«Apple» су өткізбейтін «iPhone» шығармақ
Танымал «Apple» компаниясы су өткізбейтін «iPhone» шығаруы мүмкін. Компания таяуда ғана жаңа смартфондарына патент алыпты.
Патентке сәйкес, «Apple» жаңа смартфон түрін шығару үшін тығыздалған резеңкені пайдаланбақ. Ал құрылғының толыққанды жұмыс істеуі үшін керекті түрлі саңылаулардың немен бітелетіні әзірге белгісіз.
Бұл ретте компания осындай мәселемен көп мәрте бетпе-бет келген Sony корпорациясының үздік тәжірибесін қолдануы ықтимал.