«Челси» Жозе Моуриньюді қызметінен босатты
«Челси» футбол клубы бас жаттықтырушысы Жозе Моуриньюді қызметінен босатты. Жаңа маусымдағы команданың сәтсіздігі португалдық маманның өз орнын сақтап қалуға мүмкіндік бермеді.
Жозе Моуринью мен клуб басшылығы екіжақты ымыра нәтижесінде келісімшартты бұзды. «Ақсүйектер» уақытынан бұрын келісімді бұзғаны үшін танымал жаттықтырушыға 16,5 миллион еуро төлейтін болады.