Жаңа жыл мерекесі
Жаңа жыл мерекесі
Зал мерекеге сай безендірілген.
(«Орманда шырша туыпты» хоровод)
Музыка фонында ортаға екі жүргізуші шығады.
1-жүргізуші:
-Армысыздар ардақты ағайын, Ұлағатты ұстаздар!
2- жүргізуші:
Бармысыздар, замандас, бауырлар, шабыты шәкірттер.
1-жүргізуші:
Бүгін сізге жырдан алқ тағайын,
Шат күлкіге толы болсын маңайың.
Көргендер де көрмегенде арманда.
Жаңа жылың құтты болсын ағайын.
2-жүргізуші:
Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын,
Ай жүзіндей айшықтанып, арайың.
Жанға шуақ, бойға қуат әкелген.
Жаңа жылың құтты болсын ағайын.
1-жүргізуші:
Бәрекелді, бәрекелді! Құрметі халайық! Бүгінгі жаңа жыл кешін барлығымыз көтеріңкі көңіл күймен, әсем ән, сәнді бимен өткізуге ат салысамыз деген үмітіміз бар.
2- жүргізуші;
Олай болса, көңіліміздің керегесін кеңейтіп, баршамызға береке сыйлар мерекелі кешіміздің шымылдығын ашуға рұқсат етіңіздер!
/Ортаға «Жаңа жыл» әнімен…………../
1-жүргізуші:
Құрметті жамағат “Жақсы сөз- жарым ырыс!” – деп дана қазақ айтқандай, жүрекке жылылық ұялатар алғашқы Жаңа жылдық құттықтау сөзді ақыл ойы жетілген саналы ұрпақты сезімі сергек, арманшыл дана ұрпақты тәрбиелеп жатқан қазақ қыздар ұясының білікті басшысы Зинаида Әшімқызына береміз.
1-жүргізуші:
Армысың, аманбысың Жаңа жылың.
Жаңа жылым! О, менің Жаңа жырым!
Ұлу жылы келгенде, сый ғып тартып,
Ақтарайық әнменен көңіл сырын.
/Осы кезде қорқынышты әуенмен залға жағымсыз кейіпкерлер шығады. Өз әуендерімен шыршаны айналып билейді/
2- жүргізуші:
— Балалар, не болып кетті?! Бұлар кімдер?! (Балалардың жауабы)
….Олай болса жандарына жақындап, өздерінен сұрайық.
(Жанына жақындап)
— Сендер қайдан келдіндер?! Менінше адасып жүрген сияқтысындар!
Басшысы (Мыстан):
— Жоқ, жоқ, жоқ! Біз адасып жүрген жоқпыз. Екібастұз қаласының ең әдемі шыршасын іздеп жүрміз, дәл түстік-ау деймін. Солай ғой, достарым?! (Достары айқайлап жауап қайтарады) – Иәәәәәәәә!!! (Өз әуендерімен билей кетеді)
2 Жүргізуші:
— Балалар, біздің шыршамызды алып кетуіне жол береміз бе?! (Балалардың жауабы)
Жүргізуші:
— Бізге көмектесе алатын қарша қыздарымызды ортаға шақырсақ қайтеді?
(Снежинка әуенімен Қарша қыздар келеді де, жағымсыз кейіпкерлерді қатырып тастайды ) Би.
Жүргізуші:
— Керемет.
2 Жүргізуші:
— Керемет болғанмен, ал мыналарды қайтпекпіз?
Жүргізуші:
— Оны балалар біледі! Балалар, айтындаршы, осы кейіпкерледі мейрімді ететін кім бар?! (Балалар: Аяз ата!!!!)
1 Жүргізуші:
— Дұрыс айтасындар! Олай болса бәріміз бір дауыспен Аяз атаны шақырайық!
АЯЗ АТА! АЯЗ АТА! АЯЗ АТА!
— Саққұлақ, тындап көрші, Біздің Аяз атамыз келе жатыр ма екен?!
Саққұлақ:
— Жоқ, желден бамқа ешнарсе естілмейді. Кәне балалар, Аяз атаны қаттырақ шақырайықшы!
АЯЗ АТА! АЯЗ АТА! АЯЗ АТА!
Саққұлақ:
— Естідім, естідім! (Шыршаны айналып жүгіреді) келе жатыр, келе жатыр!
Қуаныңдар, ағайын, тамсаныңдар.
Сүйінішпен маңайға жар салыңдар.
Аяз ата келеді Ақшақармен,
Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар!
(Әдемі әуенмен Аяз ата мен Ақша қар келеді)
Аяз ата:
Ассалаумағалейкум, Жыр кешкен ел,
Нарына нарық заман мінгескен ел.
Дәуірдің дүрмегіне үндескен ел,
Тәңірдің тылсымымен бірлескен ел.
2-жүргізуші:
Ассалаумағалейкум, Ата!
Аяз ата:
Уағалейкумассалаум, балам!
1-жүргізуші:
Армысыз Ата! Армысың Ақша қар.
Аяз ата:
Бар бол, балам! Біз қай жерге келдік қарағым?
1-жүргізуші:
— Біліміді, ақылды, көрікті оқушыларға толы қазақ қыздар гимназиясына келдіңіздер!
Аяз ата:
— Бәрекелді, балам! Ал мыналарын кім?
2-жүргізуші:
— Аяз ата, Ақша қар бұлар біздің мерекемізді бұзып шыршамызды алып кетпекші. Бірақ бұған біз жол бермей, қарша қыздардың арқасында орындарында қатырып тастадық. Енді сіздерден көмек сұрамақшымыз, олаға енді не істеуге болады?
Аяз ата:
— Дұрыс істеген екенсіндер, енді мен мен оларға шырша ұрлаған не екенін көрсетейін!!!!
/желдің әуенімен кейіпкерлерді орындарында айналдырып қояды/
Жағымсыз кейіпкерлер:
— Қойыңызшы ата, қойыңыз!!!!! Тоқтатыңызшы, ойбай, ойбай! Қойдық , қойдық. (Осы жерде әуен тоқтатылып, кейіпкерлер жерге құлайды)
Аяз ата:
— Жарайды…..Енді сендер біздің балалардың көңілдерін көтере алсандар біз сендерді кешіреміз! Солай емес пе, балалар?!
Мыстан:
— Айтқанын болсын, ата……
(Кейіпкерлер ойын ойнатады)
2-жүргізуші:
— Бәрі ойдағыдай шешілді ғой деймін! Олай болса шырша тойын бастайық.
(«Шырша тойы» хоровод)
Ақша қар:
— Ата, жаңа жылды қарсы аламыз дейміз, біздің жаңа жыл қайда? Көрмей тұрмын ғой оны!
2-жүргізуші:
-Балалар, айтындаршы, биыл қандай жыл келуші еді?
(Балалар: айдахар!)
Саққұлақ:
— Тұра тұрындар! Мен бір дыбыс естіп тұрмын, жүрістің қатты дыбысы.
1- жүргізуші:- Бұл кім болды екен?!
(Осы кезде әуенмен айдахар кіреді)
Айдахар:
— Ассалаумагалейкум, ағайын! Ассалаумагалейкум Аяз ата! Салеметсіз бе, қоян! Армысың, Ақша қар.
Аяз ата:
— Уагалейкумассалам, сен бала айдахармысын?
Айдахар:
— Дәл өзімін.
Қоян:
— Айналайын келші, сені құшақтап қарсы алайын. Ал, айдахар! Кімдер даттап, кімдер мақтайды, өзі білсін. Жақсылы, жаманды жыл болдым. Қолымнан келген біраз шаруаны атқардым, білем. Мына тұрған халық куә, содан сұрарсың. Әлі де болса атқарылар істер көп. Соның бәрін саған аманат қылып қалдырам, айдахар!
Айдахар:
— Аманатқа адал болуға, халыққа жайлы, ел тілегіне сайлы болуға ант етемін.
Қоян жылы:
— Ал, енді қоштаспас бұрын тағы бір рет мына тұрған балалардың көңілін көтеріп кетейін. Қарсы емессіңдер ме балалар? (балалардың жауабы) Олай болса ойынымызды бастайық! (ойын ойнатады)
Қоян:
— Ойын ұнады ма балалар?
Мен жылжиын, ағайын! Келген жылдарың құт береке сыйласын!
1-жүргізуші:
Қош, өткен жыл!
Қош келдің Жаңа жыл.
Жаңа жыл әні орындалады.- Л. Сарсенова
1-жүргізуші:
Ал, Аяз ата, Ақша қар! Асығып тұрған секілдісіздер. Әрине, әлі де барар жер, басар тауларыңыз көп болғандықтан, сіздерді көп бөгемейік.
2-жүргізуші:
-Иә, ата мына халқыңызға бата берер кезде келді ғой деймін.
Аяз ата:
Болар, болар…
Уа!!!
Мен батамды берейін,
Үстем болсын мерейің
Әрқашанда бұл елге,
Қуанышқа келейін.
Жақсылық елден кетпесін,
Жамандық, келіп жетпесін.
Қызыр болсын жолдасың.
Әруақтар қолдасын!
Қара ниет дұшпаның,
Бұл жалғанда оңбасын.
Аман болсын, мал басың,
Адал болсын жолдасың.
Бейбітшілік заман болсын.
Ел іргесі аман болсын.
Осы айтқаным қабыл болып,
Батам менің тәммам болсын!
Әумин!
Жаңа жылдарың құтты болсын!!!
Барлығы бірге:
Жаңа жыл құтты болсын!
Ән «Жаңа жыл» А . Жусупаева
Кеш соңы бимен ұласады.
Tags: мектеп, жаңа жыл, Қазақша, Қазақша жаңа жыл мерекесі, сценарий, қазақша сценарий, мерекелері, қазақша мереке сценарилері, қош келдің жаңа жыл, қош бол ескі жыл, жарылқа, ескі жыл есірке, жаңа жылдық қойылым