Бірлікті ел бұзылмас

Баршаңыз білетіндей Қазақстан бүгінде ұлттар мен ұлыстар мекендеген достық пен туысқандықтың, ынтымақ пен ырыстың ордасына айналып отыр. Өзара сыйласып, ұйымшылдық көрсеткен ел бүгінде бірлікте. Еліміздің ауызбіршілігі, ынтымақ-ырысы, татулығы ешқашан да тарқамасын!

Бірлік пен ерлік егіз.

***
Бірлікті ел бұзылмас.

***
Бірлігі жоқ ел тозады,
Бірлігі күшті ел озады.

***
Ел бірлігі – ел теңдігі.

***
Елдің елдігі – аузының бірлігі,
Ердің елдігі – етінің тірілігі.

***
Біріккен жүз бытыраңқы мыңды алады.

***
Бірлеспеген білек әлсіз.

***
Бірлік – байлық, барлық, бақыт.

***
Жұмыла көтерген жүк жеңіл.

***
Тар жерде табысқан,
Кең жерде келіседі.

***
Ынтымақ түбі – бірлік.

***
Ынтымақ болмай іс оңбас.

***

Ынтымақ барда ырыздық бар.

***
Ынтымақ түбі – игілік,
Тірлік түбі – бірлік.

***
Ұрыс ырысты қашырар,
Ынтымақ халықты асырар.

***
Ұрыстың мерейі – ерлік,
Ырыстың мерейі – бірлік.

***
Теңге – тиынан, ынтымақ – ұйымнан.

***
Байлық байлық емес, бірлік – байлық.

***
Бірлікте болсаң – билікте боласың.

***
Береке басы – бірлік.

***
Еңбек етпей ер оңбас,
Бірлік болмай ел оңбас.

***
Ынтымақсыз елді ұрысы билейді.