Метрологиялық қамтамасыз ету қызметінің ұйымдастырушылық құр
Метрологиялық қамтамасыз ету қызметінің ұйымдастырушылық құрылымы:
1. ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі;
2. Техникалық реттеу және метрология бойынша комитет;
3. «Қазақ метрология институты» РМК метрологиялық қызмет. Қазақстанда 1923 жылы құрылған. Бұл Семейдегі шағын метрология зертханасы болатын.
Метрологияның заңнамалық базасы – бұл «Әкімшіліктік құқық бұзушылық туралы» ҚР-ның кодексі, 2000 жылы 7 маусымда қабылданған Өлшеу бірыңғайлығын қамтамасыз ету туралы ҚР-ның заңы.
Метрологияның экономикалық базасы.
Мемлекеттің қаражатына Мемстандарт және өлшеу бірыңғайлығын қамтамасыз ету саласында Мемлекеттік бағдарламаларды құрады.
Келісім қаражатына, яғни жеке қызметтің өзінен алынатын қаражаттарға:
1. Өлшеу құралдарын салыстырып тексеру;
2. ӨҚ-н калибрлеу;
3. ӨҚ-н мемлекеттік сынау;
4. Өлшеуді жүргізу әдістерін (ӨЖӘ) аттестаттау;
5. ӨҚ-н метрологиялық аттестаттау;
6. Құжаттамаларды метрологиялық сараптау;
7. Метрология саласында мамандарды дайындау және олардың біліктілігін жоғарылату
жұмыстары жүргізіледі.