Мемлекеттік метрологиялық қадағалаудың негізгі міндеттері

Мемлекеттік метрологиялық қадағалаудың
негізгі міндеттері:
• ҚР-ға әкелінетін өнімдердің нормативтік құжаттардың міндетті талаптарына және сертификаттау ережелеріне сәйкестігіне тексеру жүргізу;
• Өнімді өндіру кезеңінде нормативтік құжаттардың міндетті талаптарының сақталуына тексеру жүргізу;
• Тұрғындарға қызмет көрсетуде және жұмыс жүргізуде нормативтік құжаттардың міндетті талаптарының сәйкестігіне тексеру жүргізу;
• Аккредиттелген сынау зертханаларының және сертификаттау органдарының қызметіне тексеру жүргізу;
• Аккредиттелмеген зертханаларда өнімдерге сынау жүргізуде нормативтік құжаттар талаптарының, метрологиялық ережелердің сақталуына және ӨҚ – ның жағдайына тексеру жүргізу;
• Сертификаттау ережелерінің және нормативтік құжаттардың міндетті талаптарының бұзылуын анықтау бойынша жекелей және көтерме саудамен айналысатын өндірістерге рейд жүргізіп тұру;
• Аккредиттеу және аттестаттау алдында сынау зертханаларына, сертификаттау органдарына тексеру жүргізуге қатысу;
• Қолдану мен өндіруге жарамсыз болып табылған өнімдер мен тауарларды қайта өңдеу немесе жою жұмыстары бойынша комиссияларға қатысу.