Жаңа жыл сценарий
Жаңа жылға арналған мерекелік ертеңгілік өткізілетін, әсем безендірілген залға балалар қол ұстаып кіреді
Балалар Жаңа жыл, жаңа жыл. Жаңа жда-жаңа жыр. Жасыл шырша жанында Жадырап бар бала жүр. Тама Шыршамыз тұр жараса. Көз тоймайды қараса. Жасыл желек жамылған, Асыл моншақ тағылған, Miнe, сұлу шыршамыз. Көптен күтіт, сағынған, Кел, балалар, келіндер, Тамашаны көріңдер. Тәрбиешіге әpi қосылып: Қала нұр, дала нұр Құтты болсын Жаңа жыл! «Жаңа жыл» әні орындалады. Тәрбиеші: Келіңдер жас ұландар, Ертегімді тыңдандар. Ертегімде сан қилы Қызық- Қызық сырлар бар. Жаңа жылдың кешінде Аңдар келіп 6ip шешімге Достаспақшы ниетпен Жиналыпты келісімге. Соныменен, балалар Жаңа жылға арналған Ертегіні көріңдер Шын бағасын беріңдер. (Мерекелік музыка ойналады.) Шыршаның артынан қоян ceкірin шығады да: Ау, жарандар, ал қараңдар Жауып тұр қар себелеп. Көкке толды, жерге қонды Сансыз аппақ көбелек. Тым алыстан, Марстан Келіп Аяз атамыз Жылды тойлап, Билеп-ойнап, Көп қызыққа батамыз! Ceкipin билеп жүрген қоянның алдынан аю шығады. Қоян сасқалақтап қалады. Қоян: Амансыз ба, аю паң! Аю: Жаңа жылдың алдында Тойды еске алдым да Ұйқымды ашып, сергідім Ұйықтамаймын мен бүгін! Жылды қарсы алайық Би билеп, ән салайық. Аю: Жаңа жылдың тойында «Жан салайық» ойынға! Eкeyi қол ұстасып, билейді. Сол кезде қуана кутындап тулкі келеді. Түлкі Қоянжанға бір сәлем! Аю паңға мың сәлем! Аю, қоян: Аман ба, тулкі, кел мұнда! Түлкі Достарым, жыл келеді Сыйлығын ол береді Жұмбақ шешкіш тулкінің Өнерін жұрт көреді Тауып өз сыңарымды Тайсалмай, биге түcin, Тарқатам құмарымды. Аю, қоян: Рахмет, түлкіжан Жүрген жерің күлкілі ән! Аю,қоян,түлкі 6ipre билей,жөнеледі Осы кезде орталарына кipni келеді Kipпi: Сәлем,достар,аман ба? Нұр берді шырша алаңға Жылға шашу шашайық, Тойлап, көңіл ашайық. Қоян Келші биге басайық! Бәрі билеп жатқанда, тиін келеді. Тиін: Тра-ля-ляй!Тра-ля-ляй! Өнершіл аңдар-ай Өңкей паңдар тыңдаңдар, Жаңа жылға әнім бар Қол ұстасып, биге басып, Жыл әніне салыңдар Бәріңізге 6ip сәлем. Бәpi: Сәлем,тиін! Жақсы-ақ биі! Бәpi қосылып, билейді. Енді орталарына қасқыр қосылады. Қасқыр Армысыңдар!Бармысыңдар,ағайын! Кәне құшақ ашайъқ, достъқ тойын жасайъқ Бәpi: Жаңа жыл қүтты болсын ! Достығымыз мықты болсын! «Полька» биі биленеді Бәрі Жаңажылдарыңызбен! Тәрбиеші: Жарайсындар, балалар! Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын. Соны шешесіңдер ме? Балалар: Иә. Жұмбақ: Ақсақалды шал жылына Бip-ақ рет келіп кетеді Қызы мен ұлына Сыйлық алып келеді /Аяз Ата/ Тәрбиеші: Балалар, енді жаңа жылдьқ мерекемізге Аяз атаны шақырайьқ. Ол орманда жүріп адасып кеткен болар. Балалар: Аяз Ата! Аяз Ата! - деп айғайлап шақырады. Аяз Атаньң орнына мыстан кемпір ұшып кipeдi де, шыршаны 6ip айналып барып, қонақтардың алдына келіп тұра қалады. Мыстан: Пай-пай! Мен қайда келдім өзі. Мына шыршаньң кереметін-ай! Уйге алып кетсем бе екен?/Осы кезде мыстан төменге еңкейіп, шыршаньң түьірімен жұлып алғысы келеді. / Тәрбиеші: Мыстан кемпір! Мыстан оған мән бермейді де шыршаны жұлуын тоқтатпайды Біз «Жаңа жыл» мейрамын тойлап жатырмыз,тимеңіз біздін шыршамызға! /Мыстан сөзге мән бермей, былай дейді: Туу!/ Маңдайдағы терін сүртіп, тұрып./Мына шыршаның тамырының терең отырғызылғанын-ай, жұлынбайды ғой. Сол кезде шыршадағы жылтыраған кілтті көріп қаладыда: Мынау қандай қызық кілт өзі, осы кілт бағанағы менің ұшып келе жатып көрген, сандықтың кілті болар. Сол сандықтан 6ip керемет дәмнің иici шығып еді, мүмкін ақша да бар шығар. Мен шыршаға тимей-ақ, осы кілтті алып барып сандықты ашайын, мүмкін тамағына тойып, ақшасына бip байып қалармын! Мыстан Keмпip кeтiп қалады. Сол кезде қалтасынан бip таяқ түседі. Тәрбиеші: Балалар, Кәне тойды жалғастырайьқ, Аяз Ата кешікті ғой. Мүмкін адасып кеткен болар.Әнімізде шырқап,атамызды шақырайық! «Шырша жыры» жырланады. Eciктің сыртынан дауыстар естіліп, іле-шала залға Аяз Ата мен Ақшақар кіреді. Аяз Ата Ақшақарды қолынан тартып, жетелейді,ол кipгici келмейді. Ақшақар: Ата жіберіңізші мені ! Кірмеймін мұнда,үйге кетемін. Аяз Ата: Айналайыным-ау, не болып қалған саған, ауырып қалған жоқсьң ба өзі? Ақшақар Жоқ,жоқ. Ауырып тұрған жоқпын. Ешқайда да барғым келмейді, үйге қайтамын. Аяз Ата: Қызым-ау, не айтып тұрсың! Қарашы,біз тойға келдік! Кәне,балалармен амандасайьқ. Аяулы аналарға,ардақты ұл-қыздарға Бүлдіршін балаларға бip сәлем! Қандай жарқын жүздерін, Қандай әсем жырларың Асаулармен алысқап, Асау желмен жарысқан Аталарың сендерге Шаршап келді алыстан /Балалармен амандасады/ Аяз Ата: Рахмет,рахмет балаларым! Кәнекей қызым! Қонақтардан, ұят болады, басынды көтер. / Ақшақар басын көтермей тұрады./ Аяз Ата: Қарашы, балалардьң киімi қандай әдемі. Шыршада әсем безендірілген екен. Бәрі де тым сұлуланып кетіпті. Шырша шамын жағайық, Жаңа жыл тойын ашайьқ. /Сол кезде Ақшақар жылап тұрып/ Ақшақар: Мен шырша шамын жағатын, сиқырлы таяғымды жоғалтып алдым! Осы кезде Аяз Ата оны жұбатып тұрып: қазір мен-ақ өзімнің таяғыммен жағамын- дейді. Ақшақар: Қойыңыз ата! Сіз бұл таяғьңызбен бүкіл шыршаны қатырып тастайсыз. Тәрбиеші: Ақшақар, сиқырлы таяғьң қандай еді? Ақшақар Менің таяғым жылтырауық, пішіні жүрекке ұқсайды. Сіздер оны көрмедіңіздер ме? Тәрбиеші: Жаңа мұнда Мыстан болған, ол ұшып бара жатып, қалтасынан жылтыраған бip затын түcipiп алды, сол емес пе екен? Кәне, аңдар,іздеп көріңдерші, сол затты мүмкін тауып берерсіңдер. /сөйтіп жатқанда тиін сиқырлы таяқты тауып алады/ Аяз Ата: Жарайсың, балапаным! /бетінен сүйеді/ Тәрбиеші: Кәне,бізде шырша жағуға көмектесейік, әнімізді айтайьқ. Балалар қайырмасын айтып жатқанда, Аяз Ата Ақпақарды қасына шакырып, шыршаны жаққызады. «Аяз ата » жырланады. «Кім көп қар түйіршігін жинайды?" ойын ойналады. Балалар 1. Жылдың әнін бастайын, Аяз- Ата кеп қалды. Майысады жас қайың, Көтере алмай көп қарды. 2. Бақша іші мереке, Ойын күлкі асқақ ән. Жақсы әпкелер жаңа кеп, Мерекені бастаған. 3. Жаңа жылды қарсы алдың, Мініп алып күймеге. Мен де бүгін ән салдым, Араластым биге де. 4. Оралдың өлкеме, Жаңа жыл армысың. Оранды ақ көрпеге, Асқартау, қарлы шың. 5. Ақ қырауға малынған Сақалы да мұрты да. Аяз ата сағынған, Сәлем бepді жұртына. 6. Безендіріп шыршаны Жыл қуантты баршаны. Той-маскарад басталды, Аяз оны басқарды. 7. Аппақ тонға оранып, Базарлықты мол алып. Келді алыс сапардан, Аяз ата оралып. 8. Қалып едік сағынып, Kүтіп алдъқ жабылып. Жолын қойдық жарық қып, Шыршаларға шам іліп 9. Аяз Ата ойды қырды Аралап жүр түгел шолып. Қарсы алғалы жаңа жылды, Ол да көптің бірі болып. Қайда қызық болса думан, Аяз Ата сонда болды. Күндіз үйде ойнап бізбен, Балалармен бірге болды. «Кім тез пиманы киеді»- деген ойын ойналады. Аяз - Ата: Ой! Бәрекелді, жарайсьңдар балалар! Аталарыңды бip куантып, тастадыңдар. Тәрбиеші: АязАта! Сіз біздің балаларға сыйлықгар әкелдіңіз бе? Аяз - Ата: Әрине, барлық сыйлық мына сандықтың ішінде! Ақшақар сандықтың кілті қайда ?(Ақшақар иығымен білмеймін дегендей шара жасайды.) Тәрбиеші: Қандай кілтті сұрап тұрсыз? Бағанағы шыршадағы ілініп тұрған кілт пе? Аяз- Ата: Иә,сол кілт шығар. Тәрбиеші: Аяз Ата,ол кілтті мыстан алып кетті.Ол тіпті шыршамызды ала кеткісі келген. Аяз- Ата: Қап, әттеген-ай! Кәне, біз Ақшақар екеуміз оны іздеп келейік. (Осы кезде залға Мыстан кіреді.) Мыстан: А-а,бәлем! Таптым, сандық мында тұр екен ғой (оны ашайын деп жатканда еріксіз бip күш оны артқа қарай итереді) Аяз- Ата: Мына ұрлықшы мұнда жүр ғой. Кәне кілтті маған бер,балалар сыйлықтарын күтіn қалды. Мыстан: Ойбай- тағы, не дейді. Сыйлық өзіме де керек. Аяз-Ата: АҺ, бәлем! Олай болса өзіңнен көр. Мен ceнi қатырып тастайын. Аяз-Ата: «Кәне таяғым мына Мыстанды қатырып таста» (Мыстан кемпір тұрған бойында қатып қалады.) Мыстан: Әй, Аяз шал! Керегі жоқ, қалпыма келтір! Ой, не icтeceм екен. Аяз-Ата: Бересің ба сандықтың кілттін? Мыстан: Жоқ, бермеймін. Аяз-Ата: А-а, онда осылай тұра бер. Мен кеттім. Мыстан: Жоқ,Аяз-Ата! Кетпеші,беремін кілтіңді, тек балалар менің қояр тілегімді орындасын, жұмбақтарымды шешсін. (Осы кезде мыстан қалпына келеді) Балаларға жұмбақ жасырады: Қыста ғана болады, Ұстасаң қолың тоңады. (Қар) Терезеге қонады, Әсем ою ояды. (Қырау) Тікен,тікен тік пістe. Қысы жазы бip тусте (Шырша) Мыстан: Жарайсьңдар,балалар, жұмбақты жақсы шешеді екенсіңдер. Аяз-Ата: Жарайсыңдар балаларым! Meнi бүгін бip куантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімде де өнерлі екенсіңдер. Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе қызым? Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайьқ. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым,сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашьқ болсын! Қош болыңдар!(қолдарын бұлғап шығып кетеді.) Балалар: Сау болыңыздар! Тәрбиеші: Құрметті қонақтар, балалар! 20**-шы жаңа жылға арналған мерекеміз аяқталып қалды. Көріп тамашалағандарыңа рахмет. Жаңа жыл құтты болсын, отбастарыңызға тек бақыт пен куаныш әкелсін!!