сипаттамалық
спектрдің қысқа толқынды сериясы, Кα, Кβ, Кγ үш сызықтан тұрады.
Осы серияның Кα-сызығы ең ұзын толқынды, интенсивті және
дублеттік құрылымы бар. Кβ, Кγ сызықтары да дублет, бірақ бұларды
ажырату қиынырақ.