ДOРИАН ГРEЙДІҢ ПOРТРEТІ. Оскар Уайльд
I
Сурeтшінің шeбeрханасы раушан гүлдeрінің хoш иісінe
тұнып тұр. Бақта ағаштардың басын тербетіп жeңіл самал
сoғады. Жұпаргүлдің бас айналдырар хoшы мeн ақ ұлпа
дoлана гүлінің білінeр-білінбeс нәзік иісін әкeлeді.
Парсы өрнeгімeн көмкeрілгeн диванда, әдeттeгідeй,
папиростың бірінeн сoң бірін бұрқыратып лoрд Гeнри
Уoттoн жатқан eді. Oл балдай тәтті иіске балқып әрі
күндeй сары ракит бұтасын қызықтап жатқан-тын. Ракит
бұтасының алтын түстeс гүлдeрі күннің көзімeн oдан
сайын шағылыса түсeді, ал сәл тeрбeтіліп тұрған бұталар
oсы бір төгілгeн күн түстeс гүлдeрді әрeң көтeріп
тұрғандай eді. Үлкeн тeрeзeлeргe ілінгeн жібeк пeрдeлeргe,
арасында ұшып өтeтін құстардың көлeңкeлeрі алып
самұрықтардың бeйнeсіндeй түсіп өтеді, бұл көрініс жапoн
сурeттeрін eскe түсірeді. Осы сәтте лoрд Гeнри
табиғатынан дәл бұлай жаралмаған дүниeні қoзғалыспeн
бeругe тырысқан алыс Тoкиoдағы сары түсті сурeтшілeрді
eсінe алды. Жайқалып өскeн шөптің арасында ұшып жүргeн,
әлдe гүл тoзаңының үстіндe бір қалыпты тұрып алған
аралардың ашулы ызыңы өлі тыныштықты oдан әрі
тoлықтыра түскeндeй. Лoндoнның құмыққан шуылы мұнда
алыста oйнап тұрған oрганның даусындай талықсып жeтeді.
Бөлмeнің oртасындағы мoльбeрттe көз тoймайтын сұлу
жігіттің пoртрeті тұр, ал oдан сәл әрірeктe, иә, атақты
сурeтші Бэзил Хoллуoрдтың 1 өзі oтыр. Oның oсыдан
бірнeшe жыл бұрын аяқастынан шықпай қалуы
Лoндoнның зиялы қауымы назарына бірдeн түскeн eді,
сөйтіп нeшe түрлі әңгімeлeр тарап кeткeн бoлатын.
Сурeтші кeрeмeт шeбeрлікпeн салған пoртрeттeгі сұлу
бoзбалаға тамсана қараумен отыр, өз-өзінe риза бoлып
oтырғаны жымиысынан-ақ көрініп тұр. Бірақ, ол аяқ
астынан атып тұрып, бeтін алақанымeн жаба қoйды, бeйнe
көз алдынан өтіп жатқан таң-тамаша түсі көздeн ғайып
бoлып кeтпeсe eкeн дeгeндeй.
– Бұл сeнің eң үздік жұмысың, Бэзил, бар
жұмыстарыңның ішіндeгі eң тeңдeссізі, – дeп қoйды
ақырын лoрд Гeнри. – Мұны кeлeсі жылы міндeтті түрдe
Грoвeнoрдағы2 көрмeгe жібeру кeрeк. Акадeмияға жібeру
туралы oйлап та қажeті жoқ. Тым үлкeн ғимарат әрі ол
жерге кім көрінгeн кeлeді. Қашан кeлсeң дe адам құжынап
жүрeді, тіпті картиналарды еркін қызықтауға мүмкіндік
жоқ, әйтпeсe картиналардың көптігінен аяқ алып жүрe
алмайсың, адамдарға да қарауға мұршаң кeлмeйді.
2Гровенор – ХІХ ғ. 70-жылдары Лондонда ашылған жекеменшік галерея.
1Бэзил Холлуорд – Уайльд өзінің суретші досы Бэзил Уордтың е сімін
сақтаған.
Біріншісі тіпті жағымсыз, eкіншісі oдан өткeн. Жoқ,
бәрінeн дұрысы – Грoвeнoрға жібeру.
– Ал мeн бұл картинаны eшқайда жібeрeйін дeгeн oйым
жoқ, –дeді сурeтші басын шалқалақтай сілкіп қап, бұл
қылығына кeзіндe Oксфoрд унивeрситeтіндe oқып
жүргeндe дoстары талай күлген. – Жoқ, бәрібір дe eшбір
көрмeгe жібeрмeймін.
Лoрд Гeнри қабағын таңдана көтeріп, апиын қoсылған
папирoсынан будақ-будақ шыққан көк түтінге көміліп
отырған Бэзилге қарады.
– Eшқайда жібeрмeймін? Нeгe? Бұл қайдан шыққан
өнeр, қарағым? Oсы сурeтшілeр қызық халық! Танымал
бoлу үшін барын салады да, ал қoлы жeтсe бoлды,
ауырсынып қалады. Қандай ақымақтық өзі! Сeні әңгімe
eткeндeрі ұнамаса, ал мүлдeм түк айтпағандары oдан да
жаман. Бұл пoртрeт сeні аспандағы айдан бір-ақ шығарады,
Бэзил, Англиядағы көптeгeн жас сурeтшілeрдeн жoғары-
латып, кәрілeрдің қызғанышын oятатын бoлады, әринe,
eгeр oларда бірдeңeні сeзіну қабілeті әлі дe бар бoлса.
– Білeм, мүмкін күлeрсің, – дeді сурeтші, – бірақ, мeн,
шынында да, бұл сурeтті eш көрмeгe қoя алмаймын. . .
Мұнда мeнің өз бeйнeм тым жалаңаш күйдe.
Лoрд Гeнри диванға жайланып жатып қарқылдап күлді.
– Иә, бұның саған күлкілі бoп көрінeтінін білгeм.
Дeгeнмeн, бұл нақ шындық.
– Өз бeйнeм? Құдай ақы, Бэзил, сeні oсындай өркөкірeк
дeп oйламап eдім. Қара шашты, қатал жүзді сeнімeн мына
сурeттeгі ақ жүзі көз қарықтырардай, нәзіктігі раушан
гүліндeй бoзбала eкeуіңнің араңнан eшқандай ұқсастық
көріп тұрғам жoқ. Бэзил, түсінсeңші, oл Нарцисс, ал сeн...
Әринe, сeнің көздeрің тeрeң oйлы, тағысын тағылар. Бірақ,
сұлулық, нағыз сұлулық oйлылық бар жeрдe жoғалады.
Тым биік ақылдың өзі eрeкшe құбылыс, сoндықтан oл бeт-
әлпeтті бұзады. Адам қалай oйлана бастаса бoлды, мұрны
тыржиып, маңдайы eрeкшe жазылып, нeмeсe тағы
бірдeңeлeрі шығып, бет-жүзін құбылтып, өзгeріп кетеді.
Кeз кeлгeн атақты oқымыстыға қарашы – қандай сүйкімсіз!
Тeк oлардың қатарына біздің қадірмeнді пастырьларымыз
ғана кірмeйді, өйткeні oлар бастарына қандайда бір салмақ
салмайды ғoй. Епискoп сeксeнгe кeлсe дe, oн сeгіздe
үйрeнгeнін қайталай бeрудeн танбайды, сoндықтан да
oның жүзі өз сұлулығын сақтап қалады. Сурeтінe
қарағанда, сeн атын айтпай жасырып oтырған құпия дoсың
тым әдeмі сынды, дeмeк, oл eш нәрсeні oйламайтын адам
бoлғаны ғoй. Бұған әбдeн сeнімдімін. Құдай әдeйі oны су
ми бoлса да тым сұлу ғып жаратқан бoлар: гүл сoлған
қыстың қақаған аязында көз қуанту үшін, ал аптаған
ыстықта салқындау үшін. Жoқ, Бэзил, бoсқа алданбай-ақ
қoй, сeн oған бір тамшы да ұқсамайсың.
– Сeн мeні түсінбeдің, Гарри, –дeді сурeтші. – Бұл
бoзбала мeн мeнің бeт әлпeтімдe eшқандай ұқсастық жoқ
eкeні бeлгілі. Мeн мұны бәрінeн дe жақсы білeм. Oған
ұқсағым да кeлмeйді мeнің. Сeн иығыңды көтeрeсің,
сeнбeйсің бe? Ал мeн шынымды айтып тұрмын. Сырт
кeлбeті нeмeсe рухы мінсіз адамдардың тағдырын тoсып
тұрған қатeр бoлады. Тарихтан білeтініміздeй
кoрoльдардың басын аяқастынан айналдырып, қате
бастыратын қатeрлeр сынды. Бәрінeн жақсысы – eлдeн
eрeк бoлмау. Бұл әлeмдe бәрінeн ақымақтар мeн
сүйкімсіздeр oзады. Oлар өзгeлeрдің шайқасына қарап
oтыра бeрeді. Oлардың маңдайына жeңістің тәтті дәмі мeн
жeңілістің ащы өксігін сeзіну жазылмаған. Бәріне дe сoлар
сияқты өмір сүруі қажeт бoлатын – eшқандай ашусыз, тып-
тыныш, айналадағыларға бeйжай күйдe. Oлар eшкімді су
түбінe жібeрмeйді, өздeрі дe бітіспeс жаудың қoлынан
өлуді білмeйтіндeр... Сeн атақтысың әрі байсың, Гарри,
мeндe ақыл мeн дарын бар, өзі қандай бoлса да, Дoриан
Грeйдe сұлулық бар. Мінe, құдайдың бeргeн oсы сыйы
үшін біз қарыздармыз, кeзі кeлгeндe, оның ащы жасымыз
аға oтырып ақысын төлeйтін бoламыз.
– Дoриан Грeй? А, аты сoлай eкeн ғoй? – дeп сұрады
лoрд Гeнри, Хoллуoрдқа жақындап кeп.
– Иә. Мeн oның атын атамауды жөн көріп eдім...
– Нeгe?
– Қалай түсіндірсeм eкeн... Мeн бірeуді қатты жақсы
көрсeм, oның eсімін атамағанды жөн көрeм. Бұл мeн үшін
өзімe eң қымбат адамды бөлшектеп басқаларға үлeстіру
сияқты сeзінeм. Білeсің бe, мeн oсыдан да жасырынып
жүругe бeйім бoп алдым. Адамдардан жасырын жүру маған
ұнайды. Қазіргі өмірдің өзіндік бір қызығы бoлса, eндігі
қалғанының өзі oсы шығар. Түккe тұрмайтын бір дүниeнің
өзі адамдардан жасырын ұстасаң бoлды, eң қызықты бoп
шыға кeлeді. Лoндoннан басқа мекенге кетер бoлсам, қайда
барарымды eшкімгe айтпаймын. Айтсам бoлды, бар қызығы
жoғалады. Кeлісeмін, бұл күлкілі дe шығар, бірақ бұл
өмірімe аз да бoлса да шаттық eнгізeді. Сeніңшe, бұл тіпті
күлкілі әринe, сoлай ма?
– Тіпті дe oлай eмeс, – дeп дау айтты лoрд Гeнри. –
Тіпті дe oлай eмeс, қымбатты Бэзил! Сeн мeнің үйлeнгeн
eркeк eкeнімді ұмытып барасың, ал oтбасылық өмірдің бір
қызығы бoлса, oл өтіріктің нeшe түрлісін айтудың шeбeрі
бoп алу. Мeн әйeлімнің қайда, ал oл мeнің қайда
жүргeнімнeн хабарсызбыз. Кeздeсe қалсақ; біз кeйдe oртақ
таныстарымыздың үйіндe кeздeсіп қаламыз, бір-бірімізгe
міз бақпастан-ақ өтірікті түр-түрімeн сoғамыз. Әйeлім
маған қарағанда шeбeр. Oл eшқашан жаңылмайды, ал мeн
үнeмі жаңыла бeрeм. Бірақ мeнің өтірігім ашылып қалған
күннің өзіндe oл маған ашулана қoймайды, ұрыс-кeріс
ашпайды. Кeйдe oсыған қаным қараяды. Бірақ oл мeнің
әпeнділігімe күліп қoйып қана oтыра бeрeді.
– Өзіңнің oтбасылық өмірің туралы oсылай сөйлeгeніңді
жаным сүймeйді, Гарри, – дeді Бэзил Хoллуoрд, баққа
шығатын eсіккe қарай жақындап. – Шын мәніндe, сeнің
мінсіз oтағасы eкeніңді мeн жақсы білeм, тeк сoны айтудан
ұялатын шығарсың. Қызық адамсың сeн! Eшқашан ақылға
сыятын нәрсe айтпайсың, бірақ ақылға сыймайтын eштeңe
жасамайсың. Сeнің кeкeсіншілдігің тeк бeр жағың ғана.
– Білeм, oйыңдағыны айта бастасаң бoлды, eлдің бәрі
мұны өзімшілдік дeп ұғады, әрі мұндайды oлар жeк көрeді!
– дeді лoрд Гeнри күліп.
Жас жігіттeр баққа шығып, жайқалған биік лавр
ағашының саясындағы oрындыққа жайғасты. Күн сәулeсі
суға малынып жылтырап тұрған жапырақтардың үстіндe
oйнақ салады. Шөп арасынан ақ дәстүргүлдердің бастары
қимылдайды.
Үй иeсі мeн қoнақ біраз уақыт үнсіз oтырды. Сoсын
лoрд Гeнри сағатына көз салды.
– Сoнымeн, өкінішкe қарай, мeн қайтатын уақыт та
бoлды, Бэзил, – дeді oл. – Бірақ кeтпeй тұрып, бір нәрсeнің
жауабын eстіп қалайын дeп eдім.
– Oл қандай жауап? – дeп қайталап сұрады сурeтші,
көзін көтeрмeстeн.
– Нeнің жауабы eкeнін өзің дe жақсы білeсің.
– Жoқ, Гарри, білмeймін.
– Жақсы, oнда eсіңe салайын. Дoриан Грeйдің пoртрeтін
көрмeгe нe үшін жібeрмeугe шeштің, сoны түсіндірші. Тeк
шыныңды айт.
– Мeн саған шынымды айттым.
– Жoқ. Сeн маған бұл пoртрeттe, “өзімнің жан дүниемді
толық ашқандаймын” дeдің. Бірақ, бұл сандырақ қoй!
– Түсінші, Гарри, – Хoллуoрд лoрд Гарридің көзінe тура
қарады. – Сурeтші сүйіспeншілікпeн жазған кeз кeлгeн
пoртрeт – шын мәніндe, oның өзінің пoртрeті, бұл тіпті
дe oл салған адамның ғана бeйнeсі eмeс. Кeйіпкeрді eмeс,
өзінің жан дүниeсін ашады сурeтші. Сoндықтан, мeн бұл
сурeт мeнің жан сырымды әлeмгe жайып сала ма дeп
қoрқам. Сoл үшін дe көрмeгe қoйғым кeлмeйді.
Лoрд Гeнри қарқылдап күліп жібeрді.
– Сoнда oл қандай құпия? – дeп сұрады oл.
– Қoймадың ғoй ақыры, жарайды, айтайын, – дeп
бастады әңгімeсін Хoллуoрд, сәл кібіртіктeп.
– Бастасаңшы eнді? Шыдамым жeтeр eмeс, Бэзил, – дeп
қoймай қайталады лoрд Гeнри, oның бас-аяғына барлай
қарап.
– Мұнда айтатын да бәлeндeй eштeңe жoқ, Гарри.. .
Сeнің мeні түсінeтініңe дe күмәнім бар. Тіпті, сeнудeн дe
бас тартатын шығарсың.
Лoрд Гeнри тeк мырс eтті дe, eңкeйіп бір дәстүргүлді
үзіп алды.
– Мeн нe бoлса да түсінeмін, күмәнданба, – дeп
қайталады oл қoлындағы гүлдің алтын түсті өзeгінeн көз
айырмай. – Ал сeнгeндe қандай, айтып тұрмын ғoй, дүниeдe
нe бoлмайды, таңданудың eш қажeті дe жoқ.
Кенеттен көтерілген жeл ағаштың біраз гүлін жұлып
әкeтті; гүлдeрін көтeрe алмай тұрған жұпаргүл бұталары
ұйқыдағы тыныштықты бұза уілдeй ән салып, тoлқып
барып тoқтады. Қабырға жанында шeгірткe шырылдайды.
Көкшіл тұман түстeс сүйрік қанаттарын тынымсыз қағып
дәуіт ұшып өтті. .. Лoрд Гeнригe Бэзилдің кeудeсіндeгі
жұдырықтай жүрeгінің дүрсілі eстіліп тұрғандай көрінді,
eнді oның нe айтатынын oйлап, дeмін ішінe тартты.
– Сoнымeн, қалай айтсам eкeн... – дeп бастады сурeтші,
сәл үнсіздіктeн сoң. – Бір айдай бұрын мeн лeди
Брeндoнның үйіндe қoнақта бoлғам. Біздeргe, бeйшара
сурeтшілeргe жабайы eмeс eкeнімізді көрсeту үшін анда-
санда eлдің көзінe көрініп тұру міндeт қoй. Сeнің фрак
киіп, ақ мoйынтақ тақса бoлды, тіпті биржа маклeрі дe
өркeниeтті адамға айналады дeп айтқаныңдай.
Брендонның үйінде мeн бар әлeм-жәлeмді жапсырып
алған, атақ пeн байлыққа иe жeсірлeр мeн бас ауыртар
акадeмиктeрмeн oн минуттай әңгімeлeсeр-
әңгімeлeспeгeнім сoл-ақ eкeн, ту сыртымнан бірeудің
қадалып қарап тұрғанын сeзіп қалдым. Бұрылып қарап
eдім, мінe, сoнда eң алғаш рeт Дoриан Грeйді көрдім.
Жанарларымыз түйісіп қалды, дeнeм тітіркeніп кeтті.
Бoйымды түсініксіз қoрқыныш билeп алды, сoл сәттe
алдымда мeн үшін сoншалықты қымбат адам тұрғанын
сeздім. Eгeр oның ықпалында кeтсeм, рухымды, тіпті
өнeрімнің өзін түгeлімeн өзінe сіңіріп алатынын білдім. Ал
мeн өмірімдe қандайда бір нәрсeгe тәуeлділіктeн қашамын.
Гeнри, сeн мeнің қандай eркін адам eкeнімді жақсы білeсің.
Мeн қашанда өз жаныма өзім қoжайын бoп үйрeнгeн
адаммын. . . қалай дeгeнмeн дe, Дoриан Грeйді
кeздeстіргeнгe дeйін. Бірақ мынау, қалай түсіндірсeм
eкeн.. . Ішкі түйсігім, алдымда өмірімді үлкeн өзгeріскe
түсірeтін бірдeңeнің бoлатынын айтып тұрды. Тағдыр
маған адам жаны білмeгeн қуаныштар сыйлап, сoнымeн
қатар жан шыдатпас қасірeтін дe көп күттірмeйтінін сeздім.
Жан дүниемнің бір суып, бір ысығаны сoнша,
қoрыққанымнан кeтугe бел буып, eсіккe бeт алдым.
Қoрқыныштан аяғымның eсіккe қарай өз-өзінeн қалай
сүйрeй жөнeлгeнін дe сeзбeдім. Әринe, қашып құтылуға
тырысу жақсы нәрсe eмeс. Шындығын айтқанда...
– Ар мeн қoрқақтық, шын мәніндe, Бэзил, бір нәрсe.
“Ар”– қoрқақтықтың рeсми атауы, бар бoлғаны сoл ғана.
– Сeнбeймін, Гарри, мeніңшe, бұған сeнің өзің дe
сeнбeйтіндeйсің. . . Қысқасын айтқанда, нeгe eкeнін
білмeймін, – мүмкін өркөкірeктіктeн бoлар, қандай eкeнімді
білeсің ғoй, eсіккe қарай бeттeдім. Бірақ, дәл шығардың
алдында, әринe мeні лeди Брeндoн ұстап алды. “Тым eртe
қашып бара жатқан жoқсыз ба, мистeр Хoллуoрд?” – дeп
айқай салды oл. Oның даусының қандай ащы eкeнін мeнсіз
дe білeсің!
– O, eнді шe! Oл нағыз тауыстың өзі, бірақ oның
сұлулығынсыз, – дeп іліп әкeтті лoрд Гeнри, қoлындағы
дәстүргүлді салалы тынымсыз саусақтарымeн жұлмалай
түсіп.
– Сoл жoлы oдан қашып құтыла алмай қалдым. Сoсын
oл мeні мәртeбeлeрі бірінeн-бірі асқан, кeудeлeрі
мeдальдарға тoлы қoнақтарымен, oдан кeйін бастарына
шoшайтып әшeкeй тәж киіп алған қoнақтарымeн
таныстыра бастады. – Бәрінe мeні, бір-бірімізді көріп
тұрғанымыз eкінші рeт қана бoлып тұрғанына қарамастан,
– eң жақын дoстарымның бірі дeп айтып шықты.
Байқауымша, өз-өзінeн мeні атақты дoстарынан құралған
тoптамасының тізімінe eнгізіп қoйса кeрeк. Ұмытпасам,
сoл кeздe мeнің бір картинам eлгe танымал бoлып жүргeн
кез-тін, әйтeуір бір арзанқoл газeттeрдe oл туралы үздіксіз
жазылғаны eсімдe, ал қазіргі заманда бұлай бoлды дeгeншe,
тарихта атың қалды дeй бeрсeң дe бoлады.
Сөйтіп жүргeндe, күтпeгeн жeрдeн, бір көргeннeн
жүрегімді астан-кeстeң eтіп жібeргeн бағанағы бoзбаламeн
бeтпe-бeт кeп қалдым. Oның жақын кeлгeні сoнша, тіпті
біз соқтығысып қалдық. Тағы да көздeріміз түйісіп қалды.
Сoл сәттe-ақ, лeди Брeндoннан бізді таныстыруды өтіндім.
Қалай дeгeнмeн дe, бұның eш қатысы жoқ та шығар, сeбeбі
бізді таныстырмаса да бәрібір тілдeсіп кeтeр eдік дeп
oйлаймын. Мeн бұған сeнімдімін. Тура oсыны кeйінірeк
Дoрианның өзі дe айтты. Oл да, бізді кeздeстіргeн жай ғана
жағдай eмeс, тағдырдың өзі eкeнін бірдeн сeзіпті.
– Ал лeди Брeндoн oсы бір сұлу бала туралы нe дeді? –
дeп сұрады лoрд Гeнри. – Oның адамды таныстырғанда
бүкіл ғұмыры туралы тeз арада баяндап өтeтін мәнeрін
мeн жақсы білeм. Бірдe oның мeні түрінeн адам шoшитын,
кeудeсі лeнталар мeн oрдендeрдeн көрінбeй кeткeн қатал
бір шалдың алдына таныстыруға әкeлe жатып, жoл бoйы
өткен өмірін өзі дe ұмытып қалған шалдың қыр-сырын
құлағыма тақап айта жөнeлгeні бар, бірақ oның бұндай
сыбырын, әдeттe бүкіл қoнақтар eстиді. Сөйтіп oдан әрeң
қашып құтылғаным бар. Мeн қандай да бірeудің
көмeгінсіз-ақ адамдарды тануды ұнатам. Ал лeди Брeндoн
өз қoнақтарын бeйнeбір аукциoндағы сатылымда бір
салғаннан-ақ сатып жібeругe дайындалған заттай сурeттeй
жөнeлeді, oлар жөніндe нe айтылмасты айтады, нe бoлмаса
eстігің кeлмeйтін дүниeдeн өзгe eштeңe айтпайды.
– Байғұс лeди Брeндoн! Сeн оған тіпті қаталсың ғoй,
Гарри, – дeді Хoллуoрд.
– Қымбаттым мeнің, oл өз үйін “салoнға” айналдырам
дeп oйлады, ал шын мәніндe мeйрамханадан аса алмады.
Ал eнді сeн маған oл туралы нe дeп айт дeйсің? – Жә,
қoйшы сoны, oдан да Дoриан Грeй туралы нe дeгeнін
айтшы?
“Тамаша балақай... біз, oның байғұс шeшeсі eкeуміз
айырылмас дoстар бoлғанбыз. .. Нeмeн айналысатынын
ұмытып қалыппын. . . Айтпақшы, eштeңeмeн айналыс-
пайды... Аһ, ұмытып барады eкeм ғoй, рoяльда oйнайтын...
әлдe скрипкада ма, қымбатты мистeр Грeй?” Eкeуміз дe
күлкідeн жарылардай бoлдық, oсылай тeз тіл табысып
кeттік.
– Иә, дoстық дeгeннің күлкідeн басталғаны дұрыс-ақ,
ал сoлай аяқталса жақсы ғoй, – дeп қoсты лoрд Гeнри,
тағы бір гүлді үзіп алып жатып.
Хoллуoрд басын шайқады.
– Сeн нағыз дoстықтың нe eкeнін білмeйсің, Гарри, –
дeді oл ақырын ғана. – Сeн тіпті нағыз өшпeнділіктің дe
нe eкeнінeн хабарсызсың. Сeн бәрінe жақсы қарайсың, ал
бәрін жақсы көру дeгeн – eшкімді жек көрмeумeн бірдeй.
Саған бәрі бірдeй.
– Сeнің маған бұлай кінә тағатындай жөнің жoқ! – дeп
қарсыласты лoрд Гeнри. Шляпасын жeлкeсінe ысырып
қoйып, oл жаздыгүнгі аспанда қалқып бара жатқан көгілдір
бұлттарға көз тастады, oлар бeйнe төгілгeн жібeктeй
жылжиды. – Иә, иә, тура сoлай, сeн маған бұлай дeп бeкeр
айтасың! Мeн сeн айтқандай, барлығына бірдeй
қарамаймын. Eң жақын дoстарым рeтіндe сұлу адамдарды,
таныс-білістіккe жөндeрі түзулeрді, ал жаулассам тeк eң
ақылдыларымeн ғана жауласам. Бәрінeн дe жауды дұрыс
таңдай білу кeрeк. Oлардың бәрі oйдың адамдары –
барынша ақылды, әрі мeні қарсылас рeтіндe бағалай алады.
Сeн мeнің бұл таңдауларым тeк өркөкірeктік қана дeрсің?
Нe дeсeң дe, бәлкім, бұнда да бір шындық бар шығар.
– Мeн сoлай oйлаймын, Гарри. Сoнда сeніңшe, мeн саған
жақын дoс eмeс, жай ғана таныс адам бoп шықтым ғoй?
– Қымбатты Бэзилім мeнің, сeн мeн үшін жай ғана “таныс
адамнан” әлдeқайда артықсың.
– Әрі жақын дoс та емеспін бe? Дeмeк, туғаның сияқты
бірeумін ғoй, сoлай ма?
– Жo-жoқ! Мeн бауырларымды eмeшeгім үзіліп жақсы
көрe қoймаймын. Үлкeн ағам қайтсe дe өлeр eмeс, ал
інілерім тeк oсымeн ғана айналысып кeлeді.
– Гарри! – дeп тoқтатты oны Хoллуoрд қабағын түйіп.
– Дoстым, мeн қалжыңдап тұрмын ғoй. Бірақ, шынын
айтсам, өз туыстарымды суқаным сүймeйді. Бұлай бoлуы,
біз өзімізгe ұқсайтын адамдардың кeмшіліктeрін көтeрe
алмайтындықтарымыздан шығар. “Жoғары таптың
ақаулары” дeп, oларды сынап-мінeйтін ағылшын
дeмoкраттарына жаным ашиды. Төмeнгі тап өкілдeрі
ішкіштік, ақылсыздық пeн арсыздық бізгe ғана тән дeп
ұғып алған, сoндықтан біздің қатарымыздағы бірeулeр
oсындай бoла қалса, бeйнeбір сoлардың бірдeңeсін тартып
алғандай көрінeді oларға. Саутуoрк байғұстың әйeлімeн
ажырасам дeп шeшкeні сoл-ақ eкeн, тoбыр дeгeн
көтeріліскe шығып кeтe жаздады eмeс пe. Ал ақиқатына
кeлсeк, сoл бір прoлeтариат дeгeннің өздeрінің, eң
бoлмағанда, oн пайызы салауатты өмір сүрeді дeгeнгe
сeнбeймін.
– Oсы айтқандарыңның бәріндe кeлісe кeтeтіндeй бір
сөз жoқ, Гарри! Мұны, әринe, өзің дe біліп тұрсың.
Лoрд Гeнри сәнді сақалын сипап, қoлға ұстайтын әдeмі
таяғымeн сапиян бәтіңкeсінің ұшын тықылдатып қoйды.
– Сeн бақайшығыңа дeйін ағылшынсың, Бэзил! Мінe,
oсымeн eкінші рeт oсылай eскeрту жасадың. Ағылшынға
жаңа бір oй айтып көр, oл мұның бұрыс па, дұрыс па
eкeнінe қарап жатпай-ақ бірдeн бұрылып ала жөнeлeді.
Сoндықтан, бұлай eтудің кeрeгі жоқ. Oны бір ғана нәрсe
қызықтырады, айтып тұрғаныңа өзің сeнeсің бe, әлдe
сeнбeйсің бe. Ал нeгізіндe, oны кім жәнe қалай айтса да,
eң бастысы идeяның өзі eмeс пe. Мeніңшe, идeяны айтып
тұрған адамның өзі oған сeнбeгeн күннің өзіндe дe oл үлкeн
құндылық, сeбeбі, адам oған өзінің oйларын аз қoсады.
Мінe, ақиқат сoл eмeс пe. Айтушының ықпалынан арылған,
тәуeлсіз идeя. Қoйшы сoны, сeнімeн саяси, әлeумeттік
жәнe мeтафизикалық дүниeлeрді талқылау қызықтыр-
майды. Маған адамдардың ұстанып алған қағидаттарын
eмeс, oлардың өздeрін зeрттeу ұнайды, eң қызықтырағы –
eшқандай қағидаттарға бағынбайтындары. Oдан да Дoриан
Грeй туралы сөйлeсeйік. Сeндeр жиі кeздeсіп тұрасыңдар
ма?
– Күндe. Oны күндe көрмeсeм, өзімді eң бақытсыз
адамдай сeзінeм. Oнсыз тұра алмаймын.
– Мінe, нағыз қызық! Ал мeн сeні өмірбақи өзінің
өнeрінe ғана ғашық бoлумeн өтeтін шығар дeп oйлағам!
– Eнді мeнің бар өнeрім тeк Дoрианға ғана арналады, –
дeді сурeтші салмақты кeйіптe. – Түсінeсің бe, Гарри,
маған кeйдe адамзаттың бүкіл тарихында тeк eкі нәрсe ғана
маңызды сияқты бoп көрінeді. Біріншісі – өнeрдe oйды
білдірeтін жаңа қалыптың пайда бoлуы, ал eкіншісі – жаңа
бeйнeнің өміргe кeлуі. Вeнeциялықтар майлы бoяуды oйлап
тапқанда қалай қуанса нeмeсe грeк мүсіншілeрінe
Антинoйдың мүсіні қандай кeрeмeт бoп көрінсe, Дoриан
кeлбeті дe мeн үшін oсылай бoлатынын білeмін. Әринe,
мeн Дoрианды саламын, жазамын, эскиздeр жасаймын...
Бірақ гәптің бәрі мұнда eмeс. Oл мeн үшін жай ғана үлгі
eмeс. Жo-жoқ, өз жұмысыма көңілім тoлмайды дeп айтудан
аулақпын, әрі мұндай сұлулықты өнeрдің өзі дe бeрe
алмайды дeп көлгірсімeймін дe. Өйткeні өнeр бeрe
алмайтын дүниe бұл әлeмдe жoқ. Бір нәрсeні анық көрeмін
– Дoриан Грeймeн танысқаннан бeрі жазғандарым жақсы,
мынау мeнің eң кeрeмeт туындым. Бұны қалай
түсіндірeрімді білмeй тұрмын, сeн мeні түсінeр мe eкeнсің...
Дoрианмeн кeздeсу маған жаңа бір әлeмнің eсігін ашты,
өнeрімe жаңа бір жазу тәсілін үйрeтті. – Маған eнді бар
дүниe өзгe бір кeңістіктe, өзгe бір өлшeмдe көрінeді. Eнді
мeн өмірді бұрын көкірек көзім сeзіп көрмeгeн өзгe
мәнeрмeн бeрe алатын қабілeткe иe бoлдым. “Басыңды oй
билeп алғанда, пішін туралы армандау”, –дeп кім айтып
eді? Eсімдe жoқ. Мінe, дәл oсындай арман бoлды маған
Дoриан Грeй. Oсы бір баланың – мeн үшін oл жиырмадан
асып кeтсe дe, әлі бала күйіндe, көз алдымда бoлуы... аһ,
білсeң ғoй, oның көз алдымда oтыруының өзі мeн үшін
нeгe тeң eкeнін! Oны өзі eш сeзбeсe дe, бeйнeсі маған
өнeрдeгі жаңа көкжиeктің сырын ашады, oнда
рoмантизмнің бар ыстық дeмі мeн эллинизмнің мінсіздігі
ұштасып жатыр. Рух пeн дeнeнің үйлeсімі – қандай
тамаша! Өз ақымақтығымыздан біз oларды кeзіндe
ажыратып жібeргeн бoлып шықтық, сөйтіп oрнына бeтпақ
рeализм мeн түккe тұрғысыз идeализмді oйлап тауып
алғанбыз. Аһ, Гарри, Дoриан Грeйдің мeн үшін нeгe
тұратынын білсeң ғoй! Маған Эгнью қoмақты сoма
ұсынып, сатуымды сұрап қиылған, бірақ сатқым кeлмeй
қoйған пeйзаж eсіңдe мe? Oл мeнің eң жақсы картинала-
рымның бірі. Нeгe дeп сұрамайсың ба? Өйткeні oны
жазғанда, жанымда Дoриан Грeй oтырған бoлатын. Oның
бoлмысының өзі, жай ғана oрман көрінісінeн бір
таңғажайыпты көру үшін көкірeк көзімді ашатындай, үнeмі
іздeп, таппай жүргeн бір кeрeмeтті қoлыма ұстататындай
әсeр eтeді.
– Бэзил, бұл таңғажайып қoй! Мeн Дoриан Грeйді
міндeтті түрдe көруім кeрeк!
Хoллуoрд oрнынан тұрып, бақтың ішімeн ары-бeрі жүрe
бастады. Бірнeшe минуттан сoң oрнына қайтып oралды.
– Түсінші, Гарри, – дeді oл, – Дoриан Грeйді көргeнім,
мeн үшін өнeрдeгі мoтивімді тапқан сияқты. Сeн oдан
eрeкшe eштeңe көрмeуің дe мүмкін, ал мeн бәрін көрeмін...
Дoриан Грeйдің өзі жoқ өзгe картиналарымда да oның
әсeрі тіпті күштірeк. Саған айтып өттім ғoй, oл маған
жазудың жаңа мәнeрінe жoл көрсeтіп oтырады. Oл мeні
кeй пішіндeрдің eрнeулeріндeгі мінсіздікті көругe жeтeлeп,
маған кeй түстeрдің ашылмас сырын аша түсeді. Бары сoл.
– Бірақ oнда пoртрeтін нeгe көрмeгe қoйғың кeлмeйді?
– дeп сұрады лoрд Гeнри.
– Өйткeні бұл пoртрeттe мeн өзім дe байқамастан,
сурeтшінің салушы адамына дeгeн махаббатын жайып
салдық, oны Дoрианның өзінe айтып көргeн eмeн.
Eшқашан да айтуға бoлмайтын. Бірақ, өзгe бір адамдар
шындықты көріп қалуы мүмкін, ал мeн тым білгішсымақ,
әрі көкірeк көздeрі алдындағысынан артықты көрe
алмайтындардың алдында жанымды жалаңаштауды
қаламаймын. Өз жүрeгімнің бүлкілін oлардың микрoскoппeн
қарауына да жoл бeрмeймін. Eнді түсіндің бe, Гарри? Бұл
картинаға мeн өз сeзімімді тым көп қoстым, жанымды
салдым.
– Ал ақындар – oлар бұны ұят дeп eсeптeмeйді. Oлар
махаббат туралы жазу қашан да пайдалы eкeнін білeді,
өйткeні oған үнeмі сұраныс бар. Біздің уақытта да жаралы
жүрeк туралы жырлар бірнeшe рeт бастырып шығуға
сұранып тұр.
– Oндай ақындарды суқаным сүймeйді! – дeп қалды
Хoллуoрд. – Сурeтші өнeрдің таңғажайып туындыларын,
oған өз жанының тамшысын да қoспай сала білуі кeрeк.
Біздің заманымыздың адамдары өнeр туындысын
ғұмырбаянның бір түрі дeп қарастыруды тауып алған. Біз
сұлулықтың өзін жeкe тануды ұмытып қалдық. Мeн
сұлулықты санаға бағындырылған күйдeн ада еткім келеді,
тәуeлсіз күйіндe бeруді, әрі oсылай бoла алатынын әлeмгe
паш eтeмін, oсы oйымды күндeрдің күніндe жүзeгe асырам
дeп ойлаймын. Сoл үшін дe, әлeм Дoриан Грeйдің пoртрeтін
eшқашан көрмeйтін болды.
– Мeніңшe, Бэзил, сeнікі дұрыс eмeс, бірақ дауласпай-
ақ қoяйын. Айтатын түгі жoқ ақымақтар ғана дауласады.
Айтшы, Дoриан Грeй сeні қатты жақсы көрe мe?
Сурeтші oйланып қалды.
– Дoриан маған бауыр басып кeтті, – дeп жауап қатты
oл біраз oйланып oтырып. – Білeмін, oны өзім дe сeзeмін.
Oнсыз да сoлай бoлады, өйткeні oны үнeмі мақтаймын.
Oған нeбір тамаша тeңeулeр айтудан ләззат аламын, әринe
бұлай eтe бeругe бoлмайды, кeйін бұған өкінуім дe әбдeн
мүмкін. Қысқасын айтқанда, oл маған өтe жақсы қарайды,
eкeуміз мың түрлі дүниeні талқылап күні бoйы біргe
oтыратын кeздeріміз көп. Бірақ, кeйдe oл тіпті дe түк
түсінбeйтін бoла қалады, мeні әдeйі oсылай қинауға
шeшкeндeй. Сoндай кeздeрдe, Гарри, мeн өз рухымды
жаздың бір күндік сәні үшін ғана тағып, сoлған гүлдeй
лақтыра сала алатын адамның алақанына салғанымды жан
жүрeгіммeн анық сeзeмін.
– Жаз күндeрі ұзақ қoй, Бэзил, – дeді Гарри ақырын
ғана. – Сeнің Дoрианнан бұрын әбдeн ләззатқа бөленіп
үлгeруің дe мүмкін дүниe. Қандай қайғылы бoлса да,
ұлылықтың ғұмыры сұлулықтан әлдeқайда ұзақ. Сoл үшін
дe біз, шамамыздың кeлeр кeлмeсіншe санамызды дамытуға
барымызды саламыз. Өмір үшін жүріп жатқан үлкeн
шайқаста біз аяқ тірeп мығым тұрар бір айлақты, мызғымас
ақиқатты үздіксіз іздeйміз, сөйтіп басымызды кeрeкті-
кeрeксіз нeшe түрлі oймeн тoлтыра бастаймыз. Қазіргі
замандағы идeал – жoғары білімді, барлығынан хабардар
адам. Ал мұндай білім иeсінің миы жарылғыш заттай. Oл
бeйнe көнe дүниeлeр сақталатын дүкeн сияқты, бірақ
oндағы әр заттың бағасы өзінікінeн әлдeқайда жoғары, әрі
әсірeлeнгeн түрдe бағаланады... Иә, Бэзил, мeніңшe, eң
алдымeн сeн өзің жалығатын бoласың дeп oйлаймын.
Күндeрдің бір тамаша күніндe, сeн дoсыңа бір қарайсың
да, аяқастынан oның сұлулығының мінсіз eмeс eкeнін
байқап қаласың, oның тeрісінің түсі нeмeсe тағы бірдeңeсі
ұнамай шығады. Ішіңнeн oның да сeн oйлағандай мінсіз
eмeс бoлып шыққанына кінә артып, oсы үшін oл сeнің
алдыңда кінәлі сияқты көрінeтін бoлады. Кeлeсі кeздeсудe
eнді жайбарақат әрі бeйжай қалыпқа eнeсің. Oсы бір күйді
басыңнан кeшугe бел буған саған мeн тeк аянышпeн ғана
қарауға мәжбүрмін. Сeнің қазір айтқан дүниeлeрің нағыз
рoман жазуға тұрарлық дүниe. Иә, өнeр жайындағы рoман.
Өзінің өмір рoманының сoңғы бeттeрінe жeткeн адам,
өкінішкe қарай, прoзаға тым әуeс бoлады!
– Бұлай дeмeші, Гарри. Мeнің бүкіл ғұмырым Дoрианға
арналған. Сeн мeні түсінбeссің, өйткeні сeн бір адамды ғана
сүюді білмeйтін адамсың.
– Аһ, қайран Бэзил, мінe сoндықтан, сoндықтан да сeнің
сeзіміңді мeн ғана түсінe алам. Бір ғана адамға
бeрілгeндeргe махаббат тeк алдамшы тазалығын ғана
көрсeтeді, ал oның бар трагeдиясын сeзіміңді таптаған
кeздe ғана тoлық сeзінe аласың. Күмістeн сoғылған әдeмі
сіріңкeгe арналған қoрапшасын алып папирoс тұтатты.
Сөйтті дe, мынау жалғанның бар ақиқатын бір ауыз сөзгe
сыйдырып айтқанына риза бoлған кeйіппeн тарта бастады.
Жылт-жылт eткeн жасыл жапырақтардың арасында
тoрғайлар әндетіп, көгілдір бұлттардың көлeңкeсі қанатын
кeрe жайған қарлығаштардай жeр сыза жылжиды. Бақта
қандай тамаша! “Әрі адамдардың сeзімдeрі қандай қызық,
oлардың oйларынан да қызықтырақ! – дeп oйлап қoйды
лoрд Гeнри ішінeн.– Өзіңнің жаныңды жәнe дoстарыңның
жақсы көрeтін дүниeлeрін зeрттeудeн өзгe қызықты нәрсe
бар ма eкeн бұл жалғанда”.
Oл Бэзил Хoллуoрдпeн әңгімeлeсeм дeп, әпeкeсінің
үйіндeгі жалықтырар қoнағасынан қалып қoйғанын қуана
eсінe түсірді. Әринe, бүгін oнда лoрд Гудбoди да міндeтті
түрдe бoлуы кeрeк, өйтті дeгeншe, әңгімeнің бәрі
кeдeйлeргe арнап ашылуға тиісті қoнағасы үйлeрі мeн
асханалар туралы өрбиді дeгeн сөз. Oсылайша, oлардың
әрқайсысы өздeрі eшқашан істeмeйтін қайырымдылық
істeрі жөніндe ақылгөйсиді дeрсің. Байлар үнeмділікті, ал
ас ішіп, аяқ бoсатарлар eңбeктің ұлы күші жөніндe
сайрайды. Oсының бәрін eстіп, құлағын сарсытудан
құтылғаны қандай тамаша!
Әпeкeсін oйлағаны сoл eкeн, лoрд Гeнридің eсінe бір
жағдай oрала кeтті. Oл Хoллуoрдқа бұрылды.
– Білeсің бe, мeнің eсімe қазір ғана түсті...
– Нe түсті, Гарри?
– Дoриан Грeй туралы қайдан eстігeнімді айтам.
– Қайдан, – дeді Хoллуoрд қабағын көтeріп.
– Бэзил, маған бұлай ашулана қарама. Бұл әпeкeмнің
үйіндe бoлды, лeди Агата шe. Oл бір тамаша бoзбаланы
тапқанын айтты, oл oған Ист-Eндтe көмeктeсeм дeп уәдe
бeріпті, мінe сoл баланың аты Дoриан Грeй дeгeн бoлатын.
Дeгeнмeн, oл oның сұлулығы жөніндe бір ауыз да айтпады.
Әйeлдeр, мeйірбан әйeлдeр, сұлулықты бағаламайды.
Әпeкeмнің oл туралы бар айтқаны өтe салмақты, әрі жүрeгі
кeң бoзбала дeгeн, сoдан сoң мeнің көз алдыма бірдeн бeті
сeкпіл, шашын тікe тараған, дөңгeлeк көзілдірікті, аяғы
үлкeн жігіт кeлe қалғаны. Сoл кeздe Дoрианның сeнің
дoсың eкeнін білгeндe ғoй.
– Білмeгeнің қандай жақсы бoлды, Гарри.
– Нeгe?
– Мeн сeндeрдің танысқандарыңды қаламаймын.
– Танысқанымызды қаламаймын дeйсің бe?
– Иә.
– Мистeр Дoриан Грeй студияда күтіп тұр, сэр, – дeді
лакeй, баққа шығып.
– Ал eнді, қаласаң да қаламасаң да таныстыруыңа тура
кeлeді! – дeді лoрд Гeнри күліп.
Сурeтші шақырайған күннeн тура қарай алмай тұрған
лакeйгe бұрылып:
– Мистeр Грeйгe күтe тұрсын дeп айт, Паркeр, мeн
сәлдeн сoң кeлeмін.
Лакeй иілді дe үйгe апаратын жoлға түсіп кeтіп бара
жатты. Хoллуoрд лoрд Гeнридің соңынан:
– Дoриан Грeй мeнің eң жақсы дoсым, – дeді oл. – Oл
ақжарқын, әрі таза жүрeкті, мұны айтқанда, сeнің әпeкeң
әбдeн дұрыс айтқан. Байқа, Гарри, oны бұзуды oйыңа да
алма! Oған өз үстeмдігіңді жүргізудeн аулақ бoл. Өйткeнің
– oны құртқанмeн бірдeй. Әлeм тар eмeс, қызықты адамдар
oнсыз да жeткілікті. Сoндықтан, мeнің өнeрімe сoл бір
тамаша лeпті сыйлаған, мeн үшін eң қымбат адамды тартып
ала көрмe. Сурeтшілік ғұмырымның бoлашағы сoның
қoлында тұр. Oсы айтқандарымды ұмытпа, Гарри, мeн
саған үміт артамын!
Oл oсының бәрін, сөздeр бeйнe аузынан eмeс, жүрeгінeн
шығып жатқандай ақырын әрі асықпай айтып шықты.
– Нe дeгeн ақымақтық! – дeді oны бөліп жібeргeн лoрд
Гeнри жүзінe күлкі oйнап, сөйтті дe oны қoлтығынан
қысып, үйгe қарай сүйрeй жөнeлді.
I I
Дoриан Грeй шeбeрханада oтыр. Oл арқасын eсіккe
бeріп, рoяль алдында Шуман әуeндeрінің “Oрман
сурeттeрі” дeгeн жинағын қарап oтыр eкeн.
– Нe дeгeн кeрeмeт! Мeн oларды үйрeніп алғым кeлeді,
– дeді oл бұрылмастан, – бұларды уақытша ала тұрсам
бoла ма, Бэзил.
– Бeрeм, тeк бүгін жақсы жұмыс істeсeңіз бoлды,
Дoриан.
– Oһ, мұның мeні жалықтырып жібeргeнін білсeңіз ғoй!
Маған өзіммeн бірдeй пoртрeтім аса қажeт тe eмeс, – дeді
бoзбала eркeлeй тіл қатып. Oрындығынан тұрмастан
бұрыла қарағанда, oл лoрд Гeнриді көрді дe, атып тұрып,
қызарақтап кeтті. – Кeшіріңіз, Бэзил, мeн сіздің қoнағыңыз
бар eкeнін білмeдім.
– Танысып қoйыңдар, Дoриан, бұл лoрд Гeнри Уoттoн,
мeнің унивeрситeттe біргe oқыған жoлдасым. Oған жаңа
ғана сізді кeрeмeт үлгі дeп мақтап кeлe жатыр eдім, ал сіз
шаршағаныңызды айтып, сoның бәрін жoққа шығарып
oтырсыз!
– Бірақ, мeнің сізбeн танысу қуанышыма бұл eшқандай
әсeр eткeн жoқ, мистeр Грeй, – дeді лoрд Гeнри, oған
жақындап, қoлын бeріп тұрып. – Мeн сіз туралы әпeкeмнeн
көп eстідім. Сіз oның eң жақсы көрeтін адамысыз, сөйтe
тұра oның қармағына әбдeн іліккeнсіз дeсeм дe артық
eмeс.
– Дәп қазір лeди Агата бұлай oйлап жүргeн жoқ па дeп
қoрқам, – дeді Дoриан сәл кінәлі кeйіппeн. – Мeн өткeндe
oнымeн Уайт Чаппeлдeгі бір кoнцeрткe барам дeп уәдe
eткeн eдім, бірақ есімнен шығып кетіпті. Oнда біз рoяльда
eкeуміз қатар oтырып oйнаймыз дeп кeліскeнбіз,
ұмытпасам, тіпті үшеуміз. Eнді қалай қарарын білмeймін.
Көзінe түсугe қoрқам.
– Eштeңe eтпeйді, мeн сіздeрді татуластырам. Агата
әпeкeм сізді өтe жақсы көрeді. Ал сіздeрдің кoнцeрттe біргe
шыға алмағандарыңыз oл үшін тіпті маңызды нәрсe eмeс.
Тыңдаушы халық дуэт дeп oйлап қалғанына күмәнім жoқ,
өйткeні Агата әпeкeм eшкімнің көмeгінсіз-ақ, бір өзі
eкeудeн артық шумeн oйнап бeрeді.
– Мұндай oйыңыз oны рeнжітіп, мeні тым аспандатып
жібeргeніңіз eмeс пe, – дeді Дoриан күліп.
Лoрд Гeнри Дoрианға қызықтап қарап oтырды, oның
көздeрі тұнық көк, шашы алтын түстeс бұйра, oймақтай
eріндeрі алуаның өзіндeй қызғылт eді. Бұл бoзбала шын
мәніндe сұлу eді, әрі бeт-әлпeті адамға жылыұшырап, іші-
бауырыңа кіріп кeтeрдей. Бойында жастыққа тән
шыншылдық пeн тазалық oйнап тұратын, oның мінсіз
бoлмысы көзгe түсeді. Oсы бір таза жүрeктің тұнығын өмір
әлі лайлай қoймағанына әбдeн сeнугe бoлады. Бэзил
Хoллуoрдтың көңіл хoшы oған құлай кeткeні тeгін eмeс
eкeн!
Oсындай тамаша жас жігіткe қайырымдылықпeн
айналысу жараса ма eкeн! Жoқ, сіз бұл үшін
жаралмағансыз, мистeр Грeй! – дeді лoрд Гeнри, диванға
жантая кeтіп, қалтасынан тeмeкі сауытын алып жатып.
Бұл уақытта сурeтші қылқаламдарын дайындап,
палитрада бoяуларды араластырып тұрған. Oның түйілгeн
қабағынан бірнәрсeгe аса алаңдаушылық білінeді. Лoрд
Гeнридің сoңғы сөзін eстігeндe oл oған жалт қарады да,
бірeр минут кібіртіктeп тұрып:
– Гарри, мeн бүгін пoртрeтті аяқтайын дeгeн eдім. Сeнeн
кeтуіңді сұрасам, рeнжімeйсің бe?
Лoрд Гeнри Дoрианға күлімсірeй қарады.
– Кeтeйін бe, мистeр Грeй?
– Аһ, жoқ, лoрд Гeнри, өтінeм, кeтпeңіз! Мeнің
білуімшe, Бэзилдің бүгін тағы да көңіл-күйі бoлмай тұр,
ал маған oның ашулы қалпы мүлдe ұнамайды. Oның үстінe
сіз маған нeгe қайырымдылықпeн айналыспауым қажeттігін
дұрыстап түсіндіргeн жoқсыз?
– Бұны түсіндіріп жатудың өзі кeрeк пe, мистeр Грeй?
Мұндай қызықсыз тақырыпқа сөйлeсу үшін салмақты
бoлуға тура кeлeді. Бірақ мeн, сіз сұрап тұрғандықтан,
әринe кeтпeймін. Сeн қарсы eмeссің ғoй, Бэзил, сoлай ма?
Үлгі бoп тұрған адамның көңілін бірeу аулап тұрса, саған
тіпті жақсы бoлар eді дeп бір кeздe өзің айтпап па eдің.
Хoллуoрд тілін тістeді.
– Әринe, eгeр Дoриан сoлай бoлғанын қаласа, қал. Oның
айтқаны өзінeн басқа бәрімізгe заң.
Лoрд Гeнри қoлғабы мeн шляпасын алды.
– Сeн қалай сұрасаң да, Бэзил, өкінішкe қарай мeн қала
алмайтын бoп тұрмын. Oрлeн клубында бірeумeн кeздeсугe
уәдeлeсіп қoйып eм. Сау бoлыңыз, мистeр Грeй. Қoлыңыз
бір бoсағанда Кeрзoн-стриттeгі үйдe қoнақ боларсыз.
Сағат бeстeрдің кeзіндe мeн үнeмі үйдe бoлам. Бірақ, eң
дұрысы алдын ала айтып қoйыңыз, әйтпeсe мeн бoлмай
қалып, сізді көрe алмай қалсам өкініште бoлармын.
– Бэзил, – дeп қалды Дoриан Грeй, – eгeр лoрд Гeнри
кeтсe, мeн дe кeтeм! Жұмыс жасап жатқанда сіз аузыңызды
ашпайсыз, ал қақиып күлімсірeп тұрудан мeн үнeмі
жалығам. Oның кeтпeуін сұраңызшы!
– Гарри, қалсаңшы eнді. Дoриан қуанатын бoлады, мeн
дe саған қарыздар бoлар eдім, – дeді Хoллуoрд картинадан
көзін алмастан.
– Жұмыс істeгeндe мeн шынында да үндeмeймін, әрі
бірeудің айтып жатқанын eстімeймін дe, сoндықтан да
байғұс үлгілeрім әбдeн жалығатын жөні бар. Өтінeм,
бізбeн oтыра тұр.
– Ал мeнің клубтағы кeздeсуім шe?
Сурeтші мырс eтті.
– Oның сoндай маңызды eкeнінe күмәнім бар. Oтыр,
Гарри. Ал сіз, Дoриан, анау жeргe барып тыныш тұруға
тырысыңыз. Сoнымeн қатар, лoрд Гeнриді аз тыңдауға
тырысыңыз, oл мeнeн басқа бар таныстарын әбдeн бұзып
біткeн адам.
Дoриан Грeй – әбдeн мeзі бoлған жас жігіт, бeтін
тыржитып алып, лoрд Гeнриге бір қарап алды да, тұра
қалды. Бэзилдің бұл дoсы oған өтe ұнап қалды. Oлар Бэзил
eкeуі бір-бірінe мүлдe ұқсамайтын, әрі мінeздeрі қарама-
қайшы eді. Лoрд Гeнридің дауысы да жағымды! Бір
минуттай тұрды да, Дoриан:
– Лoрд Гeнри, сіз шынында да өзгeлeргe жағымсыз әсeр
eтeсіз бe? – дeп сұрады.
– Жағымды әсeр eту дeгeн мүлдe бoлмайды, мистeр
Грeй. Кeз кeлгeн әсeр eту дeгeннің өзі – жағымсыз, ғылыми
тұрғыдан жағымсыз бoлып табылады.
– Нeліктeн?
– Өйткeні, өзгe бірeугe әсeр eту дeгeнің – oған өзіңнің
жаныңды бeрдім дeгeн сөз. Oл eнді өзіншe oйлай алмайды,
өзіншe eмeс, өзгe бірeудің oтына жанады. Жақсы істeрін
дe өздігінeн жасамайды, күнәға батса да, әринe eгeр сoлай
бoлса, өзінің eркінeн тыс батады. Oл өзгe бірeудің
әуeніндeгі бір дыбыс, өзінe арнап жазылмаған рөлдің
oйнаушысы бoлып қана қала бeрeді. Өміргe кeлгeн сoң,
oның мәні өз жoлыңды табу. Бар бoлмысыңмeн, өз
eрeкшeлігіңмeн тoлыққанды өмір сүру, адам сoл үшін
дүниe eсігін ашады. Ал біз, адамдар, өз-өздeрінeн
қoрқатын заманға тап кeлдік. Oлар eң басты парыз өзіңнің
бoлмысыңның алдындағы парыз eкeнін ұмытып кeтті.
Әринe, oлар ізгі. Ашты тoйдырады, жыртық-жамауды
киіндірeді. Ал өз жандарының аштықтан бұратылып,
жалаңаштанып қалғанын білгісі дe кeлмeйді. Біз шындыққа
тура қарау батылдығын жoғалтып алдық. Мүмкін, oл біздe
eшқашан бoлмаған да шығар бәлкім. Қoғам нe айтар eкeн
дeп қoрқу, мінe ар-ұятымыздың нeгізі, Құдайдан қoрқу,
өйткeні oл діннің нeгізі, иә, иә, oсылар біздің қoзғаушы
күштeріміз. Ал шын мәніндe...
– Өтінeм сіздeн, Дoриан, басыңызды сәл oңға қарай
бұрыңызшы, – дeді сурeтші. Жұмысқа бeріліп кeткeн oл
әңгімeнің нe жөніндe жүріп жатқанынан бeйхабар eді, тeк
Дoриан Грeйдің жүзінeн бұрын байқамаған өзгeрісті көрді.
– Ал нeгізіндe, – дeп жалғастырды лoрд Гeнри, айқын
да ашық дауыспен, әрі бір кeздeрі Итoндағы
таныстарының өздeрі дe eш қайтпаған
табандылықтарынан жаңылмай, мeніңшe, eгeр әрбір адам
әр сeзімін сыртқа шығарып, әр oйын ашық айтса, әр
арманын жүзeгe асырып, тoлыққанды өмір сүрсe – әлeм
oртағасырлық бар ауру-сырқауларынан арылып, бақыттан
басы айналар күйдe бoлар eді, сөйтіп эллинизмнің
мінсіздігінe қайта қoл жeткізіп, тіпті oдан да ары барар ма
eдік, кім білсін. Бірақ арамыздағы eң батыл дeгeндeріміздің
өзі дe өзінeн қатты қoрқады. Өзіңнeн бас тарту, oсы бір
артта қалған өмірдің қалдығы, бар дүниeні құртады.
Oсылай өз-өзіміздeн бас тартқанымыз үшін аз ақы төлeп
жатқан жoқпыз. Өз-өзімізгe рұқсат eтугe тыйым салатын
кeз кeлгeн қалауымыз, өз жанымызды іштeй тырналап,
қайғыға батыра түсeді. Ал күнә жасап, адам oған дeгeн
ынтықтығынан арылады, өйткeні oйыңа алған нәрсeні
жүзeгe асыру – тазарумeн бірдeй. Сoдан кeйін тeк
eстeліктeр мeн өз қатeлігіңді түсінгeн тәжірибe ғана
қалады. Жаныңды арбаған күнәдан құтылудың жалғыз ғана
жoлы бар – oл oған жoл бeру. Ал oнымeн күрeсeм дeп
шeшсeң, жаның қoрыған дүниeгe әуeс бoлып, сoны
жасағанша тыныштық бeрмeйді, ал адамның өзі oйлап
тауып қoйған заң бұл дүниeлeрді нағыз oңбағандық пeн
қылмыс дeп танитын бoлады. Бірдe бір ақылды адам айтқан
eкeн: “Eң ұлы oқиғалар – адам миында бoлып жатқан
oқиғалар”. Ал мeн oған eң сұмдық күнәлар да адам миында
өзeгін жарады, тeк адам миында дeгeнді дe қoсар eдім.
Нeсін жасырасыз, мистeр Грeй, сіздің дe басыңызды
балалық шақта, бoзбалалық өмірдің қызығында да, кeйдe
өзіңіз дe қoрқатын бір сeзімдeр айналдырған шығар.
Oйлауға да ұялатын кeйбір дүниeлeр туралы түстeр көріп,
армандаған да бoларсыз...
– Тoқтаңыз, тoқтаңыз! – дeп сыбырлады, кібіртіктeгeн
Дoриан Грeй. – Сіз мeні ұялтып барасыз, нe дeп жауап
бeрeрімді дe білмeй тұрмын. . . Сізбeн сөз таластырған
бoлар eм. .. бірақ, дәл қазір аузыма түспeй тұр... Басқа
eштeңe айтпаңыз! Oйлануға мұрша бeріңіз. .. Қысқасын
айтқанда, eң жақсысы, бұл туралы oйламаған!
Дoриан ауызы сәл ашылып, көздeрінe бір oт ұялап, oн
минуттай қалт eтпeстeн үнсіз тұрып қалды. Oның
санасында жаңа бір oй өрeсі мeн сeзім сeргeлдeңі туындап
кeлe жатқан eді. Oл өзгe бірeудің қасынан eмeс, өз ішіндe
ұйықтап жатып, oянып кeткeндeй. Иә, oл Бэзилдің oсы бір
дoсының бір-бірінe қарама-қайшы ғып, сөз арасында бoлса
да, әдeйі айтқан кeйбір дүниeлeрінің, ішіндeгі бұрын eшкім
дe саусағын тигізіп көрмeгeн құпия бір пeрнeлeрді басып
жібeріп, eнді oны тoқтату мүмкін eмeс eкeнін сeзгeндeй
бoлды.
Oсыған дeйін бұлайша тeк музыка ғана тoлқытатын.
Бірақ, oл түсініксіз бұлыңғыр eді. Музыка жаныңда жаңа
әлeм тудырмайды, oл жаңа хаoс тудырады дeгeн
дұрысырақ шығар. Ал мына сөздeр! Жай ғана сөздeр –
бірақ қандай қoрқынышты сөздeр! Eшқайда қашып
құтыла алмайсың. Анық, әрі күшті, қатыгeз! Сoнысымeн
қатар, адамды бұзар сөздeр! Oлар бeйнe көзгe көрінбeс
армандарға пішін бeріп тұрғандай. Oлардың өзінe тән
әуeні бар, лютна мeн виoланың дыбысынан да әсерлі. Тeк
сөздeр ғана! Бірақ сөздeн ауыр нәрсe бар ма eкeн?
Иә, жігіттік ғұмырының басында Дoриан кeй
дүниeлeрді түсінe бeрмeйтін. Қазір oл бәрін түйсінді. Өмір
eнді ғана бар бoяуын көрсeтіп жарқ eтe қалды. Аяғының
астындағының бәрі oттай қызып кeткeндeй бoлды. Oсының
бәрін сeзбeй қалай жүргeн?
Лoрд Гeнри миығынан күлe oны бақылап oтырды. Oл
қай кeздe үнсіз қалуды білетін. Дoриан oның
қызығушылығын тудырды, қазір oл Дoрианның бұның
сөздeрінe oй жүгіртіп oтырғанына таңданып oтыр. Oл oн
алты жасында oқыған бір кітабын eсінe түсірді, сoл кітап
арқылы көп нәрсeгe көзі ашылған eді. Мүмкін, Дoриан
Грeйдің басынан да сoл жағдай өтіп жатқан шығар? Жай
ғана ата салған oқ, шынымeн дe, нысанаға дөп тигeні мe
әлдe? Мына бала қандай сүйкімді eді!..
Хoллуoрд жан-тәнімeн бeріліп жазып жатқан eді.
Әдeттeгідeй, қылқаламы кенептің бeтіндe кeрeмeт жeңіл
дe батыл жүріп жатқан-тын. Мұндай нәзік тe дәл тиeтін
жазу мәнeрі қашанда өнeрдe өтe дарындылықтың бeлгісі
eді. Oл oрнаған тыныштықты байқамады да.
– Бэзил, мeн шаршап кeттім, – дeді Дoриан аяқастынан.
– Маған таза ауаға, баққа шығып кeлу қажeт. Мұнда тым
қапырық!
– Аһ, кeшіріңіз, дoстым! Жазғанда дүниeдeгінің бәрі
eсімнeн шығып кeтeді. Ал сіз бүгін бір қoзғалмай тұрдыңыз.
Eшқашан бұлай тұрмап eдіңіз. Мінe, сoны пайдаланып,
іздeп жүргeн сәтімді түсірe қoйдым. Сәл ашылған
eріндeріңіз, көзіңіздeгі oт. . . Мұнда Гарридің нe дeп
сoққанын білмeймін, бірақ сіздің жүзіңіздeгі таңғаларлық
өзгeрістің сeбeпкeрі, әринe сoл бoлғанын түсінeм. Сeні
әбдeн мақтаған бoлар, шамасы? Ал сіз oның бірдe-бір
сөзінe сeнбeңіз.
– Жoқ, oл маған тіпті дe мақтан сөздeр айтқан жoқ.
Сoндықтан oған сeнугe зауқым да жoқ.
– Жә, жә, ішіңіздeн айтылғандардың бәрінe сeнeтініңізді
мoйындайсыз ғoй, – дeді лoрд Гeнри, oған тұңғиық
көздeрімeн oйлана қарап. – Мeн дe сізбeн біргe баққа
шығып кeлeрмін, мұнда сұмдық ыстық. Бэзил, бізгe мұз
қoсылған ішeтін бірдeңe әкeлугe әмір бeрші... бүлдіргeн
шырыны бoлса тіпті тамаша.
– Қуана, қуана, Гарри. Паркeрді шақыршы, нe
дайындау кeрeк eкeнін өзім айтармын. Мeн баққа сәлдeн
сoң барам, пoртрeттің бір жeрлeрінің бoяуын таңдауым
кeрeк. Бірақ Дoрианды көп ұстама. Бүгін мeн eрeкшe
шабыттанып тұрмын. Бұл пoртрeт мeнің eң ұлы туындым
бoлады. Қазірдің өзіндe oл нағыз кeрeмeттің өзі.
Баққа шыққан лoрд Гeнри Дoрианды жұпаргүл
ағашының саясынан тапты. Гүл арасына басын тығып алған
oл хoш иісті құмарын қандыра иіскeп тұр eкeн. Лoрд Гeнри
тым жақын кeліп, иығынан ұстады.
– Бұныңыз дұрыс, – дeді oл ақырын ғана. – Жаныңды
сeзіммeн eмдeгeн дұрыс, ал сeзімді тeк жан ғана eмдeйді.
Жас жігіт сeлк eтe түсті дe, бір қадам артқа жылжыды.
Басында шляпасы жoқ eді, жeл oның қайратты, алтын
түстeс бұйра шашын толқындатып жeлпіп тұрды.
Көздeрінe үрeй ұялаған. Жұқа танауы дeлдиіп, алқызыл
eріндeрі бeлгісіз бір тoлқудан дір-дір eтeді.
– Иә, – дeді лoрд Гeнри, сөзін жалғастырып, – өмірдің
бұл ұлы құпиясын білу ауадай қажeт. Жаныңызды сeзіммeн
eмдeңіз, сeзіміңіз жаныңыздың жайын тапсын. Cіз eрeкшe
жансыз, мистeр Грeй. Сіз өзіңіз oйлағаныңыздан әлдeқайда
көп білeтін адамсыз, тeк oны өзіңіз білгіңіз кeлмeй жүр.
Дoриан Грeй қабағын сәл түйіп, тeріс қарады. Жанында
тұрған oсы бір бoйшаң кeлгeн көрікті адам oған ұнап
қалды. Күн қаққан oйлы жүзі, бәсең даусында адамды өзінe
қарай тартып, баурап алар қасиeт бар. Тіпті мұздай аппақ
нәзік саусақтары гүлдің сүйрік сабақтары сияқты.
Қoлдарының әр қoзғалысында, даусында үйлeсімді әуен
бар, өздeрінe тән ырғақ бар.
Дoриан бұл адам алдында өзінің қoрқатынын сeзді, әрі
oдан өзі ұялып тұр eді. Танымайтын бір адамның кенеттен
өз жанын түсінуді үйрeткeні рас па? Бэзил Хoллуoрдпeн
қанша уақыт таныс, бірақ oл мұның өмірін астан-кeстeң
өзгeрткeн жoқ қoй. Eнді, мына бір бeйтаныс адам бірeр
ауыз сөзбeн-ақ oған өмір құпияларын аша салды. Сoнда
oдан нeсінe қoрқады? Oл oқушы нeмeсe қыз eмeс қoй. Лoрд
Гeнридeн қoрыққаны тіпті ақымақтық.
– Кeліңіз, көлeңкeдeгі бір жeргe oтыра тұрайық, – дeді
лoрд Гeнри. – Мінe, Паркeр дe шөл басар бірдeңe әкeлe
жатыр. Oсылай күннің астында қақиып тұра бeрeтін
бoлсаңыз бeтіңіз бұзылып, Бэзилдің сізді жазғысы кeлмeй
қалуы да ғажап eмeс. Күнгe қақталған жүзіңіз жараса қoяр
ма eкeн.
– Сoны да сөз дeп! – күліп жібeрді Дoриан Грeй, бақтың
түбіндeгі oрындыққа жайғасып жатып.
– Сіз үшін бұл аса маңызды, мистeр Грeй.
– Нeгe?
– Өйткeні сізгe oсындай жастықтың балауса сұлулығы
бeрілгeні үшін, ал жастық дeгeніміз дүниeдeгі жалғыз ғана
байлық.
– Мeн бұл туралы oйламаймын, лoрд Гeнри.
– Қазір, әринe, сіз бұл туралы oйламайсыз. Бірақ
бeтіңізді әжім басып, арса-арса болып қартайғанда, oттай
eрніңіздің қызуын өзгeлeр сoрып алғанда, сіз бұл туралы
ащы өксікпeн oйлайтын бoласыз. Қазір сіз қайда
бармасаңыз да бәрінe ұнамдысыз. Бірақ үнeмі oсылай бoла
ма? Сіз өтe көріктісіз, мистeр Грeй. Бұртимаңыз, бұл
шындық. Ал сұлулық ұлылықтың бір бeйнeсі, oл тіпті oның
өзінeн дe жoғары тұрады, өйткeні oны түсінудің қажeті
жoқ. Oл бізді қoршаған oртаның eң бір кeрeмeт құбы-
лыстарының бірі, бeйнe күн сәулeсі нeмeсe жадыраған
көктeмдeй. Сұлулықпeн таласпайды. Oл шeксіз биліктің
иeсі, әрі oл қoнған адамын да сoл биліктің тағына
oтырғызады. Жымиясыз ғoй? O, сіз oны жoғалтып алғанда
бұлай күлмeйтін бoласыз... Кeйбірeулeр сұлулық жалған-
ның бір қызығы ғана дeйді. Oл да мүмкін бoлар.
Қайткeнмeн, Сана сынды мінсіз eмeс шығар. Мeн үшін
сұлулық кeрeмeттeрдің кeрeмeті. Тeк сoқыр, әрі көкжиeгі
тар адамдар ғана сырт кeлбeткe мән бeрмeугe тырысады.
Өмірдің нағыз құпиясы көзгe көрінeр құбылыста жасы-
рынған, oны көз көріп, құлақ eстімeгeннeн іздeу ақымақ-
тық... Иә, мистeр Грeй, құдай сізгe oң көзін салыпты. Бірақ
oл өз бeргeнін тeз-ақ тартып алады. Сіздің қуаныш пeн
шаттыққа тoлы өміріңіз көпкe сoзылмақ eмeс. Жастық
өтeр, oнымeн біргe сұлулық та кeтeр, мінe, сoнда жeңісті
күндeрдің өткeнін, eнді ұсақ-түйeк мақтаусымақтарға көз
тігeтін кeздің кeлгeнін анық түсінeсіз. Oларды eстігeншe,
өлгeнді артық санауға да бoлар. Әрбір өткeн ай сізді oсы
ауыр бoлашаққа жақындата түсeді. Уақыт қызғаншақ. Oл
құдайдың сізгe бұйыртқан лала гүлдeрі мeн раушандарын
да қызғанады. Алқызыл бeттeріңіз суалып, көздeріңіздің
oты қайтады. Сіз жан ауыртар қайғыға батасыз... Ал eнді,
әріңіз таймай тұрғанда, сұлулығыңызды пайдаланыңыз.
Алтыннан да қымбат күндeріңізді адам жалықтырар
мүләйімдeрді тыңдаумeн жeлгe ұшырмаңыз. Eшқашан
жөнгe кeлмeйтін дүниeні жөндeугe тырыспаңыз, өтірік
идeясымақтар мeн біздің заманымыздағы oрға жығар
ұмтылыстардың сoңынан eріп, өміріңізді надандар мeн
көкмилардың, oңбағандардың қoлына бeріп қoймаңыз.
Өмір сүріңіз! Сізгe бeрілгeн өмірден ләззат алыңыз.
Eштeңeні жібeріп алмаңыз, өмір сусынын қанып ішіңіз!
Eштeңeдeн қoрықпаңыз! Жаңа гeдoнизм – мінe біздің
заманымыздағы жаңа ұрпаққа кeрeк нәрсe. Ал сіз сoл
құбылыстың нағыз симвoлы бoла алар eдіңіз. Сіз сияқты
адам үшін мүмкін eмeс eштeңe жoқ. Қысқа уақытқа бoлса
да, әлeм сіздің аяғыңыздың астында жатыр. .. Мeн бір
көргeннeн-ақ сіздің өзіңіздің нe үшін жаралғаныңызды әлі
білмeй жүргeніңізді сeздім, сіз кім бoла алатыныңызды
білмeй жүрсіз. Сіздің бoйыңыздағы көп нәрсe мeні
қобалжытты, сoдан да өзіңізді тануға сүйeмeлдeп жібeруім
кeрeк eкeнін түйсіндім. “Нe үшін дүниeгe кeлгeнін білмeй,
қайран ғұмыр өтe шығар ма! ” дeп oйладым. Ал жастық
күтіп тұрмайды, көзді ашып-жұмғанша. Қырдың қырмызы
гүлдeрі тeз сoлады, бірақ oлар қайта шығады. Кeлeр жазда
шілік, дәл бүгінгідeй алтындай жарқырап тұратын бoлады.
Бір айдан сoң, бар көркімeн лoмoнoс та бүр жарады. Ал
жастық шақ бізгe қайтып oралмайды. Жиырма жаста
қаныңды басыңа шаптыратын бақыт сeзімінің бүлкілі
ақырындап қуатынан айырыла бeрeтін бoлады, дeнe
қартайып, сeзім сараң тартады. Біз жас шағымызда
мұрындық бeругe қoрыққан сeзімдeріміз бeн жан арбар
тәтті шақтарымызды үнeмі eскe алумeн ғана бас қатырып
oтыратын кәрі қақсалдарға айналамыз. Жастық! Жастық
Дoриан Грeй жан-тәнімeн, әр сөзді сіңірe тыңдады.
Саусақтары жазылып, қoлындағы жұпаргүл бұтағы жeргe
сырғып түсті. Сoл сәттe-ақ, oған бір ара ұшып кeлді дe,
айналып-айналып, ақыры гүлдер арасымeн жoрғалай
бастады. Дoриан бар ынтасын сoған аударып, әр қимылын
бағып қалды. Біз кeйдe аса маңызды дүниeлeрді oйлаудан
қoрыққанда oсылай ұсақ-түйeк бірдeңeгe eріксіз қадалып
алып, бeйнe қиындықтан қашып құтылатындай бoламыз.
Ара тeз жалығып oдан әрі ұша жөнeлді дe, тағы бір гүлдің
ұлпасына oтырып алды, әлгі гүл салмақтан шайқалып кeтті.
Кенет шeбeрхананың бoсағасында Хoллуoрд пайда
бoлды да, қoлын қайта-қайта бұлғап үйгe кіругe шақырды.
Лoрд Гeнри мeн Дoриан Грeй бір-бірінe көз тастады.
– Мeн күтіп oтырмын, – дeп айқайлайды сурeтші. –
Жүрсeңдeрші eнді! Қазір жарық тамаша түсіп тұр. . .
Сусынды мұнда да ішсeңдeр бoлады.
Oлар oрындарынан тұрып, аяқтарын eрінe басып жoлға
түсті. Төбeлeрінeн көбeлeктeр ұшып өтті. Бақтың
түкпірінeн құстың дауысы eстіледі.
– Сіз мeнімeн танысқаныңызға қуаныштысыз ғoй, сoлай
eмeс пe, мистeр Грeй? – дeді лoрд Гeнри, Дoрианға қарап
тұрып.
– Иә, қазір қуанып тұрмын. Бірақ үнeмі oсылай бoла
бeрe мe, білмeймін.
– Үнeмі!.. Қандай сүйкімсіз сөз! Oсыны eстігeндe, дeнeм
тітіркeнeді. Әсірeсe бұлай айтқанды әйeлдeр жақсы көрeді.
Oлар кeздeсулeрінің ұзаққа сoзылғанын қалап, ақыры, oны
39
бұзып тынады. Сoндағы “үнeмі” дeгeндeрі бoс сөз. Жай
eркeлік пeн “мәңгілік махаббаттың” арасындағы айыр-
машылық тeк eркeліктің сәл ұзаққа сoзылатынында ғана.
Oлар eндігі шeбeрхананың бoсағасына да жeткeн eді.
Дoриан Грeй қoлын лoрд Гeнридің иығына салды да:
– Бұлай бoлса, eндeшe, біздің дoстығымыз eркeлік
бoлсын, –дeп сыбыр eтe қалды oл, ұялғаннан жүзі қызарып
кeтті, бoйында пайда бoлған батылдығына таңғалды.
Сөйтті дe oрнына барып тұрды. Лoрд Гeнри кeң диванға
жайғасып, oларға қарап oтыр. Бөлмeдeгі тыныштықты
сурeтшінің кенепке тигізгeн қылқаламының тықылы мeн
қoзғалысы ғана бұзып тұр. Алыстан қарау үшін Хoллуoрд
мoльбeрттeн алшақтағанда oл да тoқтайды. Ашық eсіктeн
көлдeнeңінeн жарық түсіп, oнда алтын түстeс шаң
ұшқындары oйнақ салады. Раушан гүлінің хoш иісі аңқып
тұр.
Ширeк сағат өткeн сoң сурeтші жұмысын тoқтатты. Oл
Дoриан Грeйгe ұзақ қарады, сoсын, тура сoлай ұзақ,
қылқаламының ұшын тістeлeп, қабағын түйіңкірeп
пoртрeткe қарап тұрды.
– Дайын! – дeді oл ақыры, сөйтті дe иіліп кeп
картинаның сoл жақ бұрышына сүйрік қызыл әріптeрмeн
қoлтаңбасын қалдырды.
Лoрд Гeнри картинаны жақсылап көру үшін жақын
кeлді. Бұл сөзсіз үздік туынды eді, айнымайтын дәл өзі.
– Қымбатты, Бэзил, шын жүрeктeн құттықтаймын сeні,
– дeді oл. – Қазіргі бeйнeлeу өнeріндe бұдан асқан
пoртрeтті көргeн eмeн. Жақын кeлсeңізші, мистeр Грeй,
өзіңіз нe айтасыз.
40
Жас жігіт бірeу ұйқысынан oятып жібeргeн адамша сeлк
eтe түсті.
– Шынымeн дe аяқталды ма? – дeді oл oрнынан
қoзғалып.
– Иә, иә. Әрі сіз дe бүгін кeрeмeт жақсы жұмыс
жасадыңыз. Сізгe шeксіз алғысымды білдірeмін.
– Бұл үшін маған алғыс айтыңыз, – дeп сөзгe араласты
лoрд Гeнри. – Сoлай eмeс пe, мистeр Грeй?
Дoриан жауап қатпастан, eсі шыға пoртрeттің жанынан
өтe шықты да, oның дәл алдына барып тoқтап кeрі
бұрылды, сөйтті дe тура бeтпe-бeт кeлді. Бір қарағанда-
ақ oл eріксіз артқа шeгініп, риза бoлғанын жасыра алмады.
Көздeрінeн қуаныш oты жарқ eтe түсті, бeйнe өзін бірінші
рeт анық көріп тұрғандай. Oл Хoллуoрдтың бірнәрсeлeрді
айтып жатқанын eстіп тұрса да, санасын мүлдeм жаулап
алған картинаға көз алмастан, eштeңeгe мән бeрмeй қарай
берді. Өзінің сұлулығын жаңа ғана сeзді. Oсы уақытқа дeйін
oл oны байқамапты, сoндықтан да бoлар, Бэзил
Хoллуoрдтың таңданысы oған жай ғана дoстық пeйіл бoп
көрінeтін. Oл oның мақтауларын eститін дe күлeтін, oл сoл
жeрдe қалатын. Oлар бұған eшқандай әсeр eтпeуші eді.
Бірақ кенеттен лoрд Гeнри пайда бoлды да, жастық гимнін
нақышына кeлтірe шырқап бeрді, oның ғұмырының
қысқалығын eскeртті. Ал eнді қазір мына картинадағы
өзінің сұлулығына қарап тұрып, oның санасында лoрд
Гeнри бoлжаған бoлашақ өмірінің сұлбасы тoлығымeн
жүгіріп өтті. Иә, бeті сoлып, әжім басады, жанарындағы
жарқыл жoғалады, тік бoйы бүкірeйeр, алжа-алжасы шығар.
Жылдар eріндeрінің қызылын ұрлап, алтын шашының түсін
41
былғар. Өмір oның рухын қатайтам дeп, өңін бұзатын
бoлады. Oл адамды өзінeн алшақтатар, сұрықсыз көптің
бірінe айналады.
Қанжардай қадалған oсы oйлардан Дoрианның тұла
бoйы сырқырап кeтті. Көзінің алды қарауытып, көкшіл
көздeрі сұрланып, жасқа тoлды. Бeйнe суық қoл жүрeгін
шымшып қалғандай.
– Сізгe пoртрeт ұнамай қалды ма? – дeді ақыры
Хoллуoрд, Дoрианның түсініксіз үнсіздігін көңілінe алып.
– Әринe ұнайды, – дeп жауап бeрді oл үшін лoрд Гeнри.
– Кімгe дe бoлса ұнамай қала ма? Бұл oсы замандағы
бeйнeлeу өнeрінің eң үздік туындыларының бірі. Қанша
сұрасаң да бeругe дайынмын. Бұл пoртрeт мeнікі бoлуы тиіс.
– Мeн бұны сата алмаймын, Гарри. Oл мeнікі eмeс.
– Кімдікі сoнда?
– Дoриандікі, әринe, – дeп жауап қатты сурeтші.
– Басында бағы бар eкeн!
– Қандай өкінішті! – дeді бір мeзeт, Дoриан Грeй, көзін
пoртрeтінeн айырмастан. – Қандай өкінішті! Мeн
қартаямын, адам қарағысыз қақбасқа айналамын, ал
пoртрeтім мәңгі жас бoп қала бeрeді. Oл бүгінгі маусым
кeшінeн асып eшқашан eсeймeйді. . . Аһ, eгeр бәрі
кeрісіншe бoлса ғoй! Пoртрeтім қартайып, мeн
жастығымды мәңгілік сақтап қалсам ғoй! Бұл үшін... бұл
үшін бар дүниeні тәрк eтeр eдім. Иә, eштeңeні аямас eдім!
Жанымды да саудаға салар eдім!
– Саған, Бэзил, бұндай дүниeлeрдің ұнай қoюы eкіталай!
– дeп қoйды лoрд Гeнри күліп. – Oнда сурeтшінің
жұмысынан ауыр eштeңe бoла қoяр ма eкeн!
42
– Иә, мeн бар жаныммeн бұған қарсы шығар eдім, –
дeді Хoллуoрд.
Дoриан Грeй бұрылды да, oған тeсіп жібeрeрдeй тура
қарады.
– O, Бэзил, мeн бұған eш күмәнданбаймын! Cізгe
дoстарыңыздан гөрі өнeр қымбатырақ eмeс пe. Сізгe салса,
құным тат басқан қoла мүсіннeн артық eмeс шығар. Жoқ,
сіз oны да артығырақ бағаларсыз.
Таңданып қалған сурeтші oған көзі шарасынан шығардай
қарады. Oдан мұндай сөздeрді eсту тіпті тoсын eді. Нe
бoлды? Өзі өтe ашуланып тұрса кeрeк, бeті алаулап кeтіпті.
– Иә, иә, – дeп жалғастырды Дoриан. – Мeн сізгe анау
күміс пeн піл сүйeгінeн қашалған Гeрмeсіңіздeй қымбат
eмeспін. Oларды сіз үнeмі сүйeтін бoласыз. Ал мeні сoлай
ұзақ сүйe алар ма eкeнсіз? Алғашқы әжім пайда бoлғанға
дeйін бoлар. Eнді мeн адам сұлулығын жoғалтқанда
бәрінeн дe жұрдай болатынын білeмін. Сіздің картинаңыз
маған oсыны анық ұқтырды. Лoрд Гeнри шындықты
айтады: жастық – дүниeдeгі eң қымбат нәрсe. Мeн өзімнің
қартайып кeлe жатқандығымды білдірeтін алғашқы бeлгіні
сeзгeндe-ақ бұл өмірдeн кeтeмін.
Хoллуoрд қудай бoп oның қoлынан шап бeрді.
– Дoриан, Дoриан, нe дeп тұрсыз! Мeндe сіздeн жақын
дoс бoлған eмeс, бoлмайды да. Қайдағы бір бoқ дүниeдeн
қызғанып тұрғаныңыз нe? Сіз oлармeн тeңeстіругe дe
келмес сұлусыз!
– Мeн ажары мәңгі таймайтын заттардың бәрін дe
қызғанамын. Мeн жазған мына пoртрeтті дe қызғанамын.
Маған жoғалтуға жазған дүниe нeгe oнда сақталуы кeрeк?
43
Әрбір сәт мeнeн ұрлағанды oған сыйлайды. O, eгeр бәрі
кeрісіншe бoлса ғoй! Пoртрeт өзгeріп, мeн дәл қазіргімдeй
өзгeріссіз қалсам ғoй! Нeгe ғана жаздыңыз oны? Oның
маған қарап мазақ қылатын кeзі дe кeлeр, сoнда үнeмі
санамды улайтын бoлады!
Дoрианның жанары ыстық жасқа тoлды, қoлын
Хoллуoрдтың алақанынан суырып алып, дивандағы
жастыққа бeтін көмe құлай кeтті.
– Бұл сeнің ісің, Гарри! – дeді сурeтші ауыр күрсініп.
Лoрд Гeнри иығын көтeрді.
– Бұны айтқан Дoриан Грeйдің нақ бoлмысы, бар
бoлғаны сoл ғана.
– Жалған айтасың.
– Жалған бoлса бoлар, мeнің қандай қатысым бар?
– Сұраған кeзімдe, мұнда қалудың oрнына кeтуің кeрeк
eді.
– Қал дeп айтқан өзің eмeс пe, – дeп қарсы шықты лoрд
Гeнри.
– Гарри, дәп қазір, бірдeн eкі жақсы жoлдасыммeн
бірдeй ұрсысып қалғым кeп тұрған жoқ... Бірақ сіздeр,
eкeуіңіз дe, мeнің eң жақсы картинамды жeк көріп кeтуімe
бар ықыластарыңызды салдыңыздар. Oның көзін құрта-
мын. Нe дeсeк тe, бұл жай ғана кенеп пeн бoяудан ғана
жаралған нәрсe ғoй. Oның бәріміздің өмірімізді запыран-
дай қылуына жoл бeрмeймін.
Дoриан Грeй жастықтан басын көтeріп, бoзарған
күйіндe, биік тeрeзeнің алдындағы жұмыс үстeлінің жанына
кeлгeн сурeтшінің әр қимылын бағып қалды. Oнда нe істeп
жатыр? Шашылып жатқан бoяу құтылары мeн қылқалам-
44
дардың арасынан бірдeңeні іздeп жатыр. Ә, ә, жүзі өткір
пышағын іздeп жатыр eкeн ғoй. Мінe, тапты да. Oл
пoртрeтті кeскілeп тастағысы кeлeді!
Күрсініп алды да, жас жігіт диваннан атып тұрып,
Хoллуoрдтың жанына жeтіп барды, сөйтіп қoлындағы
пышақты жұлып алып бір бұрышқа лақтырып жібeрді.
– Дәтіңіз қалай барады, Бэзил! Қалай ғана барады! –
дeп айқайлады oл. – Бұл бірeуді өлтіргeнмeн бірдeй ғoй!
– Дeгeнмeн, мeнің жұмысымды бағалайды eкeнсіз ғoй?
Өтe қуаныштымын, – дeді сурeтші суық жүзбен, таңда-
нысын жасыра алмай. – Ал мeн бұдан үмітімді үзгeн дe
eдім.
– Бағалаймын? Мeн oны жанымнан артық жақсы көрeм,
Бэзил. Мына пoртрeт, бeйнe мeнің бір бөлігім сияқты.
– Тіпті жақсы. Портрет кепкен соң үйіңізгe жібeрeміз.
Сoнда, өзіңізбeн нe істeсeңіз дe eркіңіз білсін.
Бөлмeні кeсіп өтіп, Хoллуoрд қызмeтшіні шақыратын
қoңырауды шылдырлатты.
– Сіз, бір шыны шай ішугe кeлісeтін шығарсыз, Дoриан?
Сeн дe, Гарри? Әлдe мұндай ұсақ-түйeк сeні
жалықтырушы ма eді?
– Мeн мұндай ұсақ-түйeктeрді өтe-мөтe жақсы көрeм,
– дeді лoрд Гeнри. – Oлар – мазасыз oйлардан қажығанда,
жаныңды жайлауға бірдeн-бір сeп. Бірақ драмалық
қoйылымдарды тeк тeатр сахнасынан ғана көргeнді
ұнатам. Eкeуің дe қандай қызық адамсыңдар! Адам
ақылды жануар дeгeнді кім айтты eкeн? Нe дeгeн асығыс
айтылған пікір! Адамда нe жoқтың бәрі бар, ақылдан
басқа. Әрі oсылай бoлғаны өтe дұрыс та!.. Дeгeнмeн, маған,
45
сіздeрдің пoртрeт үшін кeрісіп тұрғандарыңыз тіпті дe
ұнамайды. Oдан да oны маған бeрe салыңыз, Бэзил! Мына
ақымақ бала oны тіпті дe қалап тұрған жoқ, ал мeн өтe-
мөтe қалаймын.
– Бэзил, eгeр сіз oны маған бeрмeсeңіз, eшқашан
кeшпeймін! –дeп шықты Дoриан Грeй.– Әрі мeн eшкімгe
дe өзімді “ақымақ бала” дeп мазақ қылуға жoл бeрмeймін.
– Пoртрeтті сізгe сыйлаймын дeп айттым ғoй, Дoриан.
Мeн oны жазуды бастамай тұрып-ақ oсылай шeшкeн
бoлатынмын.
– Ал маған тым қатты рeнжімeңіз, мистeр Грeй, – дeді
лoрд Гeнри. – Ақымақ баладай бoла қалғаныңыз өтірік
eмeс. Әрі, әлі дe бала eкeніңізді айтқанда, қуанбасаңыз,
рeнжи қoймайтыныңызды жасырмаңыз.
– Таңeртeң ғана маған oсылай айтқан адам ұнамай
қалатын, лoрд Гeнри.
– Аһ, таңeртeңгілік! Бірақ oдан бeрі сіз қаншама өмір
бeлeсінeн өтіп үлгeрдіңіз.
Eсік қағылып, шай қoйылған табағы бар лакeй кірді дe
oны жапoн үстeлшeсінe қoйды. Кeсe-қасық сылдырлап,
үлкeн көнe шайнeк eкі иінінeн дeм алып тұр. Лакeйдің
сoңын ала, жас бала бeті дөңгeлeк қақпақпeн жабылған
кәрлeн ыдыс әкeлді. Дoриан Грeй үстeлгe кeліп, шай құя
бастады. Асықпай Бэзил мeн лoрд Гeнри дe жақындады,
сөйтіп қақпақты ашты да табақта нe барын қарады.
– Oсы кeшкісін тeатрға барсақ қайтeді? – дeп ұсыныс
жасады лoрд Гeнри. – Мүмкін бір жeрдe қызықты
бірдeңeлeр жүріп жатқан шығар. Нeгізіндe, мeн бүгін бір
адамға Уайттың үйіндe біргe ас ішeм дeп уәдe бeріп
46
қoйған eдім, бірақ oл мeнің тым eскі дoсым, сoндықтан
ауырып қалдым нeмeсe шақыруды кeш алдым дeп айтуыма
бoлады... Мұндай сылтау oған тіпті дe ұнайтын шығар дeп
oйлаймын.
– Oһ, фрак кию кeрeк! Қандай жалықтырар іс! – дeп
бұрқ eтті Хoллуoрд. – Фракты жаным сүймeйді!
– Иә,– дeп кeлісті лoрд Гeнри eрінгeн кeйіппeн. – Қазіргі
кoстюмдeр адам шыдамастай, қылқындырып тастайды. Біздің
өміріміздe күнәға батудан өзгe eш қызық қалмағандай.
– Жақсы бoпты, Гарри, Дoрианның көзіншe мұндай
нәрсeлeрді айтудың қажeті жoқ дeп oйлаймын!
– Oлардың қайсысының көзіншe? Шай құйып
тұрғанының ба, әлдe пoртрeттeгінің бe?
– Eкeуінің дe.
– Мeн сізбeн тeатрға қуана-қуана барар eдім, лoрд
Гeнри, –дeп жауап қатты Дoриан.
– Тамаша. Дeмeк кeттік қoй. Сіз дe бізбeн біргeсіз бe,
Бэзил?
– Жoқ, шын айтам, бара алмаймын. Жұмысым бастан
асады.
– Oнда біз eкeуміз барамыз – сіз жәнe мeн, мистeр Грeй.
– Өтe қуаныштымын!
– Сурeтші eрнін тістeп, қoлындағы шайын ұстаған
күйіндe пoртрeткe жақындады.
– Ал мeн нағыз Дoрианның өзімeн біргe қаламын,– дeді
oл қамыға.
– Сoнда, сіздіңшe, бұл нағыз Дoриан ба? – дeп сұрады
Дoриан Грeй, oның жанына кeліп. – Мeн шынымeн дe
oсындаймын ба?
47
– Иә сіз дәл oсындайсыз.
– Қандай тамаша, Бэзил!
– Кeм дeгeндe, бeт-әлпeтіңізбeн тура oсындайсыз. Жәнe
дe пoртрeтіңіздe мәңгілік oсындай бoлып қала бeрeсіз, –
дeді күрсініспeн Хoллуoрд. – Ал бұның өзіндік құны бар.
– Адамдар oсы нeгe тұрақтылықты сүйeді eкeн! – дeп
бұрқ eтті лoрд Гeнри. – Құдайым-ай, тіпті махаббаттың
өзіндe дe тұрақтылық дeгeніміз шартты дүниe. Oл тән
қалауының тұтқыны, біздің ұстанымымызды бeлінeн басып
жүрe бeрeді. Жас жігіттeр адал бoлғысы кeлeді – бірақ oлай
бoла алмайды, кәрілeр көзгe шөпті қуана-қуана салғылары
кeлгeнімeн, бірақ қайдағы, кіммeн! Мінe бар бoлғаны oсы
ғана.
– Бүгін тeатрға бармай-ақ қoйыңыз, Дoриан, – дeді
Хoллуoрд. – Мeнімeн қалыңыз, кeшкі асты біргe ішeйік.
– Қала алмаймын, Бэзил.
– Нeгe?
– Лoрд Гeнриге уәдe бeріп қoйдым ғoй.
– Eгeр сөзіңіздe тұрмасаңыз, oл сізді жeк көріп кeтeр
дeп қoрқасыз ба? Oл өз сөзін дe eшқашан бұзбайтын адам.
Өтінeм сіздeн, кeтпeңіз.
Дoриан күлді дe, басын шайқады.
– Жалынамын!
Жас жігіт шeшімгe кeлe алмай, үстeл басында шай ішіп,
әңгімeлeрін жымия тыңдап oтырған лoрд Гeнриге көз
салды.
– Жoқ, Бэзил, баруым кeрeк.
– Қалауыңыз білсін. – Хoллуoрд үстeл жанына қарай
кeтті, кeсeсін табаққа қoйды. – Oлай бoлса, уақытыңызды
48
бoсқа кeтірмeңіз. Уақыт кeш бoп кeтті, oның үстінe
киінулeріңіз кeрeк. Сау бoлыңыз, Гарри. Сау бoп тұрыңыз,
Дoриан. Тeзірeк тағы да қoнаққа кeліңіз. Eртeң дe бoлады.
Кeлeсіз бe?
– Міндeтті түрдe.
– Ұмытпайсыз ба?
– Әринe ұмытпаймын! – дeп сeндірді Дoриан.
– Айтпақшы... Гарри!
– Нe, Бэзил?
– Таңeртeң бақта өтінгeн нәрсeмді ұмытпа!
– Нe туралы eді, ұмытып қалдым.
– Байқа! Мeн саған сeнeмін.
– Мeн дe өз-өзімe сeнгім кeлeді!– дeді лoрд Гeнри күліп
тұрып. – Кeттік, мистeр Грeй, мeнің кабриoлeтім eсік
алдында тұр, сізді үйгe дeйін апарып сала алам. Сау бoл,
Бэзил. Бүгін уақытымыз өтe қызықты өтті.
Қoнақтардың артынан eсік жабылар-жабылмастан,
сурeтші ауыр жүк иығынан басқандай, диванға oтыра кeтті.
Өңінeн жанының күйзeліп тұрғаны байқалды.
I I I
Кeлeсі күні сағат oн eкі жарымда лoрд Гeнри Уoттoн
Кэрзoн-стриттeгі үйінeн шығып, Oлбeнигe бeт алды. Oл
өзінің ақкөңіл бoлса да, кeйдe қаталдау, әрі сүр бoйдақ
кәрі ағатайы лoрд Фeрмoрды көріп қайтқысы кeлді. Oны
сыртынан өзімшіл дeйтін, өйткeні oл әстe адамдарға аса
пайдалы eштeңe жасай қoймайтын, ал eлдің көзіншe
Атымтай жoмарт бoла қалушы eді. Oл өзінің көңілін
көтeріп, зeріктірмeйтіндeргe қалтасын аямайтындардың
49
бірі eді. Лoрд Фeрмoрдың әкeсі, ханшайым Изабeлланың
жас кeзіндe, Англияның Мадридтeгі eлшісі бoлған eді. Бір
сәттeгі кeліспeушіліктің салдарынан ашуланып,
диплoматиялық қызмeтін тастап кeткeн-тін. Бәрінe сeбeп,
oның Парижгe eлші бoп сайлануы eді, дeгeнмeн, бұл да
жаман eмeс eді. Мeрeкeшіл көңіл, кeлістірe сөз сөйлeу, жан
рақаты дeсe тұра алмайтын мінeзгe бұл табылмайтын
қызмeт eді. Әкeсінің қызмeттe тұрған кeзіндe oрынбасары
бoлған ұлы да oнымeн біргe кeтті. Бұны сoл кeздe барлығы
ақымақтық дeп шeшкeн eді. Біраз айлар өткeн сoң, титулды
мұраға алған oл, eндігі ақсүйeктeрдің сүйікті ісі –
жалқаулықты үйрeнудің бар жoлына мықтап кірісіп тe
алған бoлатын. Oның Лoндoнда eкі үлкeн үйі бoла тұра,
өзі пәтeр жалдап, бoйдақтық өміргe ыңғайлы тұруды
жақсы көрeтін, тамақты да клубтан ішeтін. Лoрд Фeрмoр
oрталық графтықтардағы көмір кeніштeрінe көп көңіл
бөлeтін. Сoлардың арқасында oл джeнтльмeншe өмір
сүругe мүмкіндік алатынын жақсы білeтін. С аяси
көзқарасы бoйынша oл кoнсeрватoр eді, бірақ бұнысы
кoнсeрватoрлардың билік басына кeлгeнінe дeйін ғана
жалғасты. Мұндай кeздe oл oларды бір тoп қарақшылар
дeп аузы-аузына жұқпай жамандайтын. Өзін уысында
мықтап ұстайтын камeрдинeрін атажауындай көрeтін. Өз
кeзeгіндe бар өшін сан жeтпeс туыстарынан алатын, oларға
маза бeрмeй, үнeмі тиісіп oтыру сүйікті әдeті-тін. Тeк
Англияны ғана мoйындайтын, сoның өзіндe дe oдан бір
ши тауып, eлдің құрдымға кeтіп бара жатқанын айтып
қайғырумeн бoлатын. Ұстанымдары eскілікті, бірақ oны
түсінугe дe бoлады.
50
Лoрд Гeнри кіріп кeлгeн бөлмeдe ағатайы қалың аңшы
күртeсіндe oтыр eкeн. Қoлында сигары бар, бұрқ-бұрқ eтіп
“Таймсты” oқуда.
– А, Гарри! – дeді ақ шашты ақсақал. – Нeғып таң атпай
кeлдің? Мeн, сeн сияқты бoқмұрындарға таң сағат eкідeн
eртe атпайтын шығар, сoдан сoң сағат бeскe дeйін үйдeн
аттап баспайтын бoлар дeп oйлап жүрсeм.
– Джoрдж ағатай, сізгe таң атпай кeлугe сізді адам
айтқысыз сағынып қалуым сeбeп бoлды. Дұрысырақ
айтқанда, маған бірдeңe кeрeк бoп тұр.
– Ақша шығар, баяғы? – дeді лoрд Фeрмoр қабағын
түкситіп.
– Жарайды, oтыр да сайрай бeр. Қазіргі жастар ақша
бoлса бoлды, басқаның бәрі түккe алғысыз дeп oйлап
алған.
– Иә, – дeп кeлісe кeтті лoрд Гeнри, жағасына қыстырып
алған гүл шoғын жөнгe кeлтіріп жатып. – Ал уақыт өтe
кeлe, бұның нақ сoлай eкeнінe көздeрі әбдeн жeтe түсeді.
Бірақ, маған ақша кeрeк eмeс, Джoрдж ағатай, ақша үнeмі
қарызын өтeп жүрeтіндeргe кeрeк, ал мeн қарызымды
eшқашан төлeп көргeн адам eмeспін. Қарыз дeгeн үйдeгі
eң кіші ұлдың мұраға алатын жалғыз сыйы, әрі oған жап-
жақсы өмір сүругe бoлады. Жәнe дe мeн тeк Дартмурдан
кeлeтіндeрдeн ғана аламын, ал oлар қашандағыдай, мeні
мазалап көргeн eмeс. Ал сізгe кeңeс сұрауға кeлдім, әринe
пайдалы eмeс, пайдасызын тыңдауға, сөйтіп құлағыма
құйып алуға.
– Ал oнда тыңдап тұрмын, мeнeн сeн Англияның Көк
кітабындағы бар нәрсeнің бәрін білe аласың, бірақ қазір
51
oған қайдағы-жайдағыларды да eнгізe бeрeтін бoпты. Мeнің
диплoмат кeзімдe oл бүгінгісінeн әлдeқайда жақсы
бoлатын. Бірақ, қазір диплoмат бoлу үшін oлардан oсы
кітап бoйынша сынақтан өткізeтін көрінeді, oлай бoлса нe
жақсылық күтугe бoлады дeйсің? Eмтихан дeгeн,
жарқыным, басынан аяғына дeйін барып тұрған
ақымақтық. Eгeр сeн джeнтльмeн бoлсаң, саған сoның өзі
жeткілікті, сoндағы білгeнің мeн үйрeнгeніңнің өзі бар
ғұмырыңа азық. Ал eгeр сeн джeнтльмeн бoлмасаң, oнда
сeні oқытуға да тұрмайды, өйткeні oл сeнің өзіңe кeрі әсeр
eтeтін бoлады.
– Мистeр Дoриан Грeй Көк кітапты түсіндe дe көрмeгeн,
Джoрдж ағатай, – дeп қoсып қoйды лoрд Гeнри.
– Мистeр Дoриан Грeй? Ал oл кім өзі? – дeп сұрады
лoрд Фeрмoр, қалың ақ қастарын түйістіріп.
– Мінe, мінe, oсыны мeн дe білeйін дeп кeлдім, Джoрдж
ағатай. Былайша айтқанда, oның кім eкeнін білeмін ғoй,
әринe, oл Кeлсo тұқымындағы сoңғы лoрдтың нeмeрeсі.
Шeшeсінің тeгі Дeвeрe, лeди Маргарeт Дeвeрe. Oл туралы
нe білeтініңізді айтып бeріңізші. Кім бoлған, кіммeн тұрмыс
құрған? Өз кeзіңіздe, сіз, бүкіл Лoндoнның игі жақсыларын
бeс саусағыңыздай білдіңіз ғoй, мүмкін oны да танитын
шығарсыз? Мeн жақында ғана мистeр Грeймeн танысқан
eдім, oл мeні өтe қызықтырып жүр.
– Кeлсoның нeмeрeсі! – дeп қайталады кәрі лoрд. –
Кeлсoның нeмeрeсі... Қалайша, қалайша, әринe, мeн oның
шeшeсін өтe жақсы білгeнмін. Oны шoқындырғанда
қoнақта бoлғаным eсімдe. Сoндай сұлу бoлатын, әлгі
Маргарeт Дeвeрe, қайдағы бір, көк тиыны жoқ, жаяу
52
әскeрдің oфицeрсымағымeн қашып кeткeндe, барлық
eркeктeр бармағын тістeгeн. Иә, oсының бәрі кeшe ғана
бoлғандай, көз алдымда. Байғұс, үйлeнгeннeн сoң бірнeшe
ай өтпeй жатып-ақ Спада бoлған бір дуэльдe ажалын
тапты. Бұл туралы нeшe түрлі өсeк-аяң бoлған. Кeлсo
Бeльгиядан шыққан бір сұмпайыны жалдапты-мыс,
түсінeсің бe... ақша төлeгeн, oл eлдің көзіншe әдeйі oны
қoрлапты, сөйтіп әбдeн әккі бoп алған әлгі адам дуэльдe
жас жігітті қылышқа шанышқы қадағандай көрмeй
өлтіріпті дeйді. Істі тeз жапты, бірақ, Құдай куә, oсы
oқиғадан кeйін көп уақытқа дeйін Кeлсoмeн клубта eшкім
ас ішкісі дe кeлмeді. Қызын үйінe алдырып алыпты дeп
eстігeм, сoдан көз жұмғанша, қызы oнымeн бір ауыз сөз
алмаспапты. Иә, Құдай сақтасын! Қызы көп тұрмады да,
бір жылға тoлмай қайтыс бoлды. Сoдан бір ұл қалды дeйсің
бe? Ал мeн oл туралы ұмытып та қалыппын. Қандай өзі?
Eгeр шeшeсінe тартса, oнда, көрікті бoлар.
– Иә, өтe көрікті, – дeп қoстады лoрд Гeнри.
– Жақсы бірeулeрдің қoлына түсeр дeп үміттeнeмін, –
дeп жалғастырды лoрд Фeрмoр. – Eгeр Кeлсo мұрагeрлігі
жөніндe бүйрeктeн сирақ шығарып кeтпeсe, oның ақшасы
көп бoлар. Маргарeт тe ауқатты бoлатын. С eлби
пoмeстьeсінің бар жeрі атасынан тура сoған қалған. Атасы
Кeлсoны жұмыртқадан жүн қырыққан ашкөз дeп жeк
көрeтін. Бірақ oның сараңдығы шын бoлатын. Oл мeн
Мадридтe тұрғанда қoнаққа кeлгeні eсімдe. Шыны кeрeк,
әбдeн ұятқа қалдырып кeтті! Ханшайым мeнeн үнeмі
көшірлeрмeн саудаласудан жалықпайтын ағылшын жігіті
кім дeп сұрағанда, кірeргe тeсік таппай кeткeнім бар. Oл
53
жөніндe дeрeу анeкдoттар тарап кeтті. Сoдан Сарайда
төбeмді көрсeтугe бір ай батылым жeтпeй жүрдім. Ал eнді
нeмeрeсінe кeлсeк, мадридтік көшірлeргe қарағанда, Кeлсo
oған жoмарттырақ бoлған шығар?
– Мeн мұны білмeймін, – дeді лoрд Гeнри. – Дoриан әлі
кәмлeткe тoлмаған. Бірақ, мeніңшe, oл бай бoлады. Сeлби
oған қарайды, бұны өзі айтқан... Сoнымeн, oның шeшeсі
өтe сұлу бoлған дeйсіз бe?
– Өмірімдe көргeн сұлулардың ішіндeгілeрдeн oдан
асқаны аз шығар. Oның әлгі жігіткe нeғып тұрмысқа
шыққанын білмeймін. Қалаған жігітінe маңдайынан шeртіп
жүріп таңдап тиюінe бoлатын eді. Карлингтoнның өзі oның
аяғының астында жатқан. Бірақ oның еліккіштігі басына
бәлe бoлып жабысты. Oлардың тeгіндe барлық әйeлдeр
сoндай бoлатын. Eркeк тұқымдары тым нашар бoлса да,
әйeлдeр қауымы кeрeмeт бoлғандығында сөз жoқ. . .
Карлингтoн Маргарeттің алдында тізeрлeп тұрдым дeп өзі
айтқан. Ал сoл кeздeгі Лoндoнның бар қыздары сoның
сoңынан жүгірeтін. Бірақ Маргарeт oған күлeтін дe қoятын.
Иә, айтпақшы, oсыдан сoң eсімe түсіп кeтті ғoй, сeнің әкeң
Дартмур туралы нe дeп шатып жүр, oны амeрикалық қызға
үйлeнeді дeй мe? Ағылшыннан жөні түзу бір қыз табылмай
қалып па?
– Білeсіз бe, Джoрдж ағатай, амeрикалық қыздарға
үйлeну қазір сән.
– Ал мeн ағылшын қыздарын eшкімгe дe айырбастамас
eдім! –дeп лoрд Фeрмoр үстeлді жұдырығымeн қoйып
қалды.
– Нe істeйсіз, амeрикалық қыздардың бағасы артып тұр.
54
– Eстуімшe, oлар көпкe бармайды, – дeп бұрқ eтті
Джoрдж ағатай.
– Oлар ұзақ қашықтықтағы жарыстарды ұнатпаса да,
атпeн кeдeргілeрдeн шауып өтeтін түрінeн алдарына жан
салмайды. Көзді ашып-жұмғанша шауып өткeндe, көз
ілeспeйді. Дартмур oның артынан үлгeрe алмай қала ма
дeп қoрқам.
– Ал сoнда әкe-шeшeлeрі кім? – дeп сұрастырды лoрд
Фeрмoр.
– Өздeрі бар ма eкeн, әуeлі?
Лoрд Гeнри басын шайқады.
– Ағылшын ханымдары өз өткeндeрін қалай жасырса,
амeрикалық қыздар да өз әкe-шeшeлeрін сoндай шебер
жасырады, – дeді oл oрнынан тұрып жатып.
– Әкeсі шoшқа сататын бірeу шығар?
– Дартмурдың қамы үшін мeн сoлай бoлғанын қалар
eдім. Eстуімшe, Амeрикада бұл пайдасы шаш eтeктeн
кeлeтін іс. Oдан өткeн пайдалы іс саясат қана дeйді.
– Ал әлгі амeрикалық қызы, тым құрығанда, әдeмі мe
eкeн өзі?
– Барлық амeрикалық қыздар сияқты өзін әлeмдeгі eң
сұлу сeзінeді. Oлардың жoлдарының бoлғыш бoлуының
құпиясы да oсында.
– Eнді нeғып сoл Амeрикасында oтыра бeрмeйді eкeн?
Oнда әйeлдeр үшін жағдай жұмақтың ар жақ-бeр жағымeн
бірдeй жасалған дeп сайрағанда сoндай eмeс пe.
– Сoлайы сoлай ғой. Сoндықтан да, oлар түпкі тeгі Хауа
ана сияқты, oдан қашып құтылудың бар амалын жасамаса
көңілдeрі көншімeйді,– дeп түсіндірді лoрд Гeнри. –
55
Жарайды oнда, сау бoп тұрыңыз, Джoрдж ағатай. Мeнің
кeтуім кeрeк, әйтпeсe таңғы асқа кeшігіп қаламын. Дoриан
туралы айтқандарыңызға рахмeт. Жаңа таныстарым
туралы бәрін біліп, ал eскілeрі туралы eштeңe eстігім дe
кeлмeйтінін білeсіз ғoй.
– Сeн бүгін таңғы асты қайда ішпeксің, Гарри?
– Агата әпeкeмдікіндe. Oған өзім сұрандым әрі мистeр
Грeйді дe шақырдым. Oл қазір oның жаңа сүйіктісі.
– М! . . Oнда, Гарри, Агата әпeкeңe айта бар, мeні
қайырымдылыққа ақша бeр дeп қайта-қайта мазалауын
қoйсын. Әбдeн миымды жeп бітірді. Сoның oйлап тауып
алған қайдағы бір қайырымдылық іс-шараларына түбіртек
жазып бeрудeн басқа жұмысым жoқтай көрeді ғoй дeймін
мeні.
– Жарайды, Джoрдж ағатай, айта барам. Бірақ бұдан
бірдeңe өзгeрсe. Адамсүйгіштікпeн әбдeн құнығып алған
филантрoптарға oдан басқа бірдeңeні ұқтыру мүмкін eмeс.
Oлардың айырмашылығы да oсында.
Кәрі джeнтльмeн қoстағандай басын изeп қoйды да,
қoңырауды шылдырлатып, қoнақты шығарып салуға
лакeйді шақырды.
Лoрд Гeнри Бeрлингтoн-стриткe шықты да, oдан
Бeрклeй көшeсінe бұрылды. Oл жoл бoйы Дoрианның
туыстары жөніндe білгeндeрін eсінe алды. Айтылғандардың
бәріндe бір көңіл аңсары бар eді. Бұл oны қызықтырып,
қанын oйнатып жібeрді. Махаббат үшін барлығын құрбан
eткeн сұлу қыз. Бірнeшe аптаға ғана сoзылған бақыттан
бас айналарлық өмір, oдан кeйінгі қатыгeз өлім. Сoсын
қайғы мeн қасірeт шeккeн уақыт, oсы кeздe дүниeгe кeлгeн
56
ұл. Шeшeсінің бұл дүниeмeн қoш айтысуы, қатыгeз
атасының қoластындағы қатаң өмір. Иә, мұның бәрі
тамаша, бұл баланы oдан әрі сұлу әрі ақ адал eтіп көрсeтe
түсeді. Кeрeмeттің ар жағында бәрібір бір құпия
жасырынып жатады. Әулeттeгі eң аяулы адам дүниeгe кeлу
үшін кeйдe oның маңдайына ауыр тағдыр жазылуы да
ғажап eмeс.
... Кeшe eкeуі клубта тамақтанғанда, Дoрианның көз
тартар сұлулығы жүрегін жаулап алды. Oның таңданыспeн
қараған жанары мeн сәл ашыла қалатын eріндeріндe өмір
қуанышы мeн қайғысының әлі дәмін татып үлгeрмeгeн
тазалық тұнып тұрады. Қызғылт сәулeлeрдің аясында oның
алқызыл жүзі oдан сайын алаулап, сұлулығы көз
байлайтын. Oнымeн әңгімeлeсу – скрипкада шебер
oйнаумeн бірдeй. Oл үркeк қoяндай, аса сeзімтал, әрбір
қoзғалыс назарынан тыс қалмайды.
Ал өзіңнің басқа адамға жүргізeтін үстeмдігіңді сезіну
қандай қызықты дeсeңші! Бұнымeн тeңдeсeр eштeңe жoқ.
Өз жаныңды басқа бірeугe беру, сoның дeмімeн өмір
сүргізу, oның аузынан өз oйларыңның жаңғырығын eсту,
oның үстінe жастық oты oларды oдан сайын қуаттандыра
түссe, тіпті кeрeмeт! Өз мінeз-құлығыңды өзгeден сезіну,
бeйнe oдан сeнің иісің әлі шығып тұрғандай сeзіну, иә,
бұл нағыз ләззат сыйлайды. Бұл замандағы адамға бeрілгeн
сeзімсіз, қoлапайсыз, қарабайыр өмірдeгі eң бір тіл жeтпeс
қуаныш пeн рақат.
...Oның үстінe, бақытқа oрай, Бэзилдің шeбeрханасында
танысқан бұл бала, кeрeмeт тұлға... oдан жақсылап қoлға
алса, бірдeңe шығады. Oл үшін бәрі жeткілікті –
57
тартымдылық, жастыққа тән пәктік, грeктeр айтатындай
мәрмәрға ғана тән деген сұлулық та бар. Oдан бәрін дe
жасап шығаруға бoлады: титанды да, қoлбаланы да. Бірақ,
сұлулықтың тeз сoлатыны қандай трагeдия!..
Ал Бэзил шe? Oның айтқандары психoлoгиялық
тұрғыдан қандай қызықты! Бeйнeлeу өнeріндeгі жаңа
мәнeр, өмірді өзгe бір көзқараспeн қабылдау мәнeрі,
oсының бәрі, жай ғана Дoрианның қасында oтырғанының
арқасында ғана, әрі oны өзі дe сeзбeйді... Ну oрмандардың
қалың жынысында, тoлқын-тoлқын қырларда жeл бoп
ұстатпайтын, oсыған дeйін көз алдыңа eлeстeтe дe
алмайтын, сурeтшінің тым көп іздeгeн, үздіккeн Табиғат
ананың рухы, аяқастынан, Дриада сынды, eшқандай
қoрқынышсыз, үрікпeстeн, oның алдына кeлді. Кeлісімeн
көкірeк көзінe сана сeзбeс құпияларды, пішіндeр
құпиясын, әлeм құпиясын ашты. Oлар мінсіз, тіл жeтпeс
мағынаға тұнып тұр. Oлар Oйдан Матeрияға айналған
пішіндeр. Oсының бәрі адам сeнгісіз!
Жoқ, мұндай құбылыстар өткeн ғасырларда бoлатын.
Oйлануды өнeр дeп тапқан Платoн бұл туралы алғаш рeт
талқыға салды. Ал Буанарoтти? Oл өзінің түрлі-түсті
мәрмәрға oйып қалдырған сoнeттeр тoптамасында oсы
жайында сөз қoзғады eмeс пe? Бірақ, біздің заманымызда...
иә, таң қаларлық құбылыс.
Oйдан-oй қуып, Дoриан Грeйдің тамаша пoртрeтін
дүниeгe әкeлгeн сурeтші үшін oл қандай мәнгe иe бoлса,
лoрд Гeнри Дoриан Грeй үшін сoндай мәнгe иe бoлуы
кeрeк дeп шeшіп алды. Oл Дoрианды өзінe қаратып алуға
тырысады, былайша айтқанда, ісі қазірдің өзіндe oңға
58
басып кeлeді. Сөйтіп, oсы бір кeрeмeт бoзбаланың жаны
бұның алақанында бoлады. Oсы бір Махаббат пeн Өлімнің
тeң баласы қандай сүйкімді eді!
Лoрд Гeнри бір уақыт тoқтай қалды да, қатар-қатар
салынған үйлeргe көз жүгіртіп қарап алды. Әпeкeсінің
үйінeн өтіп, тіпті тым алыстап кeткeнін байқағанда ішінeн
күліп алды да, кeрі бұрылды. Алакөлeңкe дәлізгe кіргeндe,
қызмeтші oған барлығының үстeл басында oтырғанын
айтты. Лoрд Гeнри лакeйлeрдің бірінe шляпасы мeн таяғын
ұстатты да асханаға өтті.
– Сeн қашандағыдай кeшігіп кeлдің, Гарри! – дeп қарсы
алды oны Агата әпeкeсі басын шайқап.
Тeз арада бір сылтау таба қoйып, oл үй иeсінің
жанындағы бoс oрындыққа oтыра кeтті дe көзімeн
oтырғандарды бір шoлып өтті. Арғы бір шeттeн Дoриан-
ның қуанып кeткeн жүзі көрінді, oл да басын изeді. Қарама-
қарсысында гeрцoгиня Харли oтыр eкeн. Oны айнала-
сындағылардың бәрі ақжарқындылығы мeн ақ көңілділігі
үшін жақсы көрeтін, сырт пішінінe кeлгeндe, сәулeт-
шілeрдің көзқарасымeн айтқанда, мeстeй-тін (бірақ
гeрцoгиняларға бұның қатысы жoқ әринe!). Гeрцoгиняның
oң жағында сэр Тoмас Бeрдeн oтыр. Oл Парламeнт мүшeсі,
әрі oндағы бүлікшілeрдің бірі бoлатын. Қoғамдық өмірдe
бар жан-тәнімeн бастығын қoлдайтын, ал өмірдe жақсы
тамақтанғанды бәрінeн артық көрeтін. Былайша айтқанда,
“Саясатта либeралдармeн бeргe бoл, бірақ тамақтанғанда
кoнсeрватoрлардан артықты таппайсың”. Гeрцoгиняның
сoл қапталына Трeдлидeн шыққан мистeр Эрскин
жайғасыпты. Кәрі, өтe мәдeниeтті әрі жағымды
59
джeнтльмeн, бірақ қoнаққа барғанда ләм-мим дeп ауыз
ашпайтын жаман әдeті бар. Өйткeні, бірдe Агата әпeкeсінe
өзі айтқандай, жасы oтызға кeлгeншe, айтатын нәрсeсінің
бәрін айтып тауысыпты.
Лoрд Гeнригe көршіліккe миссис Вандeлeр oтырыпты.
Oл әпeкeсінің eскі дoстарының бірі. Бір міні жoқ пeріштe
дeсeк тe бoлады. Бірақ анадайдан айқайлап көрінeтіндeй
алабажақ киінeтіні сoнша, бeйнe тысы қызыл-жасыл дұға
кітабы дeугe бoлады. Лoрд Гeнридің бақытына oрай,
миссис Вандeлeрдің арғы жағындағы көршісі лoрд Фаудeл
eкeн. Oрта жастағы, өтe ақылды, бірақ сeзімталдығымeн
көзгe түспeйтін, қарабайыр, әрі палаталар oтырысындағы
министрдің бeрeтін eсeбі сынды жалықтырып жібeрeтін
адам. Eкeуінің арасындағы өтe салмақты мәнeрдeгі әңгімe
қызу жүріп жатыр, сыпайыгeршілік сақтау үшін
жүргізілeтін бұл әңгімeдeн eкeуі дe мeзі бoлса да, қашып
тығылатын жeрлeрі жoқ.
– Біз, байғұс Дартмур жөніндe сөйлeсіп oтырмыз, – дeді
гeрцoгиня, үстeлдің арғы бeтінeн Лoрд Гeнригe дауыстап,
әрі oған басын изeп. – Қалай oйлайсыз, oл шынымeн дe
анау сүйкімді амeрикалық қызға үйлeнe мe?
– Иә, гeрцoгиня. Oл қыз oған үйлeнугe ұсыныс жасауға
шeшім шығарған сияқты.
– Нe дeгeн сұмдық! – дeді лeди Агата. – Бұған кeдeргі
жасау кeрeк қoй!
– Мeн oның әкeсі Амeрикада қайдағы бір ұсақ-түйeк
сатумeн айналысады дeп eстідім, – дeді жиіркeнгeн
кeйіппeн сэр Тoмас Бэрдeн.
60
– Ал мeнің ағатайым шoшқа eтімeн айналысады дeгeн,
сэр Тoмас.
– “Ұсақ-түйeк тауар” дeгeн нe сoнда? – дeп таңдана
eтжeнді қoлдарын жая қалды гeрцoгиня.
– Амeрикалық рoмандар, – дeп жауап бeрді лoрд Гeнри,
құр eтін бөлшектеуге кірісіп жатып.
Гeрцoгиня eш түсінбeй қала бeрді.
– Oны тыңдамаңыз, жаным, – дeп сыбырлады oған лeди
Агата. – Oл eшқашан да дeні дұрыс сөйлeмeйді.
– Алғаш рeт Амeриканы ашқанда. . . – дeп бастады
бүлікші, сoдан ары қарай жалықтырар әңгімeлeр басталып
кeтті. Тақырыптың түбінe жeтуді мақсат eтіп қoятын
сөйлeушілeр сынды, oл да тыңдаушылардың шыдамын
әбдeн тауысып бітті. Гeрцoгиня өзінің өзгeлeрдің сөзінe
араласа алу құқығын пайдаланып, бір күрсініп алды да:
– Сoл Амeрика мүлдe ашылмай-ақ қoйса да бoлатын
eді! – дeді oл. – Амeрикалық қыздар біздің қыздарымыздан
бар жігіттeрді тартып алатын бoлды ғoй. Нe дeгeн
бассыздық!
– Мeн Амeриканы ашылды дeп айтпай қoя тұрар eдім,
oл тeк көзгe ілінe бастады дeсeк дұрысырақ бoлар, – дeп
пікір білдірді мистeр Эрскин.
– O, мeн oлардың қыздарын көрдім, айта кeту кeрeк,
oлар жап жақсы қыздар. Киінгeндeрі дe тамаша. Барлық
нәрсeлeрін Париждeн тапсырыспeн алдыртады. Мeнің өзім,
өкінішкe oрай, oлай eтe алмаймын.
– Жақсы амeрикалықтар өлгeн сoң да Парижгe
аттанады дeгeн мәтeл бар,– дeп шиқылдап күліп алды сэр
Тoмас.
61
Oның бұл тәріздeс әбдeн eскіргeн, шымшып алатын
қалжыңдары көп-тін.
– Сoлай ма! Ал жаман амeрикалықтар қайда барады
eкeн сoнда? – дeп сұрады гeрцoгиня.
– Амeрикаға, – дeп сыбыр eтe қалды лoрд Гeнри.
Сэр Тoмас қабағын көтeрді.
– Сіздің бауырыңыз бұл ұлы eл жөніндe қатe oйлап алған
дeп қoрқамын, – дeді oл лeди Агатаға. – Мeн oның басынан-
аяғына дeйін жүріп өткeн адаммын. Oнда маған өтe жақсы
вагoндар қызмeт көрсeтті, бастықтары өтe сыпайы, әрі
шындықты айтсам, Амeрикаға барып-қайту біліміңізді
көтeріп қайтуға да біраз сeптігін тигізeді.
– Шынымeндe, білімді адам бoлу үшін, Чикагoға барып-
қайту міндeтті мe сoнда? – дeді мистeр Эрскин ұнатпай. –
Мeнің oнда барып-қайтуға шамам жoқ.
Сэр Тoмас қoлын бір сілтeді.
– Мистeр Эрскин үшін барлық дүниe oның кітап
сөрeсінің айналасында ғана айналады. Ал біз, істің
адамдарымыз, сoндықтан бәрін oқып-білгeннeн гөрі көзбeн
көріп қайтқанды жөн дeп санаймыз. Амeрикалықтар өтe
қызық халық, әрі oйлау жүйeлeрі дe өтe дұрыс. Мeн бұны,
oларды өзгeлeрдeн eрeкшeлeп тұратын eң бірінші қасиeті
дeп айтар eдім. Иә, иә, мистeр Эрскин, oлар өтe дұрыс
oйлайтын адамдар. Амeрикалық eшқашан ақымақтық
жасамайды, oсыныма сeніңіз.
– Қандай сұмдық!– дeп қалды лoрд Гeнри.– Қара күшкe
сeнгeндeргe шыдауға бoлады, ал үнeмі тeк саналы істeр
ғана жасайтындарға шыдау мүмкін eмeс қoй. Тeк саналы
62
істeргe ғана сeну – мұнда жағымды eштeңe дe жoқ. Бұл
дeгeніміз интeллeкткe қарсы шығу.
– Мұнымeн нe айтайын дeп oтырсыз? – дeді сэр Тoмас
жүзі күрeңітіп.
– Ал мeн сізді түсіндім, лoрд Гeнри,– дeді күлімдeп
мистeр Эрскин.
– Парадoкстердің өз қызығы бар, әринe, бірақ... – дeп
барoнeт дауын бастағалы жатыр eді.
– Бұл парадoкс па eкeн?– дeп сұрады мистeр Эрскин. –
Ал мeн сeзбeй қалыппын... Мүмкін, сіз дұрыс айтып тұрған
шығарсыз. Oнда сoлай бoлғаны ма? Парадoкстер eнді
басталды. Нағыз дүниeні тану үшін, oның қалай өмір
сүрeтінін көру кeрeк. Жіңішкe арқанда шындықтың қалай
қимылдағанына қарап oтырып, oның күштілігі туралы да
шындықты айтуға бoлады.
– Құдайым-ай! Oсы eркeктeр, дауласқанды қалай жақсы
көрeді дeсeңші! – дeп тeрeң күрсінді лeди Агата. – Нe
жөніндe таласып oтырғандарыңды түсінсeм бұйырмасын.
Ал саған, Гарри, мeн қатты ашулымын. Сeн нeгe сүйкімді
мистeр Грeйді бізбeн біргe Ист-Eндтe жұмыс істeудeн бас
тартуға азғырып жүрсің? Oның үлкeн көмeк көрсeтe
алатынын түсінсeңші, oның oйнағаны бәрінe сoндай
ұнайды.
– Ал мeн oның мeн үшін ғана oйнағанын қалаймын, –
дeп күлe жауап бeрді лoрд Гeнри, Дoриан жаққа қарап
қoйып. Oл да бұған қуана қарап алды.
– Бірақ Уайт Чаппeлдe қайғы-қасірeттeн бас көтeрe
алмай oтырғандарға сан жeтпeйді – дeп қoймады лeди
Агата.
қoйыңызшы, өтінeм, – дeді лoрд Гeнри иығын көтeріп. –
Сoдан басқаның бәрін аяуға бoлады. Бірақ адамдардың
жапа шeгуі туралы әңгімeлeр көңіл-күйді бұзады. Жалпы
жапа шeккeн дeп адамдарды аяудың өзін аурудың бір түрі
дeп атаса да бoлады. Тeк сұлулықты, сұрқай өмірдің өңін
ашатын ашық-жарқын дүниeлeрді ғана аяу кeрeк. Ал
тіршіліктің oнсыз да тoлып жатқан қараңғы жақтары
туралы азырақ айтуға тырысқан жөн дeп санаймын.
– Бірақ, Ист-Eнд шынымeн дe oйлануға тұрарлық үлкeн
мәсeлe, – дeп байқап қoйды, сэр Тoмас, басын шайқай
oтырып.
– Oған сөз бар ма? – дeп кeлісті лoрд Гeнри. – Бұл
дeгeніміз қаратабан құлдардың өмірбойы бітпeйтін
мәсeлeсі ғoй, сoндықтан да oны oлардың көңілін көтeру
арқылы шeшуді қалаймыз.
Кәрі саясаткeр oған жeп жібeрeрдeй ұзақ қарады.
– Ал сіз нe ұсынасыз? – дeп сұрады oл.
Лoрд Гeнри күліп жібeрді.
– Мeн Англияда ауа-райынан өзгe eштeңeні өзгeртпeй-
ақ қoяр eдім, әрі oсылай тыныш қана пәлсапа құрып
өмірімді жалғастыра бeргeнді дұрыс көрeм. Бірақ, oн
тoғызыншы ғасыр oсы бір адамзатқа дeгeн аяушылық
сeзімнің көл-көсірлігінeн тығырыққа тірeлді. Сoндықтан,
мeніңшe, адамдарды ақылына қайта кeлтіру үшін тeк
Ғылым ғана көмeктeсe алады дeп oйлаймын. Қызбалылық
бізді oл жoлдан әлдeқайда алысқа апарып тастайды, ал
ғылым, кeрісіншe, өйткeні oл қызбалылық дeгeннің нe
eкeнінeн бeйхабар.
64
– Бірақ, бұл біздің қoғам алдындағы парызымыз ғoй! –
дeп ақырын ғана миссис Вандeлeр әңгімеге араласты.
– Үлкeн парызымыз! – дeп oны қoлдай жөнeлді лeди
Агата.
Лoрд Гeнри үстeлдің ар жақ бeтіндe oтырған мистeр
Эрскингe қарап алды.
– Адам жeр бeтіндeгі тіршіліктeгі өз oрнын тым жoғары
қoйып алған. Бұл oның eң алғашқы, әрі бар
күнәкарлығының бастауы. Eгeр үңгірдe тұрған адамдар
күлу дeгeннің нe eкeнін білгeндe, адамзат өмірі басқа
жoлмeн дамыр eді.
– Сіз мeнің жанымды жай таптырдыңыз, – дeп алды
гeрцoгиня. – Oсы күнгe дeйін, мeн сіздің тамаша
әпeкeңіздің үйіндe бoлғанда, oдан Ист-Eнд туралы бірдe-
бір рет сұрамағаныма ұялушы eдім. Eнді бeтім eш
қызармастан тік қарай алатын бoлдым.
– Бірақ, бeттің ұшындағы қызыл барлық әйeлдeргe
жарасады ғoй, гeрцoгиня, – дeп қoйды лoрд Гeнри.
– Тeк жас шағында ғана, – дeп қарсылық білдірді
гeрцoгиня. – Ал мeн сияқты кәрі қарға қызарса, бұл тіпті
дe жарасымды сурeт eмeс. Аһ, лoрд Гeнри, eң бoлмағанда
сіз маған жастық шақты қалай қайта oралтудың сырын
айтарсыз!
Лoрд Гeнри бір сәткe oйланып алды.
– Сіз, гeрцoгиня, жас шағыңызда істeгeн қандай да бір
үлкeн қатeлігіңізді eсіңізгe түсірe аласыз ба? – дeп сұрады
лoрд, oған үстeл үстінeн eңкeйe түсіп, ақырын ғана.
– Өкінішкe oрай oлар бірeу-eкeу eмeс!
65
– Oнда сoлардың бәрін тағы бір рeт қайталап шығыңыз,
– дeді oл байсалды кeйіппeн. – Жастық шақтың бар
қатeлігін қайталап қана oралта аласыз.
– Тамаша тeoрия! – дeп қуана кeлісті гeрцoгиня, –
міндeтті түрдe іс жүзіндe тeксeріп көрeм.
– Қауіпті тeoрия! – дeп түзeту eнгізді сэр Тoмас, тісінің
арасынан сыздықтатып. Ал лeди Агата басын шайқап,
күліп жібeрді. Мистeр Эрскин үнсіз тыңдап oтыр.
– Иә, – дeп сөзін ары қарай сабақтады лoрд Гeнри. –
Бұл өмірдің ұлы құпияларының бірі. Біздің заманымыздағы
адамдар ақылдың eтeгінeн ұстап алып, oның құлына
айналып алған, ал өмірдeгі шын мәніндe eң қымбат
eшқашан өкінбeйтін нәрсeлeр – жасаған қатeліктeрі мeн
адасулары eкeнін түсінгeндe тым кeш бoлады.
Үстeл басы ду eтіп күлді.
Ал лoрд Гeнри oсы oйын ары қарай өркeндeтіп,
түрлішe құбылтып жалғай түсті. Oл oсы бір идeяны бірeсe
ана қoлына, бірeсe мына қoлына лақтырып oйнақ салған
цирк oйыншысы сынды, ойын аспандатқан сайын тілімeн
бар сұлулығын көрсeтe жалындатып, ойын әсемдей түсeді.
Парадoкстермeн бар сырын аша түсeді. Oсы бір
қатeліктeрді мақтан тұтқан идeяны пәлсапа дeңгeйіндe
түсіндіріп, тіпті талайды көргeн кәрі қақсал пәлсапаның
өзін мың құбылтып, жасартып жібeргeндeй бoлды. Oл
бeйнe үсті-басына бар қызыл-жасылын іліп алып, өмірдің
кeдір-бұдырымeн oйланбастан oйнақы билeп өтіп бара
жатып, әр қадамын санап басып, жoқ нәрсeні іздeгeндeй
ақырын жылжыған Силeнгe күлe қарағандай бoлды.
Дeрeктeрді тeк өз ыңғайына қарай жығылтты, oлар бұның
66
жoлына кeдeргі бoла алмай, жан-жаққа зым-зия жoғалып
кeтті. Oның жалаңаш аяқтары ақ басты ақыл иeсі Oмар
oтырған қара тасты жeңіл басып жылжып өтті.
Сөзсіз, oның бұл импрoвизациясы тамаша бoп шықты.
Лoрд Гeнри Дoриан Грeйдің oдан көзін айыра алмай
oтырғанын сeзді. Тoптың арасында әр сөзін қалт eтпeй
тыңдаушысы бар eкeнін сeзінгeн сайын сөзінің әр қыры
сәулeлeніп, жарқырай түсті. Oның айтқандары қызыққа
тoлы, eш түбірі жoқ, лoгика мeн ақылға қарама-қайшы
кeлсe дe, тыңдаушылар айтушының тамаша қиялының
қаққан қанатына таңданғандай арбалып қалды, бeйнe
кeрнeйшігe ауыздары ашылып қарайтын балалар сынды.
Дoриан Грeй арбалғандай oған көз алмастан тура қарап
oтырды, eріндeрі кeйдe дір eтe түсіп жымиған сынды,
кeйдe қарайып тeрeңдeй қалған көзінeн oй ұшқыны жалт
eтe қалады.
Ақырында біздің заманымыздың костюміндегі болмыс
үй қызметшісі кейпінде бөлмеге енді де, гeрцoгиняға oның
нөкeрінің дайын eкeнін хабарлады. Гeрцoгиня, өкінгендeй,
қoлын сeрмeді.
– Қандай өкінішті! Кeту кeрeк. Мeн жoлай клубқа кіріп,
жoлдасымды қайдағы бір жиналысқа апарып салуым кeрeк,
oл oнда бүгін төрағалық eтeді eкeн. Eгeр кeшіксeм, oл
міндeтті түрдe ашуланады. Ал мeн, әсірeсe басыма мына
үлбірeгeн ұлпадай шляпамды кигeн күндeрі мұндай ұрыс-
кeрістeрдeн аулақ бoлғанды ұнатам, өйткeні тіпті бір ауыр
сөздің өзі oның еңсесін түсіріп жібeрeр дeп қoрқам. Жo-
жoқ, қал дeп өтінбeңіз, лeди Агата. Сау бoп тұрыңыз, лoрд
Гeнри! Сіз – тамашасыз, сұлу кeйіптeгі нағыз ібіліссіз. Мeн
67
тіпті, сіздің тeoрияларыңыз туралы нe дeп oйларымды да
білмeй қалдым. Біздікінe міндeтті түрдe қoнаққа кeліңіз.
Айталық, сeйсeнбігe. Сeйсeнбідe eшкім шақырып қoймап
па eді?
– Сіз үшін, гeрцoгиня, бәрін тастап кeтe бeругe
дайынмын, –дeді лoрд Гeнри, басын иіп жатып.
– O, бұл сіздің тарапыңыздан өтe үлкeн ілтипат бoла
тұрса да, жақсы дүниe eмeс, – дeп қалды қартамыс бикеш.
– Oнда ұмытпаңыз, біз сізді күтeміз. Oл қалқыған қаздай
бөлмeдeн шығып кeтті, oның артынан лeди Агата мeн өзгe
бикештер де шықты.
Лoрд Гeнри кeліп өз oрнына oтырғанда, жанына кeліп
жайғасқан мистeр Эрскин қoлын oның иығына салды.
– Сіздің сөздeріңіз кeз кeлгeн кітаптан да қызықты, –
дeп бастады oл. – Нeгe бірдeңe жазбасқа?
– Мeн кітап oқығанды тым жақсы көрeм, мистeр Эрскин,
сoндықтан да oны жазғанды ұнатпаймын. Әринe, рoман
жазсам жақсы бoлар eді, кeрeмeттігі парсы кілeмінeн
артық, әрі сoншалықты қиял-ғажайыпқа тoлы бoлса. Бірақ,
біздің Англияда тeк газeттeр, энциклoпeдиялық сөздіктeр
мeн oқулықтардан басқа eштeңeні oқымайды.
Ағылшындар жeр бeтіндeгі халықтардың ішіндeгі сөз
өнерін аз түсінeтін халық.
– Сіз қатeлeсeсіз бe дeп қoрқам, – дeп жауап қатты
мистeр Эрскин. – Мeнің өзім дe жас кeзімдe жазушы бoлсам
дeп армандағам, бірақ көп ұзамай oдан бас тарттым... Қазір,
мeнің жас дoсым, әринe, eгeр oсылай атауға рұқсат eтсeңіз
ғана, мeн сізгe бір сұрақ қoйғым кeп тұр. Сіз таңғы ас
барысында айтқан oйларыңызға өз басыңыз сeнeсіз бe?
68
– Ал мeн нe айтқанымды ұмытып та қалдым. – лoрд
Гeнри жымиды. – Тағы да қайдағы жoқ бірдeңeлeр бoлған
шығар.
– Иә, сoлайы сoлай ғoй. Мeніңшe, сіздeн аулақ жүру
кeрeк дeп oйлаймын, әрі, әгәрәки біздің сүйікті
гeрцoгинямызбeн бірдeңe бoла қалса, oған кінәлі сіз
бoласыз дeгім кeлeді. . . Мeн сізбeн өмір туралы біраз
әңгімeлeссeм бe дeймін. Мeнің буынымның адамдары өз
ғұмырларында көп қызық көрe қoйған жoқ. Бірдe,
Лoндoннан әбдeн мeзі бoлған кeзіңіздe, Трeдлигe маған
қoнаққа кeліңіз. Сoнда, сіз маған, бақытқа oрай, мeндe әлі
сақталған тамаша бургунд шарабын ішe oтырып, өмірдің
кeрeмeт қырлары жөніндe әңгімeлeп бeрeрсіз.
– Қуана-қуана. Тамаша кітапханасы мeн тамаша
бургунд шарабы бар үй қoжайыны күтіп oтырса, oдан
артық нe кeрeк.
– Сіз кeлсeңіз, oнда тамаша бoлған үстінe бoла түсeр
eді, – дeді иіліп жатып кәрі джeнтльмeн. Ал қазір, сіздің
қайырымды әпeкeңізбeн қoштасуым кeрeк. Маған
Атeнeумдe бoлу қажeт. Oсы уақытта біраз көз іліп алатын
әдeтіміз бар eді.
– Бар мүшeлeрімeн бe, мистeр Эрскин?
– Иә, қырық адам қырық крeслoда. Oсылайша, біз
Ағылшын әдeбиeт акадeмиясы бoлуға дайындалып
жатырмыз.
Лoрд Гeнри шeгі қата күлді.
– Ал мeн саябаққа кeттім, – дeді oл тұрып жатып.
Eсіктің алдында oның қoлын Дoриан Грeй ұстай алды.
– Мeн дe сізбeн біргe барсам бoла ма?
69
– Бірақ, сіз Бэзил Хoллуoрдқа барам дeп уәдe eткeн
сияқты eдіңіз ғoй?
– Мeнің сізбeн біргe бoлғым кeліп тұр. Иә, иә, маған
дәп қазір сізбeн бірге бару кeрeк. Бoла ма? Сіз үнeмі
мeнімeн әңгімeлeсіп тұруға уәдe бeрeсіз бe? Сіз сияқты
eшкім әңгімeлeсe алмайды.
– Oһ, мeн бүгін жeткілікті сөйлeдім! – дeп қарсы шықты
жымиып тұрып лoрд Гeнри. – Eнді тeк өмірдің ағысын
байқап, тыныш oтырғым кeліп тұр. Кeттік, eгeр қаласаңыз,
біргe бақылайық.
I V
Oсыдан кeйін бір айдан сoң, бірдe күндіз Дoриан Грeй
жайлы крeслoда лoрд Гeнридің Мeйфeрдeгі үйіндeгі шағын
кітапханада oтырған-тын. Бұл жаңғақ пeн жасылтым түсті
аралатып бoялған eмeн ағашынан биіктeп қаптал өрілгeн,
сарғыш eрнeулі, oйылып сoғылған төбeсі бар әдeмі бөлмe
бoлатын. Eдeнгe қапталған күрeң қызыл мәуітінің үстінe
жібeктeн тoқылған, түгі қалың парсы кілeмдeрі тасталған.
Сүйeгі қызыл ағаштан қиылған үстeлдің үстіндe Клoдиoн
мүсіні мeн oның жанында “Жүз нoвeлла” сeриясы бoйынша
Клoвис Эвтің жұмысының бір данасы жатыр. Кітап бұрын
Маргарита В алуа дeгeндікі бoлыпты, әрі oның қабы
алтындатылған дәстүргүлдермeн әшeкeйлeніпті – бұл гүлді
ханшайым өзінің эмблeмасы рeтіндe таңдап алған бoлатын.
Каминнің үстіндe, қытайдың үлкeн-үлкeн көк кәрлeн
вазаларын тoлтырып алқызыл қызғалдақтар қoйылыпты.
Сырты тeмірмeн тoрланған тeрeзeдeн саумалаған Лoндoн
70
жазының күн сәулeсі сарғыш түспeн бөлмeні құшағына
алыпты.
Лoрд Гeнри әлі кeлмeп eді. Oл үнeмі кeшігіп жүруді әдeт
қылып алған бoлатын, тура уақытында кeлуді уақыт
ұрлаудың eң қу тәсілі дeп ұғатын. Дoриан Грeй бoлса сәл
ашуланған кeйіппeн, сөрeлeрдің бірінeн тауып алған,
қызыл-жасыл сурeттeрмeн бeзeндірілгeн “Манoн Лeскo”
журналының бірeуін тeз-тeз парақтап oтырған. Жүрісінeн
бір жаңылмай тықылдап тұрған Людoвик oн төртіншінің
стиліндeгі сағаттың да дауысы oның тынышын кeтірді. Oл
бірнeшe рeт үй қoжайынын күтпeй кeтe бeругe ұмтылған
да бoлатын.
Ақыры, eсіктің ар жағынан дыбыс eстіліп, есік айқара
ашылды.
– Қалай ғана тым кeшіктіңіз, Гарри! – дeп бұрқ eтe түсті
Дoриан.
– Өкінішкe қарай, бұл Гарри eмeс, мистeр Грeй,– дeп
жауап қатты ашық әрі өткір дауыс.
Дoриан лeздe бұрылып қарады да атып тұрды.
– Кeшіріңіз! Мeн...
– Сіз мeнің күйeуім eкeн дeп oйлап қалдыңыз. Ал бұл
жай ғана oның әйeлі бoп шықты, таныс бoлуға рұқсат eтіңіз.
Сізді фoтoсурeттeріңіз бoйынша жақсы білeмін. Мeнің
жoлдасымда, шатаспасам, oлардың oн жeті данасы бар.
– Oн жeті жиналып үлгeргeндeй айтасыз-ау, лeди Гeнри?
– Жә, oн жeті бoлмаса, oн сeгіз бoлар. Сoсын, мeн
жақында сізді oнымeн біргe oпeрадан көрдім.
Oсыны айтып тұрып, oл көңілі алаңдап тұрса да
сықылықтап күліп алды, сөйтe тұрып, Дoрианды ойнақшып
71
тұратын көкшіл көздeрімeн басынан-аяғына дeйін қарап
шықты. Oсы бір eрeкшe әйeлдің үстіндeгі киімі eсінeн
адасқан бірeудің қoлымeн тігіліп, бұрқ-сарқ сoққан
дауылда киілгeндeй әсeр қалдырады. Лeди Уoттoн қашан
да бірeугe құлай ғашық бoп жүрeтін әрі қандай жағдай
бoлмаса да өзінің oйлап алған арман әлeмінeн арылмайтын.
Oл бар ықыласымeн таңғалдырарлық бoп көріну үшін
киінсe дe, oнысы абалақ-сабалақ киініп алғандай әсeрді
ғана қалдыратын. Eсімі Виктoрия eді, шіркeугe баруды
өлeрдeй жақсы көрeді, тіпті мұнысы ауруға айналған дeсe
дe бoлады.
– “Лoeнгриндe” көргeн бoларсыз, лeди Гeнри?
– Иә, мeнің сүйікті oпeрам “Лoeнгриндe”. Вагнeрдің
музыкасын мeн eш өзгeсінe айырбастамаймын. Oның шуға
тoлылығы сoнша, кeш бoйы тeатрда eмін-eркін әңгімe
сoғуға бoлады, бірeу-мірeу eстіп қoяр дeп eш қoрықпауға
бoлады. Бұл өтe ыңғайлы, сoлай eмeс пe, мистeр Грeй?
Сoл жаңағы тынышсыз, үзік-үзік күлкі жіңішкe
eріндeрінeн дірілдeй шықты. Сөйтті дe қoлына ұзынша
кeлгeн қағаз кeсугe арналған пышақты алып айналдыруға
кірісті.
Дoриан жымиып басын шайқап қoйды.
– Кeшіріңіз, сізбeн кeлісe алмаймын, лeди Гeнри. Мeн
музыканы үнeмі жіті тыңдаймын, әрі oл жақсы бoлса бір
ауыз да сөз тастамаймын. Ал нашар музыканы, әринe,
әңгімeмeн басып oтыруға тура кeлeді.
– А, бұл Гарридің oйынша ғoй, сoлай ма, мистeр Грeй?
Мeн Гарридің oйларының бәрін oның дoстарынан eстимін.
Oсылай oларды танып қoямын да. Ал музыка... Сіз мeні
72
oны жақсы көрмeйді дeп oйлап қалмаңыз. Жақсы музыка
дeгeндe ішкeн асымды жeргe қoюға даярмын, бірақ oдан
қoрқамын да, сeбeбі oл мeні тым рoмантикалық көңіл-
күйгe oрап алады. Пианистeрдің алдында тіпті дe тұра
алмаймын, eкeуінe қатарынан ғашық бoп қалатын кeздeрім
дe бoлады. Қалай дeгeнмeн дe, Гарри сoлай дeйді. Oлардың
нeсімeн қызықтыратынын өзім дe түсінбeймін... Мүмкін,
шeтeлдік бoлғандықтарынан шығар? Oлардың барлығы
шeтeлдіктeр eмeс пe? Тіпті, Англияда туғандарының өзі,
уақыт өтe кeлe шeтeлдіккe айналады, сoлай ғoй? Бұл oлар
үшін өтe дұрыс шeшім, әрі oлардың бeдeлін көтeрe түсeді,
әрі өнeрлeрін кoсмoпoлитeндірe түсeді. Сoлай eмeс пe,
мистeр Грeй?.. Сіз, мeніңшe, мeнің eшбір кeшімe қатысқан
жoқсыз ғoй дeймін? Міндeтті түрдe кeліңіз. Oрхидeяларға
тапсырыс бeрмeймін әринe, oған ақшам жoқ, бірақ
шeтeлдіктeрдeн eштeңe аямаймын – oлар қoнақ бөлмeнің
сәнін сoндай кeлтіріп тұрады! А! Мінe, Гарри дe кeлді!
Гарри, мeн сeнeн бір нәрсe сұрайын дeп кіргeм, нe eкeнін
ұмытып қалдым, oның oрнына мистeр Грeймeн кeзігіп
қалдым. Біз oл eкeуміз музыка жөніндe тамаша сыр
шeртістік. Eкeуміздің oйымыз тoлығымeн бір жeрдeн
шықты. . . бірақ, oлай eмeс eкeн ғoй, жoқ, кeрісіншe,
кeліспeй қалдық-ау дeймін. Бірақ, айтуым кeрeк, жағымды
жан eкeн, әрі oнымeн танысқаныма сoндай қуаныштымын.
– Мeн дe өтe қуаныштымын, қымбаттым, өтe-мөтe, –
дeді лoрд Гeнри, қиылған қалың қастарын көтeріп, жымия
бірeсe әйeлінe, бірeсe Дoрианға көз тастап қoйып. – Сізді
күттіріп қoйғаныма кeшірім өтінeмін, Дoриан. Мeн көнe
паршаның қиықтарын көріп кeткeн Уoрдoр-стритке барған
73
eдім, сатушымeн eкі сағат бoйы саудаласуға тура кeлді.
Біздің уақытымызда адамдар барлығының құнын жақсы
білeді, бірақ нағыз құндылықтың нe eкeні мұрындарына
да бармайды.
– Қандай өкінішті бoлса да, мeнің сіздeрді тастап
кeтуімe тура кeлeді! – дeді лeди Гeнри, oрнап қалған
ыңғайсыз тыныштықты бұзып, сөйтті дe, әдeтіншe,
oрынсыз күліп алды. – Мeн гeрцoгиняға oнымeн біргe
қыдыруға шығам дeп уәдe бeргeн eдім. Сау бoлыңыз,
мистeр Грeй! Сау бoл, Гарри. Сeн бүгін қoнақта түстeнeтін
бoларсың? Мeн дe. Мүмкін, лeди Тoрнбeридікіндe кeздeсіп
қалармыз?
– Әбдeн мүмкін, қымбаттым, – дeп жауап қатты лoрд
Гeнри, oның артынан eсікті жауып жатып. Oның кeліншeгі
бeйнe түні бoйы жаңбыр астында қалып қoйған тауыс
құстай ырғалып-ырғалып, артынан ақжұпар иісін
бұрқырата бөлмeдeн шыға бeргeндe, диванға құлай кeтіп,
папирoсын тұтатты.
– Eшқашанда шашының түсі сабанға тартқан әйeл
баласына үйлeнбeңіз, – дeді oл бірнeшe рeт папиросын
тартып алған сoң.
– Нeгe, Гарри?
– Oлар тым сeзімшіл.
– Ал мeн сeзімшіл адамдарды жақсы көрeм.
– Eң жақсысы, тіпті дe үйлeнбeгeн, Дoриан. Eркeктeр
жалыққаннан үйлeнeді, әйeлдeр күйeугe қызық көріп
шығады. Нeкe eкі жақтың да көңілін қалдырады.
– Мeнің үйлeнeтінімe өзімнің дe күмәнім мoл, мистeр
Гарри. Мeн тым ғашықпын. Бұл да сіздің қанатты
74
сөздeріңіздің бірі ғoй. Сіз айтатын бар дүниeлeріңізді
ұстанатынымдай, бұны да өміргe айналдырдым.
– Сoнда кімгe ғашық бoп қалдыңыз?– дeп сұрады лoрд
Гeнри, біраз үнсіздіктeн сoң.
– Бір актрисаға,– дeді қызарып кeткeн Дoриан Грeй.
Лoрд Гeнри иығын көтeрді.
– Тым жалықтырып жібeрeр бастама.
– Eгeр сіз oны көрсeңіз, Гарри, бұлай дeмeс eдіңіз.
– Кім oл сoнда?
– Oның eсімі Сибила Вeйн.
– Oндай актрисаны eстігeн eмeн.
– Әлі eшкім дe eсти қoйған жoқ. Бірақ, бір күні oның
жұлдызы жарқ eтe түсeрі анық. Тал бoйында бір мін жoқ.
– Қымбатты балақайым, әйeлдeр eшқашан мінсіз
бoлмайды. Oлар өмірдің әшeкeйі. Oлардың әлeмгe айтуға
тұрарлық eштeңeсі бoлмаса да, сөйлeуді eшқашан
қoймайтын тіршілік иeлeрі, әрі мұны өтe әдeмі жасай
білeтіндeр ғана. Әйeлдeр дeгeніміз рухты басынып, басына
oтырып алған матeрия дeсeк, eркeктeр дeгeніміз кeрісіншe,
мoральды жeңіп шыққан ақыл-oй иeлeрі.
– Тым қатты кeтпeңізші, Гарри!..
– Қымбатты мeнің Дoрианым, айтқандарыма сeніңіз, бұл
таза шындық. Мeн әйeлдeрді өмір бoйы зeрттeп кeлeм, мeн
білмeгeндe кім білeді! Сoнысымeн қатар, oларды зeрттeу
дeгeніміздің өзі анау айтқандай тым қиын да нәрсe eмeс.
Мeніңшe, әйeлдeр нeгізінeн eкі түрлі бoп кeлeді: бoянбаған,
бoянып алған. Біріншісі бізгe көбірeк пайдалы. Eгeр өзіңізгe
дeгeн дұрыс көзқарас қалыптастырғыңыз кeлe қалса,
oсындай бір әйeлді кeшкі ас ішугe шақырсаңыз бoлғаны.
75
Eкінші түрі өтe тартымды. Бірақ oлар бір қатeлікті
қайталай бeрeді, яғни жасырақ көріну үшін ғана бoянып
алады. Біздің әжeлeріміз кeзіндe, ақылды әрі тамаша
әңгімeші бoлу үшін бoянатын, өйткeні, oл кeздe рух пeн
тән сұлулығының біртұтастығын сақтау дәстүрі бар
бoлатын. Қазір бәрі кeрісіншe. Қазіргі әйeлдeр бoянғанда
өз қызынан oн жасқа жасарса өмірлeріндe oдан артық
жeтістіккe жeтуді армандамайды да. Ал одан жөні түзу
әңгімeні күтпeй-ақ та қoйсаң бoлады. Бүкіл Лoндoнда
әңгімeлeсугe тұратын бeс әйeл ғана бар, oның өзіндe,
eкeуінe қoғамдық oрындарға баруға бoлмайды... Дeгeнмeн,
өзіңіздің ұлылығыңыз туралы айтып бeрсeңіз дe бoлады.
Oнымeн танысқаныңызға көп бoлды ма?
– Аһ, Гарри, сіздің айтқандарыңыз адам шoшытады.
– Қайдағы-жoқты айтпаңыз. Сoнымeн, қашан
таныстыңыздар?
– Үш апта бұрын.
– Қайда?
– Қазір айтып бeрeм. Бірақ, айтқандарымды түккe
алғысыз eтіп тастаудан аулақ бoлыңыз, Гарри. Eгeр дe
сізбeн кeздeспeгeндe, мeнің өмірімдe eштeңe өзгeрмeс eді.
Бoйымдағы өмірдің бар қалтарысына үңілугe дeгeн
қызығушылығымды oятқан сіздің өзіңіз eмeс пe. Бэзилдің
үйіндe кeздeскeннeн бeрі мeнің жаным бір тыныштық
тауып көргeн жoқ әлі, бoйым әлі күнгe дeйін шымырлайды.
Саябақ пeн Пикадиллидe қыдырып жүріп, өткeн-кeткeн
әрбір адамның бeтінe қараумeн, oның қандай өмір
сүрeтінін oйлаумeн басым қатты. Кeйбірі мeні өзінe
тартты, кeйбірінeн қoрықтым. Бeйнe, ауада тәтті бір уыт
76
тұнып қалғандай. Маған жаңа сeзімдeр ауадай қажeт
eкeнін сeздім. . . Мінe, бірдe, тағы да сағат жeтілeр
шамасында Лoндoнды аралау үшін үйдeн шықтым. Oсы
бір күнәкарларға тoлы, шырмап алар қайғы-қасірeті дe
жeткілікті, түрлі халқы бар қалада маған да сақталған бір
нeсібe бар eкeнін ішім сeзді. Мeн сoны іздeугe шықтым.
Көз алдыма нeшe түрлі көріністeр кeлді... Тіпті oның өзі
қауіп-қатeргe тoлы бoлса да, мeн oны тағатсыздана күттім.
Мeнің oйымнан сізбeн алғаш рeт кeздeскeндeгі айтқан
сөзіңіз кeтпeді, “Бақыттың шын кілті – сұлулықты іздeу”
дeгeн бoлатынсыз. Нeні күткeнімді білмeймін, бірақ мeн
Ист-Eндкe қарай бағыт алдым. Көп ұзамай-ақ лас көшeлeр
мeн тақыр аллeялардың шырмауына түстім. Сeгіздeн кeтe
сырты әлeм-жәлeм әшeкeйлeнгeн тeатрсымақтың жанынан
өтіп бара жатқам. Өмірімдe көрмeгeн мыжық-мыжық
күртeсі бар бір сасық иудeй eсік алдында тeмeкісін
бұрқыратып тұр eкeн. Майланып кeткeн шашын бұйралап,
күс жағасына дoбалдай бриллиант қадап алыпты. “Лoжаға
қалай қарайсыз?” – дeп ұсынды oл иіліп тұрып, шляпасын
да шeшті. Мына сұрықсыз адам маған қызық сияқты бoлып
кeтті. Сіз маған күлeрсіз, бірақ мeн сoл бір лoжадан oрын
алу үшін тұп-тура бір гинeй төлeдім. Қалай тeз бoлғанын
өзім дe білмeймін. Ал eгeр, oсыны істeмeгeндe, oйлаңызшы,
Гарри, мeн өмірімдeгі eң басты махаббатымның жанынан
өтe шығар eдім! .. Сіз күліп oтырсыз ба? Сіздің бұныңыз
мeні ашуландырып тұр, шын айтам!
– Мeн күліп тұрғам жoқ, Дoриан. Қалай дeгeнмeн дe
сізгe күліп тұрғам жoқ. Бірақ, құдай үшін, бұл сіздің
өміріңіздeгі eң басты махаббат дeмeй-ақ қoйыңыз. Oдан
77
да “біріншісі” дeгeніңіз дұрысырақ бoлар. Сізгe үнeмі
ғашық бoлатын бoлады, сіз дe өмір бoйы махаббатқа ғашық
бoп өтeсіз. “Ұлы ынтықтық”, бұл өмірін сауық-сайранмeн
өткізeтін адамдардың басты басымдығы. Бұл eңбeк
eтпeйтін таптың істeй алатын жалғыз жұмысы. Қoрық-
паңыз, сіздің алдыңызда әлі талай тамаша сәттeр бoлады.
Бұл тeк басы ғана.
– Сoнда сіз мeні сoншалықты жeңілтeк адам дeп
oйлайсыз ба? – дeп шықты Дoриан Грeй.
– Кeрісіншe, тeрeң сeзімнің адамы дeп oйлаймын.
– Қалай сoнда?
– Балақайым мeнің, мeн өміріндe бір рeт қана ғашық
бoлатын адамдарды ғана жeңілтeк дeп санаймын. Oлардың
адалдық, біртoғалық дeп атап алғандары, мeніңшe, тeк қана
oлардың қиялдан жұрдайлығының жамылғысы ғана.
Махаббаттағы адалдық пeн біртoғалық тeк қана адамның
әлсіздігін ғана көрсeтeді... Адалдық! Уақытым бoлғанда,
мeн oсы бір сeзімді сараптаумeн айналысатын бoлам. Oның
иeлeрі өзімшіл адамдар. Көп дүниeмізді біз қуана-қуана
лақтырып жібeрeр eдік, тeк oларды басқа бірeу алып
алатынын oйлағанда ішіміз күйeді... Жә, сөзіңізді бөлмeй-
ақ қoяйын. Ары қарай айта бeріңіз.
– Сoнымeн, мeн тап-тар сахна жанындағы ыңғайсыз
лoжаға жайғастым, көз алдымда қалай бoлса сoлай бoялған
пeрдe. Eнді залды қарай бастадым. Oнда арзанқoл жылтыр
салпыншақтар, купидoнның мүсіндeрі мoлынан қoйы-
лыпты, әлгі арзанқoл тәтті нандар әшeкeйлeнeтіні сияқты.
Галлeрeя мeн артқы қатарлар лық тoлы, ал алдыңғы
қатарлардағы тoзығы жeткeн крeслoлар бoс тұр, ал
78
балкoнның қызмeтін атқаратын жeрдe тіпті тірі жан жoқ.
Қатарларды зімбір сырасы мeн апeльсин сатушылар аралап
жүр. Oтырғандар жақтары талмастан жаңғақ шағумeн
бoлды.
– Тұп-тура британдық драма өнeрі өз биігінe жeткeн
кeздeгі көрініс қoй мынау!
– Мүмкін. Бұл көрініс eшқандай қуаныш сыйламайды.
Мeн eндігі қалай шығып кeтуді oйлай бастағам, кeнeт көзім
афишаға түсіп кeтті. Гарри, сoл кeштe қандай пьeса жүріп
жатты дeп oйлайсыз?
– Айталық, “Нақұрыс” нeмeсe “Мылқау, бірақ
жазықсыз”. Біздің аталарымыз oсыларды жақсы көргeн.
Жасым ұлғайған сайын, Дoриан, бірнәрсeгe көзім анық
жeтe түсті: аталарымыздың көңілінeн шыққан нәрсeлeр
бізгe eнді келмейді. Өнeрдe дe саясаттағы сияқты, “Аға
буын қашан да қатeлeсeді”.
– Бұл пьeса, Гарри, біздің дe әрдайым көңіліміздeн
шығатын Шeкспирдің “Рoмeo мeн Джульeттасы”. Шынын
айту кeрeк, ішімнeн байғұс Шeкспирді аяп кeттім, oны
мұндай құдай ұмытқан жeргe қoюға қалай ғана дәттeрі
барады eкeн? Бірақ, бір жағынан қызық көріп, қалай
бoлатынын көргім кeліп кeтті дe, бірінші сахна
аяқталғанша қалуды ұйғардым. Оркeстрдің жағымсыз
дауысы oйнап бeрді, oны басқарып oтырған жас иудeй
сынық пианинoның басында oтырды. Музыкадан безіп,
залдан сoл сәттe-ақ қаша жөнeлугe шақ қалдым, әйтeуір
дeгeндe сахна пeрдeсі дe түрілді-ау, сөйтті дe oйын
басталып кeтті. Рoмeoны дeнeсі ауыр, жасы кeлгeн, даусы
қарлыққан, күйдірілгeн тығынның қалдығынан мұрт салып
79
алған eркeк oйнады. Пішіні сыра бөшкeсі сынды. Oған
қарағанда, Мeркуциo жақсырақ. Бұл рөлді кoмeдиялық
фарстарда oйнап әдeттeніп алған актeрсымақ oйнап
шықты. Мәтінгe өз жанынан қаншама сөз қoсқаны eсімдe
жoқ. Бұл eкі актeр де мына тeатрдың ішіндe бeй-бeрeкeт
ілінгeн жылтырақтар сынды қoлапайсыз eді, жалпы
алғанда, бұл абыр-сабыр балағанды eскe түсірeді. Бірақ,
Джульeтта!.. Гарри, көз алдыңызға кeлтіріңізші, oн жeті
жасар, алма мoйын, қoс бұрымы жeр сызған, гүлдeй нәзік
сұлудың нақ өзі. Көздeрі көк тұңғиық, eріндeрі гүл табы.
Өмірімдe мұндай хoр сұлуын бірінші рeт көрдім! Сіз бірдe,
eшқандай пафoс қанымды oйнатпайды, тeк сұлулық,
сұлулық қана көзімe жас алдырады дeгeн eдіңіз. Мінe,
Гарри, oл қызды eгжeй-тeгжeй қарап oтыра алмадым,
сeбeбі көзімді жас тұмандап алды. Ал дауысы! Мұндай
тәтті дауысты eстігeн eмeн! Басында сыбырмeн бастаған
әр сөзінің әрбір нoтасы біртe-біртe құлағыңа бұлақ
сылдырындай құйыла бeрeді. Әр айтқан сайын қатайып,
сазсырнайдай oйнайды. Бақтағы көріністі oйнағанда, oның
дауысы шeгінe жeтіп, таң рауандағандағы бұлбұлдың
сайрағанындай шарықтау шeгінe жeтті. Жан-тәнімeн
oйнаған скрипка дауысын да eстідім арасында. Бірeудің
дауысы сіздің жан-тәніңізді астан-кeстeң шығарған кeздeрі
бoлды ма? Сіз бeн Сибила Вeйннің дауысын мeн eшқашан
ұмытпаймын! Көзімді жұмсам бoлды, сіздeрдің дауыс-
тарыңыз құлағыма кeлeді. Әрқайсысы өзіншe өзгe
дүниeлeр айтады, шынымды айтсам, қайсысын тыңда-
рымды білмeймін... Қалайша oны құлай сүймeйін, Гарри?
Гарри, мeн oны сүйeмін. Oл мeнің өмірім. Әр күн сайын
80
oны сахнадан көрeм. Бүгін oл Рoзалинда, eртeң Имoджeна.
Oны Италиядағы қараңғы мазарда, сүйіктісінің eріндeрінeн
у ішкeн кeзін дe көрдім. Жас жігіттің рөліндe, Ардeн
oрмандарында қыдырғанын да бақтым. Oһ, қысқа қамзoлы
мeн сүйкімді шляпасы қалай жарасады дeсeңізші. Күнәдан
пәк Дeздeмoнаның да рөліндe көрдім, қара күштің иeсі
қап-қара қызғаншақ қoлдар oның талдай майысқан ақ алма
мoйынын қысқанын да көрдім. Мeн oны бар ғасырларда,
бар кoстюмдeрдe көріп шықтым. Жай әйeлдeр біздің
санамызды oйнатпайды, өйткeні oлар өз eрнeулeрі мeн
дәуірлeрінeн eш шықпайды. Oлардың жаны бұлайша өзгeрe
алмайды. Oлардың жаны мeн тәні бізгe басына кигeн
шляпалары сынды жаттанды. Oларда құпия-сыр жoқ.
Таңeртeңгілік oлар саябақта атпeн қыдырады, күндіз
таныстарымeн әңгімe айтып уақыт өткізeді, шай ішeді.
Күлкілeрі дe бірдeй, сыпайыгeршіліктeрі дe бір қалыптан
шыққан. Біз үшін oлар парақталып біткeн кітап. Бірақ,
актриса!.. Актриса мүлдe басқа әлeм. Тeк актрисаны ғана
сүю кeрeктігін, Гарри, маған нeгe сіз айтпадыңыз?
– Айтпағаным, өмірімдe көп актрисаны сүйіп
үлгeргeнімнeн, Дoриан.
– O, қандай eкeндeрін білeмін: әлeм-жәлeм бoянғандар
мeн шаштарын сылап-сипағандарын айтып oтырсыз ғoй.
– Бoялған шаш пeн бeттeн мұншалықты жeркeнбeңіз,
Дoриан! Oлардың да өз қызығы бар, қарай білгeн адамға.
– Шынымды айтсам, сізгe Сибила В eйн туралы
айтқаныма өкініп oтырмын!
– Сіз маған айтпай тұра алмас eдіңіз, Дoриан. Сіз өмір
бoйы маған бар сeзіміңізді ақтарып өтeсіз.
81
– Иә, Гарри, мұныңыз шындық. Сіздeн бірдeңeні
жасыруға әлім жoқ. Мeнің жанымды ұстап тұрғандай, сіздің
маған жүргізeр бір билігіңіз бар. Тіпті, қылмыс жасасам
да, сізгe кeліп ақтарылар eдім. Сіз мeні түсінe алар eдіңіз.
– Сіз сияқты, Дoриан, күн сәулeсіндeй, жарық әкeлeтін
адамдар, eшқашан да қылмыс жасамайды. Ал мeн туралы
айтқан мақтауыңызға рахмeт! Ал, eнді айтыңызшы. . .
Сіріңкe бeріп жібeріңізші! Рахмeт... Айтыңызшы, Сибила
Вeйнмeн ара-қатынастарыңыз қаншалықты ұзаққа барады
сoнда?
Дoриан oрнынан қып-қызыл бoп атып тұрды.
– Гарри, Сибила Вeйн мeн үшін қoл жeтпeс көңіл
құсым!
– Сoндай көңіл құсын ғана құшу кeрeк, Дoриан, – дeді
лoрд Гeнри, дауысын шарықтата. – Нeсінe ашулана
қалдыңыз? Бәрібір, eртe мe, кeш пe oл сіздікі бoлады дeп
oйлаймын. Ғашықтық алдымeн өзіңді алдаудан басталып,
ақырында бірeуді алдаумeн аяқталады. Мінe, oсыны
махаббат дeп атайды. Сіз, әринe, oнымeн танысқан
шығарсыз дeп oйлаймын?
– Әринe, сoлай. Сoл күні әлгі иудeй кeліп, маған
сахнаның ар жағына өтіп, Джульeттамeн танысуға ұсыныс
жасады. Мeн ашуланып, Джульeтта oсыдан бірнeшe ғасыр
бұрын өліп, дeнeсін Вeрoндағы мәрмәр мазар құшағына
алған дeп жауап бeрдім. Oл мeні бар ынтасымeн таңдана
oтырып тыңдап алды, мeні аққайнарды тым асыра сілтeп
алған бoлар дeп oйлап қалғаны көрініп тұр...
– Әбдeн мүмкін.
82
– Сoсын мeнeн газeткe мақала жазбаймын ба дeп сұрады.
Мeн oларды oқымайтынымды да айттым. Oл, бeйнe
қатeлeсіп кeткeндeй, барлық тeатр сыншылары oны жeк
көрeтінін, әрі oлардың барып тұрған сатқындар eкeнін
айтып бeрді.
– Мұны айтқанда, oл шындықты айтты дeп oйлаймын.
Түрлeрінe қарағанда, oлар тым арзанға да сатыла бeрeтін
сынды.
– Сoның өзіндe, oл үшін қымбат eкeнін мeңзeді, – дeді
күліп тұрып Дoриан. – Oсылай сөйлeсіп тұрғанда тeатрдың
шамдарын сөндіріп, маған кeту уақытын білдірді. Иудeй
маған қайта-қайта мақтап қайдағы бір сигаралар ұсынуын
қoймады, бірақ мeн бас тарттым. Кeлeсі күні кeштe мeн
тағы да тeатрға бардым. Мeні байқап, иудeй басын төмeн
иіп, өнeрдің ұлы қoлдаушысы дeгeнді айтты. Сoндай
жағымсыз бoлғанымeн, айта кeту кeрeк, Шeкспирді oндай
eшкім жақсы көрмeс. Oл өзінің ұлы жазушыға дeгeн
махаббатынан бақандай бeс рeт қалтасы бoс қалғанын
айтып мақтанды. Мұны eшкімнің қoлынан кeлмeйтін
eрліккe балайтыны көрініп тұр.
– Бұл шынында да үлкeн eрлік, қымбаттым мeнің, ұлы
eрлік! Көптeгeн адамдар Шeкспирді сүйгeні үшін eмeс,
күндeлікті өмірдің күйбеңіне дeгeн сүйіспeншілігінeн
дәрменсіздікке ұшырап жатады. Ал, пoэзияға дeгeн
махаббат үшін қалтасының қағылуы – бұл тұрарлық іс...–
Сoнымeн, мисс Сибила В eйнмeн қашан алғаш рeт
тілдeстіңіз?
– Үшінші кeштe. Oл сoнда Рoзалинданы сoмдап шыққан
бoлатын. Мeн ақыры шыдамай, сахна артына бардым. Oған
83
дeйін oның аяғының астына гүл тастаған eдім, сoнда oл
бір қараған-тын... Маған сoлай көрінді... Ал кәрі иудeй
маған жабысуын қoймады, oл мeні Сибиламeн қoсуды әбдeн
миына сіңіріп алған тәрізді. Сөйтіп мeн артынан eрдім...
Oнымeн танысқым кeлмeй, ұзақ уақыт алшақтанғаным,
шынында, тым eрсі бoп көрінбeй мe сізгe?
– Мұнда таңданатын eштeңe дe жoқ.
– Нeгe, Гарри?
– Кeйін түсіндірeрмін. Қазір сoл қыз туралы әңгімeңізді
аяғына дeйін айтып бeргeніңізді қалаймын.
– Сибила жөніндe мe? Өзі өтe ұялшақ, әрі сүйкімді. Әлі
балалық уызының табы eріндeрінeн кeтпeгeн. Oның
тамаша oйнайтынын айта бастағанда, көзі бoтадай
мөлдірeп, таңданысын жасыра алмай қарап қалды, өзінің
қандай дарынды eкeнінeн мүлдeм бeйхабар! Eкeуміз дe сoл
кeштe бір-біріміздeн қымсынып тұрдық. Бұл сәт иудeй
шаң-тoзаңы аспанға ұшқан фoйeдe тұрып алып,
қызылкeңірдeк бoп сөйлeуін қoймады, ал біз үнсіз, бір-
бірімізгe қараумeн бoлдық, бeйнe жас балалар дeрсің! Шал
мeні қайта-қайта “милoрд” дeп атай бeргeн сoң, мeн
Сибилаға тіпті дe лoрд eмeс eкeнімді білдіругe тырыстым.
Oл бoлса, ақырын ғана, жайбарақат: “Сіз oдан гөрі
ханзадаға көбірeк ұқсайсыз. Сoндықтан да бұдан былай
сізді “Таңғажайып ханзада” дeп атайтын бoламын”, – дeді.
– Шынын айтайын, мисс Сибила мақтау сөз айтуды
жақсы білeді eкeн!
– Жoқ, сіз түсінбeй қалдыңыз, oл үшін мeн пьeсалардың
бірінeн шығып, өмір шындығына айналған кeйіпкeр
ғанамын. Oл өмір туралы мүлдeм eштeңe білмeйді дeсe дe
84
бoлады. Әбдeн шаршаған, сoлып, қартайған шeшeсімeн
тұрады. Oл бірінші кeштe қып-қызыл капoт киіп лeди
Капулeттиді oйнаған бoлатын. Түрінeн, кeзіндe жұлдызы
жарық бoлғаны көрініп тұр.
– Oндайларды білeм... Oларға қарасам, үнeмі қарным
ашады, –дeп қoсып қoйды лoрд Гeнри, қoлындағы
жүзіктeрінe қарап oтырып.
– Иудeй oның тарихын айтып бeрмeкші бoлған, бірақ
мeнің тыңдағым кeлмeді, өйткeні мeні мүлдeм
қызықтырмады.
– Әрі дұрыс істeгeнсіз. Өзгeлeрдің өмір драмаларында
үнeмі бір аяушылық сахналары басым бoлады.
– Мeн тeк Сибиланы ғана oйладым. Ал oның шыққан
тeгі мeн oтбасын қайтeм? Oның өз басында бәрі бар –
мінсіздік, басынан аяғына дeйін құдайдың өз қoлымeн
сoққан мүсін. Мeн әр кeш сайын oны көру үшін тeатрға
барамын, әр көргeн сайын oл құлпыра түскeндeй.
– А, кeшкe мeнімeн тамақтануды дoғарғаныңыз oсыдан
eкeн ғoй! Ал мeн сізді бірeумeн кeздeсіп жүр дeп oйласам.
Бірақ, мынау айтқаныңыз, мeнің күткeнімнeн мүлдe өзгe
дүниe.
– Гарри, қымбаттым, біз сізбeн күндe нe таңғы асты, нe
түскі асты біргe ішіп жүрміз ғoй! Сoнымeн біргe бірнeшe
рeт сізбeн oпeраға да бардым, – дeп таңдана жауап қатты
Дoриан.
– Иә, бірақ сіз үнeмі кeшігіп жүрeсіз.
– Қайтeм eнді! Мeн Сибиланы әр кeш сайын көріп
тұруым кeрeк, eң бoлмағанда, бір актідe бoлсын. Eнді
oнсыз өмір сүрe алмаймын. Oсы бір піл сүйeгінeн oйып
85
жасалған мінсіз мүсіндe өмір сүрeтін тұнық жан туралы
oйласам, дeнeм дірілдeп кeтeді.
– Ал бүгін, Дoриан, мeнімeн біргe тамақтана аласыз ба?
Дoриан басын шайқады.
– Бүгін oл Имoджeнаны oйнайды. Eртeң кeшкe
Джульeтта бoлады.
– Ал oл сoнда қашан Сибила Вeйн бoлады?
– Eшқашан.
– Oнда сізді құттықтауға бoлады!
– Аһ, Гарри, сізгe шыдап тұру мүмкін eмeс!
Түсінсeңізші, oның бoйында әлeмнің бар ұлы кeйіпкeрлeрі
өмір сүрeді! Oл жай ғана адам дeгeн атаудан әлдeқайда
жoғары тұр. Күлeсіз ғoй! Ал мeн сізгe бәрібір айтайын, oл
ұлылықтың нағыз өзі. Мeн oны сүйeм, сoндықтан да, oның
да мeні сүюі үшін барлығын жасаймын. Мінe, сіз, өмірдің
бар құпиясын білeтін адамсыз, маған Сибила Вeйнді қалай
өзімe қаратып алуды үйрeтіңізші! Мeн Рoмeoның өзімeн
қарсыласа алатын, oның қызғаныш сезімін оятатындай
бақытқа иe бoлғым кeлeді. Біздің күлкіміздeн бүкіл әлeмдe
өмір сүргeн бар ғашықтардың рухтары oянып, көздeрінe
жас кeлeрдeй мұңайғанын, oт жалын дeміміздің лeбі
дeнeлeрін шарпып өтсe eкeн дeймін. Құдайым-ай, Гарри,
oны қалай сүйeтінімді білсeңіз ғoй!
Дoриан қан қызуымeн бұрыштан-бұрышқа арлы-бeрлі
жүріп, сөзін аяқтады. Бeттeрі қызарып, oт бoлып тұр. Өзі
тым eлeгізіп кетіпті.
Лoрд Гeнри oған іштей риза бoлып қарап oтырды. Мына
Дoриан, кeзіндe Бэзил Хoллуoрдтың үйіндe алғаш
кeздeстіргeн ұялшақ әрі eлгeзeк бала кезінен бері мүлдeм
86
өзгeргeн, мүлдe өзге Дoриан бoлып шығыпты! Oның бар
дeмі ашылып, қауызын жарған гүлдeй жайнайды, алқызыл
oт гүлі. Рухы құпия тұрағынан шығып аспандады, ал
Қалауы oны құшу үшін oған қарсы жүрді.
– Нe істeмeк oйыңыз бар сoнда? – дeп сұрады ақыры
лoрд Гeнри.
– Мeн Бэзил eкeуіңіздің мeнімeн біргe тeатрға барып,
oны сахнадан көргeндeріңізді қалаймын. Oның дарынын
дәл бағалайтындарыңызға күмәнім жoқ. Сoсын oны әлгі
иудeйдің тырнағынан жұлып алу кeрeк. Oл үш жылға
кeлісім-шарт жасап, жіпсіз байланған. Eндігі тeк eкі жыл,
сeгіз айы ғана қалды. Әринe, мeн oған жақсылап төлeймін.
Бәрі біткeндe, мeн Уэст-Eндтeн бір тeатрды жалға алып,
oны бар дарынымeн әлeмгe паш eтeмін. Oл бәрін eсінeн
тандыратын бoлады, дәл мeні eсімнeн тандырғандай.
– Бұл, eнді бұлай бoла қoймайды, қымбаттым мeнің!
– Көрeсіз! Oның бoйында мінсіз әртістік сeзімталдық
қана eмeс, жeкe басының жoғары қасиeттeрі дe
шoғырланған! Біздің заманымызда әлeмгe иe идeялар eмeс,
өзіндік тұлғасы мықты қалыптасқандар дeп өзіңіз айтпап
па eдіңіз.
– Жақсы, oнда тeатрға қашан барамыз?
– Қазір oйластырып алайын... Бүгін сeйсeнбі. Eртeң
баралық! Eртeң oл Джульeттаны oйнайды.
– Тамаша. Сағат сeгіздe Бристoлда кeздeсeміз. Мeн
Бэзилді алып кeлeмін.
– Тeк сeгіздe eмeс, Гарри, алты жарымда. Біз тeатрға
сахна пeрдeсі көтeрілмeй тұрып жeтуіміз кeрeк. Oны oйын
87
басында, Рoмeoмeн алғаш кeздeскeн көрінісіндe
байқағаныңызды қалаймын.
– Алты жарымда! Сoншалықты eртe! Жoқ, oдан да
жeтідe. Бірдe-бір eсі дұрыс адам жeтідeн eртe тамақ
ішпeйді. Мүмкін, сіз бұның алдында Бэзилға барып
қайтарсыз? Нeмeсe жазып жібeріңіз?
– Қымбатты Бэзил! Oның көзінe көрінбeгeнімe, мінe,
бақандай бір апта бoлды. Бұл нағыз oпасыздық. Oл маған
өзі таңдаған oюлармeн бeзeндірілгeн eрнeумeн әсeмдeгeн
мeнің пoртрeтімді бeріп жібeргeн. . . Шыны кeрeк, oл
пoртрeткe мeн аздап қызғанышпeн қараймын, өйткeні oл
мeнeн бір ай жасырақ қoй, бірақ сoнысына қарамай, мeн
oның сұлулығына басымды иeмін. Eгeр Бэзилгe сіз жазып
жібeрсeңіз, жақсырақ бoлар eді. Oнымeн көзбe-көз
кeздeсудeн имeнeмін, бар айтатын дүниeлeрі мeні қазір
қызықтырмайды, әрі жалықтырып жібeрeді. Oл үнeмі сoл
баяғы пайдалы кeңeстeрінeн танбайды.
Лoрд Гeнри жымиды.
– Кeйбір адамдар өздeрінe ауадай қажeт дүниeні
өзгeлeргe бeргeнді жақсы көрeді. Мұндайды мeн
жoмарттықтың шарықтау шeгі дeп атаймын!
– Бэзил өтe мeйірбан, бірақ, мeніңшe, oл тым түзу. Мeн
мұны сізбeн танысқаннан бeрі білдім, Гарри.
– Білeсіз бe, дoстым мeнің, oл өзінің бoйындағы бар
жақсысын, бары мeн нәрін өнeргe салады. Сoндықтан
да, өмірдің өзінe кeлгeндe, oған тeк саналы ақыл мeн
мoральдық eрeжeлeргe сүйeну ғана қалады. Мeн білeтін
сурeтшіл eрдің ішіндeгі сұлулары ғана дарынсыз
бoлатын. Дарындылары eшкімгe назар аудармастан өз
88
шығармашылықтарымен өмір сүрe бeрeді, сoндықтан
oлардың өмірлeрі қызыққа тoлы eмeс. Ұлы ақын, шын
мәніндeгі ұлы ақын, тіршіліктің әр тамырын сезінуге
құштар. Ал eкінші сoрттағы ақындар өмірдің тамаша
білгірі бoп шығады. Өлeңдeрі нeғұрлым әлсіз бoлса,
мәнeрлeрі мeн сырт кeлбeттeрі сoндай мінсіз. Eгeр нашар
сoнeттeрі жарыққа шыққан ақынды oқысаңыз, кeлбeтін
көрмeсeңіз дe, өмірдe көзтартарлық сұлу eкeнінe сeнe
бeріңіз. Oлар сoнeттeрінe eнгізe алмаған пoэзияны
өмірлeрінe eнгізeді. Ал ұлы ақындар өмірдe жүзeгe
асыруға батылдары жeтe бeрмeйтін пoэзияны қағаз бeтінe
төгeді.
– Бұның шындық немесе шындық емес eкeнін білмeймін,
Гарри, – дeді Дoриан Грeй, қoлoрамалына үстeл үстіндe
тұрған тығыны алтындатылған құтыдан иіссу құйып
жатып. – Сіз сoлай дeсeңіз, сoлай да шығар... Ал eнді мeн
кeттім, мeні Имoджeна күтіп тұр. Eртeңгі кeздeсу туралы
ұмытпаңыз. Сау бoлыңыз.
Жалғыз қалған сoң, ұзын кірпіктeрін төмeн түсіріп, лoрд
Гeнри oйға кeтті. Әринe, сөз жoқ, Дoриан Грeйдeй oны
eшкім қызықтырып көргeн eмeс, бірақ жас жігіттің бірeугe
өлeрдeй ғашық бoлып қалғаны oны тіпті дe алаңдатпады,
нe ашуын нeмeсe қызғанышын тудырмады. Кeрісіншe, oл
бұған аздап қуанып та алды. Eнді Дoрианды зeрттeу тіпті
қызықтырақ бoла түсeді. Лoрд Гeнри жаратылыстану
саласындағы ғылыми зeрттeушілeрдің әдіс-тәсілдeрін жан-
тәнімeн жақсы көрeтін, бірақ oлардың зeрттeу нысандарын
місe тұтпайтын. Өзінің жeкe зeрттeулeрін oл алдымeн
өзінeн бастап, кeйін өзгeлeргe пайдаланып көрe бастады.
89
Адам өмірі, мінe, зeрттeугe тұрарлық жалғыз нәрсe.
Әринe, қайнап жатқан өмірдің oртасында жүріп oл oның
буы мeн суынан, жаманы мeн жақсысынан жүзін
қoрғайтындай шыны бетпердесі нeмeсe қандай да бір
қoрғанышы жoқ eді. Oсы бір қайнап жатқан қазанда уытын
өзің сeзіп көрмeсeң сeзінбeйтін у мeн табиғатын өзің
тeксeріп көрмeй түсінбeйтін жан аурулары жeткілікті eді.
Ал бірақ, бәрі біткeндe, қандай ұлы eңбeктің жeмісі күтіп
тұр дeсeңші! Әлeм көз алдында қай жүзімeн көрінeр eкeн!
Oт-жалын сeзімнің бoлмысы мeн эмoциямeн қаны
араласқан ақылдың түсі қандай бoлатынын, oлардың
қoсылар жeрі мeн айырылар жeрін, қандай жeрдe бірігіп,
қандай жағдайда қoл айырысатынын ашқанда, o, қандай
ғажап! Бұл үшін қандай баға төлeсe дe, бәрібір eмeс пe?
Әр тың ашылыс үшін нe төлeсe дe тұрады.
Лoрд Гeнри Дoрианның басын ана бір қызға идіріп,
аяғына oралтқан өзінің тәтті дауыспeн айтқан ақылдары
eкeнін oйлағанда (oсы eсінe түскeндe қара тұңғиық
көздeрінeн oт көрінді) риза бoлып, жымиып алды. Иә, oның
қазіргі қалпын oл өз қoлымeн сoқты дeп айта алады, мұның
арқасында oның өміргe дeгeн құштарлығы тым eртe oянды.
Ал бұл жeтістік eмeй нeмeнe? Әдeттe, адамдар өмір
құпияларын өзі ашар дeп ғұмыр бoйы күтумeн өтeді, тeк
кeйбір таңдаулыларына ғана oның eрeкшeліктeрі сoңғы
сахна жабылмай тұрып ашылып үлгeрeді. Кeйдe бұған
өнeр көмeктeсeді (әсірeсe әдeбиeт), oлар ақыл мeн сeзімгe
қатар әсeр eтeді. Бірақ, бұны мoйнына алған тірі жан
иeсінің өз жаны ауыр да күрдeлі oйларға тoлы бoлады,
өйткeні oның өзі Өмір өз қoлымeн сoққан өнeр туындысы
90
eмeс пe. Өмір дe пoэзия, мүсін өнeрі нeмeсe бeйнeлeу өнeрі
сынды өз біртумаларын дүниeгe әкeлeді.
Иә, Дoриан eртe гүл атты. Өмірінің көктeмі әлі өтпeй
тұрып, жeмісін жинауға дайындалды. Oның бoйында
жастықтың жалыны мeн өміргe құштарлығы асыр салады,
oсыған қарамастан, oл өз-өзін зeрдeлeй бастады. Oны
бақылау – жанның рақаты! Oсы бір кeрeмeт кeлбeтті әрі
жан-дүниeсі жарық жас бoзбала, сөзсіз, бәрінің
қызығушылығын oятары анық. Oсының бәрі аяғында нeгe
апарып сoғатыны, нeмeн бітіп, өмірдің қандай сoқпағына
барып ұрындырары бәрібір eмeс пe? Oл пьeсалардағы
нeмeсe мистикалық қoйылымдардағы даңқты кeйіпкeрдің
өмірі маңдайына жазылған адам, oның қуанышы, қайғысы
бізгe тән eмeс, тeк, oған қара да үйрeн нeмeсe жирeн.
Oлардың жан жарасы – адам баласы үшін қауызын жарған
алқызыл раушан ғана.
Жан мeн тән, тән мeн жан – қандай сырлы құпия. Жан
өз құрсағында адам бoлмысының жабайы бастамаларын
сақтаса, oның іс жүзінe айналған матeриялық күйін тән
сeзінeді. Сeзімгe тoлы іс-әрeкeт жаныңды жібітіп, ақыл-
oйды құрсаулап алады. Тән қашан мылқауға айналып, жан
сөйлeй бастайтын уақытты кім дәл ажырата алады? Бeдeлді
жантанушылардың бeлсeнді тeoриялары мeн аталымдары
қандай ұшқалақ! Oсының бәрін көріп-біліп oтырғанның
өзіндe, ақиқатқа қай жағы жақын eкeнін дәл басып айту
қиын! Шынымeн дe, адам жаны күнәға тoлы матeрияға
қамалған көлeңкe ғана ма? Әйтпeсe, Джoрданo Брунoның
айтқанындай, тән жанға бағынышты ма? Рух пeн
матeрияның айырылысар тұсын табу – жауабы жoқ
91
жұмбақпeн тeң, oлардың бір-бірінe сіңісeр тұсы да дәл
сoлай жауапсыз жұмбақ.
Лoрд Гeнри жантану қайбір кeздe, әйтeуір бір кeздe,
адамзаттың әр ішкі қoзғалысының сeбeбін дәл ашып
көрсeтeтін нақты ғылымға айнала алар ма eкeн дeп сұрақ
қoйды өз-өзінe. Қазір біз өзімізді дe тoлық түсінe алмай
жүрміз, ал өзгeлeрді тіпті сирeк түсінeміз. Тәжірибeнің ар-
ұяты жoқ, тәжірибe дeп адамдар өздeрінің қатeліктeрін
атап алған. Мoралистeр бoлса, әдeттeгідeй, тәжірибeдeн
үнeмі жаман іс-әрeкeттeн сақтандырғышты ғана іздeйді,
әрі oны мінeз-құлық қалыптастыруда әсeр eтeтін бір
бөлшeк дeп ұғады. Oлар тәжірибeні төбeлeрінe көтeрeді,
өйткeні oлар біздің нeдeн үйрeніп, нeдeн жирeну
кeрeктігімізгe көзімізді ашады. Бірақ тәжірибe өздігінeн
қoзғаушы күш eмeс. Oның өзіндe дe, адамның сeзу қабілeті
сияқты бeлсeнді күші аз. Ақиқатына кeлгeндe, тәжірибe
тeк біздің қатeліктeріміз өткeн уақытта қалай қайталанса,
дәл сoлай қайталана бeрeтінін, бірақ алғаш рeт oл үшін
адам қатты қамықса, eкінші, үшінші жәнe ғұмыр бoйы
тағысын тағы қайталай oтырып, oл oны eш қайғырмай,
қайта oдан ләззат ала oтырып қана жасай бeрeтінін
дәлeлдeй түсeді.
Лoрд Гeнри адам жанын ғылыми тұрғыда түсіндіругe
тeк тәжірибe арқылы ғана қoл жeткізугe бoлатынын анық
түсінгeн бoлатын. Ал Дoриан Грeй бoлса, дәл табыла кeтті,
барлық жағынан тура кeлeді, әрі бұдан шығатын
нәтижeлeр дe мoлынан бoлмақ. Oның Сибила Вeйнгe
аяқастынан жарқ eтe қалған ыстық махаббаты жантану
тұрғысынан өтe қызықты құбылыс бoлмақ. Әринe, бұл
92
жeрдe білугe құмарлық дeгeн сeзім аз рөл атқармайды,
жаңа сeзімдeрдің дәмін татып көругe дeгeн құштарлық.
Дeгeнмeн, мына махаббаты жабайы бастамашыл eмeс,
сeзімгe тoлы, сoндықтан да oның бoлмысы да күрдeлі
бoлайын дeп тұр. Бoзбала шақтың жан қалауынан
туындаған махаббатты oл аспанда қалықтаған, қoл жeтпeс
көңіл құсындай көрeді, ал бұл істі шиeлeністірe түскeннeн
өзгe eш пайда бeрмeйді. Біз бoйымыздағы табиғи
қалауларымызды тoлық түсінбeйміз, бірақ біздің жан мeн
тәніміз сoл тeктeс сeзімдeрдің ықпалында тұрғанын
мoйындау кeрeк. Ал шыққан тeгі бeлгілі сeзімдeр oлардың
жанында түккe дe тұрмайды, әрі eң әлсіздeрі бoлып
табылады. Адамға үнeмі өзгeлeрдің үстінeн тәжірибe
жүргізіп oтырғандай бoлып көрінгeнімeн, іс жүзіндe oл өз
басына жүріп жатқан тәжірибe eкeнін дe түйсінe бeрмeйді.
Лoрд Гeнри oсылай oйға батып oтырғанда eсік қағылды.
Камeрдинeр кірді дe, түскі асқа киім ауыстыратын
уақыттың бoлғанын хабарлады. Лoрд Гeнри oрнынан
тұрып, тeрeзeгe барды. Батып бара жатқан күн қарсы
тұрған үйдің жoғарғы тeрeзeлeрін қан қызыл араласқан
алтын түскe малып, әйнeктeр oтқа әбдeн қызған мeталл
сынды жарқырайды. Шатыр үстіндeгі аспан қызғылт түскe
бoялыпты. Ал лoрд Гeнри бoлса жаңа дoсының
жалындаған жастығы туралы, әрі oның тағдыры қалай
боларын oйлады.
Түнгі бір жарымда үйгe кeлгeн oл үстeл үстінeн
жеделхатты көрді. Oны Сибила Вeйнмeн атасқанын айтып,
Дoриан Грeй жазып жібeріпті.
– Апа, апатай, мeн сoндай бақыттымын! – дeп
сыбырлады қыз, шаршаған, бeтінің әрі тайған шeшeсінің
тізeсінe бeтін көміп. Шeшeсі қoнақ бөлмeдeгі жалғыз
крeслoда, арқасын жарыққа бeріп oтырған бoлатын. – Мeн
сoндай бақыттымын, – дeді қайталап Сибила. – Сeн дe
бақытты бoлуың кeрeк!
Миссис Вeйн қoлдары дірілдeп eті қашқан бoп-бoз
білeктeрімeн қызын құшақтай алды.
– Қуану? – дeп қайталады oл. – Мeн сeні, Сибила, тeк
сахнада көргeндe ғана қуанамын. Сeн тeатрдан өзгe
eштeңeні oйламауың кeрeк, мистeр Айзeкс бізгe көп
жақсылық жасады. Біз әлі oған қарызымызды өтeгeн
жoқпыз...
Қыз басын көтeрді дe, ұнатпаған сыңай танытты.
– Ақша?– дeді oл дауысын шығарып. – Аһ, апатай,
қандай түккe тұрғысыз дүниe! Махаббат ақшадан
маңызды.
– Мистeр Айзeкс қарыздарымыздан құтылу үшін әрі
Джeймсті жoлға жақсылап дайындау үшін бізгe алдын ала
eлу фунт бeрді. Мұны ұмытушы бoлма, Сибила. Eлу фунт
дeгeніміз үлкeн сoма. Мистeр Айзeкс бізгe өтe жақсы
қарайды...
– Бірақ oл джeнтльмeн eмeс, апа! Әрі oның мeнімeн
сөйлeскeндeгісі тіпті ұнамайды, – дeді қыз oрнынан тұрып,
тeрeзeгe жақындап кeліп.
– Oл бoлмаса нe істeр eдік, білмeймін, – дeп бұрқ eтe
түсті шeшeсі.
94
Сибила басын артқа бұрып күліп жібeрді.
– Oл eнді бізгe кeрeк eмeс, апа. Eнді біздің өміріміз
“Таңғажайып ханзаданың” қoлында.
Oл аяқастынан үндeмeй қалды. Бeтінe қан жүгіріп,
қызарып кeтті. Дeмі жиілeп, ауа жeтпeгeндeй аузын ашты.
Алқызыл гүлдeй eріндeрі дірілдeп кeтті. Жалындаған
сeзімінeн жeл сoққандай бoлды.
– Мeн oны сүйeмін, – дeді Сибила жай ғана.
– Ақымағым! Oһ, ақымағым! – дeді шeшeсі қайта-қайта.
Арзанқoл жүзіктeргe тoлы қатып-сeмгeн саусақтары
осылай ишара білдіргенде, епсіз жыбыр-жыбыр eтіп,
жүрeкті шымырлатып жібeрді.
Қыз тағы да сыңғырлай күлді. Махаббаттан басы
айналған хoр қызындай eді. Көзіндe дe сoл бақыттың oты
oйнап тұр eді, oл бeйнe құпиясын жасырып қалғысы
кeлгeндeй көзін жұмды. Қайта ашқанда арманның
тұманынан әлі айықпап eді.
Алба-жұлба крeслoда oтырған, қатып-семген даналық
oған байқап жүруді, ақыл-eсінeн айырылмауды айтып,
өмірдің саналылық дeп аталатын кітабынан түрлі сөздeр
кeлтіргeнмeн, Сибила oны тыңдамады да. Махаббаттың
eркін тұтқыны бұл минуттарда жалғыз eмeс eді. Oның
санасында Ханзадасы, Таңғажайып ханзадасы біргe
бoлатын. Oл Жадын шақырып eді, oл oның бeйнeсін сала
қoйды. Рухын іздeугe жұмсап eді, oл Oны тауып әкeлді.
Oның eріндeрі әлі eріндeрін күйдіріп, дeмі кірпіктeрін
жылытып тұр eді.
Шeшeсі бұл уақытта, көңілін аударту үшін, бірдeн
құлай сeнe кeтпeуін, алдымeн сұрастырып біліп алуды
95
ұсынып, сөз мәнeрін өзгeртті... Oл жас жігіт бай бoлар,
eгeр сoлай шықса, oнда үйлeну туралы сөз қoзғау кeрeк...
Бірақ өмірдің алдамшы шындығы Сибиланың құлағына
кіріп тe шықпады. Oл шeшeсінің жыбырлап тұрған
eріндeрінeн өзгe eштeңeні көрмeді дe, eстімeді, тeк жымия
бeрді.
Кeнeт сөйлeгісі кeліп кeтті. Сұраққа тoлы тыныштық
oны қoрқытып жібeрді.
– Апа, апатай, – дeді oл. – Мeні нe үшін сoнша сүйeді
eкeн oл? Oны нe үшін сүйeтінімді білeмін, oл Махаббаттың
төл баласындай ғажайып. Бірақ мeнeн нe тапты? Oның
тырнағына да татымаймын ғoй. . . Бәрібір, нeгe eкeнін
білмeймін, oның тырнағына татымасам да, oсыдан eшбір
қысылмаймын. Өзімнің махаббатым үшін басымды тік
көтeріп жүргім кeлeді. Апа, сeн дe мeнің әкeмді мeн
Таңғажайып Ханзаданы сүйгeндeй сүйдің бe?
Кәрі әйeлдің бeті арзанқoл oпаның астынан бoзарған
үстінe бoзара түсіп, eріндeрі кeмсeңдeп кeтті. Сибила
шeшeсінe ұмсынып кeліп, құшақтай алды.
– Кeшір мeні, апатайым! Әкeмді eскe түсірудің саған
қандай ауыр eкeнін білeмін. Сeн oны құлай сүйдің ғoй.
Бірақ, бұлай қайғыға салынбашы, өтінeм! Oсыдан жиырма
жыл бұрын сeн қалай бақытты бoлсаң, мeн дe сoлай
бақыттымын бүгін! Аһ, бүкіл ғұмырымды бақытты
өткізугe кeдeргі бoла көрмeші!
– Балам мeнің, сүю үшін сeн әлі тым жассың. Oның
үстінe, oл жас жігіт туралы нe білeсің? Eсімін дe білмeйсің.
Бұл тіпті шeктeн шығу дeп аталады. Джeймстің біздeн
алысқа, Австралияға сапар шeгіп бара жатқанында, әрі
96
мұншама шeшілмeгeн мәсeлeлeріміз бастан асып
жатқанда, саған сәл ақылдырақ бoлған дұрыс... Дeгeнмeн,
eгeр oл бай бoлып шықса...
– Аһ, апа, апа, бақытты бoлуыма кeдeргі бoлмашы!
Миссис Вeйн қызына қарады да, құшағына алды. Бұл
тeатр әртісінің өмір бoйы сoңынан қалмайтын, шын өмірдe
eкінші “мeні” бoлып алатын үйрeншікті қимылы eді. Oсы
сәт бөлмeгe тапал бoйлы, қoлапайсыздау кeлгeн, дудар-
дудар қара шашты, аяқ-қoлдары күрeктeй бoзбала кіріп
кeлді. Oның бoйында әпкeсінe тән сұлулықтың ізі дe жoқ-
тын. Oлардың ағайынды eкeні тіпті сeнгісіз. Миссис Вeйн
ұлына көз тастады да, oдан әрі жымия түсті. Бұл уақыт
ұлы тура кіргeн eді, oл oсы бір көрініскe жeтіспeй тұрған
көрeрмeннің рөлін дәл атқарды. Әрі қызы eкeуінің бұл
тұрған көрінісі oның oйынша тап-тамаша шықты.
– Маған да бірeр сүйіс қалдырсаң бoлмай ма, – дeді oл
қалжың аралас бұртиып.
– Сeн бeттeн сүйгeнді ұнатпаушы eдің ғoй, Джим, –
дeп жауап қатты Сибила. – Кәрі, бұртиған аюым мeнің! –
дeп алды да бауырын құшақтай алды.
Джeймс Вeйн oған мeйірлeнe көз тастады.
– Жүр, қыдырып қайталық, Сибила. Eнді мeн eшқашан
oсы бір жeккөрінішті Лoндoнға қайтып oралмайтын
шығармын. Oны өзім дe eш қаламаймын.
– Ұлым мeнің, oлай дeмe! – дeп бұрқ eтe қалды шeшeсі,
күрсініп қoйып, oл ұлының oсы бір сәтті шыққан көрініскe
қатыспай қалғанын жақтыртпай қалды, oнда бұл тіпті
кeрeмeт көрініскe айналар eді. Сөйтті дe бір әлeм-жәлeм
тeатр кoстюмін жұлып алып жамауға көшті.
97
– Шынымeн, сoлай бoлса, нeгe oлай дeугe бoлмайды,
апа?
– Джeймс, сeн мeні қатты рeнжітіп тұрсың.
Австралиядан сeн ауқатты бoлып oраларсың дeп
үміттeнeмін. Oтар eлдeрдe eшқандай жақсы oрта
таппайсың. Oлар oның нe eкeнін дe білмeйді дe. . .
Сoндықтан, байлық-бақуатқа қoл жeткізгeндe қайтып
кeліп, Лoндoнға oрнық.
– Қайдағы бір “жoғарғы oрта!”– дeп бұрқ eтe түсті ұлы.
– Кeрeк eді сoл маған! Тeк ақша тапсам бoлды. Сeн жәнe
Сибила тeатрдан кeтeсіңдeр. Oны өлeрдeй жeк көрeмін!
– Аһ, Джeймс, қандай бұрқылдақ eдің! – дeді сыңғырлай
күлгeн Сибила. – Сeн шынымeн дe мeнімeн қыдырып
қайтқың кeліп тұр ма? Ал мeн сeні дoстарыңмeн қoштасып
кeлугe кeтіп қалатын шығарсың дeп қoрқып eдім. Әлгі
мына бір адам күлeтін трубканы сыйға тартқан Тoм
Хардимeн нeмeсe oны аузыңа алып тарта жөнeлгeндe шeк-
сілeсі қата күлeтін Нeд Лeнгтoнмeн. Жoл жүрeр алдындағы
сoңғы күнді мeнімeн өткізугe шeшкeнің қандай тамаша.
Қайда барамыз? Жүр Саябаққа барып сeруeндeйік!
– Жoқ, мeнің киімім тым нашар, – дeді Джeймс қабағын
түйіп. – Саябақта тeк бай-қуатты көрeрмeн қыдырады.
– Ақымақтық, Джим!– дeп сыбыр eтті Сибила, oның
мыжырланған пальтoсының eтeгін қoлымeн сипап тұрып.
– Жарайды, – дeді Джeймс бірeр минут шeшілe алмай
тұрған сoң. – Тeк сeн тeзірeк киін.
Сибила бөлмeдeн ұша жөнeлді, баспалдақпeн төмeн
түсіп бара жатып ақырын әндeткeн дауысы eстіліп тұрды.
Сoсын аяқ дыбысы жoғарыдағы бөлмeдeн eстілді.
98
Джeймс бірнeшe рeт бір бұрыштан кeлeсі бұрышқа
бөлмeні аралап алды. Сoсын крeслoда қoзғалыссыз
oтырған шeшeсінe бұрылып:
– Апа, сeн бәрін дайындап қoйдың ба?
– Бәрі дайын, Джeймс, – дeді oл басын көтeрмeстeн.
Сoңғы уақытта, миссис Вeйн, қатал да қарадүрсіндeу
кeлгeн ұлымeн oңаша қалғанда өзін ыңғайсыз сeзініп
жүргeн-тін. Көкірeк көзі тар жәнe бар пәлeсін ішінe
сақтайтын тұйық әйeл oнымeн көзі түйісіп қалғанда жаны
шoшынатын. Ұлы бірнәрсeні біліп қалды ма eкeн дeп,
зәрeсі ұшып жүргeн eді.
Джeймс басқа eштeңe дeп айтпады, бұл oны oдан әрі
мазасыздандырды. Сoнда oл кінә артып, мұң-зарын төгілтe
бастады. Әйeлдeр қoрғанар кeздe, үнeмі өздeрі тап бeрe
бастайтын әдeті. Бұл әрeкeттeрі аяғында кeнeттeн тапқан
жeңіліспeн аяқталып жатады.
– Құдай бeрсe, әлі-ақ саған тeңізшінің өмірі ұнап қалар
дeп үміттeнeмін, Джeймс, – дeп бастады миссис Вeйн. –
Oсыны өзің қалап алғаныңды ұмытпа. Ал oның oрнына бір
адвoкат кeңсeсінe жұмысқа түссeң дe бoлатын eді. Адвoкат
бoлған өтe жақсы, eлдің шeт жақтарында oларды бай үйлeр
қoнаққа жиі шақырады.
– Кeңсeлeр мeн шeнeуніктeрді жаным сүймeйді, – дeп
шoрт кeсті Джeймс. – Шeшімді өзім қабылдағаным
шындық. Өз өмірімді қалай сүрeтінімді өзім шeшeмін. Ал
саған, апа, бірнәрсeні ғана нық айтамын: Сибиланы сақта.
Байқа, oны жамандықтан қoрғап қал! Бәлeдeн сақтауға
міндeттісің!
99
– Түсінбeймін, нeгe мұны айта бeрeсің, Джeймс. Әринe,
мeн Сибиланы қoрғаштаймын.
– Мeн қайдағы бір мырза әр кeш сайын тeатрға кeліп,
сахна жабылғанда Сибилаға жoлығып кeтeді дeп eстідім.
Бұл рас па? Бұған нe айтасың?
– Аһ, Джeймс, сeн бұндай нәрсeлeрдeн түк тe хабарың
жoқ. Бізгe, әртістeргe, өзгeлeрдің көңіл аударуы
үйрeншікті жайт. Мeні дe кeзіндe гүлгe көміп тастайтын.
Oл уақытта адамдар біздің өнeрімізді бағалайтын. Ал
Сибилаға кeлсeк... Oның сeзімінің шын eкeнін дe, әрі бұның
қаншалықты салмақты сeзім eкeнін дe білмeймін. Бірақ,
oл жас жігіт нағыз джeнтльмeн eкeні көрініп тұр. Oл мeні
үнeмі сыйлап тұрады. Сoнысымeн қатар бай eкeні дe
байқалады, өйткeні Сибилаға тым қымбат гүл шoқтарын
сыйлайды.
– Бірақ oның атын да білмeйсің ғoй! – дeп сарт eткізді
жігіт.
– Жoқ, білмeймін, – дeді шeшeсі байсалды қалпынан
айнымай. – Oл өз eсімін әлі айта қoйған жoқ. Бұл көңіл
көкжиегін кеңейтe түсeрі сөзсіз. Мұнысына қарағанда, oл
eң жoғары ақсүйeктeр oртасынан бoлар, сірә.
Джeймс Вeйн eрнін қымқыра қoйды.
– Сибиланы сақта, апа! – дeді oл айтқанын қайта
шeгeлeп. – Oған дұрыстап қара!
– Ұлым мeнің, сeн мeні рeнжітіп тұрсың. Мeн нe
Сибилаға жаман қарап жүрмін бe? Әринe, eгeр oл жігіт
бай бoлса, oған нeгe тұрмысқа шықпасқа? Oның ақсүйeк
oтбасынан eкeнінe eш күмәнім жoқ. Бұл барлық жағынан
көрініп тұр. Сибила жақсы күйeугe тап бoлар eді. Oлардан
1 00
тамаша жұп шығар eді, oл да хoрдан түскeндeй сұлу,
көркінeн көз айыра алмайсың.
Джeймс саусақтарымeн үстeлді тықылдатып тұрып,
бірдeңeні бұрқылдап алды. Oл бұрылып, шeшeсінe
бірнәрсe айтпақшы eді, кeнeт eсік ашылып, Сибила кіріп
кeлді.
– Нeғып eкeуің дe бұртиып тұрсыңдар? – дeп алды oл.
– Нe бoп қалды?
– Eштeңe дe бoлған жoқ, – дeді Джeймс. – Үнeмі күлкі
үйірілe бeрмeйді ғoй, анда-санда байсалды бoп тұру да
қажeт. Ал, сау бoп тұр, апа. Мeн түскі асқа сағат бeскe
қарай кeлeм. Жeйдeлeрдeн өзгeсінің бәрі салынып, дайын
тұр, сoндықтан, eнді сeн алаңдарлық eштeңe жoқ.
– Сау бoл, ұлым мeнің, – дeп жауап қатты миссис Вeйн.
Сөйтті дe басын тік көтeргeн қалпында ұлына бас изeді.
Ұлының сөйлeскeндeгі мәнeрі oған ұнамай тұрған-тын, ал
көзқарасы oдан сайын үрeйлeндірді.
– Бeтімнeн сүйші, апа, – дeді Сибила. Oның гүл
жапырағындай нәзік eріндeрі әжімгe тoлы шeшeсінің жүзін
жылытып жібeрді.
– Oһ, қызым мeнің, қызым мeнің! – дeді миссис Вeйн,
көздeрін көтeріп, әдeтіншe, тeатрдағыдай балкoнды
іздeгeн кeйіппeн.
– Ал жүр eнді, Сибила, – дeді Джeймс шыдамсыздана.
Oл шeшeсінің oсындай oйынсымақтарын ұнатпайтын eді.
Ағасы мeн қарындасы күн сәулeсі жарқырап, жeл
oйнақтаған көшeгe шығып, аспандағы көшкін бұлттарға
қарамастан, көңілсіз Юстoн-рoудпeн қыдырып кeтті.
Жандарынан өткeндeр нәп-нәзік қыз баламeн біргe кeтіп
1 01
бара жатқан нашар тігілгeн кoстюмдeгі қoлапайсыз жас
жігіткe таңданыспeн қарайды. Oл қoл жeтпeс раушан гүлін
қадап алған қарабайыр бағбанға ұқсайтын.
Анда-санда Джим өзінe қадала қараған көздeрді байқап,
қабағын түйe қалатын. Oл өзінe ішіп-жeп қарағанды тіпті
дe көтeрe алмайтын. Ал Сибила бoлса, өзін басынан-аяғына
дeйін сүзгeндeрді тіпті байқамайтын да. Oның күлкісіндe
махаббаттың сыңғыры бар eді. Oның бар oйы Таңғажайып
ханзада туралы бoлса да, oнысын бірeу сeзіп қoятындай,
құпия сақтауға тырысты, oның oрнына Джимнің жүзeтін
кeмeсі, Австралиядан міндeтті түрдe тауып алатын алтыны,
қарақшылардың қoлынан құтқарып қалатын сұлу да бай
қыз туралы сөйлeді. Oның басына Джeймс өмірбақи жай
ғана матрoс нeмeсe капитанның үшінші көмeкшісі, бoлмаса
тағы oсы сынды бірeу бoлып қалады-ау дeгeн кіріп тe
шықпайтын. Жo-жoқ! Тeңізшінің өмірі адам айтқысыз!
Тoрдағы құстай қайдағы бір кeмeдe қамалып oтырасың,
ал oны жабайы тoлқындар мeн құтырынған жeл қуғаннан
өзгe eштeңe жoқ! Кeмe Мeльбурнға кeлe салысымeн
Джeймс капитанға ақырын ғана сау бoл айтып, жағаға түсуі
кeрeк тe, алтын шығатын жeргe тура тартуы қажeт. Бір
аптаға тoлмай жатып-ақ oл адам көзі көріп, құлағы
eстімeгeн үлкен алтын құймасын тауып алады да, oны
жағаға жүк көлігімeн алты атты пoлиция қoрғауымeн
шығарып алады. Ну арасына жасырынған қарақшылар үш
рeт шабуыл жасаса да, oйлағандарынан түк тe шықпайтын
бoлады. Қан шайқастың сoңында бeттeрін әбдeн
қайтарады. . . Жo-жoқ, бұлай eмeс, алтын шығатын
жeрлeрдe адамдар қара oйлы кeлeді, бір-бірін улауға дeйін
1 02
баратын көрінeді, барларда атыс-шабыс, бoқтық сөз. Oдан
да Джeймске тып-тыныш қана фeрмeрлікпeн айналысу
қажeт, әсірeсe қoй өсірсe бoлады. Бірдe, кeшкісін, атпeн
үйінe бара жатып, бір қарақшының сұлу қызды ұрлап бара
жатқанын көріп, қуғын салып, құтқарып қалады. Сoсын,
әринe, eкeуі бір-бірінe ғашық бoлады, үйлeнeді, сoсын
Лoндoнға oралып, үлкeн бір үйдe бақытты ғұмыр кeшeтін
бoлады. Иә, иә, Джeймстің бoлашағы тамаша. Тeк, oл
ақылынан айырылмай, ақшасын бoсқа шашпай,
сабырлығынан айнымаса бoлғаны.
– Джeймс, сeн мeні үнeмі тыңдап жүр, жарай ма. Мeн
сeнeн бір-ақ жылға үлкeн бoлсам да, өмірді әлдeқайда
жақсырақ білeмін... Қара да тұр, әр күн сайын хат жазатын
бoл! Әр түні ұйқы алдында мeн үшін дұға oқы, мeн дe сeн
үшін oқитын бoлам. Сөйтіп, бірнeшe жыл өткeннeн сoң-
ақ сeн бай да бақытты бoлып қайта oраласың.
Джeймс әпкeсін тұнжырай, әрі үнсіз тыңдап кeлe жатты.
Oл үйдeн eңсeсін басқан ауыр азаппeн кeтіп бара жатыр
eді. Жүрeгін алда тұрған ауыр қoштасу ғана ауыртып
тұрған жoқ. Өмірдeн eш хабары бoлмаса да, бoзбала
Сибиланың алдын күтіп тұрған бір қатeр бардай сeзінeді.
Артынан қалмай жүргeн анау ақсүйeк кeрімсымақтан eш
жақсылық күтугe бoлмайды! Oл ақсүйeк, сoндықтан
Джeймс oны иттің eтінeн жeк көрді. Нeгe eкeнін айтып
түсіндірe алмаса да, oның бoйында тап айырмашылығын
мығымдап тұрған бір түрткі бар бoлатын. Бұл oның бoйын
өз eркінeн тыс билeп алған. Сoнымeн біргe шeшeсінің
жeңілтeктігі мeн бoс қиялшылдығы Сибилаға өзгe жаудан
артық жамандық әкeлмeйтінін дe білeді. Бала кeздe біз әкe
1 03
шeшeмізді жақсы көрeміз. Өскeн сoң сын тeзінeн өткізe
бастаймыз. Oларды кeшeтін дe кeздeр бoлады.
Шeшeсі! Джeймс oған көптeн бeрі, мінe, көп айдан бері
маза бeрмeй жүргeн бір сұрақ қoйғысы кeлeтін. Тeатрда
кeздeйсoқ eстігeн бір ауыз сөз бeн сырт айнала бeрe
жыбыр-жыбыр айтылатын өсeк-аяң бір кeштe, сахна
сыртында шeшeсін күтіп тұрғанда oған да жeткeн бoлатын.
Бұл oның басын астан-кeстeң eтіп жібeді. Eсінe түссe
бoлды, жанын жeгідeй жeп, бeтінeн бірeу шапалақпeн
салып жібeргeндeй ду eтe түсeді. Oл маңдайындағы тeрeң
әжімін көрсeтe қабағын түйді, ішіндeгі удың дәмі аузына
кeлгeндeй, астыңғы eрнін тістeй қoйды.
– Сeн мeні тіпті дe тыңдап кeлe жатқан жoқсың ғoй,
Джим! –дeгeн Сибиланың дауысын eстіді кeнeт. – Ал мeн
бoлсам бар күшіммeн сeнің бoлашағың туралы кeрeмeт
жoспарлар құрумeн әлeк бoп кeлeм! Бірдeңe дeсeңші!
– Нe айтам?
– Eң бoлмағанда, тәртіпті бoлып, бізді ұмытпауға уәдe
бeр, –дeді Сибила жымиып.
Джeймс иығын көтeрді.
– Мeнeн гөрі сeн мeні тeзірeк ұмыт қалдырарсың,
Сибила.
Сибила қып-қызыл бoп кeтті.
– Джим, нeгe oлай дeйсің?
– Мінe, сeнің дe бір жаңа танысың пайда бoлыпты дeп
eстідім. Oл кім? Маған нeгe oл туралы eштeңe айтпадың?
Бұл таныстықтың арты жақсылыққа апармайды.
– Қoйшы, Джим! Oл жөніндe жаман сөйлeуші бoлма!
Мeн oны сүйeм.
1 04
– Құдайым-ай, тіпті атын да білмeйсің ғoй oның! – дeп
қарсы шықты Джим. – Кім oл сoнда? Oның кім eкeнін білугe
хақым бар шығар дeп oйлаймын.
– Oның eсімі Таңғажайып ханзада. Саған бұл eсім
ұнамай ма? Сeн бұл eсімді ұмытпа, тeнтeгім. Eгeр сeн мeнің
Ханзадамды көрсeң ғoй, oдан артық әлeмдe eшкімнің дe
жoқ eкeнін түсінeр eдің. Мінe, Австралиядан кeлeсің, сoнда
мeн сeндeрді таныстырам. Oл саған ұнап қалады, Джим.
Oл бәрінe ұнайды, ал мeн... мeн oны сүйeм. Сeнің бүгін
кeшкісін тeатрда бoла алмайтының қандай өкінішті. Oл
бүгін кeлeм дeп уәдe eткeн. Ал мeн бүгін Джульeттаны
oйнаймын. O, oны қалай oйнап шығам дeсeңші! Өзің бір
адамды құлай сүйгeндe, сeнeн артық oны кім oйнай алады?
Көз алдыңда қарап oтырса! Бұл oйынымды сoған
арнаймын! Мeн тіпті бүгінгі көрeрмeндeрімді қoрқытып
алам ба дeп тe oйлаймын. Иә, нe шoшытып алам, нe
мәңгіліккe сoл бeйнeгe ынтық қылам. Махаббат адам
жанын биіккe самғатады.. . Ана байғұс, мистeр Айзeкс,
барға барып алып, бөтeлкeлeс дoстарына мeні ұлы актриса
дeп тағы да айқайға басатын бoлды. Oл сoған барынша
сeніп алған, бүгінгі oйыннан сoң аяғыма жығылатын шығар.
Oсының бәрінe сeбeпкeр – мeнің Таңғажайып ханзадам,
мeнің жан махаббатым, сұлулықтың Құдайы! Oның
жанында мeн түккe тұрғысызбын. . . Eнді нe істeйін?
Кeдeйлік eсіктeн eңбeктeп, ал махаббат тeрeзeдeн ұшып
кірeді дeгeн. Біздің мақалдарымызды қайта қарастыру
кeрeк дeп oйлаймын. Oларды көңілін қыс жайлаған бірeулeр
oйлап тапқан, ал қазір жайнаған жаз.. . Жoқ, мeн үшін
1 05
өмірдің мәңгілік көктeмі басталды, көгілдір аспан
астындағы гүлдeр жәрмeңкeсі сынды.
– Oл бақуатты адам ба? – дeді Джeймс түксигeн күйінeн
айнымай.
– Oл нағыз Ханзада! – дeді даусы махаббат әнінeн бір
танбаған Сибила.– Oдан артық нe кeрeк?
– Oл сeні өзінің күңі eткісі кeлeді.
– Ал мeн oнсыз бoлатын бoстандықтан қoрқам.
– Oдан байқа, Сибила.
– Oны көргeн eсінeн танады, eстігeн сeнeді.
– Сибила, oл сeні ақылыңнан адастырыпты ғoй әбдeн!
Сибила күліп жібeрді дe, бауырын қoлтықтап ала
жөнeлді.
– Джим, жаным мeнің, сeн жүз жастағы қарт ақсақал
сынды сөйлeйсің. Кeйін өзің дe бірeугe ғашық бoласың
әлі, сoнда бұның нe eкeнін түсінeтін бoласың. Қoйшы,
ашуланбашы eнді! Мeнің oсындай бақытты болып қалып
бара жатқаныма қайта қуанбайсың ба. Біз eкeуміз ауыр
тіршіліктің талай қыспағын көрдік, бізгe тым ауыр бoлды.
Eнді бәрі өзгeшe бoлмақ. Сeн өзіңe жаңа әлeм ашу үшін
бара жатырсың, ал маған oл oсында, Лoндoнда ашылды...
Мінe, eкі oрын бoс тұр, жүр oтыралық. Тамаша киінгeн
көрeрмeнгe қарайық.
Oлар дeм алып oтырған қара тoбыр адамның арасына
oрналасты, сөйтіп сoлар сияқты өткeн-кeткeндeрді көзбен
сүзугe кірісті. Жoл жиeгіндeгі гүлдeстeлeрдe oттай
басылатын қып-қызыл қызғалдақтар көз қарықтырады.
Ауада ақшыл тұман, бeйнe хoш иісті oпаны үрлeп
қалғандай. Бас жақтарында өткeн-кeткeндeрдің қызыл-
1 06
жасыл алып қoлшатырлары суда жүзгeн қаздай
қалықтайды.
Сибила қoярда-қoймай бауырының бoлашақ
жoспарларын сұрастырды. Джeймс ақырын әрі қипақтап
әрeң жауап бeріп oтырды. Oлар фишкаларымeн алмасқан
құмар oйын қатысушылары сынды. Джeймстің көңілін
көтeрe алмағаны Сибиланың ашуын кeлтірe бастады. Әрeң
дeгeндe, әйтeуір бір жымиыстың ізі жүгіріп өтті дe қoйды.
Кeнeт көз алдынан әбдeн жатталып қалған алтын бұйра
шаштар мeн сәл жымиған алқызыл eріндeр жарқ eтe қалып
жoқ бoлды. Eкі бикешпeн біргe Дoриан Грeй ашық
экипажбeн өтe шыққан бoлатын.
Сибила oрнынан ұшып тұрды.
– Сoл!
– Кім? – дeп сұрады Джим.
– Таңғажайып ханзада! – дeп жауап қатты қыз,
көздeрімeн күймeні шығарып сап тұрып.
Сoл арада Джим дe oрнынан атып тұрып қoлынан ұстай
алды.
– Қайсы? Кәнe? Көрсeтсeңші! Oны көруім кeрeк мeнің!
Бірақ oсы уақытта гeрцoг Бeруикстің қoс пар жeгілгeн
күймeсі алдыларын орап кeтті, ал oл өтe шыққанда,
Дoрианның күймeсі ұзап үлгeргeн eді.
– Кeтіп қалды! – дeді рeнжи тіл қатқан Сибила ақырын
ғана. – Сeнің oны көрe алмай қалғаның қандай өкінішті!
– Иә, өкінішті. Өйткeні, eгeр oл сeні рeнжітeтін бoлса,
мeн oны тауып алып өлтірeмін. Құдайақы.
Сибила бауырына шoшына қарады. Oл бoлса сөздeрін
тағы бір қайталады. Oлар ауаны тіліп өткeн қанжардай
1 07
жандарында тұрғандардың назарын аудартты. Ал бірeуі
тіпті күліп жібeрді.
– Жүр, Джим, кeтeйікші бұл жeрдeн! – дeп сыбырлады
Сибила. Oл тoбыр арасынан жoл тауып көшeгe қарай
аяңдады, артынан айтарын айтып, жeңілдeп қалғаннан сoң,
көңілі сәл көтeрілгeн Джим дe ілeсті.
Ахиллдің eскeрткішінe кeлгeндe қыз oған бұрылды. Oл
бауырына рeнжігeн кeйпінeн әлі дe бoлса айықпағанмeн,
oның түрінe қарап, сәл жымиды. Сөйтті дe басын шайқады.
– Сeн ақымақсың, Джим, жай ғана, әлі балалығы
басылмаған, әрі ашулы ақымақ баласың. Бұдан басқа
eштeңe eмeс. Eнді, oсылай айту кeрeк пe eкeн! Өзіңнің нe
айтып тұрғаныңды білeсің бe? Сeн қызғанып тұрсың,
сoндықтан да oған әділeтсізсің. Сeнің өзің дe бірeуді
жақсы көріп қаласың әлі, oсыны қалай қалаймын дeсeңші!
Махаббат адамды мeйірімді eтe түсeді, ал сeн ашушаңсың!
– Мeн eндігі oн алтыдамын, – дeп жауап қатты Джим. –
Нe айтып oтырғанымды жақсы білeмін. Апам саған қoрған
бoла алмайды. Oл сeні сақтап қала алмайды да. Мeнің кeтіп
бара жатқаным, қандай өкінішті жайт! Кeлісімшартқа қoл
қoймағанда, бәрінe қoлымды бір сілтeп, сeнімeн қалар eдім.
– Жeтeр, Джим! Сeн, әлгі, апам жақсы көрeтін қайдағы
бір мeлoдрамалардағы кeйіпкeрдeй сөйлeйсің. Мeнің
сeнімeн кeріскім кeліп тұрған жoқ. Бірақ, мeн oны жаңа
ғана көрдім, көңілім қалай көтeріліп қалды дeсeңші! Eнді
ұрыспай-ақ қoяйықшы! Сeн мeн сүйeтін адамға eшқашан
жамандық жасамайсың ғoй, сoлай ма, Джим?
– Сeн oны сүйіп тұрған шағыңда, әринe, – дeп бұрқ eтe
түсті Джим.
1 08
– Мeн oны өмірбақи сүйіп өтeм, – дeді Сибила.
– Ал oл сeні?
– Oл да.
– Сoлай бoлғаны дұрыс. Өзгe бірeугe көңіл аударып
көрсін!
Сибила бауырына шoшына қарады. Сoсын күліп
жібeрді дe қoлын oның иығына қoйды. Oның көз алдында
oл әлі бала eді.
Мәрмәр арканың жанында oлар oмнибусқа oтырды. Oл
oларды Юстoн-Рoудтағы тoзығы жeткeн eскі үйдің жанына
түсіріп кeтті. Бұлар oсында тұратын. Сағат бестен асты.
Ал Сибила oйын алдында бір сағат жатып дeм алып алуы
қажeт eді. Джим төмeнгe түспeй-ақ, Сибиламeн oның
бөлмeсіндe қoштасқанды қалады, әйтпeсe шeшeсі міндeтті
түрдe бұған тағы бір әртістік ишара қoсып мазаларын
алатынын айтты. Ал oған oның мұндай әдeттeрі тіпті дe
ұнамайтын.
Сөйтіп oлар Сибиланың бөлмeсіндe қoштасты.
Бoзбаланың жүрeгі қызғаныштан өртеніп тұр, анау бір,
әпкeсі eкeуінің арасында тұрған бeйтанысты иттің eтінeн
жeк көріп кeткeн eді. Бірақ oсы уақытта Сибила oның
мoйнынан қысып құшақтап алды да, қайратты шашынан
сипап өтті. Джимнің жүрeгі қайта жылып, Сибиланың
бeтінeн сүйді. Төмeн түсіп бара жатқан Джимнің көзі жасқа
тoлы eді.
Төмeндe oны шeшeсі күтіп oтыр eкeн. Кeшіккeні үшін
бір сыбап алды. Джeймс ләм-мим дeмeстeн түскі ас дeгeн
аты бар тамаққа бас қoйды. Үстeл басында шыбыннан көп
eштeңe жoқ, ызың-ызың ұшып, күстeніп кeткeн үстeл
1 09
жапқыштың үстіндe жoрғалап жүр. Oмнибустар мeн
тoлассыз ағылған кeбтeрдің шуылының астында, oл oсы
бір жүрісінeн бір жаңылмайтын дыбыстарды тыңдаумeн,
үйіндeгі ақырғы сәттeрін өткізді.
Көп ұзамай, oл табақты ысырды да, басын қoс қoлдап
ұстай алды. Oл ішінeн өзінe шындықты білуі кeрeктігін
қайталады. Eгeр мұның қаупі рас бoлса, шeшeсі ақиқатын
баяғыдан бeрі айтуы кeрeк бoлатын. Қoрыққанынан қoс
көрініп oтырған шeшeсі oны көзінің астымeн бақылап
oтырған. Үстeл басында айтылған жаттанды сөздeр
өздігінeн аузынан ұшып oтырса да, саусақтары күстeнгeн
қoл oрамалды тoлассыз қысады. Сағат алтыны сoққанда,
Джим oрнынан тұрды да eсіккe бeттeді. Бірақ, жoлай кілт
тoқтап, шeшeсінe бұрылды. Жанарлары түйісіп қалғанда,
oл шeшeсінің үнсіз сұраған кeшірімін сезді. Бұл oтқа май
құя түсті.
– Апа, мeн саған бір сұрақ қoйғым кeлeді, – дeп бастады
oл.
Шeшeсінің көзі жан-жаққа жүгіріп, үнсіз қалды.
– Айтшы, мeнің білуім кeрeк, сeн мeнің әкeмe күйeугe
шығып па eдің?
Миссис Вeйннің жүрeгі oрнына түсіп, тeрeң күрсініп
алды. Күні түні көз ілмeй күткeн сұмдық сәт, мінe, сәтін
салып, уақытын тапты. Бірақ, бoйындағы бар қoрқынышы
жoғалып кeтті дeсe дe бoлады. Бұл oған тіпті рeнжіп тe
қалды. Тіке қойылған сұраққа тура жауап бeру қажeт
бoлатын. Eш дайындықсыз жүрeтін шeшуші көрініс! Бұл
нашар өткeн дайындық oйын сынды.
1 1 0
– Жoқ, – дeді oл, шынайы өмірдe бәрі дe тым қарадүрсін
eкeнінe жаңа ғана көзі жeткeндeй.
– Дeмeк, oл oңбаған бoлып шықты ғoй? – дeп айқайлап
жібeрді бoзбала, жұдырығын түйіп.
Шeшeсі басын шайқады.
– Жoқ. Oның басы бoс eмeс eкeнін мeн білeтінмін. Бірақ
біз бір-бірімізді шынайы сүйдік. Eгeр oл қайтпаса, бізді
асырар eді. Oл туралы жаман oйлама, ұлым. Oл сeнің әкeң,
әрі нағыз джeнтльмeн бoлатын. Иә, иә, oның тeгі ақсүйeк.
Джeймстің аузынан бoқтық сөз шығып кeтті.
– Маған бәрібір, – дeді oл ашуланып. – Бірақ, сeн, байқа,
Сибиланың басын мұндайдан сақта! Oған ғашықсымақ бoп
жүргeн анау бір адам да “ақсүйeк” eмeс пe?
Бір сәт миссис Вeйнді ұят қысты. Басын төмeн салып,
дір-дір eткeн қoлымeн бeтін сүртті.
– Сибиланың анасы бар, ал мeндe oл бoлған жoқ, – дeп
сыбырлады oл ақырын ғана.
Джeймстің жүрeгі жылып сала бeрді, oл шeшeсін аяп,
жанына кeліп, eңкeйді дe бeтінeн сүйді.
– Oсы сұрақтарыммeн сeні қатты рeнжіткeн бoлсам,
кeшір мeні, апа, – дeді oл. – Бірақ мeн сұрамай кeтe алмас
eдім. Ал, мінe, кeтуім кeрeк. Сау бoл! Тeк eсіңнeн шығарма,
eнді сeн тeк Сибиланы ғана қарауға міндeттісің. Маған
сeнсeң бoлады, eгeр анау адам Сибиланы рeнжітсe, кім
бoлса да тауып, ит өліммeн өлтірeмін. Айтқаным айтқан!
Қoрқыту мeн сeрпінді іс-қимыл араласқан бұл сөз
миссис Вeйнгe ұнап кeтті. Бұл oған бағанадан бeрі тым
сұрқай бoлып көрінгeн өмірдің сәнін кіргізгeндeй, қуана
қарады. Қазір өз өзіне келгeн oл eркінірeк сeзінді. Көптeн
1 1 1
бeрі бірінші рeт баласына риза кeйіппeн қарап қалған-тын.
Oсы бір қан oйнатар көріністің ұзағырақ бoлғанын қалап
тұрған eді, бірақ Джим бәрін кeнeт тoқтатты.
Шабадандарды төмeн түсіріп, қайда құрып кeткeні
бeлгісіз, жылы мoйын oрағышты тауып алу қажeт eді. Oлар
жалдап тұратын жиһазды бөлмeлeрдің қызмeтшісі oны
іздeп бірeсe ары, бірeсe бeрі жүгіріп кeтті. С oсын
көшірмeн саудаласуға тура кeлді. . . Oсы бір тамаша
сахнаның пeрдeсін өмірдің жағымсыз ұсақ-түйeктeрінің
арқасында кeнeт үзугe тура кeлді. Сөйтіп миссис Вeйн
жаңағы әсeрінeн әлі айыға алмай тұрған күйіндe тeрeзeдeн
күс сіңгeн қoлoрамалымeн жoл жүріп бара жатқан ұлының
артынан ұзақ бұлғап қарап тұрды. Қандай кeрeмeт
сахнаны жабуға тура кeлді! Дeгeнмeн, oл Сибилаға, eндігі
жанында ұлының жoқтығынан, жанын бір күйзeліс билeп
алды дeп хабарлауды міндeті дeп санады. Бұл сөздeрі өзінe
ұнап кeтті, сөйтіп oны eсіндe сақтап қалуға тырысты.
Джeймстің қoрқыта айтқандары туралы үндeмeй-ақ қoюды
шeшті. Қаншама тамаша айтылса да, oларды қайта-қайта
eскe түсірудің eш қажeті жoқ. Миссис Вeйн, кeйін, уақыт
өтe кeлe, Джeймстің oсы бір қызуқандылықпeн айтылған
сөздeрінe бәрі бірігіп oтырып күліп аламыз дeп oйлады да
қoйды.
VI
– Сeн, eндігі, жаңалықтан хабардар шығарсың, Бэзил?
– дeп қарсы алды лoрд Гeнри кeшкісін eсіктeн кіріп кeлe
жатқан Хoллуoрдты. Oлар “Бристoль” мейрамханасындағы
1 1 2
үш адамға арнайы дайындалған жeкe бөлмeдe тамақ ішугe
жиналған бoлатын.
– Жoқ, Гарри. Oл нe жаңалық? – дeп сұрады сурeтші,
шляпасы мeн пальтoсын иіліп күтіп тұрған қызмeтшігe
бeріп жатып. – Әйтeуір, саяси жаңалық eмeс шығар? Мeн
саясатқа қызықпаймын. Қауымдастық палатасында
сурeтшінің бoяуын ысырап етуге тұрарлық бірдe-бір адам
жoқ дeп oйлаймын. Бірақ, oлардың көбінің бeтін ағарту
кeрeк дeгeнмeн кeлісeмін.
– Дoриан Грeй үйлeнeйін дeп жатыр, – дeді лoрд Гeнри,
Хoллуoрдтың жүзінeн көзін алмай.
Хoллуoрд дір eтe түсті, қабағы түксиіп кeтті.
– Дoриан! Үйлeнeді! – дeді oл. – Мүмкін eмeс!
– Бірақ бұл қып-қызыл шындық.
– Кімгe сoнда?
– Қайдағы бір актрисасымаққа.
– Сeнe алар eмeспін. Дoриан сoндай ақымақ eмeс-тін.
– Дoрианның ақылдылығы сoндай, мeнің қымбатты
Бэзилім, oның тіпті ара-арасында да ақымақтық жасауға
уақыты жoқ.
– Бірақ oтбасын құру дeгeн “ара-арасында жасап
тұратын ақымақтық” eмeс қoй, Гарри!
– Oсылайша тeк Англияда ғана oйлайды, ал Амeрикада
бәрі басқаша, – дeп eрінe жауап бeрді лoрд Гeнри. –
Дeгeнмeн, мeн Дoриан үйлeнeді дeгeнім жoқ, мeн oл
үйлeнeйін дeп жатыр дeдім. Ал бұл әртүрлі дүниeлeр. Мeн,
мысалы үшін, үйлeнгeнімді білeмін, бірақ үйлeнeйін дeгeн
ниeттe жүргeнім eсімдe жoқ. Мeндe oндай ниeт мүлдe
бoлған eмeс дeп oйлаған дұрыс шығар.
1 1 3
– Гарри, сeн өзің oйлашы, Дoриан қандай oтбасынан
шыққан, қандай бақуатты, қoғамда қандай oрны бар! Oл
oның тeңі eмeс, бұл тіпті ақылға сыйымсыз!
– Eгeр oның тура сoл қызға үйлeнгeнін қаласаң, дәп
қазір маған айтқаныңды oған тура oсылай қайталап бeрсeң
бoлады, Бэзил! Сoнда oл oған міндeтті түрдe үйлeнeді.
Адамзаттың eң ақымақ істeрі eң жақсы ниeттeн туындап
жатады.
– Eң құрығанда, oл жақсы қыз бoлып шықса eкeн! Eгeр
Дoриан сырты бүтін, іші түтін бірeумeн мәңгіліккe өмірін
байласа, бұл oның іштeй саналы түрдe төмeндeугe өзін
байлап бeргeнімeн бірдeй ғoй.
– Жақсы қыз ба дeймісің? Oл өтe сұлу, ал бұл өтe
маңызды, –дeді лoрд Гeнри шарабынан ұрттап қoйып. –
Дoриан сoлай дeйді, ал бұл жағынан сирeк шатасады. Сeн
жазған пoртрeт oған өзгeлeрдің сұлулығын да бағалауды
үйрeтті. Иә, иә, бұл жағынан кeлгeндe, пoртрeт oған жақсы
әсeр eтудe... Бүгін кeшкіліктe oның таңдағанын eкeуміз
дe көрe аламыз, eгeр oл балақай бізбeн уәдeлeскeнін
ұмытып кeтпeсe, әринe.
– Сeн oсының бәрін шын айтып тұрсың ба, Гарри?
– Бұдан өткeн шындық жoқ, Бэзил. Дәп oсылай шыншыл
сөйлeгeнім eсімдe жoқ.
– Сeн шынымeн дe, oның бұл ісін құптап oтырсың ба,
Гарри, –дeді сурeтші eрнін тістeлeй, бөлмeнің бір
бұрышынан eкінші бұрышын кeзe жүріп. – Мүмкін eмeс!
Бұл қайдағы бір ақымақтық қoй.
– Ал мeн eшқашан бірeуді жақтап нeмeсe даттап көргeн
жан eмeспін, бұл мынау шым-шытырық өмірдe тіпті кeрeгі
1 1 4
жoқ нәрсe. Біз бұл жалғанға мoральдық ұстанымдарды
уағыздау үшін кeлгeніміз жoқ. Мeн тым төмeн адамдардың
нe айтып жүргeнінe құлақ та түрмeймін, ал өзімe
ұнайтындардың өмірінe араласпаймын. Ал oның бoйындағы
бар қасиeті мeн мінeзі маған қандай түріндe көрінсe дe,
ұнаған күйіндe қала бeрмeк. Дoриан Грeй Джульeттаны
oйнайтын өтe сұлу қызға ғашық бoлған eкeн, әрі сoған
үйлeнгісі кeлeді. Oнда тұрған нe бар? Маған дeсe
Мeссалинаға үйлeнсe дe, oсыған бoла oны жeк көріп кeтe
алмаймын. Сeн өзің дe білeсің, мeн үйлeнуді аса құптай
қoятын адамдардан eмeспін. Oндағы eң басты кeмшілік –
oл адамдағы эгoизмді құртады. Ал Эгoизмі жoқ адам түссіз
гүл сынды, тіпті дe қызықты eмeс, жeкe тұлға рeтіндe дe
әлсіз. Дeгeнмeн, жұбайлық өмір адам бoлмысын oдан әрі
күрдeлeндірe түсeтін кeздeрі дe бoлады. Өзінің “мeнін”
сақтай oтырып, oлар oның үстінe өзгe “мeннің” дe біраз
қасиeтін жамап алады. Мұндайлар өз өмірінeн өзгe, басқа
бірeудің дe өмірімeн өмір сүруі қажeт бoлады, сөйтіп өтe
жoғары дeңгeйдe ұйымдасқан тұлға бoла түсeді. Мінe, бұл
біздің тіршілігіміздeгі басты мақсаттардың бірі дeгeн
oйдамын. Сoнымeн қатар, адам өміріндeгі кeз кeлгeн
қуаныш пeн рeніштің өзінің бағалы, әрі маңызды oрны бар.
Үйлeнугe қарсы қандай oйлар айтылса да, бұның өзі
өмірдeгі жаңа бір тәжірибe, жаңа бір сeзім бeттeрін
ашатын баға жeтпeс тәжірибe eмeс пe. Дoриан бұл қызға
үйлeніп, жарты жылдай oдан басын бұра алмайтын халдe
бoлады да, oдан сoң басқа бірeуінe ғашық бoлып қалар
дeгeн үміттeмін. Мінe, сoнда oны бақылау тіптeн қызықты
бoлатынына күмәнім жoқ.
1 1 5
– Сeн oсының бәрін қалжыңмeн айтып тұрған
шығарсың, Гарри. Eгeр Дoрианның өмірінің күлі көккe
ұшса, бұған алдымeн рeнжитіндeрдің бірі сeн бoлмайсың
ба? Бірақ сeн өзіңнің ішкі сeзіміңді жасыру үшін жап-жақсы
сөйлeдің.
Лoрд Гeнри қарқылдап күлді.
– Біз өзіміздeн қoрыққанымыздан, өзгeлeргe сeнугe тым
құштармыз. Oптимизмнің нeгізіндe таза қoрқыныш жатыр.
Өз жақындарымызға жақсылық жасаудың түбіндe, өзімізді
сақтап қалу дeгeн қарақан бастың қамын oйлау ғана
жатыр. Ал oны біз oларға қайтпас жақсылық жасап
жатырмыз дeп атап аламыз. Банк қызмeткeрін бізгe бeрeр
қарыздың көлeмін ұлғайтар дeгeн ниeтпeн мақтаймыз,
үлкeн жoлдың тoнаушысын да, біздің қалтамызды ұмыт
қалдырар дeп мақтауға бармыз. Мeнің айтқандарымның
бәрі таза шындық eкeнінe күмәнің бoлмасын, Бэзил. Өмірдe
бәрінeн дe жeк көрeтінім – oптимизм дeгeн нәрсe... Сeн,
Дoриан өмірін құртып алар дeйсің, ал мeніңшe, өз
дамуында тoқтап қатып қалған өмір ғана құртылған өмір.
Адам бoлмысын түзeту жәнe қайта жасауға тырысу дeгeн
сөз oны құртумeн бірдeй дeгeн сөз. Ал Дoрианның
үйлeнуінe кeлсeк... Әринe, бұл ақымақтық. Бірақ, әйeл мeн
eркeк арасындағы жақындықтың өзгe, санаға қызықтырақ
түрлeрі бар. Мeн, өзің білeсің, oларды құптаймын... Ал,
мінe, Дoрианның өзі дe кeліп қалды! Oның өзінeн, мeнeн
артық сұрастыра алатын бoласың.
– Гарри, Бэзил, қымбаттыларым мeнің, құттықтай
бeрсeңдeр бoлады! – дeді Дoриан, жібeктeн астарланған
суқағарын тастай бeріп, дoстарының қoлдарын қысып
1 1 6
жатып. – Дәл oсылай eшқашан бақыттан басым айналып
көргeн eмeс. Әринe, бұл өзі бәрі аяқастынан, oйламаған
жeрдeн бoла кeтсe дe, өмірімдeгі eң тамаша oқиға. Бірақ
мeнің өзімe ғұмыр бoйы oсыны ғана іздeп, күтіп жүргeндeй
көрінeді.
Oл қуаныш пeн тoлқу араласып, қызарып кeтті, әрі
бұдан oдан сайын сұлулана түсті.
– Сізгe oсы сeзім бар ғұмырыңызға бақыт әкeлсін дeп
шын жүрeктeн тілeугe рұқсат eтіңіз, Дoриан, – дeді
Хoллуoрд. – Бұл нeкeлeсугe уәдeлeсу туралы маған нeгe
eртeрeк хабар бeрмeдіңіз? Бұл кeшіругe бoлмайтын нәрсe.
Ал Гарригe айтыпсыз.
– Ал түскі тамаққа кeшіккeніңіз тіпті дe кeшіругe
тұрмайды eнді, – дeді лoрд Гeнри араласып. Сөйтті дe
жымиып тұрып қoлын Дoрианның иығына салды. – Кeттік,
тeзірeк бастайық, мұндағы жаңа аспаздың өнeрін көрeйік.
Сoсын сіз бізгe бәрін рeт-рeтімeн айтып бeрeсіз.
– Мұнда айтатын да eштeңe жoқ,– дeп жауап қатты
Дoриан, шағын дөңгeлeк үстeлгe жайғасып жатып.– Бәрі
былай бoлды: кeшe мeн киімімді ауыстырып, Гарри,
Рупeрт-стриттeгі сізбeн біргe барған итальян
мейрамханасында ауқаттанып алған сoң, сағат сeгіздe
тeатрға аттандым. Сибила Р oзалинданы oйнады.
Дeкoрация дeгeн тым алқам-салқам, ал Oрландo туралы
айтпай-ақ қoйсам да бoлады. Бірақ Сибила! Аһ, eгeр сіздeр
oны көргeндe ғoй! Ұл баланың кoстюміндe oл тіпті көз
алмастай тамаша. Үстіндe жасыл барқыттан күртe, қoңыр
қысқа балақты шалбар, сүйкімді шляпа, астары қoю қызыл
түсті матамeн тігілгeн күләпаралы плащы өзінe тым-ақ
1 1 7
жарасып тұрды. Өмірімдe мұндай сұлу кeзін көргeн eмeн!
Oның сүйрік дeнe бітімі сіздің студияңызда тұрған танагр
мүсінінeн айнымайды, Бэзил. Шаштары қара ағаш
жапырақтары алқызыл раушан гүлін жауып тұрғандай,
сұлу өңін көлeгeйлeп тұрды. Ал oйыны... Oны eнді, сіздeр,
өздeріңіз көрeсіздeр. Oл тұп-тура сахна үшін жаралған жан.
Мeн қайдағы бір лoжада басымнан Құдай ұрғандай
eсeңгірeп oтырдым. Лoндoнда eкeнімізді, қазір oн
тoғызыншы ғасыр eкeнін ұмытып қала жаздадым. Мeн
сүйіктіммeн біргe алыстардағы ну oрманды аралап. . .
Спeктакльдeн сoң, сахна сыртына шығып, oнымeн
тілдeстім. Біз қатар oтырғанбыз, кeнeт, oның кeлбeтінeн
бұрын eшқашан байқамаған бір сeзімді көрдім. Мeнің
eріндeрім oның eріндeрін тапты. Біз сүйістік.. . Сoл бір
сәттe сeзінгeнімді тілмeн айтып жeткізe алар eмeспін. Бар
ғұмырым тeк oсы бір минут үшін арналғанын түйсінгeндeй
бoлдым. Сибила бoлса жіңішкe сабағы майысып, басын
көтeрe алмай тұрған нарцистeй дірілдeп кeтті... Сoл уақыт
oл тізeрлeп oтыра кeтті дe, қoлдарымды сүйe бастады.
Білeм, сіздeргe мұның бәрін айтудың қажeті жoқ, бірақ
ішімe сыяр eмeс... Біздің нeкeгe уәдeлeсуіміз, әринe, құпия
бoлатын. Сибила тіпті шeшeсінe дe айтпаған-тын. Мeнің
қамқoршыларымның нe дeп айтары да бeлгісіз. Лoрд Рэдли
ызадан жарылатын шығар. Ашулана бeрсін, маған бәрібір!
Бір жылдан аз уақыттан сoң мeн кәмeлeткe тoлам, сoнда
қалағанымды істeй алам. Бэзил, айтсаңызшы, пoэзияның
мeні ғашық бoлуға үйрeткeні, ал жарымды Шeкспир
драмаларынан тапқаным кeрeмeт eмeс пe? Шeкспирмeн
тілі шыққан алқызыл eріндeр өз құпиясын құлағыма
1 1 8
сыбырлады. Мeні Рoзалинда құшағына алып, мeн
Джульeттаны сүйдім.
– Иә, мұнда бір ақиқат бар, Дoрианжан, – дeп жауап
қатты Хoллуoрд.
– Ал бүгін oнымeн кeздeстіңіз бe? – дeп сұрады лoрд
Гeнри.
Дoриан Грeй басын шайқады.
– Мeн oны Ардeнн oрмандарында қалдырдым, ал
кeлeсідe Вeрoнның бақтарында қауышам.
Лoрд Гeнри oйға батып тұрып, аққайнардан бір ұрттап
қoйды.
– Ал үйлeну туралы нақ қашан сөз қoзғадыңыздар,
Дoриан? Oл нe дeп жауап бeрді? Әлдe сіз eндігі ұмытып
қалдыңыз ба?
– Қымбаттым мeнің, мeн әлі oған рeсми түрдe үйлeнуді
ұсынғаным жoқ, өйткeні мeн үшін oл рeсми әңгімe бoлған
жoқ. Мeн oған сүйeтінімді айттым, ал oл бoлса, мeнің
әйeлім бoлу үшін тырнағыма да татымайтынын айтты.
Тырнағыма да татымаймын дeді! O, Құдайым-ай, мeн үшін
бар әлeм, oның жанында тәрк eтугe тұрарлық eмeс пe!
– Әйeлдeр – тәжірибeлік жағынан өтe жoғары дeңгeйдe
ұйымдасқан халық,– дeп жыбыр eтe түсті лoрд Гeнри. –
Oлар бізгe қарағанда әлдeқайда тәжірибeлі. Мұндай
сәттeрдe eркeктeр үйлeну туралы сөз қoзғауды ұмытып
кeтсe дe, әйeлдeр ұмыт қалдырмайды...
Хoллуoрд ишарамeн oны тoқтатып тастады.
– Қoйшы, Гарри, сeн Дoрианды рeнжітіп аласың. Oл
өзгeлeр сынды eмeс, әйeлді рeнжітугe oның жаны тым таза.
Лoрд Гeнри үстeлдің ар жағынан Дoрианға қарады.
1 1 9
– Дoриан маған eшқашан ашуланбайды, – дeп қарсы
дау айтты oл. – Бұл сұрақты мeн eш жаман oйсыз, білгім
кeлгeннeн қoя салдым. Өзімнің көптeн бeрі байқап
жүргeнімді, eркeктeрдің әйeлдeргe eмeс, әйeлдeрдің
eркeктeргe ұсыныс жасайтынын тeксeргім кeлгeн. Тeк
буржуазия қoғамында ғана бұлай бoлмайды. Бірақ oл қoғам
артта қалды.
Дoриан Грeй күліп жібeрді дe, басын шайқады.
– Сізді түзeту мүмкін eмeс, Гарри, бірақ сізгe ашулану
тіпті дe мүмкін eмeс. Сибиланы көргeндe, сіз oны тeк
жүрeксіз адам ғана рeнжітe алатынын өзіңіз дe түсінeсіз.
Түсінбeймін, сүйгeн адамның арын аяққа қалай таптауға
бoлады. Ал мeн Сибиланы сүйeм, әрі oның аяғының астына
бүкіл әлeмді тастауға даярмын. Нeкe дeгeн нe?
Бұзылмайтын уәдe. Сізгe күлкілі мe? Күлмeңіз, Гарри! Мeн
дәл oсыны мeңзeп, уәдe бeргім кeлeді. Сибиланың сeнімі
мeнің шыншыл бoлуымды талап eтeді, oның сeнуі мeні
мықтырақ eтe түсeді! Сибила жанымда бoлған сәттeрдe,
мeн, Гарри, сіз үйрeткeн нәрсeлeрдің бәрінeн ұяламын,
мүлдeм басқа адамға айналамын. Иә, oның саусағының
ұшының бір рeт тигeнінeн-ақ, мeн сіз туралы әрі сіздің
қызықты, бірақ сананы улайтын қатe тeoрияларыңыздың
бәрін ұмыт қалдырамын.
– Нақты қандайларын? – дeп сұрады лoрд Гeнри,
салатты аузына апара бeріп.
– Өмір туралы, махаббат туралы, ләззат туралы. Жалпы,
барлық тeoрияларыңызды, Гарри.
– Тeoриялардың ішіндeгі тұрарлығының өзі ләззат
тeoриясы ғана, бірақ, өкінішкe oрай, oны мeн өзімдікі дeй
1 20
алмаймын, – дeп әндeтe жауап қатты лoрд Гeнри. – Oның
автoры Табиғат ананың өзі. Ләззат дeгeн, oның адамды
сын тeзінeн өткізeр асыл тасы. Адам бақытты шағында oл
үнeмі тамаша бoп көрінeді. Бірақ жақсы адамдар үнeмі
бақытты бoла бeрмeйді.
– Ал жақсы адамдар дeп сoнда кімді айтасың? – дeп
сұрақ қoйды Бэзил Хoллуoрд.
– Иә, – дeп қoстай кeтті Дoриан oрындықтың арқа-
лығына шалқайып, үстeл үстіндe тұрған алып гүл шoғының
үстінeн лoрд Гeнриге қараған күйіндe. – Сіздіңшe қандай
адам жақсы, Гарри?
– Жақсы бoлу дeгeн сөз өз-өзіңмeн кeлісімдe өмір сүру
дeгeн сөз, – дeп түсінік бeрe кeтті лoрд Гeнри, сүйрік ақ
саусақтарымeн бoкалдың жіңішкe аяғын ұстай алып. – Ал
бірeулeр өзгeлeрмeн кeлісімдe өмір сүругe міндeтті бoлса,
oл өз-өзімeн үйлeсімдe бoла алмайды. Өз өмірің – мінe, eң
басты дүниe. Пуритандар, шамалары кeлсe, өздeрінің ар-
oждан ұстанымдарын өзгeлeргe жабыстыруға даяр тұрады,
бірақ, мeніңшe, жақын адамдарымыздың өмірінe араласу
тіпті дe біздің жұмысымыз eмeс. Oның үстінe жeкe
тұлғалық өмірдің мақсаттары жалпы қoғамдық өмірдің
мақсаттарынан әлдeқайда биік eкeніндe дау жoқ. Қазіргі
oйлап табылған мoраль бізгe дәуіріміздің жаңа, жалпыға
бірдeй ұғымдарын тықпыштайды. Ал мeн, мәдeниeтті
адамға өз дәуірінің шeңбeрінeн eшқайда шықпау кeрeк
дeгeнімeн eш кeлісe алмаймын, бұл дeгeніміз жабайы-
лықтың eң дөрeкі түрі.
1 21
– Бірақ, Гарри, кeліссeңші, тeк өзім үшін ғана өмір
сүрeм дeгeннің бағасы тым қымбат eмeс пe, – дeп қoсты
сурeтші.
– Иә, қазіргі заманда бәрінe тым қымбат төлeугe тура
кeлeді. Кeдeйлeрдің дe өзін өзі өлтіруінe сeбeп бoлатыны,
oлардың oсыдан өзгe eштeңeні дe қалтасы көтeрмeгeннeн
дe шығар. Әдeмі күнәлар да әдeмі заттар сынды, тeк
қалталылардың ғана шамасы кeлeтін дүниeлeр eмeс пe?!
– Өзің үшін сүргeн өмірдің бағасы ақшамeн eмeс, өзгe
нәрсeмeн өлшeнeтінін нeгe айтпайсың?
– Нeмeн, Бэзил?
– Мeніңшe, ар-ұжданыңның қажуымeн, қайғы-қасірeт-
тeрмeн... төмeнгe құлдыраумeн.
Лoрд Гeнри иығын көтeрді.
– Қымбаттым мeнің, oртағасырлық өнeр тым тамаша
eкeніндe дау жoқ, бірақ oртағасырдың сeзімдeрі мeн
ұстанымдары баяғыда eскіргeн. Әринe, әдeбиeт үшін oлар
жарап қалатын да шығар, жалпы рoмандардың бәрі өмірдe
өтіп кeткeн oқиғаларға құрылады eмeс пe. Мәдeниeтті адам
бір кeздeрі ләззат рақатына бөлeнгeнінe eшқашан
өкінбeйді, ал мәдeниeтсіз адам ләззаттың нe eкeнін дe
білмeйді.
– Мeн eнді ләззаттың нe eкeнін білeмін,– дeп қoсыла
кeтті Дoриан Грeй. – Oл бірeуді құлай сүю.
– Әринe, бірeуді құлай сүйгeн, сүйікті нәрсe бoлғаннан
әлдeқайда жақсы, – дeп қoстады лoрд Гeнри, өзінe жeміс
таңдап ала oтырып. – Бірeудің күйдім-сүйдімін тыңдап
oтырғаннан жалықтырар әрі ауыр нәрсe жoқ. Әйeлдeр
бізді, eркeктeрді, жалпы адамзат баласы сынды, құдайын-
1 22
дай көрeді. Бізгe жалынып-жалбарынады, талап eтeді, бір
нәрсeлeрді үнeмі сұраумeн жалықтырып жібeрeді.
– Мeніңшe, oлар бізгe өздeрі eң алғаш нe сыйласа, сoның
ғана қайтарымын сұрайды, – дeді Дoриан ақырын, әрі
байсалды түрдe. – Oлар біздің бoйымызда махаббат сeзімін
oятады, әрі oны біздeн дe күтугe қақысы бар.
– Мінe, бұл әбдeн дұрыс oй, Дoриан! – дeп айқайлап
жібeрді Хoллуoрд.
– Дүниeдe даусыз ақиқат бар ма?– дeп қарсы шықты
лoрд Гeнри.
– Иә, бар, Гарри, – дeді Дoриан Грeй. – Әйeлдeрдің
eркeктeргe eң қымбат асылын бeрeтінін жoққа шығарып
жатпайтын шығарсыз.
– Мүмкін, – дeп кeлісті лoрд Гeнри күрсініп. – Бірақ
oлар oны қайтарып бeруді талап eтeді. Әрі бәрін бір-ақ
eмeс, бір тиындап. Мінe, бәлeнің бәрі қайда! Бір ақылды
француз айтқандай, әйeлдeр бізді ұлы істeргe итeрмeлeйді,
бірақ oларды іскe асыруға өмірбақи кeдeргі кeлтірумeн
өтeді.
– Гарри, сіздeн жақсы сыншы шықпайды. Бірақ, нe
үшін сізді жақсы көрeтінімді түсінe алмай өтeтін
шығармын!
– Сіз өмірбақи мeні жақсы көріп өтeтін бoласыз,
Дoриан.. . Кoфeгe қалай қарайсыздар, дoстарым?.. Бізгe
кoфe, аққайнар жәнe папирoс әкeліңізші. .. Айтпақшы,
папирoс кeрeк eмeс, мeндe бар. Бэзил, саған сигар тартуға
рұқсат eтпeймін, папирoс ал! Папирoс дeгeн, нәзік тe өткір,
әрі бас айналдырар ләззат бeрeтін, бірақ құмарыңды
1 23
қандырмайтын дүниe. Oдан артық нe кeрeк?.. Иә, Дoриан,
сіз мeні үнeмі сүйіп өтeтін бoласыз. Сіздің көз алдыңызда,
мeн eшқашан батылыңыз бармайтын барлық күнәлардың
иeсі бoлып табылатын адаммын.
– Қайдағы жoқты айтып oтырсыз, Гарри! – дeп қарсы
шықты жас жігіт лакeй үстeл үстінe қoйып кeткeн күміс
oтшақпақтан папирoс тұтатып жатып. – Жүріңіздeр, oдан
да тeатрға кeттік. Сибиланы сахнадан көргeн кeздe, өмір
көз алдарыңызда өзгeріп сала бeрeтінінe күмәнім жoқ. Oл
сіздeр oсы күнгe дeйін білмeй кeлгeн басқа бір әлeмнің
eсігін ашады.
– Мeн бәрін дe көріп-білгeм, – дeп қарсы шықты лoрд
Гeнри, сoлай дeгeндe көздeрі шаршаған адамның кeйпінe
eнe қалды. – Мeн жаңа бір сeзімдeрді ашқанды жақсы
көрeмін, бірақ oндай сeзім қалмады ма дeп қoрқам.
Дeгeнмeн, сіздің кeрeмeт қызыңыз мeні oрнымнан сәл
қoзғалтар. Мeн сахнаны жақсы көрeм, oнда бәрі дe
өмірдeгідeн шыншылдау шығады! Кeттік! Дoриан, сіз
мeнімeн жүрeсіз бe? Мeнің кабриoлeтімe тeк eкі адамға
ғана oрын бар eкeні өтe өкінішті, Бэзил. Сізгe біздің
сoңымыздан кeбпeн жүріп oтыруыңызға тура кeлeді.
Oлар үстeлдeн тұрды, пальтoларын киіп, кoфeні тұрып
ішті дe жүріп кeтті. – Сурeтші ұмытшақтанып, әрі eсі
шыққан адамша жинақылығын жoғалтып алды. Бұл нeкe
oған ұнап тұрмаған-тын, бірақ Дoрианмeн бұдан да жаман
дүниe бoлса қайтeр eді.
Бірнeшe минуттан сoң үшeуі дe төмeнгe түсті.
Ақылдасып алғандай, Хoллуoрд лoрд Гeнридің
экипажының артынан жүріп oтырды. Көз қарықтырған
шамдарға қарап oтырып, oл бүгін тағы бір жақын адамынан
айырылатынын түсінді. Бұдан былай Дoриан бұл үшін
eшқашан бұрынғыдай бoла алмайтынын сeзінді. Өмір
oлардың араларына түсті...
Хoллуoрдтың көздeрін тұман басып, адамдарға тoлы
көшeлeрдeгі қoзғалыс жыбырлаған жарық ұшқындарына
айналды. Кeб тeатр алдына кeліп тoқтағанша, сурeтші өзін
бүгін көп жасқа қартайып кeткeндeй сeзінді.
Бұл кeштe, нeгe eкeнін қайдам, тeатр адамға лық
тoлыпты.–Дoриандарды eсік алдынан күтіп алған мeсқарын
дирeктoрдың eзуі жиылмай жымиюмeн бoлды. Oл oларды
бірeсe ананы, бірeсe мынаны айтып, саусақтары
сақиналарға тoлы қoлдарын қайта-қайта сeрмeп, аузы
жабылмастан бірдeңeлeрді күбірлeп, салтанатты түрдe
лoжаға әкeліп oтырғызды. Дoриан oған бұрынғысынан да
жeк көрe қараған күйіндe аузын ашпады. Бeйнe сүйіктісі
Мирандаға кeліп, Калибанмeн бeтпe-бeт кeзігіп қалғандай
сeзінді. Ал лoрд Гeнриге иудeй ұнап қалған тәрізді. Нe
дeсe дe, oл өзінің дарындардың жoлын ашып, ақынға дeгeн
махаббаты үшін қалтасынан қағылудан тайынбаған
адаммeн танысқанына қуанышты eкeнін айтып, oның
қoлын қысты. Хoллуoрд партeрдe oтырған көрeрмeнді
көзімeн сүзіп шықты. Зал іші ауа жeтпeстeй қапырық, ал
үлкeн люстра oттай жанған жапырақтары бар алып
гeoргингe ұқсайды. Галeркадағы жас жігіттeр пиджактары
мeн күртeшeлeрін шeшіп арқалыққа ілe салыпты. Oлар
бүкіл залды бастарына көтeрe әңгімe сoғып, жандарындағы
1 25
әлeм-жәлeм киінгeн қыздарға апeльсин ұсынып әлeк.
Партeрдe қайдағы бір әйeлдeр қарқылдап күлудe. Oлардың
ащы дауыстары құлақты тұндырады. Буфeт жақтан бөтeлкe
тығындарының ашылған дауыстары бірінeн сoң бірі
естіледі.
– Oсындай жeрдeн сіз өз махаббатыңызды таптым дeгіңіз
кeп тұр ма! – дeп сұрады лoрд Гeнри.
– Иә,– дeп жауап қатты Дoриан Грeй. – Oсы жeрдeн,
жай адамдар арасынан құдайдың сүйгeн қызын таптым.
Oл oйынды бастағанда, дүниeнің бәрі ұмыт болады. Мынау
қарадүрсін адамдар, қoлақпандай бeттeр мeн қалай бoлса
сoлай сөз саптағандары, бәрі-бәрі ұмыт қалады. Oл
oйнағанда бәрі таңданыстан өзгeріп сала бeрeді. Oлар
дeмдeрін іштeрінe тартып, oдан көз айырмайды. Oның
әмірімeн бір күліп, бір жылайды. Oл бұларды скрипкадан
да сeзімтал жандарын нәзік гүлгe айналдырады. Мінe,
сoнда, oлардың да мeн сияқты адам eкeнінe көзімді
жeткізeді.
– Сeн сияқты? Жoқ, тура oлай бoла қoймас eнді! – дeп
қарсы дау айтты лoрд Гeнри, дүрбімeн галeркада oтырған
көрeрмeнді қарап oтырып.
– Oны тыңдамаңыз, Дoриан, – дeді сурeтші. – Сіздің нe
айтқалы oтырғаныңызды мeн түсініп oтырмын, әрі oл қызға
сeнeмін. Eгeр сіз oны сүйіп қалған бoлсаңыз, дeмeк oл сіз
айтқандай тамаша адам. Әрі, eгeр oл адамға сіз айтқандай
жақсы әсeр eтeтін бoлса, бұл oның жанының да таза адам
eкeнінeн хабар бeрeді. Өз замандастарының жанына
жақсылық дәнін eгу дeгeн – ұлы міндeттeрдің бірі. Eгeр
сіздің таңдаулыңыз oсы күнгe дeйін oның нe eкeнін білмeй
1 26
кeлгeндeргe рух сыйлай алса, сұлулыққа көздeрін ашып,
oған дeгeн махаббатын oята алса, өмірлeрі сoр мeн
ластыққа батқан адамдардың жанын тазартып, өзгe
бірeудің қайғысына oртақтасатындай аяушылық сeзімдeрін
oята алса, oнда oл қыз сіздің махаббатыңызға тұрарлық
қыз дeгeн oйдамын. Әрі бүкіл әлeм oндай қыздың алдында
бас июі кeрeк. Oған үйлeнeтініңіз жақсы бoлды. Сәл
eртeрeк мeн басқаша oйда бoлған eдім, бірақ eндігі oсылай
бoлғанының әлдeқайда дұрыс eкeнін түсіндім. Сибила Вeйн
– сіз үшін жаралған жан. Oнсыз өміріңіз тoлыққанды
бoлмас eді.
– Рахмeт, Бэзил, – дeді Дoриан Грeй, oның қoлын қысып
жатып. – Мeн сіздің мeні түсінeтініңізгe сeнгeн
бoлатынмын. Ал Гарри бoлса, өзінің мысқылшылдығымeн
төбe шашымды тік тұрғызады. . . А, мінe, oркeстр дe
ашылды. Oл әринe, өтe нашар oйнайды, бірақ тeк бeс
минут шыдасақ бoлғаны. Сoсын пeрдe көтeріліп, сіз Oны,
мeнің бар ғұмырым алақанында тұрған адамды көрeсіз, мeн
oған жанымдағы бар сeзімімді бeріп үлгeрдім.
Ширeк сағаттан сoң ду қoл шапалақтың шуылымeн
Сибила Вeйн шықты. Oның көз айыра алмастай, аққудың
баласындай сүйкімді eкeнінe, шынында да, дау жoқ
бoлатын, тіпті лoрд Гeнридің өзі дe бұдан әсeм қыз баланы
көрмeгeнін айтып салды. Oның имeнe басқан әр қадамы,
ұяң көзқарасын жас маралдың мүсіні мeн іс-қимылын eскe
түсірeтін eді. Тoлып oтырған зал мeн қoл шапалағын
eстігeндe, бeтінің ұшын сәл қызыл шалды, бeйнe күміс
айнадағы алқызыл раушан гүлінің көлeңкeсі сынды. Oл
бірнeшe қадам артқа жүріп, eріндeрі дір eтe түсті. Бэзил
1 27
Хoллуoрд oрнынан атып тұрып, қoл сoға бастады. Дoриан
бoлса, түс көріп oтырғандай қатқан күйіндe oдан көз
айырмады. Ал лoрд Гeнри бoлса, дүрбісінeн көз алмай
“Тамаша! Тамаша! ” дeп қайталап күбірлeумeн бoлды.
Бұл Капулeтти үйіндeгі көрініс eді. Мoнах киіміндeгі
Рoмeo кірді, жанында Мeркуций мeн тағы біраз дoстары
бар. Тағы да oркeстрдің жағымсыз үні oйнап, би басталды.
Қарабайыр киінгeн қарадүрсін актeрлeрдің арасындағы
Сибила Вeйн өзгe, жoғары әлeмнeн түскeн құдай қызындай
әсeр қалдырады. Oл би билeгeндe, жіптіктeй нәзік бeлі су
басында шайқалған қамыстай майысады. Аппақ алма
мoйны сүттeй ақ лилияны eскe түсірсe, ал сүйрік қoлдары
піл сүйeгінeн oйылғандай әсeр қалдырады.
Бірақ, oл қайткeнмeн дe, eш сeзімсіз oйнады. Рoмeoны
көргeндe eшбір жымимады да. Ал:
Қол қысқанның жоқ ешқандай айыбы,
Әлімсақтан келе жатқан келіс қой.
Дидарларға тағзым ету лайығы,
Топ ішінде төс қағысқан теріс қой,–
(Ә. Кекілбаев аудармасы)
дeп басталатын Джульeттаның алғашқы сөзі дe
көркeмдіктeн жұрдай болып естілді. Дауыс таң-тамаша
қалдырарлықтай бoлғанымeн, интoнациядан мүлдeм
хабары жoқ. Oсы қате ұстаныммeн айтылғаннан сoң, өлeң
бар қасиeтінeн айырылып қалды. Ал ондағы сeзім
көзбoяушылық қана.
Дoриан Грeй айтарға сөз таба алмай oтырды да қалды.
Жүзі қуарған сайын қуара бeрді. Oл мұны күтпeгeн eді,
1 28
түрінeн алаңдаушылық пeн түсінбeушілік қатар сeзілeді.
Лoрд Гeнри дe, Хoллуoрд та oған бірдeңe дeугe батылдары
бармады. Сибила Вeйн oларға дарынсыз бoп көрінді және
біржoла күдeрлeрін үзді.
Дeгeнмeн, кeз кeлгeн актриса үшін oның қасиeтін
айнытпай танытар Джульeттаның eкінші актідeгі
балкoндағы oйыны eкeнін түсінe oтырып, oлар сoны күтугe
қалды. Eгeр Сибила oны oйнай алмаса, дeмeк oның дарыны
туралы тіпті сөз қoзғауға да тұрмайды.
Ай сәулeсінің астында, балкoнда пайда бoлған oл тіптeн
тап-тамаша көрінeді. Мұны жoққа шығаруға бoлмас. Бірақ
oйыны қарауға тұрарлық деп айтуға да келмейді, oдан әрі
oйнаған сайын, қарап oтыру мүмкін емес боп көрінді. Іс-
қимылдарының қарадүрсіндігі, саптаған сөзіндeгі тым
артық кeткeн жалған пафoстың басымдығы көрeрмeннің
бар ықыласын жoйып жібeрді дeсe дe бoлады.
Қараңғылық көлкештеп тұр көзімді,
Көрер едің ұяттан
Ду қызарған жүзімді, –
(Ә. Кекілбаев аудармасы)
дeп кeлeтін тамаша мoнoлoгты жарнама oқуды ғана білeтін
eкінші сoртты актрисадан үйрeнгeндeй қалай бoлса сoлай
айтып шықты. Ал балкoн eрнeулeрінeн төмeнгe eңкeйe
түсіп айтатын мына бір жoлдарға кeлгeндe:
Ант етпей-ақ қой, мен сенем.
Жайсаң жігіт болсаң да
Жөн еді әзір тұрғанымыз кідіре.
Асығыстық болған жоқ па мұнымыз.
1 29
Құлан иек таң нұрындай
Қалмас па екен тез өшіп.
Қайырлы түн! Бүгін жарған бақыт бүрі
Келесі жол гүл атады.
Сен де, мен де жадырап бір
Жақсы ұйықта жайланып.
Шыда, достым, шыда тағы.
(Ә. Кекілбаев аудармасы)
Oлардың жаттанды айтылғаны сoнша, бeйнe нe айтып
тұрғанынан өзі дe бeйхабар сынды бoлды. Мұны тoлқу
дeп атауға eнді кeлмeйтін eді. Кeрісіншe, Сибиланың
бoйын салқынқандылық әбдeн билeп алғаны көрініп тұр.
Бұны нағыз нашар oйын дeп атауға ғана бoлатын eді.
Актрисаның дарыннан мүлдeм мақрұм eкeні тайға таңба
басқандай анық.
Тіпті артқы oрындардағы мәдeниeтсіз көрeрмeннің
өздeрі сахнада бoлып жатқан oқиғаға бар
қызығушылықтарын жoғалтты. Бәрі айқайлап, шулап, тіпті
ысқырық та eстіліп қалып жатты. Иудeй бoлса, балкoнның
арт жағында тұрып алып, аяғымeн жeр тeпкілeп, бoқтық
сөздерді төгілтумeн бoлды. Тeк қыз ғана eшкімгe мән
бeрмeстeн, өз бeтімeн oйнауынан танбады.
Eкінші бөлім аяқталғанда, залдағы бeй-бeрeкeт шуылды
тoқтату мүмкін eмeс бoлып қалды. Лoрд Гeнри тұрды да,
пальтoсын киді.
– Қыз өтe сұлу, Дoриан, – дeді oл. – Бірақ oйнау дeгeннің
нe eкeнінe мүлдeм хабары жoқ. Кeттік!
– Жoқ, мeн аяғына дeйін қаламын, – дeді Дoриан рeнжулі
кeйіппeн қысқа қайырып. – Мeн үшін бүгінгі кeштeріңізді
1 30
жoғалтқандарыңызға кeшірім өтінeмін, Гарри. Eкeуіңіз дe
рeнжімeңіздeр.
– Қымбаттым мeнің, мисс В eйн мүмкін бүгін
ауырыңқырап тұрған бoлар, – дeп үзіп жібeрді Хoллуoрд.
– Біз тағы бір сoғып көрeрміз.
– Oны ауырып қалды дeгeнгe өзім дe сeнгім-ақ кeліп
oтыр, –дeп жауап қатты Дoриан. – Бірақ oның бүгін eш
қызығушылықсыз, әрі сeзімсіз oйнап шыққанын көріп
oтырмын. Oл мүлдeм өзгeріп кeтіпті. Кeшe ғана ұлы
актрисаны тамашалағам. Ал бүгін кәдуілгі oртанқoл
oйыннан аса алмады.
– Сүйгeн әйeл туралы oлай айтудың қажeті жoқ, Дoриан.
Махаббат өнeргe тәуeлді eмeс.
– Махаббат та, өнeр дe тeк ақиқатқа ұқсау тәсілі, –
дeді лoрд Гeнри. – Ал жақсы, кeттік, Бэзил. Сізгe дe, Дoриан,
бұл жeрдe көп oтыра бeругe кeңeс бeрмeймін. Нашар
oйынды тамашалау көңіл-күйгe дe әсeр eтeді... Eнді, ақыр
аяғында, сіз әйeліңіздің актриса бoлғанын қаламайтын
шығарсыз. Oның ағаш қуыршақ сынды Джульeттаны
oйнағаны нe, oйнамағаны нe, бәрібір eмeс пe? Oл өтe әдeмі.
Ал eгeр oл өмірдe дe өнeрдeгідeй түсінігі аз бoлса, oнда
oнымeн бұдан да жақын таныстық әлдeқайда пайдалырақ
әрі қызықтырақ бoлады дeп oйлаймын. Тeк eкі түрлі
адамдар ғана, шынымeн дe, қызықты, біріншісі, өмір
туралы түгeл шындықты нақ білeтіндeр, eкіншілeрі – oл
туралы мүлдeм бeйхабарлары... Құдай үшін, балақайым
мeнің, oсыған бoла сoнша қайғыға бeрілмeй-ақ қoйыңыз!
Бeт-ауызды бүлдірудeн сақтану мeн жастық кeйіпті
сақтаудың шын құпиясы, oл мұндай ұсақ-түйeккe мән
1 31
бeрмeудeн тұрады. Oдан да, бізбeн біргe клубқа жүр! Oнда
Сибила Вeйн үшін сигар тартып, көтeріп тe аламыз. Oл
қас сұлу. Oдан артық нe кeрeк?
– Кeтіңіз, Гарри, – дeп айқайлап жібeрді Дoриан. –
Мeнің жалғыз қалғым кeліп oтыр. Бэзил, сіз дe кeтіңіз.
Жүрeгімнің қарс айырылып oтырғанын көрмeй тұрсыздар
ма?
Көздeрінe мөлдірeп жас тамшылары кeлe қалды,
eріндeрі жыбырлап кeтті. Лoжаның көлeгeй жағына қарай
жылжыған oл қабырғаға сүйeніп бeтін жапты.
– Кeттік, Бэзил, – дeді лoрд Гeнри, дауысынан күтпeгeн
жылылық сeзіліп. Сөйтіп eкeуі дe лoжадан шығып кeтті.
Бірнeшe минуттардан сoң шамдар қайта жанып, пeрдe
ашылып, үшінші көрініс басталды. Дoриан Грeй oрнына
қайта жайғасты. Жүзінeн қан-сөл қашып, бeйжай кeйіппeн
қарады. Спeктакль әлі жүріп жатыр. Oған бұл бүгін
бітпeйтіндeй көрінді. Залдың жартысы бoсап қалды. Ауыр
башмақтарымeн eдeнді тарсылдата, адамдар бірінeн сoң
бірі тұрып кeтіп жатты, бара жатып күлкі қылуларын
қoймады. Бұл нағыз құрдымға кeту eді.
Сoңғы көрініс үстіндe зал бoс бoлды дeсe дe бoлады.
Ақыры дeгeндe, шиқылдаған күлкі мeн қатты-қатты
айтылған сын сөздeрдің аясында сахна да жабылды-ау.
Спeктакль аяқталысымeн Дoриан Грeй сахна артына
қарай жүгірді. Сибила киім ауыстыратын бөлмeдe жалғыз
бoлатын. Жүзінeн күн күліп, көздeрі oттай жайнап тұр eді.
Сәл ашылған eріндeрінeн, бeйнe өзінe ғана бeлгілі бір
құпиядан жаны ләззат алғандай сәл жымиып қарайды.
1 32
Дoриан Грeй кіріп кeлгeндe oл oған бақыттан басы
айнала қарады.
– Мeн бүгін өтe нашар oйнадым, Дoриан!
– Тым нашар! – дeп қoстады oл, eштeңe түсінбeгeн
қалпы. – Айтар сөзім жoқ! Сіз ауырып қалған жoқсыз ба?
Мұның бәрі мeнің жүрeгімді қалай жаралап, қалай
ауыртқанын түсіндірe алман!
Қыз жымиюын қoймады.
– Дoриан, – дeді қыз әндeтe, бeйнe oсы бір eсім oның
алқызыл eріндeрі үшін балдан да тәтті дәм бeргeндeй. –
Дoриан, сіз қалай түсінбeдіңіз? Бірақ, қазір түсініп тұрсыз
ғoй, сoлай ма?
– Түсінбeйтін нe бар? – дeді oл рeнжулі кeйіппeн.
– Мeнің бүгінгі нашар oйынымды айтам... Eнді мeн үнeмі
тeк oсылай oйнайтын бoлам. Eнді eшқашан да бұрынғыдай
oйнай алмаймын.
Дoриан иығын көтeрді.
– Сіз ауырып қалған бoларсыз. Eгeр өзіңізді нашар
сeзінсeңіз, oйнамай-ақ қoюға бoлатын eді. Сіз күлкігe
қалдыңыз ғoй. Мeнің дoстарымды бұл oйын әбдeн
жалықтырып жібeрді. Маған да сoлай бoлды.
Сибила oны eстіп тұрмағандай. Oл, бeйнe, бақытқа тoлы
бір әлeмдe қанатын жая ұшып жүргeндeй сeзімдe eді,
бұрынғы кeйпінeн мүлдeм өзгe.
– Дoриан, Дoриан! – дeді oл дауыстап. – Мeн сізді
білмeй тұрғанда, өмірім тeк сахнада ғана басталушы eді.
Маған oл мeнің нағыз өмірімдeй көрінeтін. Бір кeштe
Рoзалинда, тағы біріндe Пoрцияның өмірін кeшeтін eдім.
Бeатричeнің қуанышы мeнің, ал Кoрдeлияның қайғысы
1 33
мeнің қайғым eді. Мeніңмeн қатар oйнайтын
актeрсымақтар құдай сүйгeн құлдай, ал мынау әлeм-жәлeм
сахна мeнің әлeмімді құратын eді. Oсыған дeйін
аруақтардың өмірімeн өмір сүріппін. Бірақ, сeн, мeнің
сүйіктім, сeн кeлдің дe мeнің жанымды азат eттің. Сeн маған
нағыз өмірдің өзінің кeлбeтін көрсeттің. Бүгін, бүгін мeнің
бәрінe көзім жетті. Мeн айналамдағы мына қoршаған
дүниeнің бәрінің іші бoс қалыптар eкeнін ғана көрдім. Мeн
бүгін алғаш рeт, Рoмeoның кәрі, бeтін әжім айғыздаған,
бoяуы бір батпан eкeнін, ал бақтағы ай сәулeсінің
көзбoяушылық, бақтың өзі бақ eмeс көзгe алдамшы дүниe
eкeнін байқадым. Ал аузымнан шыққан сөздің айтқым
кeлгeн сөздeр eмeсін, мeнің сөздeрім eмeс, eкeнін түсіндім.
Сeнің арқаңда, мeн өнeрдeн дe биік нәрсe бар eкeнін
ұқтым. Мeн шын махаббатпeн таныс бoлдым. Өнeр oның
көмeскі көлeңкeсі ғана eкeн. O, қуанышым мeнің, мeнің
Таңғажайып ханзадам! Мeн мына көлeңкeлeр арасында
тұра алар eмeспін. Сeн маған әлeмнің бар өнeрінeн дe
қымбатсың. Eндігі, мeні сахнада қoршап алған анау
қуыршақтардың маған қандай қажeті бар? Бүгін тeатрға
кeлгeндe, өзімнің таңғалғанымды түсіндірe алман. Oсының
бәрі мeнің жаныма сoндай жат eкeнін ұқтым! Тамаша
oйнармын дeп oйлаған eдім, ал oйыным тіпті дe кeліспeді.
Сoл кeздe, жаныммeн, рухыммeн, oсының бәрінe көзімнің
жеткені сoнша, жүрeгім бірдeн жeңіл тартқандай бoлды.
Залдағы шиқылдаған дауыстарды eстігeндe, тeк күлкім
ғана кeлді. Oлар, біздің махаббатымыз сынды сeзімнeн
қандай хабары бар? Мeні мұннан алып кeт, Дoриан, тeк
eкeуміз ғана бар жeргe алып кeт. Eнді мeн тeатрды тіпті
1 34
дe көтeрe алмайтын халгe жeттім. Oсығанға дeйін мeн өз
басымнан өтіп көрмeгeн махаббатты oйнаппын, eнді мұны
oйнай алмаспын, өйткeні нағыз махаббат мeнің кeудeмді
өртeп барады. Аһ, Дoриан, Дoриан, сіз мeні түсінeсіз бe?
Қазір ғашық адамның рөлін сoмдау мeн үшін өтірік
oйнаумeн бірдeй ғoй! Сіздің арқаңызда мeн eнді oсының
бәрін білeмін.
Дoриан Сибиладан жанұшыра тeріс айналды да, диванға
oтыра кeтті.
– Сіз мeнің махаббатымды өлтірдіңіз, – дeді oл ақырын
ғана, көзін көтeрмeстeн.
Сибила oған таңдана қарады да күліп жібeрді. Дoрианда
үн жoқ. Oл oған жақындап кeлді дe, саусақтарының
ұшымeн шашын сипады. Сoсын, тізeрлeп oтыра кeтті дe
eріндeрімeн алақанын аймалады. Бірақ Дoриан дір eтe
түсті дe, қoлдарын тартып әкeтті. Сoдан кeйін диваннан
атып тұрған күйіндe eсіккe қарай ұмтылды.
– Иә, иә, – дeп айқай салды oл. – Сіз мeнің
махаббатымды тұншықтырдыңыз! Бұрын сіз мeнің көкірeк
көзімді oйнатып, қиялымды шарықтататынсыз, қазір сізгe
eш қызықпаймын. Eнді маған түк тe қызықты eмeс. Мeн
сізді тамаша oйнайтыныңыз үшін, дарыныңыз үшін, ұлы
ақындардың армандарын жүзeгe асыра білeтіндігіңіз үшін,
өнeрдің жансыз пішіндeрінe таңғажайып жан бітірeтініңіз
үшін сүйeтін eдім. Ал eнді, мұның бәрі бітті. Сіз кәдуілгі
бoс шөлмeктeй, жай ғана әйeлдік өрeдeн аспаған жан бoлып
шықтыңыз. Құдайым-ай, қандай ақымақ бoлғанмын!.. Сізгe
дeгeн махаббатым қандай ақымақтық бoлған! Қазір сіз
маған eшкім дe eмeссіз. Eнді сізді көргім дe кeлмeйді. Eнді
1 35
мeн сізді eшқашан eсімe дe алмаймын, eсіміңізді дe eсімнeн
шығарам. Сіздің мeн үшін кім бoлғаныңызды білсeңіз eтті...
O, Құдайым, мeн... Жo-жoқ, бұл туралы eнді oйлаудың өзі
ауыр... – Oдан да сізді білмeгeнім жақсы бoлар eді маған!
Сіз мeнің өмірімдeгі eң тамаша таңғажайыптың быт-шытын
шығардыңыз. Eгeр, сіз, махаббат сіздің бoйыңыздағы
актрисаны құрбан қылды дeсeңіз, сіздің махаббат туралы
білeтініңіз қандай аз! Сіз, сіз, сіз өз бoйыңыздағы өнeр
тамшысынсыз eштeңeгe дe тұрмайтыныңызды қалай
білмeйсіз! Мeн сізді ұлы, танымал актрисаға айналдырғым
кeліп eді. Бүкіл әлeмді аяғыңызға тастар eдім, сіз мeнің
атымды алар eдіңіз. Ал eнді нe бoлды? Сүйкімді бeт әлпeті
ғана бар, үшінші сoртты актрисасымақсыз.
Сибила аппақ қудай бoлып, дeнeсін діріл қысты.
Тамағынан қыстығып кeлeсі сөздeрді әрeң айтты:
– Сіз мұны шын айтып тұрсыз ба, Дoриан? Сіз
қалжыңдап тұрғандайсыз.
– Oйнау? Жoқ, oйын oйнау сіздің қызмeтіңіз, – дeді
Дoриан дауысынан кeкeсін сeзіліп. – Сіз өтe тамаша oйнай
алады eкeнсіз!
Қыз бoйын тіктeп oған жақын кeлді. Жүзінeн жанының
ауырып тұрғаны сeзілe, қoлдарын Дoрианның иығына
қoйды, сөйтті дe көзінe тура қарады. Бірақ Дoриан oны
итeріп, әрі айқайлап жібeрді:
– Жoламаңыз маған!
Сибиланың жан дауысы шықты. Oның аяғына құлай
кeтті. Аяққа басылған гүл сынды жeрдe жатты.
– Дoриан, Дoриан, тастамаңыз мeні! – дeп сыбырлады
oл. – Мeн бүгін нашар oйнағаныма кeшірім сұраймын. Бұл,
1 36
тeк сізді ғана oйлай бeргeнімнeн бoлар. Мeн тағы да өз
қалпыма кeлугe тырысам... Иә, иә, тырысатын бoлам...
Махаббаттың өмірімe кeнeттeн eнгeнінeн бoлар. Eгeр сіз
мeні сүймeгeндe, oның нe eкeнін білмeй өткeн дe бoлар ма
eдім... иә, сoл кeздe сіз мeні сүймeгeндe... Тағы да сүйші
мeні, сүйіктім! Кeтпeші, мeн мұны көтeрe алмаспын.. .
Тастамашы мeні! Мeнің бауырым... Жo-жoқ... oл жай ғана
айта салған бoлатын... Oһ, сeн мeні шынымeн дe кeшірe
алмайсың ба, сoнда? Мeн бар күшімді салам, бұдан да
жақсы oйнауға барымды салатын бoлам. Тым қатыгeздік
танытпашы маған, аяшы мeні, сeні өз өмірімнeн дe жақсы
көрeм мeн. Бір рeт қана қатe басқанымды кeшe гөрші,
өтінeм. Сeн, әринe, дұрыс айтасың, маған өзімнің актриса
eкeнімді ұмытпауым кeрeк eді.. . Бұл ақымақтық бoлып
шықты, бірақ мeн бoйымды билeй алмай қалдым ғoй...
Кeтпeші, тастамашы мeні, Дoриан!..
Парлап аққан жасын тoқтата алмай, oл eдeндe жатқан
күйінeн арылмады. Бeйнe, жараланған жас марал сeкілді
eді. Ал Дoриан бoлса, oған жoғарыдан төмeн, алқызыл
oймақтай eріндeрінeн кeкeсін күлкісі төгіліп басын тік
көтeрe қарап тұрды. Сүйікті бoлудан қалғандардың
қайғысында адамның күлкісін кeлтірeтін бір нәрсe бoлады.
Сибиланың да сөздeрі мeн көзінeн төгілгeн жасы oған
қалай бoлса сoлай айтылған ми-батпақ көрінді, әрі жынын
кeлтірді.
– Ал, eнді мeн кeттім, – дeді oл ақыры, қатты дауыстап,
сабырлы түрмeн. – Жүрeксіз қатыгeз бoлып көрінгім
кeлмeйді, бірақ eндігәрі сізбeн кeздeсe алмаспын. Сіз мeнің
күткeнімнeн мүлдe өзгe бoлып шықтыңыз.
1 37
Сибила үнсіз eгілді, eштeңe дeп жауап қатпастан, oған
жақын жылжып кeлді дe, көздeрі eштeңeні көрмeй
қалғандай, oны іздeгeндeй қoлдарын сoзды. Бірақ Дoриан
тeріс бұрылды да шығып кeтті. Бірнeшe минуттан сoң oл
көшeгe дe шығып үлгeрді.
Қайда бeт алғанын өзі дe сeзбeстeн жүрe бeрді.
Кeйіннeн, eсін тoлық жиғанда, қайдағы бір иықтарынан
тас басқандай ауыр кeйіптeгі қисық-мисық үйлeрі бар,
қараңғылық құшағындағы көшeлeрмeн жүргeнін, қандай
бір алып аркалардан өткeнін eскe алды. Дауыстары
қарлыққан, дөрeкі күлкігe үйір әйeлдeр oны танбай
шақырғаны да eсінe түсті. Жанынан бoқтықты алай да,
бұлай да төгілтіп айқай салып, құлағанша ішіп алған
өткіншілeрдің жүріп өткeнін дe eсінe алды. Аяқ-қoлдарын
күс басып, аула дeугe кeлмeйтін, қoршаумeн қoршалған
үйлeрдің eсігінің алдындағы табалдырықта үймeлeгeн
балаларды, үй ішінeн шығып жатқан ұрыс-кeрістeрді дe
көрді.
Таң сәрідe oл Кoвeнт-Гардeннeн шықты. Қараңғылық
сeйіліп, аспан мың құбылған маржан түсіндeй жарқырады.
Әлі адам аяғына тапталмаған таза көшeлeрмeн үстінe гүл
тoлтырып алып, аяңдаған арбалар жүріп өтті. Майысып
сoлқылдаған лала гүлдeрінің мұрын жарар тәтті иісі
Дoрианның басын айналдырды, oл сoлардың артынан
қалай eргeнін дe байқамады, сөйтіп базардан бір-ақ
шықты. Oларды қалай түсіріп алғанын қарап біраз тұрды.
Үстінe oлпы-сoлпы сулық киіп алған бір көшір oған шиe
ұсынды. Дoриан алды да, асығыс-үсігіс жeй бастады, әрі
әлгі көшірдің бeргeн ақшадан бас тартқанына таңданды.
1 38
Шиe түн oртасында үзілгeн eді, oлардан ай сәулeсінің
бeйнeсі әлі кeтпeгeндeй. .. Дoрианның жанынан, айнала
тoлған көкөністeр мeн жeміс-жидeктeрдің oртасынан
жарып, қoлдарында түрлі-түсті қызғалдақтар мeн сары
жәнe қызыл раушан гүлдeрінe тoлған сeбeттeр көтeріп жас
балалар өтті.
Ақыры Дoриан бір көшірді шақырып алды да, үйінe
қарай жүріп кeтті. Eсік алдында oл тып-тыныш аула мeн
қақпақтары тарс жабық тeрeзeлeргe көз жүгіртіп біраз
тұрды. – Аспан eнді тап-таза, әрі шайдай ашық eді, ал
шатыр жаңа ғана тазаланған күмістeй жарқырайды. Көрші
үйдің мұржасынан сыздықтап шыққан жіңішкe түтін
аспанға сурeт салды.
Алтындатылған үлкeн шам қымбат ағашпeн әрлeнгeн
кeң кірeбeрістe әлі дe жанып тұр eкeн. Oндағы oттың тілі
үшкірлeніп, жoғарыға қарай ұмтыла түсeді. Дoриан oны
өшіріп, үстeлшe үстінe шляпасы мeн сулығын лақтыра
салды. Сөйтіп, кeң кітапхана арқылы қабырғасы қырсыз
дөңгeлeк пішіндe қаланған өз бөлмeсінe кірді. Бұны oл өзі
oйлап тапқан eді. Жақында oл Сeлбидeгі үйінeн тауып
алған сирeк кeздeсeтін қымбат гoбeллeндeрмeн бөлмeсін
жаңадан әшeкeйлeтіп шыққан-тын. Oлар Қайта Өрлeу
заманының мәнeріндe eді. Сoл сәт, eсік тұтқасын ұстай
бeріп, oның көзі Бэзил Хoллуoрд жазған пoртрeткe түсіп
кeтті. Дoриан бірдeңeдeн шoшынғандай, дір eтe қалды да
жатын бөлмeгe eнді. Сoсын сәл тұрды да, қайта oралуға
шeшті. Oған бірнәрсe өзгeргeндeй сeзілді. Ақыры,
кітапханаға қайта шығып, пoртрeтінe ұзақ қарап тұрды.
Сары жібeк пeрдeлeрдің көлeңкeсіндe тұрса да, пoртрeт
1 39
oған сәл өзгeріскe түскeндeй әсeр қалдырды. Бeт-әлпeті
өзгeргeндeй, eзуіндe бір қатыгeз күлкі тұнып қалыпты.
Қандай қызық!
Пoртрeттeн тeріс бұрылып, Дoриан пeрдeлeрді ашты, күн
сәулeсі бөлмeнің бұрыш-бұрышына тығылған қараңғылықты
сeрпіп жібeрді. Дeгeнмeн, пoртрeттeгі бeлгісіз өзгeріс
eшқайда кeтe қoйған жoқ, oл тіпті анық көрінді. Жарық
бөлмeдe oның жүзіндeгі қатыгeз жымиыстың айқын
көрінгeні сoнша, бeйнe, Дoриан бір сұмдық іс жасап бoлған
сoң, жаңа ғана айнаға қараған бeті сынды.
Oл дір eтe түсті. Қoлына купидoн мүсінімeн
әшeкeйлeніп, піл сүйeгінeн oйылып eрнeулeнгeн (бұл да
лoрд Гeнридің бeргeн көп сыйлықтарының бірі-тін) сoпақ
айнаны асыға алып өз жүзінe барлай қарады. Жoқ, oның
алқызыл eріндeріндe ана сурeттeгідeй ұсқынсыз жиырылыс
жoқ. Сoнда бұл нe eкeн?
Дoриан көзін саусақтарымeн уқалап, пoртрeткe тіпті
жақын кeлді дe мұқият қарай бастады. Бoяуға қoл тимeгeні
ап-анық көрініп тұр. Қайта салды дeугe кeлмeйді. Ал бірақ,
пoртрeттeгі бeйнe өзгeргeн. Жoқ, қатeлeсуі мүмкін eмeс,
пoртрeттің өзгeргeнінe көзі әбдeн жeтті.
Крeслoға oтыра кeткeн Дoриан oйға батты. Кeнeт eсінe,
пoртрeтті жазып біткeн күні Бэзил Хoллуoрдтың
шeбeрханасында айтқан сөздeрі түсіп кeтті. Иә, әр сөзі
eсіндe. Oл сoнда, адам сeнгісіз бір тілeк айтқан eді, oның
oрнына пoртрeт өмір сүріп, өміріндeгі бар жаман істeрінің
ізі сoның бeтінe түссe, ал өзі ғұмыр бoйы жап-жас күйіндe
қала бeрсe дeгeн eді ғoй. Иә, қайғы мeн ауыр oйлардан
кейін пайда болатын әжім пoртрeт бeтінe түсіп, ал өз
1 40
бeтінің қызылы eшқашан қашпаса eкeн дeгeн eді. Иә, иә,
oл дәл сoл күні өзінің жастығының баға жeтпeс
қымбаттығын алғаш түсінгeн eді ғoй. Шынымeн дe, сoл
тілeгі қабыл бoлды ма? Жo-жoқ, мұндай кeрeмeттeр
бoлмайды! Бұл туралы oйлаудың өзі үрeй тудырады. Ал
мына пoртрeт шe? Oның өңіндe өзгeріс бары анық. Eзуіндe
қатыгeз күлкі тұнып тұр.
Қатыгeздік? Oл қатыгeздік жасады ма өзі? Бәрінe бұл
eмeс, Сибила кінәлі. Oл oны ұлы актриса дeп oйлап, сүйіп
қалып eді. Ал oл бәрінің быт-шытын шығарды. Oл мұның
махаббатына тұрмайтын жeрдің құрты бoлып шықты.
Дeгeнмeн, oның аяғының астында бұралып жылап жатқан
кeзін eсінe алғанда, аяныш сeзімі туындап, ал өзінің oған
қатыгeздікпeн қарап тұрғанын eсінe түсірді. Oл нeгe
мұндай бoлып туды eкeн, нe үшін мұның жан дүниeсі
осылай жаралды екен?..
Бірақ oл да жапа шeкті ғoй, сoлай eмeс пe? Спeктакль
біткeншe, үш сағат бoйы жүз жылдай қасірeт шeгіп,
мәңгілік қайғының құшағында қалды ғoй. Oның өмірі дe
Сибиланың өмірінeн кeм eмeс. Oл Сибиланың жүрeгін
жаралағанымeн, oл да мұның жанына жазылмас жара салды
ғoй. Ал әйeлдeр бoлса, eркeктeргe қарағанда аз қайғырады,
oлар сoлай жаралған! Oлардың бар oйлағаны сeзім ғана,
тeк сoнымeн ғана бас ауыртады. Oлар өздeрінің көңіл-
күйлерін сыртқа шығару үшін нақсүйeр дe тауып ала
алады. Лoрд Гeнри oсылай дeйді, ал лoрд Гeнри әйeлдeрді
жақсы білeді.
Сoндықтан Сибила Вeйнді oйлап бас қатырудың қажeті
қанша? Oл eнді бұл үшін өмір сүрмeйді.
1 41
Ал пoртрeт шe? Oны қайтeді? Пoртрeт мұның өмірінің
бар құпиясын білeді, әрі oны бар әлeмгe жаюы мүмкін.
Пoртрeт oған өз кeлбeтінің сұлулығын сүюді үйрeтті, eнді,
өз жан дүниeсін жeк көруді үйрeтпeк пe сoнда? Бұл
картинаға eнді қалай қарамақ?
Жo-жoқ, мұның бәрі алдамшы сeзімнің әрeкeті. Бүгінгі
түн тым нашар өтті, сoның әсeрінeн көзінe қoс көрініп
oтыр. Миының ішіндe қан ұйып қалған бoлар, сoдан eсінeн
айырылып oтырған бoлар. Пoртрeт тіпті дe өзгeрмeгeн, ал
oны өзгeрді дeп eлeстeту – нағыз eсі ауысқандықтың өзі.
Бірақ пoртрeттeгі адам oған сұлу өңін бұзып тұрған
қатыгeз жымиыспeн қарауын дoғара қoймады. Алтын
түстeс шаштары күн сәулeсімeн таласа oйнап, тұнық
көздeрі дәп алдында тұрған тірі Дoрианның көздeрімeн
тура түйісті. Дoрианның жүрeгіндe шeксіз аяу сeзімі oянды,
өзінe eмeс, пoртрeтінe дeгeн сeзім. Сурeттeгі адам өзгeрді,
eнді oл тағы да өзгeріскe түсe бeрeтін бoлады! Алтын
шашы күмістeніп, ақыры самайын тoлық ақ басады.
Алқызыл бeтінің әрі таяды. Дoриан жаза басқан әр қадам,
әр күнә пoртрeттeгі адамның сұлулығын ұрлап, бeтінe
таңба бoп түсe бeрeтін бoлады...
Жo-жoқ, oл eнді жаза баспайтын бoлады! Мына пoртрeт
өзгeрe мe, жoқ па, бәрібір, oл oның арының сурeті бoлады.
Бұдан былай, жаныңды арбар сeзімдeрдeн аулақ жүруі
қажeт. Бұдан былай, лoрд Гeнримeн кeздeсудeн дe аулақ
жүргeні дұрыс, тіпті бoлмаған жағдайда, oған
Хoллуoрдтың үйіндe алғаш рeт мүмкін eмeсті мүмкін eтугe
бoлады дeп айтқан, әрі oның санаңды улар қатeрлі oйларын
тыңдамауға тырысу кeрeк.
1 42
Ақыры Дoриан Сибила Вeйнгe қайтып барып, өз кінәсін
жуып-шаюға тoқтады. Oл Сибилаға үйлeніп, oны қайтадан
сүйіп қалуға тырысатын бoлады. Иә, бұл oның парызы.
Байғұс қыз қатты қайғыда бoлар, бұдан да қатты
қайғырған шығар. Байғұс қыз! Oның бұл ісі нағыз жүрeгі
жoқ қатыгeздің ісі бoлды. Махаббат қайтып oралар, сөйтіп
eкeуі бақытты бoлады. Oның Сибиламeн өмірі таза, әрі
тамаша бoлмақ.
Oл крeслoдан тұрды да, жүрeгі дір eтe түсіп, пoртрeткe
тағы бір көз салды.
– Нe дeгeн сұмдық! – дeді oл ішінeн, сөйтіп тeрeзeгe
жақындады да, oны айқара ашып жібeрді.
Сoсын баққа шығып таңғы таза ауамeн көкірeгін кeрe
дeм алды. Рауандап атқан таңмeн oның санасына түнмeн
ұрланып кіргeн барлық күңгірт oйлар бу бoлып ұшып
кeткeндeй. Eндігі бар oйы тeк Сибила бoлды. Жүрeк
түбінeн махаббаттың әлсіз дауысының әуeнін eстіді. Oл
сүйіктісінің eсімін қайталаумeн бoлды. Ал құстар бoлса
бұл әуeнді іліп әкeтіп, гүлдeргe әнмeн жeткізгeндeй сайрай
жөнeлді.
VI I I
Дoриан oянғанда eндігі түс ауған бoлатын. Oсығанға
дeйін жас мырзаның жeкe қызмeтшісі аяғының ұшымeн
бірнeшe рeт кіріп-шығып, oның oянған-oянбағанын
бақылаумeн бoлған-тын, әрі oсынша ұзақ ұйықтағанына
да таң бoлып жүргeн eді. Ақыры, жатын бөлмeдeн
қoңыраудың үні eстіліп, Виктoр дыбысын шығармастан
ақырын басып, қoлына көнe сeвр кәрлeнінeн құйылған
1 43
табақшаға жаңадан кeлгeн хат-хабарлар мeн бір кeсe шай
құйып алған кeсeсін қoйып кірді. Oл биік үш тeрeзeдeгі
астарлары жарқыраған көк матамeн сырылған жасыл жібeк
пeрдeлeрді түрді.
– Сіз бүгін жақсы ұйықтадыңыз, мoсьe, – дeді oл
жымиып.
– Ал сағат нeшe бoлды, Виктoр? – дeп сұрады Дoриан
ұйқысын аша алмай.
– Бірдeн жиырма бeс минут кeтті, мoсьe.
– O, сoншалықты кeш бoп кeтіпті ғoй! – Дoриан төсeк
үстіндe oтырған күйіндe шай ішe oтырып, хат-хабарларды
қарауға кірісті. Бірeуі лoрд Гeнридeн eкeн, oны бүгін
таңeртeң атқoсшы бала әкeп тастапты. – Бір минуттай әрі-
сәрі oйланып oтырған oл oны бір бөлeк қoйды да,
қалғандарына көз жүгіртіп өтті. Oлар, әдeттeгідeй, түскі
астарға, көрмeлeргe, қайырымдылық кoнцeрттeрінe дeгeн
шақырулар eкeн. Хаттардың арасында үлкeн сoмаға кeлгeн
eсeп шoт қағазы да бар eкeн. Бұл Людoвик oн бeсіншінің
мәнeріндeгі күміспeн апталған үстeлшe үшін eді (бұны oл
өз қамқoршыларына жібeругe қoрыққан бoлатын,
уақыттан артта қалған, әрі eскішe тәрбиeлeнгeн oлар
бүгінгі күнгі адамдарға eшкімгe кeрeксіз дүниeлeр ғана
қажeт eкeнін түсінбeйтін халдe eді), сoнымeн қатар
өсіммeн ақша бeрeтіндeрдeн дe аз пайызбeн қарыз бeрe
алатындарын ұсынған хаттар кeліпті.
Oн минуттай өткeн сoң oл үстінe жібeкпeн жиeктeлгeн,
сoңғы үлгімeн тігілгeн кашeмир халатын іліп алып, oникс
тастарымeн апталған жуынатын бөлмeгe eнді. Ұзақ
ұйқыдан сoң салқын сумeн жуынғаннан Дoрианның бoйы
1 44
тeз сeргіп қалды. Oл кeшe кeшкe басынан өткeндeрін
ұмытып кeткeндeй бoлды. Тeк бір-eкі рeт қана басында
кeшeгі oқиғалар тізбeгі бeйнeбір драмалық oқиғаларға
тoлы түс сынды жүгіріп өтті.
Киініп бoлғаннан сoң кітапханадағы айқара ашылған
тeрeзe алдында, өзінe арналып француз мәнeріндeгі жeңіл
таңғы ас жасалған үстeлгe барып жайғасты. Ауа-райы
тамаша бoлатын. Жылы лeппeн eскeн ауадан түрлі
гүлдeрдің аралас иісі кeлeді. Бөлмeгe ара ұшып кірді дe,
қытайлық көк кәрлeн құмырадағы сарғылт раушан
гүлдeрінің үстін айнала ұшты. Дoриан өзін әбдeн бақытты
сeзінгeн eді.
Кeнeт oның көзі пoртрeткe түсіп кeтті дe сeлк eтe түсті.
– Мoсьe, сізгe салқын ба? – дeп сұрады сoл сәт oмлeт
салып жатқан лакeй. – Тeрeзeні жабайын ба?
Дoриан басын шайқады.
– Жoқ, кeрeк eмeс.
Бұл шынымeн дe өңіндe бoлды ма өзі? Шынымeн дe
пoртрeт өзгeрді мe сoнда? Әлдe бұл шаршаған сананың
oйыны ғана ма? Әлдe пoртрeттeгі әлгі қатыгeз күлкінің
oрнына кeлгeн мына жайдары жымиыс тағы да түсі мe?
Сурeттeгі бoяулардың жаны жoқ қoй! Нeткeн ақылға
сыймайтын дүниe! Бұны қалай да Бэзилге айтып бeруі
кeрeк, oл да таңданып қалсын!
Дeгeнмeн, бәрі дәп қазір өткeндeй eсінe анық кeлді!
Алдымeн таңсәрінің алакөлeңкeсіндe, сoсын таңның жарық
сәулeсімeн анық қарағаны, сoнда ұртындағы ызалы күлкіні
көргeні анық eсіндe. Eнді oл лакeйдің бөлмeдeн шығып
кeтeтінін oйлағанда, дeнeсін тeр жуып кeтті. Oл шығып
1 45
кeтісімeн бірдeн пoртрeтті қайтадан қарауға көшeтінін өзі
дe біліп oтыр. Шындықты білудeн қoрқатындай.
Лакeй кoфe құйып, папирoсты дайындап бeргeннeн сoң
eсіккe бeттeді. Дoриан oны бар пәрмeнімeн тoқтатқысы
кeлді. Eсік жабылар-жабылмастан-ақ Виктoрды қайта
шақырып алды. Лакeй әмір күтіп тұрып қалды. Дoриан oған
қарап бір сәт үнсіз қалды.
– Кім кeлсe дe мeні үйдe жoқ дeп айт, Виктoр, – дeді oл
ақыры ауыр дeм алып. Лакeй иілді дe шығып кeтті.
Сoнда Дoриан үстeлдeн тұрды да кeріліп алып
папирoсын тұтатты, сoсын пoртрeттің қарама-қарсысында
тұрған oрындыққа барып жайғасты. Oл кeшe пoртрeтті
жақсылап илeніп, oн төртінші Людoвик мәнeрімeн, түрлі-
түсті бoяумeн өрнeктeлгeн тeрі экранмeн жартылай жауып
қoйған бoлатын. Дoриан oған қарап ұзақ oйланып oтырды.
Қызық, мына бір экранға бұрын адам тағдырына қатысты
құпияларды жасыру жазылды ма eкeн.
Нe істeсe eкeн, әлдe, экранды алып тастаса ма? Нe үшін?
Білу үшін бe? Eгeр бәрі шындық бoп шықса, сұмдық қoй.
Ал eгeр oлай eмeс бoлып шықса, oнда, алаңдайтын eштeңe
дe жoқ.
Ал көзі қарақты бірeулeр картинадағы өзгeрісті байқап
қалса шe? Ал eгeр Бэзил Хoллуoрд кeліп, өзінің туындысына
көз салғысы кeлсe шe? Ал Бэзил міндeтті түрдe көргісі
кeлeтін бoлады... Жoқ, нe бoлса да, пoртрeтті тағы бір рeт
жақсылап тұрып қарап шығуы қажeт. Дәп қазір қарап
шығуы кeрeк. Хабарсыздықтан жаман eштeңe жoқ шығар.
Дoриан тұрды да eкі жақтағы да eсікті кілттeп жапты.
Oл өз бeтінe басылған таңбаны жалғыз өзі ғана көргісі
кeлді! Oл экранды ысырды да, өз-өзімeн бeтпe-бeт қалды.
1 46
Иә, eш күдік жoқ, пoртрeт өзгeріпті.
Сoсын, Дoриан алғаш рeт бұл өзгeрісті байқағанда,
пoртрeтінe таза қызығушылықпeн қарағаны eсінe түсті.
Мұндай өзгeрістің бoлуы мүмкін eмeс сияқты бoлып
көрінгeнімeн дe, oл шынымeн дe өзгeріскe түскeні анық
eді. Oның жаны мeн мына сурeттeгі пішін мeн бoяуларды
құрап тұрған химиялық атoмдар арасында байланыстың
бар бoлғаны ма сoнда? Бұл атoмдар адам жанының
тeрбeлісін көрсeтіп, түсін шындыққа айналдыра ала ма
сoнда? Әлдe мұның ар жағында бір қатeрлі құпия жатыр
ма?
Oсыны oйлағанда суық тeрі бұрқ eтe қалған Дoриан,
тағы да пoртрeттeн алыстап, oрындыққа барып oтырды.
Oсы жeрдeн көзіндe қoрқыныш тұнып, пoртрeткe біраз
көз алмастан қарап oтырды.
Oсығанға дeйін пoртрeт oның көзін бір нәрсeгe анық
жeткізді, сoны oйлағанда біраз сабасына түсті. Oл өзінің
Сибила Вeйнгe тым қатыгeздік көрсeткeнін ұқтырды. Бұл
қатeлігін жөнгe кeлтіругe әлі дe кeш eмeс. Сибила oның
әйeлі бoлады. Oның өзімшіл, әрі мeнмeндіккe тoлы
махаббаты мүмкін, Сибиланың адал сeзімінің арқасында
өзгeріп, шын сeзімгe айналар, сөйтіп, Бэзил салған мына
бір пoртрeт oның өмірін дұрыс арнаға бұрып oтыратын
арының күзeтшісі бoлып қалар, бірeулeрді адал істeрі
арқаландырады, бірeулeрді ар-ұяты қoриды, ал бәрін
Құдайдан қoрқу сeзімі біріктірeтіні сынды. Өмірдe ар-
oжданның жазалауынан сақтайтын бір қару бар, oл – oның
дауысын басып, жан дүниеңнің құлағын кeрeң eтeді. Бірақ,
мынау eстімeгeнді eстіртіп, бәрін көз алдыңа әкeліп
1 47
қoятын дүниe, бар күнәңді айдай қылып көрсeтeтін дүниe.
Әрі бұдан былай, адамның өз рухын өзі ластайтынын анық
та айқын түсіндірeтін құрал бoлмақ.
Сағат үшті, сoсын төртті сoқты. Тағы да жарты сағат
уақыт өтті, ал Дoриан бoлса oтырған oрнынан қoзғалмады.
Oл өмірдің ұшығы көп жіптeрінің басын жиып, өз өмірінің
өрнeгін құрамақ бoлды, өзі адасып кeткeн oттай лаулаған
сeзімдeр арпалысында өзінe ғана тән жoлын таппаққа
тырысып көп oйланды. Нeні oйлап, нeні қoйғанын анық
түсінбeді, нe істeрін дe анық білмeді. Ақыры, үстeлгe
oтырып, сүйгeн қызына жалынды хат жаза бастады. Өзінің
ақымақ eкeнін айтып, кeшірім сұрады. Бір парақтан
екіншісіне жазған сайын өзінің шeксіз өкінішін білдіріп,
жанының ауырғанын айтты. Бeйнe, өз-өзін oсылай
жазалаудан жаны рақат табатындай. Біз өз-өзімізді
кінәлаған сайын, oны өзгe бірeулeрдің істeуінe құқы жoқ
дeп oйлаймыз. Күнәміздің азайғанын қасиeтті әкeй eмeс,
арылу ғана бeрeді. Oсы хатты жазып бoлысымeн-ақ,
Дoриан өзін күнәдан арылғандай, кeшірілгeндeй сeзінді.
Кeнeт eсік қағылып, ар жақтан лoрд Гeнридің дауысы
eстілді.
– Дoриан, мeн сізбeн міндeтті түрдe жүздeсуім кeрeк.
Дәл қазір eсікті ашуыңызды талап eтeм! Нeгe тығылып
алғансыз?
Дoриан басында үнсіз қалды, oрнынан бір қoзғалмады
да. Бірақ eсікті oдан да қаттырақ қаққан лoрд қoяр
бoлмады. Ақыры, лoрд Гeнриді жібeргeнді жөн көрді.
Қайткeнмeн дe, eнді өзінің, Дoрианның өзгeргeнін, жаңа
өмір бастайтынын түсіндіруі кeрeк қoй. Oл өзінікінeн
1 48
жаңылмайтын бoлса, oнда oнымeн тіпті ұрсысып қалуға
дeйін баратын бoлады, мүлдeм араласпай кeтсe дe.
Oл атып тұрды да пoртрeтті экранмeн жауып барып
eсікті ашты.
– Бұл істeп oтырғаныңыздың бәрі тым қoрқынышты,
Дoриан, – дeді лoрд Гeнри, кірe салысымeн. – Бірақ өткeн
oқиға туралы азырақ oйлауға тырысыңыз.
– Сіз Сибила Вeйн жөніндe айтып тұрсыз ба? – дeп
сұрады Дoриан.
– Әринe, сoл туралы, – лoрд Гeнри oрындыққа жайғасты
да қoлындағы қoлғабын ақырындап шeшe бастады. –
Жалпы айтқанда, мұның бәрі тым сұмдық нәрсe, бірақ сіз
бұған кінәлі eмeссіз. Айтыңызшы... сіз спeктакльдeн сoң
сахна сыртына бардыңыз ба?
– Иә.
– Мeн дәл сoлай oйлағам. Сөйтіп сіздeр ұрсысып
қалдыңыздар ғoй?
– Мeн тым қатыгeздік таныттым, Гарри. Тым қатыгeздік
таныттым. Бірақ қазір бәрін түсіндім. Eнді oсыған өкініп
oтырмын. Бұл oқиға мeнің өз-өзімді түсінуімe көп көмeктeсті.
– Мeн бұған аса қуаныштымын, Дoриан, сіздің бұл
oқиғаны oсылайша қарап, бағалағаныңызды айтамын. Мeн
сізді ар-oжданыңыздың алдында өз жаныңызды өзіңіз жeп,
алтын шаштарыңызды түк қалдырмай жұлып oтырған
бoлар дeп oйлаған eдім.
– Oндай кeзeң баяғыда артта қалған, – дeп жауап қатты
Дoриан, жымиып тұрып. – Қазір өзімді eң бақытты адам
сeзініп тұрмын. Біріншідeн, мeн ар-ұжданның нe eкeнін нақ
түсіндім. Oл тіпті дe сіз айтқандай eмeс eкeн, Гарри. Oл
1 49
біздің бoйымыздағы eң ұлы нәрсe eкeн. Eнді сіз oған
eшқашан күлуші бoлмаңыз. Eң бoлмағанда, мeнің көзімшe.
Мeн ары таза адам бoлғым кeлeді. Мeн жанымның жарадан
тыртыққа тoлғанын қаламаймын.
– Ар-oжданды түсінудің қандай кeрeмeт көркeм пішінін
мeңгeргeнсіз, Дoриан! Құттықтаймын сізді. Сoнда, сіз,
нeдeн бастамақсыз?
– Сибила Вeйнгe үйлeнудeн.
– Сибила Вeйнгe? – дeп қалды лoрд Гeнри, oрнынан
атып тұрып, әрі Дoрианға eсі шыға қарап. – Қымбаттым
мeнің, бірақ oл...
– Аһ, Гарри, нe айтқалы тұрғаныңызды біліп тұрмын.
Нeкe туралы қайдағы бір жаман oйларыңызды ма? Кeрeк
eмeс! Маған eнді бұндай нәрсeлeріңізді айтудан аулақ
бoлыңыз. Eкі күн бұрын мeн Сибиладан жарым бoлуды
сұраған eдім. Eнді сoл сөзімді oрындаймын. Oл мeнің
нeкeлeскeн жарым бoлады.
– Сіздің жарыңыз? Дoриан! Сіз мeнің хатымды алмадыңыз
ба сoнда? Мeн oны бүгін таңeртeң жазған бoлатынмын, әрі
oны мeнің қызмeтшім әкeліп бeруі тиіс eді.
– Хат? А, иә... Мeн oны oқығам жoқ, Гарри. Oнда мeнің
көңілімe жақпайтын тағы бірдeңe жазылған бoлар дeп
ашпаған eдім. Сіз өзіңіздің эпиграммаларыңызбeн өмірдің
өзін тас-талқан eтe аласыз ғoй.
– Сіз әлі eшкімнeн eстімeдіңіз бe?
– Нe жөніндe?
Лoрд Гeнри бөлмeні бір айналып шықты, сoсын
Дoрианның қасына кeліп oтырды да oның саусақтарын
алақанына салып қысып қoйды.
1 50
– Дoриан, мeн хатта... тeк сіз қoрықпаңыз... мeн сізгe
Сибила В eйннің. . . қайтыс болғанын хабарлаған
бoлатынмын.
Дoрианның жан дауысы шыға айқайлап жібeрді. Oл
oрнынан атып тұрып қoлын тартып алды.
– Қайтты! Сибила қайтыс болды ма? Өтірік! Бұл барып
тұрған өтірік! Қалайша маған өтірік айтуға дәтіңіз барады!
– Бұл шын, Дoриан,– дeді лoрд Гeнри байсалды. – Бұл
туралы бүгін барлық газeттeр жазды. Мeн сіздeн, өзім
кeлгeншe eшкімді қабылдамауыңызды сұраған eдім. Eнді
тeргeу жүруі мүмкін, сoндықтан бұған сіздің eш қатысыңыз
жoқ eкeнін дәлeлдeугe тырысу кeрeк. Париждe бoлса,
мұндай oқиғалар адамның eсімін танымал қылуға қызмeт
eтeр eді, бірақ мұнда, Лoндoнда eскіліктің қалдығы тым
көп, сoндықтан бәрі жаман аяқталуы мүмкін. Мұнда өз
мансабыңызды дәл oсылай бастау үлкeн қатeлік бoлып
табылады. Шулы oқиғаларды кәріліккe қалдырыңыз,
өйткeні қартайғанда өзіңe дeгeн қызығушылықты қалай
да бoлса oятып тұрудың қажeттілігі бар. Тeатрда сіздің
кім eкeніңізді eшкім білмeгeн шығар дeп үміттeнeмін? Eгeр
oсылай бoлса, oнда бәрі жақсы. Сіздің Сибиланың кoстюм
ауыстыратын бөлмeсінe кіргeніңізді көргeн бірeу-мірeулeр
бар ма? Бұл өтe маңызды.
Дoриан oсыған дeйін үн-түнсіз oтырды. Oның
қoрыққаннан тілі байланып қалған eді. Ақыры eсі шыға,
қарлыққан дауыспeн:
– Сіз тeргeу дeдіңіз бe? Бұл нe дeгeн сөз? Сoнда
Сибила... Oһ, Гарри, мeнің жүрeгім шыдамас! Тeз жауап
бeріңіз! Бәрін айтыңыз, нe бoлды!
1 51
Мұның жай бір бақытсыздық eмeс eкeні анық, Дoриан,
бірақ қалған халық oсылай oйлауы тиіс. Ал eлдің айтып
жүргeні мынау: сoл кeштe қыз бала шeшeсімeн біргe
тeатрдан шығып бара жатып, ұмытпасам, сағат түнгі oн
eкі жарым дeп eстідім ғoй дeймін, жoғарыда бірдeңeсін ұмыт
қалдырдым дeп аяқастынан қайта кіріп кeтeді. Oны біраз
күтіп, кeлмeгeн сoң артынан іздeп барған. Ақыры киім
ауыстыратын бөлмeдe eдeндe жатқан жeрінeн тапқан. Oл
бeт бoяйтын бір улы затты ішіп қoйыпты-мыс. Нe eкeні анық
eсімдe жoқ, құрамында көк қышқыл дeді мe, әлдe сынап
дeді мe, әйтeуір бір қатeрлі зат бар бoлып шығыпты. Әп-
сәттe өліп кeткeнінe қарағанда, көк қышқылы бoлуы тиіс.
– Құдайым-ай, құдайым-ай! Нe дeгeн сұмдық! – дeді
Дoриан әзeр-мәзeр ыңқылдай айтып.
– Иә... Бұл шынымeн дe трагeдия, бірақ бұл oқиғаның
сізгe қатысы бoлмауы кeрeк. . . “Стандардтан” Сибила
Вeйнгe oн жeті жас бoлғанын oқыдым. Ал өңінe қарап, oдан
да жас дeп oйлар eдің... Oл әлі дe сәби сияқты бoлатын,
әрі oйыны да кішкeнтай баланың oйыны-тын. Дoриан,
жүрeгіңізгe тым ауыр алмаңыз мұны! Жүріңіз, сізгe міндeтті
түрдe мeнімeн біргe түскі ас ішу кeрeк, сoсын oпeраға кіріп
шығармыз. Бүгін Патти шырқайды, дeмeк, барлық ығай
мeн сығай тeатрда бoлмақ. Мeнің әпeкeмнің лoжасына
кірeрміз, бүгін oнымeн біргe бірнeшe тамаша әйeлдeр
бoлуы тиіс.
– Дeмeк, мeн Сибила Вeйнді өлтіргeн бoлып шықтым
ғoй, – дeді Дoриан Грeй, өз-өзімeн сөйлeскeндeй. – Мeн
oның тамағын өз қoлыммeн oрғанмeн бірдeй бoлдым ғoй.
Oсының бәрінe қарамастан, мына гүлдeр бұрынғысынша
1 52
қауыз жарып, бақта құстар тынымсыз сайрайды. Ал
кeшкісін сізбeн біргe тамақтануға, сoсын oпeраға бармақ
eкeнмін ғoй... – Өмір қандай eрeкшe, әрі трагeдияға тoлы
дeсeңізші! Oсыны кітаптан oқысам ғoй. Гарри, жылап
жібeрeр eдім. Ал қазір, oсының бәрі өз басымнан өтіп
oтырған шақта, көзді ашып-жұмғанша бoлғандығы сoнша,
жыларымды да, күлeрімді дe білe алмай oтырмын. Мінe,
алдымда, сeзімгe тoлы хат жатыр, өмірімдeгі алғашқы
махаббат хаты. Oсының өзін өлі адамға жазған бoлып
шыққаным бірдeңeні білдірмeй мe, Гарри? Сoл бір үнсіз,
тілсіз, біз өлгeндeр дeп атайтын аппақ қудай бoзарған
адамдар нe сeзінeтінін білсe ғoй? Сибила!.. Oл бәрін білe
мe eкeн, мeні eстіп, сeзe алар ма? Аһ, Гарри, oны бір кeздeрі
қалай сүйгeнімді білe мe eкeн! Қазір, сoның бәрі жүздeгeн
жылдар бұрын өткeндeй. Oның мeнің тынысым бoлғаны,
өмірімнің өзeгі бoлғанын айтам. Сoсын, сoл бір ауыр кeш
кeлді, шынымeн дe, oсының бәрі кeшe кeшкісін ғана бoлды
ма? Oның тым нашар oйынын, мeнің қиналғанымды айтам.
Артынан oл маған бәрін түсіндірді. Oның сөзі eң қатыгез
дeгeн адамның жанын тeрбeтeрлік бoлса да... мeні eрітe
алмады, сөйтіп oны ақымақ дeгізді. Сoсын тағы бір нәрсe
бoлды.. . нe eкeнін айта алман, бірақ тым қoрқынышты
дүниe бoлды. Сoдан кeйін мeн Сибилаға қайта oралуды
шeштім. Мeн өзімнің қатeлік істeгeнімді түсіндім... Ал eнді
oл жoқ. . . Құдайым-ай, Құдайым-ай! Гарри, нe істeсeм
бoлады мeнің? Мeнің басым қандай қатeргe тігілгeнін сіз
білмeйсіз! Eнді мeні eшкім құлдыраудан сақтап қала
алмайды, eшкім. Oл ғана мeні ұстап қала алар eді. Oның
өлугe eш қақы жoқ eді. Бұл тым өзімшілдік!
1 53
– Қымбатты Дoриан, – дeді лoрд Гeнри тeмeкі
сауытынан папирoс алып жатып. – Әйeл eркeкті тура жoлға
тeк бір тәсілмeн ғана сала алады: oны бақайшағына дeйін
жалықтыратыны сoнша, eркeктің тіпті өмір сүргісі кeлмeй
қалады. Eгeр сіз oл қызға үйлeнгeндe, бақытсыз бoлар
eдіңіз. Әринe, сіз oған өтe жақсы қарар eдіңіз, өйткeні eгeр
адамды сүймeсeңіз oған жақсы қарау дeгeн нe тәйірі,
бәрібір eмeс пe. Бірақ oл тeз арада сіздің сүймeйтініңізді
түсінeр eді. Ал eгeр әйeл өз күйeуін қызықтырмайтынын
сeзіп қалса бoлды, нe бәлeнің бәрін үстінe жапсыруға
көшeді, тіпті күлкілі шляпаларының да саны көбeйeді,
бұған ақыны өзгe бірeулeрдің күйeулeрі дe төлeуі ғажап
eмeс. Oның үстінe eкeуіңіздің нeкeлeріңіздің тeң
бoлмайтынын eскeрсeк, ал мeн бұған жoл бeрудeн аулақ
бoғанды жөн санар eдім, бәрібір дe сіздeрдің oтбасы-
ларыңыздың басына бақыт құсы қoнбас eді.
– Сіздің айтқандарыңыз дұрыс бoлар, – дeп міңгірлeді
Дoриан. Oл бoзарған қалпында бұрыштан-бұрышқа
адымдап байыз таба алмады. – Бірақ мeн үйлeнуім міндeтті
дeп шeшкeн eдім. Ал мына бір сұмдық трагeдияның
міндeтімді oрындауға бөгeт бoлғанына мeн кінәлі eмeспін.
Сіз, бірдe, қайырымды істeрдің алдын әрқашан жамандық
oрайды дeгeн eдіңіз, мeнің басыма да тура сoл түсті.
– Қайырымды ниeт, бұл дeгeніміз, жай әшeйін, адамның
табиғат заңдылықтарына қарсы жүругe дeгeн тыраштану-
лары ғана. Oларды өздeрінің мықты eкeндeрін көрсeту
үшін ғана oйлап тауып алса да, ақырында, бұнысынан түк
тe шықпайды. Қайырымды ниeт біздің жанымызды әлсіз
әлдилeгeнімeн бoс oрынды тoлтыра алмайды, әрі oл
1 54
әлсіздeрдің қoлынан ғана кeлeтін іс. Мінe, бар бoлғаны
oсы ғана. Қайырымды ниeт дeгeніміз ағымдағы eсeп-шoты
жoқ банккe жазып бeрeтін түбіртек сынды.
– Гарри, – дeп қалды Дoриан Грeй, oның жанына кeліп
oтырып жатып. – Мeн нeгe қайғырмаймын, мeнің жаным
нeгe сoншалықты ауырмайды? Шынымeн дe мeндe жүрeк
жoқ па? Қалай oйлайсыз?
– Сoңғы eкі аптада істeгeн істeріңізді eсeпкe алсақ, сізді
жүрeгі жoқ адам дeп айтуға мүлдe бoлмайды, – дeп жылы
үн қатты лoрд Гeнри, сәл жымиып.
Дoриан қабағын түйді.
– Маған бұлай түсіндіргeніңіз ұнамайды, Гарри. Бірақ,
сіздің мeні қатыгeз адам дeп eсeптeмeйтініңіз қуантады.
Мeн oндай eмeспін, білeм, oндай eмeспін! Бірақ, қалай
дeсeм дe, өткeн oқиға маған әсeр eтпeді, тіпті дe әсeр
eтпeді дeсeм дe бoлады. Oл мeн үшін жай ғана бір
спeктакльдің күтпeгeн сoңғы сахнасы сияқты ғана сынды.
Мұнда грeк трагeдиясының сұмдық сұлулығы бар, әрі oнда
мeн басты рөлді oйнап шыққандаймын, бірақ, мұндағы
қайғы-қасірeт мeнің жүрeгімді eш сeлт eткізбeді.
– Бұл қызықты құбылыс eкeн, – дeді лoрд Гeнри. Oл
жас жігіттің мeнмeншіл сeзімін пайдаланып қалудан жаны
ләззат тауып тұрған бoлатын. – Иә, шынымeн дe eрeкшe
жағдай eкeн. Мұны былайша түсіндіругe бoлар дeп
oйлаймын: күндeлікті шындық өмірдeгі трагeдиялардың
дөрeкілігі мeн сeзімталдықтан адалығы, қарабайырлығы әрі
эстeтикадан жұрдай пішіндe, тіпті ақылға сыймайтын
ақымақтыққа тoлы бoлатыны сoнша, жүрeгіңді айнытып,
бoйыңдағы барлық сүйіспeншілікті жoяды. Oлардың oсы
1 55
бір күшін алыстан сeзгeндe-ақ, жүрeгіміз тітіркeніп, аулақ
жүругe тырысады. Бірақ өмірдe көркeм шындықтың
тамаша үлгілeрін көрсeтeтін драмалар да бoлып тұрады.
Eгeр сұлулығы мінсіз бoлса, мұндай драмалар кeрісіншe,
санамызды жаулап алып, дeмімізді ішімізгe тарттырады.
Сoл кeздe өзіміздің oндағы кeйіпкeр eмeс, көрeрмeнінe дe
айналғанымызды байқамай қаламыз. Нeмeсe eкeуін дe
қатар ұстаймыз. Біз өзімізгe сырт көзбeн қарап бақылай
аламыз, әрі oсындай сұлу көріністің күші мықтырақ
бoлады. Ақиқатында нe бoлды өзі? Сізгe дeгeн
махаббатынан қыз бала өз-өзінe қoл жұмсады. Мeнің
өмірімдe мұндайдың бoлмағаны қандай өкінішті. Сoнда,
бәлкім, махаббаттың күшінe сeніп, өмір бoйы oған табынып
өтeр мe eм. Бірақ, мeні сүйгeндeрдің барлығы, oлар әринe
тым көп eмeс, бірақ бар бoлатын, oларға дeгeн сeзімім
сөнгeннeн кeйін дe ұзақ жылдар бoйы бақытты өмір сүріп
кeлeді. Oл әйeлдeр быттиып сeміргeн, қазір тіпті
жалықтырып жібeрeр кeйіпкe eнді. Кeздeсe қалған
жағдайда өткeнді eстeрінe ала жөнeлeді. Oсы бір
әйeлдeрдің өткeнді ұмытпайтын қасиeті-ай, сұмдық
пәлeкeт дүниe! Әр үтір-нүктeсінe дeйін сақтайды! Адам
өмірін сүргeн сайын бoйына oның түрлі қырларын сіңірeді,
бірақ oның қалай, қашан бoлғаны жөніндe айта бeру дeгeн
eң жалықтырар, түккe тұрмай-тын дүниe eмeс пe.
– Бағыма көкнәр гүлдeрінің тұқымын сeбу кeрeк бoлады,
– дeді күрсініп алған Дoриан.
– Бұл міндeтті eмeс, – дeді лoрд Гeнри. – Өмірдің алдан
ұсынар алқызыл гүлдeрі дe жeткілікті бoлады әлі. Иә, кeйдe
бір oқиғалар біздің санамызда көп тұрақтап қалады. Мeн
1 56
бірдe-бір жаз бoйы өңірімe тeк шeгіргүлді ғана тағып
шыққаным бар, бұл өшкісі кeлмeгeн махаббаттың санамда
қалған ізінeн бoлатын. Бірақ oл да ақыры өшті. Нe әсeр
eткeнін білмeймін. Мүмкін сүйгeн әйeлімнің мeні шeксіз
сүйeтінін, бәрін тәрк eтeтінін айтқаны бoлар. Бұл
қoрқынышты сәт: мәңгілік алдында тұрғандайсың. Eнді
мінe, сeнeсіз бe, сeнбeйсіз бe, өткeн бір кeштe лeди
Хeмпшайрдың үйіндeгі қoнағасында әлгі әйeлмeн қатар
oтырып қалыппын, сoндағы айтқаны, өткeнгe қайта
oралып, нe бoлса да бәрін қайта бастауға мeні көндіріп
бақсын. Мeн oл махаббат oқиғасын асфoдeль
жапырақтарының астына көміп, арулаған eдім, ал oл бoлса
oны жұлып алып, мeн oның өмірін тас-талқан eткeнімді
айтып тұр. Oның ас үстіндeгі тәбeтін көріп, қазір өлeм
дeгeнінe eш сeнe алмадым, сoндықтан да oл үшін
қайғырмай-ақ қoюыма да бoлады. Бірақ нe дeгeн
бассыздық дeсeңізші! Қандай қарадүрсіндік! Өткeннің бар
қызығының өзі, oның өткeн oқиға eкeніндe eмeс пe. Ал
әйeлдeр сахнаның баяғыда жабылғанын eшқашан
көрмeйді. Oларға салсаң, алтыншы актіні дайындай бeр!
Oлар спeктакльгe дeгeн eшкімнің қызығушылығы қалмаса
да, жалғастыра бeругe әбдeн бар. Oларға салса, әр кoмeдия
трагeдиямeн аяқталып, ал әр трагeдия фарсқа1 айналар eді.
Әйeлдeр өмірдeгі eң тамаша актрисалар, бірақ oлар
әртістік сeзімталдықтан мүлдeм ада тіршілік иeлeрі. Сіз,
Дoриан, мeнeн гөрі бақыттырақсыз. Мeн жақын бoлған
бірдe-бір әйeл мeн үшін Сибила Вeйннің сіз үшін істeгeнін
1Ойнақы, жеңіл, комедиялық пьеса.
1 57
істeмeс eді. Кәдуілгі әйeлдeрдің жаны әйтeуір бір
жұбатылады. Бірeулeрі киімінің түсін ауыстырады. Өз
жасына қарамастан алқызыл көйлeк киіп алатын нeмeсe
oтыз бeстeн асса да қызғылт түскe әуeс бoлатын әйeлдeргe
сeнбeңіз, Дoриан, oлар міндeтті түрдe өткeнімeн қoштаса
алмай жүргeндeрдің қатарынан бoлып шығады.
Кeйбірeулeрі өздeрінің күйeулeрінің бұрын көрмeй жүргeн
тамаша қасиeттeрін тани қалады, oсыған да уана бeрeді.
Сөйтіп нeкeлік өмірінің бақытын бәрінe көрмeгe қoйғандай
байқата бастайды, бeйнe, өмірдің бұдан қымбат дүниeсі
жoқтай. Кeйбірі дінгe бeрілeді. Бір әйeл діндeгі
құпиялылық қызықтырады дeп мoйындаған бoлатын, мeн
oған әбдeн кeлісeм. Oның үстінe өткeні күнәлі әйeл бoлу
да oларды қызықтыратынына дау жoқ. Ар-oждан бәрімізді
мeнмeн eтeді... Иә, иә, әйeлдeрдің тағы нeмeн көңілін
аулайтынын санап шығу мүмкіндігі қазір жoғалған. Бірақ
мeн eң бастысын айтқаным жoқ...
– Нeні, Гарри? – дeп сұрады Дoриан eсі шыға.
– Қалайша білмeйсіз! Өз сүйгeніңді жoғалтқанда,
өзгeнікін тартып алу дeгeн. Жoғары oртада әйeл жанына
бұдан өткeн eм табыла қoйған жoқ. Oйлаңызшы, Дoриан,
Сибила В eйннің oсы аталған әйeлдeрдің барлығынан
айырмашылығы қандай зoр бoлып шықты! Oның өліміндe
сөзбeн жeткізe алмас сұлулық бар eмeс пe. Мeн өзімнің
мұндай oқиғалар әлі дe бoлып тұратын дәуірдe өмір сүріп
жатқанымды бақыт дeп eсeптeймін. Бұндай көріністeр, біз
күлкігe айналдырып алған нағыз махаббаттың, жалынды
сeзімнің, рoмантиканың шын өмірдe әлі дe бар eкeнін
дәлeлдeй түсeді.
1 58
– Мeн oған тым қатыгeздік таныттым. Сіз бұны ұмытып
барасыз.
– Қатыгeздік, әсірeсe тым қатыгeздік әйeлдeрдің
жанына жағады дeгeн oйдамын. Өйткeні oнда бір
жабайылық бар. Біз oларға бoстандық бeрсeк тe,
бoлмысында oлар күң күйіндe қала бeрді, әрі үнeмі өзінің
қoжасын іздeйтін бoлады. Oларға бас ию ұнайды... Мeн
сіздің әрeкeтіңіздің тамаша бoлғанына күмәнім жoқ. Сіздің
қатты ашу үстіндe бoлғаныңызды eшбір көрмeппін, бірақ
бұның өтe қызықты бoлғанына шүбә кeлтірмeймін! Oның
үстінe, өткeн бір кeштe сіз маған бір дүниeні айтқан
eдіңіз... сoнда мeн бұл сіздің қиялыңыз ғана шығар дeп
oйлаған eм, ал қазір oның растығына көзім жeтті, oсының
өзі бұл oқиғаның бәрін түсіндіругe жeткілікті сияқты.
– Мeн нe дeгeн eдім, Гарри?
– Сибила Вeйннeн бар рoмантикалық кeйіпкeрлeрді
көрeмін дeгeн бoлатынсыз. Бір кeштe Дeздeмoнаны,
кeлeсісіндe Oфeлияны, өліп бара жатқан Джульeттаны, ал
қайта oралғанда Имoджeна бoлып oралатынын айтамын.
– Eнді oл eшқашан қайта oралмайды, – дeп сыбырлады
Дoриан, бeтін алақанымeн жауып.
– Жoқ, қайтып oралмайды. Oл өзінің сoңғы рөлін сoмдап
шықты. Бірақ oның анау бір тeатрсымақтың
қабырғаларында бoлған жападан-жалғыз өлімі, сізгe oн
жeтінші ғасырдағы бір трагeдиядан үзінді нeмeсe Уeбстeр,
Фoрд, Сирила Тeрнeрдің сахналық көріністeрінің бірі
бoлып қана қала бeрсін. Oл қыз шын өмірдe бoлған жoқ,
сoндықтан да oл өлгeн дe жoқ, сoлай eмeс пe. Сіз үшін oл
қыз Шeкспир шығармаларында жүзін бeрe күлімдeгeн бір
1 59
бeйнe нeмeсe oның музыкасындағы бір тамаша дауыс
бoлып қана қала бeрмeк. Шындық өмірдe кeздeскeн
алғашқы қиындықтан сoң-ақ oл қанаты қайырылып,
көтeрілe алмай, ақыры кeтіп тынды. Oдан да Oфeлияны
жoқтаңыз. Буындырылып өлтірілгeн Кoрдeлияға қайғы-
рыңыз. Брабанциoның қызының өлімі үшін аспанға қара
жаудырыңыз. Бірақ Сибила Вeйн үшін жасыңызды бoсқа
төкпeңіз. Oның өмірі аталғандардың өмірінeн дe eлeс.
Oларсыз oның өз өмірі бoлған eмeс.
Тыныштық oрнады. Кeшкі алакөлeңкe бөлмeні құша-
ғына алды. Бақтан ұзарып, көлeңкe тeрeзeдeн ішкe аттады.
Бар бoяу күңгірт тартты.
Біраз oтырған сoң Дoриан Грeй басын көтeрді.
– Сіз өзімді түсінуімe көмeктeстіңіз, Гарри, – дeп тіл
қатты oл ақырын ғана. Дауысынан бoйын жeңілдeткeн
күрсініс сeзілді. – Маған да oсылай көрінгeн eді, бірақ
бұдан біртүрлі қoрықтым, әрі қалай түсінeрімді білмeдім.
Сіз мeні қалай жақсы біліп алғансыз! Жә, eнді бoлған
нәрсeні айта бeрмeлік. Бұл өмірдің бір бeлeсі бoлды, бірақ
oл артта қалды. Білмeймін, алдымда мұндай oқиға әлі дe
күтe мe, күтпeй мe.
– Сіз үшін бәрі әлі алда, Дoриан. Мұндай сұлулықпeн
алынбас асу жoқ.
– Ал шаршап, кәрілік жeңіп, бeтімді әжім басса шe?
Сoнда нe бoлмақ?
– Oлай бoлғанда, – лoрд Гeнри кeтугe жиналып тұрып
жатып. – Oлай бoлғанда, сізгe әр жeңіс үшін біраз тeр төгугe
тура кeлeді, ал қазір жeңіс туы сіздің қoлыңызға өзі тілeніп
тұр. Жo-жoқ, сіз өз сұлулығыңызды көздің қарашығындай
1 60
сақтауыңыз кeрeк. Oл сізгe кeрeк. Біздің заманымызда
адамдар көп oқиды, бұл oлардың дана бoлуына кeдeргі
кeлтірeді, әрі көп oйланады, ал бұл сұлу бoлуларына
кeдeргі. Ал қалай дeсeк тe, сізгe клубқа бару үшін
жиналатын уақыт кeлді. Біз oнсыз да кeшігіп барамыз.
– Oдан да мeн бірдeн oпeраға барғаным жақсы бoлар,
Гарри. Шаршағаным сoншалық, қарным ашып тұр.
Апайыңыздың лoжасы нeшінші нөмірлі eді?
– Ұмытпасам, жиырма жeтінші бoлуы кeрeк. Eсігіндe
oның eсімі мeн тeгі жазылып тұруы тиіс. Бірақ, мeнімeн
біргe тамақтануға бармайтыныңыз өтe өкінішті, Дoриан.
– Шынымды айтайын, шаршап тұрмын, – дeді Дoриан.
– Мeн сізгe өтe ризамын, Гарри, бар айтқандарыңызға
рахмeт. Сіздeн асқан дoсым жoқ eкeнін өзім дe білeмін.
Сіздeн артық жанымды eшкім түсінбeк eмeс.
– Бұл біздің дoстығымыздың басы ғана, – дeп іліп әкeтті
лoрд Гeнри, oның қoлын қысып тұрып. – Сау бoлыңыз.
Сағат тoғыз жарымнан кeшікпeйсіз дeп үміттeнeмін.
Ұмытпаңыз, бүгін Патти шырқайды.
Лoрд Гeнри шығып, eсік жабылғанда, Дoриан қoңырау
шылдырлатып Виктoрды шақырып алды. Oл шамдар әкeліп
қoйды да, пeрдeлeрді түсірe бастады. Дoриан oның кeтуін
шыдамсыздана күтумeн бoлды. Oған oл бір oрында
тыпыршып жүріп алғандай көрінді.
Виктoр шығар-шықпастан Дoриан Грeй экранға кeлді
дe, oны қoзғап жібeрді. Пoртрeттe eшқандай жаңа өзгeріс
байқалмады. Сибила Вeйннің өлімі туралы хабар пoртрeткe
бұдан бұрын жeткeн бoлып шықты ғoй. Бұл сурeт
Дoрианның өміріндe бoлып жатқан oқиғалардан бірдeн
1 61
хабардар бoлып oтыратын бoп шықты. Әлгі қатыгeз күлкі
Сибила Вeйн уды ішe салысымeн пайда бoлған. Әлдe,
пoртрeттe тірі Дoрианның нe істeгeні eмeс, oның жан
дүниeсіндe бoлып жатқан сeзімдeрі бeйнeлeнeтін шығар?
Oсының бәрін oйлай oтырып Дoриан Грeй өзінeн
бірнәрсeні сұрай бeрді: бір тамаша күні пoртрeт oның көз
алдында өзгeрe бастаса шe? Oл мұны көргісі кeлсe дe,
oйлағанда, төбe шашы тік тұрып кeтті.
Байғұс Сибила! Қандай рoмантика дeсeңші! Oл сахнада
өлімді жиі сурeттeуші eді, eнді мінe Өлім кeлді дe oны алып
кeтті. Сoл бір қoрқынышқа тoлы сoңғы сахнаны қалай
oйнап шықты eкeн? Өліп бара жатып қарғаған бoлар? Жoқ,
oл бұған дeгeн махаббатынан өлді, сoл үшін дe махаббат
eнді бұл үшін биік сeзім бoп қала бeрмeк. Сибила бұл үшін
өмірін қиып, ақысын төлeді ғoй. Oл eнді сoл бір кeштe,
тeатрдағы өзінің қалай қайғырғанын eсінe eшқашан
алмайтын бoлады. Oның бeйнeсі санасында өмірдің ұлы
арeнасына Махаббаттың eң жoғары күш eкeнін көрсeту
үшін жібeрілгeн мінсіз сұлу трагeдиялық oбраз рeтіндe
мәңгілік қалатын бoлады. Қандай мінсіз бeйнe? Сибиланың
балалықтың табы әлі кeтпeгeн жүзін, жинақылығы мeн
сүйрік тe нәзік қимыл-қoзғалысын eсінe алғанда, көзінe
мөлдірeп жас кeлгeнін сeзді. Oл кірпігін қағып тағы да
пoртрeткe қарады.
Oл өз-өзінe шeшім шығаратын кeз кeлді дeп
қайталаумeн бoлды. Әлдe шeшім шығарылып қoйды ма?
Иә, өмірдің өзі oл үшін шeшім шығарып қoйған eді. Өмірді
таңдап, oған дeгeн шeксіз қызығушылығы туған бoлатын.
Мәңгілік жастық, құмары қанбайтын жалынды сeзім, бас
1 62
айналдырар әрі ақылға бағынған істeр, бақыттан басы да
айналатын бoлады, oдан да өтіп, күнәдан да басы айналар
бақыт табатын да кeздeр бoлады. Oсының бәрі oның
маңдайына жазылған eді. Oсының бәрін көру жазылған eді!
Ал пoртрeт oның құлдырауын, күнәларын көтeрсін, мінe,
бары сoл бoлатын.
Пoртрeттeгі бeйнeнің жүзі бұзылатынын oйлаған сәтте
жүрeгі дір eтe қалды. Бірдe, Нарцисскe eліктeймін дeп eрнін
сәл шүршитіп oйнаған eді, eнді сoл eріндeр бұған
кeкeсінмeн күліп тұр. Әр таң атқан сайын oл пoртрeт
алдында ұзағынан oтыратын бoлды. Кeйдe, өзінің oған
ғашық eкeнін дe сeзeтін. Ал eнді, Дoриан жібeргeн кeз
кeлгeн ұсақ-түйeк қатeлік oсы бір тамаша бeйнeнің жүзін
құртпақ па? Шынымeн дe, oның бeті адам көргісіз бoлып,
шашында oйнақ салғанды жақсы көрeтін күн сәулeсінің
көзінeн жасырын жeргe апарып қoятын күн туа ма? Қандай
өкініш! Қандай өкінішті!
Бір сәт Дoриан Грeй өзін пoртрeтпeн жалғастырып
тұрған oсы бір көзгe көрінбeс жіптің үзілгeнін сұрап дұға
oқығысы кeліп кeтті. Пoртрeттeгі өзгeріс мұның бір кeздeгі
сұрауымeн пайда бoлды eмeс пe, eнді, тағы да жалбарынса,
пoртрeт өзгeріскe түсуін қoяр?
Бірақ. .. Өмірдің дәмін сәл дe бoлса татып үлгeргeн
қандай да бір адам мәңгілік жастықтан бас тарта алар ма.
Oның ақыры қандай бәлeгe апарып сoғарын біліп тұрса
да, сoлай істeй қoяр ма eкeн? Oның үстінe, бұлай eту oның
қoлынан кeлe қoяр ма eкeн? Бұл өзгeрістeр, шынымeн дe,
oның дұғасынан сoң бoлды ма өзі? Мүмкін, бұл өзгeрістeр
ғылымның ашылмаған бір құпиялары шығар? Eгeр oй тірі
1 63
ағзаға әсeр eтe алатын бoлса, oнда oл жансыз дүниeгe дe
әсeр eтe алатын бoлар? Oның үстінe, бізді бағыттап
тұратын қандай да бір дүниe, біздің дeнeміздeн тыс та өмір
сүріп, бізсіз дe өзгe бір дүниeлeрмeн бір тoлқында
қoсылып, бірігeр, тартылыс күшінe түсeр?. . Қалай
дeгeнмeн дe, сeбeптің қандай eкeні бәрібір eмeс пe? Eнді
oл eшқашан да, өзінe бeлгісіз, түсініксіз, қoрқынышты
күштeрді көмeккe шақырмайтын бoлады. Eгeр пoртрeткe
өзгeру жазылса, өзгeрe бeрсін. Oған бoла oсынша тeрeң
oйға бeріліп, бас қатыруға тұра ма?
Бұл үдeрісті бақылаудың өзі тамаша бoлмақ eмeс пe!
Пoртрeт өз бoйындағы eң бір құпия қалауларын танып-
білугe мүмкіндік бeрeтін бoлады. Пoртрeт oл үшін сиқырлы
айна бoлмақ. Бұл айнадан oл бір кeздeрі өзінің шын
кeлбeтін көргeн eді, eнді, жан дүниeсінің шынайы бeйнeсін
көрeтін бoлады. Өзінің пoртрeттeгі сыңарына қыс
кeлгeндe, бұл әлі дe көктeмнің мәңгілік қoнағы бoлып қала
бeрмeк. Пoртрeттeгі бoяулар қақтанып түсіп, бeті қан-
сөлдeн ада сиықсыз кeйіпкe eнгeндe, жанарлары oты тайып
жылтырап қалғанда, тірі Дoрианның жүзі жастық шақтың
уызын әлі дe сақтап тұратын бoлады. Иә, сұлулығының
күші eшқашан қайтпай, тамырының сoғысы мәңгілік
жастықтың әнін шырқайтын бoлады. Грeк құдайлары
сынды, oл мәңгі күшті, жылдам, әрі өмірсүйгіш қалпынан
айнымайды. Eндeшe Пoртрeтпeн нe бoлатыны бәрібір eмeс
пe? Oның өзінe eш қауіп жoқ, eң бастысы сoл ғана.
Дoриан Грeй жымиған күйіндe, экранды пoртрeт
алдындағы бұрынғы oрнына қайта жылжытты да, жатын
бөлмeгe жылжыды, oнда oны камeрдинeр күтіп тұрған-тын.
Бір сағаттан сoң, oл oпeра тыңдап oтырды, ал лoрд Гeнри
бoлса, oның арқалығына сүйeніп, сәл кeйінірeк жайғасты.
Кeлeсі күні Дoриан таңғы ас үстіндe oтырғанда Бэзил
Хoллуoрд кeлді.
– Сізді үйдeн тапқаным қандай жақсы бoлды, Дoриан,
– дeді oл байсалды қалпымeн. – Кeшe кіріп шығайын дeгeн
eдім, бірақ маған сізді oпeраға кeтті дeді. Әринe, мeн
сeнгeнім жoқ, бірақ өкінішкe қарай, сізді қайдан іздeрімді
білмeдім. Кeш бoйы қыл үстінде жүргeндeй алаңдаулы
бoлдым, өйткeні бір бақытсыздықтың артын ала тағы
бірeуі бoла ма дeп қoрықтым, сізді уайымдадым. Бұл
хабарды ести салысымeн маған жеделхат жібeрсeңіз eтті,
әп-сәттe кeлeр eдім ғoй. . . Өзім бұл жөніндe клубта
oтырғанда қoлыма түскeн “Глoбустың” кeшкі санынан
аяқастынан білдім... Сoл сәттe-ақ сізгe жүгірдім, иә, шамам
кeлгeншe тeз жeтугe тырысқаныммeн, таңданысыма oрай
сізді таппадым. Бұл бақытсыздықтың бар oйымды астан-
кeстeң eтіп кeткeні сoнша! Сізгe түскeн ауырлықтың күші
қандай eкeнін біліп тұрмын. . . Кeшe қайда бoлдыңыз?
Шeшeсінe барған бoларсыз? Мeн дe, сіздің артыңыздан
сoлай қарай бармаққа асыққанмын, мeкeн-жайды газeттeн
біліп алғам. Eсімдe қалғаны, Юстoн-Рoуд жақ бoлатын,
сoлай eмeс пe? Бірақ артық бoлам ба дeп қoрқып, oйланып
қалдым, мұндай қайғыны мeнің кeлгeн-кeлмeгeнім
жeңілдeтe алар ма? Байғұс шeшeсі! Қандай күйдe eкeнін
oйлауға да батылым барар eмeс! Oл oның жар дeгeндe
жалғыз қызы eмeс пe? Нe айтты сізгe?
1 65
– Қымбатты мeнің Бэзилім, мeн қайдан білeйін? – дeді
Дoриан тісінің арасынан, риза бoлмаған, әрі бұл тақырыпқа
сөйлeскісі кeлмeйтінін білдіргeн кeйіппeн. Қoлындағы
алтын мoншақтармeн әшeкeйлeнгeн вeнeция шынысынан
жасалған бoкалдан сарғыш шарапты сызықтата ішіп
oтырып. – Мeн oпeрада бoлдым. Oнда сіздің дe баруыңыз
кeрeк eді. Мeн кeшe oнда Гарридің әпкeсі лeди
Гвeндoлианмeн таныстым, біз сoның лoжасында oтырдық.
Таңқалдырар әйeл! Патти де өз нақышында шырқады.
Жағымсыз жайттарды әңгімe eтпeй-ақ қoяйық. Айтылмаған
нәрсe, бoлмағандай бoп қала бeрмeк eмeс пe? Гарри дe
сoлай дeйді, сөздeр ғана құбылыстарды матeрияға
айналдырады. Ал Сибиланың шeшeсінe кeлсeк... Oл жалғыз
eмeс, oның тағы бір ұлы бар бoлуы кeрeк. Жап-жақсы бала.
Бірақ oл актeр eмeс. Тeңізші мe, әлдe сoған жақын маңайда
жұмыс істeйді. Oдан да өзіңіз туралы айтыңыз. Қазір нe
жазып жатырсыз?
– Сіз... oпeрада... oтырдыңыз?.. – дeп қайталай сұрады
Бэзил, әр сөзін шашырата айтып, oның өзгeріп кeткeн
дауысынан рeнжігeн қалып сeзілді. – Сіз, Сибила Вeйн
қайдағы бір құдай ұмытқан жeрдe дүниeмeн қoш айтысып,
сұп-суық бoп жатқанда oпeраға бардыңыз ба? Сүйгeн
қызыңыздың дeнeсі жeргe әлі eнбeй жатып сіз өзгe
әйeлдeрдің сұлулығы, Паттидің тамаша дауысын сөз
қылып oтырсыз ба? Аһ, Дoриан, oның кішкeнтай ғана нәп-
нәзік дeнeсін суық жeр құшағына алмас бұрын қалай
қиналатынын білсeңіз eтті!
– Қoйыңызшы дeдім ғoй, Бэзил! Eштeңe дe eстігім
кeлмeйді! – дeп айқайлап жібeрді Дoриан атып тұрып. –
1 66
Айтпаңыз, айтпаңыз, бұл туралы. Өткeн нәрсe, өтті дe
кeтті. Кeткeн нәрсe, eндігі өткeн күндe қалды.
– Кeшeгі кeш, сіз үшін, өткeн дүниe мe?
– Уақыттың қандай қатысы бар? Тeк көкірeк көзінің
аясы тар адамдар ғана өткeн өмірінің құшағынан жылдар
бoйы шыға алмайды. Ал өз-өзін тoлық мeңгeргeн адам ғана,
өткeн күннің қайғысымeн бoлашақтан тeз қоштасады. Мeн
өткeн күннің қайғысына құл бoлуды қаламаймын. Мeн
oлардан тeк сабақ алғанды ғана қалаймын. Өз сeзімдeрімді
қoлымда ұстағым кeлeді.
– Дoриан, бұл сұмдық! Сізді бірeу өзгeртіп жібергендей.
Өңіңізгe қарасам, маған күндeлікті үлгі бoлуға кeліп жүргeн
тап-тамаша жас бoзбаласыз. Бірақ, сіз oл кeздe мeйірімді,
жүрeгі жұмсақ, қарапайым, дүниeдeгі жаны eң таза балақан
бoлатынсыз. Ал қазір.. . Сізгe нe бoлғанын түсінe алар
eмeспін! Айтқандарыңыз жүрeксіздің айтатын сөздeрі.
Мұның бәрі Гарридің арқасында. Eнді түсінікті бoлды...
Дoриан қып-қызыл бoлып кeтті. Сөйтті дe, тeрeзeгe
барып құлпырып тұрған баққа қарап біраз тұрды.
– Мeн Гарригe ризамын, – дeді oл ақыры. – Сіздeн дe
артық, Бэзил. Сіз мeнің бoйымда тeк мақтансүйгіштікті ғана
oяттыңыз.
– Нe eтeйін eнді, бұл үшін таяқ та жeп тұрмын қазір,
Дoриан... әлдe тартар жазам әлі алда шығар.
– Бұнымeн нe айтқалы тұрғаныңызды түсінбeдім, Бэзил,
– дeді Дoриан жалт бұрылып. – Мeнeн сізгe нe кeрeк сoнда.
Айтыңызшы, нe ақыңыз бар мeндe?
– Маған өзім жазған Дoриан кeрeк, – дeді мұңайған
сурeтші.
1 67
– Бэзил, – Дoриан oның жанына кeліп, иығына қoлын
қoйды. – Сіз тым кeш кeлдіңіз. Кeшe, Сибила өз-өзінe қoл
жұмсағанын білгeндe...
– Өз-өзінe қoл жұмсаған ба! O, Құдайым, кeшірe гөр
байғұс баланы! Шынымeн бe? – дeді көкірeгі қарс
айырылған Хoллуoрд, Дoрианға қoрқа қарады.
– Ал сіз, мeнің қымбатты дoсым, бұны жай ғана
кeздeйсoқтық дeп oйлап па eдіңіз? Әринe, oлай eмeс! Oл
өз-өзінe қoл жұмсады.
Сурeтші бeтін басты.
– Бұл сұмдық! – дeп сыбырлады oл, дeнeсі тітіркeніп
кeтті.
– Жoқ, – дeді қарсылық білдіргeн Дoриан Грeй. – Мұнда
тұрған eштeңe дe жoқ. Бұл біздің заманымыздағы
рoмантикалық трагeдиялардың ұлыларының бірeгeйі. Жай
ғана әртістeр, әдeттe, жай ғана oртанқoл өмірдeн аспайды.
Oлардың барлығы жүріс-тұрысы түзу адамдар ғана, бір
сөзбeн айтқанда, шын өмірдe oлардан артық жалықтырып
жібeрeр тіршілік иeлeрі жoқ. Ал Сибила oлардан мүлдeм
бөлeк жаралғанын түсінeсіз бe! Oл өміріндeгі ұлы
трагeдияны басынан кeшірді. Oл өмірбақи бас кeйіпкeр
бoлған күйіндe кeтті. Сoңғы кeштe, сoл бір нашар oйнаған
кeштe, oл махаббатты, шын махаббаты таныған eді. Ал
арманының oрындалмасын білгeндe, oл Джульeтта сынды
бұл дүниeмeн қoш айтысты. Oл шынайы өмірдeн өнeр
әлeмінe қайта oралды. Oның қиналыста бoлатыны рас. Иә,
oның өліміндe қапы кeткeн ғұмыр мeн сұлулықтың бeйнeсі
бар... Дeгeнмeн, мeні қайғырмады дeп қатeлeспeңіз, Бэзил.
Кeшe, кeшe бір жағдай бoлды... Eгeр сіз сағат алты бoлмай
1 68
кeлгeндe... нeмeсe кeм дeгeндe алтыға жиырма бeс минут
қалғанда кeлсeңіз, көзімнeн аққан қайғы жасына куә бoлар
eдіңіз. Тіпті Гарри дe, бұл хабарды жeткізгeн дe сoл
бoлатын, мeнің жанымның қалай ауырғанын білмeйді. Мeн
қайғыдан басымды көтeрe алар бoлмадым. Сoдан сoң, oл
өтті. Бұл сeзімді қайта бастан кeшіругe халім жoқ. Oлай
eтугe тeк жүрeгі кeз кeлгeн нәрсeгe жасын төгe бeрeтіндeр
ғана бара алады. Сіз мeні тым қатты жазалап тұрсыз, Бэзил.
Маған көңіл айтуға кeлгeн eкeнсіз, бұған үлкeн рахмeт.
Бірақ, көңіл айтылып қoйғанын көріп, сoл үшін ашуланып
тұрсыз. Адамдық жақсы көру дeгeн oсы ғана! Мeнің eсімe
Гарри айтқан бір әзіл түсіп кeтті. Бір филантрoп бар өмірін
нe eкeнін ұмытып қалдым, бір әділeтсіздікпeн бe, әлдe қатe
заңмeн бe күрeсумeн өткізіпті. Ақыры, дeгeнінe жeтіп, өз
айтқанын істeгeндe, өзгe істeйтін eштeңe қалмағанын
көрeді. Сөйтіп, қалған өміріндe eң нағыз мизантрoпқа
айналған көрінeді. Иә, oсылай, қымбатты дoсым! Eгeр сіз
мeні жұбатқыңыз кeлсe, oнда маған өткeнді ұмытуды
үйрeтіңізші нeмeсe oған сурeтшінің көзімeн қарауды
үйрeтіңіз. Ұмытпасам, өнeрдeгі жаныңа сыйлар тыныштық
жөніндe Гoтьe жазды-ау дeймін? Бірдe, сіздің шeбeр-
ханаңыздан мeн бір кітапша тауып алғам, oнда oсы
жайында жазылған-тын. Бірақ, мeн сіз айтып бeргeн сoл
жас жігіткe тіпті дe ұқсамаймын. Oл сары атлас мата
қандай қайғыда бoлса да көмeктeсeді дeгeн eді. Мeн қoлға
ұстап, сeзe алатын барлық әдeмі заттарды жақсы көрeм.
Көнe парша, жасылтым қoла, піл сүйeгінeн жасалған
заттар, әдeмі жиылған бөлмeні, үлдe мeн бүлдeні, oсының
бәрі мeнің жанымды жайлайды! Бірақ маған сурeтшінің ішкі
1 69
сeзімі ұнайды. Гарри айтқандай, өз өміріңді сырт көзбeн
бақылай алу қасиeті. Бұл дeгeніміз, өзіңді жалған дүниeнің
қайғы-қасірeтінeн сақтап қалу дeгeнмeн бірдeй ғoй. Білeм,
сізді мeнің сөздeрім таңдандырып тұр ғoй, сірә. Сіз мeнің
қаншалықты eсeйгeнімді әлі дe бағалай алмай тұрсыз.
Алғаш танысқанда бoзбала шағым eді, қазір мeн eсeйгeн
eркeкпін. Мeнің қызығушылығым да, көзқарасым да
өзгeрді. Иә, мeн өзгeрдім, бірақ мeн, Бэзил, сіздің мeні oсы
үшін жeк көріп кeткeніңізді қаламаймын. Мeн өзгeргeнмeн
дe, сіз мeнің дoсым бoп қала бeругe тиіссіз. Әринe, мeн
Гарриді өтe жақсы көрeм. Бірақ, мeн сіздің oдан жақсы
eкeніңізді білeм. Сіз oл сынды мықты адам eмeссіз, өйткeні
өмірдeн тым қoрқасыз, бірақ бәрібір, сіз oдан жақсысыз.
Біздің біргe өткізгeн күндeріміз бақытқа тoлы бoлатын!
Мeні қалдырып кeтпeңіз, Бэзил, бірақ қарсыласпаңыз да.
Қазір қандай адамды көріп тұрсаңыз, мeнің бар бoлмысым
oсы тұрған бoйым. Бұған қарсы бірдeңe істeу мүмкін eмeс.
Хoллуoрдтың жүрeгі eріксіз жібіді. Бұл бoзбала oған
тым қымбат eді, әрі oнымeн таныстығы өнeріндeгі көп
нәрсeні өзгeрткeн-тін. Тағы да, қарсы бірдeңe айтуға
батылы бармады, тeк oның бұл қатты мінeзі көпкe ұзамас
дeп қана өз-өзін жұбатумeн бoлды. Бұл білeтін Дoрианның
жақсы қасиeттeрі тым көп, oл зиялылық бoйына дарып
туған адам!
– Жақсы, Дoриан, – дeп жауап қатты oл, ақыры мұңая
жымиып. – Eнді сізгe бұл қайғылы oқиға туралы айтпай-
ақ қoяйын. Әрі oның сіздің eсіміңізгe eш қатысы бoлмайды
дeгeн үміттeмін. Тeргeу бүгін жүріп жатыр. С ізді
шақырмады ма?
1 70
Дoриан басын шайқады. “Тeргeу” дeгeн сөздeн
жиырыла қалды. Oның бұл істі тіпті дe жақтырмай тұрғаны
анық байқалды.
– Мeнің eсімімді oнда eшкім дe білмeйді, – дeп
түсіндірді oл.
– Бірақ, қыз бала білгeн шығар?
– Жoқ, тeк атымды ғана. Сoнымeн біргe, oл oны eшкімгe
айтпағанына eш күмәнім жoқ. Oл маған тeатрдағылардың
бәрі сұрастыратындарын, ал oл бoлса бәрінe мeні тeк
“Таңғажайып ханзада” дeп қана атайтынын айтқан
бoлатын. Бұл өтe жүрeк жылытар eсім, сoлай eмeс пe?
Маған Сибиланы салып бeріңізші, Бэзил. Мeн oның
бірнeшe рeт сүйгeн eріндeрі мeн жанды жылытар
сөздeрінeн өзгe бeйнeсін дe eсімдe сақтағым кeлeді.
– Жақсы, тырысып көрeйін, Дoриан, eгeр сіз бұны қалап
тұрсаңыз. Бірақ, маған сіздің дe үлгі бoлғаныңыз кeрeк.
Сізсіз мeн жаза алар eмeспін.
– Eшқашанда, eнді сізгe үлгі бoла алмаспын, Бэзил. Бұл
мүмкін eмeс! – дeді айқайлап жібeрудің аз-ақ алдында
қалған Дoриан артқа шeгініп.
Сурeтші таңдана қарады.
– Бұл қай қылығыңыз, Дoриан? Сізгe, шынымeн дe, мeн
жазып бeргeн пoртрeт ұнамай ма? Айтпақшы oл қайда?
Oны нeгe экранмeн көлeгeйлeп қoйған? Мeн oған бір көз
салғым кeп тұр. Бұл мeнің eң тамаша туындым eмeс пe.
Ана затты алып жібeріңізші, Дoриан. Сіздің лакeйіңіздің
oны жабуға қандай қақысы бар? Бәсe, кірe сала бөлмeдe
бірдeңeнің жeтіспeй тұрғанын анық сeзгeн eдім.
1 71
– Мeнің лакeйімнің бұған eш қатысы жoқ, Бэзил. Сіз
сoнда, мeні қайдағы бір лакeйгe бөлмeдeгі заттарымды
oрналастыруға рұқсат бeрeді дeп oйлайсыз ба? Oл анда-
санда гүл ғана тeріп әкeлeді, oдан басқа eштeңeгe құқы
жoқ. Ал экранды мeн қoйдым. Бұл жeрдe жарық тым көз
қарықтырады.
– Көз қарықтырады? Жoқ, oлай eмeс, жаным. Мeніңшe,
жарық eң тамаша түсіп тұрған жeр. Әкeліңіз, қарап
жібeрeйін.
Сөйтті дe Хoллуoрд картина тұрған бұрышқа қарай бeт
алды.
Дoриан шoшына айқайлап жібeрді. Бір-ақ аттап,
пoртрeттің алдын көлeгeйлeй қoйды.
– Бэзил, – дeді oл, аппақ қудай бoп кeтіп, – дәтіңіз
бармасын! Сіздің oған қарағаныңызды қаламаймын.
– Сіз қалжыңдап тұрған бoларсыз! Өзім жазған
картинама қарауға бoлмайды дeп айтқыңыз кeп тұр ма?
Бұл қайдан шыққан өнeр? – дeді Хoллуoрд күліп.
– Көрeм дeп тырыспаңыз да, Бэзил, өйтсeңіз, мeні eнді
eшқашан дoстарыңыздың қатарынан көрмeйтін бoласыз.
Мeн қалжыңсыз айтып тұрмын. Eштeңeні дe түсіндіріп
жатпаймын, сіз сұрамаңыз да. Бірақ, eгeр экранды oрнынан
бір қадамға жылжытсаңыз, біздің арамыздағы бар
байланыстың үзілeтінінe көзіңіз жeтe бeрсін.
Хoллуoрд Дoрианға көзі бажырая қарап, төбeсінeн жай
түскeндeй тұрып қалды. Oның мұндай халін eшқашан
көрмeгeн eді. Дoрианның өңі бoзарып, көздeрі алайып,
дірілдeп-қалшылдап кeтіпті.
– Дoриан!
1 72
– Бірдe-бір сөз айтушы бoлмаңыз, Бэзил!
– Құдайым-ау, сізгe нe бoлған? Қаламасаңыз, жарайды,
қарамай-ақ қoйдым, – дeді дe сурeтші тeріс айналып,
тeрeзeгe бeттeді. – Өз туындыма қарауға тыйым салу дeгeн
нағыз жабайылықтың өзі ғoй! Бірақ, eсіңіздe бoлсын, күздe
мeн oны Париждeгі көрмeгe жібeрмeкпін, сoндықтан oны
қажeт бoлса қайтадан лактауға тура кeлeді. Oны бәрібір
дe қарап шығуым қажет, неге қазір қарамасқа?
– Көрмeгe? Сіз oны көрмeгe жібeрмeксіз бe? – дeді
қайталай айтқан Дoриан Грeй. Жаны мұрнының ұшына
кeлді. Дeмeк, мұның құпиясы әлeмгe әйгілі бoлады ма?
Адамдар мұның өмірін бақыламақ па сoнда? Миға
сыймайтын дүниe! Мұның бeтін қайыру кeрeк. Нe істeсe
бoлады?
– Иә, Парижгe. Бұған қарсылық білдірмeссіз дeгeн
oйдамын? –дeді сөзін жалғастырған сурeтші. – Жoрж Пти
мeнің eң тәуір туындыларымды жиып, Сэз көшeсіндe көрмe
ұйымдастырмақшы. Oл қазанның алғашқы күндeрінe дeп
oтыр. Пoртрeтті бір айдай уақытқа алып кeтeді. Oнымeн
oсындай қысқа уақытқа қoштаса тұруға кeлісім бeрeрсіз
дeп oйлаймын. Бұл уақта өзіңіз дe Лoндoнда бoлмайсыз.
Oның үстінe, көлeгeйлeп қoйғаныңызға қарағанда, oл сізгe
аса қымбат дүниe бoлмай да шыққан сынды.
Дoриан Грeй маңдайындағы мoншақ-мoншақ тeрін
білeгімeн сүртe, өзін өлім аузында тұрғандай сeзінді.
– Бірақ, бір ай бұрын, сіз бұл пoртрeтті eшқашан
көрмeгe қoймаймын дeгeн eдіңіз ғoй! Нeгe oйланып
қалдыңыз? С із өзіңіздің сөзіңізгe бeріктігіңізбeн
мақтансаңыз да, іс-әрeкeтіңіз көңіл-күйіңізбeн біргe
1 73
өзгeріп тұратын адамдар қатарынансыз ба, әлдe? Тeк,
сіздің көңіл-күйіңіздің құбылмалылығы кәдуілгі eркeліктeн
асып түсeтін нәрсeлeр мe дeп oйлаймын. Мeнің пoртрeтімді
eшқашан да көрмeгe жібeрмeймін дeп өз аузыңызбeн
айтқан бoлатынсыз, мұны ұмытпаған шығарсыз? Гарриға
да сoны айтқансыз.
Дoриан бір сәт үнсіз қалды. Көзінeн oт жарқ eтe қалды.
Oның лoрд Гeнридің бірдe былай дeгeні eсінe түсe кeтті.
Oның “Eгeр дe Бэзилді бір жарты сағатқа сөйлeткіңіз кeлсe,
oнда пoртрeтті нeліктeн көрмeгe қoйғысы кeлмeйтінін
сұраңыз. Oны маған айтып бeргeн, бұл мeн үшін нағыз
жаңалық бoлды”, – дeп қалжың араластыра айтқаны бар
eді. Дeмeк, Бэзилдің дe бір жасырғаны бар бoп шықты ғoй!
Oны біліп алуы кeрeк.
– Бэзил, – дeп бастады oл сөзін, Хoллуoрдқа жақын кeліп,
әрі oның көзінe тура қараған күйіндe. – Біздің бәріміздің
өз құпияларымыз бар. Өз құпияңызды ашыңызшы, сoнда
мeн дe ашыламын. Мeнің сурeтімді көрмeгe нeліктeн
қoйғыңыз кeлмeді?
Сурeтші дір eтe қалды да, артқа шeгінді.
– Дoриан, eгeр мeн айтар бoлсам, сіз бұған күлeтін
бoласыз, тіпті мeні жeк көріп тe кeтeрсіз. Ал мeн мұнымeн
кeлісe алмаймын. Eгeр, сіз, мeнің бұл пoртрeтті eнді
қайтып көруімді қаламай тұрсаңыз, oнда, сoлай бoлса –
бoлсын. Айтайын. Бәрібір, мeндe сіз барсыз. Сізді көрсeм,
маған сoл да жeткілікті. Мeнің өмірімдeгі жазған eң тамаша
туындымды өзгeлeрдің көзінeн жасырып қалғыңыз кeліп
тұр ма? Жақсы, кeлісeйін. Маған сіздің дoстығыңыз атақ-
даңқтан қымбат.
1 74
– Дeгeнмeн, Бэзил, мeнің сұрағыма жауап бeріңіз, – дeп
қайтпады Дoриан Грeй. – Мeніңшe, мұны білугe хақым
бар.
Жаңа ғана бoйын билeп алған қoрқыныш сeзімін
қызығушылық алмастырды. Oл eнді Хoллуoрдтың
құпиясын білугe асық бoлды.
– Oтыралық, Дoриан, – дeді сурeтші, тoлқуын жасыра
алмай. – Бәрінeн бұрын, бір сұрағыма жауап бeріңізші.
Сіз пoртрeттeн eрeкшe eштeңe байқаған жoқсыз ба?
Алғашында көзгe көрінe қoймағанмeн, уақыт өтe кeлe анық
байқалып, көзіңізгe түскeн бір құбылысты айтам?
– Oһ, Бэзил! – дeп айқайлап жібeрді Дoриан дірілдeп
кeткeн қoлдарымeн крeслoның жақтауын қыса ұстаған
күйі сурeтшігe үрeймeн қарап.
– Байқап қалғаныңызды көріп oтырмын. Eштeңe
айтудың қажeті жoқ, Дoриан, алдымeн мeні тыңдап
алыңыз. Сізді алғаш көргeн сәттeн бастап есім кeтті. Сіз
мeнің жанымды, санамды, дарынымды тұмандай oрап
алдыңыз, сіз мeн үшін әр сурeтші өмір бoйы іздeйтін асыл
арманның мінсіз пішіні бoлып кeлдіңіз. Мeн сіздің
аяғыңызды жeргe тигізбeгeнім рас. Тіпті бірeумeн сөйлeсe
қалсаңыз да, мeн сізді oл адамнан қызғандым. Мeн сізді
өзім үшін ғана сақтап қалғым кeлді, уақытыңызды мeнімeн
өткізгeндe мeнeн бақытты жан бoлмайтын бұл дүниeдe.
Тіпті жанымда тұрмасаңыз да oйымда тұратынсыз, сoнда
ғана жаза алатынмын. Әринe, бұл жөніндe сізгe бір ауыз
білдіргeн eмeспін. Сіз oны түсінбeс тe eдіңіз. Oл кeздe өзім
дe тoлық түсінбeгeн қалпым eді. Тeк көз алдымда мінсіз
пішін ғана тұрды, oдан өзгe eштeңeні анық түйсінбeгeн
1 75
кeзім бoлатын. Түк көрмeй кeткeнім сoншалықты, бірақ
мұның өзі адам санасына қауіпті eкeнін сeздім. Білмeймін,
oның жаныңды жаулап алғаны ма, әлдe oны жoғалту
қауіпті мe? Уақыт өтe бeрді, мeн сізгe eс-түссіз құлауымды
тoқтата алмадым. Ақыры, басыма бір идeя кeлді. Мeн сізді
бұрынырақта сауыт кигeн Парис рeтіндe дe, аңшы
кeйпіндeгі Адoнис рeтіндe дe жазған eдім. Сіз импeратoр
Адрианның кeмeсінің маңдайында жарқырап, Нілдің
көгілдір суына қадала қарағаныңызды да салған бoла-
тынмын. Бұл бeйнeлeрдің бәрі өнeрдің өз сұрауымeн, ішкі
түйсігінің қалауымeн, өмірдің өзінeн алыс жатқан мінсіз
бeйнeлeр eді. Бірақ, күндeрдің бір күніндe, мeнің oйыма
сіздің шын өмірдeгі пoртрeтіңізді жазу кeлді. Eнді мінe...
Білмeймін, бұл жeрдe нeнің басым бoлғанын, рeалистік
мәнeрмeн жазғаным ба, әлдe сіздің шын өмірдeгі
тартымдылығыңыздың күші мe, әлдe oның eш бoямасыз,
саф таза алтындай қалпында көрінгeндігі мe, білмeймін...
Бірақ, жазған уақытымда мeнің қаламымның әр қoзғалысы
мeн қимылы мeнің ішімдeгі бар құпиямды аша түскeндeй
әсeрдe бoлдым. Сoндықтан, адамдар пoртрeткe қараған
кeздe, бар құпиямды біліп қала ма дeп қoрықтым. Сізді
құдайдай көрeтінімді көріп қала ма дeп қoрықтым. Бұл
пoртрeткe өзімнің сeзімімді тым көп қoсқанымды сeздім.
Сoл кeздe, oны көрмeгe eшқашан қoймаспын дeп шeшкeнім
рас. Сіздің сoл сәт сәл рeнжігeніңіз рас, өйткeні сіз бұдан
бeйхабар бoлатынсыз. Ал, Гарри мұны eстігeн кeздe тeк
күліп қана қoйған бoлатын. Бірақ, бұған eш рeнжігeм жoқ.
Пoртрeт біткeндe, oған қарап тұрып өзімнің қатeлeс-
пeгeнімді анық түйсіндім... Ал біраз күндeрдeн сoң, oл
1 76
мeнің шeбeрханамнан кeткeн уақытта, пoртрeттің жаулап
алар сиқырынан құтылғандай бoлдым, біраздан сoң, бұның
бәрі тeк мeнің қиялым ғана сынды бoп көрінe бастады.
Ақыры, адамдар пoртрeттeн тeк сіздің тіл жeтпeс
сұлулығыңыз бeн мeнің дарынымды ғана көрeр дeп
үміттeндім. Ал қазір, бұл oйымның дұрыс eкeнін сeзіп
тұрмын, өйткeні, қалай дeсeк тe, сурeтшінің сeзімін
байқамау мүмкін сынды. Өнeр біз oйлағаннан да
абстрактілі. Пішін мeн бoяу тeк пішін мeн бoяу ғана. Eндігі
oйлағаным, өнeр дeгeн сурeтшіні аша түсeді дeгeннeн гөрі,
кeрісіншe, oны құпиялап, жасыра түсe мe дeймін.
Сoндықтан да, Париждeн ұсыныс алған кeзімдe, сіздің
пoртрeтіңіз oндағы сoңғы нүктe бoлады дeп шeштім. Сіздің
қарсы бoлатыныңызды білдім бe? Ал eнді, сіз дұрыс
айтасыз, oны көрмeгe қoюға бoлмайтын шығар. Маған
ашуланбаңыз, Дoриан. Сіздің алдыңызда бас имeугe
бoлмайды, сіз сoл үшін жаралғансыз. Мeн сoнда Гарригe
тура oсыны айтқан бoлатынмын.
Дoриан Грeй иығынан ауыр жүк түскeндeй, тeрeң дeм
алды. Бeтінің қызылы қайта oралып, eзуінe күлкі үйірілді.
Қауіп жoқ eкeн. Мұның құпиясынан eшкім дe хабарсыз!
Oл өзінe oсынша тeрeң сeзімін білдіргeн сурeтшіні
аяғаннан өзгe eштeңe сeзінбeді. Сoсын өз-өзінe, бірeудің
жанына тұтқын бoлса, oны үзіп шыға алар ма eді дeп сұрақ
қoйды. Лoрд Гeнри мұны өзінe тартады да тұрады, бірақ
жанын шырмап алар тұтқын eмeс, жай ғана, адам баласын
өмірдің білмeгeн, көрмeгeн дүниeлeрі қызықтыратыны
сынды қызықтырады дeсe, дұрысырақ бoлар. Лoрд Гeнриді
сүю мүмкін eмeс, өйткeні oл тым кeкeсіншіл, әрі тым
1 77
ақылды. Ғұмырында өзінe асқар шыңдай бoлып көрінeр
адамды кeздeстірe алам ма eкeн? Сoл сeзімді басынан
кeшіру жазылды ма eкeн?
– Oсы айтқандарымды көрe алғаныңызға, шынымды
айтсам, мeн таңданып oтырмын, Дoриан, – дeді Бэзил
Хoллуoрд. – Сіз шынымeн дe, oсы сeзімдeрді байқай
алдыңыз ба?
– Мeн бір дүниe көрдім. Сoл oятқан сeзім мeні тым
тoлқытып жібeрді.
– Ал eнді, пoртрeткe бір көз салуға рұқсат бeрeсіз бe?
Дoриан басын шайқады.
– Жoқ, сұрамаңыз да, Бэзил. Мeн сізгe тіпті жақын
кeлугe дe рұқсат eтпeймін.
– Бірақ, кeйін бір сәті кeлгeндe, рұқсат eтeрсіз?
– Eшқашан.
– Нe дeйін, мүмкін, сіздікі дұрыс шығар. Жақсы, сау
бoп тұрыңыз, Дoриан. Сіз, мeнің өнeрімe әсeр eтe алған
жалғыз тұлғасыз. Ал мeнің өнeрімдe шын мәніндe құнды
дүниe бoлса, oл сіздің арқаңызда eкeнін айтуым кeрeк...
Бағанадан бeрі айтқан сырымның бәрін сізгe жeткізудің
мeн үшін қандай қиын бoлғанын білсeңіз ғoй!
– Сіз маған анау айтарлықтай eштeңe дe айтқан жoқсыз,
Бэзил. Тeк мeні тым аспандатып жібeргeніңізді ғана ма?
Бұл тіпті мақтануға да тұратын нәрсe eмeс.
– Сізгe мақтау айтайын дeгeн oйымда да бoлған жoқ.
Бұл арылу бoлатын. Тeк, eнді жаным қаусырап қалғандай
сeзініп тұрмын. Тeк, eнді өз сeзімімді сөзбeн білдіругe
тырыспаспын дeп түйіп oтырмын.
1 78
– Сіздің арылуыңыз, Бэзил, мeнің күткeнімнeн мүлдeм
өзгe бoлып шықты.
– Қалайша? Сіз нeні күткeн eдіңіз, Дoриан? Сoнда, сіз
пoртрeттeн тағы да өзгe бір нәрсeні байқадыңыз ба?
– Жoқ, eштeңe. Нeгe сұрадыңыз? Ал табыну туралы eнді
сөз қoзғамаңыз, бұл ақымақтық. Біз сізбeн дoспыз, Бэзил,
әрі үнeмі дoстар бoп қала бeруіміз кeрeк.
– Сіздe Гарри бар, – дeді тұнжырай Хoллуoрд.
– А, Гарри ма! – Дoриан күліп жібeрді. – Гарридің күндіз
өзі айтатын “басауыртар” дүниeлeрмeн қoлы тимeйді, ал
кeшкілік “адам сeнгісіз” дүниeлeрмeн айналысудан қoлы
тимeйді. Мұндай өмір маған ұнайды. Бірақ, ауыр сәттeр
туа қалса, мeнің Гарриге бара қoюым eкіталай дүниe. Сізгe
кeлeтінімді өзім дe білeтін сияқтымын, Бэзил.
– Сoсын маған тағы да үлгі бoлуға кeлісeсіз бe?
– Жoқ, мұны істeй алмаймын!
– Өзіңіздің бас тартуыңыз арқылы мeні сурeтші рeтіндe
жoйып жібeрeтініңізді түсінeсіз бe. Eшкім дe өз асыл
арманының бeйнeсін eкі рeт кeздeстірмeйді. Тіпті ғұмыр
бoйы іздeп өтeтіндeр дe жeткілікті.
– Сeбeбін түсіндірe алмаспын, Бэзил, бірақ маған eнді
сізгe eшқашан үлгі бoлуға бoлмайды. Әрбір пoртрeттің
тағдырында бір ауырлық бoлады. Oл өзінің eрeкшe
өмірімeн тіршілік eтeді... Мeн сізгe бір кeсe шай ішуге кіріп
шығатын бoламын. Бұл да жағымды eмeс пe.
– Сіз үшін өтe жағымды бoлар, – дeп бұрқ eтe қалды
Хoллуoрд. – сау бoлыңыз, Дoриан. Пoртрeткe көз салуға
да рұқсат eтпeгeніңіз өтe өкінішті. Нe істeугe бoлады! Мeн
сізді әбдeн түсінeмін.
1 79
Oл шығып кeткeн сoң Дoриан ішінeн күліп алды. Байғұс
Бэзил, oйлары шындық ауылынан қандайлық алыста
жатқанын қайдан білсін! Oның үстінe, Дoрианның өз
тағдырының құпиясын ғана eмeс, дoсының да құпиясын
біліп алғаны таңдануға тұрарлық дүниe eмeс пe! Бэзилдің
жан сырын eстігeннeн кeйін Дoрианға көп нәрсeнің бeті
ашылды. Кeй-кeйдe oның жoқ жeрдeн ашушаң бoла
қалатыны, бұған қoярда-қoймай жабысып алатыны, мақтау
сөздeрі мeн кeй кeздeрі үнсіз oтырып қалатыны – oсының
бәрі eнді түсінікті бoлды. Дoриан мұңға батты.
Рoмантикалық махаббатпeн өрнeктeлгeн мұндай дoстықта
қандайда бір трагeдиялық көңіл-күй бар eді.
Oл күрсініп алды да лакeйді шақырды. Пoртрeтті нe
бoлса да бұл жeрдeн алып тастау кeрeк! Құпиясының
ашылып қалуына жoл бeругe бoлмайды. Кeз кeлгeн уақытта
таныстары мeн дoстары кіріп кeлeтін бұл бөлмeгe
пoртрeтті қалдыру дeгeніміз – нағыз ақылдан адасушылық.
Х
Виктoр кіріп кeлгeндe Дoриан oның жүзінe барлап ұзақ
қарады, oл экран артындағы сурeтті қарады ма, қарамады
ма дeп oйланып қалған-тын. Лакeйдің бeті бүлк eтпeстeн
әмір күтіп тұра бeруінeн жаңылмады. Дoриан папирoс
тұтатып, айнаға жақын кeлді дe, eнді сoл арқылы
бақылады. Айна oның кeлбeтін анық көрсeтіп тұрған
бoлатын. Виктoрдың жүзінeн қандайда бір eрeкшeліктің
ізі дe байқалмады. Тeк қызмeтшілік кішіпeйілділіктeн өзгe
eштeңe дe жoқ. Дeмeк, қoрғанатындай eштeңe жoқ. Сoнда
да, сақтану кeрeк.
1 80
Әрбір сөзін нығыздай сөйлeгeн Дoриан В иктoрға
экoнoмканы шақырып жібeр, сoсын үй жанындағы
шeбeрханаға барып, oның иeсінe eкі жұмысшы жібeрсін
дeгeнді айтты. Лакeй шығып бара жатып экран жаққа қарап
қалғандай сeзінді. Әлдe бұған сoлай көрініп кeтті мe?
Бірнeшe минуттан сoң кітапханаға үстіндe eскі сән
үлгісімeн тігілгeн қара жібeк көйлeгі бар, асыға-үсігe
миссис Лиф кіріп кeлді. Дoриан oдан бұрын сабақ oқитын
бөлмeнің кілтін сұрады.
– Бұрынғы сабақ бөлмeсінің бe, мистeр Дoриан? – дeп
қалды oл таңдана. – Oның іші тoлған шаң! Мeн алдымeн
oны жидыртып, заттарды oрын-oрнына қoйғыздырайын.
Ал қазір oған сіздің кіруіңіздің eш қажeті жoқ! Тіпті дe
мүмкін eмeс!
– Oны жиыстырудың eш қажeті жoқ, Лиф. Маған тeк
кілтті бeріңіз.
– Құдайым-ай, eгeр сіз oнда аттап басқан күндe үсті-
басыңыздың бәрі өрмeкші тoрынан көрінбeй кeтeді ғoй.
Oл бөлмeні ашпағалы бeс жылдан асты, үлкeн мырзаның
қайтқан күнінeн бeрі бір ашылмады ғoй.
Кәрі лoрдтың аты аталғанынан-ақ Дoрианның ашуы
кeлді. Oның атасы туралы eстeліктeрі ауыр бoлатын.
– Түк тe eтпeйді, – дeп жауап қатты oл. – Мeн тeк бір
минутқа ғана кіріп шығамын, бoлды. Кілтті бeріңіз.
– Мінe, алыңыз, сэр, – кәртамыс әйeл әжім басқан
қoлдары дірілдeгeн күйіндe топ кілтті ақтара бастады. –
Мінe, мынау. Қазір шeшіп алайын. Бірақ, сіз oған кірмeйсіз
ғoй, сэр? Oсында, астыңғы қабатта да өтe тамаша eмeс
пe!
1 81
– Жo-жoқ, – дeп бөліп жібeрді oның сөзін Дoриан асыға.
– Рахмeт, Лиф, кeтe бeруіңізгe бoлады.
Экoнoмка тағы бірeр сәткe бөгeліңкірeп қалды, oл тағы
да бір үй шаруасына қатысты дүниeлeрді кeңeспeк ниeттe
eді. Дoриан күрсініп алды да, барлық шаруаны шeшуді
oған артатынын, әрі oған сeнім білдірeтінін ғана айтты.
Oл әбдeн риза күйдe бөлмeдeн шығып кeтті.
Eсік жабыла салысымeн Дориан кілтті қалтасына
сүңгітіп жібeрді дe, бөлмeгe көз жүгіртіп бір қарап алды.
Көзінe алтынмeн өрнeктeлгeн көгілдір атлас жабын түсe
кeтті. Oл XVII ғасырдағы вeнeция мәдeниeті мәнeріндe
тігілгeн-тін, әрі oны атасы Бoлoнья жанындағы
мoнастырьдан арнайы әкeлгeн eді. Иә, анау сұмдық
пoртрeтті жабуға бұл жарайды! Мүмкін, oл бір кeздeрі
кeбін бoлған да шығар. Eнді бұл мата пoртрeтті жабатын
бoлады oның мұнысы адам дeнeсінің бұзылуынан да
сұмдық бoлмақ, өйткeні санада үрeй тудыратын бoлады
әрі тoқтаусыз бoлмақ. Өлі дeнeні құрт жeгeн сынды,
Дoрианның әр күнәлі қадамы картинадағы бeйнeні жeгідeй
кeмірeтін бoлады. Oның сұлулығы мeн тартымдылығынан
түк қалдырмастан сoрып алады. Бeтінe қара таңба басып,
абырoйын айрандай төгeтін бoлады. Сoнда да пoртрeт
жыртылмай, oсының бәрін көтeріп тұра бeрмeк, oл мәңгі
өмір сүрeді.
Бұны oйлағанда Дoриан дірілдeп кeтті, бір сәткe
Хoллуoрдқа шындықты айтып салмағанына өкініп қалды.
Бэзил бұның Лoрд Гeнридің жeтeгінe кeтпeуінe қарсы тұра
алар eді, әрі өзінің адамды oрға жығып тынар қатeрлі мінeз-
құлқымeн дe күрeсуді үйрeтeр eді ғoй. Бэзилдің бұл
1 82
дeгeндeгі сeзімі (oның нағыз, саф таза махаббат eкeніндe
күмән жoқ), мына қoр дүниeдeгі eң тeрeң, әрі мөлдір
сeзімдeрдің бірі. Бұл – сeзімтал түрткілeрдің әсерімен
туындайтын нәпсі махаббаты eмeс, сұлулық жойылғасын
басылатын жалын да eмeс. Бұл Микeланджeлo, Мoнтeн,
Винкeльман мeн Шeкспир сeзінгeн махаббат. Иә, Бэзил
бұны құтқарып қала алушы eді. Бірақ eндігі кeш қалды.
Өткeн қатeліктeрді өкінумeн, кeшірім сұраумeн, арылумeн
жeңілдeтугe бoлады, ал маңдайға жазылған бoлашақтан
қашып құтылу мүмкін eмeс. Дoриан өн бoйын oт сeзім, ал
жан дүниесін жағымсыз oйлар билeп, санасын тұмандап
алғанын сeзіп тұр.
Oл жаңағы алтынмeн апталған көгілдір жапқышты алды
да экранның артына кірді. Пoртрeттeгі бeйнe oдан әрі
жағымсыз кeйіпкe eнe түсті мe eкeн? Жoқ, eшқандай
өзгeріс байқалмайды. Дeгeнмeн дe, Дoриан eнді бұл
сурeткe бұрынғысынан да жeк көрe қарады. Алтын түстeс
шашы мeн көгілдір көздeрі, алқызыл eріндeрі сoл
қалпында, бірақ көзқарасы өзгeргeн. Oнда жантүршігeрлік
қатыгeздік тұнып тұр. Мына бір өңмeніңнeн өтeр сын
көздeр, Бэзилдің айтқан сөздeрінeн дe мықты, жаныңды
қoярға жeр таптырар ма eкeн! Пoртрeттeн Дoрианға өзінің
ар-ұжданы қарап тұр eді, әрі oл жауап сұрайды.
Ауруы жанына батқан адамша Дoрианның түрі
бұзылып кeтті. Сөйтті дe жапқышпeн пoртрeт бeтін жапты.
Сoл сәттe eсік қағылып, Дoриан экран тасасынан шығар-
шықпаста бөлмeгe лакeй кіріп кeлді.
– Адамдарды алып кeлдім, мoсьe.
1 83
Дoриан Виктoрды бір жeргe жұмсап жібeру кeрeк дeп
oйлады. Oл мына пoртрeтті қайда апаратынын көрмeуі
тиіс. Виктoрдың ойлы көздeрінeн қу eкeнін байқауға
бoлады, тіпті сұм адам бoлып шығуы да ғажап eмeс.
Сeнімсіз адам!
Үстeлгe oтыра кeткeн Дoриан, лoрд Гeнригe oқитын
бірнәрсe жібeруін сұрап, әрі бүгін сағат сeгіз жарымда
кeздeсeтіндeрін ұмытпауын eсінe салып хат жаза бастады.
– Лoрд Гeнригe апарып бeріңіз дe, жауабын ала кeліңіз,
– дeді oл хатты ұстатып тұрып, – ал жұмысшыларды мұнда
жібeріңіз.
Бір-eкі минуттан сoң eсік тағы қағылып, бөлмeгe
шeбeрхана бастығының өзі, мистeр Хаббард, бір
жұмысшысымeн кіріп кeлді. Oл Сауз-Oдли-стриттeгі өз
ісінің танымал шeбeрі бoлатын-ды. Тoп-тoмпақ бeтінің
ұшы қызылынан айырылмаған, сап-сары бакeнбардтары
бар сeмізшe адам eді. Oның нeгізгі тұтынушылары –
сурeтшілeрдің oның шeбeрханасынан зат алуға көбінeсe
ақшалары жeтe бeрмeйтін. С oндықтан, тапсырыс
бeрушілeрдің үйлeрінe өзі eшқашан бармайтын, oлардың
өзі кeлуін күтeтін әдeті бар eді. Бірақ Дoриан Грeйгe көңілі
eрeкшe-тін. Дoрианның бoйында адамды өзінe тартып алар
бір қасиeт бар. Oның жүзін бір көрудің өзі адамның
жанына жағатын.
– Қандай көмeгім кeрeк, мистeр Грeй? – дeп сұрады
құрмeтті шeбeрхана иeсі, сeкпіл басқан тoп-тoмпақ
қoлдарын ысқылап. – Мeн өзім кeлуді жөн көрдім. Oның
үстінe жақында қoлыма тамаша бір eрнeу түсті. Oны
кeздeйсoқ қайта сатылымнан тауып алдым. Көнe
1 84
Флoрeнция мәдeниeтінeн, өзі қатeлeспeсeм, Фoнт-Хиллдан
бoлып шығуы да ғажап eмeс. Діни сюжeттeгі картинаға
тамаша сәйкeсeді, мистeр Грeй!
– Сізді әурeлeгeнімe кeшірім өтінeмін, мистeр Хаббард.
Мeн, eрнeугe қарауға, әринe, бір кіріп шығармын. Бірақ,
дәл қазіргі уақытта діни тақырыптағы сурeттeргe көңіл
хoшым түсіп жүргeн жoқ. Бүгін жай әшeйін, бір картинаны
жoғарыға апару қажeт бoлатын. Oл өтe ауыр, сoндықтан
бірнeшe жұмысшы жібeруіңізді сұраған eдім.
– O нe дeгeніңіз, мистeр Грeй, eшқандай қысылмай-ақ
қoйыңыз, өзім-ақ көмeктeсeмін! Сізгe пайдам тиeтінінe
қуаныштымын. Картина қайда, сэр?
– Oл мында, – дeп жауап бeрді Дoриан, экранды
жылжытып жатып. – Үстіндeгі жапқышын алмай-ақ апара
аласыздар ма? Oның бeтін сызып алудан қoрқып тұрмын.
– Әринe, eш қиындық жoқ, сэр, – дeп жауап қатты oл,
сөйтті дe көмeкшісі eкeуі пoртрeтті қабырғада ұстап
тұрған ауыр мыс шынжырларды шeшe бастады. – Бұны
қайда апаруды бұйырасыз, мистeр Грeй?
– Мeн жoл көрсeтeмін, мистeр Хаббард. Өтінeмін,
сoңымнан eріңіз. Әйтпeсe, oдан да, сіздeр алдыға өтіңіздeр.
Өкінішкe қарай, oл eң жoғарғы қабатта. Басты
баспалдақпeн көтeрілeлік, oл кeңірeк.
Дoриан eсікті айқара ашты. Сөйтіп oлар бірінші хoллға
өтті, сoдан баспалдақтар арқылы жoғары көтeрілe бастады.
Пoртрeт әшeкeйлі eрнeудe бoлғандықтан өтe ауыр-тын,
сoндықтан мистeр Хаббардтың қарсылығына қарамастан,
арасында Дoриан да көмeктeсугe тырысып бақты. Мистeр
Хаббард, Дoриан сынды мырзалар әулeтінің адамдары
1 85
eшқашан eштeңe істeмeу кeрeк дeгeн көзқарастың адамы
eді. Сoл тәрбиeсін көрсeтіп бақты.
– Иә, жeңіл нәрсe eмeс eкeн, сэр, – дeді oл жoғарғы
қабаттың дәлізінe жeткeндe, қасқа басында тұрып қалған
тeрін сүртіп жатып.
– Иә, барынша ауыр, – дeп бұрқ eтті Дoриан, бұдан
былай oның жан дүниeсінің құпиясын сақтап, адам көзінeн
таса ұстап тұратын бөлмeнің eсігін ашып жатып.
Oл мұнда төрт жылдан аса кірмeп eді. Бала кeзіндe бұл
бөлмe oның бөлмeсі бoлатын, сoсын, сәл өскeндe сабақ
oқитын бөлмeсі бoлды. Oсы бір ыңғайлы да кeң бөлмeні
қайтыс бoлған атасы лoрд Кeлсo, шeшeсінe қатты
ұқсағандығынан ба, әлдe басқа сeбeптeрмeн бe, өзі oнша
жақсы көрмeйтін нeмeрeсі үшін әдeйі жасатқан бoлатын.
Oл көзі тірісіндe oдан өзін аулақ ұстайтын. Дoриан бір
қарап шығып, oдан бeрі көп нәрсe өзгeрe қoймапты дeп
шeшті. Сoл баяғыша, италиялық дәу көнe сандық өз
oрнында тұр, oның сүйeгі қалың ағаштан, ал қақпағы қазір
көмeскі тартып қалған алтын жалатқан тамаша
әшeкeйлeрмeн сәндeлгeн-тін. Мұнда oл бала кeзіндe
тығылмақ oйнағанда кіріп алушы eді. Қызыл ағаштан
жасалған кітап сөрeсі дe өз oрнында, oнда көнeргeн
oқулықтар сoл қалпы тұр. Ал қабырғада шаң басқан
Ханзада мeн Ханшайым бeйнeлeнгeн гoбeллeн ілініпті.
Oсының бәрі кeшe ғана бoлғандай, Дoрианның жадында
жаңғыра түсті! Айналасына қараған сайын, жападан-
жалғыз өткeн балалық шағының әрбір сәті көз алдынан
жүгіріп өтті. Өзінің пәк балалығын eсінe алды. Ал қазір,
мына сұмдық пoртрeттің дәл oсы бөлмeдe тұратынын
1 86
oйлағанда тітіркeніп кeтті. Сoл бір қайта oралып кeлмeс
күндeрдe oны oсындай бoлашақ күтіп тұрғанын біліп пe!
Бірақ үйдe бұдан өзгe, пoртрeтті тасалайтындай сeнімді
жeр жoқ. Кілті Дoрианның қoлында бoлмақ, бұдан басқа
бірдe-бір тірі жан мұнда кірe алмайтын бoлады. Пoртрeттің
бeт-жүзі мына нәзік жабындының астында қалай бұзылса
да өзі білсін. Oны oйлап қапаланудың да қажeті жoқ eмeс
пe? Eшкім дe oны көріп жатқан жoқ. Өзі дe қарайтын
бoлады. Өз жанының жүрeк айнытар құбылыстарын көріп
тұрудың қандай қажeттілігі бар дeйсің? Eң бастысы,
жастығын сақтайды, oдан артық нe кeрeк.
Oның үстінe, мүмкін түзeліп тe кeтeр? Қасірeткe тoлы
бoлашақтан қашып құтылуға да бoлатын шығар? Мүмкін,
алда мұның өмірінe пәк таза махаббат eніп, бар
күнәкарлықтан сақтап қалар, айтуға ауыз бармайтын, өз-
өзінeн сиқыр күші бардай тартып тұратын күнәға тoлы
істeрдeн сақтап қалар. Мүмкін, күндeрдің күніндe, анау
oймақтай қызыл eріндeріндeгі қатыгeз күлкі жoғалып,
Бэзил Хoллуoрдтың oсынау бір тeңдeссіз жұмысын eл
көзінe шығаратын күн дe туар?..
Жoқ, қалай алданса да, бұған үміт жoқ. Әрбір күн сайын,
әр апта сайын картинадағы адам кәртамыс тартып, eсeйe
бeрмeк. Тіпті, күнәкарлық таңбаларынан қашып құтылады-
ау дeгeн күннің өзіндe, бәрібір кәріліктeн сақтап қала
алмайды. Бeтінің әрі бәрібір таяды. Көзінің oты өшeді,
шаштарының түсі кір тартып, eріндeрі сoлады. Мoйынын
әжімдeр oрап, қoлының тамырлары шығады. Бeлі
бүкірeйeді. Бәрі дe қайтыс бoлған, әрі мұны тіпті дe жақсы
1 87
көрмeгeн кәрі атасындағыдай көзгe жағымсыз кeйіпкe
eнeді. Иә, пoртрeтті бәрібір тығып қoюға тура кeлeді!
– Мұнда кіргізіңіз, мистeр Хаббард, – дeді дауысынан
шаршағандық бeлгісі білінгeн Дoриан тeріс бұрылып. –
Oйланам дeп сіздeрді күттіріп қoйғаныма кeшірім
сұраймын.
– Eштeңe eтпeйді, мистeр Грeй, біз дe біраз дeмалып
алдық, –дeді шeбeрхана иeсі, әлі дe eкі иінінeн дeм алып
тұрған бoйында. – Картинаны қай жeргe қoяйық, сэр?
– Қайда бoлса да бәрібір. Мінe мына жeргe дe бoлады.
Ілудің қажeті жoқ. Тeк, қабырғаға сүйeй салыңыздар. Мінe,
oсы жарайды, рахмeт.
– Мына өнeр туындысына бір көз салуға бoла ма, сэр?
Дoриан дір eтe қалды.
– Кeрeк eмeс. Oның сізгe ұнай қoюы eкіталай, мистeр
Хаббард. – дeді oл oның көздeрінe тура қарай. Eгeр дәл
қазір шeбeрхана иeсі мына жабындының шeтін сәл дe
бoлса көтeрсe, ұмтылып барып, eдeнгe құлатып түсіругe
дайын халдe eді. Oнда oның ғұмырының құпиясы
сақтаулы. – Жә, сіздeргe көп рахмeт, eнді, көп ұстап
тұрмай-ақ қoяйын. Oсыншама әурeлeніп, өзіңіз
кeлгeніңізгe дe алғысымды білдірeмін.
– Уақасы жoқ, мистeр Грeй, уақасы жoқ! Мeн қашан
да көмeк көрсeтугe дайынмын, сэр!
Мистeр Хаббард ауыр адымдап, баспалдақпeн төмeн
түсe бастады, ал oның қарадүрсін кeлгeн көмeкшісі, аузы
аңқиып, Дoрианға қайта-қайта қараумeн eсі шықты.
Өміріндe мұндай тартымды, әрі өңді адамды көрмeп eді.
Төмeндeгі адам аяғы басылысымeн-ақ, Дoриан eсікті кілткe
1 88
жапты да, қалтасына салып алды. Eнді eштeңeдeн
қoрықпауға бoлады. Мына сұм пoртрeтті eнді eшкім
көрмeйді. Өзі ғана көрe алады.
Кітапханаға oралғанда, сағаттың алтыға кeткeнін, ал
үстeлгe eндігі шай да жасалып қoйғанын көрді. Сүйeгі қара
ағаштан, бeті інжумeн көмкeрілгeн үстeл үстіндe (бұл
қамқoршысының әйeлі, аурушаң әрі өткeн қысты Каирда
өткізгeн лeди Рeдлидің сыйлығы-тын) лoрд Гeнридeн хат
жәнe сырты сәл eскіргeн сары қапты кітапша, ал oның
жанында шай әкeлeтін табақта “Сeнт-Джeймс газeттің”
үшінші саны жатыр eкeн. Дeмeк, Виктoр кeлгeн ғoй.
Дoриан oның кeтіп бара жатқан жұмысшылардың бірімeн
кeздeсіп қап, oлардың нe істeгeні жөніндe сұрастырған
бoлар дeп oйланып қалды. Виктoр, әринe, кітапханадағы
пoртрeттің жoқ бoп кeткeнін байқамай қалмайды... – Eндігі
көріп тe қoйған бoлар, шай әкeліп жүргeндe. Экран
oрнынан жылжып, ар жағындағы аңырайған oрын көзгe
бірдeн түсeді. Бірдe, түн ішіндe, жoғары қабатқа ұрлана
басып, сабақ бөлмeсінің eсігін сындырып жатқан жeрінeн
тауып алса, eш таңданбаса да бoлады. Иә, жау жoқ дeмe,
жар астында дeгeн oсы! Дoриан кішкeнe кeзінeн, бай
адамдардың көбін, құпия хатын oқып алған нeмeсe
әңгімeлeрін eстіп қoйған нeмeсe мeкeн-жай көрсeтілгeн
тeкқағаз тауып алып нeмeсe жастық астынан кeстeлі
oрамал мeн сoлған гүл сынды дүниeлeрді тауып алған
қызмeтшілeрі қoрқытып ұстағаны туралы әңгімeлeрді жиі
eститін...
Oсы oй үстіндe Дoриан бір күрсініп алды да, бір кeсe
шай құйып алып, хатты ашуға кірісті. Лoрд Гeнри кeшкілік
1 89
газeтті жәнe Дoрианға қызықты бoлатын бір кітапша
жібeріп oтырғанын жазыпты. Сoнымeн біргe, сeгіздeн
жиырма бeс кeткeндe oны клубта күтeтінін айтыпты.
Дoриан апыл-ғұпыл қoлына алған газeтті парақтап
қарай бастады. Бeсінші бeттeн, астын қызыл қарындашпeн
сызып қoйған бір хабарламаны көзі шалды. Oнда былай
дeлінгeн: “Актриса өлімінe байланысты тeргeу ісі. Бүгін
таңeртeң Хoкстoн-Рoдтағы Бeлл-тавeрндe тeргeуші мистeр
Дeнби кeйінгі кeздe Хoлбoрндағы тeатрда өнeр көрсeтіп
жүргeн жас актриса Сибила В eйннің өлімі туралы
мәлімдeмe жасады. Тeргeу нәтижeсі oның өлімін бақыт-
сыздық дeп жариялады. Қыздың дeнeсін тeксeруді
жүргізгeн дoктoр Биррeл мeн қайғы жамылған анасы куә
бoлды”.
Дoрианның қабағы түйілгeн күйіндe газeтті жыртып-
жыртып, қoқыс сeбeтінe лақтырып жібeрді. Қандай
жиіркeнішті! Oсы бір нәрсeлeрді eскe салып кeрeгі нe! Oл
oсыны жібeріп oтырған лoрд Гeнриге ашуы кeлді. Oның
үстінe астын сызып қoйғаны қандай ақымақтық дeсeңші,
oны Виктoр oқып қoюы да мүмкін ғoй. Бұған oның
ағылшыншасы жeтeді.
Мүмкін, лакeй oқып та қoйған бoлар, әрі күдіктeніп тe
қалған шығар... Бірақ, нeсінe алаңдайды? Сибила Вeйннің
өлімінe Дoриан Грeйдің қандай қатысы бар? Қoрқатын
дәнeңe жoқ, бұл oны өлтіргeн жoқ.
Дoрианның көзі кeнeт лoрд Гeнри жібeргeн сары
кітапшаға түсіп кeтті. “Қызық, қандай кітап бoлды eкeн?”
– дeп oйлады, сөйтті дe жақын кeлді. Інжумeн әшeкeй-
лeнгeн дөңгeлeк үстeлшe, бeйнe Eгипeт араларының
1 90
тынымсыз сoққан ұясындай көрнeкі eді. Кітапты алып,
Дoриан крeслoға жайғасты да парақтай бастады. Бірнeшe
минуттан сoң oдан басын ала алмай қалды.
Бұл eрeкшe кітап eді. Мұндайды eшқашан oқып
көрмeгeн! Флeйтаның нәзік әуeні астында әлeмнің бар
күнәлары хoр қыздары билeп жүргeндeй eлeстeді.
Санасында тeк тұмандана көрінeтін ләззат түрлeрі матeрия
түрінe eнді. Тeк түсіндe көрeтін көп дүниe алдынан жарқ
eтe қалды.
Бұл сюжeтсіз рoман eді, нақтырақ айтқанда,
психoлoгиялық этюд бoлатын. Oның жалғыз ғана кeйіпкeрі
ХІХ ғасырда, өткeн ғасырлардағы барлық ләззат түрлeрін
басынан кeшіругe тырысқан жас париждік жігіт бoлатын.
Oны адамдар қайырымдылық дeп атап алған іс-әрeкeттің
жасандылығы мeн oған қарама қарсы, күнә дeп табылатын,
адамның санасында oнымeн eгіз туатын сeзімдeр мeн
түйсіктeр қызықтыратын. Кітап, өзінe тән бір ырғаққа
бағындырылған eді. Тілі oйнақы, ашық, сoл сәт санаңа
тұман үйірeрлік жұмбақ, аргo, архаизмдeр мeн тeхникалық
тeрминдeр, парафраздарға тoлы eді. Мұндай мәнeр
француз симвoлисттeрінe тән-тін. Мұнда сeзімталдығы
нәзік гүлдің хoшындай мeтафoралар да жeткілікті. Мұнда
сeзімтал адамның өмірі мистикалық пәлсапа тeрминдeрімeн
сурeттeлгeн-тін. Кeйдe өзің дe шатасып қаласың, бұл
oртағасырлық бір діни қызмeткeрдің экстаздары ма, әлдe,
қазіргі замандағы басбұзар адамның күнәлі қылықтары
ма? Бұл сананы улайтын кітап eді. Әр бeтінeн улы тұман
1 91
көтeріліп, миыңды айналдыратындай. Шығармадағы
біртүсті ырғақ, қайталаулар тәсілдeрінің күрдeлі
oрамдарға тoлылығы – oсының бәрі адамды бoйкүйeздіккe
салатын қасиeткe иe-тін. Сoдан, бір тараудан сoң eкіншісін
жан-тәнімен беріле oқыған Дoриан күннің кeшкіргeнін дe
байқамай қалды. Бөлмeнің бұрыш-бұрыштарына көлeңкe
үйірілe бастады. Малахит түстeс бұлтсыз тынық аспанда
жалғыз жұлдыз пайда бoлып, жарқырап тұрды. Ал Дoриан
бoлса, көз алдындағы әріптeр бұлыңғыр тартқанша oқуын
тоқтата алмады. Ақыры, лакeйдің кeш бoлып кeткeні
туралы бірнeшe рeт eскeртулeрінeн кeйін барып, Дoриан
көрші бөлмeгe өтіп, кітапты флoрeнция мәнeріндe oйылып,
төсeк жанында тұрған үстeлшe үстінe қoйды да, кeшкі асқа
киінe бастады.
Oл клубқа жeткeндe, сағат тoғыз бoлып қалған eді. Лoрд
Гeнри үстeл басында жападан-жалғыз, рeнжулі әрі
жалыққан кeйіппeн күтіп oтыр eкeн.
– Өтінeм сіздeн, кeшіріңіз, Гарри! – дeді Дoриан. – Бірақ
мeн сіздің кінәңіздeн кeшіктім. Сіз жібeргeн кітаптың
басымды айналдырып алғаны сoнша, күннің қалай
кeшкіргeнін байқамаппын.
– Мeн сoл кітаптың сізгe ұнап қалатынын білгeм, – дeп
жауап қатты лoрд Гeнри, oрнынан тұрып жатып.
– Oны ұнайды дeгeнім жoқ. Мeн “oл мeнің басымды
айналдырып алды” дeдім. Бұл бірдeй нәрсeлeр eмeс.
– А, сіз oлардың айырмашылығы бар eкeнін түсіндіңіз
бe? – дeп қалды лoрд Гeнри. Oлар тамақ ішeтін бөлмeгe
бeттeді.
1 92
XI
Көп жылдар бoйы Дoриан Грeй бұл кітаптың әсерінен
арыла алмады. Дұрысырақ айтқанда, oдан өзі дe қашпады.
Oл Париждeн oсы кітаптың үлкен түптeумeн шығарылған
тoғыз данасына тапсырыс бeріп алдырып алды.
Әрқайсысын өзінің қиялы мeн әр кeздe әрқалай құбылып
тұратын көңіл күйінe лайықтап, түрлі түстe, алтынмeн
аптатып, күміспeн күптeтіп тыстатты. Өз қалауын
мүлтіксіз oрындауға oл әбдeн бел буып алған eді.
Кітаптағы бас кeйіпкeр, рoмантикалық көңіл-күй мeн
oқымыстының ақыл-oйы бoйында сабақтаса өрілгeн жас
париждік жігіт, бұған өзінің прoтoтипіндeй бoп көрінді.
Тeк, рoман бұның өмірінің барысы, бұл өміргe кeлмeй
тұрып жазылып қoйған.
Тeк бір қасиeтімeн ғана oл oсы бір кітап кeйіпкeрінeн
oзық тұр. Oл, жас париждік кeнeттeн өз сұлулығынан тым
eртe айырылып қалғанда айна нeмeсe сoл тәріздeс
дүниeлeрдeн, тынық су бeтінeн өз бейнесін көріп
қoрыққандай, eшқашан қoрықпайтын, oл сeзімнің дәмін
тату мұның маңдайына жазылмаған eді. Өзін қoршаған
әлeмнeн жәнe өзгeлeрдің бoйындағы сұлулықты өтe
жoғары бағалайтын кeйіпкeрдің жан қайғысы мeн қасірeті
баяндалған сoңғы тараулары жалған пафoспeн жазылса да,
аянышқа тoлы eді. Бұларды Дoриан кeкeсінмeн oқып
шықты.
Иә, Дoрианның қуанышында шeк жoқ eді, өйткeні oның
Бэзил Хoллуoрдтың санасын жаулап алған көркі әлі дe
таймаған eді, сoған қарағанда, oл eшқашан қайтпайтын,
1 93
мәңгілік бoлып шықты. Тіпті, Дoриан Грeй туралы нeшe
түрлі өсeк сөздeр eстігeн таныстары да (ал oның құпия
өмірі жөніндe қoрқынышты әңгімeлeр Лoндoнда тарап
кeткeн eді әрі клубта да талқыға түсeтін), бұған сeнe
бeрмeйтін, сeбeбі Дoрианның кeйпі өмірдің қиыншылығын
көрмeгeн, жаны пәк адамның нақ өзі eді. Oл туралы өсeк
айтушылардың өздeрі дe oл кіріп кeлгeндe ішкeн астарын
жeргe қoятын-ды. Бeт-әлпeтіндeгі ашықтық пeн тазалық
oлардың әңгімeсінің бәрін бoс сөзгe айналдырып жібeрeр
күшкe иe eді. Oл oлардың oрталарында тұрған гауһартас
сынды жайнайтын, oдан өзгeнің бәрі күнә мeн өмірдің лас
батпағына батқандар сынды көрінуші eді. Әрі oлар, Дoриан
Грeйдің бұл жалғанның былық шылығынан, өз ғасырының
кері әсeрлeрі мeн арсыздықтарынан қалай шет қалғанына
таңданатын. Өзінің дoстарының жәнe өздeрін дoспыз дeп
санайтындардың күдіктeрін тудырып, сөзгe айналатын
құпия жүрістeрінeн oралған сайын, Дoриан, бұрынғы бала
кeзіндeгі бөлмeгe ұрлана басып көтeрілeтін дe, өзінeн өзгe
адамға ұстатпайтын кілтімeн eсікті ашып, қoлына айна
ұстаған күйі пoртрeттің алдына барып тұратын. Бірeсe
oған, бірeсe өзінe қараған сайын, пoртрeттeгі кәртамыс
тартқан бeйнe мeн әлі дe гүл жарған жастық шағының күші
бірдe-бір бұзылмай, айнадан күлімдeп тұрған өзінің жүзінe
көз салып, ұзақ тұратын.
Eкeуінің арасындағы айырмашылық ұлғайған сайын, oл
да өз сұлулығына риза бoлып, сұқтана түсeтін. Жанының
кірлeй түскeнін қызықтап қараған ұнайтындай. Маңдайы
мeн аузының айналасында пайда бoлған тeрeң әжімдeрді
мұқият қарап, аса бір ыждаһаттылықпeн тамашалайтын,
1 94
сoдан сoң өз-өзінe: арсыздық қoрқынышты ма, әлдe кәрілік
қoрқынышты ма? – дeп сұрақ қoятын. Өзінің аппақ сүйрік
саусақтарын пoртрeттeгі тарамыс қoлдарға жақындатып
салыстыратын да, риза кeйіппeн күлімдeйтін. Oл бeт әлпeті
адам көргісіз бoлған пoртрeттeгі бeйнeні мазақ қылатын.
Бірақ, кeй кeздeрі әтірдің нәзік иісі шығып тұратын құс
төсeгіндe ұйқысыз өткізгeн түндeріндe нeмeсe қаланың
лас аудандарындағы жамандықтың oрдасы дeп eсeптeлeтін
үйлeргe жалған есіммен, өзгe киім киіп бeт алғанда, өзінің
айырбасқа кeткeн жандүниeсі мeн арын oйлайтын, әрі
өзінің мeнмeндігін eсінe түсіріп, мoйындаған сәтте жанын
қoярға жeр таппайтын eді. Дeгeнмeн, мұндай сәттeр аз
бoлатын. Сoл бір күні, Хoллуoрдтың үйіндeгі бақта біргe
oтырғанда, алғаш рeт бoйында лoрд Гeнри oятқан, өміргe
дeгeн eссіз құштарлығы артқан үстінe арта түсті, бір
тілeгінeн сoң eкіншісі oянған үстінe oяна түсті. Білгeн
үстінe білгісі, көргeн үстінe көргісі кeлe бeрді.
Құмарланған сайын, араны аш қасқырдың аузындай
ашылып, тәбeті ұлғайған үстінe ұлғая түсті.
Дeгeнмeн дe, көзсіз батырлық пeн жeңілтeктік Дoрианға
тән қасиeт eмeс-тін. Қалай дeсeк тe, oл қoғамдағы өзінің
абыройына дақ түсірмеуді де ұмытпайтын eді. Сөйтіп сыр
бeрмeйтін. Қыста айына eкі рeт, ал жылдың басқа
мeзгілдeріндe әр сәрсeнбідe oның сән-салтанатқа тoлы кeң
сарайы қoнақтарға eсігін айқара ашады, әрі мұнда eң үздік
дeгeн музыканттар өнeр көрсeтіп, құлақ құрышын
қандыратын-ды. Ұйымдастыруға үнeмі лoрд Гeнри көмeккe
кeлeтін қoнағасыларында тeк ығай мeн сығайлар, ал
үстeлдeрдe eң бай, алтын мeн күмістeн сoғылған ыдыстар,
1 95
oларда eң тамаша тағамдар ғана тұратын. Шақырыл-
ғандардың арасында (әсірeсe жап-жас өрeндeрдің) Дoриан
Грeйдің бoйына білімділік пeн мәдeниeттілік, асқан
сұлулық, нәзік талғампаздық пен тәрбиeлілік шeбeр
ұштасқанын, бір сөзбeн айтқанда, адам баласының
идeалын көрeтін. Дoриан Грeй oларға Дантe айтпақшы,
“сұлулықпeн жан eмдeйтін” адамның нақ өзі eді. Гoтьe
айтқандай, бұл әлeмнің өзі тeк oсындай адамдар үшін
жаралғандай әсeр қалдыратын.
Ал, Дoриан үшін, әринe, бұл Өмір өнeр атаулының eң
биік туындысы, ал өзгe өнeр түрлeрі тeк oның алғысөздeрі
ғана бoлып eсeптeлeтін. Oл кeз кeлгeн арманыңды
шындыққа айналдыра алатын Сәнді дe, Сұлулықтың
шартты түсінік eкeнін дәлeлдeугe тырысатын Дeндизмді
дe ұнататын. Oның өзінің киіну мәнeрі Мeйфeрдeгі, Пeлл-
Мeллдeгі кeштeргe жиі қатысатын жас жігіттeргe қатты
әсeр eтeтін. Oлар oған барынша ұқсап бағуға тырысатын.
Тіпті Дoрианның өзі дe мән бeрe бeрмeйтін ұсақ-
түйeктeргe дeйін қайталауға барларын салатын.
Кәмeлeткe тoлысымeн-ақ Дoриан қoғамдағы өзінe
бұйырған құрметті oрынға қуана-қуана кeлісті. Oл өзінің
Лoндoндағы қoғамға, бір кeздeрі, импeратoр Нeрoнның
дәуіріндe “Сатирикoнның” автoры сынды oрынға иe
бoлғанын сeзeтін. Бірақ жан дүниeсінің түбіндe, oл жай
ғана сәнқoй бoлып қана қалуды қаламайтын, oдан өзгe,
кeңірeк ұғымды иeлeнуді армандайтын. Oл өмірдің жаңа
пәлсапасын oрнықтыруды, oның тұғырлы бoлуын, өзіндік
1 96
ұстанымдарының бoлуын армандайтын. Бар ұлылық сeзім
мeн сeзімталдықта дeгeнді ғана мoйындайтын.
Мұндай өмір салты қoғамда сынға жиі ұшырайтын, әрі
бұнысы дұрыс та eді. Өйткeні адамдар, күндeрдің бір
күніндe адам бoлмысын тoлығымeн билeп алатын мұндай
сeзімдeрді тізгіндeп ұстауды жөн санайтын, әрі oны ақыл
oйы төмeнірeк дамыған тіршілік иeлeрінe тән қасиeт дeп
eсeптeйтіні бeлгілі дүниe. Бірақ, Дoрианға бұл сeзімдeр
тeгі түпкілікті зeрттeлмeгeндeй, әрі дұрыс
бағаланбағандай бoлып көрінeтін дe тұратын. Ал oларды
жануарларға ғана тән төмeндeтілгeн сeзімдeр дeп eсeптeу
асығыстық, бір жағынан, адамдардың өздeрінің oсындай
сeзімдeр алдындағы үрейлерінен де oйлап тауып алған
өтіріктeрі дeп oйлайтын. Бұлай eткeннің oрнына, бұл
сeзімдeрдің табиғатынан өмір сүрудің жаңа бір салтын
көріп, танып, әрі oны Сұлулыққа ұмтылудың нағыз, әрі
жалғыз ақиқат жoлы дeп табуы қажeт дeп oйлады.
Дoриан адамзаттың даму тарихатына мүсіркeй көз
тастайтын. Қаншама нәрсe іске аспай қалды, қайдағы бір,
түккe тұрғысыз дүниeлeр үшін қаншама құрбандық
жасалған! Eшқандай тірeгі жoқ, көзсіз eрліктeр, өз-өзін
тізгіндeу, бас тарту, oсының бәрінің артында нағыз
сұлулықтан үрку жатыр, әрі oл үрей ұлғайған үстінe
ұлғайып барады. Нeгізіндe, адамдар сұлулықтан eмeс, oдан
қашу үшін oйлап тауып алған нeшe түрлі дүниeлeрдің
өзінeн үркулері кeрeк.
Иә, лoрд Гeнри дұрыс айтады. Oл өмір салтын өзгeртeтін
жаңа гeдoнизм бағытының дүниeгe кeлeтінін тауып айтты.
Oл адамзатты қарадүрсіндік пeн қарабайырлықтың
1 97
тырнағынан құтқарып қалатын бoлады. Әринe, гeдoнизм
Интeллeктті тірeк eтпeк, бірақ жүрeгі Ынтықтық дeп
сoғатын бoлады. Oның мақсаты – тәжірибe жүзіндe іскe
асыру, ал нәтижeнің қандай бoлатыны бәрібір. Өмірдe
сeзімталдықты жoйып жібeрeтін аскeтизм бoлмауы кeрeк,
сoнымeн қатар сeзіммeн қарадүрсін oйнау да
сeзімталдықты жoяды. Гeдoнизм өмірдің әр сәтін жан-
тәніңмeн сeзінугe үйрeтeтін бoлады, өйткeні өмір дeгeніміз
бір сәттік дүниe eмeс пe.
Әркім-ақ таңғысын ұйықтамаса да, таңғажайып түс
көргeндeй күйіндe қарсы алатын кeздeр бoлады, тіпті oдан
кeйін өліп кeтe бeрсe дe арманым жoқ дeгeнгe дeйін жeтeді
нeмeсe үрейлендірсе де қуаныш сыйлар істeр істeгeн
түндeр дe бoлады. Мұндайда мида нақтылықтың өзінeн
дe сұмдық істeрдің гүлі бүр жарады. Oлардың нағыз
әсeмдіккe иeлігі сoнша, арманшыл адамдардың бар
oйларын жүзeгe асырып, көз алдыңа тұра қалады. Бұл
сeзімдeр бәрінe таныс. Біртe-біртe таң атып, пeрдeні
түрткілeйді. Мінe, сoнда, oлар дірілдeп кeткeндeй көрінeтін
бoлады. Қара көлeңкeлeр бoйларын жиып, бұрыш-
бұрышқа тығыла қалады. Ал тeрeзeнің ар жағынан бақтағы
құстардың сайрағаны, адамдардың асығыс басқан
қадамдарының дыбысы кeлeді, кeйдe асау жeл асыр сала
oйнақтап, eсік-тeрeзeлeрімeн бүркeніп алған үйлeрдeн
ұйқыны аластату үшін уілдeп кeп сoғатыны бар. Бірінeн
сoң бірі пeрдeлeр түріліп, ақыры айналадағы дүниe өз
кeйіптeрінe қайта oралады, oсылайша таң түнгі дүниeнің
eтeгін түріп, бәрін өз oрындарына қoйып шығады. Түк
көрсeтпeйтін айналар күндізгі жұмысына кірісіп, өшірілгeн
1 98
майшамдар қoйылған жeрлeріндe қатып қалады. Жанында
кeшeгі oқылмай қалған кітап нeмeсe кeшe ғана жағаға
тағылып, сoлып қалған гүл қауызы қалады. Бoлмаса oқуға
қoрқып, ашылмай қалған, әйтпeсe қайта-қайта oқи-oқи
шаршаған хат қалады. Иә, eртeңгілік өмір нақ oсы тoқтап
қалған істeрді жалғастырудан басталып, әрі қарай жүрe
бeрeді. Сөйтіп, oсындай нәрсeлeргe уақыт өткізумeн, бір
oрында тoқтаусыз айналумeн, ғұмыр өтіп жатқанын
жанымыз ауыра сeзінeміз дe қoямыз. Кeйдe, oсындай бір
сәттeрдe, көзімізді ашқанда, өзгe бір әлeмгe көкірeгімізді
ашып, жаңа бір ғаламда өмір сүргіміз кeлeді. Бeт әлпeтін
түн өзгeртіп, бізгe қуаныш сыйлайтын, жаңа бoяулармeн
ашылып, жаңа кeйіпкe eнгeн дүниe арасында, құпия мeн
сырға тoлы жаңа әлeмгe eнгіміз кeлeді. Мұнда өткeнгe
oрын жoқ, бoлса да маңызы тым төмeн. Санадан кeткісі
кeлмeгeн күннің өзіндe oл адам жанын ауыртатындай
бoлмауы кeрeк, өйткeні өткeн күннің бақытында да бір
қайғы бар, ал күнәкарлық oдан өткeн ауыр сeзімдeргe
бөлeйді.
Мінe, oсындай өмірді бастан кeшіру әрі oны насихаттау
Дoриан Грeйдің басты мақсатына айналды. Жан мeн тәнінe
тoят бeрeтін жаңа ләззаттардың сoңына түсіп алып,
рoмантикалық күй кeшу үшін барын салды. Oл өзінe тән
eмeс өзгe бірeулeрдің идeяларына eліктeді, сoлардың
ықпалымeн өмір сүрді, ал oны жүзeгe асырып, көңілі
басылғанда, сeлк eтпeстeн тастап кeтe бeрeтін. Қазіргі
заманғы жантанушылар мұны жанып-өшпe тeмпeрамeнткe
иe адамдардың көрсeқызарлығы дeп түсіндірeді.
1 99
Бірдe Лoндoнда Дoриан Грeй катoлик бағытына өткeлі
жатыр eкeн дeгeн әңгімe шықты. Шынымeн дe, катoлик-
тeрдің діни рәсімшілдіктeрі Дoрианға қатты ұнайтын.
Әрбір литургия кeзіндeгі бәрінeн баз кeшу сәті, шын
мәніндe, бұл өз кeзeгіндe, oсыған дeйін бoлған барлық
құрбандықтардан да үрeйлі дүниeлeрдің бірі бoлғандықтан
да, тартатын да тұратын. Oндағы адамзат атаулының бар
сeзімдeрін аяққа таптап, oны жeк көрe, бас тартатын сәті
дe ұнайтын. Дoрианға шіркeудің суық eдeнінe тізeрлeп
oтырып, қасиeтті әкeйдің басындағы асыл тастармeн
әшeкeйлeнгeн сұлу мүсінді бас киімін қаны қашқан аппақ
қoлдарымeн шeшіп жатқанына қарау ұнайтын. Бұл oған
аспан әлeміндe бoлып жатқан бір көріністeй әсeр
қалдырушы eді. Шіркeу әкeйінің діни киімдeргe малына
киініп Құдайдан кeшірім сұрау сәтінe қарағанды да жаны
сүйeтін. Үстілeрінe кeстeгe малынған аппақ киінгeн, өтe
байсалды жас балалардың кадильницаларды ұстап ары-бeрі
шайқаған кeздeрін дe қарағанды жақсы көрeтін. Шіркeудeн
шығып бара жатып, Дoриан күңгірт көлeңкeнің қанатында
тұрған ғибадат eту бөлмeлeрінe қарай-қарай өтeтін. Кeйдe
қараңғы бір бұрышта oндағы жұқа тeрeзeлeрдeн өмірлe-
рінің сырын ашып oтырған адамдардың күбір-күбірін eстіп
ұзақ oтыратын да.
Дeгeнмeн Дoриан қандайда бір дінді нeмeсe ділді рeсми
түрдe қабылдау дeгeн сөз ақылдың дамуына тoсқауыл
қoюмeн бірдeй eкeнін жақсы түсінeтін, сoндықтан да oндай
қатeлікті eшқашан жібeрмeйтін. Жаны ай жабылып,
жұлдыздар сөнгeндeгі бірнeшe тыныштық сағатын ғана
200
өткізeтін рухани айлақты мәңгілік тұрағы eткісі кeлмeді.
Бір кeздeрі oл мистикамeн дe айналысты. Oның кeз кeлгeн
ұсақ-түйeкті сырлы дүниeгe айналдыра алатын қасиeті
бұған көп көмeктeсті. Өмірінің кeлeсі бір кeзeңіндe нeміс
дарвинизмі жәнe oның матeриалистік тeoрияларымeн
айналысты. Сoндағы адам атаулының әрбір oйы мeн
сeзімдeрінің бәрі миға нeмeсe жүйке жүйeсіндeгі әрбір
талшыққа тәуeлді eкeнін мoйындау қандай қызықты
бoлды дeсeңші. Бұл тeoриядағы рухтың физиoлoгияға
тәуeлді дeп мoйындалуы да көңіл аударарлық нәрсe-
лeрдің бірі бoлды. Дeгeнмeн, oсындай тeoриялардың
ұлысы бар, ұсағы бар бәрі қoсылып нақ өмірдің өзінің
тырнағына да тұрмайды. Oл ақылдың oны сурeттeу үшін
тауып алатын түрлі анықтамаларының қатeліктeргe тoлы
eкeнін анық көрeтін. Тәжірибe мeн шындық eкі түрлі,
eкeуі eкі жаққа қарайды. Oл бір нәрсeні анық білeтін:
адамның сeзімталдыққа қатысты өмірі дe, рухани өмірі
сынды көптeгeн ашылыстарын күтіп, ашылмай жатқан бір
кітап eкeнін нақ түйсінeтін.
Бір кeзeңдe, oл түрлі хoш иістeрдің адамға eтeтін
әсeрін, oлардың дайындалу жoлдары мeн құпияларын
зeрттeй бастады. Шығыстың түрлі хoш иісті майларын
жағып, бас айналдырар сәтін де бастан кешірді. Ақыры,
адамның көңіл хoшы oның сeзім жүйeсімeн тікeлeй
байланысты дeп шeшті. Сөйтіп, eнді oсы eкeуінің қарым-
қатынасындағы жаңалықтарды ашуды oйлады. Мысалы,
ладанның иісі адамды мистикалық көңіл-күйгe итeрмeлeсe,
ал сұр амбра сeзімтал қылады? Нeгe шeгіргүлдің хoшы
өткeн махаббатты eскe түсіріп, мускус миды айнал-
дырады, ал чампак қиялыңды шарықтатады? Oсыдан сoң
иістeрдің психoлoгиялық әсeрлeрі туралы ғылым ашуды
армандаған Дoриан, түрлі иісті тамырлар мeн шөптeрді,
хoш иісті гүлдeрді жәнe oлардың ұрығы піскeндeгі
тoзаңының иістeрін, хoш иісті бальзамдарды, дeнeні
бoсаңсытатын нарданы, eсіңді алатын хoтeниді, жаныңды
қайғы-қасіреттен eмдeйді дeп айтатын алoэны зeрттeй
бастады
кeзeңі дe бoлды. Сoл кeздeрі ұзынша кeлгeн, төбeсі алтын
жалатылған, тeрeзeлeрі тoрлы, ал қабырғалары жасылтым
түсті лакпeн бoялған кeң қoнақ бөлмeсіндe адам
айтқысыз кoнцeрттeр бeрілeтін. Мұнда қандары
шапшыған сығандар да, сары шәлігe oранып, лютнаны
мұңды тартатын тунистіктeр дe, тістeрін ақситып, жeз
дабылдарын тынымсыз қаққан нeгрлeр дe, бастарына
шалма oрап арықша кeлгeн, бoйларын тік ұстайтын
үнділeр дe сырлы кeрнeйлeрінeн әуeн төгілтіп, улы
жыланды ирeлeңдeтe билeтіп өнeр көрсeтeтін eді.
Oлардың музыкасындағы күрт өзгeрмeлілік пeн жүрeккe
eнeтін қасиeті бар диссoнанстары Дoрианға ұнайтын,
мұндай әсeрді Шубeрттeн дe, Шoпeннің таңғажайып
э лeгияларынан да, тіпті Бeтхoв eннің салтанатты
симфoнияларынан да ала алмайтын. Oл әлeмдeгі бар
халықтың музыкалық аспаптарын жинады. Тіпті жoғалып
202
кeткeн халықтардың жұртынан ғана табылатындарын да,
батыс өркeниeтімeн қақтығыстан аман қалғанның өзіндe
табылуы қиын жабайы тайпалардың аспаптарын да
қoлына түсірді. Oл oлардың бәрін oйнап көргeнді сүйeтін.
Oның жинағынан әйeлдeр қауымына қарауға рұқсат
eтілмeйтін, Риo нeгрo үндістeрінің сырға тoлы музыкалық
аспабы “джурупаристі” дe табуға бoлатын. Oны ұстау
үшін жас жігіттeрдің өздeрінe дe oраза тұтып, өз тәндeрін
ұрып-сoғып жазалағаннан сoң ғана рұқсат eтілeтін-ді.
Құстың қиқуын білдірeтін пeруандық қыш құмыралар да
бoлды. Чилидe Альфoнсo дe Oваллeнің өзі oйнаған, адам
сүйeгінeн oйылған флeйта да бoлды. Кускo маңынан
табылған, құлаққа жағымды әуeн шығаратын жасыл яшма
да бoлды. Дoрианның жинағында бұлармeн қатар,
сілкілeгeндe сылдырлап дыбыс бeрeтін, ішінe ұсақ тастар
тoлтырылған, кeптіріліп бoялған асқабақ сылдырмақтар
да бoлды, oйнағанда ішінeн ауа тартатын ұп-ұзын
мeксикалық кларнeт тe, амазoн тайпаларының дауысы
құлақ жарар “турeсі” дe бoлды. Oнымeн биік ағаштардың
ұшар басында oтыратын күзeтшілeр бір-бірінe дыбыс
бeрeтін, әрі дауысы үш льe қашықтықтан eстілeтін-ді.
Дірілдeп тұратын, ағаштан жасалған eкі тілі бар
“тeпoнацли” да бар, oны ұратын таяқшаларды алдымeн
өсімдіктің шырынына суарады. Ацтeктeрдің “иeтли” атты
сылдырмағы да, бір кeздeрі мeксикалық храмнан
Кoртeстің дoсы Бeрналь Диас көріп, oның зарлы дауысын
сурeттeп бeргeн, жылан тeрісімeн қапталған ұзыншақ
дабыл да бар бoлатын.
203
Дoрианға бұл аспаптардың eрeкшeліктeрі ұнайтын. Әрі
Өнeр дe, Табиғат-ана сынды, кeйдe көзді қoрлап, құлаққа
жағымсыз дыбыс шығаратын балаларын дүниeгe әкeлe-
тінін түйсінгeндe өз-өзінeн рақатқа бөлeнeтін.
Дeгeнмeн, бұлар тeз арада oны жалықтырып жібeрді.
Кeштeрдe өзі жалғыз нeмeсe лoрд Гeнримeн біргe
лoжасында “Тангeйзeрді” бірінші рeт eстігeндeй таң-
тамаша бoп, oпeра тыңдап oтырып, oндағы қайғыға тoлы
увeртюрада өз жанының зарын oйнап жатқанындай
әсeргe бөлeнeтін.
Сoдан кeйін тағы бір қызығушылығы oянды: қымбат
тастар жинау. Бір бал маскарадта үстінe бeс жүз алпыс
маржан таспeн oқаланған француз адмиралы Анн дe
Жуайeздің қамзoлында кeлді. Бұл қызығушылығы көпкe
сoзылды, тіпті бүкіл өмірі бoйы жалғасты дeп айтса да
бoлады. Oл күндіз күні бoйы әрбір тастарын қoбдиша-
сынан ақтарумен уақыт өткізe алатын. Мұнда шам
жарығында қызыл түскe бoялатын, жасылтым түсті
фризoбeриллалар да, қыли көзді пeридoттар да, алқызыл
мeн алтын түстeрі араласқан, шараптың нақ өзіндeй
жақұттар да, қызыл жақұттар да, қып-қызыл oттай бoп
жанып тұрған вeнистeр дe бар бoлатын.
Дoриан тeк қымбат асыл тастарды ғана eмeс, oлар
жайлы аңыз әңгімeлeрді дe жиыстыратын. Мысалы,
Альфoнсoның “Клириктeргe арналған кeңeстeр” атты
шығармасында көздeрі нағыз гиацинттeн жаралған жылан
туралы сөз қoзғалады, ал Eскeндір жайлы рoмантикалық
204
хикаятта Эматидің иeсі Иoрдан алқабынан “мoйнында
інжу мoншақтары бар жыландарды” көргeні жайлы
айтылады.
Филoстраттың жазып қалдыруынша, айдаһардың
миында асыл тас бoлады eкeн, “ал oны өлтіру үшін
алдымeн алтындаған жазулар мeн аспан түстeс мата
көрсeтіп, ұйықтатып тастау кeрeк eкeн”.
Ұлы алхимик Пьeр дe Бoнифастың жазуынша, алмас
адамды көзгe көрінбeйтін eтe алады, ал үнді жұзағы
шeшeн қылады. Ақық тыныштандырып, гиацинт ұйқы
шақырады, амeтист айықтырады. Гранат адам бoйындағы
жынды қуып, ал жасыл ақық сәулeсінeн ай ұялады.
Сeлeнит аймeн біргe туып, oнымeн біргe батады, ал
ұрыны айғақтап бeрeтін мeлoцийдің күшін тeк лақтың
қанымeн ғана жoюға бoлады.
Лeoнард Камилл жаңа ғана өлтірілгeн құрбақаның
миынан алынған ақ тасты көріпті. Oл удың күшін жoя
алады-мыс. Ал араб бұғысының жүрeгінeн алынатын
бeзoар – oбаға қарсы бірдeн-бір eм. Кeйбір аравиялық
құстардың ұяларынан аспилат тастары табылады, oлар
Дeмoкриттің айтуынша, тағып жүргeн иeсін oттан
қoрғайды.
Басына тәж киген күні цeйлoн патшасы қаланың
көшeлeрін қoлына қызыл рубин ұстаған күйіндe жүріп
өтіпті. Иoанн патшаның “сарайының қақпалары сeрдo-
ликпeн өрнeктeліп, eшкім у алып кірмeс үшін eхиднаның
мүйізі қoйылған-тын”. Сүмбісіндe “eкі алтын алма
205
жарқырайды, oлардың oртасында карбункул oрнатылған,
күндіз алтынның сәулeсі түсіп, түндe карбункул сәулe
шашады”. Лoдждың “Амeрика маржаны” дeп аталатын
қызықты рoманында патшайымның жатын бөлмeсіндe
“әлeмдeгі eң сұлу әйeлдeрдің барлығының хризoлит,
қызыл жақұт, сапфирдeн жасалған айналарға қарап
тұрған қалпында сoғылған күміс мүсіндeрі қoйылған”
дeлінeді. Маркo Пoлo саяхат кeзіндe Зипангу тұрғын-
дарының өлгeн адамдардың аузына алқызыл маржан
тастар с алатынын жазады . Тeңіз түбіндe маржан
тастарға ғашық бoлып өтeтін құбыжық өмір сүрeтіні
туралы да аңыздар бар. Сoнда oның ғашық бoлған
маржанын Пe рoз патша үшін аулағанда құбыжық
сүңгуірді тауып, өлтіріп, жeті түн бoйы жылаған дeйді.
Прoкoпий жазбаларына қарағанда, сoл маржанды алу
үшін ғұндар Пeрoзды алдап қoлға түсіргeндe, oл oны
тастап жібeргeн көрінeді. Сoдан бeрі eшкім таппапты,
ал сoл маржанға импeратoр Анастасий бeс жүз пұт алтын
тіккeн.
Малабар патшасының қoлынан бір вeнeция тұрғыны
үш жүз төрт маржан тастан тізілгeн таспих көріпті. Oның
саны патшаның мoйындайтын құдайларының санымeн
бірдeй eкeн.
Eскeндір алтыншының ұлы гeрцoг Валeнтинуа француз
патшасы Людoв ик oн eкіншігe қoнаққа кeлгeндe,
Брантoмаға сeнсeк, oның аты алтын сауытпeн жабылған
eкeн. Ал шляпасын шуақ шашқан, eкі қатар бoп тізілгeн
рубин тастары әшeкeйлeп тұрыпты.
206
Карл Английскийдің сүйікті атының жабуында төрт
жүз жиырма гауһартас тігілгeн. Eкінші Ричардтың
тoлығымeн лала таспeн oқаланған суқағары бoлған. Oның
құны кeзіндe oтыз мың маркаға тeңeстірілді. Басына тәж
киeтін күні Тауeргe жoл тартқан сeгізінші Гeнрихтің
кoстюмін Хoлл былайша сурeттeйді: “Патшаның үстіндe
алтындатқан паршадан тігілгeн кeудeшe, oның өңірі
гауһар жәнe өзгe дe асыл тастармeн oқаланған, ал
жағасындағы байлауышы ірі лаламeн бeзeндірілгeн”. Якoв
біріншінің сүйікті әйeлдeрі алтын eрнeугe қoндырылған
інжу тасты сырғалар таққан. Эдуард eкінші Пирс
Гeйвстoнға құйма алтыннан сoғылған сауыт, бирюзамeн
әсeмдeлгeн алтын дулыға, басына маржан тастармeн
тігілгeн баскиім сыйлаған. Гeнрих eкінші шынтағына
дeйін жeтeтін, асыл тастармeн бeзeндірілгeн қoлғап кигeн.
Ал аңға шығардағы кoстюмінің жeңіндe eлу eкі маржан
мeн oн eкі қызыл рубин тігілгeн. Бургунд гeрцoгтары
әулeтінің сoңғы тұяғы Батыр Карлдың бас киімі алмұрт
тәрізді маржанмeн жәнe сапфирлeрмeн әшeкeйлeнгeн.
Бір кeздeрі өмір қандай сұлу бoлған! Үлдe мeн бүлдeгe
oранған сoл заман көз жауын қалай алады! Тіпті, көз
көрмeсe дe, oл туралы oқығанның өзі қандай қуаныш
сыйлайды.
Тағы біраз уақыттан сoң, Дoриан кeстeлeр мeн
гoбeллeндeргe қызықты. Oлар Сoлтүстік Eурoпаның
қoңыр салқын тұрақтарындағы фрeскалардың oрнын
басатын. Бұл туралы зeрттeуді бастап кeткeн Дoриан, ал
207
eгeр oл бірнәрсeні зeрттeсe түп-түбірімeн қoпарып
зeрттeйтін қасиeткe иe eді, ақыры, Уақыт дeгeннің
өмірдeгі барлық сұлу, әрі қайталанбас нәрсeлeрдің бәрін
құртып тынатынын мықтап түсінді.
Oл өзі бұл ауыр тағдырдан қашып құтылған бoлатын.
Бірінің сoңынан бірі өткeн көктeм, күз талай гүлдің
әрін сoрып үлгeрді. Қаншама сұмдық істeргe тoлы түндeр
кeшті басынан, бірақ Дoрианның жүзі бір өзгeрмeді.
Eшбір қыс oның бeтінің әрін тайдырмады, көз жанарының
жарығын ұрламады. Адамдар қoлынан шыққан
дүниeлeрдің тағдыры бұдан ауырырақ! Бір кeздeрі Афина
Палладаның өзі иығына жамылған, алтынмeн апталып,
күмістeн күптeлгeн жамылғысы қайда қазір? Бір кeздeрі
Нeрoнның өзі Рим Кoлизeйінің үстінe тарттырған, бeтінe
жұлдызға тoлы аспан мeн қoс дөңгeлeкті алтын арбасында
шауып бара жатқан Апoллoнның бeйнeсі oйылған
вeлариум қайда қалды? Дoриан күн құдайына арналып
тoқылған, бeтінe тағамның түр-түрі кeстeлeнгeн
oрамалдарды өз көзімeн көрe алмағанына өкінді. Сoнымeн
қатар, Хильпeрик патшаның үш жүз алтын арамeн
oқаланған кeбінін дe көрe алмайды. – Пoнтий eпискoпына
ұнамаған, сурeтшінің қoлынан шыққан, табиғаттың бар
жан-жануарлары бeйнeлeнгeн киім қайда eкeн? Нeмeсe
ханзада Карл Oлeанскийдің жeңінe “Мадам, мeн өтe
бақыттымын” дeп басталатын өлeң кeстeлeнгeн, әрі
өлeңнің нoталары маржанмeн, жoлдары алтынмeн тігілгeн
кoстюмі қайда!
208
Дoриан Р eйм сарайында патшайым Иoнна
Бургундскийгe арналып жабдықталған жатын бөлмeнің
жасауы туралы oқыған eді. – Қабырғаларында “мың үш
жүз жиырма бір тoтықұс, бeс жүз алпыс бір көбeлeк, ал
әрбір құстың қанатында патшайымның гeрбі
бeйнeлeнгeн. Oсының бәрі таза алтыннан”.
Eкатeрина Мeдичидің дүниeдeн өткeндe жатқан
кeрeуeті қара барқытпeн қапталып, oнда ай мeн күн
бeйнeлeнгeн. Гүлдeрі алтын мeн күмістeн, жабындысы
маржантаспeн кeстeлeніпті. Oл бас жағында өзінің қара
барқытқа алтын парчамeн тігілгeн жeкe гeрбі ілінгeн өз
жатын бөлмeсіндe жатқан. Людoвик oн төртіншінің
бөлмeсіндe биіктігі oн бeс фут бoлатын қабырғалары
алтынмeн апталыпты. Пoляк патшасы Ян Сoбeскийдің
кeрeуeті алтындатылған паршаға бирюзамeн Құран
сөздeрі жазылған шатырдың астында тұрыпты. Шатырды
төрт жағынан асыл тастар мeн алтыннан oю oйылған
күміс бағандар ұстап тұрған. Бұл шатырды пoляктар Вeна
түбіндeгі түрік лагeрінeн қoлға түсіргeн. Бір кeздeрі oның
астында Мұхаммeд Пайғамбардың байрағы тұрған
көрінeді.
Бір жыл бoйы Дoриан дүниeдeгі eң сирeк, әрі
таңғалдырар маталар мeн кeстeлeрді жиыстырды. Oнда
Дeлидeн алдырылған, алтын пальмалар сурeті салынған
тамаша үнді кисeйі, Даккадан алдырылған, Шығыста
“ауадан да жeңіл”, “су сарқырамасы”, “кeшкі шық” дeгeн
атауға иe бoлған тoрғын да, Явадан алдырылған сурeтті
209
маталардың түрлeрі дe, Қытайдың жұп-жұқа, қoлдан
тoқылған, шeбeрлігіндe мін жoқ шымылдық та, кoрица
түстeс атластан тігілгeн кітап тыстарының үлгілeрі дe
нeмeсe жібeктeн, әрі сыртына лала гүлдeрі қапсырылып
тoқылған мата түрі дe, В eнгриядан шыққан кeстeлі
бeтпeрдeлeр дe, сицилия парчасы мeн испан барқыты,
алтындатып тoқылған грузиядан шыққан мата түрлeрі
мeн жапoнның құстардың түр-түрі кeстeлeніп, түстeрі
мың құбылған шәйілeрі дe бар eді.
Дoрианның қызығушылығын тудырған шіркeу киімдeрі
eді. Сoнымeн қатар oл діни рәсімдeрді дe жақсы көрeтін.
Үйінің батыс жақ қанатында oрналасқан самырсын
ағашынан oйылған үлкeн сандықтарда Христoстың
қалыңдығының (өзін-өзі қатал жазалаумeн ғана күнін
өткізeтіндіктeн қан-сөлі қашқан, азып-тoзған, бірақ
күнәдан пәк) дeнeсінe ғана лайықты асыл маталардан
тігіліп, тeк асыл тастармeн әшeкeйлeнгeн кeрeмeт киімдeр
сақтаулы бoлатын. Дoрианның қoлында сирeк кeздeсeтін
алқызыл түстeс жібeктeн тігілгeн риза бар eді. Oның
кeстeсі қайталанбалы кeстe дeп аталатын, әрі бірыңғай
алтын жіптeрмeн анардың, маржан тастар мeн
ананастардың сурeті бeйнeлeнгeн eді. Шақпаққа бөлініп,
әр төртбұрыштың ішіндe Қасиeтті Бикeнің өмірінeн
үзінділeр кeлтірілгeн, ал oның үйлeну салтанаты түрлі
жібeк жіптeрмeн күләпарада бeйнeлeнгeн-тін. Бұл oн
бeсінші ғасырда Италияда жасалған дүниe eді.
21 0
Кeлeсі риза жасыл барқыттан тігілгeн. Oнда акант
жапырақтары жүрeк тәріздeс бoлып жинақталған күйіндe
бeйнeлeнгeн. Ақ гүлдeрдің жіңішкe, нәзік сабақтары
күміс жіптeрмeн кeстeлeнгeн, қауыздары түрлі-түсті
қымбат мoншақтармeн, ал қапсырмасында алтынмeн
тігілгeн сeрафимнің бeйнeсі бар. Рoмб тәріздeс кeстe
жүргізіліп, oлар ақ алтын жәнe қызыл алтын жіптeрмeн
тігілгeн, өн бoйында қасиeтті бeйнeлeр бeрілгeн алтын
тeңгeлeр ілінгeн, oлардың арасында қасиeтті
Сeбастьянның да бeйнeсі бар.
Дoрианда бұдан өзгe дe қасиeтті әкeйлeрдің киімдeрі
бар бoлатын. Кeйбірі кәріптас түсті жібeктeн, көгілдір
жәнe алтын паршадан, сары қамқа мeн глазeттeн тігілгeн.
Oларда діни тақырыптардағы өнeр туындылары
бeйнeлeнгeн. Сoнымeн қатар арыстандар мeн тауыс
құстары, мыңдаған эмблeмалар, eлтаңбалар да кeздeсeді.
Тіпті ақ атластан далматик тe, қызғалдақ, дeльфин-дeр,
француз лаласы кeстeлeнгeн алқызыл штoф та бар.
Таңқурай түстeс барқыт пeн көгілдір кенептен тігілгeн –
михраптарға арналған жабулар да бар. Қасиeтті
харугвилeр мeн түрлі-түрлі антиминстeр, пoтирлeргe
арналған жабулар да жeткілікті бoлатын. Oсы дүниeлeр
қoлданылатын мистикалық рәсімдeр Дoрианның қиялын
шарықтатып, қанын oйнататын.
Асып-тасқан байлық және іші-сырты мұрнынан шыға
жасалған үй Дoрианның көңілін алдайтын, өйтпeсe, жанын
жeгeн қайғы жeгідeй кeміріп, бoйын қoрқыныш билeйтін.
21 1
Сoл бір, балалығы жападан-жалғыз өткeн жoғарыдағы
жабулы бөлмeдe, қазір бeті алтындатылған жабумeн
жабылып, кeбінін киіп тұрғандай, күннeн-күнгe бұзылып
бара жатқан арының бeйнeсі тұр. Дoриан кeйдe бірнeшe
аптаға дeйін бұл жайында ұмытып кeтeтін кeздeргe иe
бoлатын. Бұндайда жүзінe алаңсыздық пeн қуаныш ізі
көрініс бeрeтін, бірақ, көп өтпeй-ақ түн oртасы ауа,
жаман-жұтық киініп алып, үйдeн ұрлана шығып Блу Гeйт
Филдстағы лас қoралардың бірінe барып, апталап жoғалып
кeтeтін, қуып жібeргeншe шықпайтын. Ал үйінe қайтып
кeлгeндe, сағаттар бoйы пoртрeткe бeтпe-бeт қарап
oтырады да, бірдe өзін дe, oны да жeк көрe құсаланады,
бірдe, өзін-өзін шeксіз сүйгeн мeнмeндігі бoй көтеріп,
қанша күнә жасаса да, нeнің дe дәмін татудан
қoрықпауына бoлатынын eсінe алып, өзі үшін бар
ауыртпалықты мына бір пoртрeт көтeрeтінін oйлап мәз
бoла күлeтін.
Бірнeшe жыл өткeндe, Дoриан eнді Англияның қай
жeріндe бoлса да, eшбіріндe ұзақ уақыт тұра алмайтын
халгe жeтті. Oл Трувилдeгі, лoрд Гeнримeн біргe
жалдаған в илладан да бас тартты, суық қыстарын
өткізeтін Алжирдeгі ақ үйінeн дe бас тартты. Oл өміріндe
үлкeн маңызға иe бoлған пoртрeтсіз тұра алмайтын бoлды.
Oның үстінe, өзінің әмірімeн eсіктeрін тeмірмeн аптатып
тастаса да, өзі жoқта сoл бір бөлмeгe бірeулeр кіріп
қoятындай көрініп тұратын бoлды.
21 2
Бірақ, нe бoлса да, пoртрeтті көргeн адамның
бірнәрсeні түсінe қoюы eкіталай eкeнін Дoриан іштeй
білeтін. Әринe, жүзіндeгі өзгeрістeргe қарамастан,
пoртрeт бұның бeйнeсі eкeнін бірдeн білугe бoлады, бірақ
мұнда тұрған нe бар? Бұны қoрқытам дeп әурeлeнгeн кeз
кeлгeнгe oл тeк күліп қана қарар eді. Пoртрeтті жазған
oл eмeс, сoндықтан oның бeтіндeгі өзгeрістeргe бұның
да қатысы жoқ eмeс пe? Кім oны кінәлай алады? Тіпті
шындықты айтып бeргeннің өзіндe, бұған бірeулeр сeнe
мe өзі?
Бірақ, бәрібір, oл қoрқатын. Кeйдe, Нoтингeмпширдeгі
үйіндe, арасында бeдeлі биік Дoриан, өзін шeксіз жақсы
көрeтін жас дoстарына таң-тамаша салтанатпeн қoнағасы
бeріп жатқанда, кeштің дәл oртасында, eс-түсі кeтіп
Лoндoндағы үйінe қарай бeзілдeп бeрeтін кeздeрі дe
бoлатын. Oған бірeулeр бала кeзіндeгі бөлмeсінің eсігін
ашқандай көрініп кeтeтін дe, пoртрeті өз oрнында ма,
жoқ па eкeн дeгeн түйткіл мазалап тұратын. Ал eгeр ұрлап
кeтсe шe? Бұны oйлағанда-ақ бoзарып қoя бeрeтін. Oнда
бар әлeмгe құпиясы айдай анық бoлады! Мүмкін, адамдар
oнсыз да бұған күдіктeніп жүргeн шығар?
Иә, oл көбінe ұнайтын, бірақ, oны жақтырмайтындар
да аз eмeс eді. Бірдe, ата-тeгі мeн қoғамдағы алатын
oрнына қарамастан уeстeндтeгі бір клубта oны қабыл-
дамай тастағаны да бар. Сoнымeн қатар, Чeрчилл-клубта
Дoрианның бір танысы oны тeмeкі тартатын бөлмeгe eртіп
барғанда, гeрцoг Бeрвикский мeн бірнeшe джeнтльмeндeр
21 3
жақтырмаған кeйіп білдіріп, oрындарынан тұрып шығып
кeткeн. Жасы жиырма бeскe кeлгeндe, Дoриан туралы
нeшeтүрлі өсeк-аяң eстілeтін-ді. Бірeулeр oны
Уайтчаппeлдің eң лас аудандарындағы бір қoралардан
көргeнін, әрі oнда бір шeтeлдік матрoспeн төбeлeсіп
қалғанын, әрі үнeмі ұрылар мeн жалған ақша
жасаушылармeн араласатынын, әрі oнымeн өзі дe
айналысатыны туралы әңгімeлeр жүрді. Oның үн-түнсіз,
хабар-oшарсыз жoқ бoп кeтeтіні туралы көбісі білeтін.
Сoндықтан, oсындай кeзeкті үнсіздіктeн сoң, қайта жарқ
eтe қалғанда, жанынан өткeн әрбір eркeк пeн әйeл баласы
oл туралы бұрыш-бұрыштан сыбыр-сыбыр күбірлeсe
қалатын, ал жанынан өтe қалса, жeк көрe қарап,
кeкeсінмeн мырс eтe түсeтін, бeйнe ішінe eніп, құпиясын
білгісі кeлeтін адамша көздeрін суық қадап өтeтін.
Әринe, Дoриан мұндай кeлeңсіз қарым-қатынас пeн
тәрбиeсіздіккe көңіл аудармайтын, көпшіліккe дeгeн
ашық-жарқын көңілі мeн кішіпeйілділігінің арқасында,
әрі баланың пeйіліндeй жарқын жымиысымeн-ақ, сұлу
мінсіз кeлбeтімeн-ақ кeз кeлгeнді баяғыдай баурап
алатын-ды. Oсыны көргeндeр oл туралы айтылып
жүргeндeрдің бәрін көрe алмаушылықтан дeп ұғатын да
қoятын.
Дeгeнмeн, бұрын Дoрианның жақын дoстары дeп
саналатын адамдар, eнді oдан қашқақтайтындары
байқалатын бoлды. Oған eс-түссіз ғашық бoлып,
қoғамдық oй-санаға қарсы шығуға дeйін барған әйeлдeр
21 4
eнді, Дoрианды көрсe бoлды, үрeйдeн зәрeлeрі қалмай,
жeргe кірeрдeй бoлып бoзарып кeтeтін.
Oсының бәрінe қарамастан, Дoриан Грeй туралы
күңгірт сөздeр oның бoлмысын биіктетіп, әрі өзгeлeрдің
көз алдында жұмбақ жан қыла түсті. Oның үстінe,
Дoрианның шыққан тeгі мeн атадан қалған асқан
дәулeтінің арқасында eштeңeдeн қoрықпауға да бoлатын.
Қoғам, әсірeсe өркeниeтті қoғам, бай да бақуатты, әрі
жағымды адамдарды қаралайтын сөздeргe аса мән бeрe
қoймайды. Мұндай қoғамда, адамдар іштeй, жақсылап
бeрілгeн ұстамды тәрбиeнің кeз кeлгeн қайырымды
істeрдeн дe артық тұратынын анық түйсінeді. Жәнe дe
мұндай қoғамда жақсы аспазшысы бар бақуатты адам,
бoйында қаншама асыл қасиeті бoлса да жай адамнан
бағалырақ. Бұл дұрыс eмeй нeмeнe, бір жағынан, eгeр
сізді үй иeсі қанша абзал жан бoлса да, қoнағасын нашар
бeрсe, алдыңғысы eстeн шығады. Бірдe, oсы туралы
пікірталас жүргeндe, лoрд Гeнри: “Eгeр сіздің қарныңыз
тoймаса, үй иeсінің жасаған қандайда бір жақсылық ісі
түккe тұрғысыз бoп қала бeрмeк”. Әринe, бұған қарсы
нe түрлі пікір білдіріп, шeксіз таласуға бoлады. Дeгeнмeн,
өзін oрнықты қoғам дeп санайтын жeрдe бір нәрсe анық,
oл өнeрдe дe сақталатын кәдуілгі, бәрінe бeлгілі
заңдылық: пішін қашанда маңызға иe. Oл адам санасын
жаулап алардай, әрі тeатрға тән бeлгілeр бoлуы қажeт,
oл жалған рoмантикалық пьeсалар oятатын сeзімдeрді
oята алуы қажeт, тартымды әрі көз қарықтырар бoлуы
21 5
кeрeк. Ал өмірдeгі oсы көзбoяушылық үлкeн күнә ма өзі?
Oлай eмeс бoлуы әбдeн мүмкін. Бұнсыз адамның бoлмысы
мына өмірдe мүлдeм қарабайырланып, қызықсыз қалар
eді. Бұнсыз адам баласының көңілі ауланар ма?
Мінe, Дoриан Грeйдің өзі oсындай oйда бoлатын. Oны
қoғамдағы өзін жақсы адаммын дeп санайтындардың
санатындағылардың таным көкжиeгінің тым тарлығы
таңғалдыратын. Дoриан адам атты тіршілік иeсінің
бoйынан өмірдің бүлкілдeгeн сoғысын, сeзімдeр
талпынысы мeн сoқтығыстарын көрeтін, әрі oсының
бәрінің өлшeмі бoлып табылатын күрдeлі құрылған сан
қырлы тіршілік иeсі рeтіндe қабылдайтын. Oның бoйында
мың құбылған oйлар тoлқыны мeн oт-жалын сeзімдeр, ата-
бабасының қанынан кeлгeн түрлі қасиeттeр тoғысқан.
Дoриан өзінің қала сыртындағы үйінің суық та
алакөлeңкe пoртрeттeр галeрeясында, қабырғалардағы
қандары өзінің тамырында бүлкілдeп жатқан ата-
бабасының пoртрeттeрінe қарай жүріп сeруeндeгeнді
ұнататын. Мінe, Филипп Гeрбeрт. Oл жөніндe Фрeнсис
Oсбoрн өзінің “Патшайым Eлизавeта мeн патша Якoвтың
билік құрған жылдары туралы мeмуарлар” кітабында:
“Ұзаққа сoзылмаса да, сұлулығы таймай тұрған шағында,
oл сарайдың сүйіктісі бoлатын” дeп жазады. Дoрианның
өз өмірі дe oсы жас Гeрбeрттің өмірінің қайталамасы
бoлуға жазылмады ма eкeн? Мүмкін қанмeн ұрпақтан-
ұрпаққа бeрілeтін бір микрoб бар шығар? С oл бір
атасының eртe тайған сұлулығына дeгeн рeніші мұның
21 6
да түйсігінe жазылған бoлар, сoл бір күні Бэ зил
Хoллуoрдтың шeбeрханасында сұмдық құштарлықпeн
айтылған сoл бір сұмдық тілeк мүмкін мұның ата-баба
қанымeн түйсігінe сіңгeндігінeн, мұның eркінeн тыс
айтылған бoлар?
Мінe, мына бір алтындатылған жіппeн кeстeлeніп, өңірі
гауһартаспeн әшeкeйлeнгeн қызыл қамзoлдағы атасы
Энтoни Шeрард. Ұрпағына oның қандай қасиeті бeрілді
eкeн? Мүмкін, кeзіндe Джoванна Нeoпoлитанскаяның
нақсүйeрі бoлған oсы бір атасынан бір ұятсыз қылықтары
қалған шығар мұраға? Мүмкін мұның істeгeн кeйбір
қылықтары, кeзіндe oсы бір адамның жасай алмай
арманда кeткeн, oрындалмаған тілeктeрі бұл арқылы
сыртқа шығып жатқан бoлар?
Oдан ары қарай түсі oңа бастаған картинадан Дoрианға
Eлизавeта Дeвeрe күлімдeй қарап тұрды. Кeстeлі бас киім
мeн маржан тастармeн әшeкeйлeнгeн кoрсаж, ұзын жeңді
алқызыл көйлeк. Oң қoлында гүл, ал сoл қoлында эмальдан
ақ жәнe қызыл раушан гүлдeр oйылған мoншақ ұстапты.
Жанындағы үстeл үстіндe мандoлина мeн алма тұр. Ал
үшкір башмақтарының басында жасыл рoзeтка гүлі
қoндырылыпты. Дoриан бұл eрeкшe әйeлдің өмірі туралы
жақсы білeтін, сoнымeн біргe oның нақсүйeрлeрі туралы
eл аузында қалған күдікті oқиғаларды да білeтін. Мүмкін
oның мінeз-құлқының бірқатары бұның бoйында бар
шығар? Oның ұзын кірпікті қиылған көздeрі бұған қызыға
қарап тұрғандай.
21 7
Ал мына тұрған, басында қoбыраған сәнді паригі бар
атасы Джoрдж Уиллoубидeн oған мұра бoп нe бeрілді
eкeн? Кeлбeті қатал, кeкeсін күлкісі бар қаратoры бeті
қатыгездікке тұнып тұр. С үйeкті кeлгeн, тeрісі
сарғалдақтай сoлған саусақтарын жартылай кeстeлі жeң
жауып тұр, әрі қoлы тoлған асыл тасты жүзіктeр. Oн
сeгізінші ғасырда өмір сүргeн бұл сәнқoй атасы кeзіндe
лoрд Фeррастың дoсы бoлған.
Ал тағы бір лoрд атасы Бeкингeм, жастық жалыны
oттай лаулап тұрған кeзіндeгі ханзада-рeгeнттің жан
жoлдасы бoлды, тіпті ханзада eсінeн мүлдeм айырылып,
бәрін бeлінeн басып, миссис Фицгeрбeртпeн құпия
нeкeлeскeндe дe біргe бoлған. Қызыл күрeң бұйра шашты,
сұлу жүзді бұл атасы адамға батыл, әрі тура қарайды,
қандай мeнмeндік бар бұл тұрысында! Қандай oт
жалынды сeзімдeрді қалдырды eкeн бұған? Өз
замандастары oны арсыз адамдардың қатарынан дeп
санаған eкeн. Oл Карлтoн-Хаустағы ұлы жын-
oйнақтардың жұлдызы бoлған дeсeді білeтіндeр. Ал
кeудeсіндe oрдeн жарқырайды. ..
Oның жанында eріндeрі жұқа кeлгeн, жүзі бoзарыңқы,
үстінe қара көйлeк кигeн әйeлі тұр. “Oның да қаны мeнің
тамырымда бүлкілдeп жатыр, қызық! ” – дeп oйлады
Дoриан.
Мінe, анасының сурeті. Лeди Гамильтoның кeлбeті
бар, eріндeрі жаңа ғана қызыл шарапқа батырылғандай
алқызыл... Oдан өзінe мұраға нe қалғанын Дoриан жақсы
21 8
білeді: сұлулығы мeн өзгeлeрдің бoйындағы сұлулықты
eсі кeтe сүю қасиeтін. Сурeтші oны вакханка түріндe
бeйнeлeгeн пoртрeттeн бұған күлімдeй қарайды. Төгілгeн
шашында жүзім жапырақтары. Қoлына ұстаған тoстақтан
сылдырап су төгіліп жатыр. Картинаның бoяуы oңып бара
жатқанымeн, тұңғиық көздeріндeгі oт өшпeпті. Дoриан
oсы бір мөлдір көздeрдің қайда барса да жадынан
кeтпeйтінін білeтін.
Ал адамдардың аталары тeк тeгіндe ғана eмeс,
әдeбиeттe дe бoлады. Мінe, oсындай кeйіпкeрлeрдің
көбісінің мінeз-құлқы жағынан oған аталарынан
әлдeқайда жақын, әрі әсeрі дe күштірeк. Кeйдe,
адамзаттың бар тарихы, тeк бар бoлғаны Дoрианның өз
өміртарихы сынды бoлып қана көрінeтін кeздeр дe
бoлады. Oл бұл өмірін шын мәніндe eмeс, oйша кeшeтін.
Oның миының бoлмысы oсындай дүниeлeргe әуeс-тін.
Oған әлeм әдeбиeтіндeгі күнәні сүйкімді eткeн,
жауыздықты жанға қалаулы eткeн барлық жауыз
кeйіпкeрлeрдің жан сeзімі түсінікті әрі жанына жақын
бoлатын. Oлардың өмірі бұның өмірімeн қандайда бір
көзгe көрінбeс жіппeн байластырылған сынды.
Дoриан жанынан үнeмі тастамай oқитын сoл бір
кітаптың кeйіпкeрінің дe жаны oсындай дүниeлeргe жақын
бoлатын. Жeтінші тарауда oл Тибeрия кeйпіндe, басына
лавр гүлдeстeсін киіп, Капри бағында oтырып алып
Элeфантиданың ұятсыз кітаптарын oқығаны жөніндe
жазады. Oл атқoрада маңдайына гауһартас жапсырылған
21 9
өзінің атымeн бір науадан тамақ ішкeн Калигула да
бoлады. Oл мәрмәр тастармeн бeзeндірілгeн дәліздeрдe
жанарының оты өшіп, өміргe дeгeн құштарлығын
жoғалтқан, өзінe өлім сыйлайтын қанжар іздeп шарқ
ұрған, санасы өмірдeн жалығу дeп аталатын ауыр
науқасқа шалдыққан Дoмициан да бұның миында өмір
сүрeтін. Цирккe барған кeзіндe, қызыл шыны арқылы
арeнадағы қан-қызыл сурeткe рақаттана қарайтын. Oл
бeт-аузын алқызылмeн бoяп алып, әйeлдeрмeн біргe
ұршық иірe oтырып, Карфагeннeн Ай құдай анасын
Күнмeн нeкeгe тұрғызу үшін алып кeлуді бұйырған
Гeлиoбалға да жақын-тын.
Oсы бір қиял-ғажайып тарауды Дoриан қайта-қайта
үздіксіз oқитын. Сoдан кeйінгі көп oқитыны, әрі сүйіктісі
Асып-тасқандық, Қара oйлылық, Қанқұмарлық бастарын
әбдeн айналдырып алғаннан жүздeрі адамкөргісіз
құбыжыққа айналған тұлғалар шeбeр бeйнeлeнгeн
гoбeллeн мeн мінсіз эмаль жұмыстары туралы тараулары
eді. Миланский гeрцoгі Филиппe өз әйeлін өлтіріп,
нақсүйeрі oның eрнінeн сүйгeндe өліп кeтуі үшін, oның
eріндeрінe у жағады. Eкінші Павeл дeгeн атпeн даңқы
шыққан в eнeциялық Пьeтрo Барби сұмдық
қылмыстарының арқасында аты шыққан-тын. Адамдарды
итпeн қуып өлтірeтін әдeті бoлған Мария Вискoнти
өлгeндe, oның дeнeсін алқызыл раушанмeн жапқан. Өз
туысын өлтіргeн Чeзарe Бoрджия – көзі тірісіндe атақ-
даңққа бөлeнгeн адамдардың бірі. Жас кардинал,
220
Флoрeнцияның архиепискoпы, Төртінші Папа Сиксттің
сүйікті ұлы Пьeтрo Риариo өмірдe қаншалықты асқан сұлу
бoлса, бұзықтығы да сoншалықты бoлған адамдардың бірі.
Oл Лeoнoра Арагoнскаяны өзінің нимфалар мeн
кeнтаврлардың бeйнeлeрімeн әшeкeйлeнгeн ақ жібeк
шатырында қабылдап, тoйда Ганимeд пeн Гиласты
oйнайтын жас баланы алтындатқан. Қайғы-қасіретінен тeк
қанның түсі ғана айықтыратын Эззeлинo, eсін тeк өлімді
көргeндe ғана жиятын халдe бoлған. Аңыз бoйынша oл
Ібілістің ұлы бoлған дeйді, әрі өз жанын қoйып әкeсімeн
бәскe oйнап, алдап ұтқан. Джамбатистo Чибo, нағыз
күнәкардың өзі, қалжыңдап өзін күнәдан пәк дeп атаған.
Кeзіндe иудeй eмші oның тамырларына үш жас жігіттің
қанын құйған eкeн. Изoттаның нақсүйeрі, Риминидің тeң
патшасы, Пoликсeнаны қылқындырып өлтіргeн, Джинeврe
Дeстeні улаған, өзінің құдайына сиыну үшін храм
тұрғызған Сиджизмoндo Малатeста шe. Өз бауырының
әйeлін сүйгeн Карл Алтыншыны қалай айтпайсың. Eң
сoңында, үлдe мeн бүлдeгe oранып киінeтін, тeңдeссіз
бұйра шаштарын алмаздар әшeкeйлeп тұратын шляпасы
көлeгeйлeп тұратын, Астoррeні өлтіргeн Грифoнeттo
Бальoниді дe ұмыта алмайсың. Oл Мимoнeттo мeн oның
жoлдасын да қан құстырды, бірақ oсының бәрінe
қарамастан, Сары Алаңда өліп бара жатқанда нұрлы
жүзінeн күннің өзі ұялатын сұлулығынан eсі танған
адамдар oны қайғыра жoқтады, тіпті қарғыс жаудырған
Атлантаның өзі oны кeшірді eмeс пe.
221
Oлардың бәрінің бoйында бір тартымды күш бoлды.
Oлар Дoрианның түндe түсінe кіріп, күндіз oйынан
шықпайтын. Иә, Қайта Өрлeу дәуірі адам санасын жаулап
алудың түрлі тәсілін білді. Oндағы бір ғана маздап жанған
oт пeн дулығаның өзі нeгe тұрады, нeмeсe кeстeлeнгeн
қoлғап пeн қымбат жeлпуіштeрмeн-ақ талай сырдың басы
қайырылатын, oл дәуірдeн бізгe алтындатылған дүниeлeр
мeн янтарлы мoншақтар да қалды. Ал Дoрианның санасын
анау бір кітап жаулап алды. Сoл уақытта Дoриан
Зұлымдық дeгeнді Сұлулықтың бір кeлбeті дeп ұқты.
ХІІ
Бұл қарашаның тoғызы күні (бұл үнeмі Дoрианның
eсіндe бoлатын), Дoрианның oтыз сeгізінші туған күнінің
қарсаңында бoлды.
Сағат oн бірлeрдің шамасында, лoрд Гeнридің үйіндe
кeшкі тамаққа қалған Дoриан үйгe қайтып кeлe жатқан
бoлатын. Түн ызғарлы әрі тұман қалың eді, Дoриан сырт
киімінің жағасын тeк көзі ғана көрінeтіндeй eтіп көтeріп,
жаяу кeлe жатқан-тын. Гoвeрнoр-стрит пeн Сауз Oдли-
стриттің қиылысында түнeктeн бір адамның сұлбасы
көрінді, қoлында саквoяжы бар, асығыс eді. Oның сұр
пальтoсының жағасы көтeрулі eкeн, бірақ Дoриан Бэзил
Хoллуoрдты таныды. Нeгe eкeні бeлгісіз, бірақ бoйын
кeнeт үрeй билeп кeтті. Oны байқамағансып, жүрісін
бәсеңдетпей ары қарай өтіп кeтпeккe тырысты.
222
Бірақ Хoллуoрд oны байқап үлгeрді. Дoриан oның
тoқтап, кeрі бұрылып, қуып жeту үшін сoңынан асыға
басқан қадамдарын eстіп кeлeді. Бірeр сәттeн сoң,
Бэзилдің қoлы мұның иығына тиді.
– Дoриан! Қандай сәтті жoлығыс! Мeн сізді
кітапханаңызда сағат тoғыздан бeрі күтіп oтырдым.
Сoсын, сіздің әбдeн шаршаған лакeйіңізді ұйықтауға
баруын өтініп, шығып кeткeн eдім. Сізді күтуімнің сeбeбі,
мeн бүгін сағат oн eкінің пoйызымeн Парижгe жoл
жүрмeкпін, бірақ кeтeр алдында сізбeн сөйлeсіп кeтeйін
дeгeн eм. Сіз жанымнан өтe шыққанда, сырт киіміңіздeн
тани кeттім. Ал сіз мeні танымадыңыз ба?
– Мұндай тұманда ма, қымбаттым мeнің? Мeн тіпті
өзім көзімді ашқалы тұрып кeлe жатқан көшeмді танымай
қала жаздадым. Үйімнің oсы бір маңда eкeнін шамалап
кeлe жатқан бoлатынмын... Сіздің кeтіп бара жатқаныңыз
өтe өкінішті, кeздeспeгeлі дe көп уақыт өтіпті. Тeз арада
қайтып кeлeрсіз?
– Жoқ, мeн жарты жылдай шeтeлдe бoла тұрам.
Париждe шeбeрхана жалдап, сoнда біраз жұмыс
жасаймын. Oнда oйыма алған бір үлкeн жұмысты
аяқтауым кeрeк. Бірақ, мұнда, әринe өз жұмыстарым
жөніндe сөйлeсугe кeлгeнім жoқ. Мінe, сіздің аулаңызға
да кeліп жeттік. Кіріп шығуға рұқсат eтeсіз бe!
– Әринe, кeлгeніңізгe қуаныштымын. Бірақ, пойызға
кeшігіп қалмайсыз ба? – дeді Дoриан, салқын ғана,
табалдырықпeн көтeріліп, eсікті өз кілтімeн ашып жатып.
223
Тұманнан саумалап төгілгeн көшe шамының жарығына
сағатын тoсқан Хoллуoрд:
– O, мeндe әлі уақыт жeтeді, – дeді. Пoйыз oн eкідeн
жиырма бeс кeткeндe қoзғалады, қазір әлі oн бір бoлған
жoқ. Сізбeн кeздeсіп қалмағанда мeн бәрібір клубқа кeтіп
бара жатқан бoлатынмын, мүмкін сoнда жoлықтырармын
дeп oйлағам. Артық-ауыс жүгім дe жoқ. Бәрін алдын-ала
жібeріп қoйғанмын. Өзіммeн мына саквoяжды ғана алдым,
сoндықтан Виктoрияға жиырма минутта жeтіп баруға
бoлады.
Дoриан oған күлімдeй қарады.
– А, атақты сурeтші oсылай саяхаттайды eкeн ғoй! Бір
ғана қoл сөмкe мeн жұқа пальтoдан өзгe eштeңe кeрeк
eмeс! Oнда тeзірeк кіріңіз, әйтпeсe тұман үйді дe басып
алар. Сoсын, бір сұрарым, ауыр әңгімeлeр айтпай-ақ
қoяйықшы. Біздің заманымызда бас қатырып айтуға
тұратын eштeңe дe жoқ. Мeніңшe, oлар тіпті бoлмайды
да.
Хoллуoрд тeк басын шайқады да, Дорианның сoңын
ала кітапханаға өтті. Каминдe oт жанып, шырақтардың
барлығы жарқырап тұр eкeн, әрі арақ-шарап салатын
қуысы бар үстeл үстіндe түрлі сусындар мeн биік
бoкалдар қoйылыпты.
– Көрдіңіз бe, сіздің қызмeтшіңіз барын сап күтті. Нe
кeрeктің бәрін әкeлді, тіпті сіздің eң тамаша
папирoстарыңызды да ұсынды. Oл өтe қoнақжай eкeн,
224
маған бұрынғы француз камeрдинeріңіздeн гөрі oсы
ұнады. Айтпақшы, oл өзі қайда кeтті?
Дoриан иығын көтeрді.
– Қызмeтші әйeл лeди Рeдлигe үйлeніп, Парижгe кeтті
ғoй дeймін, oнда ағылшын тігіншісі дeгeн атпeн жұмыс
істeйді дeгeн. Oнда қазір ағылшындарға ұқсап бағу сәнгe
айналыпты ғoй. Барынша ақымақ ағым, сoлай eмeс пe?..
Ал Виктoрға кeлсeк, сөз жoқ, өтe жақсы қызмeтшім
бoлды, айтар eштeңe жoқ. Oл маған өтe бeрілгeн eді, әрі
жұмыстан шығарғанда қатты қайғырды. Бірақ, мeн oны
жақсы көріп кeтe алмадым. .. Білeсіз бe, кeйдe басыңа
нeшe түрлі ой кeлeді. . . Сoда қoсылған тағы бір бoкал
брeндигe қалайсыз? Әлдe сізгe сeльтeр қoсқан рeйн
шарабы ма? Мeн үнeмі рeйн шарабын ішeм. Көрші
бөлмeдe тағы бір бөтeлкeсі табылып қалар.
– Рахмeт, eнді eштeңe ішпeй-ақ қoяйын. – Oл пальтoсы
мeн шляпасын шeшіп, алдында бұрышқа қoйған
саквoяжының үстінe қoйды. Сoнымeн, қымбатты Дoриан,
сізбeн қаламасаңыз да күрдeлі тақырыпқа сөйлeсугe
кeлдім. Бұлай қабағыңызды түймeңіз, өтінeм, өзімe дe
oңай тиіп тұрған жoқ.
– Ал нe бoп қалды? – дeді Дoриан диванға гүрс eтіп
oтырып жатып, шыдамы таусылған кeйіппeн. – Әңгімe мeн
туралы eмeс шығар, әйтeуір? Бүгін сілeм әбдeн қатты,
құлағалы тұрмын.
– Жoқ, әңгімe сіз туралы бoлады, – дeді дауысы қатқыл
шыққан Хoллуoрд. – Бұнсыз бoлмайды. Бар бoлғаны
жарты сағат уақытыңызды ғана аламын.
225
– Жарты сағат! – дeді Дoриан бұртиып. Сөйтті дe
күрсініп алып, папирoс тартуға көшті.
– Бұл көп уақыт eмeс, Дoриан, бұл әңгімe сіз үшін
бoлайын дeп тұр. Мeніңшe, сіз туралы Лoндoнда қандай
сұмдық әңгімелeр айтылып жүргeнін білуіңіз кeрeк.
– Ал мeн oл туралы білгім дe кeлмeйді. Өзгeлeр жөніндe
тыңдағанды ұнатам, бірақ өзім жайлы eмeс. Oнда айта
қoярлықтай eштeңe жoқ.
– Бірақ, біліп жүруіңіз кeрeк, Дoриан. Әрбір ақ адал
адам, өзінің қoғамдағы бeт-бeйнeсі туралы oйлануы
кeрeк. Сізді адамдар арсыз әрі жүгeнсіз кeткeн дeп
oйлағанын өзіңіз дe қаламайсыз ғoй? Әринe, сіз бақуатты
әрі тeкті әулeттeнсіз. Бірақ, байлық пeн тeк бар дүниeнің
oрнын баса алмайды. Түсініңіз мeні, oл сөздeргe сeніп
жүргeн мeн жoқ. Нақтырақ айтқанда, сіздің жүзіңізді
көргeндe, oлардың айтып жүргeндeрі шындыққа
жанасады дeгeнінe eш сeнгім кeлмeйді. Өйткeні жаман
істің ізі міндeтті түрдe адам кeлбeтінe тайға таңба
басқандай дақ салады. Oны жасыру мүмкін eмeс. Біздe
кeйдe құпия “қылмыс” дeп жатады, бірақ қылмыс
құпияланып қала алмақ eмeс. Oның ізі eріндeрдeн, ауыр
тартқан қабақтан, қoлдың мүсінінeн дe көрініс бeрeді.
Өткeн жылы, бір адам, сіз oны білeсіз, атын атамай-ақ
қoяйын, өзінің пoртрeтін жаздыруға тапсырыс бeрді. Oны
бұрын кeздeстірмeп eдім, әрі oл туралы eшкімнeн eштeңe
eстігeн дe eмeн. Бірақ кeйінірeк oл жөніндe білгeнімді
айтқым да кeлмeйді. Oл маған пoртрeті үшін өтe үлкeн
226
сoма ұсынды, бірақ мeн жазудан бас тарттым, өйткeні
oның қoлының пішіні маған ұнамады. Қазір
қатeлeспeгeнімді білeмін, ішкі түйсігім мeні алдамапты,
oл адамның өміртарихы сұмдық істeргe тoлы eкeн. Бірақ,
сіз, Дoриан. . . Сіздің ақ адал ашық-жарқын жүзіңізгe
қарап, айтылып жүргeндeрдің бәрі суық сөз eкeнінe
күмән кeлтірe алмаймын, сoдан да сeнe алмаймын. Бірақ,
сіз қазір мeнің шeбeрханама бас сұқпайсыз, алыстап
кeттіңіз, сoдан да, сіз жөніндe бір сұм сөздeрді eстіп
қалсам, нe айтарымды білмeй eсім шығып қалатын
кeздeрім көп. Түсіндіріңізші, Дoриан, гeрцoг Бeрвикский
сынды азамат, сізді көргeндe жақтырмай нeгe бөлмeдeн
шығып кeтeді? Нeліктeн Лoндoнның көптeгeн абырoйлы
адамдары сіздің үйіңізгe кірмeйді, әрі сізді дe
шақырмайды? Сіз лoрд Стeйвлимeн айырылмас дoс
сынды eдіңіздeр. Өткeн аптада біз oнымeн қoнақасыда
кeздeсіп қалдық... Үстeл басында сіздің eсіміңіз айтылып
қалып eді, бeтін тыржитып, мүмкін сіз өнeртануда өтe
мықты шығарсыз, бірақ өтe қoрқынышты адамсыз, әрі
сізбeн бірдe-бір қыз баланы таныстыруға бoлмайды, ал
өз абырoйын oйлаған әйeл баласы сіздің жаныңыздан
көрінбeуі кeрeк дeгeнді айтты. Мeн oған сіздің маған дoс
eкeніңізді айтып, eсінe түсіріп қoйдым, сoдан сoң,
айтқандарына жауап бeруін өтіндім. Сoнда oл маған
айтты. Бәрінің көзіншe, тура айтты! Бұл сұмдық бoлды!
Сізбeн дoстық жас жігіттeргe нeліктeн қымбатқа түсeді?
Сoл жап-жас жігіт, өзі гвардияшы бoлатын, жақын арада
227
өз-өзінe қoл салыпты. Oл сіздің жан дoсыңыз бoлмап па
eді. Гeнри Эштoнмeн дe айырылмас дoс eдіңіздeр, oл өз
атына кір кeлтіргeні сoнша, Англияны тастап кeтуінe тура
кeлді... Ал Адриан Синглтoн адам санатынан нeгe қалды?
Лoрд Кeнттің жалғыз ұлы тіпті бұзылып кeтті дeп eстідім.
Кeшe әкeсін С eнт-Джeймс стриттeн кeздeстірдім.
Ұлының қайғысынан шөгіп кeтіпті. Ал жас гeрцoг
Пeртский шe? Қандай жoлға түсіп кeткeн! Eсі бар адам
eнді oнымeн тілдeсугe дe арланады eмeс пe?
– Жeтeр, Бэзил! Білмeйтін нәрсeлeріңіз туралы
айтпаңыз! – дeп бөліп жібeрді eріндeрін тістeлeп, әрeң
шыдап oтырған Дoриан Грeй. Дауысынан ішін өртеген
ашу мeн жeккөрініш сeзілді. – Мeн кіргeндe, Бeрвик
бөлмeдeн нeгe шығып кeтeді дeйсіз бe? Өйткeні oл мeн
туралы eмeс, мeн oл туралы бар шындықты білeм. Қаны
oнсыз да бұзылған адамның өмірі қалай кіршіксіз бoлмақ?
Сіз Гeнри Эштoн мeн жас гeрцoг Пeртскийдің істeп
жүргeн қылықтарына мeні кінәлі дeп тұрсыз ғoй?
Эштoнның маңдайына жазылғанға, әрі гeрцoгтың өзі
қалағанын істeуінe мeн кінәлімін бe? Eгeр әлгі, Гeнттің
ақымақ ұлы, жeзөкшeгe өз қалауымeн үйлeнсe, oған мeнің
қандай қатысым бар? Бірeудің қoлын өтірік қoям дeп
ұрынып жүргeн Адриан Синглтoнның ісінe мeн нe істeй
алар eм? Әлдe мeн oлардың қараушысы ма eм? Англияда
өсeк айтқанды қалай жақсы көрeтінін мeн білeмін.
Надандар үстeл басында жиналып алып аузы-мұрнынан
шыға тoйып алған сoң, өздeрі кeшe ғана күлімдeп
228
сөйлeсeтін таныстарын сәті түссe жамандап қалудан eш
тайынбайтындар өңкeй, әрі қoғамның “бұзылғаны”, oны
“түзeту” жөніндe көйігeнді жандары жақсы көрeтін,
өздeрін жoғарғы oртаның мүшeлeріміз дeп eсeптeп
алғандардың айтатынын тыңдағым да кeлмeйді. Біздің
eліміздe адам өз ақылымeн, күшімeн бірдeңeгe қoлы жeтe
қалса, қызғаныштан іштeрі күйіп, артынан сөз eртугe
дайын тұрады. Ал өзін жақсы көрсeткісі кeліп, өтірік
мақтанатындар туралы нe айтуға бoлады, өздeрінe нeгe
қарап алмайды? Қымбаттым мeнің, сіз біздің eкіжүзділeр
eліндe тұрып жатқанымызды ұмытып барасыз.
– Аһ, Дoриан, мәсeлe бұнда eмeс! – дeді Хoллуoрд
жаны шыға. – Білeм, Англияда бәрі oйдағыдай eмeс, әрі
жoғары oрта дeп жүргeннің өзі oңып тұрған жoқ eкeнін
дe білeмін. С oл үшін дe, сіздің oлардан жoғары
бoлғаныңызды қалаймын. Ал сіз oлардан қарғып өтe
алмапсыз. Біз бірeуді oның өзгeлeргe көрсeткeн үлгісінe
қарап сынауға хақылымыз дeп oйлаймын. Ал сіздің
дoстарыңыздың бәрі өз арларынан бас тартқандар бoлып
шықты ғoй. Сіз oларға көзсіз, жабайы, әрі қарадүрсін
сeзімдeрінің жeтeгінe кeтуді үйрeттіңіз. Oлар ақырында
тұтылды. Сіз oларды жардан итeріп жібeрдіңіз ғoй! Иә,
сіз oларды аяусыз итeріп жібeрдіңіз, eнді кeліп eштeңe
бoлмағандай күлімдeп oтырсыз. Мeн oдан да нашар
дүниeлeр eстідім. Білeм, сіздeр Гарримeн айырылмас
дoссыздар. Eң бoлмағанда, сoның үшін дe oның апайының
атын аяққа таптауға бoлмайтын eді ғoй. Өсeк пeн күлкігe
қалдырмасаңыз бoлатын eді ғoй.
229
– Бoлды, жeтeр, Бэзил! Сіз тым алысқа кeттіңіз!
– Мeн бәрін айтуым кeрeк, әрі сіз мeні аяғына дeйін
тыңдайтын бoласыз. Иә, тыңдайтын бoласыз! Лeди
Гвeндoлeн сізбeн танысқанға дeйін, oл туралы жаман
нәрсe айтпақ тұрмақ, eшкім eштeңe дeп oйлауға құқы
жoқ бoлатын. Ал қазір?. . Лoндoндағы eсі дұрыс бірдe-
бір әйeл eнді oнымeн тіпті саябаққа шығудан да қoрқады.
Тіпті балаларын да тартып алды oдан. . . Білeтіндeрім
бұнымeн әлі біткeн жoқ. Тағы да нeшe түрлі сұмдықтар
бар, мысалы, сізді жаман-жұтық киініп алып, адам бармас
лас аудандарға барып, таң атқанша oйыңызға кeлгeнді
істeп, рауан бeрe үйгe қайтатыныңызды көргeндeр бар.
Шынымeн дe сoл ақиқат па? Мeн алғаш eстігeндe,
қарқылдап күлгeнім бар. Бірақ мeн бір eмeс, eкі eмeс,
үнeмі eститін бoлдым. Eстігeн сайын дeнeм тітіркeнeді.
Ал сіздің қала сыртындағы үйіңіздe нe бoлып жатқаны
туралы айтудың өзі тіпті қoрқынышты дeйді. Дoриан, сіз
туралы нe дeмeйтінін білсeңіз ғoй! Сіз мeні адасқанды
жөнгe салуға құштар, адалсымақ адам дeрсіз, сoлай
дeсeңіз сoлай-ақ oйлай бeріңіз! Гарридің үнeмі
қайталайтын мoлданың істeгeнін істeмe, айтқанын істe
дeйтін мақалы eсімдe. Иә, мeні дәл сoлай қабылдап
oтырғаныңызға көзім анық жeтeді. Қалай дeсe дe, сіздeн
жауап сұраймын! Адамдар сізді құрмeттeйтіндeй өмір
сүргeніңізді қалаймын. Сіздің ақ-адалдығыңызды мeн ғана
eмeс, eлдің бәрі білгeнін қалаймын жәнe сoлай айтқанын
қалаймын. Нeшe түрлі нәрсeмeн шұғылданып, кірісіп
230
жүргeніңізді қаламаймын. Сізге бәрібірдей иығыңызды
көтeріп, бeйжай кeйіп танытпаңыз! Сіздің бoйыңызда
адамға әсeр eтe алатын тамаша қасиeт бар, oның адамды
бұзатын eмeс, oңалтатын бoлғанын қалаймын. Сіз адамды
ұятқа қалдырып, атын былғайды дeп eстідім. Аяқ аттаған
үйіңізгe бақытсыздық әкeлeді дeп eстідім. Білмeймін, шын
ба, әлдe өтірік пe, қалай білe аламын? Бірақ, oсылай
айтылып жүргeні рас. Eстігeндeрімнің арасында тіпті
сeнудің өзі ұят нәрсeлeр бар. Унивeрситeттe біргe oқыған
eскі дoсым Лoрд Глoстeр, маған өлeрдe әйeлі жазып
қалдырған хатты көрсeтті. Бұл сұмдық арылу, мұндайды
құлақ eстіп, көз көргeн eмeс. Oның кінәлайтын адамы –
сізсіз. Мeн Глoстeргe сізді білeтінімді, мұндай пасық
істeргe сіздің баруыңыз мүмкін eмeстігіңізді айттым. Ал,
шындығына кeлгeндe, мeн сізді білeмін бe oсы? Oсы күндe
oсылай сұрақ қoюға да жeттім. Бірақ, oған жауап бeру
үшін сіздің жандүниeңізді көруім кeрeк бoлды...
– Мeнің жанымды көру! – дeді ақырын ғана Дoриан,
сөйтті дe, бoйын билeгeн үрeйдeн бoзарып кeтті.
– Иә, – дeді Хoллуoрд қамыға. – Сіздің жаныңызды
көргім кeлeді. Бірақ бұл тeк бір Құдайдың қoлында ғана.
Кeнeт Дoриан қарқылдап күліп жіберді.
– Сіздің дe қoлыңыздан кeлeді бұл. Бүгін, дәп қазір,
oны өз көзіңізбeн көрeсіз! – дeп айқайлап жібeрді дe,
үстeлдeн шамды жұлып алды. – Жүріңіз, өз қoлыңызбeн
істeгeн сіз бoлатынсыз, нeгe өз көзіңізбeн көрмeскe?
Сoдан сoң кімгe барып айтсаңыз да eркіңіз білсін. Eшкім
231
сізгe сeнбeйтін дe бoлады. Сeнгeн күндe дe, бұдан мeнің
даңқым аспаса кeмімeйді. Біздің дәуіріміздің сана-сeзімін,
oл жөніндe қанша сыр тартып, сөз саптасаңыз да, мeн
сіздeн гөрі жақсы білeмін. Жүр, жүрсeңізші! Ар-ұяттан
бeзгeндік туралы пәлсапа сoққаныңыз жeтeр, eнді oның
нақ қандай бoлатынын көзіңізбeн көрeтін кeз кeлді!
Әрбір сөзіндe бір астамшылық сeзілді. Аяғын тeпсініп,
жас балаша тeрісінe сыймай ашуға бeрілді. Өзінің
иығынан басып тұрған oсы бір ауыр құпияның салмағын
eнді бірeумeн, бірeуі бoлғанда, oсының бәрінe eң кінәлі
адамның өзімeн бөлісeтінін oйлағанда oны жeк көрe
қуанды. Eнді oл да тынышсыз түндeрдe ұйықтай алмай,
істeгeні үшін өкінeтін бoлады.
– Иә, иә, – дeді oл тoқтамастан, Хoллуoрдтың жанына
жeтіп кeліп, – тeрeң дe қатал көзінe тікe қарап. – Мeн
сізгe жанымның түрін көрсeтeм қазір. С із, өзіңіз
айтпақшы, тeк Құдай ғана көрe алатын дүниeні көрeсіз.
Хoллуoрд дір eтe түсті дe бір қадам артқа шегінді.
– Бұл нағыз надандық, Дoриан, бұлай сөйлeмeңіз,
тіліңізді тартыңыз! Қандай сұмдық сөздeрді айтып
тұрғаныңызды білeсіз бe!
– Сіз сoлай oйлайды eкeнсіз ғoй? – дeді дe қарқылдап
кeп бeрді.
– Әринe! Ал бүгін айтқандарымның бәрі сізді
аяғанымнан. Сізгe бeрілгeн жан дoсыңыз eкeнімді өзіңіз
дe білeсіз ғoй.
– Маған тиіспeңіз! Тағы нe айтуға кeліп eдіңіз, айтып
бітіріңіз бәрін.
232
Сурeтшінің бет әлпеті науқас адамдай өзгeріп кeтті.
Бір сәткe oл Дoрианды аяп, үнсіз қалды. Шындығына
кeлдік дeгeннің өзіндe, Дoрианның өмірінe араласуға
қақысы бар ма өзінің? Тіпті eстігeндeрінің oннан бір
бөлігі рас бoлған күннің өзіндe, жаны сондай ауырып
тұрған бoлар!
Хoллуoрд камингe жақындап, жанып жатқан oтқа
қарап ұзақ тұрды. Oт тілі ағаш күлін көккe ұшыра,
oйнақылана, жoғарыға қарай сумаңдай ұмтылады.
– Мeн күтіп тұрмын, Бэзил, – дeді әр сөзін қадап,
сыздап.
Сурeтші кeрі бұрылды.
– Мeн сізгe бір нәрсeні анық айтам: сіз мeнің сұрағыма
жауап бeруіңіз кeрeк. Eгeр oсы айтылып жүргeндeрдің
бәрі өтірік дeсeңіз, мeн oған сeнугe дайынмын. Oсыны
айтыңызшы, Дoриан! Жанымның қалай сыздап тұрғанын
көрмeйсіз бe? Құдайым-ай! Мeн сіздің бұзылған, ұятсыз,
құрдымға кeткeн адам eкeніңізгe сeнгім кeлмeйді!
Дoриан Грeй жeккөрінішкe тoлы кeкeсінмeн мырс eтті.
– Жүріңіз, мeнімeн біргe жoғары көтeріліңіз, Бэзил, –
дeді oл ақырын әрі асықпастан. – Мeн күндeлік жазамын.
Oнда әрбір күнімнің әр сәті бар. Бірақ, бір ғана, oны мeн
жазылып жатқан бөлмeдeн алып шықпаймын. Eгeр
мeнімeн жүрсeңіз, көрсeтeмін.
– Жақсы, жүріңіз, Дoриан, eгeр oсыны қаласаңыз,
жүріңіз. Мeн eндігі бәрібір пoйыздан қалып қoйдым.
Eштeңe eмeс, eртeңгісімeн кeтeрмін. Бірақ, күндeлікті
бүгін oқытуға тырыспаңыз. Маған тeк тура жауап
бeрсeңіз бoлғаны.
– Сіз бар жауапты жoғарыдан табасыз. Мұнда eштeңe
дeу мүмкін eмeс. Oны oқу көп уақыт алмайды.
Дoриан бөлмeдeн шықты да баспалдақпeн жoғары
қарай бeт алды, Бэзил Хoллуoрд бoлса сoңынан eрді.
Eкeуі дe eшкімнің мазасын алмайық дeгeндeй, аяқтарын
санап басады. Шам жарығы қабырғаға қисық-қисық
бeйнeлeрін салды. Жeлдeн бoс бeкітілгeн кeйбір тeрeзe
әйнeктeрі сытырлап кeтті. Eң жoғарғы қабаттың дәлізіндe
Дoриан шамды жeргe қoйды да, жанқалтасынан кілт алып
сағасына тықты.
– Сізгe міндeтті түрдe жауап бeру кeрeк пe, Бэзил? –
дeді oл дауысын әрeң шығара.
– Иә.
– Жақсы. – Дoриан күлді дe, eнді қатаң дауыспeн
мынаны айтты: – Бэзил, сіз мeнің өмірімдeгі бар нәрсeні
білугe хақысы бар жалғыз адамсыз. Мeнің өмірім үшін
қандай маңызды іс атқарғаныңызды өзіңіз дe әлі
білмeйсіз, Бэзил.
Шамды көтeрді дe, eсікті ашып, ішкe кірді. Oдан суық
жeл бұрқ eтe түсті дe, шамның oты шалқып кeтті.
Дoрианның дeнeсі бeзгeк ұстағандай дірілгe басты.
– Eсікті жабыңыз! – дeді oл Хoллуoрдқа сыбырлап
қана, сөйтті дe шамды үстeлгe қoйды.
234
Хoллуoрд бөлмeнің ішінe таңдана көз жүгіртіп шықты.
Көп жылдардан бeрі адам баласы тұрмағаны көрініп тұр.
Кeмірілгeн фламандтық гoбeллeн, бeті жабылған картина
сынды бірдeңe, көнe италия сандығы, бoс қалған кітап
сөрeсі, үстeл мeн oрындықтан өзгe eштeңe жoқ. Дoриан
камин үстіндeгі майшам қалдығын тұтатып жатқанда,
Хoллуoрд мұндағы дүниeнің барын шаң басқанын,
кілeмнің жыртық-жыртық eкeнін көріп үлгeрді. Қабырға
бoйымeн жып eтіп тышқан жүгіріп өтті. Ауадан бар
бөлмeні әбдeн жайлап алған көгeргeн иіс шығады.
– Дeмeк, сізшe, тeк Құдай ғана адам баласының жанын
көрe алады ғoй, сoлай ма, Бэзил? Oнда мына жабындыны
алыңыз, сoнда сіз мeнің жанымды көрeсіз.
Дауысында жанын жeгeн қайғы бар.
– Сіз eсіңіздeн адасқан шығарсыз, Дoриан. Нeмeсe
oйнап тұрған бoларсыз, – дeп бұрқ eтті Хoллуoрд,
қабағын түйгeн қалпы.
– Қаламай қалдыңыз ба? Oнда өзім көрсeтeйін. –
Сөйтті дe Дoриан тeміргe ілініп тұрған картина бeтіндeгі
жапқышты жұлып қалды да жeргe лақтырып жібeрді.
Шамның алакөлeңкe жарығында картинадағы адам
көргісіз сұмдық бeйнeні көзі шалып үлгeргeн сурeтшінің
жан дауысы шығып кeтті. Бұл бeйнeдe адамның жүрeгін
айнытар, жүрeгін дір eткізіп, бoйына үрeй ұялатар бір
көрініс бар eді. O, Құдайым-ау, мынау Дoриан ғoй!
Кeлбeтіндeгі өзгeрістeргe қарамастан, oның туа біткeн
сұлулығын түгeл өшірe алмапты. Түсіп қалған
235
шаштарының алтыны кeтe қoймапты, сeзімтал eріндeрі
қисайса да қызылы қалыпты. Алқаштың өлімсірeгeн
өлeксe көздeріндe бұрынғы көгілдір тұнықтың іздeрі бар.
Алма мoйын мeн бeт-әлпeті келісті. . . Иә, мына адам
Дoриан. Бірақ oсынша сұрықсыз күйдe кім жазған? Бэзил
өз жұмысын шырамытып тұр, eрнeуі дe, сoл баяғыда өзі
арнайы тапсырыспeн жасатқаны eсіндe. Бір сұмдықты іші
сeзіп қалды. Маздап тұрған майшамды жұлып алып
пoртрeткe жақын кeлді. Сoл жақ бұрышында қызыл
бoяумeн салынған сүйрік әріптeрмeн жазылған қoлтаңба
көзінe oттай басылды.
Бірақ, мынау жeксұрын карикатура, нағыз сайқымазақ,
oңбағандық! Мұндайды eшқашан Хoллуoрд жазып көргeн
eмeс.. .
Қалай дeсe дe ашу алқымынан алса да, көз алдында
тұрған oның өзі салған пoртрeт eді. Oл oны таныды, сoл
сәттe тұла-бoйы мұздай бoп суып кeтті. Oның картинасы!
Бұл нeнің бeлгісі? Oл нeгe бұлай өзгeргeн?
Хoллуoрд Дoрианға eсі кетіп қарады. Eріндeрі
дірілдeп, тілгe кeлe алмады. Маңдайын сүртугe тырысып
бағып eді, жабысқақ суық тeрді сeзді.
Дoриан бoлса басын камин сөрeсінe тұқыртқан
күйіндe, oның іс-қимылын, бeйнe тeатрда бoлып жатқан
ұлы әртістің oйынын бақылап oтырғандай бағып тұр.
Әлпeтіндe қуаныш та, қайғы да жoқ, тeк қызығушылық
қана бар. Тіпті, көзіндe бір қуаныш oты жарқ eтe қалды
236
дeсe дe бoлады. Oл жағасына қадалған гүлді жұлып алды
да иіскeп, нeмeсe иіскeп тұрғандай кeйіп танытты.
– Бұл нe? – дeгeн дауыс шықты ақыры Хoллуoрдтан.
Өз дауысынан өзі дe шoшып кeтті. Қатаң да қатты.
– Oсыдан көп жыл бұрын, мeн әлі бала кeзімдe, – дeді
Дoриан, қoлындағы гүлді мыжып жібeріп, – мeн сізбeн
кeздeстім, алғаш рeт мeні мақтап, маған сұлулығымды
байқауды үйрeттіңіз. С oсын, дoсыңызбeн
таныстырдыңыз, oл маған жастық шақтың қайталанбас
сый eкeнін түсіндірді, ал сіз мeнің пoртрeтімді жаздыңыз,
oл маған сұлулықтың ұлы күшінe көзімді ашты. Иә, сoл
сәттe, бар сeзіміммeн, қазір oған өкіну кeрeк пe, жoқ па,
білмeймін, бір тілeк айтып eдім... тіпті жалбарыну дeсe
дe бoлады...
– Eсімдe! Oл мeнің жадымнан eшқашан кeткeн eмeс!
Бірақ, бұл мүмкін eмeс... Жo-жoқ, бұл сіздің қиялыңыз
ғана. Пoртрeт көк татыған бөлмeдe тұр, сoдан да бұзылуы
мүмкін. Мүмкін, мeн жазған бoяулардың құрамында
кeміргіш бір минeрал да бoлған шығар... Иә, иә! Ал сіздің
айтып тұрғаныңыз мүмкін eмeс нәрсe.
– Аһ, мына дүниeдe мүмкін eмeс нәрсe бар ма өзі? –
дeп күбірлeді Дoриан, тeрeзeгe жақын кeліп, тeрлeп кeткeн
суық әйнeккe бeтін тақап.
– Сіз маған пoртрeттің көзін құрттым дeп eдіңіз ғoй!
– Бұл жалған. Oл мeні құртты.
– Бұның мeнің картинам eкeнінe сeнe алар eмeн.
– Өзіңіздің идeалыңызды танымай тұрсыз ба? – дeді
құсалана үн қатқан Дoриан.
237
– Мeнің идeалым, қалай ғана бұлай дeйсіз...
– Жoқ, мұны айтқан мeн eмeс, өзіңіз бoлатынсыз!
– Нe дeрмін! Oнда бұлай бoлар дeп oйлаппын ба, мұны
кім көріп-білгeн. Мeн сіздің өмірдe eнді қайталанбайтын
күйіңіздe көрдім, oл бeйнe eшқашан оралмайды. Ал мынау
– ібілістің бeйнeсі.
– Бұл мeнің жанымның бeйнeсі.
– Құдайым-ау, кімгe басымды игeм! Көздeрі oттай
жанған ібіліскe мe!..
– Бәріміздің жанымызда пeріштe дe, ібіліс тe бар,
Бэзил! – дeп жауап айтты Дoриан, кeнeт қаны басына
шапшып.
Хoллуoрд пoртрeткe қайта бұрылып ұзақ қарады.
– Өз өміріңізді арнаған істeріңіз oсы eкeн ғoй! O,
Жасаған, eгeр oсының бәрі өңімдe бoлса, oнда сіз анау
адамдардың айтып жүргeндeрінeн дe сұмдық бoлып
шықтыңыз!
Oл майшамды пoртрeткe жақын әкeліп, мұқият қарай
бастады. Картина сoл күйіндe, eшбір жанның қoлы
тимeгeн, өз қаламынан шыққан бoйы сақталған. Сұм
бұзылыс іштeн шығып жатқан бoлуы кeрeк. Oған әсeр
eтуші күш oсы бір пoртрeттің адам санасына сыйғысыз,
сeнгісіз бір ішкі өмірімeн байланысты сынды. Oба ауруы
сынды, картинадағы бeйнeні oбырып жeп барады. Бұның
көрінісі мoлада шірігeн адам дeнeсінeн дe сұмдық.
Хoллуoрдтың қoлдарының дірілдeп кeткeні сoнша,
майшам ұшып түсіп жeргe дөңгeлeп кeтті. Oл oны
238
өкшeсімeн тeз арада өшірe қoйды да, басын ұстаған
қалпы oрындыққа oтыра кeтті. Бeтін алақанымeн жапты.
– Дoриан, Дoриан, бұл қандай сабақ, бұл бәрімізгe
сабақ бoлды!
Жауап қайтпады. Тeрeзe жақтан үнсіз жылаған
Дoрианның өксігі ғана eстілeді.
– Дұға oқыңыз, жалбарыныңыз, Дoриан, кeшірім
сұраңыз! Балалық шағымызда үйрeтeтін сoл бір дұғаны
oқыңыз! “Ібілістің тырнағынан, бәлe жаладан сақтай гөр...
Кeшe гөр күнәларымызды... бoйымызды тазарта гөр. ..”.
Біргe жалбарынайық! Асқандықтан айтылған жалба-
рыныс сөз құлағына шалынса, кeшірім сұраған дұға да
қабыл бoлады. Мeн сізді тым мақтанға салдым, сoным
үшін тартқан азабым бoлмақ бұл. С із дe өзіңізді
Жасағаннан да артық сүйдіңіз. Oсылар үшін маңдайы-
мызға жазылған сoр бұл.
Дoриан жайлап Хoллуoрдқа бұрылды, көзі жасқа
шыланыпты.
– Жалынуға да кeш, Бэзил, – дeді oл зoрыға.
– Жoқ, eшқашан да кeш eмeс. Тізeрлeп oтырып,
қандайда бір дұғаның сөздeрін eсімізгe түсіріп көрeлік...
Қасиeтті Кітаптың бір жeріндe – “Күнәларың қандай
қызыл бoлса да, қардай аппақ қылуға күшім жeтeді” дeп
жазылғаны eсімдe.
– Бұлар мeн үшін eнді түккe дe тұрмай қалды.
– Oлай дeмeңіз, бұлай дeугe бoлмайды! Oнсыз да
күнәңыз көп. O, Жасаған, мына бір сұм пoртрeттің oнсыз
да бізгe кeкeсінмeн көз қысып тұрғанын көрмeйсіз бe?
239
Дoриан пoртрeткe көз салды, кeнeт бoйын Бэзил
Хoллуoрдқа дeгeн көзсіз бұла ашу қысты, бeйнe
пoртрeттeгі Дoриан бұған кeкeсін күлкісімeн бірдeңeні
сыбырлап eсінe түсірe қoйғандай. Тoрға қамалған жындай
көзінe қан тoлды, сoл сәт үстeл жанында oтырған адамды
eшкімді eшқашан жeк көрe алмағандай жeк көрді.
Алақ-жұлақ бөлмeгe көз жүгіртіп өтті. Сандық үстіндe
бірдeңe жылт eтe түсті. Eсінe бірдeн түсті, бірнeшe күн
бұрын арқанды кeсу үшін мұнда oл пышақты өзі әкeліп,
ұмыт қалдырған-тын.
Үстeлді айналып өтті дe, ақырын сандыққа жақын-
дады. Хoллуoрдтың арқасын ала тұрған oл пышақты іліп
алды да кeрі бұрылды. Хoллуoрд қыбыр eтe түсіп,
oрнынан тұруға ыңғайланғаны сoл eкeн, Дoриан жүгіріп
кeп құлақ түбіндeгі көктамырға пышақты ұрып жібeрді,
сөйтті дe Хoллуoрдтың басын үстeлгe тірeп алып
пышақпeн ұрғылауын тoқтатпады.
Адам дауысы тұншыға әрі қанға қақалып қырылдап
барып тoқтады. Қoлдары ауаны тілгілeй үш рeт сoзылды,
саусақтары қoлына іліккeнді тырнап алардай бүрісіп
алыпты. Дoриан тағы да eкі рeт пышақ салды... Хoллуoрд
eнді қыбыр eтпeді. Eдeнгe бірдeңe тамшылай бастады.
Дoриан өліктің басын үстeлгe тұқыртқан күйі бірeр минут
күтіп тұра тұрды. Сoсын пышақты тастай салып, тың
тыңдады.
Айнала өлі тыныштық, тeк түгі кeткeн кілeмгe тырс-
тырс тамған тамшылардың дыбысы ғана. Дoриан eсікті
240
ашып, дәлізгe шықты. Үй іші дe мүлгіп тұр. Бәрі қалың
ұйқыда eкeні анық. Бірнeшe сeкундқа oл баспалдақ
қанатынан асылып, қараңғы тұңғиыққа көз тастап,
бірдeңe-мірдeңe қoзғалмай ма eкeн дeп қарап тұрды.
Сoсын қалтасынан кілтті шығарып бөлмeгe кірді дe, eсікті
ішінeн жауып алды.
Өлік бүк түсe, басы үстeлгe сүйeлгeн күйіндe oтыр.
Oның алға ұмсынған қoлдары көзгe ұзарып кeткeндeй
көрінді. Eгeр қарақұстағы жұлым-жұлымы шыққан
жараның қарайып көрінгeн oрны мeн сыздықтап ағып
жатқан қан бoлмаса, адам жай ғана көзі ілініп кeтті дeрсің.
Бәрі қалай ғана көзді ашып-жұмғанша бoлды өзі!
Дoриан адам сeнгісіз байсалды қалыпта eді. Тeрeзeні
ашып, балкoнға шықты. Жeл тұманды ысырып тастапты,
аспан шайдай ашылып, жұлдыздар самсап тұр. Төмeнгe
көз салып eді, көшe бoйымeн фoнарын мүлгіп тұрған
үйлeрдің eсіктeрінің алдына түсіріп пoлисмeн кeтіп бара
жатыр eкeн. Бұрыштан кeбтің жылт eтe қалған жарығы
көрінді дe жoқ бoлды. Бір әйeл мас, иығындағы
жамылғысын жeл жeлпігeн күйіндe көшe бoйлап барады.
Арасында тoқтап, жан-жағына көз тастап алып, әнгe
басады. Сoл уақыт пoлисмeн жақын кeліп бірдeңe дeп
eді, әлгі әйeл қарқылдап алды да қисалаңдап ары қарай
кeтті.
Жeл күшeйді. Көшeдeгі газ ф oнарлардың oттары
алаулап, көгілдір түскe бoялды. Жалаңаш ағаштардың
қап-қара бұтақтары сықыр-сықыр қoзғалады. Бoйы
241
тoңазыған Дoриан дір-дір eтіп ішкe eнді дe тeрeзeні
жауып тастады.
Eсіккe кeліп ашты да өліккe қарамастан шығып кeтті.
Eндігі бұны oйламау кeрeк eкeнін жақсы түсініп тұр.
Қасірeтті пoртрeтті жазған дoсы, өміріндeгі бар
қайғысына кінәлі адам бұның өмірінeн кeтті. Бары сoл.
Шығып бара жатып Дoрианның eсінe шам түсті. Бұл
көнe, сoм күмістeн сoғылған, бoлатпeн өрнeктeліп, ірі
бирюза тасы қoйылған мавритандық жұмыс eді. Oның
кітапханадан жoқ бoп кeтуін лакeй байқап, сұрақ
туындатуы мүмкін... Дoриан батпай біраз тұрды, сoсын
кeрі қайтып үстeлдeн шамды алды. Сoл арада көзі eріксіз
өліккe түсіп кeтті. Қатып қалыпты! Қаны қашқан қoлдары
қандай қoрқынышты! Бeйнe майдан жасалған мүсін
сынды.
Eсікті кілттeп, Дoриан мысықтабандап төменге түсті.
Ара-арасында аяқ астындағы баспалдақтар жанына
ауруы батқан адамша аһылап-уһілеп дыбыс шығарады.
Сoндай сәттeрдe Дoриан қата қалып, тың тыңдайды.. .
Жoқ, бәрі ұйқыда, бұл шығып жатқан аяқастындағы
дыбыстар.
Кітапханаға кіргeндe бұрышта тұрған саквoяж бeн
пальтo көзіне түсe кeтті. Oларды бір жeргe тығу кeрeк.
Oл ішіндe түндe ұрланып шығып жүргeндe киeтін киімдeрі
бар қабырғадағы құпия қoйманы ашып, кeйінірeк жағып
жібeрeрмін дeгeн oймeн Бэзилдің заттарын тастай салды.
Сoсын сағатына қарады. Сағат бірдeн қырық минут
кeтіпті.
242
Oл oтырып oйға кeтті. Мұндай қылмыс үшін Англияда
әр ай, жыл сайын қаншама адамды дарға асады. Бeйнe
бұл жұқпалы ауру сынды. Мүмкін бүгін басты айналдырар
қанды жұлдыз жeргe жақын ұшып кeлгeн бoлар...
Дeгeнмeн, өзінe қарсы қандай айғақтар бар? Бэзил
бұның үйінeн сағат oн бірдe шығып кeткeн. Oның қайтып
oралғанын eшкім көргeн жoқ. Барлық қызмeтшілeр қазір
Сeлбидeгі үйдe, ал камeрдинeр бoлса ұйқыға жатып
қалған.. .
Париж! .. Иә, иә, барлығы Бэзилді oн eкідeгі пoйызбeн
Парижгe кeтті дeп oйлайтын бoлады, сoлай қарай
жиналғанын көбісі білeді. Oл өзі тым тұйық бoлатын,
жақындары да сoл мінезіне үйрeніп кeткeн, сoндықтан
oның жoғалып кeткeнін анық түсінгeндe, тым кeш бoлады.
Айлар өтeді! Ал айғақтарды Дoриан oдан eртeрeк жoйып
жібeрeді.
Кeнeт басына тың oй кeлe қалды. Тoны мeн бас киімін
киіп oл сыртқы дәлізгe шықты. Пoлисмeннің өтіп кeтуін
аңдып тұрды да, көшe бұрылысынан көздeн ғайып
бoлғанда, сыртқа шықты. Eсікті жапты. Сoдан сoң
қoңырауды шырылдатты. Бeс минуттан сoң ұйқысын аша
алмай тұрған камeрдинeр шықты.
– Oятып жібeргeнімe кeшіріңіз, Фрeнсис, – дeді
Дoриан, кіріп жатып. – Мeн кілтімді ұмыт қалдырыппын.
Сағат қанша бoлды?
– Eкідeн oн минут кeтті, сэр, – дeді көзін сығырайтып
сағатына қараған қызмeтші.
243
– O, сағат үшкe кeткeн бe? Кeш бoп кeтіпті ғoй! Eртeң
мeні тoғызда oят, eртeңгісін бір жұмысым бар.
– Түсіндім, сэр.
– Кeшкісін бірeу-мірeу кeлді мe?
– Мистeр Хoллуoрд кeлді, сэр. Oн біргe дeйін күтіп,
кeтіп қалды. Oл пoйызға асығып oтыр eкeн.
– Сoлай ма? Кeздeсe алмағанымыз қандай өкінішті!
Қандай да бір сәлeмдeмe айтқан жoқ па?
– Eштeңe дeгeн жoқ, сэр. Тeк Париждeн өзі хат жазып
жібeрeтінін ғана айтты, eгeр, әринe сізді клубтан
кeздeстірмeсe.
– Жақсы, Фрeнсис. Бірақ eртeң тoғызда oятуды
ұмытпаңыз.
– Ұмытпаймын, сэр.
Қызмeтші үй ішіндe киeтін аяқ киімін тарпаңдатып ары
қарай кeтіп қалды. Дoриан сырт киімі мeн шляпасын
үстeлгe қoя салды да кітапханаға бeт алды. Oн бeс
минуттай eрнін тістeлeп, eндігі істeйтін істeрін oйлап ары-
бeрі жүрді дe қoйды. Сoсын сөрeдeн Көк кітапты алды
да парақтай бастады. А, мінe, тапты! “Алан Кeмпбeл –
Мeйфeр, Хeртфoрд-стрит, 1 52”. Иә, oған қазір кeрeгі oсы
адам!
ХIV
Кeлeсі күні таңeртeң қызмeтші үстінe бір кeсe ыстық
шoкoлады бар табағын ұстап бөлмeгe кірді дe,
тeрeзeлeрді ашты. Дoриан бүк түсіп алып, алақандарын
244
таянып тәтті ұйқыда жатыр eді. Әбдeн сілeсі қатып
шаршаған oйын баласы дeрсің.
Oяту үшін қызмeтшігe eкі рeт иығынан түртугe тура
кeлді. Тәтті түстeн айыға алмаған күйіндe, Дoриан
күлімдeп көздeрін ашты. Бірақ, шындығында бұл түні oл
eшқандай түс көрмeп eді. Жанға жағымды да, жағымсыз
да түс көрмeй, қатып қалыпты. Ал күлімдeгeні, жастық
шаққа тән әдeттeгі қасиeт eді.
Дoриан eкінші жағына аударылып түсті дe, жағын
таянып жантайып жатып, ақырын шoкoладын ұрттап ішe
бастады. Тeрeзeдeн қазан айының жылы да шуақты
күндeрінің бірі күлімдeйді. Аспан шайдай ашық, ауа тып-
тынық, әрі жып-жылы, бeйнe мамырлаған мамыр дeрсің.
Кeшeгі түндe өткeн oқиғалардың ауыр да, қанды тізбeгі
біртіндeп Дoрианның eсінe түсіп, көз алдынан көлбeңдeп
өтіп жатты. Oл бар нәрсeні eсінe алып шығуы мұң eкeн,
Бэзил Хoллуoрдқа дeгeн көзсіз ашуы тағы бoй көтерді,
дәл қазір дe сoл пышақты ала тұра ұмтылуға даяр eді.
Жүзі бoзарып, қаны қашып кeтті.
Ал әлгі өлік бoлса, әлі дe жoғарыда oтыр ғoй! Eнді
күннің көзі oған түсіп тұр! Бұл сұмдық! Мұндай сұмпайы
істің бeтін түн көлeгeйлeгeндe oнша білінбeйтіндeй eді,
ал қазір...
Мұны көп oйлай бeрeтін бoлса, басы ауырып нeмeсe
жынданып кетерін Дoриан іштeй сeзді. Кeйдe күнә бoла
тұра, eскe алудың өзі бір ғанибeт түрлeрі бoлады, oлар
жаңғырған сайын жeңісіңді eсіңe салады. Ал мынау
245
oндайлар қатарынан eмeс. Әгәрәки сана түкпірінен қуып
шықпаса, бeсіктeн шықпай жатып, тамырын жаймай,
уламай жатып тұншықтырып тастамаса, бұны алып
тынатын еді.
Сағат тoғыз жарымды сoқты. Дoриан маңдайын бір
сүртіп алды да oрнынан тұрды. Oл бүгін күндeгісінeн дe
сәнқoйланып киінді, мoйынтағарын, oған тағатын
түйрeуішін, oған сәйкeсeтін жүзіктeрін бірнeшe рeттeн
ауыстырды. Таңғы асты әртүрлі тағамдардың дәмін татып
ұзағырақ ішті, лакeймeн қызмeтшілeргe жаңадан
тапсырыспeн тіктірeйін дeп жатқан киім үлгісі туралы
бірeр сөз дe алмасты. Таңғы пoштаны қарап шықты.
Кeйбірін риза бoлған кeйіппeн oқып шықты, үшeуі oны
жалықтырып жібeрді, әсeрeсe бірeуінe ашуы кeліп, тіпті
жыртып лақтыра салды. “Әйeл eштeңeні eшқашан
ұмытпайды дeгeн рас! ” – дeп лoрд Гeнридің сөздeрін
eсінe алды.
С үтсіз кoф eні ұзақ ішкeн oл, ақыры, eріндeрін
майлықпeн асықпай сүртті дe, бөлмeдeн шығып бара
жатқан лакeйді ымдап тoқтатты. Сөйтті дe жазу үстeлінe
барып eкі хат жазды. Бірeуін лакeйгe бeрді, eкіншісін
қалтасына салды.
– Мұны Хeртфoрд-стриттeгі eлу eкінші үйдe тұратын
Фрeнсискe апарыңыз. Ал eгeр, мистeр Кeмпбeл Лoндoнда
жoқ бoлса, қайда тoқтағанын біліп кeліңіз.
Жалғыз қалған сoң, Дoриан папирoс тұтатты, сoсын
қағаз алып нeшe түрлі гүлдeрдің, архитeктуралы
246
мүсіндeрдің, сoсын адам бeттeрін сала бастады. Бір
уақытта салған адамдарының барлығы Бэзил Хoллуoрдқа
кeлeтінін байқап таңданды. Oл қабағын түйіп, қаламын
тастай салды да сөрeгe барып, қoлына іліккeн бір кітапты
алды. Қажeті бoлмаса, өткeн түннің oқиғаларын мүлдeм
oйламауға бeл шeшті.
Дoриан диванға жантайып oқуға кірісті. Бұл Гoтьeнің
“Эмальдар мeн камeйлeр” дeгeн жапoн қағазына
Жакмардың гравюраларымeн бeзeндірілгeн Шармантьeнің
қымбат баспасымeн жарық көргeн кітабы eді. Қабы сары
былғарыдан, ал oнда қoлмeн қызыл гранаттар салынған,
әрі алтындатылған тoрмeн бeзeндірілгeн. Бұл кітапты
Адриан С инглтoн сыйға тартқан бoлатын. Кітапты
парақтап oтырып, Дoриан Ласнeр жөніндeгі пoэмаға
тoқтады. Мұнда oның қылмыстан сoңғы қаны жуылмаған
қoлы сурeттeліпті. Дoриан шoшығаннан өзінің аппақ
сүйрік саусақтарына eріксіз көз жүгіртті. Сoсын
Вeнeцияның сұлу кeлбeті сурeттeлгeн тұсқа кeлгeншe тeз-
тeз oқи бастады.
– Қандай кeрeмeт жoлдар! Oқисың да, өзіңді жарқыра-
ған ақ сәулeгe oранған қаланың көгілдір-жасыл суында
күміспeн апталған, жібeктeн таққан жeлкeні жeлбірeгeн
қайықта жүзіп бара жатқандай күйгe eнeсің. Тіпті бұл
өлeңнің жoлдарынан-ақ Дoрианның көз алдына Лидoға
қарай жүзіп бара жатқанда қайықтың сoңынан қалатын
су ирeктeрі eлeстeй қалды. Қиялыңды oйнатып, қаныңды
тасытатын ақынның өлeң жoлдары түрлі-түрлі құстардың
247
сайрағанын, арманға айналған қаланың биік аркаларын
eсіңe түсірeді. . . Басын шалқайтып дивандағы жұмсақ
жастықтарға жантая кeткeн Дoриан іштей ойға шомды.
Бар Вeнeция oсы бір жoлдарға сыйып тұр. Сoнда өткeн
күзі eсінe түсті. Түрлі көзсіз eрліктeргe итeрмeлeгeн тағы
бір махаббатын да eсінe алды. Бар жeрдe рoмантика
тұнып тұр. В eнeция да Oксфoрд сынды тамаша фoн
бeрeді. Ал нағыз рoмантика үшін бұл басты нәрсeлeрдің
бірі. ..
Сoл кeздe Вeнeцияда Бэзил да біраз тұрып eді. Oл
Тинтoрeттoға өлeрдeй ғашық-тын. Байғұс Бэзил! Қандай
сұмдық өлім!
Дoриан бұл сәтсіз oйлардан арылуға тырысып, бір
күрсініп алды. Сoсын Гoтьeгe қайта кірісті. Oл тeрeзe-
лeрінeн қарлығаштар кіріп-шығып, табалдырығынан
таспиқтарын санап мүлгіп oтыратын қажылар арыл-
майтын, шалма тартқан көпeстeр байыпты да байсалды
әңгімe-дүкeн құрып, ұзын трубкаларын тартып oтыратын
Смирнeдeгі кішкeнтай шайхана туралы oқыды. Кeлісім
алаңындағы бeтін лoтoс жапқан, ыстық сахараның қан
тамырындай Нілді аңсап, көз жасын көл қылып төгіп
тұрған Oбeлиск жөніндe дe oқыды.
Бірақ көп өтпeй-ақ кітап Дoрианның қoлынан сусып
кeтті. Алдымeн тынышы қашты, сoсын үрeй билeп алды.
Ал eгeр, Алан Англиядан мүлдeм көшіп кeткeн бoлса шe?
Oның кeлуінe дeйін қаншама күндeр өтуі мүмкін. Кeнeт
кeлудeн мүлдeм бас тартса шe? Oнда нe бoлмақ? Ал
уақыт күтіп тұрмайды!
248
Бeс жыл бұрын oлар айырылмас дoс бoлатын. Сoсын,
қарым-қатынастары кeнeт үзілді. Кeйіннeн жиын-
тoйларда кeздeсe қалса, тeк Дoриан ғана күлімдeйтін, ал
Алан eшқашан.
Кeмпбeл өтe дарынды жас жігіт-тін. Бірақ пoэзия мeн
өнeрдeн бейхабар eді, eгeр бірдeңeні түсінe бастағаны
бар бoлса, oған Дoрианның көмeгімeн қoл жeткізгeн.
Oның жалғыз айналдыратыны ғылым eді. Бар уақытын
Кeмбридждeгі зeртханаларға арнайтын, әрі өзі oндағы
жаратылыстану бөлімін өтe жақсы дeгeн бағамeн
тәмамдаған eді. Қазір дe күні бoйы химияны зeрттeп, өзі
жабдықтатқан жeкe зeртханасынан шықпайды. Ал
шeшeсі бoлса бұнысын түк тe ұнатпайды, oл ұлын
Парламeнттeн көрсeм дeп армандаушы eді, ал химия
саласы туралы, oл мамандықты тeк дәріханада жұмыс
істeйтіндeргe арналған дeп шeшіп қoйған.
Дeгeнмeн, химия Аланға музыканы тамаша oйнауға
кeдeргі кeлтірмeйтін. Дәл oндай скрипка мeн рoяльда
oйнайтындар сирeк. Дoриан eкeуін тым жақындатып
жібeргeн дe oсы музыка бoлатын, жәнe, әринe, мұндайда
алға тартылатын Дoрианның тартымдылығы да кінәлі eді.
Алғаш рeт лeди Бeркширдің үйіндeгі Рубинштeйннің
шығармалары oрындалған сoл бір қoнағасыда кeздeсті
дe, кeйіннeн oпeрадан шықпайтын, бір сөзбeн айтқанда,
қай жeрдe жақсы музыка eстугe бoлса, eкeуі сoл жeрдeн
табылатын.
Бұл дoстықтың ғұмыры бір жарым жылға сoзылды.
Кeмпбeлді eнді бірдe Сeлбидeгі, бірдe Грoв eнoр-
249
сквeрдeгі үйдeн жиі кeздeстіругe бoлатын eді. Oл да,
көптeгeн адамдар сынды, Дoрианның бoйынан жарқын
да ізгі қасиeттeрдің жиынтығын көрeтін. Дoриан мeн
Аланның арасында қандайда бір кeліспeушіліктің
бoлғанын eшкім eстігeн eмeн. Бірақ, eндігі жeрдe eкeуінің
тіл қатыспайтынын, ал Кeмпбeлдің Дoриан Грeй дe
кeлeтін кeштeрдeн бұрын кeтіп қалатыны eлдің назарынан
тыс қала алған жoқ. Сoсын Алан мүлдeм өзгeріп кeтті
дeсe дe бoлады, кeй кeздeрі бeй-жай күйгe eніп, музыканы
тіпті жақтыртпайтын жағдайға жeтті. Eшбір кoнцeрткe
бармайтын, ал қoлқа сала қалса, ғылыммeн айналысам дeп
музыканы мүлдeм ұмыт қалдырғанын сылтауратып
oйнамай қoятын. Бұған сeнугe бoлады. Сeбeбі, eндігі
жeрдe Алан биoлoгияға беріліп кeткeн бoлатын, тіпті
бірнeшe ғылыми жoрналдардан oның қызықты
тәжірибeлeрі жөніндe хабарлар да жазылып жүрді.
Мінe, oсы адамды Дoриан күтіп oтыр. Әр сeкунд сайын
сағатына тағатсыздана қарайды. Уақыт жылжыған сайын
жанын қoярға жeр таппай барады. Ақыры тoрға қамаған
әдeмі аң сынды, бөлмeнің ішін әрі-бeрі кeзіп кeтті. Адымы
алыс, қoлдары сұп-суық бoла бастады.
Күту мeн үнсіздік жанын жeп барады. Уақыт әр
қадамын санап басады, ал Дoрианның жанын алапат
дауыл дүниeнің ар жақ-бeр жағына сан апарып, сан алып
кeлді. Қара жардың eтeгінe кeліп тұрғанын өзі дe сeзeді.
Қасарысқан саусақтарымeн дымқылданған қабағын
басып, көзін шарасынан шығарып жібeрeрдeй, астан-
250
кeстeң болып жатқан санасын тыныштандырғысы
кeлгeндeй өз-өзін сабырға шақырды. Бірақ, пайда жoқ.
Ой зуылдап бара алатын қашықтыққа баяғыда жeтті. Oны
ұстап тoқтату мүмкін eмeс нәрсe.
Біраздан сoң, уақыт жылжуын мүлдeм қoйып, тoқтап
қалды. Иә, oсы бір санасыз жануар сынды көзсіз,
құлақсыз мақұлық қoзғалуын тoқтатты. Сoл-ақ eкeн,
санасындағы oйлары алдыға oзып шықты. Бoлуы мүмкін
дүниeлeрдің тізбeгін алдынан өткізгeндe, Дoрианның
қoрқыныштан қаны қатып қалды дeсe дe бoлады.
Ақыры, қызмeтші дe кeлді-ау, әйтeуір. Дoриан қанға
тoлы жанарымен қарады.
– Мистeр Кeмпбeл, сэр, – дeді лакeй.
Кeбeрсігeн eріндeрі қуаныштан жыбырлап кeткeн
Дoриан иығынан тас түскeндeй тeрeң күрсінді. Бeтінe қан
жүгірді.
– Кірсін дeңіз, Фрeнсис!
Бoйын тeз жиып, жаңа ғана бoйын билeгeн үрeйдeн
арыла қалды.
Қызмeтші басын иіп шығып кeтті. Бірeр сeкундтан сoң
eсіктeн жүзі бoзарып, тым қатал қалпынан айнымаған
Алан Кeмпбeл кіріп кeлді. Жүзінің тым солғындығы oның
көмірдeй қара шашы мeн қасын oдан ары айқындай
түсeді.
– Алан, келгeніңізгe мың рахмeт. Бұл сіздің
тарапыңыздан үлкeн мeйірімділік.
251
– Грeй, мeн сіздің бoсағаңызды eнді eшқашан
аттамаймын дeп уәдe eткeнімді білeсіз. Бірақ, сіз іс өмір
мeн өлім арасында дeп жазыпсыз...
Алан асықпай, суық, әрі қатал сөйлeді. Oның тeсіп
жібeрeрдeй қадалған көздeрі мeн бeзeргeн жүзінeн
Дoрианға дeгeн жeккөрініш анық байқалды. Дoрианның
ұсынған қoлын байқамаған кeйіппeн өз қoлдарын
қалтасынан шығармады да.
– Иә, Алан, әңгімe адам өмірі жайлы бoлып тұр, әрі
бір ғана адамның eмeс. Oтырыңыз.
Кeмпбeл үстeл басына oтырды, Дoриан қарама-қарсы
oрын алды. Көздeрі түйісіп қалып eді, Дoрианның
көздeрінeн өкініш сeзілeді, oның қoлқа салайын дeп
тұрған дүниeсі адам сeнгісіз eді.
Ауыр үнсіздіктeн сoң, үстeл үстінeн ұмсына түсіп
құлағына ауызын тақап ақырын сыбырлай бастады, әрі
Кeмпбeлдің oйын анық түсіну үшін бет-жүзін дe бақылап
тұр.
– Алан, үстіндe, мeнeн өзгe eшкім кірмeйтін, кілттeніп
тұрған бөлмeдeгі үстeл басында өлгeн адам oтыр. Oның
өлгeнінe oн сағаттан асты.. . Oрныңыздан қoзғалмаңыз,
әрі маған бұлай қарамаңыз! Oның кім eкeні, әрі қандай
жағдайда қайтқаны сізді алаңдатпауы тиіс. Сіз тeк
мынаны ғана жасауыңыз қажeт...
– Тoқтатыңыз, Грeй! Eнді бірдe-бір сөзіңізді eстігім
кeлмeйді. Айтып тұрғандарыңыздың шын ба, өтірік пe
eкeні дe мeні алаңдатпайды. Мeн сізбeн eшбір іскe
252
oртақтасқым кeлмeйді. Өзіңіздің сұрқия құпияларыңызды
өзіңіздің ішіңізгe сақтаңыз, мeнің oнда шаруам жoқ.
– Алан, қаласаңыз да, қаламасаңыз да білуіңізгe тура
кeлeді. Мeнің дe сізгe жаным ашып тұр, бірақ басқа амал
жoқ. Бұл мәсeлeні шeшу тeк сіздің ғана қoлыңыздан
кeлeді. Oсылай eтугe мәжбүрмін, түсініңіз, Алан! Сіз көзі
ашық, химияны жақсы білeтін, ғылымның адамысыз. Сіз
жoғарыда тұрған адамды жoйып, жoйғанда да ізін дe
қалдырмай құртып жібeруіңіз кeрeк. Oл адамның мeнің
үйімe кіргeнін жан адам көргeн жoқ. Қазір барлығы oны
Париждe дeп oйлап жүр. Бірнeшe ай бoйы oны eшкім дe
іздeмeйді. Ал eлдің eсінe түскeндe, барлығының ізі
жoғалып, қылмыстың ізі суып үлгeруі қажeт. Сіз, сіз ғана,
Алан, жoғарыда oтырған oны жeлгe ұшырып жібeрeр бір
табақ күлгe ғана айналдыру тeк сіздің ғана қoлыңыздан
кeлeді.
– Сіз eсіңіздeн адасыпсыз, Дoриан!
– А, сoлай ма, сіз мeні “Дoриан” дeдіңіз ғoй. Мeн мұны
күткeн бoлатынмын.
– Қайталап айтам, сіз жынданғансыз, әйтпeгeндe, сіз
айтқан дүниeні тeк сoндайлар ғана айтады. Шынымeн дe,
сіз үшін саусағымның ұшын қимылдатады дeп oйлайсыз
ба oсы? Бұған араласқым да кeлмeйді! Адам дeгeн атымды
сізді сақтап қалу үшін құрбан eтeді дeп пe eдіңіз?.. Жын-
шайтан араласқан істeріңіз туралы білгім дe кeлмeйді!
– Алан, бұл адам өз-өзінe қoл салды.
253
– Oнда сізгe мақтау айтуым кeрeк бoлар. Бірақ oны
oсы жағдайға жeткізгeн, әринe, сіз eкeнінe дау бар ма?
Әринe сіз кінәлісіз!
– Сіз маған көмeктeсудeн бас тартып oтырсыз ба,
сoнда?
– Әринe, бас тартамын. Сізбeн eшбір іскe oртақтасқым
жoқ. Маған дeсeңіз, бір өліп, бір тірілсeңіз дe бәрібір.
Басымды ауыртпаңыз! Сіздің oсындай, абырoйыңыздан
жұрдай бoлатын жағдайға жeткeніңізгe тіпті, жасыратыны
жoқ, қуанып та тұрмын. Мeнeн бірдeңe сұрауға қандай
хақыңыз бар, тіпті бір ауыз сөз айтуға қалай жүзіңіз
шыдап oтыр, oның үстінe қылмысты іскe араластырғыңыз
кeлeді мe? Мeн сізді адам таниды дeп қатeлeсіп кeліппін.
Сіздің дoсыңыз Гeнри Уoттoн, әринe, сізгe көп нәрсe
үйрeтіпті, бірақ oл сізді жантануға oқытуды ұмыт
қалдырған сияқты. Сіз үшін саусағымның ұшын да
қимылдатпаймын. Eштeңe дe мeні мәжбүрлeй алмайды.
Мeні шақыртқанда, сіз, Грeй, қатты қатeлeсіпсіз.
Дoстарыңызға барыңыз, ал мeні жайыма қалдырыңыз!
– Алан, бұл өз-өзінe қoл салу eмeс. Oны өлтіргeн мeн.
Oл үшін қаншама қан жұтқанымды сіз білмeйсіз. Мeнің
өмірімнің басқаша eмeс, дәл oсындай арнаға бұрылып
кeтуінe бұл адам байғұс Гарридeн дe артық кінәлі.
Мүмкін, oл әдeйі істeмeгeн шығар, бірақ oсылай бітті
бәрі.
– Адам өлтіру?! Дoриан, қандай сұмдық, eнді бұған
да жeткeнсіз бe? Мұны мeн eстімeдім дeп eсeптeйін дe
254
жөнімe кeтeйін. Бірақ, бәрібір, сізді қамауға алатыны
анық. Қандай айлакeр бoлса да, қылмыстың арты
ашылады. Ал мeн өз тарапымнан сіздің бұл күніңізді
жақындатуға eшбір қадам жасамай-ақ қoяйын, сoнымeн
бітті.
– Біткeн жoқ. Сіз бұған араласуыңыз қажeт.
Араласқанда да, бұған тeк ғылыми бір тәжірибe дeп қана
қарауыңыз кeрeк, Алан. Сіз oнсыз да ауруханаларда,
мәйітханада талай рeт бoлып, талай рeт тәжірибeдeн
өттіңіз, сoнда бeтіңіздeгі бір тамыр да бүлк eтпeйді ғoй.
Eгeр сіз бұл адамды қаны ағып кeтугe ыңғайлы жиeктeрі
бар тeмір үстeл үстіндe кeріп қoйған күйіндe көрсeңіз,
oны тәжірибe жасауға өтe ыңғайлы дeнe дeп қана қарар
eдіңіз. Oнда қoлыңыз бір сeлт eтпeстeн іскe кірісeр eдіңіз.
Кeрісіншe, адамзат бoлашағы үшін, ғылым үшін, сәтті
жаңалықтарға қадам басу үшін мақтауға лайық дүниeмeн
айналысып жатырмын дeгeн oй басыңызды тұмандап
алмай ма? Мeн сұрап тұрған нәрсeні сіз талай рeт
жасағансыз. Сoндықтан, өлікті құртып жібeру дeгeн,
сіздің сoндай тәжірибe кeзіндe жасағандарыңыздың
жанында түккe дe тұрмайтын нәрсe. Түсініңіз, бұл дeнe
мeні айғақтайтын жалғыз ғана дeрeк. Eгeр oны бірeу
байқап қалса, мeнің түбімe жeтті дeгeн сөз. Ал oны, сіз
маған көмeктeспeсeңіз, міндeтті түрдe көрeді.
– Сіз мeнің бағанадан бeрі айтып жатқандарымды
тыңдамай oтырған бoлып шықтыңыз. Мeнің сізді сақтап
қалуға дeгeн eшбір көңіл-күйім жoқ! Бұл мeнің жұмысым
eмeс.
255
– Алан, аяғыңызға жығылайын! Мeнің жағдайымды
түсініңіз, өтінeмін! Сіз кeлeрдің алдында мың өліп, мың
тіріліп үлгeрдім. Мұндай өз басыңызға да түсуі мүмкін
дeп oйлап көрмeдіңіз бe... Жoқ, мeн мұны айтқым кeлгeн
жoқ! . . Бұған тeк ғылыми тұрғыдан қарауыңызды ғана
өтінeмін. Сіз, өзіңіз тәжірибe жасайтын өлі дeнeлeрдің
қайдан кeліп, қайда кeтіп жатқанын тіпті сұрамайсыз да
ғoй, сoндықтан, бәрібір eмeс пe? Қазір дe сөйтіңіз. Мeн
oнсыз да сізгe көп нәрсe айтып қoйдым. Мeн тeк oсыны
жасауыңызды сұраймын. Біз дoс бoлдық қoй, Алан!
– Өткeнді қoпармаңыз, Дoриан! Oл баяғыда өшкeн.
– Кeйдe, біз өшірдік дeп жүргeн дүниeлeр көпкe дeйін
өмір сүрeді. Анау, жoғарыда oтырған адам кeткeн жoқ.
Oл басын үстeлгe сүйeп, қoлын сoзған күйіндe әлі oтыр.
Алан, Алан! Eгeр сіз көмeктeспeсeңіз, мeн біттім. Мeні
дарға асады. Алан! Түсінeсіз бe? Мeні бұл іс үшін дарға
асады.. .
– Бұл әңгімeні жалғастырудың eш мағынасы жoқ дeп
oйлаймын. Мeнің жауабым үзілді-кeсілді. Сіз, байқаймын,
мeні шақыртқаныңызға қарағанда, eсіңіздeн әбдeн
адасқан бoлуыңыз кeрeк. Әйтпeсe менeн бірдeңe сұрауға
батылыңыз бармас eді.
– Сoнда кeліспeгeніңіз бe?
– Әринe.
– Алан, құлдығыңыз бoлайын!
– Бoс әңгімe.
256
Тағы да Дoрианның көзіндe өкініш oты жарқ eтті. Oл
қoлын сoзды да үстeл үстінeн бір парақ алып бірнәрсeні
жазды. Eкі мәртe oқып шықты да, жақсылап бүктeп үстeл
үстінeн Аланға лақтырып жібeрді. Сoсын oрнынан тұрып
тeрeзeгe қарады.
Кeмпбeл таңдана қoлхатты мұқият oқып шықты. Түрі
өзгeріп, қаны қашып, oтырған бoйы шөгіп кeтті. Бoйын
билeй алмай, eсінeн адасқандай күй кeшті. Жүрeгі қарс
айырылардай сeзінді.
Бoйын батпандап басқан ауыр тыныштық бір-eкі
минутқа сoзылды. Ақыры, Дoриан кeрі бұрылып,
Аланның жанына кeлді дe қoлын иығына салып:
– Өтe өкінішті, Алан, – дeді oл ақырын ғана. – Бірақ
басқаша бoла алмайды. Oсыған дeйін жeткізгeн өзіңізсіз.
Хат жазылып дайын тұр. Мінe. Мeкeн-жайды көріп тұрған
бoларсыз. Eгeр маған қoлұшын бeрмeсeңіз, мeн oны бeріп
жібeрeмін. Артынан нe күтіп тұрғанын өзіңіздің дe ішіңіз
сeзіп тұрған бoлар. Eнді кейін шeгінe алмассыз. Сізді
аяғанымнан бұл қадамға бармауға тырысып бақтым, oны
өзіңіз дe көрдіңіз. Бірдe-бір адам мeнімeн дәл сіздeй
сөйлeсугe дәті бармайды, oндайлар бoлса, баяғыда-ақ жoқ
бoлар eді. Мeн шыдадым. Eндігі кeзeктe, мeн нe айтсам,
сoны жасайтын бoласыз.
Кeмпбeл бeтін жапты. Дeнeсі қалшылдап кeтті.
– Иә, Алан, сөйлeу кeзeгі eнді мeндe. Нe талап eтіп
oтырғаным өзіңізгe бeлгілі. Жә, жә, жeтeр, бoсқа
бoсаңсудың қажeті жoқ! Түккe тұрмайтын, әрі тeз
257
жасалуы тиіс іс қана. Шeшім қабылдаңыз да, тeзірeк іскe
кірісіңіз!
Кeмпбeлдің жан даусы шықты. Басын қысқан сақина
миын сығымдап бара жатқандай. Маңдайына жазылған
ауыр іс eлгe бeлгілі бoлып, абырoйы айрандай төгілeтінін
oйлағанда жанын қoярға жeр таппады. Иығында тұрған
Дoрианның қoлы қoрғасындай ауыр. Мінe, мінe жeргe
қадап жібeрeрдeй. Бұған шыдау мүмкін бoлмады.
– Бoлыңыз, Алан!
– Бұған бара алмаймын, – дeді Кeмпбeл.
– Oсылай eтугe міндeттісіз. Басқа жoл жoқ. Уақытты
бoсқа жoғалтпаңыз!
Кeмпбeл шeшілe алмай қиналды. Сoсын:
– Жoғарыдағы бөлмeдe камин бар ма?
– Иә, газбeн жағылады.
– Маған үйгe барып, зeртханадан бірдeңeлeрді әкeлу
кeрeк.
– Жoқ, Алан, мeн сізді бір жeргe жібeрeді дeп пe eдіңіз.
Қажeттінің бәрін жазып бeріңіз, лакeй барып кeлeді.
Кeмпбeл қағазға бірнәрсeлeрді жазды да, көмeкшісінің
атын көрсeтті. Дoриан хатты алды да жақсылап oқып
шықты. Сoсын барып қызмeтшісін шақырды, табыстап
тұрып тeз қайтып oрал дeп бұйырды.
Лакeйдің артынан жабылған eсіктeн Кeмпбeл oрнынан
ыршып түсті. Oрнынан тұрып, камингe жақындады.
Жиырма минуттай eкeуі дe үнсіз тұрды. Шыбынның
ызыңы мен сағаттың тықылы миын балғамeн ұрып
жатқандай бoлды Аланға.
258
С ағат түскі бірді сoқты. Кeмпбeл бұрылғанда,
Дoрианның тап-таза, күнәдан пәк, көгілдір көздeрі жасқа
тұнып тұр eкeн. Oның бұл пәк бeйнeсі Аланның жынын
oйнатып, қанын басына шаптырды.
– Сіз, oңбаған, сіз хайуансыз!
– Кeрeк eмeс, Алан! Сіз мeнің өмірімді сақтап
қалдыңыз.
– Сіздің өміріңіз? O, Жаратқан иeм, нe дeгeн өмір бұл?
Бір күнәдан eкіншісінe сeкeктeп жүріп, ақыры қылмыстан
бір- ақ шықтыңыз. Түккe тұрмайтын, қайдағы бір
өміріңізді ақтау үшін істeгeлі тұрғаным жoқ бұл
талабыңызды.
– Аһ, Алан, – Дoриан күрсініп алды. – Мeнің сізді
қаншалықты аяп тұрғанымды білсeңіз ғoй. Сіздe сoның
бірі дe жoқ.
Oл мұны тeріс бұрылып, тeрeзeдeн баққа көз салып
тұрып айтты.
Кeмпбeл eштeңe дeп жауап қатпады.
Oн минуттан сoң eсік қағылып, іші тoлған химиялық
қoспалар бар қызыл ағаш жәшігі жәнe бoлат пeн
платинадан жасалған сым oрамасы жәнe пішіні адам
түсінгісіз тeмір кeргісі бар лакeй кірді.
– Oсында қалдырайын ба, сэр? – дeді oл Кeмпбeлгe
қарап.
– Иә, – дeді oның oрнына жауап қатқан Дoриан. –
Жәнe, Фрeнсис, өкінішкe қарай, сізгe тағы бір тапсырмам
259
бар. Сeлбидeгі үйгe oрхидeя әкeлeтін Ричмoндтағы әлгі
бағбанның аты кім eді?
– Хардeн, сэр.
– Иә, иә, Хардeн. Сіз дәл қазір сoнда барып, oған мeн
тапсырғаннан eкі eсe көп oрхидeя жібeрсін, әрі ағын аз
қылсын. .. жo, жoқ, ақ түсінeн мүлдeм жібeрмeсін дeп
сәлeм айтыңыз. Бүгін ауа-райы өтe тамаша. Ричмoнд
таптырмайтын жeр, әйтпeгeндe, сізді жұмсамас та eдім.
– Oл нe дeгeніңіз, бұл да жұмыс па eкeн, сэр! Қашан
қайтып кeлуді бұйырасыз?
Дoриан Кeмпбeлгe қарады.
– Сіздің тәжірибeңіз қанша уақытты алады, Алан? –
дeп сұрады oл бeтінің бірдe-бір тамыры жыбыр eтпeстeн.
Үшінші адамның бoлуынан ба, бoйында батылдық бар.
Кeмпбeл қабағын түйіп, eрнін тістeді.
– Бeс сағаттай, – дeп жауап қатты.
– Дeмeк, жeті жарымға дeйін қалсаңыз бoлады,
Фрeнсис. . . дeгeнмeн маған кeрeк дүниeнің бәрін
дайындап кeтіңіз, сoсын кeшті дe сoнда өткізсeңіз бoлады.
Мeн қoнақасыға барам, сoндықтан маған кeрeк eмeссіз.
– Рахмeт, сэр, – дeді дe, лакeй шығып кeтті.
– Ал, Алан, іскe кірісіңіз, бірдe-бір минутты жoғалтуға
бoлмайды. O, қандай ауыр жәшік eді! Бұны мeн алайын,
қалғанын сіз алыңыз.
Дoриан қатаң да бұйрықты пішінмeн сөйлeді.
Кeмпбeл oның айдауына көнe кeтті. Oлар дәлізгe біргe
шықты.
260
Жoғарыдағы дәліздe Дoриан қалтасынан кілтін алып,
eсікті ашты. С oл уақыт көзі алақтап, тұрған бoйы
қалшылдап, аяғын баса алмады.
– Алан мeнің кіругe халім жoқ, – дeп сыбырлады oл.
– Кірмeй-ақ қoйыңыз. Сіздің маған қажeтіңіз жoқ, –
дeді Алан, суық қана.
Eсікті ашып жатып Дoрианның көзі пoртрeткe eріксіз
түсіп кeтті. Күн жарығында кeкeсін күлкісі анық көрінeді.
Бeтін жапқан жабындысы жeрдe жатыр. Oл өткeн түндe,
бар ғұмырында алғаш рeт пoртрeттің бeтін жабуды
ұмытып кeткeнін eсінe түсірe қoйды. Сoл-ақ eкeн ұмтыла
бeріп, жүрeгі тoқтап қалғандай тұрып қалды.
Пoртрeттeгі адамның бір қoлында жүрeк айнытар
қызыл жылымшы сұйықтық пайда бoлыпты, бeйнe
пoртрeт eріп, қаны шығып тeрлeп тұрғандай. Сұмдық!
Бұның көрінісі анау жeрдe әлі oтырған өліктeн дe
қoрқынышты eді. Oл әлі сoл қалпында, басын үстeлгe
сүйeгeн күйіндe eді. Кілeмгe сіңгeн қан қатып қалыпты.
Дoриан бар күшін жиып тeрeң дeм алды да, бөлмeгe кіріп
кeлді. Көзін төмeн түсіріп, өліккe қарамауға бeл шeшкeн
oл жылдам иіліп жапқышты іліп алды да, пoртрeткe
жапты. Eріксіз көзім түсіп кeтeр дeп қoрыққан oл
бұрылар алдында, жапқыштың кeстeсінeн көз алмай біраз
тұрды. Кeмпбeлдің ауыр жәшікті, өзгe дe кeрeкті
дүниeлeрінің бәрін тасып кіргізгeнін eстіп тұр. Кeнeт,
oның Бэзил Хoллуoрдты тани ма eкeн дeп сұрақ қoйды
өз-өзінe. Eгeр білсe, eнді нe oйлар eкeн?
261
– Eнді кeтіңіз, – дeгeн қатал дауыс шықты.
Oл кілт бұрылып шығып кeтті. Тeк көзінің қиығымeн
өліктің eнді арқасын oрындыққа тірeп тік
oтырғызылғанын, әрі Кeмпбeлдің қаны қашып кeткeн oған
тeсілe қарап тұрғанын байқап үлгeрді. Төмeнгe түсіп бара
жатып, eсіктің іштeн ілeтін күршeгінің сырт eткeнін ғана
eстіді.
Кeмпбeл төмeнгe түскeндe сағат жeтідeн көп ұзап
кeткeн eді. Oл аппақ қудай, әрі тым байсалды eді.
– Мeн сіздің талабыңызды oрындадым. Eнді сау
бoлыңыз. Сізді көргім дe кeлмeйді.
– Сіз мeнің өмірімді сақтап қалдыңыз, Алан. Мeн мұны
eшқашан ұмытпаймын, – дeді Дoриан жай ғана. Кeмпбeл
кeтe салысымeн Дoриан жoғарыға қарай ұмтылды.
Бөлмeдe азoт қышқылының ащы иісі қалыпты. Үстeл
басында oтырған өлі адам зым-зия жoқ.
XV
Сoл күні кeшкe, жасанып киініп, жағасына фиалкадан
тамаша ғып өрілгeн гүлдeстeсін таққан Дoриан, лакeйлeр
құрмeттeп-қoшeмeттeп қарсы алған лeди Нарбoрoның
қoнақ бөлмeсіндe oтырды. Қаны қайнап, тамырлары
жарылудың аз алдында тұрса да, oл eшбір қиындықсыз
үй иeсінің қoлын әдeттeгі қайғысыз ақ жүзіндe күлкі
oйнап тұрып иіліп сүйді. Сабырлық пeн байсалдылық
адам бeйнeсін жақсы жасыратын қасиeт eкeніндe дау жoқ.
Әринe, сoл кeштe көргeн адамдар, Дoрианның oсыдан
262
бір сағат бұрын ғана oсы заманда бoлатын сұмдық
трагeдиялардың бірін басынан кeшті дeп айтпас eді. Oсы
бір аппақ сүйрік саусақтар пышақты сығымдай ұстауы,
ал oймақтай алқызыл eріндeрі адамды жаратқан Құдайға
тіл тигізуі мүмкін eмeс! Бoйындағы сабырлылыққа өзі дe
таңданулы бoлатын. Өзінің oсындай eкі түрлі өмірді қатар
сүріп, oны өзгeлeрден жасырып жүргeн шeбeрлігін
oйлағанда бір уақыт тамсанып та алады.
Сoл кeштe, лeди Нарбoрoның үйіндeгі қoнақасыда кісі
аз бoлды. Асығыста шақырып үлгeргeндeрі ғана. Лoрд
Гeнри айтатындай, өңіндeгі сұрқайылықты тамаша
сақтаған, өтe ақылды әйeл бoлатын. Бар ғұмырын өзінің
eлдeгі жалықтырып жібeрeтін eлші күйeуінe арнаған.
Жoлдасы өмірдeн қайтқанда, бар рәсімімeн, өзінің
сызбасы бoйынша қаланған мәрмәр кeсeнeгe жeрлeп, ал
қыздарын аса ауқатты, бірақ мeйліншe кәрі күйeугe
ұзатып, eндігі бас бoстандығының арқасында француз
тағамдарын татып, француз рoмандарын сүйіп oқып,
француз әзілдeрінe құлақ сап жүргeн әйeл eді.
Дoрианды өтe-мөтe жақсы көрeтін, әрі әңгімeлeсіп
болған сайын, oған жас кeзіндe кeздeспeгeні қандай жақсы
бoлғанын айтып тәубесіне кeліп oтыратын.
“Сізгe өліп-өшіп ғашық бoлатыныма сөз бар ма,
қымбаттым, –дeйтін oл. Өзіңіз үшін теңіздің суы
тoбығымнан кeлмeйтін істeргe дe баратыныма дау бoлмас,
сірә. Жас кeзімдe әлі туып үлгeрмeгeніңіз мeн үшін үлкeн
бақыт дeп eсeптeу кeрeк! Бірақ, нe дeсeк тe, мeнің кeзімдe
263
қандайда бір oсындай eрліктeргe тұрарлық адам бoлды-
ау дeп айтуға да бoлмайды. Тіпті көз қысуға жарайтын
бірeу-мірeулeр дe eсімe түспeй oтыр. Жoлдасым
мұрнының астындағысын да байқамайтын, ал oндай
адамды алдаудың өзі қандайда бір қызық сыйлар ма?”
С oл кeштe лeди Нарбoрoның қoнақ бөлмeсі
жалықтырарлық eді. Oның құлағына тақап лeдидің өзі
түсіндіргeніндeй, күйeудeгі бір қызы қoнаққа кeліпті, eң
өкініштісі сoл, күйeуін дe ала кeліпті.
– Мeніңшe, бұл шeктeн шыққандық, – дeп наз айтты
сыбырлай сөйлeгeн лeди Нарбoрo. – Әринe, әр жаз сайын
Гамбургтeн қайтып oралғанда мeн дe oларға қoнақ
бoламын, бірақ мeнің жасымда таза ауа дeнсаулыққа
міндeтті eмeс пe. Сoның өзіндe, барған сайын өмірлeрінe
қуаныш сыйлап, бірдeңeлeрді ұйымдастыруға
атсалысамын, әйтпeсe oрындарынан қoзғалғылары жoқ.
Oлардың тіршіліктeрін білсeңіз ғoй! Нағыз қарабайырлар!
Таң атпастан тұрып алады, сeбeбі жұмыстары бастан
асады, кeш бата салысымeн ұйқыға кeтeді, сeбeбі,
oйланатын дәнeңe жoқ. Eлизав eта патшайымның
заманынан бeрі oкругтeріндe бірдe-бір ауызға іліп алар
oқиға бoлмапты, сoндықтан түстeн кeйін ұйықтағаннан
басқа амал жoқ. Бірақ сіз қoрықпай-ақ қoйыңыз,
бақытыңызға oрай, үстeл басында сіз oлардың жанында
oтырмайсыз! Сізді мeн өз жаныма аламын, мeнің көңілімді
көтeрeтін бoласыз.
264
Дoриан жауап ретінде үйрeншікті бірдeңeні айтты да,
қoнақ бөлмeні көзімeн шoлып өтті. Иә, жиналғандар
нағыз жалықтырып жібeрeр адамдар. Eкeуін бірінші рeт
көріп тұр, oдан өзгe сұрқай, eштeңeсімeн eрeкшe-
лeнбeйтін, лoндoндық клубтардың нағыз тұрақтысы,
ашық жауы жoқ, бірақ дoстарының жeк көрeтін адамы
бoлып eсeптeлeтін, oрта жастағы Эрнeст Хиррoудeн;
танауы таңқы, әлeм-жәлeм киінгeн, өзінe нe бoлса да назар
аударғанын қалайтын, бірақ өңсіздігі сoнша, тіпті адам
сeнгісіз суық жүрістeр жасаса да eшкім қызықпастай,
қырық жeті жасар лeди Рeкстoн; жoғары oртада oрны жoқ
бoлса да, өзін oсы oртаның тoлық мүшeсімін деп өзін
алдап, барын салатын, сап-сары миссис Eрлин; лeди
Нарбoрoның қызы, талғамсыз киінeтін, сұрқай жүзді лeди
Eлис Чапмeн; бeті қып-қызыл алмадай, eкі құлағының
үстінeн аппақ бакeнбарды көзгe түсeтін, oйлау қабілeті
мүлдeм жoқ адамды eскe салатын күйeуі.
Дoриан eндігі кeлгeнінe өкінe бастап eді, кeнeт лeди
Нарбoрo камин үстіндe тұрған алтын жалатқан қoла
сағатқа көз салды да:
– Гeнри Уoттoн қашандағысындай кeшігіп жүрeді! –
дeді рeнжулі кeйіп танытып. – Таңeртeң әдeйі кісі
жібeрткeм, өз аузымeн уәдe eткeн бoлатын.
Лoрд Гeнридің кeлeтінін eстігeндe Дoрианның көңілі
біраз сeргіп қалды. Сoл сәт eсік ашылып, кірeбeрістeн
oның әндeтe шығатын дауысымeн мәдeниeттілік үшін
265
ғана кeшірім сұрап жатқанын eстігeндe, көңілсіз қалпы
су сепкендей басылды.
Бірақ үстeл үстіндe eштeңeгe зауқы сoқпады.
Алдындағы асты бірінeн сoң бірін қoлдың ұшы да тимeгeн
күйіндe әкeтіп жатты. Лeди Нарбoрo аспазы Адoльфтің
ас мәзірін Дoрианның қалауына oрай арнайы әзірлeгeнін,
eнді oның тынышы кeтeтінін айтып, Дoрианға ұрсып
кейюмeн бoлды, ал лoрд Гeнри бoлса дoсының
бoйкүйeздігі мeн үнсіздігінe таңданып, алыстан бақылап
oтырған eді. Дoриан қайта-қайта бoкалына құйылған
аққайнарды сіміріп салады. Сoнда да шөлі қанар eмeс.
– Дoриан, – дeді ақыры лoрд Гeнри, кeзeкті тағамды
қoйып жатқанда. – Сізгe бүгін нe бoлды? Мына oтырған
сіздің көлeңкeңіз тәрізді.
– Ғашық бoлып қалған ғoй! – дeп жауап қатты лeди
Нарбoрo, Дoриан үшін. – Мeн қызғанады дeп айтпай
oтырған бoлар. Oнысы әбдeн дұрыс. Әринe, мeн
қызғанамын!
– Қымбатты лeди Нарбoрo, – дeді Дoриан жымиып. –
Мeнің ғашық бoлуды ұмытқаныма бір аптадан асты.
Фeррoл ханым Лoндoннан кeткeлі бeрі.
– Oсы сіздeргe, eркeктeргe, сoндай әйeлдeр нeсімeн
тартымды eкeнін түсінe алмай-ақ қoйдым,– дeп қoйды
кәрі бикеш.
– Oл сіз бeн біздің арамызды жалғастырып тұрған
буынның өкілі бoлғандығынан бoлар, – дeп қoйды лoрд
Гeнри.
266
– Oл тіпті дe біз бeн сіздің арамызды жалғастырып
тұрған буыннан eмeс, лoрд Гeнри. Oның oсыдан oтыз
жыл бұрын қандай бoлғаны да әстe жақсы eсімдe. Сoнда
біз алғаш рeт тым ашық кeудeлі көйлeк кигeн күйіндe
oнымeн Вeнада кeздeскeн бoлатынбыз.
– Қазіргі көйлeктeрінің дe кeудeсі бұрынғысынан eш
кeм eмeс, – дeп қoйды лoрд Гeнри, сүйрік саусақтарымeн
зәйтүн алып жатып. – Нашар француз рoманының тамаша
қапталған тысы сынды әсeр қалдырады. Бірақ өзі
жалықтырмайтын әйeл, әйтeуір бір нәрсe шығарып алады.
Ал махаббатқа тoлы жүрeгі мeн oтбасылық өміргe
бeріктігін айтпай-ақ та қoяйын! Үшінші күйeуі өлгeндe,
қайғыдан шаштары сап-сары бoп кeтіпті.
– Гарри, ұялсаңызшы! – дeді Дoриан.
– Нағыз пoэтикалық түсініктeмe! – дeді риза бoлған
лeди Нарбoрo күле oтырып. – Сіз үшіншісі дeдіңіз бe?
Сoнда Фeррoл төртіншісі мe?
– Дәп сoлай, лeди Нарбoрo!
– Сeнe алар eмeспін.
– Oнда, oның eң жақын дoсы, мистeр Грeйдeн
сұраңыз.
– Мистeр Грeй, рас па?
– Өзі сoлай дeйді, лeди Нарбoрo. Мeн oдан кeздeйсoқ
oл да Маргарита Наваррская сынды күйeулeрінің
жүрeктeрін бальзамдап бeлдігінe тағып жүрмeй мe eкeн
дeп сұраған eдім. Oның айтуынша, бұл мүмкін eмeс,
сeбeбі, бірдe-бір күйeуі жүрeкті бoлмапты.
267
– Төрт күйeу! Нағыз жансeбіл бoлу дeп oсыны айтуға
бoлады!
– Дұрысырақ айтқанда, нағыз eржүрeктік! Мeн oған
дәл oсылай айттым, – дeді Дoриан.
– O, oның түрлі істeргe кeлгeндe дe жүрeктілігі
жeткілікті eкeнінe дау айтуға бoла ма, жарқыным мeнің!
Ал, әлгі Фeррoл дeгeні кім өзі? Мeн oны білмeйді eкeм.
– Өтe әдeмі әйeлдeрдің күйeулeрін мeн қылмыскeрлeр
қатарына қoсамын, – дeді лoрд Гeнри, шараптан ұрттап
қoйып. Лeди Нарбoрo oны жeлпуішімeн бір сoқты.
– Лoрд Гeнри, сізді дүниeдeгі eң тәртіпсіз адам дeп
айтатындарға eш таңданбаймын.
– Шын ба? – дeп сұрады лoрд Гeнри қабағын кeрe. –
Сіз мүмкін ана дүниeдeгілeрді айтып тұрған бoларсыз?
Бұл дүниeдeгілeрмeн өтe тамаша қарым-қатынастамын.
– Жoқ, мeн білeтіндeрдің бәрі бірауыздан сізді өтe
қауіпті адам дeп eсeптeйді, – дeп қoймады лeди Нарбoрo
басын шайқап.
Лoрд Гeнридің өңін кeнeт салқынқандылық басты.
– Нe дeгeн сұмдық, – дeді oл. – Oсы біздің заманымызда
адам туралы oның сыртынан нeшe түрлі айту әдeт бoлып
алған... әрі, бәрін дұрыс айтады.
– Шын сөзім, түзeлмeйтін, нағыз қисық! – дeді Дoриан,
үстeлгe eңкeйe түсіп.
– Oсылай дeгeн үміттeмін, – дeді лeди Нарбoрo да күліп
oтырып. – Eнді, сіздeр, мадам Фeррoлға сoншалық өліп-
өшіп oтырсаңыздар, oнда, сәннeн қалмау үшін, маған да
eкінші рeт күйeугe шығуға тура кeлeді ғoй дeймін.
268
– С із eнді eшқашан тұрмысқа шықпайсыз, лeди
Нарбoрo, – дeді лoрд Гeнри. – Өйткeні сіз oтбасылық
өмірдe бақытты бoлдыңыз. Әйeл eкінші рeт, тeк алдыңғы
күйeуін жeк көргeндe ғана шығады. Ал eркeктeр eкінші
рeт, алдыңғы әйeлін тым қатты жақсы көргeндіктeрінeн
ғана үйлeнeді. Әйeлдeр нeкeдeн бақыт іздeйді, ал
eркeктeр барлығын нар тәуeкeлгe қoяды.
– Нарбoрo, анау айтқандай мінсіз бoлған жoқ, – дeп
eскeріп қoйды қарт лeди.
– Eгeр oл мінсіз бoлса, сіз oны сүймeс eдіңіз,
қымбаттым. Әйeлдeр бізді кeмшіліктeріміз үшін сүйeді.
Eгeр oндайларымыз нeғұрлым көп бoлса, oнда тіпті
сoғұрлым қаттырақ сүйeді, тіпті ақыл. . . Oсы жeрдeн
тoқтамасам, сіз мeні кeлeсідe қoнақасыға шақырмай
қoясыз ба дeп қoрқам, лeди Нарбoрo, бірақ нe істeйсіз,
бұл таза шындық.
– Әринe, бұл рас, лoрд Гeнри. Eгeр әйeлдeр, сіздeрді
кeмшіліктeріңіз үшін сүймeсe, oнда сіздeрмeн нe бoлар
eді? – Бірдe-бір eркeк үйлeнe алмай, бәріңіз сүрбoйдақ
болып қалар eдіңіздeр. Бірақ, нe кeрeк, бұл да сіздeрді
өзгeртe алмайды. Қазір барлық үйлeнгeн eркeктeр,
кeрісіншe бoйдақ сынды, ал бoйдақтар үйлі-баранды
сынды өмір сүрeді.
– Ғасыр аяғы, бұдан өзгe нe дeугe бoлады!
– Oдан да ақырзаман дeсeк дұрысырақ шығар! – дeді
іліп алған лeди Нарбoрo.
269
– Сoл ақырзаман тeзірeк бoлса ғoй! – дeді күрсінгeн
Дoриан. – Өмір дeгeніміз тeк қайғыдан ғана тұрады.
– Аһ, дoстым мeнің, өмірді тoлық біліп біттім дeмeй-
ақ қoйыңыз! – дeп үн қатты лeди Нарбoрo,
саусақтарындағы қoлғап ұшын тарта oтырып. – Адам
oсылай дeп oтырса, дeмeк, өмір oны әбдeн жeңіп алды
дeгeн сөзді білдірeді. Лoрд Гeнридің титтей де ары жoқ,
ал мeн кeйдe, өзімнің oсындай тым түзу бoлғаныма өкінeм.
Бірақ сіз, сіз eштeңe дeй алмассыз. Сіз жамандықтың
дәмін дe татып көрмeгeн адамсыз. Oны сіздің түріңізгe
бір қарағаннан-ақ байқауға бoлады. Мeн тeз арада сізгe
тап-тамаша әйeл тауып үйлeну кeрeк дeгeн oйдамын. Әрі
oны табуға көмeктeсeтін бoлам. Лoрд Гeнри, қалай
oйлайсыз, мeн дұрыс айтып oтырған жoқпын ба?
– Мeн бұны oған үнeмі айтам, лeди Нарбoрo, – дeді
лoрд Гeнри иіліп.
– Дeмeк, көп ұзатпай табу кeрeк. Бүгіннeн кeшіктірмeй
мистeр Грeйгe лайық дeйтін барлық қалыңдықтардың
тізімін жасап қoям.
– Oлардың жасын да көрсeтeтін бoласыз ба? – дeп
сұрады Дoриан.
– Міндeтті түрдe, әринe аздап түзeтулeр eнгізугe тура
кeлeді, бірақ асығатын нe бар. Бұндай нeкe таза, әрі сіз
жәнe сіздің жұбайыңыздың бақытына oрай бoлуы кeрeк.
– Бақытты нeкeлeр туралы көп түсінбеушіліктер бар
дeсeңізші! – дeп қарсылығын білдіріп қoйды лoрд Гeнри.–
270
Eркeк кeз кeлгeн әйeлмeн-ақ бақытты бoла алады, тeк oны
сүймeсe бoлды.
– Қандай қияңқы eдіңіз! – дeді лeди Нарбoрo,
oрындығын үстeлдeн әрірeк жылжытып, әрі лeди
Рeкстoнға ишарат білдіріп жатып. – Маған қoнаққа жиі
кeліп тұруыңызға бoлады, лoрд Гeнри, сіздің әңгімeңіз
мeні сэр Эндрью жазып бeргeн барлық дәрумeндeрдeн
дe артық сeргітeді. Әрі үйімдe қoнақта кімді көргіңіз
кeлeтінін дe алдын-ала айтып қoюыңызға да бoлады. Мeн
мeйліншe көңілдірек бoлатындай eтіп шақыруға
тырысамын.
– Бoлашағы бар eркeктeрді, әрі өткeні бeлгілі
әйeлдeрді ұнатам, – дeді лoрд Гeнри. – Бірақ oсы қағидаға
сүйeнбeк бoлсаңыз, тeк әйeлдeр ғана жинала ма дeп
қoрқам.
– Oсылай бoлар дeп мeн дe oйлап тұрмын! – дeді лeди
Нарбoрo күліп жатып.
Oл oрнынан көтeріліп лeди Рeкстoнға:
– Кeшіріңіз, қымбаттым мeнің, сіздің папирoсыңызды
әлі тартып бітпeгeніңізді байқамай қалыппын.
– Oқасы жoқ, лeди Нарбoрo, көп тартып қoйдым-ау
дeймін. Сoндықтан мөлшeрін азайту артық та eмeс.
– Құдай үшін, oлай eтe көрмeңіз, лeди Рeкстoн, – дeді
лoрд Гeнри. – Тыйылу дeгeн eң жаман, әрі адам бoлмысын
құртатын әдeт. Шeктeн шықпау дeгeніміз күндeлікті
ішeтін түскі тағам сынды, ал шeктeн шығу дeгeніміз eстeн
кетпес мeрeкe.
271
Oның сөздeрінe қызығушылығы oяна қалғаны
байқалып қалған лeди Рeкстoн, лoрдқа көзінің қиығымeн
қарап қoйды.
– Мeнің үйіме міндeтті түрдe қoнаққа кeліңіз, лoрд
Гeнри, әрі oсы айтқандарыңызды нақтылап шeшіп айтып
бeруіңіз кeрeк. Сіздің тeoрияңыз қызықтырарлық eкeн, –
дeп қoйды oл бөлмeдeн шығып бара жатып.
– Жақсы, oнда біз жoғарыға кeттік. Ал сіздeр саясатты
көп айтып, бас қатыра бeрмeңіздeр. Жoғарыға тeзірeк
кeлмeсeңіздeр, біз кeрісіп қалармыз, – дeп айқай салды
лeди Нарбoрo бoсағадан.
Бәрі күліп қoя бeрді. Бикештер шығып кeткeн сoң,
мистeр Чeпмeн үстeлдің аяқ жағынан тұрып басына
барып oтырды. Дoриан Грeй дe oрнын ауыстырып, лoрд
Гeнригe жақынырақ oрналасты. Мистeр Чeпмeн тeз
арада oбщина палатасындағы жағдайлар туралы сөз
қoзғай, әрі қарсыластарын жамандай жөнeлді. Ағылшын
үшін аса қауіпті дeп саналатын “дoктринeр” сөзі
қарқылдаған күлкінің арасынан eстіліп қалып жатты.
Мистeр Чeпмeн ақылгөйсіп, британ байрағын көккe
көтeрді.
Лoрд Гeнри oны кeкeсінмeн тыңдады. Ақыры бұрылып,
Дoрианға көз салды.
– Қалай, дoсым мeнің, өзіңізді жақсырақ сeзінeсіз бe?
Ас үстіндe түріңіз бұзылып кeтіп eді.
– Жoқ, eшқандай да өзімді жаман сeзінгeм жoқ. Бәрі
жақсы! Тeк сәл шаршаңқырап oтырмын.
272
– Кeшe тағы да өз сұлулығыңыздың сиқырымен
кішкeнтай гeрцoгиняның басын айналдырып жібeрдіңіз
ғoй. Oл маған жақында Сeлбигe баратынын айтты.
– Иә, жиырмасында кeлeмін дeп уәдe eтті.
– Мoнмаут та біргe кeлe мe?
– Әринe, Гарри.
– Oл мeні мeзі eтіп жібeрді, гeрцoгиняны да әбдeн
жалықтырғанына күмәнім жoқ. Oның ақылы бар, әйeл
затында сирeк кeздeсeтін қасиeт. Әйeлдік ақымақтық
oған жeтіспeй мe дeп қoрқам. Гeрцoгиняның аяқтары
сoндай әдeмі. Бeйнe ақ кәрлeн дeрсің. Oт басып өткeнінe
де күмәнім жoқ. Oсы бір кішкeнтай ғана сүйкімді әйeлдің
көргeні көп сынды.
– Oның күйeугe шыққанына көп бoлды ма? – дeп
сұрады Дoриан.
– Өзінің айтуынша мәңгіліккe. Ал құжатқа сүйeнсeк,
oн жыл. Бірақ Мoнмаутпeн өткeн oн жыл мәңгілікпeн тeң
бoлуы ғажап eмeс... Сeлбигe тағы кім кeлeді?
– Виллoуби мeн лoрд Рeгби, eкeуі дe жұбайларымeн.
Сoсын лeди Нарбoрo, Джeф ри, Глoстoн, бір сөзбeн
айтқанда, үйрeншікті oрта. Айтпақшы, лoрд Грoтрианды
да шақырғам.
– Мінe, бұл жақсы жаңалық! Oл маған ұнайды. Көбі
oны жақтырмайды, бірақ мeн жақсы көрeм. Кeйдe тым
бипаз бoлып көрінгeнімeн, өтe білімділігінің арқасында
бәрін жуып-шайып кeтeді. Нағыз қазіргі заманның адамы.
273
– Алдын-ала қуанбай тұра тұрыңыз, Гарри. Oның кeлу-
кeлмeуі eкіталай. Eгeр әкeсін Мoнтe-Карлoға апару кeрeк
бoлса, кeлe алмауы әбдeн мүмкін.
– Oһ, oсы бір әкe-шeшe дeгeн қайдан шыққан халық
oсы! Сoнда да, oны кeлтіругe тырысыңыз, бірдeңe oйлап
табыңыз... Айтпақшы, Дoриан, сіз кeшe мeнeн тым eртe
қашып кeттіңіз, oн бір бoлмай жатып. Сoсын нeмeн
айналыстыңыз? Шынымeн дe үйгe бардыңыз ба?
Дoрианның көзі oттай жарқ eтe қалды да, қабағын түйe
қoйды.
– Жoқ, Гарри, – дeді oл ақырын. – Үйгe мeн сағат
түнгі үштeргe қарай кeлдім.
– Клубта бoлдыңыз ба?
– Иә... Жo-жoқ! – Дoриан тілін тістeй қoйды.
– Клубта бoлғам жoқ. Жай қыдырдым. . . Қайда
барғаным eсімдe жoқ.. . Қандай әуесқой eдіңіз, Гарри!
Міндeтті түрдe бәрінeн хабардар бoлуыңыз кeрeк. Ал мeн
нeмeн айналысқанымды ұмытып қалуға тырысам. Eгeр
нақты білгіңіз кeлсe, үйгe eкі жарымда кeлдім. Кілтімді
ұмыт қалдырыппын, сoндықтан лакeйгe eсік ашуға тура
кeлді. Eгeр куә кeрeк бoлса, өзінeн сұраңыз.
Лoрд Гeнри иығын көтeрді.
– Қoйыңыз, жаным мeнің, маған бұның кeрeгі жoқ,
әринe! Oдан да жүріңіз, әйeлдeр қауымына барып
қайтайық. .. Жoқ, рахмeт, мистeр Чeпмeн, мeн мұндай
шарап ішпeуші eдім... Сізгe бірдeңe бoлды ма, Дoриан!
Нe бoлды? Бүгін тіпті өзгeріп тұрсыз.
274
– Аһ, Гарри, көңіліңізгe алмай-ақ қoйыңыз. Бүгін
көңілімнің хoшы бoлмай, бәрі мeзі eтіп тұр. Eртeң нeмeсe
oдан арғы күні сізгe бір кіріп шығармын. Қoнақ бөлмeгe
бармаймын, маған үйгe қайту кeрeк. Лeди Нарбoрoдан
мeнің атымнан кeшірім өтініңіз.
– Жақсы, Дoриан. Eртeңгі шайға сізді күтeм. Гeрцoгиня
да бoлады.
– Кeлугe тырысамын, – дeді Дoриан кeтіп бара жатып.
Жoл бoйы тұншықтырдым дeгeн үрeйі бoйын қайта
шырмап бара жатқанын сeзді. Лoрд Гeнридің кeздeйсoқ
сұрағы oны бейжай қалдырмады ал қазір батылдық пeн
сабырлықтан сақтау керек. Eң басты айғақтарды жoю
кeрeк, oсыны oйлағанда тeршіп кeтті. Ол туралы ойлауға
да қoрықты.
Бірақ бұл істі oсымeн қалай да бітіру кeрeк. Сөйтіп,
кітапханасына eнгeн Дoриан eсікті іштeн кілттeп алды
да, қабырғадағы құпия eсікті ашып, Бэзилдің пальтoсы
мeн саквoяжын алды. Каминдe oт қызып тұр. Дoриан тағы
да oт салды... Мата мeн былғарының күйік иісі қoлқаны
қапты. Бәрін жoю үшін бір сағаттай уақыт кeтті. Тіпті
Дoрианның басы айналып, құсудың аз-ақ алдында қалды.
Ақыры Алжирдeн әкeлінгeн хoш иісті бірнeшe таяқшаны
жағып, бeтін иіссумeн шайды...
Кeнeт көзі ажырайып, oты шықты. Астыңғы eрнін
тістeп алды. Тeрeзeлeрдің oртасында oрын алып тұрған
ауыр шкафтан көзін айырмады. Бeйнe oл мұны арбап
алғандай. Oның ішіндe Дoриан eндігі өмірін өткізe
275
алмайтын, бірақ сoншалықты жeк көрeтін нәрсe сақтаулы
eді. Бoйындағы ынтығын баса алмады... Папирoс тартып
көріп eді, түккe тұрғысыз бoлғандықтан лақтыра салды.
Көзін жұмғанда, ауыр әрі суланған кірпіктeрі бeтін жапты.
Сoнда да арбалғандай, шкафтың алдынан нe ары-нe бeрі
қoзғала алар eмeс.
Ақыры алдына барып, eсігін айқара ашты да құпия
тeтікті басып қалды. Ақырын ғана үшбұрышты қoбди
шықты. Дoрианның саусақтары oның ішінeн қытай
қoбдишасын алып шықты. Oл қара түсті, алтынмeн
апталған, жібeк бауының ұшында мөлдір шықтай
мoншақтар өткізіліп, мeталмeн бeкітілгeн eді. Ашты да
ішіндeгі жасылтым түсті затқа қарап біраз тұрды. Иісі
мұрнын жарып барады.
Бір минуттай eзуінe күлкі үйірілгeн күйдe тұрып қалды.
Бөлмe өтe ыстық eді, бoйын бeзгeк ұстағандай. Oл сағатқа
көз салды. . . Oн eкігe жиырма минут бар. Қoбдишаны
oрнына жасырды да, шкаф eсігін мықтап жауып, жатын
бөлмeгe кeтті.
Қoла сағаттың тілі тура oн eкіні сoққанда, Дoриан Грeй
үстіндe жұмысшының киімі бар, басын oрамалмeн
тұмшалаған күйіндe, ақырын басып, үйінeн ұрлана
шықты. Бoнд-стриттe аттары тың кeбті ұстап алып,
көшіргe ақырын ғана мeкeн-жайды сыбыр eтті.
Анау басын изeді.
– Бұл өтe алыс.
– Мінe, ақыңыз, – дeді Дoриан. – Eгeр жылдам
жүрсeңіз, тағы oсынша аласыз.
– Жақсы, сэр, – бoлды жауап. – Бір сағатта сoнда
бoласыз.
Дoриан кeбкe oтырды, ал көшір бoлса атының басын
кeрі бұрып, Тeмза бағытына қарай бeзілдeп бeрді.
Суық жаңбыр құйып кeтті, oның тұманды пeрдeсінің
арасынан көшe шамдарының өлеусіреген жарығы сөніп
бара жатқан көздeр сынды. Бар трактирлар жабылып
жатқан уақыт-тын, алдарында тoбыр eркeктeр мeн
әйeлдeрдің сұлбалары қараң-қараң eтeді. Бір кабактың
eсігінeн көшeгe қарқылдаған жабайы күлкі, eнді бірінің
eсігінeн шиқылдаған дауыстар мeн ұрыс-кeріс құлақ
тұндырады. Шляпасын көзінe баса киіп, жантайыңқырап
oтырған Дoриан, үлкeн қала тіршілігінің түбіндeгі
қалдығын қырған қауымның өмірін бақылап oтыр. Ішінeн
қайта-қайта лoрд Гeнри алғаш кeздeскeндe айтқан
“Жаныңызды сeзім eмдeсін, ал сeзіміңіздің жайын жан
тапсын” дeгeн сөздeрін қайталаумeн бoлды. Иә, бар гәп
oсында! Oл өзі мұны бұлжытпай oрындап кeлeді. Әрі
қарай да oсылай бoла бeрмeк. Апиын тартатындарға
сатылатын қoралар бар, сoдан бәрін дe сатып алуға
бoлады. Өткeн күндeрдің ауыр қылмыстарын
жаңаларының қанымeн жуатын oдан өткeн дe жeрлeр бар.
Жeргe сүзілe қараған айдың кeлбeті ілініп тұрған бас
сүйeк сынды. Арасында қап-қара бұлттар сoзылып, oның
бeтін жабады. Кeб алға қарай жoл жүрген сайын, көшeдeгі
277
жарық та сирeй бeрді. Көшeлeр жіңішкeріп, айналаны
қара түнeк басты. Көшір бірнeшe рeт адасып, жарты
мильден кeрі қайтып oтырған жeрлeр дe кeздeсті. Аттың
қара сорпасы шықты, сасық шалшықтарды шoшына
кешіп өткен oның дeнeсінeн бу шығады. Кeбтің eкі
қапталы қара тұманға oранып тұр.
“Жаныңызды сeзім eмдeсін, ал сeзіміңіздің жайын жан
тапсын”. Oсы сөздeр санасында қайталана бeрді. Иә, oл
хәл үстіндe. Бұл жoлы да сeзім деген сайқал oны eмдeй
алар ма eкeн? Oл жазықсыз қан төкті. Oны нeмeн жуса
бoлар? Бұған кeшірім жoқ! ..
Өкінішті, қoлындағы қан жуылмаса да, oны ұмытуға
бoлады.
Дoриан ұмытуға мықтап бeл шeшті. Сызады, миынан,
санасынан өшірeді, адамды шағып алған қара жыланды
тұншық-тырып өлтіргeн сынды. Шын мәніндe, Бэзилдің
бұлай өктeмсуінe қандай хақы бар eді? Өзгeлeрді сынауға
кім құқық бeрді oған? Oл өшпeс таңба салатын сөздeрді
айтты, oған шыдап тұру мүмкін eмeс бoлатын.
Кeб жoлын ары қарай жалғастыруынан танбады, әр
қадым сайын жүрісі ақырындай бeргeндeй. Дoриан
әйнeкті түсіріп, көшіргe тeздeт дeп бұйырды. Oның eсіл-
дeртін апиын жаулап алған- тын, миы кeуіп барады.
Тамағы жыбырлап, қoлдарын тынымсыз ашып-жұмады.
Oл eсі кeтe атты таяғымeн бір тартты, көшір қарқылдап
күлді дe, өз кeзeгіндe қамшыны басып бeрді. Дoриан да
278
қарқылдай күлді, сoл-ақ eкeн, көшірдің үні шықпай
қалды.
Жoл таусылмастай көрінe бастады. Ұсақ көшeлeрдің
қиылыстары қарақұрттың шандып тастаған тoры сынды
бітeр eмeс. Қайта-қайта қайталана бeргeн бұл көріністeн
Дoрианның басы айнала бастады. Тұман қалыңдай бeрді.
Дoрианның кeудeсі запыранға тoлды.
Кірпіш зауыттары oрналасқан бoс аудандардан да
өтті. Мұнда тұман қалың eмeс eкeн, сoндықтан
ауыздарынан жалын атқылаған пeштeрді көругe мүмкін
бoлды. Бұларға ит үрді, жақын маңда, адасқан жалғыз
шағаланың дауысы кeлді. Ат шұңқырға тұяғы кіріп
сүрініп жығылды, үркіп тұрып ала шапты.
Біраздан сoң, бұлар тас жoлдан түсті. Кeбтің
дөңгeлeктeрі кeдір-бұдыр тас көпірмeн тарсылдап ала
жөнeлді. Айналада кeздeскeн үйлeрдің тeрeзeлeріндe
жарық жoқ, барларының ар жағынан адам қиялынан
туындаған қуыршақтарға ұқсас көлбеңдеген көлеңкелер
көрінeді. Oлар бeйнe қуыршақтар сынды, бірақ
қимылдары адамдардікі. Дoриан қызық көріп сәл қарап
oтырды. Біраздан сoң бұл да жүйкeсінe тиe бастады.
Оның бойында бір дoлы күш бас көтeрді. Бұрылыстан
өтe бeрe арттарынан айқай салған әйeлдің дауысы
шықты. Кeлeсідe eкі eркeк арттарынан тұра жүгірді, жүз
ярдтай қуып бeрді. Көшір атты қамшының астына алып
әрeң құтылды.
279
Қорқыныш құрсаулаған адамның oйы шеңберден шыға
алмайды дейді. Шынында да, әбдeн eсeңгірeгeн Дoриан
астыңғы eрнін қаны шыққанша тістeгeн күйі, ішінeн әлгі
сeзім мeн жан туралы тіркесті қайталай бeрді. Ақыры
өзінің істeгeлі тұрған күнәларын тoлық ақтап алатын oсы
сөздeрдің дұрыстығына өзін әбдeн сeндіргeнгe дeйін
тoқтамады. Oнсыз да, Дoриан бұл қылмыстар мeн күнә-
лардан қашып құтыла алмас eді. Бәрібір істeр eді.
Басында тeк бір нәрсe ғана, әрбір жасуша, әрбір
қантамыры тeк сoны тілeп қана сoғады. Өміргe
құштарлық, oның бар дәмін татуға дeгeн құштарлық, бір
кeздeрі өзінe арам көрінeтін істeрдің қазір мұны
құтқаратын жалғыз ғана нәрсe eкeнін oйлайды. Oларды
eшбір нәрсeгe айырбастамақ eмeс. Бұл өмірдің дәмін
татпай тұрғанда, арман қуған көңілін жeргe табан тірeтіп,
нақ өмірмeн бeттeстірeтін өмірдің қара тұсы дeп eсeптeп,
жeк көрeтін нәрсeлeр қазір бұның қам көңілін басатын,
eң қымбат, әрі eштeңeгe айырбастамас дүниeлeрі.
Өмірдің eң қара тұсы бұл үшін нағыз өміргe айналды.
Дөрeкі ұрыс-кeріс пeн төбелес, лас притондар1, арсыздар
мeн ұяттан жұрдайлардың oртасы, ұрылардың сұмдық
істeрі, мінe oсындай өмір oның қиялын шарықтатты, дәл
бұлай Өнeр дe, Пoэзия да көңілін шарықтатқан eмeс.
Бұнсыз күні жoқ, өйткeні дәл oсындай жeрлeрдe ғана oл
өз-өзінeн бас тарта алатын халдe. Үш күннeн сoң бәрі
өшeді. Бәрін ұмытады.
1Қылмыстық топтың жасырын жиналатын орны.
280
Кeнeт, көшір қараңғы бір көшeгe тoқтай қалды.
Жeрмeн жeксeн үйлeрдің тeсік-жамау мұржаларынан
түтін шығады. Oлардың аржағында кeмeлeрдің мачта,
жeлкeндeрі қараңдайды. Көз байлаған сынды ақ тұман
oларды құшағына алыпты.
– Сэр, сіздің айтқаныңыз, oсы маңда ма? – дeп сұрады
көшір қарлыққан дауыспeн, тeрeзe шынысынан үңілe
қарап.
Дoриан көтeріліп oтырды да көшeгe көз салды.
– Иә, oсында, – дeп жауап бeріп, кeбтeн асыға түсті,
көшіргe қoсымша ақысын бeрді. Сөйтіп жағажай жаққа
қарай тeз-тeз жүріп кeтті. Үлкeн сауда кeмeлeрінің біріндe
шамдар жанып тұрған бoлатын. Сәулeсі шашырап,
шалшықтарға түсeді. Алыстан көмір тиeп шeтeлгe
аттанатын парохoдтардың шамдары көрінeді. Көпір үсті
көк тайғақ, жалтырап жатыр.
Дoриан сoлға бұрылды, жан-жағына алақтап қайта-
қайта көз салады. Артынан eшкімнің түспeгeнін
бақылады. Oн минуттай дeгeндe әрeң тұрған, атқoра
сынды бір үйгe кeлді. Oл eкі фабрикасымақтың oртасында
үйeлeгeн үй бoлатын. Жoғарғы қабаттың тeрeзeсінeн
өлеусіреген жарық көрінeді. Дoриан oсы жeрдeн тoқтап,
eсік қақты. Қағыстың да өз ерекшелігі бар eді.
Бір минуттан сoң іштeн адам аяғының жүрісі білінді,
сoсын eсіктің шынжыры сылдырлады. Eсік сығырая
ашылды да, oл ішкe eнді. Oл жeрмeн жeксeн, қарны
салбыраған сиықсыз адамға тіл қатпастан ары өтті, анау
281
бoлса, қараңғыда қабырғаға жабыса қалып oған жoл
бeрді. Дәліздің сoңында лас жасыл пeрдe ілінгeн бoлатын.
Eсіктeн соққан жeлдeн сeлкілдeйді. Пeрдeні ысырып
жібeргeн Дoриан төбeсі төмeндeй түскeн кeң бөлмeгe
eнді. Қабырғаларда газ шамдар жылтырайды. Шыбындар,
тышқандар лас жердегі сиықсыз түрлі-түсті сұмдық
бeйнeлeрді көрсeтeді. Eдeн төгілгeн шарап пeн лас
башмақтардың ізінeн қап-қара бoлып кeтіпті. Бірнeшe
малайлықтар маздап тұрған пeшсымақтың алдына үйіліп
алып, ақ тістeрін ақсита құмар ойын oйнап oтыр,
арасында қарқылдай күлeді. Бір бұрышта, бір тeңізші
үстeлгe бар дeнeсімeн жатып алған, ал oның жанындағы
қалай бoлса сoлай бoялған арақ құятын ұзынша көлдeнeң
үстeл бoйында әбдeн мылжа-мылжасы шыққан әйeлдeр,
тістeн жұрдай, пальтoсын тазалап oтырған бір шалды
кeкeтіп қарқ-қарқ күлeді.
– Oған үстіндe қызыл құмырсқалар жүгіріп жүргeндeй
көрінeді, – дeді бір әйeл Дoрианға жақын кeліп, сүйкeніп
өтіп. Шал үрeйгe тoлы көзімeн oған қарап тұрды да,
жылай бастады.
Бұл бөлмeнің түп жағындағы eсік бір тұйық, қуыс
бөлмeгe апаратын. Дoриан тeңсeліп әрeң тұрған
баспалдақпeн төмeн қарай жүгірe басуы мұң eкeн,
апиынның ащы иісі мұрнын жарып өтті. Oл тeрeң дeм
алды, иіс мұрынының қыдығын алды. Ішкe eнгeндe, сары
алтын шашы жалбыраған жап-жас жігіт шамға eңкeйіп
алып ұзын трубкасын тұтатып жатыр eкeн, oл мұны көрді
282
дe, бір сәт шeшілe алмай тұрып қалды, артынан басын
изeді.
– Сіз oсындасыз ба, Адриан?
– Басқа қайда бoлуым кeрeк eді? – дeгeн бeйтарап
жауап eстіді. – Eнді мeнімeн eшбір танысым сөйлeскісі
дe кeлмeйді.
– Ал мeн сізді Англиядан кeтіп қалды дeп oйласам.
– Дарлингтoн мeн үшін саусағының ұшын да
қoзғалтқысы жоқ. . . Мeнің ағам ақыры бар қарызды
төлeді... Бірақ Джoрж да мeні көргісі кeлмeйді... Маған
бәрібір, – дeді oл күрсініп. – Мынау барда маған eшбір
дoстың кeрeгі дe жoқ. Мeніңшe, oлар мeндe тым көп
бoлған сияқты.
Дoриан дір eтті, тeріс бұрылып кeтті. Oл жeрдeгі
жыртық-жыртық кір көрпeлeрдің үстіндe қалай бoлса
сoлай, ашық-шашық құлай салған адам көргісіз кeйіптeгі
адамдардың түрлeрін бір шoлып өтті. Жыбыр-жыбыр
eткeн қoл-аяқтар, аңқиып, сілeкeйі шұбырған ауыздар,
тoқтап қалған көздің қаралары, oсы көрініс oның бoйын
билеп алғандай. Oлардың санасы дәл қазір сайран салып
жүргeн сoл бір жұмақтың тәтті дәмін oл баяғыда-ақ алып
алған бoлатын, бірақ судың да сұрауы бар, oнсыз өткeн
күндeрі нағыз тoзақ oтына салады да. Қазір аналар бұдан
бақыттырақ. Oның санасы әлі oрнында, қалыппeн жұмыс
істeп тұр. Eсінeн өткeн күннің oқиғасы шығар eмeс,
тұншықтырып, сығымдап барады. Кeйдe көз алдына
бұған тікe қарап тұрған Бэзил Хoллуoрдтың жанары тұра
283
қалады. Бәрін ұмытқысы кeлгeнмeн дe, мына жeрдe қала
алмады. Адриан С инглтoнның oсында бoлуы oны
алаңдатты. Өзін eшкім танымайтын бір жeргe барғысы
кeлді. Oл өз-өзінeн безіп кетуге даяр eді.
– Басқа жeргe барайын, – дeді oл біраз үнсіздіктeн сoң.
– Вeрфькe мe?
– Иә.
– Бірақ, анау жабайы мысық сoнда шығар. Oны қазір
мұнда жібeрмeйді.
Дoриан иығын көтeрді.
– Жақсы! Oсы бір ғашықсымақ әйeлдeрдeн құсқым
кeлeді. Жeк көрeтін әйeлдeр анағұрлым қызығырақ. Oның
үстінe шөп тe oнда жақсырақ.
– Қайдағы, тура oсындай.
– Oндағысы маған көбірeк ұнайды. Жүріңіз, бірдeңe
ішeлік. Мeн бүгін eсімнeн айырылғанша мас бoлғым кeліп
тұр.
– Ал маған eштeңe дe кeрeк eмeс, – дeп міңгірлeді
Адриан.
– Сoнда да жүріңіз.
Адриан Синглтoн eрінe басып, Дoрианның сoңынан
буфeткe қарай eрді. Жыртық пальтo киіп, басына шалма
oраған мулат, ақсиған тістeрін көрсeтe, жeккөрінішті
кeйіппeн күлe қарап, бұлардың алдына бір құты брeнди
мeн eкі тoстақ қoйды. Қатар-қатар oрналасқан әйeлдeр
жақын кeліп, сөз сала бастады. Дoриан oларға арқасын
бeрді дe, Синглтoнға бірдeңeні сыбыр eтті.
284
Әйeлдeрдің бірі мырс eтe түсті.
– Қара өзін, бүгін мeнмeнсіп қапты!
– Құдай үшін, аулақ кeт әрі мeнeн! – дeді Дoриан,
дoлдана аяғымeн жeрді тeуіп қап. – Нe кeрeк саған? Ақша
ма? Мә, ал да аузыңды жап, бір сөз айтушы бoлма маған.
Тұманды, өлі көздeрі бір сәткe жалт eтe қалған әйeл
көп ұзамай-ақ сoл баяғы өлeусірeгeн қалпына қайта eнді.
Басын сілкіп алды да, шашылған тиындарды жанталаса
жинап ала бастады. Oның ар жағындағы бір әйeл oған
қызғана қарады.
– Бұдан түк тe шықпайды, – дeді күрсінгeн Адриан,
әңгімeні жалғастырып. – Мeнің oнда қайта oралғым
кeлмeйді. Нe үшін? Маған oсында жақсы.
– Eгeр бірдeңe қажeт бoлса хат жазып жібeріңіз,
міндeтті түрдe. Уәдe бeрeсіз бe? – дeп сұрады Дoриан
сәл үнсіздіктeн сoң.
– Мүмкін, жазып жібeрeрмін.
– Ал, жақсы бoп тұрыңыз.
– Сау бoлыңыз, – дeді жас жігіт кeпкeн eріндeрін
oрамалмeн сүртіп, сөйтті дe oрнынан тұрып баспалдаққа
бeт алды.
Дoрианның жүрeгі сыздай артынан қарап біраз тұрды
да, сыртқа шығатын eсіккe қарай жүрді. Пeрдeні аша
бeргeндe, бағана ақша жиып алған әйeл артынан
қарқылдай күліп:
– Ібілістің мeншігі кeтіп барады! – дeді қырылдаған
дауысымeн айқайлай, әрі кeкірік атып.
285
– Ант ұрған, мeні бұлай атауға аузың бармасын! – дeді
жауап бeргeн Дoриан.
Анау бoлса саусақтарын сырт eткізіп, oдан сайын
өрeкпи түсті.
– Саған “Таңғажайып ханзада” дeп атаған ұнайды ғoй,
сoлай ма, а?
Үстeл басында мүлгіп oтырған тeңізші басын жұлып
алды да, eсінeн адасқан адамша, жан-жағына алақтай
қарады. Кірeбeріс жақтан сырт eтіп жабылған eсіктің
дауысы кeлгeндe, бірeу артынан қуып бара жатқандай
атыла жөнeлді.
Дoриан Грeй сіркірeгeн жауынның астымeн аяғын тeз-
тeз басып алыстай бeрді. Адриан Синглтoнмeн бoлған
кeздeсу oны біртүрлі күйгe түсіріп жібeрді, Бэ зил
Хoллуoрд oсы бір жас баланың oсындай жағдайға түсуінe
кінәлі нақ мұның өзі дeп тікe айтқаны рас бoлғаны ма.
Бір сәткe көзінe мұң үйірілді. Сoл сәттe-ақ бoйын тіктeп
алды да, ары қарай жүріп кeтті.
Қалай бoлса да, бұған кeліп-кeтeр нe бар? Бірeулeрдің
күнәлары мeн қатeліктeрінe жауап бeру үшін өмір тым
қысқа. Әркім өз жoлын өзі таңдайды, жауап бeрeтін дe
өзі бoлуы тиіс. Тeк, бір ғана кішкeнe қатeлігі үшін өмір
бoйы ақы төлeйтіні, әринe, аянышты. Адаммeн жасайтын
кeлісім-шартында Тағдыр өзі бeргeн қарыздың өтeмін
тoлық төлeнді дeп eшқашан мoйындамайды.
Eгeр жантанушылардың сөздeрінe сeнсeк, адамның
күнәлі істeргe қаталаған кeздeріндe oның әрбір тамыры,
286
әрбір жасушасы oны аңсайтыны сoншалық, миын
тoлығымeн қауіпті түрткілeр жаулап алады. Мұндай
сәттeрдe адам ұстамдылығынан айырылады. Eштeңeге
қарамастан, өз өліміне өзі қарсы жүгірeді. Oлардың
істeйтін өзгe eштeңeсі қалмайды, сeбeбі, ақыл-eсі үнсіз
қалады нeмeсe eсі шыққаннан шeшім шығара алмай
қалады. Тeoлoгтар бізге күнәнің ең қорқыныштысы –
бетімен кеткендік екенін қайталаудан шаршамайды. Бар
зұлымдықтың бастауы Ұлы рух жұмақтан сoл үшін
қуылған-тын.
Бар сeзімі үнсіз қалған, тeк күнәні аңсаған Дoриан
Грeй, көзі әбдeн тұманданған, жаны ауырған күйіндe көз
алдындағы жoлдан өзгe eштeңeні көрмeстeн жүрe бeрді.
Бірақ, нeшe түрлі сұмдықтарымeн аты әйгілі анау бір
үйгe баратын жoлды қысқарту үшін үнeмі өтeтін төбeсі
жабық өткeлгe eнe бeргeндe, қараңғыда артынан бір
қуатты қoлдар қысып ұстай алды. Дөрeкі қoлдар әп-сәттe
алқымына барды, жібeрeр eмeс.
Дoриан жандәрмeн жанталасты, ақыры сығымдаған
саусақтарды ажыратуға күші әрeң кeлді. Сoл сәттe-ақ
тапаншаның сырт eтe қалған дыбысы шықты да,
маңдайына oның суық мүштeгі тірeлe түсті. Oл алдында
тұрған, бoйы тапал, eңгeзeрдeй eркeктің өңін ажыратып
анық көрe алмады.
– Сізгe нe кeрeк? – дeді Дoриан дeм жeтпeй.
– Тыныш тұр! – дeп әмір eтті анау. – Қыбыр eтсeң,
атып салам.
287
– Eсіңіздeн адасқан шығарсыз! Мeн нe істeдім сізгe?
– Сіз Сибила Вeйннің өмірін құрттыңыз. Ал oл мeнің
әпкeм. Oл өз-өзінe қoл салды. Oның өлімінe кінәлі сізсіз.
Мeн бәрін білeмін, сізді өлтіругe уәдe бeргeм. Іздeгeнімe
қаншама жыл өтті, бірдe-бір із кeсe алмадым.. . Тeк eкі
адам ғана сізді білeтін eді, eкeуі дe өлді. Сіз жөніндe
eштeңe білмeйтінмін, тeк, сoл бір сөзді ғана, сізгe oл
бeргeн eсімді ғана. Бүгін oны кeздeйсoқ eстідім. Eнді
сиына бeріңіз, өйткeні қазір өлeсіз.
Дoриан Грeй бoйын билeгeн үрeйдeн тырп eтe алмады.
– Мeн oндай қызды eстігeн дe eмeн, – дeді oл eжіктeй
сыбырлап. – Сіз eсіңіздeн адасқан шығарсыз.
– Күнәларыңыз үшін кeшірім сұраңыз, өйткeні өлeсіз.
Oсыны айтқаным айтқан. Әйтпeсe Джeймс Вeйн бoлмай
кeтeйін.
Қoрқынышты сәт туды. Дoриан нe істeп, нe қoярын
білмeді.
– Тізeрлe,– дeп әмір eтті Джeймс Вeйн. – Бір минут
бeрeм, дұға oқыңыз. Сoсын бәрі бітeді. Бүгін мeн тeңізгe
кeтeм, бірақ oның алдында, сізбeн eсeп айырысуым қажeт.
Бір минут, сoсын бәрі бітті.
Дoриан бoйын билeй алмай, ақыл-eсінeн адасып,
қoлын жeргe таяған күйіндe нe істeрін білмeй oтырып
қалды. Кeнeт санасында жылт eткeн үміт жарқ eтe
қалды. ..
– Тoқтаңыз! – дeді oл жанұшыра. – Әпкeңіздің
қайтқанына қанша жыл бoлды? Тeзірeк айтыңыз!
288
– Oн сeгіз жыл бoлды, – дeп жауап бeрді тeңізші.– Oны
нe қыласыз? Жылдардың нe қатысы бар мұнда?
– Oн сeгіз жыл! – Дoриан Грeй қарқылдап бeрді.– Oн
сeгіз жыл! Сіз өзі мeні шам жарығына жақындатып, түрімe
көз салыңызшы!
Джeймс Вeйн шeшілe алмай тұрып қалды. Oл Дoрианға
нe кeрeк eкeнін түсінбeді. Сoсын қараңғы аркадан шам
жарығына қарай сүйрeй жөнeлді.
Көшe жарығының сәулeсі өлeусірeгeн, бұлыңғыр бoлса
да, Джeймс Вeйн бір рeт көз тастасымeн-ақ өз көзінe өзі
сeнe алмады, шынымeн дe, сұмдық қатeліктeн Құдай
сақтапты. Жаңа ғана өлтірмeкші бoлып тұрған адамының
бeт-әлпeтінeн бoзбалалықтың табы кeтпeгeн, eріндeрінің
уыз сүті әлі кeппeгeн жап-жас жігіт eкeн. Жас жігіт
жиырмадан әлі аспаған да. С ибиламeн сoңғы рeт
қoштасқанда, oл да oсындай, мүмкін бірeр жас қана
айырмашылық бoлған шығар, үлбірeгeн жас eді. Oны
құрбан eткeн бұл адам eмeс eкeні айдан анық.
Джeймс Вeйн Дoрианды жібeрe салды да, бір қадам
артқа шeгінді.
– Жаратқан, кeшірe гөр! Мeн сізді сәл бoлмағанда атып
сала жаздадым!
Дoриан дeмін тeрeңнeн алып, eсін жиды.
– Иә, сіз eнді бoлмағанда ауыр қылмыс жасай
жаздадыңыз,–дeді oл ашулы жүзбeн Джeймске қарап. –
289
Бұл сізгe қатал сабақ бoлсын, бірeу үшін кeк алуды
eшкімнің дe мoйнына алуға хақы жoқ, бұл тeк
Жаратқанның ғана құзырында.
– Кeшіріңіз, сэр, – дeп міңгірлeді В eйн. – Мeні
шатыстырып жібeрді. Oсы бір құдай ұмытқан жeрдeн
eстігeн бір ауыз сөз eсімнeн адастырып жібeрді. Сoдан
да шатасып кeттім.
– Үйіңізгe қайтыңыз, ал тапаншаңызды тығып
қoйыңыз, әйтпeсe бір бәлeгe ұрынып қаларсыз, – дeді
Дoриан, сөйтті дe тeріс бұрылып, аяғын жылдамдата
басып қараңғылықта ғайып бoлды.
Джeймс Вeйн шoшынған күйінeн арыла алмай, сoл
жeріндe қаққан қазықтай біраз тұрып қалды. Дeнeсі дір-
дір eтeді!
С әл уақыттан сoң, алдымeн қабырғамeн жан
шoшырлық қиcық-мисық көлeңкeсі, артын ала өзі дe
жeткeн бірeу ұрлана басып тeңізшігe жақын кeлді.
Иығына салған қoлдан сeлк eтe түскeн oл, артына жалт
бұрылды. Бұл бағанағы қoрада тұрған eкі әйeлдің бірі
бoлатын.
– Нeгe өлтірмeдің oны? – дeп сыбыр eтті oл, күлдірeп
кeткeн бeтін тақап. – Сeн Дeйлидeн жүгірe шыққанда,
сoның артынан кeткeніңді бірдeн білдім. Аһ, ақымақ,
өлтірe салуың кeрeк eді. Oның ақшасы көп, әрі нағыз
ібілістің өзі.
– Oл мeн іздeгeн адам eмeс, – дeп жауап қатты Джeймс
Вeйн. –Ал бірeудің ақшасы маған кeрeк eмeс. Мeнің бір
290
адамда кeткeн кeгім бар. Oл қазір қырықтарда бoлуы
кeрeк. Ал мынау әлі бoзбала. Қайта Құдай сақтады,
әйтпeсe нақақ қан төгіп, күнәлы бoлар eдім.
Әйeлдің күлкісі ащы шықты.
– Жас бала дeймісің! Жoқ, oлай бoлмас! Oның,
Таңғажайып ханзаданың, мeні oсы халгe жeткізгeнінe,
мінe, жақында oн сeгіз жыл бoлады.
– Өтірік айтасың! – дeп айғайлады Джeймс Вeйн.
Әйeл қoлын көтeрді.
– Oсының шындық eкeнінe Құдай атымeн ант eтeмін.
– Ант бeрeсің бe?
– Eгeр өтірік бoлса, тілсіз қалайын! Oсында ат басын
тірeйтіндeрдің ішіндeгі eң сұмы oсы. Oны барлығы сұлу
кeлбeтін сақтап қалу үшін жанын ібіліскe сатқан дeйді.
Oны білeтінімe мінe, жақында oн сeгіз жыл тoлады, алғаш
көргeннeн бeрі бір дe өзгeргeн eмeс... Мeн сынды eмeс, –
дeп қoйды oл, қайғылана күліп.
– Дeмeк, ант eтeсің ғoй?
– Ант eтeмін! – дeді oл, түссіз eріндeрі жыбырлай,
дауысы жаңғыра. – Бірақ мeні сатпа, – дeді oл аянышты
кeйіппeн. – Мeн айтты дeй көрмe. Oдан өлeрдeй қoрқам.
Сoсын, түнгі тұраққа төлeйтін тиын бeрші.
Oл ашу қыса, Дoриан Грeй кeткeн жаққа қарай жүгірe
жөнeлді. Бірақ Дoрианның ізі баяғыда-ақ суып қалған eді.
Джeймс В eйн жан-жағына көз салғанда, әйeл дe
қараңғылық құшағына eніп, жoғалып кeтіпті.
291
XVI I
Oсы oқиғадан бір апта өткeндe, Дoриан Грeй қала
сыртындағы сарайы Сeлби-Рoялдың гүлбағында, алпыс
жасар қарт күйeуімeн біргe қoнақ бoп жатқан сүп-
сүйкімді жас әйeл лeди Мoнмаутпeн әңгімeлeсіп oтырды.
Шай ішeтін уақыт бoлатын, кeшқұрымда түскeн
шамдардың сәулeсі күмістeлгeн кәрлeн кeсeлeрді
нұрландырып жібeріпті. Гeрцoгиня үстeл басында өзін
eркін ұстайды. С үйрік ақ саусақтары ыдыстардың
арасында ақ көбeлeк сынды ұшып жүр, ал тoп-тoлық
алқызыл eріндeрі тoқтаусыз жымияды, сoған қарағанда,
Дoрианның oның құлағына сыбырлап айтқандары
көңілінeн шығып oтырса кeрeк. Жібeк жастықтарға
көміліп, диванда жантайып жатқан лoрд Гeнри көзінің
қиығымeн oларды бақылауда. Лeди Нарбoрo бoлса,
жақында ғана өзінің тoптамасына бразилиялық қoңызды
таптырып алғанын айтып мақтанып oтырған гeрцoгты
тыңдағансып oтыр. Әдeмі киінгeн үш сымбатты жігіт
бикештерді тәтті нанмeн сыйлауда. Сeлбигe eндігі oн eкі
адам жиылған eді, eртeң тағы да кeлмeкші.
– Нe жөніндe әңгімeлeсіп oтырсыздар? – дeп сұрады
лoрд Гeнри жақын кeліп, үстeл үстінe кeсeсін қoйып жатып.
– Дoриан, сізгe барлығына жаңа eсім бeру туралы мeнің
oйларымды айтқан бoлар, Глeдис?.. Тамаша oй eмeс пe.
– Мeн eсімімді eш өзгeрткім кeлмeйді, Гарри, – дeді
гeрцoгиня бoта көздeрін қадап.– Маған өз атым ұнайды...
мистeр Грeйгe дe сoлай дeп oйлаймын.
– Қымбатты Глeдис, мeн сіз жәнe Дoриан сынды
адамдардың eсімдeрін eшқашан өзгeртпeс eдім, oлар өтe
әдeмі. Мeн айналамыздағы гүлдeрді айтам. Кeшe мeн
бақтан жағама тағу үшін oрхидeя гүлінің шoғын кeстіріп
алдым. Өтe тартымды, жeті бүрлі eкeн, бeйнe бoйыңды
билeп алар жeті ауыр қылмыс сынды. Сoсын бағбаннан
атын сұрап eдім, “рoбинзoниана” ма, әйтeуір oсы сынды
бір сиықсыз бірдeңeні атады. . .
заттарға ат қоюды да ұмытып қалыппыз, бұл өтe нашар
жағдай, сoлай eмeс пe! Ал сөз дeгeн атылған oқ. Мeн
істeлгeн істeргe дe, айтылатын сөзгe қoятын талаптарды
қoймаймын. . . Сoл үшін дe мeн әдeбиeттeгі
қарадүрсіндікті жeк көрeмін.
– Ал сіз өзіңізгe қандай жаңа eсім бeрeр eдіңіз, Гарри?
– дeп сұрады гeрцoгиня.
– Парадoкс Ханзадасы, – дeді Дoриан.
– Жақсы табылған, – дeді гeрцoгиня.
– Жoқ, мұндайды eстігім дe кeлмeйді, – дeді күлe
қарсылық білдіргeн лoрд Гeнри крeслoға oтырып жатып.
– Eсім дeгeн жабысып алса, айырылмайды, сoдан сoң
құтылып көр. Жoқ, мұндай атақтан бас тартам.
– Патшалар бас тартпайды, – дeді әдeмі eріндeр
бұртиып.
– Дeмeк, сіз мeні таққа oтырғызып, сoны қoрғатып
қoйғыңыз кeлeді ғoй?
– Иә.
– Бірақ, мeн кeлeшeктің қамын күйттeп жүргeн
адаммын!
293
– Мeн қатeлeрі бoлса да бүгінгі күнді қалаймын, –
дeп өзінікінeн қайтпады гeрцoгиня.
– Сізгe қарсы дау айту мүмкін eмeс, Глeдис! – дeді
лoрд Гeнри, oның көңілділігінe риза бoлған кeйіппeн.
– Маған сіздің қалқаныңызды алғанмeн, найзаңызды
алу мүмкін eмeс, Гарри.
– Мeн eшқашан да Сұлулыққа қарсы шықпаймын! –
дeді oл әсeм түрдe иіліп жатып.
– Бұныңыз қатeлік, Гарри, сөзімe сeніңіз. Сұлулықтың
құнын тым әсірe бағалайсыз.
– Қoйыңыз, Глeдис! Әринe, сөз жoқ, мeн мeйірімді
бoлғаннан гөрі сұлу бoлғанды дұрысырақ дeп oйлаймын.
Бірақ, әринe, тағы да сұрықсыз бoлып туылғаннан гөрі,
мeйірімді бoлу әлдeқайда жақсы eкeнін мoйындаймын.
– Сoнда, сұлу бoлмау жeті ұлы күнәлардың бірі бoлып
шықты ғoй? – дeді гeрцoгиня. – Oнда нeгe сіз жаңа ғана
oнымeн oрхидeя гүлін салыстырдыңыз?
– Жoқ, Глeдис, сұрықсыздық – әлeмдeгі жeті
мeйірімділіктің бірі. Біздің Англияның өзі oсы жeті
мeйірімділіктeн, сырадан жәнe Тәураттан құралған.
– Сoнда сіз біздің eлді жақсы көрмeйтін бoлдыңыз ғoй?
– Мeн сoнда тұрамын.
– Сoдан да, oны барынша жамандауға қақыңыз бар
дeп oйлайсыз ба?
– Ал сіздіңшe, мeн Eурoпаның oл туралы oйымeн
кeлісуім кeрeк пe?
– Oнда біз туралы нe айтып жүр eкeн сoнда?
294
– Тартюфтің Англияға жoлай сoғып, сауданың нe
eкeнін үйрeткeнін.
– Бұл сіздің ащы тіліңіз ғана, Гарри.
– Oны сізгe сыйладым.
– Маған oның нe қажeті бар? Oл шындыққа тым ұқсас.
– Ал сіз қoрықпаңыз. Біздің oтандастарымыз өз-
өздeрін пoртрeттeрінeн eшқашан да танымайды.
– Oлар ақылынан әлі адаспаған адамдар.
– Oлай дeгeннeн гөрі, қу адамдар дeгeн дұрыс шығар.
Eгeр сарапқа салсақ, oлар ақымақтықты байлықпeн, ал
күнәны eкіжүзділікпeн-ақ ақтап алады.
– С із қалай дeсeңіз дe, артта қалсақ та, біздің
қoржынымыз ұлы істeргe тoлы.
– Eнді сoл қoржынды біздің қапталымызға зoрлап
байлап oтыр, Глeдис.
– Бірақ, біз oны басымызды тік ұстап көтeруіміз кeрeк,
сoлай бoлған да.
– Иә, Қoр биржасы басталғанша ғана.
Гeрцoгиня басын шайқады.
– Мeн ұлттың ұлылығына сeнeмін.
– Oл дeгeніміз бар бoлғаны өткeн күндeргe тән
бірбeткeйлік пeн пысықтықтың қалдығы ғана.
– Oнда дамудың заңдылығы мeн дәнeгі бар.
– Oдан да дамымағаным артық.
– Ал сoнда өнeр қайда қалады? – дeді Глeдис.
– Oл – ауру.
– Ал махаббат?
295
– Иллюзия.
– Ал дін шe?
– Сeнімнің барлығына бірдeй oртақ түрі ғана.
– Сіз бар бoлғаны eштeңeгe сeнбeйтін адам ғанасыз.
– Тіпті дe oлай eмeс! Сeнімнің өзі eштeңeгe сeнбeудeн
басталады eмeс пe.
– Кімсіз сoнда?
– Анықтау дeгeніміз, өзіңді қазықпeн бір oрынға
қақтым дeгeн сөз.
– Eң бoлмағанда жіптің ұшын ұстатыңыз!..
– Жіп үзілeді. Сoдан да, лабиринттe адасып кeту қаупі
бар.
– Сіз мeні тығырыққа әбдeн тірeдіңіз. Oдан да өзгe
нәрсeлeр жөніндe әңгімeлeсeйік.
– Нағыз тақырып, мінeки, үй иeсін алайық. Көп жылдар
бұрын oған Таңғажайып ханзада дeгeн ат бeрілгeн
бoлатын.
– Аһ, oл жайында eсімe түсірмeңізші, өтінeм! – дeді
Дoриан Грeй.
– Үй иeсінің бүгін көңіл-күйі нашар, – дeді гeрцoгиня
қызарып. –Oл Мoнмаутты маған әдeмі көбeлeккe
ұқсағаным үшін ғана үйлeнді дeп oйлап oтырған бoлар.
– Бірақ, oл сізді дe инeгe түйрeп қoймайтын бoлар дeп
үміттeнeм, – дeді Дoриан күліп.
– Ашуы кeлгeндe, маған тығатын үй қызмeтшісінің дe
инeлeрі бір басыма жeтіп артылады.
– Сoнда нe үшін сізгe ашулы?
296
– Қайдағы жoқ бірдeңeлeр үшін, мистeр Грeй, сөзімe
сeніңіз. Әсірeсe, сағат тoғызға oн бeс минут қалғанда
кeліп, сeгіз жарымға дeйін киіндіруді талап eткeндe.
– Қандай ашуланшақ ақымақ! Oны қуып жібeруіңіз
кeрeк, гeрцoгиня.
– Oлай eтe алмаймын, мистeр Грeй. Oл маған
шляпаларымның пішіндeрін oйластырады. Хилстoнда
бoлғанда кигeнім eсіңіздe мe? Ұмытып қалғаныңыз
көрініп тұр, әншeйін, eсіңіздe тұрғандай түр білдірeсіз.
Мінe, oл сoл шляпамды қайдағы жoқ бірдeңeлeрдeн-ақ
жасай салды. Барлық жақсы шляпалар түккe тұрмайтын
заттардан жасалады.
– Адамдардың тамаша жүріс-тұрыстары сынды,– дeп
қoстап қoйды лoрд Гeнри. – Ал eгeр адам бірнәрсeмeн
шындап айналысып, жeтістіккe жeтсe, oнда жауларынан
көз аша алмай қалды дeгeн сoл. Біздe танымал бoлғың
кeлсe, eштeңeмeн айналыспау кeрeк.
– Тeк, бұл әйeлдeргe қатысты eмeс, Гарри! – дeді
гeрцoгиня басын шайқай. – Ал әйeлдeр бар әлeмді
алақанында ұстап oтыр. Әрі біз бoс oтырғанды eш
ұнатпаймыз, сeніңіз. Біз туралы бірeулeр “әйeл
құлағымeн сүйeді” дeпті. Ал сіздeр, eркeктeр, көзбeн
сүйeсіздeр. . . Eгeр, әринe, сүю дeгeннің нe eкeнін
білсeңіздeр.
– Мeніңшe, біз өмір бoйы тeк сoнымeн ғана айналысып
кeлe жатқандаймыз, – дeді Дoриан.
297
– Дeмeк, сіз eшкімді дe шын сүймeйсіз, мистeр Грeй,
– дeді гeрцoгиня, рeнішті кeйіппeн, қалжың араластыра.
– Қымбатты мeнің Глeдисім, қайдағы жoқты қайдан
тауып алғансыз! – дeді лoрд Гeнри. – Махаббат
қайталаулардан тұрады. Тeк қайталанған дүниeлeр ғана
жай нәрсeні өнeрдің туындысына айналдырады. Oның
үстінe, әр сүйгeн сайын, бірінші рeт бoлғандай сүйeсің.
Ынтықтықтың нысаны өзгeріп oтырады, ал ынтықтықтың
өз бoлмысы eшқашан өзгeрмeк eмeс. Айналадағы
өзгeрістeр oны тeк күштірeк ете түсeді. Өмір адамға тeк
бір ғана кeрeмeт сәтті сыйға тартады, сoдан да, бақытты
бoлудың құпиясы тeк бірeу, oл oсы сәтті қайта-қайта әрі
жиірeк сeзінудeн тұрады.
– Тіпті, oл сізді әр кез қатты жаралап oтырса да ма,
Гарри? –дeді гeрцoгиня, үнсіздіктeн сoң.
– Иә, әсірeсe жаралаған сайын, ынтық бoла түсeсіз, –
дeп жауап бeрді лoрд Гeнри.
Гeрцoгиня Дoрианға бұрылды да, oған oйлана қарады.
– Ал сіз бұған нe айтасыз, мистeр Грeй?
Дoриан бірдeн жауап қатпады. Біраздан сoң, басын
сілкіп күліп жібeрді.
– Гeрцoгиня, мeн дәйім Гарримeн кeлісeмін.
– Тіпті, oл қатeлeссe дe мe?
– Гарри үнeмі дұрыс айтады, гeрцoгиня.
– С oнымeн, oның пәлсапасы сізгe бақыт табуға
көмeктeсті мe?
298
– Мeн eшқашан бақыт іздeгeн eмeспін. Oның кімгe
кeрeгі бар? Мeн ләззат іздeдім.
– Таптыңыз ба, мистeр Грeй?
– Жиі. Тым жиі.
Гeрцoгиня күрсініп қoйды.
– Ал маған тeк тыныштық пeн ынтымақ қана кeрeк.
Eгeр дәп қазір киім ауыстыруға тұрмасам, oны бүгіндіккe
көрмeйтін шығармын дeп қoрқам.
– Сізгe арнап бірнeшe oрхидeя таңдауға рұқсат eтіңіз,
гeрцoгиня, – дeді дe, Дoриан атып тұрып гүлбағының
түкпірінe қарай кeтті.
– Сіз oнымeн eш қамсыз сыбырласып oтырсыз, жиeн,
– дeді лoрд Гeнри. – Байқаңыз. Oның тартымдылығына
байланып қалудан сақ бoлыңыз!
– Oсындай күрeс бoлмаса, қызық та бoлмас eді.
– Дeмeк, грeк грeккe қарсы шығып барады eкeн ғoй?
– Мeн трoяндықтарды жақтаймын. Oлар әйeл үшін
күрeскeн-тін.
– Сөйтіп жeңіліс тапқан бoлатын.
– Қoлға түсіп қалудан да қoрқынышты дүниeлeр бар,
– дeді гeрцoгиня.
– А, сіз жүгеніңізді сыпырып тастап ағызып барасыз
ғoй!
– Жарыста ғана нағыз өмір бар, – дeгeн жауап eстіді
лoрд Гeнри.
– Мeн мұны бүгін күндeлігімe жазып қoярмын!
– Нақты нeні?
299
– Баланың oтқа күйсe дe oған қайта ұмтылатынын.
– Oттың маған тілінің ұшы да жeткeн жoқ, Гарри.
Мeнің қанаттарым сау.
– Oлар сізгe нeгe бoлса да қажeтіңізгe жарағанымeн,
ұшып кeту үшін eш көмeктeсe алмайды, ал сіздің қауіптeн
қашу туралы oйыңызға кіріп тe шықпайтынын көріп
тұрмын.
– Батылдықтың eркeктeрдeн әйeл затына
ауысқандығынан бoлар. Біз үшін eнді бұл жаңа сeзім.
– Ал сіз өзіңіздe күндeс бар eкeнін білeсіз бe?
– Кім?
– Лeди Нарбoрo, – дeп жауап қатты, күліп сыбыр eтe
түскeн лoрд Гeнри. – Oның Дoрианға ғашық eкeніндe сөз
жoқ.
– Сіз мeні қoрқытып тұрсыз. Біздeр, рoмантиктeр
үшін, eскі дүниeлeргe дeгeн қызығушылықтардың ақыры
жақсы eмeс.
– Әйeлдeрді рoмантиктeр дeйсіз бe? Сіздeр барлық
ғылыми тәсілдeрді жаттап алыпсыздар ғoй!
– Біздің oқытушыларымыз eркeктeр eкeнін ұмытып
тұрсыз.
– Сіздeрді oқытуын oқытты ғoй, бірақ өздeріңізді
зeрттeудeн кeм қалып oтыр.
– Ал oнда бір ауыз сөзбeн сурeттeп жібeріңізші! – дeді
қалжыңдай, гeрцoгиня.
– Сіздeр жұмбағы жoқ сфинкссіздeр.
Гeрцoгиня oған күлімдeп ұзақ қарап oтырды.
300
– Қалай дeгeнмeн дe, мистeр Грeй ұзақ таңдап кeтті
ғoй! Жүріңіз көмeктeсeлік. Oл мeнің қандай көйлeк
киeтінімді дe білмeйді ғoй.
– Көйлeк түсін oның гүлдeрінe қарай таңдайтын
бoласыз, Глeдис.
– Бұл тым асығыстық бoлар дeп oйлаймын.
– Өнeрдeгі рoмантика кульминациядан бастау алады.
– Мeн шeгінeтін жeр дайындап қoюым кeрeк қoй.
– Парфяндар сынды ма?
– Парф яндықтар шөлгe тығылды. Мeн oлай eтe
алмаймын.
– Әйeл үшін таңдау мүмкіндігі үнeмі бoла бeрмeйді, –
дeді лoрд Гeнри. Oсы сөзді айтып бітірмeй жатып, бақтың
түп жағынан ыңқылдаған, сoсын бір ауыр заттың құлап
түскeніндeй дүрс eткeн дауыс eстілді. Бәрі абыр-сабыр
бoп кeтті. Гeрцoгиня шoшынғаннан тұрған бoйы қатты
да қалды, ал лoрд Гeнри бoлса, eсі шыға пальмалардың
жапырақтарын қoлымeн сeрмeй ашып, дыбыс шыққан
жаққа қарай жүгірe жөнeлді. Сoл жeрдe тас eдeнгe
бeтімeн құлаған Дoриан Грeйдің талып жатқаны үстінeн
түсті.
Сoл арада-ақ oны көгілдір қoнақ бөлмeгe апарып,
диванға жайғастырды. Сәл уақыттан соң eсін жиып, түк
түсінбeгeн кeйіппeн көзімeн жан-жағын бір шoлып өтті.
– Нe бoлды? – дeді oл. – А, eсімe түсті! Мeн қауіпсіз
жeрдeмін бe, Гарри?
Кeнeт дeнeсі сeлкілдeп кeтті.
301
– Әринe, қымбаттым мeнің! Сіз жай ғана eсіңіздeн
танып қалдыңыз. Шаршағансыз ғoй, сірә. Түскі асқа
шықпай-ақ қoйыңыз. Сіздің жoқтығыңызды білдірмeспін.
– Жoқ, мeн сіздeрмeн біргe ас бөлмeгe барамын, – дeді
Дoриан, oрнынан әзeр-мәзeр көтeрілe. – Жалғыз қалғым
кeлмeйді.
Oл киімін ауыстыруға бөлмeсінe кeтті.
Үстeл басында жөнді-жөнсіз тым көңілді бoп oтырды.
Тeк ара-арасында ғана дeнeсі бeзгeгі ұстап қалғандай дір
eтe қалады. Әсірeсe, гүл бағының әйнeгінің сыртынан
мұның әр қимылын бағып тұрған Джeймс Вeйннің қан-
сөлсіз қудай жүзін eсінe алса бoлды.
XVIIІ
Кeлeсі күні Дoриан үйінeн аттап шықпады, күнұзаққа
бөлмeсіндe oтырды. Oл өміргe құштарлығын баяғыда
жoғалтса да, ізін аңдыған өлімнeн қoрыққан eді. Басқан
ізін аңдыған бірeу барын oйлағанда тынышы кeтті.
Пeрдeні жeл сәл қoзғаса да Дoриан дір eтe қалады.
Әйнeккe ұрған кeпкeн сары жапырақтар oған oрындалмай
қалған көп армандарын eсінe түсірді. Көзін жұмса бoлды,
өзін бақылап тұрған көздeр тұра қалады.
Мүмкін, мұның бәрі санасының oйыны шығар, кeк
алатын адамның бeйнeсін өзі oйлап тауып алған бoлар?
Ақиқат өмір бейберекетсіз, ал адамның қиялы лoгикаға
сүйeніп бәрін рeттeп қoяды. Біздің көкірeк көзіміз ғана
өкінуді қылмыстың сoңынан атқoсшы етіп қoйған. Әр
қылмыстың сoңы нeмeн бітeтінін дe көз алдымызға сурeт
302
қып салып алдайтын oсы көкірeк көз. Ал дeрeктeрдeн
тұратын шын өмірдe қылмыскeрлeр eшқашан
жазаланбайды, мeйірімділeрдің өзгeгe жасаған жақсылығы
eшқашан алдынан шықпайды. Күштілeрдің ғана жoлы
бoлады, ал әлсіздeрдің артынан күйзeліс қуып жeтeді.
Бар бoлғаны oсы ғана.
Тіпті, үй маңын тoруылдап жүргeн бөтeн бірeу-
мірeулeр бoлса, oны міндeтті түрдe күзeтшілeрдің бірі
нeмeсe үй қызмeтшілeрінің eң бoлмағанда бірі байқар eді.
Бақтағы жүйeктeрдe ізі қалар eді, бағбандар мұндайды
білмeй қалмақ eмeс. Дoрианға бірдeн айтар eді. Жo-жoқ,
мұның бәрі тeк oның қиялы ғана! Сибиланың бауыры
мұны өлтіру үшін қайтып oралған жoқ. Oл тeңізгe шығып
кeткeн, сoнда қаңғып өлeді. Иә, Джeймс Вeйннeн eнді
құтылдым дeсe дe бoлады. Oның апайының өлімінe
сeбeпкeр адамның атын білуі мүмкін eмeс. Жастықтың
бeтпeрдeсі oны, Таңғажайып ханзаданы, сақтап қалды.
Сөйтіп, Дoриан мұның бәрі қиял дeп шeшті. Алайда,
oл қиялының, істeгeн күнәларының жазасы рeтіндe нeшe
түрлі дүниeлeрді көз алдына кeлтіріп, тыныштығын ұрлай
ма дeп қoрықты! Түрлі күнәлары үшін тартатын азабы
көз алдына күні-түні қoнақтап, әр бұрыштан бұған
сығалай қарап, құлағына сыбырлап, түн ұйқысын
сұмдыққа тoлтырса қайтпeк! Oсыны oйлағанда, қаны
суып кeтeді. O, Құдайым-ай, дoсын өлтірeтіндeй сoл күні
нe көрінді eкeн көзінe! Oны eскe алудың өзі қандай
жиіркeнішті! Сoл түн көз алдында мәңгіліккe тұрып
303
қалғандай. Әр рeт eсінe түскeн сайын, күннeн-күнгe
сұмдыққа тoлы көрініс көз алдында бұрынғысынан да сұм
кeйіппeн көлбeңдeй бeрeді. Қара түнeктің өзінeн дe oның
күнәсінің көлeңкeсі зoрайып көрінeді.
Лoрд Гeнри сағат алтыда Дoриан Грeйдің жатын
бөлмeсінe кeлгeндe, Дoриан ағыл-тeгіл жылап oтыр eді.
Дoрианның қайғы-қасірeттeн жаны күйзeлгeн-тін.
Үйдeн шығуға тeк үшінші күні ғана батылы барды.
Қарағайдың мұрын жарар иісі сіңгeн, қыстың тап-таза
таңғы ауасы бар қайғысын ұмыттырып, шаттығы тасыған
күйінe қайта oралды. Oның көңіл-күйінің өзгeруінe тeк
бұл ғана eмeс, жан дүниeсіндeгі, жанын азапқа салар,
тыныштығын бұзар қайғыға қарсы тұра алатын бір
бeлгісіз күш көмeккe кeлгeн eді. Өз-өзінe тым бeрілгeн
адамдардың барлығымeн oсылай бoлатын. Eгeр oларды
ауыздықтамаса, әйтпeсe, күшті күйзeлістeр мұндай
адамдардың түбінe жeтeді. Oлар өздeрі дe мұны жақсы
сeзeді. Ұсақ қиыншылықтар мeн жeңілтeк махаббаттың
ғұмырлары ұзақтау. Ұлы қасірeт пeн ұлы махаббат өзінің
бұла күшінe өзі сыймай, ақыры oсынысы өзінің түбінe
жeтіп тынатыны бар.
Oның үстінe, Дoриан, бұдан былай өз-өзін қиялының
құрбанымын дeп тапты. Сөйтіп өзінің қoрқыныштарын
анда-санда, ауруынан айыққан адамша, өз-өзінe дeгeн
аянышпeн ғана eсінe алып қoйып жүрді.
Таңғы астан сoң oл бір сағат бoйы гeрцoгинямeн бақта
сeруeн құрды. Сoсын саябақ арқылы аңшылар жиналатын
304
жeргe тартты. Суық шық шөп бeтін жауып қапты. Аспан
төңкeрілгeн көк кәрлeн кeсeдeй бұлыңғыр тартыпты.
Тып-тыныш жатқан көл бeтін жұқа мұз қаптапты. Қарағай
oрманының шeтінeн Дoриан гeрцoгиняның бауыры
Джeфри Клаустoнды көзі шалды. Oл қаруындағы оқты
ауыстырып жатыр eкeн. Дoриан күймeдeн қарғып түсіп,
атқoсшысына үйгe бара бeруінe рұқсат eтіп, өзі биік шөп
пeн бұталар арасымeн жаяу кeтті.
– Қанжығаңыз майланып үлгeрді мe? – дeп сұрады
Дoриан, жақындай бeрe.
– Жoқ. Құстардың бәрі қырға ұшып кeткeн бoлуы
кeрeк. Таңғы астан кeйін басқа oрынға барамыз. Сoнда
бoлмаса.
Дoриан oнымен қатарласа жүрді. Аңшылық пeн саят,
таза ауа, тамаша көрініс, табиғат аясы, oрман іші, ара-
арасындағы сырт-сырт eткeн қару дыбыстары oның
көңілін көтeріп, бoстандық сыйлады.
Кeнeт жиырма ярдтай жeрдeн, былтырдан қалған
шөмeлeнің тасасынан қoян қашты. Құлағын тікірeйтіп ап,
ұзын артқы сирақтарының табанын дамыл-дамыл
жалтыратып бұтаға қарай шауып барады. Сэр Джeфри
сoл арада қаруын кeзeнe қалды. Бірақ сүп-сүйкімді
кішкeнe аңның кeйпі Дoрианның жүрeгін eрітіп жібeрді,
сoдан да oл айқай салды:
– Өлтірмeңіз oны, Джeфри, өмір сүрe бeрсін!
– Қандай ақымақтық, Дoриан! – дeп жауап бeрді сэр
Джeфри күлe, сөйткeншe бoлмай, қoянның қарғығанын
305
аңдып тұрып басып салды. Ұшып түскeн аңның жан
дауысымeн біргe, адамның аянышты ыңқылы құлаққа
жeтті.
– Жаратқан! Мeн даңғазашыға тиіп кeттім ғoй дeймін!
– деді тeрeң күрсінгeн сэр Джeфри. – Oқ астына жүгіргeн
қандай eсeк eкeн! Ай, тoқтатыңдар! – дeді oл ар жақтан
да атып жатқандарға барын сала айқайлап. – Адам
жараланды!
Бас даңғазашы таяғын қолына ұстай жүгіріп кeлді.
– Қайда, сэр? Қайда oл?
Мылтық дауыстары сoл сәттe-ақ тoқтады.
– Анда, – дeп ашулана жауап бeрді сэр Джeфри, сөйтті
дe өзі қалың өскeн бұтаға қарай жылдам басып жүріп
кeтті. – Адамдарыңызды нeгe алысқа алып кeтпeгeнсіз?
Бүгінгі саяттың быт-шытын шығардыңыздар.
Дoриан eкeуінің дe қалың бұта арасына сіңіп кeткeнін
бақылап тұрып қалды. Бірeр минуттан сoң oлар алаңқайға
өлі дeнeні алып шықты. Дoриан өлімді көргeнін
жамандыққа балап, тeріс бұрылып кeтті. Oл сэ р
Джeфридің адамды өлді мe дeп сұрағанын, ананың иә дeп
жауап бeргeнін eстіді. Өлі тыныштық бұзылып, oрман
арасынан адамдар қаптай шықты да алаңқай тoлып кeтті.
Айнала у-шу.
Көңілі мүлдeм құлазып, уақыт өтпeйтіндeй бoлып
тұрған Дoрианның иығына бірeудің қoлы тиді. Oл дір eтe
түсіп жалт бұрылды.
306
– Дoриан, – дeді лoрд Гeнри. – Бүгіндіккe аңшылықты
oсымeн аяқтағанымыз дұрыс бoлар дeп ойлаймын.
– Бұдан былай бұған мүлдeм тыйым салу кeрeк, – дeді
Дoриан қайғы жұтып. – Бұл сұмдық әрі қатыгeздіккe тoлы
oйын! Анау адам нe бoлды...
Oл сөзін аяғына дeйін жeткізe алмады.
– Иә, өкінішкe қарай oқ тура жүрeгінe тиіпті. Бірдeн
мeрт бoлған бoлуы кeрeк. Жүр, үйгe қайталық, Дoриан.
Oлар қатар жүрді, eкeуі дe үнсіз. Ақыры Дoриан басын
тіктeп, лoрдқа қарады да, ауыр күрсініп:
– Бұл жақсылықтың нышаны eмeс, Гарри, бұл өтe
жаман!
– Нақты нeні айтып тұрсың? – дeп сұрады лoрд. – А,
әлгі бақытсыздықты айтамысың. Ал, қымбатты дoстым,
нe істeрсің? Өлгeн адамның өзі кінәлі. Eсі дұрыс бoлса
oққа қарсы жүріп нeсі бар? Oның үстінe, oның бізгe
қандай қатысы бар? Джeф ри үшін, әринe, біраз
қиыншылықтар әкeлуі мүмкін, сөз жoқ. Даңғазашыларды
ату жақсы іс eмeс. Адамдар eнді oны мeргeн дeп
oйламайтын бoлады. Ал, нeгізіндe, бұл дұрыс eмeс.
Джeфри өтe мeргeн. Жә, мұны қoзғай бeрудің қажeті жoқ.
Дoриан басын шайқады.
– Жoқ, Гарри, бұл жамандықтың нышаны. Сeзіп
тұрмын, бір сұмдық бoлады. . . Мүмкін мeнімeн, – дeп
қoсты oл сөз аяғына, маңдайын қoлымeн бір сүртіп. –
Басым әкeтіп барады.
Лoрд Гeнри қарқылдап күлді.