Кевин қайта оралады
«Один дома» фильмдер желісінде басты рөлді сомдаған актер Маколей Калкин есейген кездегі Кевин Маккаллестердің рөлін сомдады. Ол RYVRS веб-сериалының бірінші эпизодында көрсетілмек.
35 жастағы Калкин көлік басқара алмайтын жүргізушінің образын сомдайды. Оқиға желісіне сәйкес, жолаушы рөлді басқарып, жүргізушісі оған балалық шағында басынан кешкен қиындықтарын әңгімелей жөнеледі. Таксист есімін атамағанымен, бала кезінде алған психикалық шогы жайында айтып береді. Оның айтуынша, ол сегіз жаста болғанда ата-анасы Рождество мерекесінде оны үйге ұмытып кетіп, бір апта жалғыз тұрады.
«Мен өзімді және өз үйімді есі кеткен екі қарақшыдан қорғадым. Ол кезде жай ғана ойын баласы едім. Әлі күнге қорқынышты түстер маза бермейді. Түсімде тақырбас адам соңымнан қуып келе жатқан сияқты», - деген оның сөздерін мысалға келтіреді The Daily Mail. Орта жолда көлікті тапанша кезенген бейтаныс ер адам тоқтатып, таксист әңгімесін аяқтамай үзуге мәжбүр болады. Одан құтылу үшін жүргізуші бала кезгі машығын пайдалануына тура келеді, деп жазады SFGate.
«Один дома» фильмдер желісінің біріншісі прокатқа 1990 жылы шықты. Жеті айдың ішінде картина 476,6 млн доллар жинап үлгерген. 1992 жылы көгілдір экранға «Один дома-2: Нью-Йоркте адасқан» атты сиквелы шығады. Осы картиналарда басты рөлді Маколей Калкин сомдайды. Актер картинаның қалған үшінші және төртінші бөлімдеріне түскен жоқ. Жалпы, Калкин киноға жиі түспейді. Оның соңғы жұмысы 2016 жылға жоспарланған «Адам гриннің Аладдині» атты фильм.