Күйзелістен өзгелерге көмектесіп құтыла аласың
Күйзеліске ұшыраған адам өзге жандарға көмектессе жеңілдеп қалады. Адамдарға көмектесу - күйзелістің тигізетін зардабын азайтып қана қоймай, көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды да екен. Бұл туралы Йель университетінің ғалымдары жүргізген зерттеу дәлелдеп отыр.
Университет ғалымдары зерттеу жұмыстарын 14 күн ішінде жасаған. Тәжірибеге 18 бен 44 жас аралығындағы 77 адам қатысқан. Бұл уақытта қатысушылар өткен күнде болған күйзеліс жағдайларын өзгелерге айтуы тиіс болған. Тәжірбиеге қатысушылар жұмыс, сабақ немесе үйдегі мәселелері жайлы айтып отырған. Сонымен қатар, еріктілер күн сайынғы күйзеліс деңгейін анықтау үшін бір күн ішінде кездесетін қиындықтарын есептеген. Оны өзгелерге айту арқылы жеңіп отырғаны байқалған. Зерттеу көрсеткендей, адамдар өзгелерге қаншалықты көмектессе, сол күн бойы олардың көңіл-күйлері де көтеріңкі болады екен.