Физикалық шама.Физикалық шаманың сипаттамалары. Терминдермен

Физикалық шама – бұл көптеген физикалық объектілер үшін сапалық қатынаста жалпы құрам, бірақ сандық қатынаста әрбір объекті үшін жеке құрам.
Физикалық шама: активті
пассивті
Активті физикалық шамалар – бұл көмекші энергиялар көздерінің келтіруінсіз, өлшеуге болатын шамалар, мысалы, электр тогының күші.
Пассивті физикалық шамалар – бұл өлшеу үшін көмекші энергия көздерін қолдануды қажет ететін шамалар, мысалы, электр кедергісі.
ӨҚ-ның бірліктері негізгі және қосымша бірліктерден алынады, он деңгейлік қысқартылған бірліктер қолданылады:
1018 - экса (Е, Э) 10-2 - санти (с, с)
1015 - пета (Р, П) 10-3 - милли (m, м)
1012 - тера (Т, Т) 10-6 - микро (м, мк)
109 - гига (G, Г) 10-9 - нано (п, н)
106 - мега (М, М) 10-12 - пико (р, п)
103 - кило (к, к) 10-15 - фемто (р, ф)
102 - гекто (h, г) 10-18 - атто (а, а)
101 - деци (d, д)
Негізгі терминдер мен анықтамалар:
1. Өлшеу – арнайы техникалық өлшеу құралдарының көмегі арқылы тәжірибелік жолмен физикалық шаманың мәнін анықтау.
Нәтижесінде физикалық шаманың мәнін анықтайды:
Q= q · U
q – қабылданған бірліктегі физикалық шаманың санды мәні
U - Физикалық шаманың бірлігі
2. Өлшеу бірлігі – нәтижелері заңды бірліктермен көрсетілген және өлшеудің қателіктері берілген ықтималдылықта анықталынған өлшеу қалпы.
3. Техникалық бақылау (ТБ )- бұл орнатылған техникалық шартқа (ТШ) объектінің сәйкестігін тексеру.
Техникалық бақылау объект, бақылау құрылғысы, орындаушы, нормативтік құжаттама сияқты негізгі элементтердің жиынтығы мен техникалық бақылаудың бірыңғай жүйесін (ТБЖ) құрады.
ТБЖ-нің қызметтерін орындау негізгі екі кезеңнен тұрады:
1. Бірінші реттік ақпарат
2. Осыған сәйкес түзету туралы шешім қабылдау
4. Сынау – бұл объекті құрамының сапалық және сандық сипаттамаларын сараптамалық анықтау және объектіні модельдеу, құру кезінде оған әсер ету нәтижелеріне сынау жүргізу.
5. Техникалық жобалау – нақты дәлдікпен объектті жоюалаудың техникалық жағдайын анықтау үрдісі. Жобалаудың нәтижесі техникалық объекттің жағдайы туралы, қажет болған жағдайда ақаудың орнын, себебін және түрін қоса алғандағы қорытынды болып табылады.