Жаңа жыл – 2016. Жұлдызжорамал: Егіздер
Көпшіл болып келетін егіздер үнемі ізденіс үстінде жүреді. Кез келген тақырыпта әңгіме өрбіте алатын олар көмек сұраған жандарға қол ұшын беріп, сөзімен де демеу көрсете алады. Олар тез шешім қабылдайды. Тәжірибиелері мол. Егіздер еркіндікті жақсы көреді. Өзгеге қарағанда өздеріне қатты сенеді.
Келер жылдан не күтеміз?
«Қолда барда алтынның қадірі жоқ» демекші сіз көп нәрсені бағалай алмайсыз. Егер өз уақытында қадіріне жете білсеңіз, барлығы өз орнында қалмақ. Келер жылда өміріңізде біршама өзгерістер орын алады. Жұмыс барысында жетістіктерді бағындырып, тасыңыз жоғары домалайды. Алайда достарыңызға шындықты айтамын деп, көпшілігінің көңіліне қаяу салып жүресіз. Сол себепті өз мінезіңіздегі кейбір олқылықтарды түзегеніңіз абзал.
Махаббат
Махабатқа салмақты қарағаныңыз жөн. Себебі сіздің ортаңыз өте үлкен. Сіз адамдармен тез тіл табысып кететіндіктен, сізге назар көп түседі. Таңдау таңдамас бұрын "жеті рет өлшеп, бір рет кес" деген нақылды іс жүзінде жүзеге асырғаныңыз жөн.
Ақша мәселесі
Егіздер ақша мәселесіне жеңіл қарайды. Алайда ақшаны үнемдеуге бейімді. Осы жылы сіздің барлық жағынан жолыңыз болып, ақша мәселесінде көп қиындық туындамайды. Ақшаңызды сақтағанға қарағанда тиімді жұмсағаныңыз дұрыс. Себебі бұл жыл сіз үшін өте сәтті болмақ. Жаңа жобаларыңызға жол ашылып, қарбалас жұмысқа сіз де қым қуыт араласып кетесіз.
Қызмет
Өзіңізге есеп беріп үйреніңіз. Қызметтегі адамдармен дұрыс қарым-қатынасыңыз сіздің мансапыңызда үлкен рөл ойнайды. Яғни қызметте көтеріле аласыз. Жылдың екінші жартысында жеке өміріңізде өзгерістер орын алады. Жаңа жұмыс орнына ауысуыңыз да ғажап емес. Көп бос уақытыңыз бола бермейді. Сол себепті де уақытыңызды тиімді пайдалануға кеңес береміз. Бір орында ешқашанда отырмаңыз. Ол сіздің жоғары қарай өсуіңізге кедергі болмақ. Қызметте төзімді, мықты бола біліңіз.
Денсаулық
Егіздер денсаулығына көп көңіл бөлгені жөн. Оның ішінде ең бірінші тамақтану тәртібінен бастағаны дұрыс. Себебі егіздердің ең әлсіз тұсы – асқазан мен бүйрек. Асқазаныңызды құртып алмау үшін дұрыс тамақтана біліңіз. Құрамында дәрумені мол, ағзаға пайдалы өнімдерді көп тұтыныңыз. Сіз жұмысыңызға үлкен жауапкершілікпен қарайтын жансыз. Алайда демалыссыз жұмыс сізді қажытып, жүйкеңізге әсер етуі мүмкін. Сол себепті ең басты орынға денсаулықты қойғаныңыз жөн.