Өлшеу бірыңғайлылығын қамтамасыз етудің ұйымдастырушылық нег
Өлшеу бірыңғайлығын қамтамасыз етудің ұйымдастырушылық негіздері.
ҚР-да өлшеу бірыңғайлығын қамтамасыз ету қызметтеріне:
1. Уақыт пен жиіліктің мемлекеттік қызметі;
2. Стандартты үлгілердің мемлекеттік қызметі;
3. Физикалық тұрақтылар туралы анықтамалық мәліметтер стандартының мемлекеттік қызметі;
4. Заңды тұлғалар мен мемлекеттік басқару органдарының метрологиялық қызметтері;
5. Метрологиялық қызметтің ведомствалық бөлімдері мен Мемлекеттік ғылыми метрологиялық қызмет
жатады.
Метрологиялық қызметтің міндеттеріне:
1. Азаматтардың қызығушылықтарын қорғау және ҚР-дың экономикасын дұрыс емес өлшеу нәтижелерінен қорғау;
2. Энергетикалық және материалдық ресурстардың барлық түрлерінің дұрыс есебімен қамтамасыз ету;
3. Алғашқы зерттеулерде өлшеулердің дұрыстығын қамтамасыз ету.
4. Науқастарға диагноз қоюда және емдеуде өлшеу нәтижелерінің дұрыстығын қамтамасыз ету;
5. Отандық және сырттан әкелінетін өнім мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
6. Адамдардың еңбек және тұрмыстық шарттарының қауіпсіздігін бақылауда өлшеу нәтижелерінің дұрыстығын қамтамасыз ету;
7. Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуде өлшеу нәтижелерінің дұрыстығын қамтамасыз ету;
8. Қоршаған ортаны қорғауда өлшеу нәтижелерінің дұрыстығын қамтамасыз ету кіреді.