Мексикада 6,4 балдық жер сілкінісі болды

Мексиканың оңтүстігінде 6,4 балдық жер сілкінісі болды. АҚШ-тың Геологиялық зерттеу орталығы жер сілкінісінің ошағы Трес Пикостан солтүстік-шығысқа қарай 11 шақырым қашықтықта болғанын мәлімдеді. Ал елдің оңтүстік аймақтары Оахака, Чьяпас және Табаскода сезілген жер сілкінісі 96 шақырым тереңдікте болған. Алдын ала мәліметтер бойынша жер сілкінісінен зардап шеккендер жоқ.